Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері
Жоспар:
Кіріспе:
I тарау. Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері.
1.1. Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы.
1.2. Тіл мен мәдениет сабақтастығы.
1.3. Концепт . концептуалды жүйенің бір бөлігі.
II тарау.
2.1. «Өмір, өлім» макрокоцептісі.
«Бақыт»
«Қуаныш»
«Татулық»
«Жастық»
«Махаббат»
«Бата»
«Өлім»
2.2. «Туған жер» макроконцептісі.
«Тау»
«Өзен, көл»
2.3. «Мұң» макроконцептісі.
«Жалғыздық»
«Уайым»
«Аңсау»
2.4. «Батыр» макроконцептісі.
«Тұлпар»
«Батырдың киімі»
2.5. «Ару» макроконцептісі.
«Арудың киімі»
«Сұлу жар»

1. Лингвомәдениеттанудың тарихи-танымдық негіздері.
1.1. Этнолингвистика мен лингвомәдениеттану ғылымдарының сабақтастығы - “тіл мен мәдениет” сабақтастығының көрінісі.
Ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен толығатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашаққа аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлер туындау төркіні тереңде жатыр. Айтылған ой жайында В.фон Гумбольдттің: “Тіл –халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы – жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ оның мәдениет тілдің ішкі құрылымдық бөлшегі деп қарастыруы да тіл табиғатын таныта түсумен қатар, жарыққа шығып келе жатқан ғылыми жаңалықтардың шығу тегіне арқау болғаны сөзсіз. Атап айтқанда, ғалым пікірінше: біріншіден, мәдениеттің екі түрі – материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдеиет – ұлт мен табиғатты жалғастырушы күш, төртіншіден, мәдениет пен халықтық рух – тілдің ішкі формасына тән”, - деп көрсетеді. /1.32/. Ал, мәдениеттің көне, жанасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші де, жеткізуші де тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелуінен, мәдениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан тіл мен мәдениет арасында ажырағысыз байланыстың торабы бар екенінен көрінеді. Мұның нақты ғылыми тұжырымын американдық ғалым Э.Сепир: “Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Ол тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады” /2.186/ деп анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің табиғатынан танылатынын көрсетіп, дәлелдейді. Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тану мен ойлау арасындағы тәсілінің тіл құрылысының байланыстылығын этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған “Сепир – Уорф

1.1. Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика
ғылымдарымен сабақтастығы.
1.2. Тіл мен мәдениет сабақтастығы.
1.3. Концепт – концептуалды жүйенің бір бөлігі.
II тарау.
2.1. Өмір, өлім макрокоцептісі.
Бақыт
Қуаныш
Татулық
Жастық
Махаббат
Бата
Өлім
2.2. Туған жер макроконцептісі.
Тау
Өзен, көл
2.3. Мұң макроконцептісі.
Жалғыздық
Уайым
Аңсау
2.4. Батыр макроконцептісі.
Тұлпар
Батырдың киімі
2.5. Ару макроконцептісі.
Арудың киімі
Сұлу жар
1. Лингвомәдениеттанудың тарихи-танымдық негіздері.
1.1. Этнолингвистика мен лингвомәдениеттану ғылымдарының сабақтастығы
- “тіл мен мәдениет” сабақтастығының көрінісі.
Ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен
толығатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашаққа
аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлер туындау төркіні тереңде жатыр.
Айтылған ой жайында В.фон Гумбольдттің: “Тіл –халық рухы, халық рухы тіл
арқылы көрініс табады деген тұжырымы – жаңа ғылыми жолдың концепциясының
алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ оның мәдениет тілдің ішкі
құрылымдық бөлшегі деп қарастыруы да тіл табиғатын таныта түсумен қатар,
жарыққа шығып келе жатқан ғылыми жаңалықтардың шығу тегіне арқау болғаны
сөзсіз. Атап айтқанда, ғалым пікірінше: біріншіден, мәдениеттің екі түрі –
материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады.
Екіншіден, мәдеиет – ұлт мен табиғатты жалғастырушы күш, төртіншіден,
мәдениет пен халықтық рух – тілдің ішкі формасына тән”, - деп көрсетеді.
1.32. Ал, мәдениеттің көне, жанасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын
сөйлетуші де, жеткізуші де тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың
өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелуінен, мәдениеті тіл арқылы
басқа елге танылуынан тіл мен мәдениет арасында ажырағысыз байланыстың
торабы бар екенінен көрінеді. Мұның нақты ғылыми тұжырымын американдық
ғалым Э.Сепир: “Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол
дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-
дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп
отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Ол тұрғыдан алғанда тілдің
тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады” 2.186 деп
анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің табиғатынан
танылатынын көрсетіп, дәлелдейді. Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тану
мен ойлау арасындағы тәсілінің тіл құрылысының байланыстылығын
этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған “Сепир – Уорф болжамы”
халықтық тіл мен ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми алғышарты іспеттес
болғаны – ғылымның жаңа сатыға аяқ басқандығының дәлелі.
Тіл – тек мәдениетті танушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның
(мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап
тұратын ұлы күш анықталады. Тіл рухының ұлы күші халықтың ой-танымында,
мінез-құлқында, әлеуметтік өмірінде сақталған. Өйткені адам баласының ой-
санасы, сол арқылы істеген еңбегі, мінез-құлқына сай табиғатын
қалыптастыруы, өз танымына сай өмір салтын қалыптастыруы тұтастай бір
мәдениеттің дүниеге келуінің үлкен себепшісінің бірі. Осымен байланысты
этностың психологиялық жайын тілге қатысты болжаулармен дәлелдеген В.фон
Гумбольдт концепциясында: “Тілдің табиғаты мен тегі тіл мен ойлаудың халық
рухымен байланыстылығында” деген құнды пікірмен бағаланды. Осы пікірді
ғылыми жолға сүрлеп түсірушілер Г.Штейнталь мен М.Лацарус. Олар өз
еңбектерінде халық психикасының этнотанымдық мәні, тілдің ішкі мазмұны
адамның мінез-құлқымен байланысты деп түсіндіріп “тіл мәдениетке қатысты
алғанда индивидтің творчествалық әрекеті”, “халық рухы алдымен тілде”
3.92.117 деп түйіндеген. Осы ғылыми тұжырымдардың бастамасымен бұл үрдіс
ғылымда өз жалғастығын тапқандығын төмендегі сияқты пікірлерден көреміз.
Ғалым А.Вежбидская бұл туралы: “Каждый язык национально спецефичен. При
этом в языке отражаются, не только особенности природных условий и
культуры, но и своеобразие национального характера его носителей”, - деп
көрсетеді. 4.19. Демек, этнопсихология ілімінің тіл аясында мәдени
факторларсыз анықталуы оның жете танылуын қамтамасыз ете алмайды.
Тілдің ерекшелігін әлеуметтану тұрғысында зерттеген ғалым В.Вундт өз
еңбектерінде күрделі интеллектуалдық әрекеттердің ұлттық мәдениетті
танудағы орнына ерекше назар аударылады. Ол – ұлттық рухты жаңғыртатын
факторлар, салт-дәстүрлер олардың дамуы мен халық мәдениетіндегі рөлін
әлеуметтік рухани құбылыс деп бағалаудың бағытын көрсетті. Расында да,
ұлттық рухтың нағыз келбетін танытатын – салт-дәстүрлер деп танимыз.
Этностың бар өміріне рухани азық болған, тұрақты ұрпақ жалғастығына
себепкер құбылыс салт-дәстүрлердің ұлттық мәдениет бастауы екендігі
сөзсіз. Осы құбылысты дер кезінде мойындап, ғылыми тұрғыдан жаңа бағытқа
жол салушы – ресейлік тілші-ғалым А.Потебня. Ол тіл халық мәдениетімен
біте қайнасқан ұғым деген түсінікті қалыптастыра келіп: “Тіл – халықтық
“рухтың” жемісі, сондықтан тіл ұлттық ерекшелікті көрсетеді” деп анықтайды.
Мәдениет – тілдің таңбалану қасиеті арқылы танылатынын, оған дәлел халық
ауыз әдебиеті үлгілері екендігін Жан-жақты сөз ете келе: “Халық рухы”
алдымен тілде, содан кейін барып әдет-ғұрып, салт-дәстүрінде, ән өнерінде,
фольклорында көрініс береді” 5.117 деп қорытады. Жоғарыда біз сөз еткен
ғалымдардың зерттеулері ұлттық тіл мен халық мәдениеті арасындағы
сабақтастықты о бастан болжап, тілдің ішкі формасына саятын қасиеттерін
танытудан туған. Оның (ішкі форманың) тілдегі көрінісін өзек қылған ғылыми
құнды ойлар мен тұжырымдар тіл ғылымының жаңа бағытымен ерекшеленетін
лингвомәдениеттану пәнінің болжамы іспеттес. Асылында, адамзат қоғамының
дамуында - әлеуметтік сананың өрлеуі, ой-сананың жетілуі, тіл, мәдениет,
тарихтың тоғысуы маңызды фактор. Ал, әр халықтың этномәдени тұрмысын ұлт
тілінің жетегінде, әлемдік мәдениеттің ауқымында, дүниетанымын қоғамдық
ғылымдардың саясында сөз ету мәселесі тіл ғылымының бүгінде ғылыми өрісін
тереңге жайған этнолингвистика саласында сәтті бағытта іске асуда. Осымен
тығыз байланысты ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланыстары бір-
біріне әсері айқын деректің белгілі бір этносқа тән екендігін танытуда
бізге кешеуілдеп жеткен жаңа бағыттың бірі – лингвомәдениеттану. Бірақ тіл
ғылымында XV ғасырдың бас кезінен бастап ерекше қалыптасқан жоғарыда атлған
ғалымдардың (Ф.Соссюр, В.Гумбольдт, А.Потебня, В.Штейнталь тағы басқа)
ғылыми ой-тұжырымдарын одан әрі ұластырушы Ресейдегі фразеологиялық
мектептің өкілдері В.Воробьев, В.И.Телия, Е.М.Верещагин,
В.Т.Костомаров, В.Маслованың зерттеулерінің лингвомәдениеттануды дербес
ғылыми пән дәрежесіне көтерілуіне, қалыптасуына зор ықпал еткенін ерекше
атап өткен жөн.
Тіл мен мәдениет ұғымдарының сыбайластығы әсіресе Е.М.Верещагин мен
В.Т.Костомаровтың зерттеу еңбектерінде жаңаша қырынан танылады. Олардың:
“Тіл – тек сөйлесу, қарым-қатынас құралы емес, ол Адам өмірінің материалдық
және рухани мәдениетінің сол ұрпаққа тән тума қасиеттерін жинақтаушы,
сақтаушы құрал, осы арқылы болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал. Мұны тілдің
кумулятивтік қасиеті деп танимыз. Тілдің тағы бір қоғамдық қызметі -
әлеуметтік өмірде адамдарды жеке тұлға ретінде, ұлт өкілі ретінде
қалыптасуы” 6.10 деген ойлары бүгінде лингвомәдениеттану пәнінің
қоғамдағы әлеуметтік орнын нақтылай түскендей.
Мәдениет – қоғамдық фактор, бірақ оның мәдени тұғырға көтерілуіне
әлеуметтік ортаның ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші
халыққа оның тілдік деректері арқылы баяндалады. Ал тілдік деректер деп
отырғанымыз – мәденитті сипаттаушы сөз символдары мен тілдік таңбалар. Осы
жайт туралы мәдениеттің тілге қатысты ерекшелігін зерттеген ресейлік
мәдениеттанушы Ю.М.Лотман төмендегідей пікірмен сабақтастырады:
“Всякая культура, обслуживающая сферу социального общения, есть язык. Это
означает, что она образует определенную систему знаков, употребляемых и
соответствии с известными членами данного коллектива првилами. Знаками же
мы называем любое материальное выражение (слова, рисунки, вещи и.т.д.),
которое имеет значение и, таким образом может служить средством передачи
смысла. Следовательно, культура имеет, во-первых, коммуникационную и, во-
вторых, символическую природу. ” 7.6
Ендеше жоғарыда аталғандай мәдениет ұлттық менталитет құндылықтарының түп
негізі тіл қасиетінде көрініс табады. Тілдің құдыретімен бейнеленіп,
шынайылықты танытады. Осы тұрғыда әр халық тілінде өзі жасаған және табиғат
дарытқан ұлттық мәдениеттің ізі бар деуге болады. Бұл – тіл мен мәдениеттің
тоғысу жолын көздеген лингвомәдениеттану пәнінің негізі болмақ. Сонымен,
лингвомәдениеттану дегеніміз не? Ол жеке ғылыми сала ретінде нені
зерттейді?
Лингвомәдениеттану (лингвокультурология) латынның Lingua- тіл,
Gultura –мәдениет, Logos – ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап,
лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болып, халық
мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін, жаңаша көзқараспен салыстыра
зерттейтін сала. Осы орайда В.Н.Телия: “Лингвомәдениеттану – тілдің
корреспонденциясы мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін
зерттейтін және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлшегі”, 8.217 деп
сипаттаса, лингвомәдениеттану ғылымының теориялық және әдістемелік жолын
сүрлеуші ғалым В.В.Воробьев оны “менталингвистика” ғылымы ретінде танытуға
ғылыми бағыт бұрып, бұл саланың тіл мен мәдениеттің өзара әсерінің
негіздерінен туындағанын дәлелдейді, әрі мынадай ғылыми анықтама береді:
“Лингвокультурология – комплексная научная дисциплина синтезирующего типа,
изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его
функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в
единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи
системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные
установления (система норм и общечеловеческих ценностей)” 9.37.
Ғалым В.А.Маслова бұл пәнді халық мәдениетін танытушы ғылым деп
санап, былайша анықтайды: “Лингвокультурология – это наука, возникшая на
стыке лингвистики и культурологи и исследующая проявления культуры народа,
которые отразились и закрепились в языке” 10.8
Көріп отырғанымыздай, Воробьев, Маслова, Телияның бұл ғылыми тұжырымдарына
арқау болған мәдениет пен тіл арасындағы байланыстың сыры американдық
ғалымдар Э.Сепир мен Б.Уорфтың “Лингвистикалық ықтималдық теориясының”
негізін танытқан “этнос дүниетанымындағы ерекшеліктің ізі халық тілінде
сақталады” деген қағидамен астасып жатқандығы сезіледі. Бұл жайт
лингвомәдениеттану пәнінің этнолингвистика ғылымы мен туыстығын ашық
көрсететіндей. Көп жағдайда этнолингвистика мен лингвомәдениеттану
пәндерінің ортақтық, тіпті ұқсас жақтары бірізді сөз етілгенімен,
В.Воробьев атап көрсеткендей, этнолингистика ғылымының өзіндік ерекшелігін
былайша түсіндіруге болады: “Этнолингвистика комплексті этнографиямен
шектес, халық мәдениеті, тарихтың шығу тегі мен таралуын зерттейді. Бүгінгі
ғылымда этнолингвистиканың зерттеу мақсаты – тілдің қызметі мен дамуына
лингвистикалық, этномәдени, этнопсихологиялық факторының әсерін ерекше
қарастыру, ұлттық болмыспен ұштастыру” 9.15
Тіл ғылымында лингвомәдениеттану-лингвистика мен мәдениеттанудың
түйіскен тұсынан туындап отырған, әрі этнолингистика мен елтануды да
ортақтастыратын жаңа ғылым. Сонымен, лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар
деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этикалық, эстетикалық, саяси,
адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік
құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыдан
лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі
көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстетикалық
категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын
анықтау деп түйіндеуге болады. Лингвомәдениеттану пәнінің мақсатына қатысты
негізделген ойымызды маман-ғалым В.Воробьевтің мына пікірі толықтыра
түскендей: “Исследование “загадки” России, русской литературы и
цивилизации – одна из важнейщих задач лингвокультурологиии: она позволяет
открыть и освободить от всяческих наслоении духоный источник силы русского
народа, может дать разгадку многих устоичивых языковых выражении, словесных
и художественных образов, “подтекст”, которых иначе останется не вполне
ясным, осознанным” 9.9. Осы орайда лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу
объектісінің ауқымы ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі
көрінісі әдебиет, фольклорда тағы басқа да берілуі арқылы кеңи түсетіні
көрінеді. Олай болса, бүгінгі қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану
ғылымы пән ретінде жаңа қадам басып жатқанымен, ұлттық мәдениет пен
болмыстық ерекшеліктерді таныту,
лингвомәдениеттану пәніне қатысты Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұбанов,
М.Әуезов еңбектерінен бастап, ғалым-тілшілер І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар,
Р.Сыздық, Е.Жұбанов, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева,
А.Жылқыбаева, Қ.Рысбергенова, Р.Шойбеков тағы басқа ғалымдар еңбектерінде
тіл фактілеріндегі сипаты ретінде танытылады. Мысалы, Қазақ тілінің
қысқаша этимологиялық сөздігінде (Алматы,1966) тілімізде көне сөздер
ретінде танылатын әбдесте, барымта, адырна, дулыға тағы басқа сөздердің
халықтық танымының сыры ашылған.
Этнолингвист -ғалым Е.Жанпейісов “Этнокультурная лексика казахского
языка” еңбегінде М.Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясындағы этнографизмдерді
тілдік әрі халықтық болмыс тұрғысынан зерттеуі қазақ халқының мәдениетін
тіл деректері арқылы танытуда қосқан зор үлес деп білеміз. Көне сөздердің
табиғатын танытқан белгілі тілші-ғалым Р.Сыздықова өзінің Сөздер
сөйлейді тағы басқа еңбектерінде бүгінде жұртшылыққа таныс емес, бірақ ана
тіліміздің қазынасында сақталған бірқатар сөздер мен сөз тіркестерінің
(абжыландай толғану, Кеше, жыға, бес жетім тағы басқа) тарихи-тілдік
мағынасын ашып, “қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен ғасырда өмір сүрген ақын-
жырауларының тілінде, жырларды ескі тұрмыс-салтқа байланысты бұл күнде ұмыт
бола бастаған немесе мүлде ұмытылған, я болмаса мағынасы өзгерген сөздер
мен сөз тіркестерінің кездесуі табиғи құбылыс” деп көрсетеді 11.5
Тұрақты сөз орамдарының мәдени -ұлттық мазмұнын халық тілінің байырғы
лексикасының сан алуан сырына байланысты көптеген нақты пікірлерді осы
саланы “індете” зерттеп жүрген маман-ғалым Н.Уәлиевтің еңбегінен табамыз.
Автор: “Халық өзінің өткен дәуірлердегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-
қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі
етіп ерекше өрнектей білген. Түп төркіні беймәлім сөздердің сәті түсіп,
кілті табылғандай болса, көп нәрсені баян етіп, халықтың өткендегі ой-
қиялы, тыныс-тіршілігі, дүниетанымы туралы сыр шертіп тұрады” 12.12 Дей
келе, қасиетті жеті, он екі, тоғыз санымен тіркесті атаулардың (жеті көк,
жеті ғалам, жеті ғашық, он екі мүше, тоғыз сәлемдеме) уақыт өлшемдерінің
халықтық атауларының (он екі сәт, сәске, тәулік, екінді, марқа туған тағы
басқа) мәнін қазақ халқының күнделікті мәдени өмірімен біте қайнасып
тәжірибесінен туған атаулар екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Осы
аталған авторлар еңбектерінде сөз етілген ұлттық тіл деректерінің
зерттелуін лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу аясына жатқызуға болады.
Бүгінде мәдениеттану ұлттық тілді танудың негізі екені соңғы кездегі
біраз зерттеулерде (Г.Смағұлова, А.Алдашева, А.Салқынбай, А.Сейсенова,
Г.Қажығалиевалардың тағы басқа) сөз болуы, назар аударылуы
лингвомәдениеттану ғылымының пән ретінде қалыптаса бастағаны байқатады.
Г.Смағұлова ұлттық тіл мен ұлт мәдениетінің тоғысуындағы өзара
байланысты анықтап, мәдениет ұғымын мағыналас фразеологизмдердің бойынан
тіл аспектісінде қарастырған. Ол өз еңбегінде лингвомәдениеттану пәнінің
ерекшелігін былайша көрсетеді: “Лингвомәдениеттану – этномәдени және
этнопсихологиялық факторлар мен тілдегі ұлттық мәдени мағына
компоненттерін тіл арқылы мәдениеттану бағытында зерделеп, тілдің дәл
қазіргі қолданыс қызметін көрсететін ұлттық ерекшелігін ешбір идеологиясыз,
заманға сай келбетін таныту. Бұл ретте тіл-ұлт мәдениет дейтін үштік
(триада) лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу нысаны болмақ” 13.147
Лингвомәдениеттанудың өркениетте, қоғамдық ғылымдармен қатар дамуын
тілдік тұрғыдан сөз ету пәнінің зерттеу объектісін нақтылай түседі. Осы
жайт тұрғысында, сондай-ақ, көне тіл деректері лексикамызда сөзжасам
саласының қызметін арттыруда халқымыздың мәдени өмірімен байланысты екенін
тілші А.Салқынбайдың мына пікірі толықтырады: “Тілдік деректерді
лингвомәдени аспектіде зерттеу – ең әуелі тілдер арасындағы жалпыадами
гуманитарлық, мәдени, өркениеттілік қырларды айқындау болып табылады.
Табиғаттағы, әлемдегі құбылыстар, қоғамдағы сана мен салт, бәрі де тілде өз
көрінісін табатындықтан, атау мен оның жасалу сипаты лингвомәдени аспектіде
қарастырады” 14.41.
А.Сейсенова этикет формаларына лингвомәдениеттану аспектісінде
салыстырмалы талдау жасаған халық мәдениеті мен ұлттық менталитеттің бірлік
қызметіне ерекше тоқтай келіп, “лингвомәдениеттану – мәдениеттің тілдік
жүйеге қалай әсер ететінін, яғни фактор мен Адам бойындағы тілдік
факторлардың байланысын қарастырады” деп түйіндейді 15.19.
Қазақ тіл біліміндегі лингвомәдениеттану пәні басқа халықтардың өмірінен де
мәдени ақпарат береді. Бір ұлттың көршілес ұлтпен туыстығын немесе дәстүр
ұқсастығын салыстыруды да мақсат етеді. Осы орайда лингвомәдениеттану пәні
аударма мәселесімен шұғылданушылардың да назарынан тыс қалмаған.
Аударматанудың лингвомәдени мәселелерін сөз еткен. А.Алдашева бұ пәннің
зерттеу көздерін ғылыми тұрғыдан анықтап, әрі лингвистика ғылымымен
ортақтығын: “лингвомәдениеттанудың ауқымы соңғыларға қарағанда өте кең, ол
әрбір тілдік единицаның белгілі бір халықтың төл элементі, халық тілімен
бірге жасасып келе жатқан өз сөзі, өзгелерден ауыс-түйіс емес, өз
меншігіндегі сөз, сөз тіркесі, афоризм, мақал-мәтел екендігін дәлелдейтін
белгі қайсы; ұлттық “бет-пішіні” бар деп есептелген сөз (өзге де тұлғалар)
ұлттық әлеуметтік, этникалық, саяси-адамгершілік, тұрмыстық нормалары мен
қағидаттарынан қандай мәлімет жеткізе алады дегенді зерттеуге назар
аударады”, - деп тұжырымдайды 16.121.
Көріп отырғанымыздай, лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың
теориялық арқауы, зерттеу нысаны мен мақсатының өзектес, тамырлас екені дау
туғызбайды. Осы екеуінің қатынасын жалпы мен жалқының, бүтін мен бөлшектің
байланысы іспетті деп қарауға болады. Нақтырақ айтсақ, этнолингвистиканың
зерттеу нысаны – этнос болмысын тұтастай танытатын “тіл әлемі”. Осы
қағиданың құрамдас бөлшектерінің қатыстылығы мен үйлесімділігінің сипатын
анықтау мақсатына қарай зерттеушілердің “этнолингвистика” деп аталатын
“тіл әлемінің” тұтас шеңберін жеке-жеке салаларға бөліп қарастыруы этнос
болмысының белгілі бір жақтарын көрсеткенімен, тұтас белгісін айқындай
алмайды. Осыған байланысты “Этнолингвистика мен социология ғылымдарының
аралығынан туған” (Б.Уорф), “Халықтың тілінде салт-дәстүрі көрініс табады”
(Ф.де Соссюр), “Этностың дүниені тіл арқылы тануы оның салт-дәстүр,
этнография, мифология тағы басқа символдық қызметімен байланысты”
(Э.Сепир), “Этнолингвистиканың болмысы ретінде антропологияны қолдану”
(АҚШ ғалымдары), “этнолингвистика тек “көне дүниені” немесе
“ескіліктерді” зерттеуші ғылым” (Е.Жанпейісов), “этнолингвистика пәнаралық
ғылым” (М.Копыленко) тағы басқа көзқарастар этнолингвистика ғылымын
жіктейтін емес, оның кешенді сипатынан туындайтын сан түрлі қырларын
айқындап, тұтастыра келіп, түптеп келгенде, бір арнаға тоғыстыратын
салалары. Осындай тіл деректеріне сүйеніп этнолингвистикамен сабақтас этнос
болмысының сан түрлі қырын зерттейтін ғылымдарды академик Ә.Қайдар екіге
бөледі:
1) этнос тіліне жалпы қатысы бар (мәселен, мәдениеттану (астын сызған
біз –А.С.), этнография, этнология, өлкетану, фольклористика, мифология,
астрономия, педагогика, дидактика тағы басқа) ғылымдар.
2) этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей қатысты ғылымдар
(мәселен, этимология, диалектология, ономастика, фразеология, паремиология,
терминология, лексикография, социолингвистика, этнолингвистика,
психолингвистика тағы басқа) 17.12. Демек, бұл екі топтағы ғылым
салаларын этнолингвистикамен байланыстыратын, этнос болмысын танытатын
тілдік дерек көздерінен көреміз. Міне, осындай сабақтастықтың бірі –
этностың мәдениетін таныту мүддесін көздеген мәдениеттанумен сабақтас
лингвомәдениеттану.
Бүгінгі таңда тіл арқылы мәдениетті тану лингвомәдениеттану пәнінен
бұрын этнолингистика ғылымында сөз етілген. Лингвистикалық түсіндірме
сөздікте: “Этнолингвистика (гректің “этнос” –тайпа, халық, француздың
“лингвистика”) тілді мәдениетпен, тілді этномәдени және этнопсихологиялық
факторлармен байланыстыра қарастыратын тіл білімінің бағыты” деп анықталған
18.275.
Осы ғылымның жеке бағыт ретінде қалыптасуы XIX ғасырдың 70-жылдарынан
бері Американың тіл білімінде Орталық Американың Үндіс тайпаларын
зерттеумен байланысты өріс алып, жаңа дәстүрдің негізін салды.
Этнолингвистика ғылымының негізі американдық ғалымдар Ф.Боас, Э.Сепир,
Б.Л.Уорф, Хайер тағы басқа еңбектерінен бастау алады. Бұл бұлақтың бастауы
орыс тіл білімінде ресейлік ғалымдар Ф.И.Буслаев, А.Н.Афанасьев,
А.А.Потебня еңбектерімен жалғасып, XIX ғасырдың 80-жылдарында фольклор
аясында тіл мен мәдениетті сабақтастыра зерттеудің жаңа бағытын пайдаланған
Н.И.Толстой, В.В.Иванов, В.Н.Топоров сияқты ғалымдардың
этнолингвистикалық зерттеулері атаулы саланы ғылыми биік сатыға көтеріп
жіберді. Ресейлік ғалымдар (соңғы аталған) өз зерттеулерінде нақты бір
тілдің тарихын сол ұлттың мәдениеті, тарихы, этнографиясымен тығыз
байланыстыра қарастырған. Осы тұрғыда ресейлік тілші О.С.Ахманова:
“этнолингвистика – это раздел макролингвистики6 изучающий отношения между
языком и народом и взаимодействия лингвистических и этнических факторов в
функционировании и развитии языка” деп түсіндіреді 19.539. Сөздіктегі
бұл анықтама тіл мен халық арасындағы тікелей байланысты көрсетеді, ал оның
басқа ғылым салаларының деректері арқылы зерттеу нысанының айқындалу
жағдайы шет қалған.
Ғылыми аяда “этнолингвистика” термині ең алғаш ғалым Б.Уорфтың
идеясымен туындап, осы идеяның жалғасы Э.Сепирдің еңбектерінде көрініс
тауып, ғылымда аты белгілі “Сепир-Уорф” болжамына сай тілдік этнодеректер
халық мәдениеті мен жеке индивид тұрғысында қарастырылған. Айтылған ой
хақында профессор М.Копыленко: “Основы этнолингвистики” еңбегінде жан-жақты
тоқталады. Осы жайтты Э.Сепир өз зерттеулерінде “халық дүниетанымында туған
салт-дәстүр, мифологизм, наным тағы басқа ұғымдар этнос болмысымен тығыз
байланысты, олар тілдің символдық қызметі ретінде көрініс табады” – деп
көрсетеді 20.177.
Жоғарыда атап көрсетілген ресейлік ғалымдар (Н.И.Толстой, В.Н.Топоров,
В.В.Ивановтың) тұжырымдарында этнолингвистика – көне тілді зерттеуші ғылым
ретінде танылады.
Ғалымдар тілдік этнодеректерді көбінде байырғы халық тілі мен
жергілікті халық тілінен негіздеуді дәстүрге айналдырған. Мәселен,
этнолингвистиканың зерттеу нысаны этнографизмдерді Н.М.Шанский:
“этнографизмы – такие диалектные слова, которые обозначают предметы и
явление быта и труда6 специфичные для определенной местности и неизвестные
литературному языку” деп тұжырымдайды 21.118. Ғалым пікіріне дәлел
болатын анна тілімізде сирек қолданыстағы, кейбір диалектілік
ерекшеліктерде кездесетін мына бір этнографизмдерге тоқталсақ. Бүгінде
ұмытылған атаудың бірі – боқша. Боқша – қолдан тігілген қалта, сумка (ҚТТС,
2-т, 341). Бұл атау этнографизм ретінде тілімізде танылғанымен,
Қазақстанның шығыс аймағындағы Семей өңірінде (Абай, Ақсуат, Көкпекті)
сумка, портфель мағынасында, Жамбыл облысының (Мерке, Шу) жерлерінде
қыздардың қуыршақ салып қоятын ыдысы мағынасында жұмсалған екен 22.130.
Боқшаның көне атау екенін “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырынан былайша
кездестіреміз:
Сол екі байдың ауылы көшкен екен,
Бір перзент көкейін кескен
екен.
Қатынымыз қыз тапса екеуі
де,
Қол боқшасы бір болсын дескен екен.
Ғалымдардың бір қатары этнолингвистика ұлт тілінің жалпы сипатына
танылады деп анықтайды. Мәселен, Н.И.Толстой: “Этнолингвистика – халықтың
рухани байлығының, менталитетінің, шығармашылығының бір-бірімен байланысын,
бір-біріне тәуелділігін, астарластығын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Ол халықтың ұлттық мәдениетінің көрнекті позициясындағы негізгі
формаларының бірі болып табылады” деп тұжырымдайды 23.181-190.
Н.И.Толстой пікірімен мазмұндас анықтама лингвистикалық энциклопедиялық
сөздікте төмендегіше берілген: “Этнолингвистика, қандай тәсіл арқылы
берілгеніне қарамастан, мәдениеттің, халықтық психологияның және
мифологияның “мазмұнын” лингвистикалық әдістер көмегімен зерттейтін
кешенді пән” 24.597.
Кез-келген тілдік құбылыстың табиғатын оның тек тілдік заңдылықтарына
ғана сүйеніп емес, сонымен қатар халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне,
ұллтық болмысына да қатысты қарастыру этнолингвистика мен
лингвомәдениеттану пәндерінің ортақ заңдылығы деуге болады. Профессор
Қ.Жұбановтың “Тіл арқылы халықтың тағылымдық мұраты этностың әр дәуірдегі
ұрпақ өкілдеріне мәдени әрі тілдік мұра ретінде сақталатынын және тіл мен
мәдениетті табыстыратын жаңа саланың дүниеге келетініне сол кездердің
өзінде-ақ болжам айтқаны белгілі”.
“Ата мұрасы болып, Абайдың еншісіне тиген әдебиет қазынасы екі түлік
болатын. Бірі – емшек сүтімен қатар құлағына кіріп, сүйегіне сіңген ананың
“әлди-әлди, ақ бөпем”, атаның “сал, сал, білек, сал білек”, қойшының әні,
қыздың сыңсуы, қаралы қатынның жоқтауынан бастап, көркемдік сезімін
шарбыдай шырмаған халық әдебиеті”.
“Орыста қой сөзінің баламасы жоқ. Олардың овца дегені саулық, баран
дегені қошқар. Орысша корова – сауын сиыр; рогатый скот – мүйізді мал;
толстый дегені бірде – жуан, бірде – қалың; лошадь – жылқы; бірақ ат,
байтал, айғыр емес. Ал бізідің ісек, тұсақ, құнан, құнажын, дөнен, дөнежін
деген сөздеріміз басқаларда жоқ. Қазақ синий, голубой, зеленый деген
түстердің бәрін көк дейді.
Халықтардың тұрмыс қалпы түрлі-түрлі болған соң, олардың әр затқа
қоятын аттары да түрлі-түрлі. Тіл ұзақ заман жасалады, бірден өзгермейді,
оның өзгерісі тұрмысқа байланысты” 25. 290, 92-93. Артынан өшпес мұра
қалдырған, ана тіліміздің ғылыми жолын сүрлеген профессор Қ.Жұбановтың осы
зерттеулері бүгінде берік тұғырын сайлаған этнолингвистика ғылымы мен
ғылыми сатыға қадам басқан лингвомәдениеттану пәндерінің ғылым
көкжиегіндегі алғашқы нышандарын көрсетеді.
Академик Ә.Қайдардың “ана тіліміздің бай қоры – ұлттық болмыс-бітімді
танытатын тілдік этнодеректердің қазынасы” деген пікірі қазақ
этнолингвистикасының негізін салып, атаулы ғылым саласы жайында:
“Этнолингвистика” – этностың (одан ұлыс, халық, ұлт) инсандық болмысынан
туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар
бойы қалыптасып, қорланып, рухани, мәдени мұра ретінде атадан балаға
мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа
ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі құнарлы
мақсат тұтамыз. Екіншіден, қазақ, кең көлемде – түркі мәдениетінің
концептілер жүйесін басқа мәдениеттер негізінде салағстыра отырып айқындап,
олардың тілде көрініс тапқан тұстарына түсінік беру мақсат етіледі.
Сонымен қатар, символ мен этномәдени белгілерде көрініс тапқан қоршаған
ортаны танып-білудегі тереңде жатқан танымдық құрылымдарды айқындауды
міндет етеміз. Үшіншіден, танымдық әдістемелерді қолдана отырып,
салыстырмалы және салғастырмалы түрде қазақ тілінің фразеологизмдерінде
танымдық тетіктердің қандай жолдармен бейнеленетінін анықтап, мәдени
реңктегі фразеологиялық бірліктердің мәдени коннотациясын лингвомәдени
сараптама негізінде ашу; көңіл-күйді білдіретін эмотивті мағыналас
фразеологизмдердің образдық негізіне талдау, фразеологизмдердің мағынасын
түсінудегі лингвомәдени құзіреттің рөлін айқындау мақсат етіледі. Қазақ,
кең көлемде – түркі мәдениетінің тілде көрініс тапқан реалийлер мәселесі
және олардың шетел, соның ішінде ағылшын тіліне аудару жолдарының
теориялық және практикалық мәселелері зерттеу нысаны болмақ.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу мақсатында зерттеуде
лингвомәдениеттанудың әр түрлі кешенді әдістерін: лингвистикалық,
концептуалды сараптама, этимологиялық, мәдени және лингвистикалық
реконструкциялау (қайта өңдеу), эксперименталды танымдық лингвистиканың,
метафораның танымдық теориясының әдістемелерін қолдана отырып тіл мен
мәдениеттің, олардың өзара байланысының жан-жақты күрделі де біртұтас
құбылыс екендігін дәлелдеуге талпыныс жасаймыз.
Сонымен қатар қазақ тілі материалдарына байланысты
лингвомәдениеттанудың лингвомәдени құзірет, мәдени коннотация және тағы
басқа ұғымдары айқындалады. Әйтсе де, лингвомәдениеттанудың терминдік
немесе ұғымдық аппараты біз көрсеткен немесе осы таңдағы анықталған
белгілерімен ғана шектелмейтіндігін баса айтқымыз келеді. Қандай да
болмасын ғылым саласының ізденіс барысыныда тереңдей беретін және келешекте
теориялық жаңалықтардың болуы шарты лингвомәдениеттану ғылымына да тән.
1.2. Тіл мен мәдениеттің екі жақты біртұтастығы.
Тіл мәдениетпен тығыз байланысты, сонымен қатар, тіл мәдениеттің
көрініс табар бірден-бір қайнар көзі. “Тілдік ерекшеліктерді зерделеу,
рухани мәдениеттің қандай да болмасын құбылысын, ұлттық ерекшеліктернің
қайнар көзін, сол ұлттың, жалпы адамзаттың құндылықтар мен әлемдік мәдениет
қазынасын құруындағы ұллтық мәдениеттің айырықша белгілері көрініс тапқан
реалды формаларды зерттеуге қол жеткізеді” 15. 174.
Сонымен қатар, тіл мәдениеттің ажырамас құрамдас бір бөлігі, әрі ол
лингвомәдениеттануда рухани болмыс ретінде танылады. Яғни тілде ұлттың
дүниетанымы, әдет-ғұрпы, дәстүрлер жиынтығы, ұлттық мәдениеттің
ерекшеліктері – рухани өмірі көрініс тапқан.
Қазіргі тіл білімінде В. Фон Гумболдьт, А.А.Потебня, Э.Сепир, К.Леви-
Стросс, Е.И.Кукушкина, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров және тағы басқа
ғалымдардың еңбектерінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысты ғылыми түрде
қарастырылған. Алайда бұдан тіл мен мәдениет арақатынасы мәселесінің өткен
ғасырларда ғалымдарды ойландырмаған деген тұжырым жасауға болмайды. Осы
тұста, М.М.Копыленконың XI-ғасырдың өзінде ұлттың тұрмыс салтының,
шаруашылық түрінің, жағрапиялық ерекшеліктерінің тілге өзіндік әсері
болатынын айтқан түркітанушы Махмұд Қашқаридың бұл саладағы еңбегі ешбір
себепсіз ескерілмей келетінін айтқан көңіл аудартар әділ сын пікірін
айтқымыз келеді: “Яркая этнолингвистическая направленность труда Махмуда
Кашгари не повторяется более ни в одном лингвистическом сочинении Востока и
Запада” 3.5. М.Қашғари түркі тілдернің сөз төркінін зерттегенде оның
этимологиясын алдымен сол халықтың мәдениеті ықпал еткен тұрмыс
тіршілігімен байланыстырады Қар.: 16.17.
Әдебиеттанушы М.Базарбаев тілде көрініс тапқан қоршаған ортаның ұлттық
дүниетанымға әсері туралы былай деп жазады: “... Дала қандай кең болса,
оның желі мен бораны қандай дүлей болса, соған лайық адамдардың өмір
тіршілігін де, өзарақатынасын да дала табиғатына лайық мінез, әдеттер
орнаған. ...Қазақтар “әудем жер” дейді, яғни “әу” деп айқайлағанда
естілетін жер, онша алыс емес дегені. ... “шақырым жер” дегенде айқайлап
шақырған дауыс естілер жер екенін ұғамыз. Айналып келгенде, қашықтық
өлшемінің өзі көшпелі өмір қажетінен туғандығы анық” 18. 137-138. (Бұл
жалпы түркі халықтарына ортақ қашықтық өлшем бірліктері: қырғ.: чакырым;
шув.: сухрам).
Тіл білімінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш рет
ғылыми теориялық деңгейде В.фон Гумбольдт зерттеді Қар.: 19. Оның
материалды және рухани мәдениеттің ұлттық сипатының тілде көрініс
табатыны, тілдік белгіге ішкі форманың тән екендігі және тілдің адам мен
қоршаған орта арасын байланыстыратын дәнекерші қызметі туралы басты ғылыми
негіздемелері мен ұстанымдары А.Потебня, Ш.Балли, Ж.Вандриес,
Р.Якобсон еңбектерінде өз жалғасын тапты. Бұл сайып келгенде, мәдениеттің
ұлттық сипатының тілдегі көрінісін, қоршаған дүниені ерекше танып білу,
ұлттық рухтың көрініс табуына, яғни тіл адамдардың рухының табиғатын
анықтайды: “...халықтың рухы мен мінез-құлқын танып білуге болатын барлық
формалардың көрініс берер жолдарының ішінде – халықтың рухы мен мінез-
құлқының ерекшеліктерін бейнелей алатын да, оның құпияларына жол ашатын да
тіл ғана” 20.69. В.Гумбольдт идеясының түпкі мағынасы “болмыс шындықтың
рухани қабылдануы ана тілдің ықпалымен, оның концептуалды жүйесі арқылы
жүзеге асады. Демек, әр түрлі тілдік қауымдастықтар, концептілер жүйесінің
түрлі құралдарын қолдана отырып шын мәнінде ұлттық мәдениеттің негізі
саналатын әр түрлі дүние суретін құрайды” 21.39 дегенге саяды.
Неогумбольдтандық мектептің өкілдері Э.Сепир мен Б.Уорф тілдің ойлауға
ықпалын негізге алған “лингвистикалық ықтималдылық болжамын” ұсынды. Бұл
болжамның негізгі мәні кез-келген халықтың қоршаған ортаны танып білуі оеың
ана тілімен, оның тілдік құрылымымен тікелей байланысты дегенді білдіреді
Қар.: 22. Қазіргі кезде тіл құрылымының ойлау қабілетіне деген өз әсері
жөнінде де түрлі пікірлер айтылады: түркі, яғни аглютинативті құрылымды
тіл өкілдерінде шындық болмыс динамикалық детерминантты функционалдық
жүйеде көрініс табады (Н.Н.Ефремов) деп айқындайды. А.Мельникова орыс
тілінің сөйлем құрылымы мен грамматикалық көптік категориясы негізінде
қоршаған шындық болмысты танып-түсінудегі орыстарға тән ұлттық дүние
суреті арасында сәйкестіктер табады Қар.: 23. Бұл пікірлердің
қаншалықты дұрыс немесе бұрыстығын әлі анықтау қажет. Дей тұрғанымен тіл
құрылымының танымдық процесте алатын рөлін тым әсірелеу, құрылымдық
лингвистикалық парадигмаға қайта оралуымыз десек те болады.
Жоғарыда айтып өткен американдық ғалымдардың пікіріне оралсақ, ол
түгелімен идиоэтникалық ғана бағытты көрсетеді, яғни әмбебаптық қағида
ескерілмейді. Бірақ бұл ғалымдардың басты кемшілігі – тілге таным
процесінде басты роль беруінде: “Шындық болмыстың бейнеленуінің нәтижесі
тіл арқылы беріледі. Бұл білімнің тілдік сипаты білімнің жүзеге асуының бір
құралы екендігін де ғана емес, сонымен қатар тілдің білімге өз қолтаңбасын
қалдыруында”
Бұл болжамды теріске шығарар пікірлер де жеткілікті. Олардың дені
мынаған саяды: “Жалпы біздің шындық болмысты қабылдауымызды тіл
жүктемейді, керісінше, адамдардың рухани және материалдық өмірлерінің
әркелкі жағдайда болуы негізінде шындық болмысы әр түрлі тілдерге бірдей
көрініс таппайды” 25. 118. Тілдің қоршаған ортаны бейнелеудегі қызметі
зерттеу нысаны болып отырған дүниенің тілдік суреті құбылысына тікелей
қатысты мәселелер болғандықтан, оларды келесі тараушада нақтырақ
қарастырамыз.
Тіл мен мәдениет әр түрлі семиотикалық жүйеге жатқанымен, олардың
өзіндік ұқсастықтары да бар. Мәдениет тіл тәрізді халықтың дүниетанымын,
оның қоршаған ортаға деген қатынасын бейнелейді. Тіл мен мәдениет өте
күрделі қарым-қатынаста болады. Бұл күрделілік, біріншіден, тілдің
мәдениеттің құрамдас бір бөлігі болып табылатындығында болса, екіншіден,
сол тіл арқылы мәдениеттің өзіндік көрініс табатындығында және бұған қоса,
тіл өз алдына дербес жүйе түзейді. Жалпы “мәдениет” ұғымына
мәдениеттанушылардың берген анықтамалары баршылық, солардың қорытындысы
ретінде және зерттеу бағытына сәйкес ғылыми еңбекте төмендегі ғылыми
анықтаманы негізге аламыз: “...белгілі бір өмір салты немесе белгілі бір
дәстүрді ұстанатын адамның айырмашылық меже өлшемдері” 26. Тіл мен
мәдениет қоғамдағы тарихи өмір сүру процесінде бір-бірінен ажырағысыз.
Өйткені тіл мәдени контексісіз, ал мәдениет өзінің құрылымында тілсіз
толыққанды жүйе ретінде қабылдануы мүмкін емес. Бір айтып кететін жайт,
қазақ мәдениетін сөз еткенімізде, әрине, оны қазақ ұлтының қалыптасу
факторларын және оның даму кезеңдерімен ұштастыруымыз қажет. Өйткені қазақ
ұлтының мәдениетін, яғни оның өз алдына дербес ұлт болғанға дейінге
кезеңдердегі әр түрлі тайпалардың (сақтар, массагеттер, ежелгі түркі,
татар-моңғолдармен) мәдениетімен тығыз байланыста, кең көлемде қарастырған
жөн.
Яғни, бұл қазақ ұлттық мәдениетінің басқа түркі халықтары мәдениетімен
ұштасып, бірігіп жатқаны, ортақ этникалық генезис факторы ареалды, аймақтық
түркі мәдениетін құрайтынын көрсетеді. Әрине, қазақ ұлты өз алдына ұлт
болып қалыптасқанда мәдениет белгілі бір трансформацияға (өзгеріске)
ұшырап, өзіне ғана тән айырықша сипаттағы ұлттық мәдениет түзгенін де
ескеру қажет.
Тілді мәдениет призмасы арқылы қарастырғанда, әдет-ғұрып, салт-дәстүр
түрлерін де міндетті түрде қарастырғанымыз белгілі, сондықтан оларды
ажырату қажеттігі туындайды: дәстүр дегенімізді “...мінез-құлықтың адамның
практикалық маңызы бар іс-әрекетімен байланысты стереотиптенген формалары.
Ал ритуал – мінез-құлықтың практикалық маңызы жоқ, таза белгілік сипаттағы
ғана формаларын қамтиды...” 27.97. Ал тіл – тарихи тұрғыдан пайда
болған практикалық білім жүйесі. Оның құрамдас бөліктер болып табылатын
сөздерде, сөз тіркестерінде, мәтіндерде белгілі бір мәдени сананың
семантикалық потенциалы және адамның қоршаған орта туралы таным түсінгі мен
білімдер жиынтығының өзіндік ерекшеліктері беркіген. Тіл мен мәдениеттің
өзара байланысын дәлелдейтін тағы бір жайт – дүниетаным, дәстүр және әдет-
ғұрып тілдік белгілерде көрініс таба отырып, тілдік дүние суретін ұрайды.
Дүниенің тілдік суреті “... белгілі бір ұлттық қауымдастықтың теңдесі жоқ
ғажайып тарихи қоғамдық тәжірибесі, заттар мен құбылыстардың, процестердің,
белгілі бір халықтың өмір салты мен мәдениет ерекшеліктерімен байланысты,
оларға деген айырықша қатынастың ұлттық маңыздылығынан туындайтын ұлттық
тілдік ерекшеліктері көрініс тапқан дүниенің (объективті –А.И.) ...
айырықша бейнесін... құрайды” 1.66
1.4. Концепт – концептуалды жүйенің бір бөлігі.
Тілдік тұлға мәселесін қарастырғанда тек тілге қатысты деректерді ғана
емес, өзге де пәндер бойынша қол жеткізілген нәтижелерді пайдаланудың
тиімділігі зор. Осыған орай, соңғы жылдары зерттеушілер назарына жиі ілініп
жүрген аса күрделі концепт ұғымын біз де айналып өтпегеніміз жөн деп
санаймыз.
Тіл біліміндегі әр түрлі бағыттағы зерттеушілер бұл ұғымды әр алуан
мәнде қолданылады. Аталмыш термин, әсіресе, тілді логикалық талдау,
этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика салалары бойынша
жазылған еңбектерде жиі кездеседі. Санамаланған ғылым салаларында бұл
терминнің түрліше түсіндірілуі, ең алдымен оған негіз болған латын сөзінің
(conceptus) көп мағыналылығына байланысты. Оның жалпы мағынасы “көптеген
формалардың мазмұнын қамтитын, оның бастауы болатын, жинақтаушы” дегенді
білдіреді 54. 222.
Кең мағынасында алғанда, концепт ғалам туралы білімдер жүйесінің
(ғаламның концептуалды бейнесінің) бір үзіндісі ретінде түсініледі де,
индивидтің қоршаған ортадағы, ақиқат болмыстағы бар заттар мен құбылыстар,
алуан түрлі объектілер туралы білетінінің, ойларының қиялындағы
көріністернің бәрін қамтиды.
Қазіргі тіл ғылымында аталмыш термин түрліше түсіндірілетінін жоғарыда
айттық. Осы мәселеге орай, В.С.Ли сол ұғымға берілген анықтамалардың бәрін
жинақтап, мазмұны жағынан бір-біріне қарама-қарсы қойылатын екі топқа
бөлуге болады дейді:
1) концепт – рухани мәдениеттің кілт сөзі;
2) концепт дегеніміз – сөз туындауына түрткі болатын психоменталдық
құбылыс ретінде танылатын бастапқы түсінік 55.91.
Осымен байланысты концепт, ұғым, сөз терминдерінің арақатынасын
проблемасы бой көтереді (актуалданады). Алдымен аталмыш терминдерге қазіргі
ғылымда беріліп жүрген анықтамаларға тоқталайық:
“Ұғымдар деп заттардың ойша түсірілген суреттері аталады. Олар
сезімдер мен түйсінулер, бір заттардың қасиет-белгілерін дерексіздендіру
арқылы екінші біреулеріне телу негізінде пайда болады. Ұғым мазмұны
дегеніміз – заттардың сол ұғымда ойша бейнеленетін қасиеттері мен
байланыстары, олар сол заттың белгілері ретінде танылады. Ұғым көлемі
дегеніміз – заттар тобы, ол заттардың әрбіріне осы ұғымның мазмұнын
құрайтын барлық белгілер тән болады” 56.15.
А.Вежбицкая “әрі қарай бөлшектеуге келмейтін және семантикалық
метатілдің әмбебап бірліктері болып табылатын ең кіші, ұсақ мәндерді”
бөліп көрсетеді. Олар белгілі бір нақты тілге қатысты, бағынышты болмайды,
сондықтан да кез-келген тілде қолданыла береді. Осы бірліктерге
индивидуалды, ұлттық мән-мағыналар үстеліп, “жамалады” да, тіл мен
мәдениеттің ұлттық спецификасын көрсетеді 25.115.
М.М.Копыленконың анықтамасы бойынша, “когнцепт” термині “тек
ұғымдарды ғана емес, ұғымалды (яғни ұғым болғанға дейінгі) және
концептуалдануға дейінгі жасалымдарды да қамтиды. Олар бірігіп біртұтас
мәнді құрайды (қалыптастырады). Ал реалийлерді таңбалану (белгілеу) үшін
сөздер ғана емес, фразеологиялық тіркестер де қолданылады” 57. 44-45.
Зерттеуші Е.И.Диброва концептіні “ақиқат болмыстағы құбылыстардың
сезімдік, көрнекілік образдары ретіндегі түсініктерге негізделетін айырықша
ұғымалды мәнділіктер қатарына” жатқызады (бұл жерде ой түсініктен ұғымға
қарай концепт арқылы жылжиды). Сөйтіп осы мәнділіктер біртұтас мәнді
(смысл) құрайды 58.133. Осы жерде М.В.Никитиннің “концептілер
дегеніміз – ең алдымен, ұғымдар мен түсініктер” деген тұжырымын еске
түсірген жөн 59.85. Б.С.Жұмағұлова: “Концепт ұғымынан анағұрлым кең,
ол ұғымның мазмұнын қамтиды, сондай-ақ оның құрылымын “бастапқы формалар”
(этимология), мазмұнның негізгі белгілері сығымдалған тарих, қазіргі
заманғы ассоциациялық бағалаулар тағы басқа құрайды. Ұғым ғалам туралы
ғылыми білімдерге сүйенеді, олар логикалық қатынастар жүйесіне орнығады.
Концепт сөздің сөздіктегі мағынасынан бөлек, адамның эмоциялары мен
сезімдеріне негізделген жеке тәрбиесіне сүйенеді”, - деп көрсетеді
60.21. Жоғарыда келтірілген анықтамалардың бәрінде де концепт ұғымның
бүкіл құрылымдық мазмұнымен қоса ұжымдық және индивидуалдық саналарда
белгілі бір тілдік формада орныққан, көп қырлы, мәдени маңызды социо-
психикалық жасалымдарды да қамтитыны айтылған.
Қазіргі тіл білімінде концептуалды семантиканы зерттеуде “концепт”
ұғымын қарастыратын (интерпретациялайтын) екі: семантикалық және
логикалық бағыттарды бөліп көрсетуге болады. Бұл бағыттар концепті мен
сөзді және концепті мен ұғымды әр түрлі түсіндіруге байланысты қалыптасты.
Семантикалық бағыт өз бастауын С.А.Аскольдов-Алексеевтің “Концепт и
слово” деген еңбегіндегі тұжырымдардан алады. Ол бойынша, “концепт біздің
ойлау әрекетіміз кезінде бір текті заттардың көпшілігін алмастыратын ойша
жасалым (түзілім)” 61.28. Д.С.Лихачев осы теорияның тұжырымдарын дамыта
отырып, әрбір сөздің ғана емес, сөздің әрбір негізгі (сөздік) мағынасының
да концепті болатынын айтады. Ғалымның пікірінше, концепт мағынаның біз
ауызша және жазбаша сөзжұмсам барысында пайдаланатын жиынтық көрінісін
білдіреді. Сөздің көптеген сөздік мағыналарының қайсысын концепт алмастырып
отырғаны әдетте контекстен, кейде жалпы ситуациядан түсініледі. Концепт
тікелей сөз мағынасынан пайда болмайды, сөздің сөздік мағынасы мен дамуының
жеке және халық жинақтаған тәжірибесінің ұштасуы нәтижесінде жасалады
62.4.
Логикалық бағытты жақтаушылар (Ю.С.Степанов, Р.И.Павиленис тағы
басқа) “ұғым” және “концепт” терминдерін ұқсастырады. Концепт ретінде
әдетте жинақтаудың аса жоғары дәрежесінде болатын грамматикалық немесе
семантикалық категория көрінеді. Ю.Степановтың анықтамасы бойынша,
концепті ұғым сияқты, сонымен бір қатарда тұрған құбылыс, оны белгілі
бір сөзге қатысты түсініктердің, ұғымдардың, білімдер мен
ассоциациялардың, әр түрлі күйлердің “бумасы” деуге болады 63.40.
Е.С.Кубрякованың пікірінше, “концепт” және “ұғым” терминдері адам
санасы мен ойлау жүйесінің әр түрлі қырларын сипаттайды. Ұғым – ақиқат
болмыстың белгілі бір логикалық формада бейнеленуінің аса маңызды
түрлерінің бірі. Ал, концепт оперативті сананың түсініктер, образдар,
ұғымдар сияқты бірліктерін қамтиды. Олар бірге отырып концептуалды
жүйені немесе ғаламның концептуалды моделін (ҒҚМ) құрайды 64.143.
Концептілерді зерттеу (концептуалды талдау) нақ тілдік
интроспекцияны көрсетуге мүмкіндік береді. Ол бойынша сөз семантикасы
қоршаған ортадағы заттар, яғни денотаттар арқылы емес, олардың
(объектілердің) адам санасындағы идеалды образдары, яғни прототиптері
арқылы интерпретацияланады. Бұл тұрғыдан алғанда, концептілер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz