ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті


ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
20-30-шы жылдардағы оқу-ағарту ісімен мәдениет мәселесі тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі мәселе. Мұның басты себебі, осыған байланысты ресми мәліметтердің өзара кайшылықта болуы дер едік. 20-30-шы жылдардғы ұлт зиялылардың ағартушылық қызметі арқылы тоталитарлық жүйесі қарсылығының ерекше түрі болғандығын көрсетуі біздіңше құптарлық пікір деуге болады. Кеңес заманында қазақтарда қазан революциясына дейін оқығандар болған жоқ деген тезис белең алып келгені баршаға мәлім. Ал шын мәнінде тарихи шындық басқаша болған. Профессор Х. Әбіжановтың статистикалық мәлім еттеріне сүйеніп жасаған мына мәліметгеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында қазақ өлкесінде қазақтардан 3000-дай мұғалімдер, 600-ге жуық ауыл шаруашылық мамандары, ал 30-ға жуық қазақ азаматы жоғарғы медицина мамандық алған.
Қазақтың ұлттық интелегенциясынын өсіп-өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүрді. Бір жағынан уақыты өткен ескі қоғамдық қатынастар аяқтан тартып, мешеуліктен шығуға кедергі жасаса, екінші жағынан отарлық езгі, патшалықтың «әскери-полицейлік» тәртібінің күшейуі қазақ елінің алдағы болашағын күмәнді етті.
Ақыры 1917 жылы Ақпан төңкерісі женіп, патша тақтан түсті. Қазақ демократиялық зиялылары бұл хабарды қуанышпен қарсы алып, ендігі жерде қазақ халкының бостандығын қамтамасыз ететін сәт жақындады деп сенді. Осыған байланысты, сол кездегі халықтың көңіл күйін А. Байтұрсынов былайша сипаттайды; «Қазақтарға Ақпан Төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, Қазан (әлеуметтік) Төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз көрінді».
Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбур болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкеріске деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ал бірініден бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына және екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді. Міне осылайша қазақ зиялылары Ақпан төңкерісінің нәтижесінде ұлттық-азаттық қозғалыстың негізі мәселелері - ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, мәдениетті өркендетуге және басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік туады деген сенімде болды.
Осы орайда оқу-ағарту саласына ерекше көңіл бөлген ең алдымен Түркістан Республикасы Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың, сонымен бірге Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Санжар Асфандияровтардың атқарған қызметтерін атап өткен орынды.
Уақыт талаптарына сай Түркістанның саяси басшылары 20 жылдардың басыңда ірі станционарлы педагогика оқу мекемелерін ұйымдастыру арқылы республиканың ұлттық-кеңестік мектептеріне білікті мұғалім кадрларын дайындай бастады. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижелігін өсіру мақсатымен 1920 жылы 27 сәуіріпде Түркістан Орталық Атқару комитетінің Алғарту Коллегиясының Комиссариатының жаңа құрамы құрылды, оған Төрекұлов (ағарту комиссары), Лепешинский (комиссар орынбасары), мүшелері: Н. Ходжаев, Дволайцкий, И. Тохтыбаев. 1920 жылы маусымында Халық Ағарту Комитетінің Коллегиясы Халыққа білім беру Институттарының арғысын дайындап, бекітті:
1. Түркістанның барлық халықтарына арналған орыс тілінде білім беретін
К. А. Темирязев атындағы институт;
- Қырғыз (қазақ) тілінде білім беретін институт;
- Өзбек тілінде беретін институт;
- Татар тілінде беретін институт;
Осы аталған институттардың барлығын 1920 жылдың қыркүйегінде ашу көзделді.
Сол кездегі қабылданған «Халыққа білім беру институттары» туралы ереже бойынша негізгі курстарда мынадай топтар оқу алды:
А) Халыққа білім беру бөлімінің ұсынысымен мектепке дейінгі, мектептен тыс, мектептегі мұғалімдер;
Б) 17 жастан асқан педагогикалық саланы таңдаған жеке тұлғалар;
Ары қарай мынадай ескертпелер жасалды:
«Барлық институттардың негізгі курстардың тыңдаушылары, кейбір пәндерге жеткіліксіз дайындалған болса, олар курстардың кеңестің нұсқауы бойынша өздерінің пәндеріне қоса, педагогикалық курстарда жоғарыда аталған пәндерді қайта толықтыра оқиды. Осы курстарға мүлдем дайын емес тыңдаушылар дайындық курстардың қатарына қосылады. Барлық институттардың негізгі курстарының тыңдаушылары оқуын аяқтағанша мобилизацияланғандар болып есептеліп, қызыл әскер ретінде саналды. Осыған орай тыңдаушылар басқа білім беру мекелерін жіберілмеген, Курстарды аяқтаған соң тыңдаушылар халық ағарту комитетінің қол астына өтеді».
Қырғыз (қазақ) ағарту институтының оқу мекемесі ретіндегі дәрежесінің жалпы концециясы «Қырғыз (қазақ) Халық ағарту институтының ережесі» жобасында белгіленді. Бұл жобаны қазақ зиялылары дайындады. Оның негізгі мазмұны төмендегідей:
«Институттың міндеттері және олардың құрамы.
- Түркістан Республикасының барлық халықтары, өзіндік мәденидаму жолын таңдауға құкығы бар екендігін ескеріп, ағарту комиссариатыҚырғыз (қазақ) Институты білімнің түрлі салалары бойынша дайындайтынмекеме ретінде ғана емес Қырғыз (қазақ) халқын ағартуының мәдениорталығы ретінде қарастырды.
- Қырғыз (қазақ) Халық ағарту институты келесі бөлімдерден тұрады: педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылық, физика-математикалық. Ескерту: Қырғыздар (қазақтар) арасында ғылыми- педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігінен уақытша бір ғана педагогикалық бөлім ашылады, қалғандары ана тілде оқыта алатын қызметкерлердің табылуына байланысты жабылуы тиіс.
- Институттың негізгі бөлімдеріне тыңдаушы кадрларды айындау үшін бір жылдан екі жылға дейінгі дайындық курстары ашылады.
- Ғылымның түрлі салалары бойынша мамандарды дайындаудан бөлек институттың бағдарламасына мына міндеттер енгізілді:
А) Жалпы сұрақтардан бөлек педагогикалық практикадан шығатын арнайы мәселелерді ғылыми түрде өңдеу мысалы: Қырғыз (қазақ) мектептерін анықтау, ана тілінде бағдарламаларды құрастыру т. с. с.
Б) Европалық ғылымдарды қысқа уақытта үйрену мақсатымен Қырғыз (қазақ) тілін жетілдіру;
В) Ғылыми пікірталастар үшін терминологияны құратыру;
Г) Қырғыз (қазақ) көркем әдебиеттің жинау және өңдеу;
Д) Қырғыз (қазақ) халқының ежелгі ескерткіштерін, өнер жәдігерлерін жинау және жүйелендіру;
Е) Қырғыз (қазақ) тарихын зерттеп құрастыру;
Ж) Қырғыз (қазақ) халқының өткен және кәзіргі кездегі салт-дәстүрлерін, шаруашылық-тұрмыс құбылыстарын зерттеу;
З) Халық арасында жаңа тәртіптің, жаңа мектептің идеяларын лекциялары, эпизодтық оқулар арқылы кең түрде тарату;
И) Халықка білім беру сұрақтары бойынша жинақтарды,
монграфияларды, мерзімді басылымдарды басып шығару.
6. Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін институтта келесі
мекемелер болуы тиіс:А) Тәжірибелік балабақша, бірінші дәрежедегі мектеп және халық аудитоииясы;
Б) Қосымша кітапхана, бау-бақша, егіншілік бойынша форма;
столярлық токарлық, слесарлық шеберханалар, ағаш және металдарды өңдейтін ұстахана; физикалық, химиялық, жаратылыс-тарихи лабораториялар.
7. Осы міндеттер Халық Ағарту Комитеті тұсындағы Қырғыз (қазақ)
Ғылыми Комиссиясының бағдарламасымен дайындалып, жүзеге асырылады
және Қырғыз (қазақ) Халық ағарту лекторлары мен оқытуылары оның
ғылыми қызметкерлері болып табылады».Туркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы ретінде Т. Рысқұловтың ерекше көңіл бөлген саласының бірі оқу-ағарту мәселесі болды. Республикада сауатсыздықты жоймай халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендету мүмкін емес еді.
1922 жылы желтосан айының басында өткен Түркістан Республикасының Кедестерінің XI съезі респубикада мәдени құрылыстың басталуына зор ықпал жасады. Съезд халық ағарту ісіне мемлекеттік бюджеттің 30 пайызына дейінгі, ал жергілікті бюджеттердің 24 пайызына дейіпгі бөлігін босату туралы шешім қабылдады. Мұндай көлемдегі пайыздық қаржы одан кейінгі онжылдықтардың бірде-бірінде бөлінген емес. Республикада жалпы білім беретін мектептер мен мектеп жасына дейінгі мемелерді кәсіптік-техникалық оқу орындары мен жоғарғы оқу орындарын дамытудың' жоспары әзірленді. Негізгі күш-жігер республикада сауатсыздықты жою мәселесіне жұмылдырылды.
Үкімет ен алдымен жұмысшылар мен шаруалардың балаларын оқыту мселесін өрістетіп- Мысалы, 1923 жылы республикадағы мектеп оқушыларының 90 пайызы жұмысшылар мен шаруалардың балалары болды. Түркістан республпкасының Орталық Статистикалық басқармасының есебі бойынша республикада 1923 жылы 1032 түрліше мектептер жұмыс істеді. Оларда 85 912 оқушылар оқыды.
Түркістанның қала халқының 32, 5 %-і сауасыздыққа үйренді, ал бұл көрсеткіш 1920 жылы 27, 5 % болатын. Рсспублика үкіметі ауыл мектеп терін дамытуға ерекше маңыз беріп, ауыл мектептеріне мұғалім мамандарын даярлауды жоғары қарқынмен жүргізді.
1923 жылы республикада 6 оқу-ағарту институттары (оның біреуі әйелдер институы) жұмыс істеді: оларда 1500 адам білім алды. Ал, 1924 жылы республикада 7 педагогикалық және 11 ауыл шаруашылық училище болды. Оларда 1523 студент оқыды. Студнттердің ұлттық құрамы бірте-бірте жергілікті халықтың пайдасына қарай өзгеріп отырды. Аталған училищелерінің 1523 студентінің ұлттық құрамы мынадай болды: 494 өзбек, 334 қазақ 252 еуропалық халықтарының өкілдері, 106 түркмен, 62 тәжік және т. б. Орта Азия университетінде 1923 жылы 214 студент оқыды. 1924 жылы республика астанасы Ташкент қаласындағы мемлекттік уіниверситеттің 6 факультетінде 2353 студент, сондай-ақ шығыс, қазақ, өзбек, түрік-татар, Өлкелік өзбек әйелдер институтында тағы да 755 студент оқыды.
1923 жылы маусымда Т. Рыскұловтың төрағалық етуімен өткен Халық Комиссарлар Кеңесінің Үлкен Ксңесінің мәжелісінде республикадағы ауыл шаруашылығы мектептердің жағдайы талқыланды. 1923 жылы жазда республикада барлығы 6 ауыл шаруашылық мектептері (оның 3-і Жетісуда, бір-бірден Сырдария І - Самарқанд, Түркмен облыстарында) болды. Оларда 61 мұғалім сабақ беріп, 497 бала оқыды. Оқушылардың негізгі бөлігі еуропалық халықтардың өкілі болды, яғни 350-і еуропалық болса 88-і қазақтар. Т. Рыскұловтық жетекшілігмен Халық Комиссарлар Кеңесі республикада сауатсыздықты жою мәселесін қарап, бақылауға алды. Түрікатком мен Халық Комиссарлар Кеңесінің 1923 жылғы 28 шілдедегі №115-ші қаулысына сәйкес, республикада жастар арасындағы сауатсыздықты жоюдың соңғы мерзімі ретінде 1924 жылғы 1 мамыр белгіленді, 1923 жыл күзде Түркістан Республикасында - сауатсыздықты жою мектептерінің саны үздіксіз өсіп, яғни 1-ші қазанда-214 1-ші қарашада-235, 1-ші желтоқсан-317, 1-ші ақпанда 367-ге жетті.
Республикада сауатсыздықты жою, мәдениетті өркендету, жалпы оқу-
ағату жұмыстарын өрістету үшін, осы салаларға тікелей басшылық жасап, көмектесетін ұйымдар мен мекемелердің үйлесімді құрылымын жасау - өмір талабына айналды. Сондықтан да Т. Рысқұлов осындай ұйым құрудыц қажеттігіне тоқтайды. 1923 жылы 23 қарашада өткен Халық Комиссарлары Кеңесінің Үлкен Кеңесінде Т. Рысқұлов Халық ағарту ісіне көмектесу. Бюроның құру туралы баяндама жасады.
Сол күні осындай бюроның жарияланды. Бюроның басшылығын Т. Рысқұлов тікелей өз қолына ялды. 1923 жылы 2 желтоқсанда Т. Рысқұлов Халық ағарту ісіне көмектесу Бюросының мақсатымен міндеттері туралы баяндама жасады. Бюроның төралқасының құрамына А. Рақымбаев, Н. Айтақов, Серғазиев сайланды. Бюроның жанынан мәдени-ағарту қоғамдары мен ұлттық ұйымдардың өкілдері кірген Мәдени Кеңес ұйымдасытырылды. Бюроның мүшелегіне казақтардан - Аралбаев, оған кандидат ретінде - Көшербаев, өзбектерден -Ахунов, оған кандидат ретінде - Мұнавар Қары, түрікмендерден -Сақатмұратов, оған кандидат ретінде - Иомудский енгізілді.
1923 жылы 10 желтоқсанда Т. Рысқұловтың төрағалық етуімен өткен Халық ағарту ісіне көмектесу Бюросының жанындағы Мәдени кеңестің кеңейтілген мәжілісінде оның төралқасы сайланды. Мәдени кеңестің төралқасына: Х. Досмұхамедов, Бродский, Мұнавар Қара, Гельдиев және Севастьянов сайланды. Ал, 18 желтоқсанда Халық ағарту ісіне көмекесу Бюросы мен Мәдени кеңестің біріккен мәжілісінде Мәдени кеңестің алдында тұрған міндеттер кең түрде талқыланып, оған мерзімді баспасөзде мынадай тақырыптарға мақалалар жариялау тапсырылды, атап айтқанда, ескі және жаңа мектептер арасындағы айырмашылық; халық ағарту ісі және елдің экономикасы; техникалық білім және өнеркәсіп; білім және бостандық; жеке ынтаның ролі; мұғалім және мектеп; оқулық және мектеп; мектеп және көшпелілердің міндеттері; мектеп және дехкандардың міндеттері; мектеп және «қосшы» одағының міндеттері; мектеп және интеллигенция; мектеп және жергілікті өкімет орындарының міндеттері және т. б.
Т. Рысқұлов Халық Комиссарлар Кенесінің төрағасы ретінде республиканың экономикасы үшін білікті мамандар даярлау ісіне де көп көңіл бөлді. Әсіресе, республикада халық шаруашылығының түрліше салалары үшін техникалық мамандар жетіспейтін. Техникалық білімді қажет ететін салалада жергілікті халықтың өкілдері тым аз еді. Т. Рысқұлов негізгі көңілді осы бағытқа бөлді. Республикада көптеген техникалық арнаулы оқу орындары ашылып, онда жергілікті халықтардың өкілдері көптеп қабылданды. Мысалы, 1922 жылдың басында республикада 32 техникалық және техника экономикалық арнаулы оқу орындарындағы 3170 оқушының небәрі 200 ғана жергілікті халыктардың өкілдері болатын. Осы кемшіліктің орнын толтыру үшін 1922 жылдың II жартысында мен 1923 жылдың өн бойында стационарлы оқу орындары мен мекемелердің жанынан көптеген мектептер мен арнайы курстар ұйымдастырылды. 1923-24 оқу жылында республиканық жергілікті халқы үшін 150 адамдық кооперативтік, 100 адамдық су шаруашылығы мамандығы бойымша, Халық Шаруашылғының Орталық Кеңесі жанынан -
100 адамдық, Орталық Есептеу басқармасы жанынан - 50 адамдық, Мақта шаруашылығы комитеті жанынан - 100 адамдық арнайы курстар ашылды.
1923 жылы Түркістан Республикасының орта дәрежелі техникалық оқу орындары мен курстары белгілеген мөлшерден 1370 адамды артық даярлап шықты. Бұлардың басым көпшілігі жергілікті халықтардың өкілдері болатын. Сондай-ақ, республиканың 19 фабрик-завод мектептерінде оқыған 1400 оқушының 700-ден астамы, яғни тең жартысы жергілікті халықтардың жастары еді. Олар түрліше техникалық мамандықтарда, атап айтқанда: токарь, слесарь, фрезеровщик, машинист, электрик, шофер жән т. б. сан алуан мамандықтарды игерді. Бұл курстар мен техннкумдарда техникалық біліммен қатар жаппы білім де берілетін. Бұл оқу орындарының оқушылары әскери білімді де игерді, негізгі оқу мерзімді аяқталған соң оларға кіші әскери командирлік атақ берліді. Бірақ бұл оқу орындарының жағдайлары аса қиын халде қала берді. Үкіметтің қажірлі күресіне қарамай-ақ, бұл оқу орындарында білікті ұстаздар, мұғалімдер, арнайы оқу әдебиеті мен оқу құрал-жабдықтары жетіспеді. Оқу орындарының материалдық-техникалық базасы тым әлсіз болатын /43/. Осындай объективті қиыншылықтарға қарамай-ақ, бұл техникалық оқу орындары республиканың халық шаруашылығы үшін аса кажетті мамандар даярлау ісіне орасан зор көмек көрсетті. Бұл оқу орындарының үздік түлектері федерецияның беделді жоғары техникалық оқу орындарына жіберіліп, білімдерін көтерулеріне жағдай жасалды. Олардың ортасынан кейіңірек көптеген өнеркәсіп басшылары мен ғалымдардың шыққаны белгілі. Жалпы, техникалық оқу орындарын ашып, бұл оқу орындарында жергілікті халықтардың талантты жастарының көптеп оқуына Т. Рысқұлов көп еңбек сіңірді. Республикада қорғансыз, жетім балалар үшін мектеп-интернаттар жүйесі дамытылды. Егер 1916 жылы Түркістан өлкесінде балалар үйлерінің, селолық мектептердің, бірінші дәрежелі мектептер меп т. б. да балаларда камқорлыққа алған оқу-тәрбие мекемелерінің саны 688 болса, ал 1923 жылы олардың саны 2394-ке жетті. 1916 жылы 45 800 бала оқыса, ал 1923 жылы 176 400 бала оқыды. Жас өспірімдер мен жастарға арнап ашылған орта дәрежелі техникалық оқу орындары 1916 жылы 16 болса, 1923 жылы 228 жетті, ал олардағы оқушылардың саны 1800-ден 6600-ге өсті. 1916 жылы мемлекеттің қамқорлығындағы жетім балалардың саны 1710 болса, 1923 жылы ол көрсеткіш 33 348-ге дейін көтерілді .
Үкіметтің орасан зор күш-жігер жұмсауына қарамай-ақ, республикада оқу-ағарту ісінің жағдайы аса ауыр халде қала берді. Қорғансыз балалар ешбір мемлекеттік, қоғамдық бақылауға алынбай, өз беттерінше қаңғып жүретін. Мысалы, «Тағы да балалар туралы» деген мақалада былай деп жазылған: «Біздің көз алдымызда балалар мен жасөспірімдердің қылмысы үздіксіз және жылдам өсіп келе жатыр; біздің қалалардың көшелерінде тәңсәріден түн ортасына дейін балалар топ-топ болып қаңғырып жүреді, бұл жағдай қорғансыз, тастанды балаларды қамқорлыққа алудың белгілі бір, катаң тәртібінің болуы қажет екенін көрсетеді». Жұмысшы-шаруа инспекциясының комиссиясы түсіп жатқан арыздарды басшылыққа алып, 1923 жылы қаңтар айында Ташкент қаласындағы №2 Жетім қазақ балалар үйінің жағдайын тексерді. Интернатта тәрбие жұмыстары жұдырықтын күшімен жүргізілген. Интернат материалдық жағынан өте нашар жабдықталған. Балаларға тамақ, киім, төсек-орын өте нашар берілген. Таңертеңгі асты тәрбиешілер өздері болып алып, ал балалар даладағы арықтың кір-лас суын ішкен. Аш-жалаңаш балалар жуылмаған, лас бөлмелерге орналастырылған, Бөлме толған шыбын-шіркей. Интернат бастығы Ершиннің интернатқа ешқандай қатынасы жоқ, туған-туыстары ең жылы бөлмелерге орналастырылып, ең сапалы киім-кешекпен, төсек-орынмен және тамақпен қамтамасыз етілген.
1923 жылы 19 ақпанда Т. Рысқұлов қойған үкіметтің №26 қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша Түркістан республикасының орталық және үкімет мекемелерінде істі жергілікті тілдерде жүргізу мәселесіне қатысты практикалық шарапарды тезірек шешу мақсатында республикадағы барлық «Смис-Премьер» маркалы жазу машинкаларының әріптерін шұғыл түрде араб әріптерімен алмастыруға бұйрық берілді. Ал, 1923 жылы 15 тамызда Түркістан үкіметі іс қағаздарын жергілікті тілдерге тәржімелейтін арнайы комиссия құрды. Комиссияның құрамына Түрікаткомның, ТКП Орталық комитетінің, «Қосшы» одағының, кәсіподақтардың, Еңбек және Ішкі істер халық комиссариаттарның өкілдері енгізілді. Барлық мемлекеттік актілер - қаулылар, декреттер, заңдар - қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен және орыс тілдерінде жазыла бастады .
1923 жылы 8 мамырда «Түркістан Республкасының Халық Комиссарлар Кеңесіне» деген мақаласында Л. Д. Троцкий былай деп жазады: «Әскери және сондай-ақ, басқа да барлық мемлекеттік аппаратта жергілікті жердің өмір жағдайын білетін немесе осыны білуге ұмтылып отырған мамандар, шенеуніктер, қызметкерлер ғана қалдырылуы мүмкін, олар жерлікті түздік бұқараның ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне шын мәнінде көңіл қойып, оның мүддесі үшін адал және шынайы қызмет етуге даяр болуы керек. Түздік тұрғындарға және оның тіліне жоғарыдан менменсіп қарайтын және отарлық пиғыл танытатындардың кез - келгені тек Түркістанның мемлекттік аппаратынан ғана емес, сондай-ақ бүкіл одақтық мемлекеттік ұйымдарынан ымырасыз түрде қуылуы тиіс. Әрине, федералдық ұйымдарды басқарып отырған адамдардың ұлт мәселесі бойынша қалыптасқан көзқарастары республикадағы процестерге қатты ықпал жасап отырды. Ал, Түркістан Республикасында бұл процесс барынша күрделі жүріп жатқан болатын. Мысалы, 1923 жылы 3 тамызда, «Түркестанская правда» газетінің 157-ші нөмірлі санында бас мақала ретінде «Ұлт мәселесінде алғаш рет» деген мақала басылған. Мақалада ұлт мәселесінің республикада іске асырылып жатқан саяси-экономикалық және әлеуметтік қайта құруларда негізгі мәселеге айналып отырғаны баяндала келе, былай деп атап көрсетілген: «Біз іс жүзінде ұлт мәселесі бойынша өзіміз қабылдаған шешімдерді жүзеге асырған жоқпыз. Біздің комиссариаттардың қызметтерін үстіртін шолудың өзі соны дәлелдеп тұр. Ал, Халық ағарту халық комиссариаты өз бюджетінің 90% жергілікті халықты оқытуға жұмсап отыр ма? Біздің шаруашылық ұйымдарымыздың қызметі қалың шаруа бұхарасының мүддесімен, талап-тілегімен үйлестіріліп отыр ма? Біздің денсаулық сақтау мекемелеріміз жаппай тері ауруларының қасіретінен зардап шегіп отырған қышлақ және ауыл тұрғындарының арасына барды ма? Біз осы келеңсіздіктерді әлі толық жойған жоқпыз. Ұлы державалық шовинизмнің қалдықтары әлі де сақталып отыр және ол жергілікті ұлтшыл ағымдардың жандануына ықпал етуде. Орыстың шовенистік элементтерімен күрес мәселесі қазір бірінші кезекке қойылып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz