Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы жайлы


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалық мәні және оның қызметтері

1. 2 Сақтандыру жіктемесінің негіздері мен принциптері

1. 3 Сақтандыруды дамытудың шетелдік тәжірибесі

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қалыптасуы және дамуы

2. 2 Сақтандыру ұйымдарының қызметін талдау

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ АСПЕКТІЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

3. 1 Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының мәселелері және оларды шешу жолдары

3. 2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму

болашағы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстанның сақтандыру нарығы бұрынғы мемлекеттік сақтандыру жүйесі негізінде қалыптасты . Бұған дейін Қазақстан Республикасында тұрғындармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен сақтандыру операцияларын жүргізудің монопольдық құқығына Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ғана ие болып келді, тек бұдан бірнеше жыл бұрын Мемлекеттік сақтандыру ұйымдарымен экономикалық және ұйымдық тұрғыдан байланысты емес, дербес сақтандыру ұйымдары құрылып, дами бастады .

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы " Сақтандыру туралы " заң күші бар жарлығымен сақтандыру шараларын жүргізудегі монополия жойылды және қазіргі уақытта республиканың сақтандыру нарығында барлық сақтандыру ұйымдары бірдей құқықтың дәрежеге ие болды. Сақтандыру нарығы бұл бір жағынан, сақтандыру қызметіне деген сұраным да, екінші жағынан ұсыну шараларының жиынтығы .

Отандық сақтандыру нарығы өзінің даму жолында түрлі кедергілерді артқа тастап, бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолында дамыды . Қазіргі таңда республикада адал бәсеке нарығы қалыптасты деп айтуға болады . Бұрындары тек шетелдерде қолданылып келген сақтандырудың жаңа түрлері енгізіліп, жауапкершілік артуда .

Кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің шаруашылық жүргізуші субьектілер арасындағы өзара келісім шарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандырудың манызын арттырады . Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады. Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік бере отырып, әлеуметтік - экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандыру компанияларының резервтері экономикалық дамуды қаржыландыратын инвестициялардың сенімді көзі болып табылады .

Сақтандыру экономиканың маңызды әрі аз зерттелген саласы болып табылады . Қазақстанда өзінің даму кезеңінде болуына қарамастан, ерте кезде пайда болған . Содан бері жазатайым жағдайлардан сақтандыру жүйесі арқылы қорғап, адамзаттың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып даму жолында .

Сақтандыруда адамдар арасында материалды игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну саласындағы экономикалық қатынастар орнайды . Ол барлық шаруашылық субъектілеріне және қоғам мүшелеріне залалдардан кепілдік береді .

Қайта өндіру процесі табиғи және қоғамдық сипаттағы қарым - қатынастарды білдіреді . Қоғам мен табиғат арасында түрлі қайшылықтар орнайды . Қоғамдық өндіріс саласында түрлі тәуекел қаупі орын алады . Міне, осының барлығы әлемдегі сақтандыру қатынастарының пайда болуы мен дамуына негіз болды . Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкеледі, олар іскерліктегі әріптестердің сеніміз болып шығуы, нарықтағы бағалар ( құндылықтар ) кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады . Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды . Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандыруға деген қажеттілік одан әрі өсе түседі .

Нарықты экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларына жатады .

Қазіргі кезде сақтандыру ісін ұйымдастыру бір жағынан нарықтық экономиканың әрекет етіуінің жалпы экономикалық заңдылықтарына сүйенсе, екінші жағынан оған Қазақстан Республикасының өтіуінің өзіндік ерекшілігімен сипатталады . Өз кезегінде сақтандырудың өзі реттеу объектісі болып табылады .

Нарықтық қатынастарға өту Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесіне бірқатар құрылымдық өзгерістер алып келді . Қазіргі кезде өз жұмыстарын жаңашыл қалыптастыратын сақтандырудың қазіргі жағдайы сақтандыруды одан әрі дамыту мен модернизациялаудың әлемдік тәжірибелерге негізделуін қажет етеді . Бұл ең алдымен құқықтық және ақпараттық базаның жетілмегендігіне, әдістемелік жұмыстардың жүргізілмеуіне байланысты .

Осы орайда сақтандыруды ұйымдастырудың әдістемелік негізін қалыптастырудың ұлттық сақтандыру нарығының даму ерекшіліктері мен тенденцияларын айқындаудың өзектілігі зор. Осындай мәселелердің маңыздылығы, сақтандыру саласының аз зерттелуі сақтандыруды дипломдық жұмысымның тақырыбы ретінде алуыма себеп болды .

Дипломдық жұмыстың бірінші"Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалық мәні және оның теориялық негіздері "бөлімінде сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі қызметтері, қайта өндіру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етудегі ролі, сақтандыру қатынастарының жіктелуі қарастырылған . Екінші "Сақтандыру нарығының даму тенденцияларын талдау" бөлімінде сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуына, сақтандыру ұйымдарының қаржылық қызметіне талдау жасалынған .

Үшінші "Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қызмет ету аспектілерін жетілдіру " бөлімінде сақтандыру нарығын дамытудың негізгі бағыттары, Қазақстанның сақтандыру нарығындағы сақтандыру арқылы қорғаудың тиімді жолдары ұсынылған .

Қорытындыда сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы қорытындыланып, зерттеу нәтижесі бойынша ұсыныстар жасалған .

1 САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалық мәні және оның қызметтері

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп - қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдық - заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де сондай - ақ ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Қазіргі жағдайда сақтандыру - бұл өмірдің әр түрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі.

Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты т. б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе тусуіне әкеледі, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінеде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азааймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік одан әрі өсе түседі. [8]

Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар бюджеттік және сақтық әдіс. Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі - бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын - ала қарастырады.

Сақтық қорлар - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын - ала болжалануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған. Қоғамның резерв қорлар жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.

Мүлікті мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын - ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден - бір бөлігі.

Сақтандырудың жарналары есебінен жасалатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтық жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтандыру нарығында пайдалырақ шарттарды қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысырыптармен залардардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.

Экономиканың нарықтағы қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінді ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады. Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкін береді. Қазіргі кезде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі. Сақтандыру осы қолайсыздықты жою тиіс. Сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Сақтық жүйе республиканың экономикасының сенімді әрі орнықты, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азамматтар мен шаруашылық субъектілерінің мүмкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс.

Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі замаңғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:

1) табиғи - техногендік сипаттағы қарастырылмаған шығындарды толтыруға мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайтудың;

2) нарықтың экономика қағидаларына сай сақтандыру жәрдемімен әлеуметтік қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинақталған зейнетақыны төлеу, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыссыздыққа жәрдемақыларды төлеуге, денсаулық сақтауға қатысты шығындардың орын толтыруға;

3) халық пен ұйымдардың қаражаттарын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға шоғырландыруға;

Мемлекет бұдан бұрын жеткілікті қуатты әлеуметтік кепілдіктер жүйесін қамтамасыз етуге қабілетсіз болып шықты. Кепілдіктерді қамтамасыз ету міндеті қазір сақтандырудың иығында болып тұр. Осымен бірге бірқатар мамандықтардың қауіптілігінің дәрежесіне өсе түсті. Құқық органдары ұйымдасқан (кәсіби) қылмыспен бетпе - бет келді, техногендік аппаттар саны артты. Нарық жағдайында (жаңа еңбек қатынастарында) адамның өмір сүруі үшін өмір мен денсаулыққа келтірілген зардаптарды қалпына келтіруде қандай да болсын бір мүмкіншілігі болуы өте маңызды. Жоғары қауіптілік көздерімен келтірілген зардаптардың орын толтыру, соның ішінде автомобиль көлігі және т. б. мәселе де өзекті. Мұның барлығы Қазақстан Республикасында нарықтық қайта қалыптасу кезеңде сақтандыру саласында ең маңызды өзгерістер басталуына негіз қалаған заңдардың, өзге нормативті, құқықтық актілердің қабылдауына әкелді. Бірінші кезекте өзін тиымсыз қылып көрсеткен сақтандырудың толығынан мемлекет жүйесінен бас тартылады. Бәсекеге негізделген сақтандыруға жол беріледі. Сақтандыру кәсіпкерлік түрлерінің біріне айналды және ол кәсіпкерлік ең жоғарғы ұйымдастырылған түрлерінің бірі. Сақтандыру мен әлеуметтік міндеттерді орындалудың маңыздылығын есепке ала отырып, мемлекет сақтандыру дамуы бақылаусыз өз бетімен жібере алмауда. Сондықтан сақтандырудың дамуы қазіргі замаңғы құқықтық салалрдың бірінің сақтандыру құқығының дамуымен бірге болды.

Сақтандыру - сақтық ұйым өз активтері есебінен асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзгеде оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік - экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды, ол өтемдік және жиналымдық қызмет атқарады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиға ұшырығандарға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айырықша сферасы.

Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметін рыногының, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау, «сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық Банктің сақтандыруды қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады. Осыған дейін біршама уақыт бұрын сақтандыру қатынастарын кешенді реттейтін заң актісі болып Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 3 қазанынан «Сақтандыру туралы» заң күші бар жарлығы саналды. 2000 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасы «Сақтандыру қызметі туралы» жаңа заңы қабылданды. Қазір заңгерлер тарапынан жоғары деп бағаланады. Онда сақтандыру ісін ұйымдастырудың қазіргі замаңғы талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қарастылған.

Сақтандыру қызметіне бақылау жүргізу туралы ережелер Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 наурызында қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңда мазмұндалған.

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ белгілері бар:

  • сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;
  • сақтандырудың қоғамдық өнімінің құнын қайта бөлуге қатысу;
  • оның іс - қимылы ақша қорларын жасап, пайдалану мен қосарланып отырады;
  • сақтық қатынастағы бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
  • ашқа қорларын жасап, пайдалану кезінде сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді.

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметі, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберінде айрықша сақтанушыға оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы - несие институт ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктік, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

  1. қатынастардың ықтималды сипаты;
  2. қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда - мемлекеттік, аумақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) ;
  3. сақтандырудағы қаржылардың қайтарымдылық сипаты.

Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру талабы бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру силық ақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушы немесе шартта белгіленген сумма (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Сақтандыру жағдайы - сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы - табиғи әсер, техногендік сипат және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдық белгілеріне иемденуі қажет. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдылығының түсу деңгейіне шарт жақтарымен өз бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кездейсоқ болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтық талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактілерге (оқиғаларға) қолданылмайды.

Сақтандыру жағдайларының түрі заң актілерімен (сақтандыру міндеті болып келген кезде) және шарттарымен (сақтандыру ерікті болып келген кезде) анықталады.

Сақтандырудың шарттық қатынастарының ерекшелігі: сақтандыру шығаратын ережелерде көрсетілген жағдайларға сақтанушы қосылу керек. Өз кезегінде сақтанушы заңның барлық талаптарының және оның қызметін тұтынушылардың мүддесін сақтау бойынша міндетін атқарады. Егер сақтанушының қызметін бақылайтын үкіметте мемлекеттік орган заңның бұзылуын ережелерде көрсе, онда ол сол немесе басқа сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия бермеудің негізі болып есептеледі.

Сақтандыру ережелері сақтандырушы мен сақтандырудың әр түрі бойынша бөлек дайындалады және сақтандырудың тиісті түрін жүргізу үшін лицензияны беру құқығы өкілетті мемлекеттік органымен келісуге жатқызылады. Шарттар қарастырылмаған жағдайларға байланысты даулар пайда болса, онда басшылыққа сақтандыру ережелерінде жағдайлар алынуы тиіс.

Сақтандыру ережелері мыналарды қарастыруы керек:

  1. сақтандыру оюъектілерінің тізімін;
  2. сақтандыру сомаларын анықтаудың тәртібін;
  3. сақтандыру тәуекелдерді;
  4. сақтандыру жағдайларының қатарынан алып тасталуы және сақтандыруға шек қоюы;
  5. сақтандыру шарты қолданылуының мерімі мен орнын;
  6. сақтандыру шартын жасаудың тәртібін;
  7. тараптардың құқықтары мен міндеттерін;
  8. сақтандыру жағдайы орын алғандағы сақтанушы жасауы тиіс әрекеттерді;
  9. сақтандыру жағдайының орын алғанын анықтайтын құжаттары тізімін;
  10. сақтандыру төлемдерін жасаудың жағдайы мен тәртібі;
  11. сақтандыру төлемі немесе сақтандыру төлемінен бас тарту жөніндегі шешім қабылдау мерзімін;
  12. сақтандыру шарты жағдайларының тоқталуын;
  13. дауларды шешудің тәртібі;
  14. сақтандыру тарифтерін және оларды экономикалық негіздеу;
  15. ерекше жағдайлар

Сақтандыру ережелерінде жағдайларды сақтандырудың әдет - ғұрып нормаларына жатқызуға болады деп айта аламыз. Келісім бойынша сақтандырушы мен сақтанушы арасында қосымша жағдайларды ескеретін сақтандыру шарты жасалынуы мүмкін.

Қосымша жағдайлар 3 еседен көп қайталанса, сақтандырушы заңнама қарастырған тәртіпте сақтандырудың белгілі түрі бойынша ережелерді өзгерту міндетті. Яғни, бұл жағдайлар сақтандырушының тұрақтанған тәжірибесін бөлігі ретінде қарастырылады. Енді сақтандыру шартының сипаттамаларын қарастырайық.

Заңнамадағы анықтамасына сәйкес сақтандыру шарты конценсуалды болып қаралады. Бірақ «Қазақстан Республикасыдағы Азамат Кодексінің» 827-б сәйкес, сақтандыру шарты сақтанушы сақтандырушы сыйлық ақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөліп - бөліп қарастырылса бірінші сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады. Осыны ескерсек іс жүзінде жалпы тәртіп бойынша сақтандыру шарты реалды болып келетіне түсінікті. Сақтандыру шартына конценсуалдық мінез тараптардың келісімімен немесе жеке заң актілерімен берілуі мүмкін.

Сақтандыру шартының тараптары сақтандырушы мен сақтанушы болып табылады. Сақтандырушы сақтандыру жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайлары пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға шартта айқындалған соманың шеңберінде сақтандыру төлемін жүргізуе міндетті тұлға. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясы бар заңды тұлға ғана сақтандырушы тұлға бола алады.

Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржыға тән қызметтері атқарады. Сақтандырудың қызметі мен экономикалық категория ретінде мазмұны бір - бірімен тығыз байланысты. Сақтандырудың келесі қызметтерін атап көрсетуге болады.

Бөлу қызметі: Сақтандырудың бұл қызметінің өзгешілігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу қызметіне, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайдың болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу қызметі сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық қызметіне бүгіледі.

Бақылау қызметі тараптардың сақтық төлемдерін жұмылдыруды сақтық қорды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болаытн нақты қатынастарда көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандырудың экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік қызметті қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекел сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сақтық келісім шарттарын жасауға және сақтық операциялардың нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс қимылы сақтандыру нарығында жүргізіледі.

Сақтандыру нарығы ақша қатынастарының сферасы онда сату сатып алудың объектісі «ерекше тауар» - сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметтің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі әдеуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спектерін ұсынатын мемлекеттік немесе акционерлік сақтандыру компаниялары пайда болды.

Елімізде сақтандыруды дамытудың негізі мақсаты - мемлекеттердің, азаматтарды және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толық қанды орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру.

Қазіргі замаңғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызмет нарығы сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуде және кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандырудың дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынандай міндеттері шешуді көзделді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру нарығы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының жағдайы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы
Қазақстандағы сақтандыру нарығы
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы
Сақтандыру ұйымдарының төлем қабілеттілігі
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын талдау
Қазақстан сақтандыру нарығының рөлі
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру мен оның бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасау негізінде оны арттыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz