Қоғам және жеке тұлға


Қоғам және жеке тұлға
Қоғам» деген сөздің мағынасы кең, алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам, т. б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл-әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардын өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы қатынасты қоғам деп айтамыз. Біріншіден, қоғам-адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.
Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподақ, т. б. ) . Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.
Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.
Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық катынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады 1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады 2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады; 3) қоғамның объективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме, жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.
Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық, т. б. ) -адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыстарының нәтижесі.
Мұндай аграрлық қоғамдар қазір де бар 3) өндірістік, өркениетті немесе дәстүрлік қоғам. Қоғамның бұл типі байлық пен билік теңсіздігін анық көрсететін қалалардың дамуына негізделген. Мұнда мәдениет, ғылым және өнер дамиды, сондықтан да оны өркениетті қоғам деп атайды. Бұл қоғамда басқару жүйесі қалыптасады. Сондықтан да оны дәстүрлік (традиция) қоғам деп атайды. Дәстүрлік қоғамның көпшілігі ірі империялар болған.
Дәстүрлік қоғамның негізгі белгілері: 1) еңбек адамдарының жынысына сәйкес белгіленген; 2) қоғам тапқа бөлінген. Негізгі тап - ақсүйектер - қоғамда жоғары әлеуметтік орны бар, басқарушы, билеуші, үстем тап. Екінші тап-қоғамның басқа мүшелері, бұлардың материалдық жағдайлары өте төмен болған. Дәстүрлік қоғамда құлдарда болды; 3) қатаң тәртіпке негізделген кәсіби армия болған.
Қазіргі әлемдегі өндірістік (индустриалдық) қоғамның негізгі белгілері:
1) Халықтың еңбек етуші тобының басым көпшілігі өнеркәсіпте және басқару жүйесінде жұмыс істейді. Бұған дейінгі қоғамдарда халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығымен айналысқан. Қазіргі батыс елдері еңбекшілерінің 2-5 проценті ғана экономиканың аграрлық саласында еңбек етеді.
2) Өндірістік қоғам урбандалады. Қайсы бір елдерде халықтың 90 проценті ірі және орташа қалаларда тұрады.
3) Дамыған саясн жүйе қалыптасады.
4) Ұлттық мемлекеттік сипат адады.
5) Дамыған өнеркәсіпті елдер айқындалады. Мысалы, қазір бұған Америка Құрама Штаттары, Австралия және Жапония, т. б. жатады. Олардың дамыған экономикасы, көп партиялық парламенттік жүйесі бар. Бұл елдердің экономикасы нарықтық катынасқа негізделген.
Кешегі күнге дейін коммунизм құруды мақсат еткен КСРО және Шығыс Еуропа елдері де өнеркәсібі дамыған елдер қатарында саналды.
ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Біз жоғарыда қоғамның түрлеріне тоқталдық. Қалай дегенде де, қоғам - күрделі жүйе. Оның өмір сүру барысында адамдардың өмір сүру жағдайы қамтамасыз етіледі.
Әрбір қоғам өзінің тарихи дамуы кезеңіне және ұлттық-әкімшілік ерекшелігіне байланысты қызмет атқарады:1) адамдардың өміріне қажетті материалдық игіліктер шығарады;
2) еңбек өнімін алмастырады және бөледі; 3) әлеуметтік қызмет атқарады; 4) әлеуметтік қатынастарды тәртіпке салады; 5) әлеуметтік қатынасты рухани жағынан реттейді.
Бұл қызметтерді белгілі әлеуметтік топтар (таптар, қауымдар, жіктер, жұмысшылар, кызметкерлер т. б. 5) іске асырады және олар бір-бірімен өзара қатынаста болады.
Бірінші қызметте-материалдық игіліктерді шығару барысында өндірістік-техникалық қатынас қалыптасады, олар кәсіби салаларға (ауыр өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, т. б. ) бөлінеді. Бұл топтардың объектісі- табиғат, өндіріс құралдары.
Екінші топтағы міндеттерді - еңбек өнімін алмастыру және бөлуді іске асыру барысында экономикалық қатынас, яғни айырбас-сауда, кредит-қаражат, т. б. қалыптасады.
Үшінші-әлеуметтік қызмет-«тіршілікті жалғастыру», жаңа адамдарды өмірге әкелу, оларды қорғау, өмірге дайындау және әлеуметтік қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Әлеуметтік сала-отбасы, тұрмыс, денсаулық, білім, демалыс т. б.
Төртіншісі тұтас қоғамдық қарым-қатынасты реттеу қызметін атқарады. Оны іске асыру процесінің барысында екі қатынас: саясат және құқық негіздері қалыптасады.
Бесінші қызметті іске асыру барысында мына қатынастар қалыптасады: дін, көзқарас, имандылық, көркем өнер, рухани өмірдің сан алуан саласы.
Қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани негізін құрайды. Осы қоғамдық өмір саласыны әрқайсысы өзіндік күрделі құрылымнан тұрады. Бұлар дербестікте, сонымен қатар өзара байланыста болады.
Адам қоғамға ұжымдар арқылы (еңбек, ғылым, мектеп, т. б. ) енеді. Сондай-ақ олар белгілі, бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа-жіктеледі. Әлеуметтік топтардың арасында, сонымен бірге экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмірдегі процесте, олардың өз ішіндегі сан түрлі байланыстардың негізінде қоғамдық қатынастар жасалады. Қоғамдық өмір жиі өзгеріске ұшырап отырады. Бұл өзгерістердің қарқыны және ауқымы әртүрлі болуы мүмкін.
Қоғамдағы өмір сүруші адамдардың қарым-қатынасы әлеуметтік мүдде арқылы іске асырылады. Әлеуметтік мүдде дегеніміз - адамдардың өзінің өмір сүруіне қажетті, қоғамдық жағдайға қоятын талабы.
Табиғатпен тиімді қатынасты : қалыптастыруда адам шешуші фактор.
Табиғатты қорғаудағы басты стратегиялық бағыт - мүмкіндігінше қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтады немесе түгелдей жояды, шикізаттың бастапқы түрлерін өңдеуге мүмкіндік береді және қосымша өнім алуға да жағдай жасайды.
Айналадағы ортаны, негізінен табиғатты адамның пайдалану сипатындағы қалыптасқан қайшылықты өзгертудің үлкен маңызы бар.
Табиғат қорықтары, парктер өсімдік және жануарлар әлемін сақтауға мүмкіндік береді, сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғайды. Табиғатты қалпына келтіріп, байытудың маңызы үлкен. Ол үшін көгалдандыру, бау-бақша өсіру, су қоймаларын жасау жұмыстарын үздіксіз жүргізу керек. Ағаш отырғызу жұмыстың жартысы ғана, істің нәтижесі- оны өсіруде.
Табиғатты қорғау саласының бірі - экологиялық бақылау. Бұл бағытта бірсыпыра жұмыстар іске асырылуда. Республика бойынша облыс, аудан, қалаларда айналадағы ортаны қорғау, экологиялық бакылау мекемелері құрылды.
Адам мен табиғат арасындағы қайшылықты шешуді қоғам реттейді, оның қызметі - адамдардың санасын тәрбиелеу және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға бағытталған ынталы жігерін қолдау.
Қоғам туралы ілімнің дамуы
Адамдар ертеден-ақ қоғамның өмір сүруін түсінуге ұмтылды. Қоғам қалай пайда болады? Ол калай дамиды? Оның даму бағыты, болашағы қалай болады? Бұл нақтылы қоғамның даму дәрежесімен анықталады.
Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңінде әлемді түсінудің тәсілі аңыз (миф) түрінде пайда болды. Аңыз барлық халықтарда да болды. Аңыздың көмегімен қоғамның өткені, болашағы туралы адамдардың ой-қиялы және олардың рухани өзара байланысы көрініс берді. Рухани құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, ілімнің бастамасы, діни сенім, саяси көзқарас, өнердің бірнеше түрлері, т. б. қалыптасты.
Аңыздарда адамның өзі туралы түсінігі және айналадағы ортаны ой елегінен өткізуі көрініс берді. Әлемнің, адамның шығу тегін түсіндіруде екі түрлі наным болды. Бірінде әлемді құдай жасаған деп түсіндірілсе, екіншісі даму идеясын (әлем біртіндеп түрсіз жағдайдан дамиды: кеңістік, су, жұмыртқа, т. б. ) жатады.
Аңыздың көпшілігі еңбек адамдарына, олардың тұрмысына, әдет-ғұрпына арналған.
Қазақ халқының ерте замандағы ой-пікірлері де мифтік аңыз, қиял-ғажайып ертегілері түрінде көрінеді. Ерте замандағы халық ұғымында: жер жүзіндегі барлық жаратылыстың түпкі тегі төрт нәрседен - топырақ, су, от және желден (ауадан) жаратылған. Барлық болмыстың өмір сүру тетігі жарық пен қараңғылыққа байланысты деп білген. Жарық-жылудың, күннің, өмірдің, жақсылықтың, бақтың нышаны; ал қараңғылық - суықтың, түннің, өлімнің, жаманшылықтың, сор-қырсықтың нышаны. Бұлар бір-біріне қарама-қарсы күштер деп есептелген.
Қазақ халқының көне түсінігі бойынша, жер-адамзат, жан-жануар, ағаш-шөптің анасы. Аспан-жарық, жылу беріп, жаңбыр жаудырып есіркеуші атасы есептелген. Сондықтан халкымыз ерте кезде көк-тәңірге, жер-анаға табынған. Табиғат пен адам, қоғам, бүкіл адамзаттың тіршілігі, мәңгілік өмір туралы түсінік пен әлеуметтік-философиялық ой-пікірлер бертін келе аты аңызға айналған Қорқыт, Асан қайғы сияқты ұлы даналардың, олардан кейініректегі ғұлама ойшылдар мен ақын-жыраулардың, билер мен шешендердің есімімен байланысты дами түсті. Олар қоғам туралы казақ халқының әлеуметтік ой-пікір дәстүрін қалыптастырды.
Асан қайғы - XV ғасырда өмір сүрген қазақ ақыны, ұлы ойшылы. Ол алғашында Алтын Орданын астанасы Сарай қаласында, кейін Қазан қаласындағы Ұлы Мұхаммет ханның беделді де, ықпалды билерінің бірі болған. 1445 жылы Ұлы Мұхаммет хан (Орманбет хан) өліп, Алтын Орда ыдыраған кезде қазақ даласына қайта оралып, Қазақ хандығын құрған Жәнібек ханның (1456-1473) жырауы және ақылшысы болған. Асан үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап, қайғырып жүргендіктен, жұрт оған «қайғы» деген лақап қосып, «Асан қайғы» деп атап кеткен.
Асан қайғы өз заманындағы қоғамдық өмірге үңіле қарап, халықтың тартып отырған ауыр азабын, аш-жалаңаштық, жұт-апат, өзара қырқысқан жаугершілік, әлеуметтік теңсіздікті көріп қайғырады, өз кезіндегі қоғамдық өмірге наразы болады. Ел-жұртының мекен еткен қоныстарына көңілі толмай, халықтың қамын, елдің болашағын ойлап, халықты ауыр азаптан құтқарып, мәңгілік бақыт аса белеудің жолы-«Жерұйыққа» жету деп тұжырымдайды.
Асан қайғының арман еткен «Жерұйығы» - суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағашы толған жеміс-жидек, жұрт қайғы-қасіретті білмейтін құтты қоныс. Оған жеткен елді жау алмайды, онда ел аласы, ру таласы жок, үркіп-қорқу, жаугершілік деген болмайды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайды». «Жерұйықты» мекендеген жұрттың бай-кедейі жоқ, бәрі тең, барлығы шат-шадыман, бақытты өмір өткізбек.
Асан қайғы, өзі іздеген құтты мекенді «Жұпар қорығы», «Кеңтүбек», «Тартүбек» деген жерлерде деп есептейді. Сол жерді табу үшін желмаясына мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Бірақ таба алмайды, табу да мүмкін емес еді. Арманына жете алмаған Асан қайғы өксумен дүниеден кешеді.
Асан қайғының «Жерұйықты» іздеуі жөніндегі аңыз қазақ халқының таңғажайып жарқын, бақытты болашақты аңсаған арманының туындысы еді. Асанқайғы арман еткен «Жерұйық» бейне ағылшын ойшылы Томас Мордың «Утопия аралы», италиялық Томмазо Кампанелланың «Құн қаласы» сияқты қиялшыл ойдың жемісі екені даусыз. Бұл - XV ғасырдағы көшпелі қазақ халқының қоғамдық болмысынан туған қияли идея.
Қоғамның пайда болуы және дамуы туралы деректерді аңыздармен қатар дін, философия және социология ғылымынан да іздеуге болады.
Ескі дүниежүзілік діндердің бірі - буддизмі. Ол «алтын ғасырдан» кейін адамдар арасында теңсіздік, алдау, әділетсіздік пайда болды, сондықтан да адамдар патша сайлады. Билеуші адамдар арасындағы алауыздықты жоюы керек деп уағыздайды.
Көне грек философтары Платон мен Аристотель де қоғам туралы көзқарастарында «алтын ғасыр» идеясын басшылыққа алады. Платон (б. з. д. V-IVғғ. ) адамдар теңсіздігінің, әділетсіздіктің себебін қоғамдық өмірді ұйымдастырудан іздеген. Платонның ойынша, адамдар өздерінін тамақ, тұрғын үй, киім, т. б. қажеттіктерін өтеу үшін бірігіп өмір сүреді. Бұндай бірігуді «мемлекет» деген. Ол адамдарды сыртқы жаудан қорғайды және ел ішінде тәртіпті сақтайды. Қоғам әділетті болуы үшін Платон «әділетті мемлекет» идеясын ұсынған. Ол бойынша мемлекетті дарынды және жақсы дайындығы бар, адамгершілігі жоғары адамдар басқаруы тиіс. Мінсіз әділеттілік-мемлекеттің негізгі принципі. Осы әділеттілік принципін басшылыққа ала отырып, мемлекет маңызды мәселелерді шешеді. Олар: адамдарды қорғау, оны материалдық игілікпен қамтамасыз ету, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.
Аристотель (б. з. д. 384-322) Платон идеясын дамыта түсті, ол мемлекеттен басқа қатынастың отбасылық және басқа да түрі бар, бірақ мемлекет олардың бәрінен жоғары тұрады деп қарады.
Батыс Еуропада орта ғасырларда қоғам дамуы адамның құдаймен келісім-шарт жасасуының нәтижесі деп уағыздаған.
Адам табиғаты, қоғамдық қатынастардың сипаты жөнінде XVIII ғасырда ағылшын экономисі және философы А. Смиттің еңбектерінде жаңа идеялар пайда болды. Смиттің ойынша, адамдар арасындағы қатынастар қоғамдық еңбек бөлінісінің негізінде қалыптасады. Әрбір адам өзі үшін еңбек ете отырып, басқалар үшін де еңбек етуге мәжбүр болады, керісінше, басқалар үшін еңбек ете отырып, өзіне еңбек етеді.
Смит мемлекеттің гүлденуінің үш қажетті жағдайын анықтады: жеке меншік үстемдігі, мемлекеттің экономикаға араласпауы, жеке адамның ынтасының дамуына кедергі жасамау. Ол таптық қоғамда мынадай топтар: жалдамалы жұмысшы, капиталистер және ірі жер иеленушілер болатындығын атап көрсетті. Олардың айырмашылығы пайданың көзіне байланысты: жалақы, табыс, пайда және оларды иелену, т. б.
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында француз философтары Сен-Симон, Ш. Фурье, британдық Р. Оуэн болашақтағы әділетті қоғам туралы қиялдады. Олар ХҮ-ХҮІ ғасырлардың ұлы қиялшылдары Т. Мор, Т. Кампанелланың ісін ілгері жалғастыра отырып, социалистік қоғам идеясын жасады. Ондай қоғамда барлық азаматтардың мүдделері сәйкес келеді, еркін шығармашылық еңбек үстем болады, әркім өз қабілетін көрсете алады. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жоспарлы дамиды. Қоғамның барлық мүшелері міндетті түрде еңбек етеді, еңбегіне қарай ақы алады. Адамды адам қанау болмайды. Олар капиталистік қоғамды сынады, бай адамдар өз байлықтарынан ерікті түрде бас тартуы керек, ал билік жүргізушілер әділетті қоғам құруды жақтаулары қажет деп түсіндіреді.
Қоғам, оның пайда болуы және даму жолы туралы XVIII ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында немістің атақты философы Г. Гегель терең мазмұнды жаңа идеялар ұсынды.
Жоғарыда айтылғандай, ұзақ уақыттар бойы қоғам және мемлекет бір ұғым ретінде қаралды. Біртіндеп, теориялық ойдың дамуына байланысты, қоғам мемлекетке қарағанда кең ұғым, қоғамдық өмірдің мемлекетті тікелей реттейтін де салалары бар деген түсінік қалыптасты. Оған бірінші кезекте отбасы жатады. Осы көзқарастың қалыптасуындағы жаңа бағыт-Гегель жасаған «азаматтық қоғам» туралы түсінік. Гегель азаматтық қоғамның мемлекеттен айырмашылығы жеке (дүниелік, т. б. ) мүлденің сақталуы деп қарады. Сонымен азаматтық қоғам дегеніміз, біріншіден, адамдардың материалдық, экономикалық мүддесі мен іс-әрекетінің көрінісі. Француз тарихшысы Гизо мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынас-билік пен жеке бостандықтың арасындағы қатынас деп қарайды. Тарихи тәжірибе көрсеткеніндей, азаматтық қоғам дамыған сайын мемлекеттің демократиялық формасының негізі жасалады.
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге келтірді. Қазақ топырағында туған көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтар шығыс, араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жазып, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыра білді. Солардың бірі - бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби.
Әл-Фараби жоғарғы өкіметтің негізі болып табылатын саясатқа үлкен мән берді. Ол басқару екі түрлі болады дейді. Егер басқару шын бақытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез-құлықтарды, ерік-қасиеттерді нығайтса, ол - қайырулы басқару. Оған мойын ұсынатын қалалар мен халықтар қайырлы қалалар мен халықтар болып табылады. Ал бұл принциппен қабыспайтын басқару қиялдағы бақытқа ғана жеткізеді. Шынында да ол бақыт бола алмайды. Өйткені ол қаладағы теріс әрекеттер мен жаман қасиеттерді нығайтады. Сондықтан ондай басқару - надандық басқару болып табылады.
Әл-Фарабише айтсақ, ұлы қоғам - жер бетіндегі барша адамдар қоғамының жиынтығы; орташа қоғам - белгілі бір халықты ғана қамтитын қоғам; ал кішігірім қоғам - жекелеген халықтың өмір сүріп отырған жерінің азғантай бөлігін алып жатқан белгілі бір қала тұрғындарының қауымдастығы. Толық емес қоғам - бір ауылдың белгілі бір көшесінде немесе үйінде тұратын адамдардың жиынтығы. Бұлар төменгі сатыдағы қоғамды құрайды.
Адам және қоғам туралы ұлттық ой-пікірге үлкен үлес қосқан ағартушы педагог, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841- 1889) болды.
Ол өзі туған қазақ қоғамының жай-күйін зерттеп, оның дүниежүзілік алдыңғы қатарлы өркениеттен артта қалуының басты себебі қазақ арасында оқу-білімнің тарамағандығынан деп түйіндеді. Сондықтан да ол бар күш-жігері мен уақытын жас түлектерді оқытуға жұмсады.
Қазақ халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал қазақта көп, бірақ қажетті бұйым алу үшін тері, май, жүн, басқа да заттарды орыс, татар, Бұхар саудагерлеріне арзаң бағаға өткізуге мәжбүр болып келеді.
Сондықтан да бұл мұқтаждықтан шығу үшін отырықшылыққа көшу, мал қораларын, жылы үйлер салу, қолөнерді дамыту қажет деп көрсетеді. Ыбырай қазақтарды кәсіпшілікке үйретуді мектептен бастау керектігін айтып, жергілікті жерде кәсіби мектеп ашуды талап етті. Соның нәтижесінде Ырғызда 20 қыз оқитын кәсіптік училище ашқызды. Өзі де сабақ беріп, кәсіптің, отырықшылықтың артықшылығын шәкірттердің зейініне құйып отырған.
Ыбырай мәдени дамудан шетте қалудың себебі жалқаулықтан, сондықтан да барша адам өз бақытын еңбектен табуға тиіс, тек адал еңбек қана-адамзат бақытының негізі деп қарады.
Ыбырай өмір сүрген қезеңде қазақ даласы облыс, округ, уездерге бөлініп басқарылатын. Бұл әлеуметтік жағдайды шиеленістірді. Болыстар сайланып қойылды, қоғам саяси партияларға бөлінді. Олардың арасында болыс сайлауы үшін талас-тартыстар жүріп отырды. Болыс болу үшін патша әкімшілігінің шенеуніктеріне пара берілді, ал ол шығын халықтың есебінен өндірілді. Бұл-қанаудың бір түрі еді. Ыбырай осы жағдайларды қатты сынады. Ол қазақ даласындағы әділетсіздікті, заңсыздықты көріп күйінді, заңның әділетті бөлуын көкседі.
ЬІбырай адамдарды азаматтық бауырластыққа ол жасатан қазынаны байытуға шақырады. Мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайрлн деген негізгі ойымнан, талабымнан ештакытта да қайтпаймын», - деп жазды ұлы ағартушы.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың (1845-1904) философиялық-әлеуметтік ой-пікірі XIX ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық көзқарастың ең озық үлгісі болды. Абай өткен замандардың кемеңгер ойшылдарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, олар арқылы қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге, сол кездегі қазақ қауымын толғандырған басты әлеуметтік-философиялық мәселелерге жауап беруге ұмтылды.
Абай дүниенің объективтік заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай, өзгеріп отырады деп таниды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz