Халық ауыз әдебиеті - эстетикалық тәрбие беру көзі. Отбасында эстетикалық тәрбие беру


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Халық ауыз әдебиеті-эстетикалық тәрбие беру көзі.

Отбасында эстетикалық тәрбие беру.

Отбасында балаға эстетикалық тәрбие беру-идеологиялық жұмыстың маңызды бір саласы. Ол жеткіншектерді жақсы қасиеттерді тани білуге, өмір мен еңбектің алуан түрлі саласына «әсемдік» элементтерін енгізе білуге үйретеді, ұсқынсыздық пен парықсыздыққа қарсы күресуге қабілетін шыңдайды. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеті мен дарынын жетілдіру және нағыз еңбеккер ретінде, қоғам қайраткері ретінде, адамгершілік парасаты мол, жоғары мәдениеті қалыптасқан, жоғары адам ретінде тәрбиелеуді көздейді.

Эстетикалық тәрбие дегенде көпшілік ата-ана мен ұстаздар қауымы бұны тек ән салып, ақын өлеңдерін жатқа айту, көркем сурет туындыларын көру, көркем туындылардан көріністер әзірлеп сахналық қойылымдар көрсету деп ойлайды және сол сипатта іс-шаралар өткізіп жатады. Бұлар педагогикалық, психологиялық және сондай-ақ эстетикалық тәрбиенің философиялық іргетасы -эстетикалық санаттарға негізделгендіктен, көбінесе, сыңаржақты әрі үстірт сипатқа ие болып қалатынын жасыруға болмайды.

Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам әсіресе еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Бұл жайында В. Белинский: «Әсемдікті сезіну-адамгершіліктің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін . . . , тек осы сезіммен ғана адамзат өзінің жеке басыныың мүдделерінде, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, . . . эстетикалық сезім- жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі» 1 , -дейді. Яғни, эстетикалық

1Белинский В. Эстетикалық тәрбие жөнінде көзқарасы «Қазақстан мектебі» №8 2004,

сезімді, әсемдікті сүйе білуге, тани білуге тәрбиелеу-туған ұлттық өнерге, туындыға мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүние-танымын дамытады.

Жас ұрпақтың эстетикалық сезімін қалыптастыруда көркем әдебиеттің маңызы айрықша. Өйткені «Көркем өнер біздің ішкі дүниемізге, жан-жүйемізге әсер ететін адамдық қалыбымызды тәрбиелейді» 2 , - дейді ұлы жазушы М. Әуезов Шын өнер туындысы әрқашанда адамныың жан дүниесінде толқын туғызып, дүниетанымына әсер етіп, дүние талғамды қалыптастырады. Адам көркем шығармадан ләззат алып, рухани жоғын тапқандай болады. «Өнер атаулының барлығы да», -дейді ұлы суреткер

М. Әуезов, -қай елде, қай түрде туса да, сол өз ортасының шартынан, өз топырағының қалпынан туады. Сол ортаның түйінін кйіп, соның іші-бауырынан шыққан суреті сияқты болып туады» 2 . Жазушының бұл ұлағатты пікірінен шынайы көркемөнер туындыларыныың ұлт психологиясыныың табиғатын анық беретін заңдылығын көреміз.

Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы-сырнай үнімен, асқақтата салған әсем әнімен, ғашықтық (лиро эпостық) жырымен, мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдермен сан ғасыр бойы өз ұрпағын «сегіз қырлы бір сырлы», өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені тарихи шындық. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Өнер алды-қызыл тіл»-деп жас ұрпағын тіл өнеріне, шешендік өнеріне баулыған. Сөз шырайын тануға бесікте белі шықпай-ақ тәрбиелеген жас ана немесе қарт әже ақ бесікті тербете отырып, өлең айтып, жыр жырлайды.

Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Айналайын шырағым,

Көлге біткен құрағым

2 М. Әуезов Эстетикалық тәрбие туралы. «Қазақстан мектебі» №9, 2002.

Маңдайдағы құндызым,

Аспандағы жұлдызым.

Әлди, әлди, әлди-ай,

Әлди, бөпем, ұйықта жат!-деп жырлайды. Жас нәрестені әлі тілі шықпаған бөпені әлпештеген анасы оны халық ұғымындағы ең жақсы нәрселерге (жанып тұрған шыраққа, көлге біткен құраққа, маңдайдағы құндызға, аспандағы жұлдызға) теңейді. Осы қасиетті де қымбатты заттармен бірге кейін туған халқының арман мүддесі, елінің мұңы, ердің сыры-барлығы қосылып, ананың ақ сүті, жұмсақ үні, әсем жырымен бірге жас нәрестенің құлағына құйылып, ой-санасына сіңе береді. Тәлім-тәрбиесін жай айта салмайды, шырайлы да көркем тілмен әсем сазды әуенмен жеткізеді.

Бесік жырын айтқан жас ана тек баласына деген шынайы сүйіспеншілігі мен жалынды махаббатын білдіріп қана қоймайды, оған артар үміті мен білдірер сенімін қоса жырлайды. Бір сөзбен айтқанда, халқыңның қамын же, ел-жұртыңа қызмет ет дейді. Есейіп ер жеткен, көркейіп бой жеткен ұлдар мен қыздар ананың осы асыл арман-тілегін орындап, артқан үміті мен көрсеткен сенімін ақтап шығуы тиіс.

Жас бала бесіктен белі шығып, ептеп еңбектеп, сонан соң қаз-қаз тұрып, тәй-тәй басып жүре бастағанда ана «Тұсау кесер жырын» құлағына сіңіреді. Баласыныың апыл-ғұпыл әрекетін қызықтаған ата-ана:

Қаз, қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейік,

Тұсауыңды кесейік.

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Тақымыңды жаз, балам.

Қадамыңды қарайық,

Басқаныңды санайық.

Қаз-қаз, балам, жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой.

Тай-құлын боп, шаба ғой,

Озып, бәйге ала ғой . . . -деп жырлаған. Бұл жырда да «Қадамыңа қарайық, басқаныңды санайық», деген қызықтау да, «Өмірге аяқ баса бер, асулардан аса бер» деген игі тілектер де бар. Ал «Жасырынбақ», «Қуырмаш», «Айгөлек» сияқты әдемі сөз маржанымен өрілген өлеңдер балаларды қимыл-әрекетке баулумен бірге «қиынынан қиыстырылған» сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыратыны сөзсіз.

Балалардың ой-өрісін кеңейтіп, сұлулық әлеміне тәнті етіп, дүниені молырақ танытатын ауыз әдебиеті үлгілерініің бірі-табиғат құбылыстары, жыл мезгілдері, жан-жануарлар жөнінде, әсіресе төрт түлік туралы өлең-жырлар болып табылады. Жарқырап жаздың шығуын, сұрғылттанып алтын күздің келуін немесе үскірігі ысқырған боранды қыстың қаһарына мінуін, сондай-ақ жасыл желекке оранып, гүлге оранған көктемнің шығуын-күннің күркіреп, найзағайдың жарқырауын, міне, осылардың барлығын ата-аналар өз ұрпақтарына өлең-жырмен түсіндіріп отырған.

Отбасында жастарға эстетикалық тәрбие беруде балалар поэзиясына қатысты ауыз әдебиетінің жанрлары бұл айтылғандармен бітпейді. Өтірік өлеңдердің, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың, мақалдар мен мәтелдердің де атқарар қызметі аз емес.

Аталған жанрлар жас ұрпақтың ұғымын, түсінігін, дүние танымын кеңейтуде, оның тілін дамытып, ойын ұштауда, оларды жақсы да үлгілі іске баулуда маңызды рол атқарады. Мәселен жаңылтпаштар бала тілін ұштай түсіп, оның кекештенбей, тұтықпай, еркін де жатық, асықпай, қысылмай сөйлеуіне ықпал етеді. Ал өтірік өлеңдер қиыннан қиыстырылған тапқырлықты, үлкен ой-қиялды керек етеді.

Бала ойын дамытып, ширатуда жұмбақтар да үлкен игі ықпал етеді. Онда өмірде кездесетін заттар мен құбылыстар, кәсіп пен тіршілікке байланысты ұғымдар, табиғат құбылыстары, аспан денелері, жер әлемі өздеріне тән белгілері арқылы бейнеленеді, алайда олардың аттары аталмайды. Сол сипат, сол белгілеріне сүйене отырып, балалар олардың шешімдерін табуға тиіс. Мәселен,

Көк көйлекті жеңешем

Көлбең-көлбең етеді,

Жер түбіне жетеді, -десе, оны шешуші бала жұмбақтың сыр-сипатына қарай отырып, онда үлкен мағына бар екенін аңғарады. Жұмбақты дұрыс шешу арқылы баланың ой-өрісі дамып, қанағаттанарлық сезімге бөленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасы
Оқушылардың тәрбиесіне отбасылық дәстүрлердің әсері
Әдебиеттік оқу сабақтарында халық ауыз үлгілерін қолдану арқылы эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру
ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕ ТІРЕГІ
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие берудің озық үлгілерін тәрбие процесінде қолдану жолдарын зерттеген, пікірлерін айтқан ғалымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz