Хамза Ықсанұлы Есенжанов
Әдебиетiмiздiң тарихында өзiндiк орны бар белгiлi қаламгер Хамза Ықсанұлы Есенжанов қазақ халқына талай тың дүниелер сыйлады. «Ақ Жайық» трилогиясы кезiнде оқырманды елең еткiзген кесек туынды болатын. Ол қандай тақырыпта жазса да оқырманын бей-жай қалдырған емес. Төменде ақын Әбу Сәрсенбаевтың 1979 жылы қаламгер iнiсiнiң 70 жылдық мерейтойы қарсаңында жазған мақаласын стилiн сақтай отырып оқырман назарына арнайы ұсынып отырмыз. Мақаланы редакцияға әкелiп тапсырған Әбекеңнiң жары — Райхан жеңгей. Әбу СӘрсенбаевЖалпы қазақ әдебиетiн, оның iшiнде романдар саласын әңгiмелер болсақ, Мұхаң, Сә-бең, Ғабең, Ғабиден бастаған әулеттi шоғырдан кейiн есiм-дерiн атамай өтуге болмайтын тағы да бiр топ әдебиет жұлдыздары бар. Бұлар бозбалалық шақтарынан бастап-ақ сонау әулеттi шоғырларды саялай, солардан үйрене жүрiп, балапан прозамыздың iргесiн қаласуға септiгiн тигiзген Саттар Ерубаев, Ғабдол Сланов, Зейiн Шашкин, Хамза Есенжанов топтары. Әрине, бiрден жетiлiп кетпеген-ақ шығар. Әйтеуiр қанатымен су сепкен қарлығаш болғандары хақ. Осылардың арасынан Зейiн Шашкин әдебиеттiң қасиеттi ордасына бет түзеген алғашқы адымдарын сонау 1927 жылдан бастаса да, өз тiлектерiнен тыс ұзақ мерзiм үзiлiс жасауға мәжбүр болды. Сөйтiп әдебиетке қайта оралар сапарларын елуiншi жылдардан бастаған бұл екi қаламгер өкiнiштi жылдардың есебiн қайтармақ болғандай ерен қимыл жасады. Шабыттары да қайту теңiздiң жаңадан тасуы iспеттес ақ толқын өрiп, дарын арнасын кемерледi. Бөгелiп қалған бұлақ көзiнiң мұндай күштi серпiн жасауы табиғи заңдылық та шығар-ау. Әйтеуiр осы бiр қос дарын аз ғана мерзiм iшiнде оқырмандар сезiмiн ұйытып аларлық шебер де, өнiктi де жазып, ортадан оза көрiнiс бердi. «Тоқаш Бокин», «Доктор Дарқанов», төрт кiтап-тан тұратын «Ақ жайық» романдары қазақ совет прозасын шырайландыра да, шоқтықтандыра да түстi.Бүгiнгi сөз — жасы жетпiсте, сонау 1928 жылғы тұңғыш әңгiмелерiнен бастасақ қаламгерлiк сапарына жарты ғасыр толған, көпсалалы тарихи романдардың авторы Хамза Есенжанов төңiрегiнде ғана болса керек едi ғой. Алайда дараламай, өскен ортасымен алған дұрыс шығар. Жаңылмасам, Хамза Есенжановты ең алғаш 1930 жылдары қазақ ғылымының қара шаңырағы Абай институтының әдебиет балапандарын аялайтын қасиеттi кең залында кездестiрсек керек. Бұл тұста үлкенде де, кiшiде де бәрiн бiлсем, бәрiне де үлгерсем деген қанағатсыз бiр ұмтылыс болатын-ды. Жаза ма, жоқ па бәрiбiр, әйтеуiр бiр жақсы лебiз тыңдауға құштарланғандар Абай институтының кең залындағы жиындардан қалмауға тырысар едi. Осындай кеңестердiң бiрiне «Еңбекшiқазақ» газетi редакциясынан Ғали Орманов, Әбдiрахман Мусин, Ғабдол Сланов төртеуiмiз бара қалдық. Әбдiрахман қысылып-қымтырылуды бiлмейтiн, ашық-жарқын адам болатын. Бiздi қолтықтап барып, шеттеу тұрған бiр топ жас жiгiттермен таныстырды. «Менiң ағаларым…» Қiл бiр таза киiнген сындарлы сұлу жiгiттер кiшiлiк iзет бiлдiрiп, қолдарын ұсынды. Шалғайдағы қалыңқы ауылдан таяуда келген қысылшаң кезiм, аты-жөнiмдi өзiме де естiлер-естiлмес ерiн ұшымен ғана күбiрлеп ұяң сәлемдестiм. Шүйiркелесiп те үлгерген жоқ едiк, екiншi
О, пенделер, көзіңді ашып қарашы,
Алыс емес,
Тал бесік пен тар бесіктің арасы.
Қас-қағымдай мына қысқа өмірде,
Бір-біріңе ғашық көзбен қарашы
Әдебиетiмiздiң тарихында өзiндiк орны бар белгiлi қаламгер Хамза
Ықсанұлы Есенжанов қазақ халқына талай тың дүниелер сыйлады. Ақ Жайық
трилогиясы кезiнде оқырманды елең еткiзген кесек туынды болатын. Ол қандай
тақырыпта жазса да оқырманын бей-жай қалдырған емес. Төменде ақын Әбу
Сәрсенбаевтың 1979 жылы қаламгер iнiсiнiң 70 жылдық мерейтойы қарсаңында
жазған мақаласын стилiн сақтай отырып оқырман назарына арнайы ұсынып
отырмыз. Мақаланы редакцияға әкелiп тапсырған Әбекеңнiң жары — Райхан
жеңгей. Әбу СӘрсенбаевЖалпы қазақ әдебиетiн, оның iшiнде романдар саласын
әңгiмелер болсақ, Мұхаң, Сә-бең, Ғабең, Ғабиден бастаған әулеттi шоғырдан
кейiн есiм-дерiн атамай өтуге болмайтын тағы да бiр топ әдебиет жұлдыздары
бар. Бұлар бозбалалық шақтарынан бастап-ақ сонау әулеттi шоғырларды
саялай, солардан үйрене жүрiп, балапан прозамыздың iргесiн қаласуға
септiгiн тигiзген Саттар Ерубаев, Ғабдол Сланов, Зейiн Шашкин, Хамза
Есенжанов топтары. Әрине, бiрден жетiлiп кетпеген-ақ шығар. Әйтеуiр
қанатымен су сепкен қарлығаш болғандары хақ. Осылардың арасынан Зейiн
Шашкин әдебиеттiң қасиеттi ордасына бет түзеген алғашқы адымдарын сонау
1927 жылдан бастаса да, өз тiлектерiнен тыс ұзақ мерзiм үзiлiс жасауға
мәжбүр болды. Сөйтiп әдебиетке қайта оралар сапарларын елуiншi жылдардан
бастаған бұл екi қаламгер өкiнiштi жылдардың есебiн қайтармақ болғандай
ерен қимыл жасады. Шабыттары да қайту теңiздiң жаңадан тасуы iспеттес ақ
толқын өрiп, дарын арнасын кемерледi. Бөгелiп қалған бұлақ көзiнiң мұндай
күштi серпiн жасауы табиғи заңдылық та шығар-ау. Әйтеуiр осы бiр қос дарын
аз ғана мерзiм iшiнде оқырмандар сезiмiн ұйытып аларлық шебер де, өнiктi
де жазып, ортадан оза көрiнiс бердi. Тоқаш Бокин, Доктор Дарқанов,
төрт кiтап-тан тұратын Ақ жайық романдары қазақ совет прозасын
шырайландыра да, шоқтықтандыра да түстi.Бүгiнгi сөз — жасы
жетпiсте, сонау 1928 жылғы тұңғыш әңгiмелерiнен бастасақ қаламгерлiк
сапарына жарты ғасыр толған, көпсалалы тарихи романдардың авторы Хамза
Есенжанов төңiрегiнде ғана болса керек едi ғой. Алайда дараламай,
өскен ортасымен алған дұрыс шығар. Жаңылмасам, Хамза Есенжановты ең алғаш
1930 жылдары қазақ ғылымының қара шаңырағы Абай институтының әдебиет
балапандарын аялайтын қасиеттi кең залында кездестiрсек керек. Бұл тұста
үлкенде де, кiшiде де бәрiн бiлсем, бәрiне де үлгерсем деген қанағатсыз бiр
ұмтылыс болатын-ды. Жаза ма, жоқ па бәрiбiр, әйтеуiр бiр жақсы лебiз
тыңдауға құштарланғандар Абай институтының кең залындағы жиындардан
қалмауға тырысар едi. Осындай кеңестердiң бiрiне Еңбекшiқазақ газетi
редакциясынан Ғали Орманов, Әбдiрахман Мусин, Ғабдол Сланов төртеуiмiз
бара қалдық. Әбдiрахман қысылып-қымтырылуды бiлмейтiн, ашық-жарқын адам
болатын. Бiздi қолтықтап барып, шеттеу тұрған бiр топ жас жiгiттермен
таныстырды. Менiң ағаларым... Қiл бiр таза киiнген сындарлы сұлу
жiгiттер кiшiлiк iзет бiлдiрiп, қолдарын ұсынды. Шалғайдағы қалыңқы ауылдан
таяуда келген қысылшаң кезiм, аты-жөнiмдi өзiме де естiлер-естiлмес ерiн
ұшымен ғана күбiрлеп ұяң сәлемдестiм. Шүйiркелесiп те үлгерген жоқ едiк,
екiншi есiктен шалқақтай адымдап шыққан шағын бойлы, жалтыр шеке қара
жiгiт сәл қарлығыңқы жарқыншақ дауыспен, тiстене ашу бiлдiрдi: Әй, Хамза,
Тайыр, Мұқаметжан, Сағыр, қашанғы күтемiз... Өзгелерi бiрден кiлт бұрылды
да, кермеге қоярдай сындарлы сұлу, талдырмаш жiгiт менiң Әбдiрахман iнiмнен
қолын босатып ала алмай, сәл кiдiрiп қалған едi. Ашулы қара тағы да дауыс
көтердi. Әй, қураған, мына бiреу кiм өзi? Бөгеме анау кербездi. Сұлудың
бәрi қыз емес... Оң қолын ендi ғана босатып алған сындарлы жiгiт бұрыла
берiп биязы ғана жымиды. Ағатай-ай, тентексiң-ау... Алдыңғылардың бiрi жалт
бұрылып, көзiне түскен кекiлiн желкесiне қаға тастап, жұлып алғандай
шекесiнен қарады да, сындарлы жiгiттi асықтырды. Пай, шандозым-ай,
сұлудай сыланбай болсаңшы. - Мынау қара бақсы түтеп тұр... Бiздер түгiл
төбемiздегi мықтының өзiн түтуге дайын... Кербез басын шұлғып, арқаға қақты.
Әй, ақиығым-ай, кiл бiр осылай сөйлейсiң-ау...Толық танысып үлгiрмеген
алғашқы дидарласуымыз осылай аяқталған едi. Бұдан кейiн сол жiгiттердi
үнемi институт манында, театр залында, Жазушылар одағында көретiн болдым.
Кейде дуылдаса келiсiп Еңбекшiқазақ редакциясына да кiрiп шығады. Мүмкiн
ретi де солай келетiн-дi, тiптi топтарын жазбайтын. Бұлардың бiрiн-бiрi
әзiлмен қағытатын жарасымды мiнездерiне, шынайы достық-тұтастығына, бiр
сөзден-ақ аңғарылып тұратын бiлiмдарлығына сүйсiне қарар едiк. Қазақ
астанасында келешегiнен үмiт күттiретiн осындай бiр шоғыр әулет өсiп келе
жатты: Әуелбек Қоңыратбаев, Сағыр Қамалов, Хамза Есенжанов, Тайыр Жароков,
Қажым Жұмалиев, Белгiбай Шалабаев, Зейiн Шашкин, Әбдiлдә Тәжiбаев,
Есмағамбет Исмайылов, тағы өзгелер — бiрiн-бiрi толықтырып, бiрiмен бiрi
жарасым тауып тұратын. Осы балаң дарындардың iшiндегi дене сымбаттысы да,
бет пiшiннен көрiктiсi де Хамза болатын. Бұның сөйлеген сөзiнде де, ақырын
жымиған әдемi күлкiсiнде де бiр табиғи биязылық жатар едi. Қүлген кезде
бетiне ойнап шыққан жұқалаң қызғылт реңнен iшкi жан сұлулығы
аңғарылатын-ды. 1936 жыл. Мен қазақ мемлекеттiк баспасына ауыстым. Ол кезде
бүкiл әдебиет, бүкiл оқулық осында шоғырланған болатын. Бiр күнi профессор
Құдайберген Жұбанов бес-алты жасты ертiп баспа директоры Киселевтың
кабинетiне кiрдi. Солардың iшiнде Хамза мен Есмағамбет бар едi. Директор
Сабыржан Үкенов екеуiмiздi шақыртты. Профессор бiздермен бас изеп амандасты
да, әңгiмесiн жалғастырды. Әңгiме келешектiң жүгiн көтерер өте бiлiмдi жас
әулеттер төңiрегiнде екен. Болашақ осылардiкi дей келiп, Мұхаметжанның,
Әлiбектiң, Қажымның, Есмағамбеттiң, Хамзаның есiмдерiн мақтанышпен атады.
Хамза Гольдонидiң Екi мырзаға бiр қызметкерiн, Тургеневтiң Рудинiн
аударып жүргенi әңгiмелендi. Құдайберген ағай есiмiн атаған сайын Хамза
соншама ыңғайсызданып отырды. Кешiкпей профессор ұсынған жас бiлiмдарларға
әдебиет оқулықтары тапсырылды.Профессор қателеспесе керек. Сол күз бұл
жас дарындар әрқайсысы әр тұстан шаң көрсетiп, үмiттi қауымды қуанышқа
бөледi. Хамза мен Мұхаметжан оқулықтарын сәттi аяқтап, кезектi әдеби-ғылыми
жұмыстарына кiрiстi. Қажым, Есмағамбет әдебиет теориясымен шұғылданды.
Сағыр Қамалов Ер Тарғын опереттасымен жарқ ете қалды. Бұл опера сахнаның
Қыз Жiбектен соңғы белесi едi. Жас дарын шоғырларының осы сәттегi
жүрекжарды қуаныштары сiздiң кiрпiктерiңiзге де мақтаныш моншақтарын
сабақтар едi. Олар халық әндерiнiң басын шебер құрастырып, орын-орнына
пайдалана бiлген композитор еңбегiн бағалай тұрса да, либеретто авторын
тiптi биiк құрметтесе керек. Ол кезде ауыр қоңжиып қалған денелi Сағырды
қолдарына көтерiп бара жатты. Мүмкiн тiптi маған солай көрiнген шығар-
ақ.Мiне, жас дарындар шоғырының араларындағы достық осындай кiршiксiз
болатын. Мен бұларды бiрiнсiз бiрi тыныстай алмастай сезiнер едiм ... Соғыстан
кейiнгi жылдар әдебиетiмiздiң ортасы толып, шексiз бiр шалқыған тұстары
болды. Қаламгерлердiң бiрi майданнан, бiрi өзге сапардан оралды. Талайлары-
ақ көңiл дәптерiне жазылған күрделi шығармалармен келiптi. Солардың бiрi
Хамза Есенжанов болатын. Бiрақ та алып-қашпа асаулығы жоқ, биязы адам көнiл
дәптерiнде жазылған тарихи романдарды қағазға кешiрiп болғанға дейiн
ешкiмге жар салған жоқ. Шұқылай жүрiп, Тынық Донның аудармасына қатысты.
Мүмкiн осының өзi де ұлы жазушының тақырыптас шығармасынан үйрену жолдары
болар. Бұл тұста Жұмағали Саин марқұм екеуiмiз де жазушылар одағында
кеңесшi едiк. Ал, партия ұйымында ол басшы да, мен қосшы болатынмын.
Жұмағалиды Мұхаңнан бастап бәрiмiз де Жұмеке дейтiнбiз. Ол өзi де осыған
әбден құлақ дағдыландырып алған, бiрде болмаса бiрде Жұмағали деп
қалғандарға көз астымен қарап қояды да, жымия түсiп, ойын-шыны аралас тiл
қатады: Ау, Тәкең айтпақшы, менi де Мұхаңа дейiн Жұмеке дейдi, еп-ерсi
етiп Жұмағалиiңiз не! Дуылдаса күлiп, кешiрiм сұраймыз. Жұмекең бiр күнi
менi кабинетiне шақырып алды да, былай дедi: Мен осы коммунистерiмнiң
саяси бiлiм дәрежесiн байқасам деп отырмын. Қазiр Хамза келедi, бiрге
тыңдайық. Орынды көрмедiм. Жұмеке, өзiмiз тайыздық аңғартып, ұялып
жүрмелiк. Парторг ұнатпай қалды. Есiк қағып Хамза кiрдi де, әңгiмемiз
үзiлдi.Сәлемдескеннен кейiн парторг хал-жай сұрады. Ал, қалай? Алдымен
сiздi қандай үйiрмеге жазалық? Хамза биязы ғана жымиды. Менi үйiрмеге
емес, соларға лекция окуға жазыңыз. Маркстiк эстетикадан бiрнеше сабақ
жүргiзiп берейiн. Жұмекең лекциясында не айтпағын сұрап едi, Хамза сала-
салаға бөлiп сөйлеп кеттi. Парторг ризалық бiлдiрдi. О, мықты екенсiң,
келiстiк... Жә, творчестволық жағың ше? Хамза бөгеле түсiп жауап бердi.
Партком осы жайды неге сұрап-бiлмейдi екен деп iштей ренжуде едiм. Рахмет,
Жұмеке. Жар салмай-ақ қойған едiм. Парткомнан жасыруға болмас. Ақ Жайық
романының бiрiншi кiтабы дайын тұр. Екiншiсiн көшiрiп жүрмiн. Орал
облысындағы Азамат соғысы, Жымпитыдыдағы Алашорда үкiметiнiң құлатылуы,
советтендiру кезеңi... Үш, мүмкiн төрт кiтаппен аяқталар. Парторг
қозғалақтап қойды. Төрт кiтап? Хамза батыл жауап қайтарды.
Таңданбаңыздар, бұлар менiң кеудемде жазылып келген дүниелер. Баяғы-баяғы
заманнан көкiрегiмде сан рет редакцияланған болатын. Тек қағазға көшiруi
ғана қалған-ды. Жұмыстан оралғаннан кейiн түн бойы отырамын. Ал үйiмiз аса
жылы емес, партком жолдас бiраз отырып кетсе, батареямыз жылынар ма едi
дегенiм ғой. Парторг уағда еттi. Келер аптада жазушылар одағының кең
залында эстетикадан Хамзаның бiрiншi лекциясы тыңдалды. Халық сонша көп
жиналған едi, Хамза қоңыр дауыспен бастап, соншама жақсы оқыды. Көпшiлiк
құлағына шалына бермейтiн көне заман әдебиетi үлгiлерiнен де, бүгiнгi совет
және шетелдiк көркем туындылардан да қажеттi тұста мысалдар келтiрiп
отырды. Жиналғандар ұйып тыңдады. Парторг соншама риза болып, әдебиет-
шiлер және әдебиет достары атынан алғыс айтып, Хамзаның қолын қысты. Осы
лекцияны қалалық белсендiлер жиынында тыңдаттыру жайлы ойын бiлдiрдi.
Хамзаға эстетика үйiрмесiн басқару мiндетi жүктелдi. Бiрер күннен кейiн
кештетiп Хамзаның үйiнде болдық. Аяғында ақ пима, үстiне жеңсiз жылы
кеуделiк, сыртынан пальто жамылған қалпы үстел басында отыр екен. Бiздi
қуанышпен қабылдады. Сәлемдесуден кейiнгi әңгiмемiз әдебиет мәселесiн
төңiректеген-дi. Хамза Одақ көлемiндегi тарихи романдарды келте-келте шолып
шықты да, үстелiндегi қалың папканы Жұмағалидың алдына қойды. Партком
жолдас, Есенжанов коммунисiңiздiң әзiрге бiтiргенi осы, iстеп жатқаны анау.
Тiлесеңiз оқуға да болады. Парторг басын изедi. Хамза, Оп, София ханым,
қонақтарға шай әкел, тоңып қалар— дедi де, оқи бастады. Софияның буы
бұрқыраған ыстық шайын iше отырып, бiрер тарауын тыңдап та үлгiрдiк. Хамза
шаршаған тәрiздi. Тамағын ұстай бередi. Жұмағали ризалық бiлдiрiп,
Лермонтов миығынан жымиды. Е, бәсе, солай болса керек едi деп Сәбит
ағамыз айтпақшы, менiң коммунистерiм осылай болса керек-тi. Партком разы.
Құттықтаймын, претензиям жоқ. Ал сенiң претензияңды сезiп отырмын,— Жұмекең
тебетейiн маңдайға қарай қозғап қойды Да,. сәл кездiк иегiмен батареяны
мезгедi.— Тәкең айтқандай, анау ғой. Партком ол анауды тәртiпке
шақырттыратын болады. Ал, мынауың Жайық бойының кiшкене Тынық Доны
болғай. Мен осылай үмiттенем. Ал орынбасарым қалай ойлайды екен? Жұмекең
маған қарады. Сiзге түгел қосыламын. Хамзекеңе сәттiлiк, зор денсаулық
тiлеймiн.Ақ Жайықтың алғашқы тарауларымен осылай танысқанбыз. Сол жолы
парторг Хамза коммунисiне, Хамза коммунист парткомына ризалық бiлдiрген-дi.
Жүмағали уағдаларын орындады. Партия комитетiнiң назар аударуы Хамзаға да
сенiм берiп, шабыт қанатын топшыландырған болар-ақ. Ақ Жайық эпопеясының
әр кiтабы жыл сайын дерлiк дүниеге келiп отырды. Тiптi 1958 жылы қазақ
әдебиетiнiң Москвада өткiзiлетiн апталығына да алғашқы томы орыс тiлiнде
шығарылып, москвалықтардан жақсы баға алып үлгiрдi.Жазушылар Одағы
жанындағы партия ұйымының сол кездегi жетекшiсi Жұмағали Саин марқұмның
асығыс айтылған бағасы мен үмiтi ақиқаттан шалғай емес-тi. Мүмкiн, Тынық
Донды атап салыстырма жасау орынсыз да шығар, әйтеуiр Ақ Жайық романының
ұшы-қиырсыз қазақ республикасының шалғайдағы бiр өлкесiнде болып өткен
революциялық өзгерiс-тердiң тарихи шежiресi екенi хақ. Бұл туындыда адам
баласының санасындағы революциялық күрделi өзгерiстер кең де шебер
бейнеленген.Төрт томдық романды түгел талдауды әдебиет зерттеушiлерiнiң
еншiсiне қалдырып, осындай кесек-кесек кейiпкерлер галереясына назар
аударалықшы. Мысалы, бiрiн-бiрi толықтырып отыратын Жаһанша мен Халел
Досмағамбетовтар. Бұлар осал жау емес. Өз ортасының, өз идеясының мақсатын
қорғауда бүкiл айла-әрекеттерiмен кесек шыкқан жағымсыз бейнелер. Бiрiне-
бiрi қайшы, мақсат-мұраттарымен бiрiне-бiрi мейiрiмсiз дұшпан Бақтыгерей
мен Арон Қаратаевтар, бiр-бiрiне ұқсамайтын ағайынды Жүнiсовтер, өз
полковнигi Кирилловты далада буып тастап кететiн сахара көкжалы Мәмбет
Оразовтар, дәулетсiз бола тұрса да мақсаты күңгiрт Құныскерей, осындай түз
бөрiсiне жапан түзде жалғыз кездескен сәтте де жүрегi селт етпейтiн алып
денедi Жоламан почташы.Хамзаның байлары да осал емес. Мысалы, Ақметше
бай, мақсат-мұраты бiзге жат бола тұрса да, мәдениеттi, парасатты адам. Бiр-
бiрiне ұқсамайтын екi қажы ше? Әйтеуiр дәулеттi адам болса, бәрiн топас
көрсетiп келген көне қағиданың талқанын шығарды да Хамза қарсы жақтың да
парасатты адамдарын парасат деңгейiнде көрсеттi.Хамза досымыз бүгiнгi 70
жылдығына да осындай кесек туынды, кесек кейiпкерлер орманымен келдi. Бұдан
кейiнгi салтанаттарына да көмескiленбей көрiнiс бередi. Ақ Жайық
романдары арқылы келер ұрпақтар да Хамза аталарымен сырласады. Хамза тiптi
сол келер ұрпақтың тұстастары ретiнде ұзақ-ұзақ ғасырлар бойы тiлге
оралады. Рухыңа мерей, жан досым.
Алла тағала берген ақылымен, теңіздей терең білімімен уақыттың өзінен озған
ғұлама фәниден бақиға аттанарда өсиет айтыпты: “Дауыл ма, жауын ба, сең бе,
сел ме, өрт пе, дерт пе... қандай қысылтаяң, қиын шақ болса да ең алдымен
халықтың қазынасын құтқарыңдар, сол қазынаны жасаушыларды жан салып
қорғаңдар. Сонда араларыңнан кемел ойлы кемеңгерлер шығады. Сонда ғана
ұлтта рух, елде бүгінгіден де нұрлы болашақ болады”. – “Халықтың
қазынасы дегеніңіз не?” – деген сұраққа: – “Ол – кітап”, – деп жауап
беріпті ғұлама. – Қазынаны жасаушылар кімдер?” – дегенде: “Таланттар!” –
депті әлгі данагөй.
Арғы заман ғұламасының өсиеті одан беріректегі Шекспир айтқан: “Кітап
маған тақтан да қымбат”, деген ғажап сөзбен үйлесіп-ақ тұрған жоқ па?!
“Талантты адам алтын тақта туған патшамен тең”, деген Фридрих та осылармен
үндес.
Сол кітап атты құдіретті өмірге әкелетін, адамзат даналығы туғызған
бейнелер әлемі – әдебиетті жасайтын жазушы. Жазушылық – арыстанның апаны.
Оған бір кіргесін қайтып шыға алмайсың. Табиғи таланттың дүние-думанның
қызығын тәрк етіп, жайлы өмірден безіп шығар шыңы бар. Ол шың Эльбрустан да
биік. Бір шықсаң жанкештілікпен шыққан биігіңнен қайтып төмен түсе
алмайсың. Биікте басың айналмай, құламай, жыламай тұру шарт. Құласаң
өмірден де қымбат өнерің зая. Басына талант дейтін тарыдай бақ қонған,
бойына творчествоның таудай азабы дарыған сондай бейнеткердің бірі бүгінде
жүз жылдық мерейтойын бүкіл еліміз тойлап жатқан Хамза Есенжанов.
Жұмысты кім істемейді? Бейнетке белшесінен батқандар аз ба? Кітап
жазғандар да жетерлік. Жүз дейтін межеге де біреу тірі, біреу о дүниелік
болып жетіп жатыр. Әйтсе де солардың бәрін бірдей елеп жатқан ел бар ма?
Сол қажет пе өзі? Ал Хамза Есенжановтың жөні бөлек, жолы басқа. Халық оған
сонау 60 жасқа толған кезінен бастап біртуар, бірегей перзентіне, тұғыры
биік тұлғаға көрсетілер құрметті көрсетіп келеді. Міне, бүгінде оның туған
жері Орал облысында дүркіреп өткен мерейтой енді Алматы мен Астана
аспанында асқақтап, қазақтың ұлы даласына қанатын кең жайып тұр.
Көркемсөздің көрнекті шебері Хамза Есенжанов бізге ең алдымен “Ақ
Жайық” трилогиясымен, сосын “Жүнісовтер трагедиясы” дилогиясымен қымбат.
“Ақ Жайық” кей жағдайда “Тынық Донмен” үндес шығарма. Михаил Шолохов Нобель
сыйлығын алған атақты эпопеясын 14 жыл жазды. Хамза Есенжановта ондай
мүмкіндік болған жоқ. Сонда да ол “Ақ Жайық” трилогиясын 4 жыл жазды. М.
Шолоховтың Қазақстан жазушыларының съезінде айтқан: “Асығыстықтан ақаулы
бала туады”, деген мысқылға толы уытты сөзін біле тұра асықты. Егер Хамза
Есенжанов шығармаларында әлдебір жетімсіздіктер болса, сол асығыстықтың
салдары. Әйтсе де ол үшін оны айыптаудың қажеті жоқ. Өйткені, оның
асықпауға шарасы жоқ еді. Оны асықтырған қиын тағдыр – суық Сібірдің сыз
түрмесінде желге ұшқан, зая кеткен 17 жыл.
Өз сөзімен айтсақ, “өжет, арлы қылышын қаламымен қайраған”, “қазақтан
тамшы қаны бар, адамнан шыбын жаны бар” Хамза Есенжанов роман жанрына біраз
дайындықпен келді.
Сен гүлімсің бақшадағы,
Мен айналған көбелек.
Аймалаймын сүйем тағы –
Жау қойса да у себелеп, –
сынды жастық жалыннан туған жырларын айтпағанда “Әдебиет майданы”
журналында жарияланған “Өлеңті жағасында”, “Қызыл құм” әңгімелері, өзге
аудармаларын еске алмағанда М. Шолоховтың әлемге әйгілі “Тынық Дон”
эпопеясының бірінші және төртінші томдарын тәржімалауы осы пайымымызға
айқын айғақ.
“Ақ Жайық” пен “Тынық Донда” біраз үндестік бар деп біз жоғарыда
айттық. Ең алдымен атап, қадап айтарымыз бұл екеуі де кең құлашты, көп
салалы әлеуметтік роман эпопея. Бірі ақ Жайықтың, екіншісі тынық Донның
перзенттері өз өлкесін, өз өзенін жырлаған. Революциялық және таптық
күрестің оқиғаларын шығармаларына өзек еткен. Бас кейіпкерлер Григорий
Мелехов, Аксиния мен Хакім Жүнісов, Мүкараманың тағдыры мен жан дүние
иірімдері де үндесіп, үйлесіп тұр. “Тынық Донның” беташарындағы ескі казак
әні: “Жерімізді жыртқан соқа емес, аттың тұяқтары; егін емес, казактардың
бас сүйегі тұқым болып себілген; Дон бойының көркі кілең жесір ғана, гүлі
өңкей жетім бала; толқындары ата-аналар көз-жасы”,– деп төбе шашыңды тік
тұрғызар ащы шындықты ашына жырлайды.
Жиырмасыншы ғасырдың басында Жайық өзенін жағалаған, оны айтасыз, кең
байтақ қазақ жерін мекендеген халықтың халі де Дондағыдай қайғылы болатын.
Ресей империясы мен қазақтың ұлы даласында кең қанат жайған революция мен
азамат соғысы жазықсыз, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz