Қола дәуірі кезеңіндегі Қазақстан



Б.з.б. 2 мыңжылдықта Еуразия далалық аймақтарында қола алу тәсілі ойлап табылып, тас құралдарды күнделікті өмірден ығыстырып шығарды.
Өзгерістер:
• Рулық қатынастар ыдырап, орнына тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.
• Түсті металдар мен алтын өндірістік жолмен игерілді
• Мал шаруашылығы қалыптасты.
• Біртіндеп көшпелі мал шаруашылығына ауыса бастады
Бұл екі бағыт-мал шаруашылығы мен металургияның тез дамуы ер адамның еңбегіне қажеттілікті арттырып, аталық отбасылық рулық қатынас орнады.

Қола дәуірінің негізгі кезеңдері:
б.з.б. ХҮІІІ – ХҮІ ғғ. – ерте қола дәуірі
б.з.б. ХҮ – ХІІ ғғ. орта қола дәуірі
б.з.б. ХІІ – ҮІІІ ғғ. кейінгі қола дәуірі

Қола дәуірі 3 түрлі ерекшелігімен ерекшеленеді.
• Ежелгі қола металургиясымен.
• Бақташылық мал шаруашылығымен.
• Теселі егіншілікпен.
Андронов мәдениеті

Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстанның және Орта Азияның териториясын тегі жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеген. Бірінші ескерткіштің табылған жері Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл мәдениет – Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл ескерткіштер тобы Минусинск қазан шұңқырынан Орал тауларына, солтүстікте Батыс Сібір жазығынан-Памир тауларына дейінгі аймақты алып жатыр. Андронов мәдениеті Қазақстанның Орталық Қазақстан бөлігінде көптеп кездесіп, 30 елді мекен, 150 қабір қазылып зерттелді. Солтүстік және Батыс Қазақстанда – Алексеевка,Ұралысай, Тастыбұлақ және Қостанай

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ІІ тарау. ҚОЛА ДӘУІРІ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

(б.з.б. XVIII-VIII ғғ.)

Б.з.б. 2 мыңжылдықта Еуразия далалық аймақтарында қола алу тәсілі ойлап
табылып, тас құралдарды күнделікті өмірден ығыстырып шығарды.
Өзгерістер:
• Рулық қатынастар ыдырап, орнына тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.
• Түсті металдар мен алтын өндірістік жолмен игерілді
• Мал шаруашылығы қалыптасты.
• Біртіндеп көшпелі мал шаруашылығына ауыса бастады
Бұл екі бағыт-мал шаруашылығы мен металургияның тез дамуы ер адамның
еңбегіне қажеттілікті арттырып, аталық отбасылық рулық қатынас орнады.

Қола дәуірінің негізгі кезеңдері:
➢ б.з.б. ХҮІІІ – ХҮІ ғғ. – ерте қола дәуірі
➢ б.з.б. ХҮ – ХІІ ғғ. орта қола дәуірі
➢ б.з.б. ХІІ – ҮІІІ ғғ. кейінгі қола дәуірі

Қола дәуірі 3 түрлі ерекшелігімен ерекшеленеді.

• Ежелгі қола металургиясымен.
• Бақташылық мал шаруашылығымен.
• Теселі егіншілікпен.
Андронов мәдениеті

Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстанның және Орта Азияның
териториясын тегі жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс
тайпалар мекендеген. Бірінші ескерткіштің табылған жері Ачинск маңындағы
Андроново селосының атына қарай бұл мәдениет – Андронов мәдениеті деп
аталады. Бұл ескерткіштер тобы Минусинск қазан шұңқырынан Орал тауларына,
солтүстікте Батыс Сібір жазығынан-Памир тауларына дейінгі аймақты алып
жатыр. Андронов мәдениеті Қазақстанның Орталық Қазақстан бөлігінде көптеп
кездесіп, 30 елді мекен, 150 қабір қазылып зерттелді. Солтүстік және Батыс
Қазақстанда – Алексеевка,Ұралысай, Тастыбұлақ және Қостанай мен Челябі обл.
түйіскен жері – Арқайым ескерткіштері. Шығыс Қазақстанда – Ертіс, Бұқтырма,
Күршім, Қызылсу, Алтай таулы ауданы, Тарбағатай мен Сауыр тауларынан
табылды. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда Таңбалы тас және Қаратау
жоталарынан, Аралда – Түгіскен кесенесі зерттелді.

Шаруашылығы
Археологиялық қазба материалдары бұл кезеңде Қазақстан аумағында
адамның негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру болғандығын дәлелдейді. Негізгі
мал түрі – ірі қара, ал қой мен жылқы аз мөлшерде болған.
Бұл кезеңдегі мал шаруашылық экстенсивті шаруашылық болды.
Жайылымдарды игеріп, көлемін кеңейту, төзімді, тебінге жарайтын жылқы, қой
сияқты мал түрлерін өсіріп, өндіру малдың көбеюіне әкелді. Бірақ
Қазақстанның барлық территориясындағы халықтар осындай шаруашылықтың түрін
толығымен игерген жоқ. Мәселен, Шығыс Қазақстандағы, Батыс Қазақстандағы,
Солтүстік Қазақстандағы қоныстарда малдың көбі ірі қара және көшіп-қонып
жүру аз болғандығын көруге болады.
Сонымен қатар, неолит кезеңінен бастау алған егіншілік қола дәуірінде
одан әрі дами түсті. Бұл салада тастан және бұғы мүйізінен жасалған теселер
пайдаланылды. Егіншілікте бидай, қара бидай, тары егу кеңінен қараған. Қола
дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншілік бірін-
бірі толықтырып, өзара байланыста болды. Егіншілік сипаты жағынан
қарапайым болып қала берді және мал өсірумен салыстырғанда көмекші рөл
атқарды. Бірақ ол тамақ өнімдерін алудың негізгі көзі болды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қола дәуірі туралы
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Қазақстандағы қола дәуірі жайлы
Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктері
Алдыңғы қола мәдениеті
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Қола дәуір мәдениеті
Шығыс Қазақстан қола дәуірінде
Әуелгі қола мәдениеті
Қола дәуірінің тарихнамасы
Пәндер