Нарық жағдайындағы қаржы жүйесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
1.1 Қаржы және қаржы жүйесі туралы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
1.2 Қаржының функциялары және рөлі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
1.3 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары . . . . . . . . . 11
II НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ
2.1 Несие туралы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
2.2 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы. . . . . . . . . . . . . . . . . 20
2.3 Несиелік жүйені құру принциптері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23
2.4 Әлемдегі несие жүйесінің қазіргі даму тенденциясы. . . . . . . . . . . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру, бәлу, айырбастау және тутыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-сатуға жататын тауарлар ретіңде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдык арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;
Несиенің мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт – құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір – бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай – ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ақша, несие, банктер. / Ғ.С.Сейтқасымов / Алматы: Экономика, 2001 ж
2. О. Баймұратов / Қазақстан қаржы нарығы. / Алматы «Экономика» 2007 ж
3. Мақыш.С.Б. / “Ақша айналысы және несие” / Алматы: 2004ж.
4. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист, 2004.
5. Абленов Д.О. «Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі», Алматы, 2007
6. www.google.kz
1. Ақша, несие, банктер. / Ғ.С.Сейтқасымов / Алматы: Экономика, 2001 ж
2. О. Баймұратов / Қазақстан қаржы нарығы. / Алматы «Экономика» 2007 ж
3. Мақыш.С.Б. / “Ақша айналысы және несие” / Алматы: 2004ж.
4. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист, 2004.
5. Абленов Д.О. «Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі», Алматы, 2007
6. www.google.kz
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
1.1 Қаржы және қаржы жүйесі туралы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . 4
1.2 Қаржының функциялары және рөлі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . 8
1.3 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары . . . . . . . . . 11
II НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ
2.1 Несие туралы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . 18
2.2 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы. . . . . . . . . . . . . . . .
. 20
2.3 Несиелік жүйені құру принциптері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . 23
2.4 Әлемдегі несие жүйесінің қазіргі даму тенденциясы. . . . . . . . . . .
. . 27
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша
қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы
ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық
қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі
тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің
және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық
оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.
Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы,
олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті
ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен
өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін
өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың
өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру,
бәлу, айырбастау және тутыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар
қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-
сатуға жататын тауарлар ретіңде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау
және бөлу стадияларынан өтеді.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын
көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес,
сонымен бірге қаржының қоғамдык арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды
да талап етеді.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді
ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін
көрсетуі керек:
Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір
мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін
жоғалтатының білдіреді;
Несиенің мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын,
несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт – құрылым. Өзге
экномикалық категориялар сияқты несиеде бір – бірімен өзара әрекетке
түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік
қатанастың барлық субъектілері, сондай – ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл
субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және
бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің
мәнін анықтауға болады.
Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске
асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша
өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық
негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың
материалдық негізі болып құн қозғалысы саналатын болады.
Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті
қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының оюъективті күшіне толық
шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
1. Бөлім. Нарық жағдайындағы қаржы жүйесі
1.1 Қаржы және қаржы жүйесі туралы түсінік
Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды
білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша
айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген
қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын
экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-
ақша қатынастарын білдіруге саяды.
Ақша қоры-мемлекеттің қолындағы үлкен байлығы. Сондықтан да кез-келген
мелекеттің ақша жөніндегі кірістері мен қорлардың басты материалдық бұлағы-
ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі ұлттық табыс болып саналады. Осыдан
мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде
өндіріс дамуына, өндіру мен тұтынуға ықпал жасап, бұл саладағы түбегейлі
мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен
өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық
қатысты буынға айналады. Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты
экономикалық категория тұтқасын ұстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан
реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады.
Қаржы термині латын тілінен аударғанда ақша төлемі деген сөзді
білдіреді. Ал, мемлекет өзінің қызметін атқаруға арналған қаржыларды
мемлекеттік қаржы деп атаймыз. Мемлекеттік қаржының көлемі мемлекеттің
қоғамдағы өзінің орны мен рөліне байланысты өзгереді. Мемлекеттік қаржының
келесідей функцияларын атап өтуге болады: экономикалық, саяси, әлеуметтік,
экологиялық. Әрқайсысына қаншалықты көңіл бөлуге әрбір мемлекеттің
ерекшелігіне байланысты.
Мемлекеттік қаржыны қаншалықты дұрыс жұмылдыру және оны тиімді бөлу
мемлекеттің қаржы саясатының негізгі міндетіне әкелді. Қаржы саясаты
мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бөлігі болып табылады. Қаржы
саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бойынша
міндеттерді шешуге арналған мемлекеттің қаржыны пайдалану қызметі. Қаржы
саясатты жүзеге асыру негізінде мемлекет әр түрлі процестерге әсер ете
алады.

Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап"
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы")
алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды. Аристотельдің (б.э.д.
384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік
құрылысы" атты жұмысында баяндалған. Қаржының мәні, оның даму зандылықтары,
тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс
процесіңдегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің
табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы
негізінен мына себептерге байланысты:
-әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы
сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта
бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
-кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың
мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
-өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық
қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе
натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы
болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
-егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міңдеттеріне қызмет
ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен
айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа
экономикалық категориялардан - кредиттен, жалақыдан және бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.

және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс
қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының
қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар
мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтріжелерімен, әр
түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес
айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды
беліілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі
(табысы) жасалады.
Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға
ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан
материалдық және материалдық емес игіліктер, қызметтердің өндірілген
массасы - қоғамдық өнімнің - натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның
ақшалай кәрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай
нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын
тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті
ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда
болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар
қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық
өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті
тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша,
баға, қаржы, еңбекақы, кредит жоне басқалары пайдаланылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі
қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-
бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға
жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру;
мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық
қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу
және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп
айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша
қатынастарының қозғалысы болып жатады. "Қаржы" ұғымы ақша нысанындағы
қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең
ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие
болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз
болып жататын ақша айналымын — ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы жүйесі ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану
негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды
ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің
қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік
сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі,
оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес
қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы
экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды
функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.
Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы
жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің
нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып
келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді
элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне
интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы
болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие
болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты
орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген
мемлекеттік қаржылар.
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы
буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның
қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.
Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның
ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада
қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің
буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық
буындарымен пайда болады.
Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық
өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және меншіктің
барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы
шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.
1.2 Қаржының функциялары және рөлі
Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен
бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да
талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын,
мәннін іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің
айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы
қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы - ішкі жалпы өнімді бөлу мен қайта бөлудің экономикалық
инструменті, ақша қорларының жасалуын және пайдаланылуын бақылау құралы.
Сондықтан қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның орындайтын
функцияларынан айқын көрінеді.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан - ақшадан туындайтын айрықшалықты
экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық
категорияның іс-қимылының шегін сызып коюдың мүмкін еместігіне, оның
қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең денден
енуіне байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым-теоретиктер арасында
осы күнге дейін пікірталас тудыруда.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайыөндірістік тәрізді екі
тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы
қоғамдық өндірістің екінші стадиясында - ақша нысанындағы, қоғамдық өнімнің
құнын бөлу үдерісінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-
әрекет етуінің ерекшелігігі көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес
қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік функциясының көмегімен жалпы қоғамдық өнім мен оның аса
маңызды бөлігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі
(мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын
шығарып тастағанда) бөлінеді және қайта бөлінеді. Бұл функцияны қаржы
өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді
бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп
айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық - заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу
арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша
қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық
өнім де бөлінеді.
Қаржы көмегімен мемлекет өзінің иелігіне материалдық өндіріс
сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнынының бір бөлігін алады. Бұл
үдеріс қаржының ақша қорларын (табыстарды) жасау функциясы арқылы жүзеге
асады, бұл өзінің нақты түрдегі практикалық көрінісін, ең алдымен,
мемлекеттің салық саясатында табады. Нәтижесінде қоғамда дәйекті түрде сан
алуан ақша қорлары - орталықтандырылған (мемлекеттік бюджет),
орталықтандырылмаған (өңірлік және жергілікті деңгейдегі), мақсатты қорлар
және т.б. жасалады.
Бұл ақша қорларын (табыстарды) нақтылы пайдалану қаржының басқа
функциясы арқылы жүзеге асады, оның заттық мазмұны негізінен мемлекеттің
шығыстары саясатын жүргізгенде көрінеді. Ақша қорларының (табыстардың)
қаражаты қайта бөлу жолымен мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғамдық
өндірістің ұтымды әрі тиімді құрылымын жасап, қолдауға, материалдық жағынан
аз қамтылғандарды қолдауды қамтамасыз етуге және т.с.с. бағытталады.
Сөйтіп, бөлу үдерісі ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану түрінде
жүзеге асады. Қоғамдық өнімді ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану
арқылы бөлу экономикалық қатынастардың пайда болуына себепші болады.
Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде
(материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық
жүргізудің тұрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан
үдерістері жүзеге асады. Бөлу үдерісі натуралдық-заттай нысанда да -
өндіріс құралдары мен тұтыну предметтерінің қорларын жасаумен де, сондай-ақ
ақша нысанында да - еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақша
қорларының қозғалысы арқылы да болып жатады. Қаржының бөлгіштік функциясы
шаруашылық жүргізуші субъектілерді мақсатты арналымның ақша қорлары
нысанында қолданылатын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуде болып
табылады. Салықтар арқылы мемлекеттік бюджетте кейін өндірістік, сондай-ақ
әлеуметтік сияқты ұлттық шаруашылықтық проблемаларды шешуге, ірі
салааралық, кешенді нысаналы бағдарламаларды - ғылыми-техникалық,
экономикалық және басқаларды қаржыландыруға бағытталатын қаражаттар
шоғырландырылады. Салықтардың көмегімен мемлекет шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, халықтың табыстарының бір бөлігін оны өндірістік және
әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, капиталды және қорларды қажет ететін
шығындар өтелімділігінің ұзақ мерзімі болатын салаларға жұмасалатын
инвестицияларға бағыттай отырып, қайта бөледі.
Жалпы қоғамдық өнімнің кұны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша
нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік
функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайыөндірістік
үдерістің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар (мемлекет,
кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлісте
субъектілер болып келеді.
Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы - шаруашылық
жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары
нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге
асырылады.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық
өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен
байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен корланымдарды
калыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып
ажыратылады.
Алгашкы бөлу кезінде жиынтық коғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын
толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар)
шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн - ұлттық табысты бөлудің
нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші
субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің
және қайта бөлудің күрделі үдерістеріне ұшырайды, бұл үдерістерде маңызды
рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде
қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен
тығыз байланыста дамиды.
Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші
субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан үдерісін қамтиды.
Мұның нәтижесінде натуралдық - заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды
қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі
қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда катысушылардың бәрінің
табыстары басқалардың шығыстары есебінен калыптасады және ұлттық табыс
қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар
өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік
инфрақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың
(капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін
пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін
пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін
ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған
ресурстар құрайды.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге
асырылады:
Қаржынық - бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және
бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
Кредиттік - банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды
және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді. Қоғамдық өнімді
кұндық бөлудің үдерісі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының -
нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және т.б.
көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме каржының
рөлін 3 бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:
1) ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен
қамтамасыз ету тұрғысынан;
2) каржыны коғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану
тұрғысынан;
3) қаржыны әлеуметтік - экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде
пайдалану тұрғысынан.
Ақша нысанында тұлғаланған қоғамдық өнім кұнының қозғалысымен
байланысты болатын қаржы жалпы алғанда ұдайыөндірістік үдерісті және оның
түрлі фазаларын сан жағынан (қаржы ресурстары мен қорлары арқылы) бейнелеп
көрсетуге қабілетті болады. Бұл қоғамда қалыптасатын экономикалық
үйлесімдерді өнбойы бақылап отыруға мүмкіндік береді, бұл қаржының басқа
функциясын - бақылау функциясын бейнелейді.
1.3 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана
түсуі болып табылады.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы
қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек
бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм
жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы
КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті
қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл
буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын
орындап отырды.
Қаржы жүйесі интеграциялық типтің жүйесі болып табылады, оған кіретін
элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы
жүйелерінің бірде-бірі өздігінен өмір сүре алмайтындығымен анықталады:
қаржы, бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және
сондықтан осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, басқа жағынан,
өзінің функциялық қасиеттері бар өзара байланысты элементтерден тұратын
жүйе болып табылады.
Сыныптаманың матасқан қатары ретінде буындарда жоғары разрядтың
элементтері болады: қаржылық қатынастар, қаржы қорлары, басқарушы аппарат.
Жүйелеудің мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Сонымен бірге жалпы институттық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл
қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-
әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы
екенін естен шығармаған жөн.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі-тиісті ақша қорлары құрылып,
пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын
органдардың жиынтығы. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек
мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде колданылады, бұл
жеткіліксіз.
Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік
сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып,
қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі койылған. Осы критерийге сәйкес
қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
1) қаржылық қатынастардың жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші
субъектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын
экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы каржылық қатынастарды құрайды.
Қаржылық катынастар өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік
қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер
бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің
рөлі қаржылық қатынастар жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде
көрінеді.
Қаржылық қатынастар негізінен мына екі сфераны қамтиды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған
ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық
ақша қатынастары;
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық
айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде салық, бюджет, сыртқы
экономикалық, қаржы жоспарлары (болжамдары), қаржылық бақылаудың заңнамалық
қамтамасыз етілуі және басқалар сияқты қосалқы жүйелерді айтуға болады (1.5
сызбаны қараңыз).
Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялык критерийінен басқа қаржы
субъектілерінің (қаржылық қатынастардағы қатысушылардың) белгісі бойынша
сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін буындар бойынша: мемлекеттің
қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, халықтың (үй
шаруашылықтарының) қаржысына межелеуге мүмкіндік береді (1.6 сызбаны
қараңыз).
Қаржылық қатынастар сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді,
оның үстіне қаржылық қатынастарды топтастырып, мақсатты ақша қорларының
құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына
қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен үйымдар қаржысы сферасында
мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.
Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға (ондағы қаржының
өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық
бағыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар
(ұйымдар) қаржысының құрамына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік,
құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары, ал меншік нысанына қарай -
мемлекеттік, кооперативтік, акционерліқ, жекеше және басқа кәсіпорындардың
қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі
қаржылық қатынастарды топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне
(республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары
сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру,
өмірді сақтандыӨзінің ортақ қағидалы біртұтастығына қарамастан, қаржылық
қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен олардың сыртқы көрінісі әр түрлі.
Бұл мағынада қаржы құрамы туралы айтуға болады. Қаржылық қатынастардың
сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің біртұтас
қаржы жүйесінің құрамын құрайды.
Сонымен бірге қаржы кұрамын мемлекеттің каржы саясатын жүзеге асыруға
қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен
ажырата білген жөн.
Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесінің
құрамы қаржылық қатынастардың біршама дербес мына буындарынан тұрады:
1) мемлекеттің бюджет жүйесі;
2) арнаулы бюджеттен тыс корлар;
3) мемлекеттік кредит;
4) жергілікті қаржы;
5) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
6) халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы. Қаржылық қатынастардың
алғашқы үш бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға
жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу
үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен
әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды кұрамы болып
табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы
бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-
ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық
бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл кұрамы екі ірілендірілген бөлікке
біріктіріледі:
мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
шаруашьшық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Қаржылық қатынастардың буындарына тән болып келетін тиісті
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы
жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын
қалыптастырып, пайдалануда табады. Қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен мемлекетте ақшалай табыстар, аударымдар және түсімдер
есебінен қалыптасады, ұлғаймалы ұдайы өндіріске, жұмыскерлерді материалдық
ынталандыруға, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін
қанағаттандыруға пайдаланылады. Олар қаржылық қатынастардың материалдық
иелері болып келеді, бұл құндық бөліске қатысушы категориялардың жалпы
жиынтығынан қаржыны бөліп алуға жағдай жасайды. Көмегімен қаржы ресурстары
жасалынып, пайдаланылатын нысандар мен әдістер қоғамның әлеуметтік
табиғатына қарай өзгергенімен бұл қоғамдық-экономикалық формацияға
тәуелділіктен тыс болып жатады.
Қаржы ресурстарын пайдалану (оларды пайдаланудың қор емес нысанының да
мүмкін болғанымен) негізінен арнаулы мақсатты арналымның ақша қорлары
арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қорлары ұлттық шаруашылықта іс-әрекет ететін
ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі. Қаржы ресурстарын
пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттері негізінде
объективті түрде алдын ала анықталады және қор емес нысанымен салыстырғанда
оның бірқатар артықшылықтары бар. Қор нысанының артықшылықтарына мыналар
жатады: кез келген қажеттілікті (қажетсінуді) қанағаттандыруды экономикалық
мүмкіндіктермен тығыз ұштастыру мүмкіндігі; ресурстарды қоғамдық өндірісті
дамытудың негізгі бағыттарына шоғырландыруды қамтамасыз ету; қоғамдық,
ұжымдық және жеке мүдделерді толығырақ үйлестіру мүмкіндігі. Қаржы
ресурстары бюджет, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру
және қамсыздандыру, амортизация, айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және
басқа көптеген ақша қорларын кіріктіреді(1.7сызбаны қараңыз). Бір қорлар
едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған, бір қорлар үнемі
жұмсалады (тұтыну қоры), басқалары уақытша сақталады (резервтік капитал),
үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар).
Қаржылық қатынастардың нысандары мен акша қорлары басқарылатын
материалдық объектіні құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың
мемлекеттік және қоғамдық аппараттарының жүйесі - қаржы аппараты болып
келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржы қызметін
ұйымдастыру мен жоспарлау үдерісіндегі экономикалық және бақылау жұмысымен,
қаржылық қатынастар буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржы
аппараты қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштасып жатады.
Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да, қондырмалық қатынастардың да
айқыш-ұйқыш тоқайласуын және оның басқарымдылығын білдіреді.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес.
Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңгы
орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы
оның рөлі айқындаушы болып табылады. Бұл - бірінші кезекте мемлекеттік
бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір
бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық
субъектілерінің қарамағына қаржы ресуретарын қалыптастырумен және
мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға
жұмсаумен байланысты ақша қатынастары.
Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын
жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекеттің негізгі қаржы жоспары
ретіндегі мемлекеттік бюджетте, қоғамдық мұқтаждарды мақсатты
қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда,
мемлекеттік кредитте көрінетін қаржылық қатынастарды кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды,
қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған
елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық
табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен
пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория, қаржы
ресурстарының орталықтандырылған қорын құрудың экономикалық нысаны және
мемлекетгің негізгі қаржы жоспары. Мемлекеттік бюджет орталық (Қазақстанда
- республикалық) және жергілікті бюджеттерді (облыстардың, қалалардың,
аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі
негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың
айрықшалықты нысаны.
Қалыптасу көздері:
а) арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар;
б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
в) ерікті жарналар және қайырмалдықтар.
Бюджеттен тыс қорлар толық көлемде ресурстарды мақсатты пайдалануды
және аса маңызды әлеуметтік шараларды дер кезінде қаржыландыруды
кепілдендіреді; олар қаржылық қиыншылықтар жағдайында мемлекеттік билік
органдары иек артатын қаржы резерві рөлін орындайды.
Мемлекеттік кредит - мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша
бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке
тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын
қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредиттік
қатынастардың жиынтығы.
Кредиттік қатынастардың қаржылық қатынастардан айырмашылығы болғанымен
мемлекеттік кредит қаржы жүйесіне кіріктіріледі. Бірақ кредиттің бұл түрі
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу, мемлекет қаржысының орнықтылығын
қамтамасыз ету мақсатына бағытталғандықтан, ол бойынша есеп айырысу бюджет
қаражаттары есебінен жүзеге асырыл атындықтан - бұл қосалқы буынды қаржы
жүйесіне де, сондай-ақ кредит жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жиі жатқызады, алайда көптеген ғалымдар
оны дербес, бірақ қаржымен өзара іс-әрекет ететін категория деп есептейді.
Сақтандыру - шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген мүмкін
болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты
отбасыларының табыстарындағы ысыраптарды өтеуге арналған ақша жарналары
есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушылары арасындағы
тұйық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.
Сақтандыру - айрықшалықты, өзінің буындары бар сфера: әлеуметтік
сақтандыру (барлық әдістер), жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру,
жауапкершілікті сактандыру, кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру және т.б.
Шаруашылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz