Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы


Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы
Әкімшілік құқықтың ұғымы.
Әкімшілік құқықтың пәні.
Қоғамдық қатынастарды әкімшілік -құқықтық реттеудің механизмі
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың мазмұны
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері.
Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы
Әкімшілік құқық бұзушылықтың (теріс қылықтың) құрамы
Әкімшілік құқықтың ұғымы
Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы. Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі болып табылады.
Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екендігі ежелден белгілі. Мемлекет әкімшілік-құқықтық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік -мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, оның тиімділігін және мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыруды әкімшілік құқық маңызды құрал рөлін атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында ҚР заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен ҚР-да құқықтық мемлекет құрудың міндеті шешіледі, және әкімшілік-құқықтық қатынастарға барлық қатынасушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады.
Әкімшілік құқық нормалары экономика саласында (өнеркәсіп, күрделі құрылыс, ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп комплексі, көлік пен байаныс, қоршаған табиғи орта мен табиғи ресурстар, сауда, тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, халыққа қызмет көрсету), әлеуметтік-мәдениеттік құрылыс (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, әлеуметтік қорғау, дене тәрбиесі және спорт), әкімшілік-саяси құрылыс (қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы істер, әділет, ішкі істер) саласында мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға байланысты пайда болатын басқару қатынастарының үлкен комплексін, тобын реттейді.
Қазіргі кезеңдегі әкімшілік құқықтың проблемаларының бірі - өкіметтің орталық органдары мен жергілікті органдарының арасындағы біріне-бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-қимыл жасаудың жаңа қатынастарын құру проблемасы болып отыр.
Бұл проблемалардың маңыздылығы және оны шешудің түбегейлі нақты жолдары ҚР Призиденті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2O3O» жолдауында тұжырымдалып, ерекше атап айтылған.
Құқық қорғау мәніндегі әкімшілік құралдардың, яғни мемлекеттік басқару саласындағы заңдылық пен тәртіптілікті сақтауға жасалатын бақылау қадағалау қызметінің маңызы арта түсуде.
Прогессивтік қайта құру барысында қабылданған заңдардың барлығы бірдей және барлық жерде түгелдей орындала бермейтіндігі, оларды теріс пайдаланушылықтың кездесетіні де, мемлекеттің к аппаратқа терең тамыжайған құқықтық мойынұсынбаушылық сияқты кеселдер айтарлықтай нұқсан келтіруде.
Қазіргі кезде ең бір қауіпті құбылыс - бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларына барған сайын дендеп ене бастаған сыбайлас жемқорлық. Ол қоғамның барлық салаларына, мемлекеттің конституциялық негіздеріне қатер төндіреді.
Сондықтан мемлекеттік басқару қызметінде жағымсыз факторларды жою және билік пұрсаты мен қызмет бабын теріс пайдаланудан сақтандыру жөнінде соңғы жылдары қабылданған құқықтық актілердің, оның ішінде, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің, «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі туралы» заңдардың ерекше маңызы бар.
Әкімшілік құқықтың ұғымы. Қазіргі кезеңдеңдегі ғылымда «Әкімшілік құқық» терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. мысалы, оқулық әдебиеттерде әкішілік құқық жүйесінің дербес саласы деп айтылған, ал жалпы түрде әкімшілік құқықты - басқару құқығы деп айтуға болады делінген.
Энциклопедиялық сөздік «Әкімшілік құқық» деген терминді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы деп аталған. Оның нормалары басқару аппаратының ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібін, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Заң энциклопедиясы әкімшілік құқықтың (ағылшынша adminis trative faw) ұғымын мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және оның атқару-өкім ету қызметінің процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы ретінде анықтаған.
Сонымен, әкімшілік құқықты сипаттайтын аса маңызды белгілері мына төменгідей:
біріншіден, әкімшілік құқық - құқықтың дербес саласы;
екіншіден, ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады;
үшіншіден, әкімшілік құқықтың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасы мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымды адамдарының және азамттарының басқару қызметі болып табылады.
Әкімшілік құқықтың пәні. Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару саласында пайда болатын (қалыптасатын), дамитын және тоқталатын қоғамдық қатынастарды ғана реттеуге арналған.
Барлық осы тәрізді қоғамдық қатынастар қалай болғанда да мемлекеттік басқару органдарының, яғни атқарушы органдардың атқарушылық-өкім етушілік қызметін жүзеге асыру процесімен байланысты.
Әкімшілік құқық экономикалық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси құрылысқа басшылық жасау туралы мемлекеттік басқарудыңміндеттерін жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобына ғана ерекше көңіл аудара отырып, арнайы бағыттау арқылы өзінің реттеушілік ықпалын тигізеді. Сонымен бірге бұл қоғамдық қатынастар мемлекеттік басқару органдарының басқару функцияларын жүзеге асыру барысында пайда болады. Сонымен әкімшілік құқықтың пәнін шын мәнісінде басқарушылық қоғамдық қатынастар құрайды.
Реттелетін қатынастардың барлық қатысушылары үшін заңды турде міндетті болып табылатын әкімшілік құқық нормаларында бекітілген мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындау жолымен мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылады. Мемлекет осындай ережелерді тағайындай отырып, шын мәнінде, басқару функцияларын жүзеге асырудың және осыған байланысты пайда болатын қатынастардың құқықтық тәртібін орнатады.
Нақтылы қоғамдық қатынас басқарушылық болып табылады, сондықтан да мына төмендегі жағдайларда әкімшілік құқықтық реттеу ықпалына тап болады. Біріншіден, оған мемлекеттік басқарудың тиісті органы (лауазымды адамы) міндетті түрде қатысқан жағдайда. Екіншіден, бұл орган басқару қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттің өзіне берген уәкілдігін нақтылы іске асырған жағдайда.
Мемлекеттің атқарушы органдары қатысушы болатын кез келген қоғамдық қатынастардың бәрі бірдей басқарушылық болып табылмайтын айту керек. Бұл органдар құқықтың басқа салаларының нормаларымен реттелінетін іс-қимылдады атқара алады. Мысалы, олар мүліктік мәмілелер жасай алады. Бұл сияқты і с-қимылдар азаматтық құқық нормалармен реттеледі. Олар осы органдардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шаруашылық және қаржылық қызмет атқарады және өзінің мәні бойынша басқарушылық болып табылмайтын басқа жұмыспен айналысады.
Сонымен, тиісті орган атқарушы-өкім етуші қызметі тек нақтылы жүзеге асырған кезде ғана осы сияқты шын мәніндегі басқарушылық болып табылатын қоғамдық қатынаастар пайда болады, сондықтан да әкімшілік-құқықтық реттеуге жатады.
Мемлекеттік басқару тәжірибесі мына төмендегі қоғамдық тындығын дәлелдеп отыр:
а) мемлекттің атқарушы органдарының арасындағы олардың иеархиялық(сатылық)
бағынысты тәртібі бойынша қатынастар.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен салалық министрліктердің, олардың аймақтық органдарының, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және басқалардың арасындағы өзара қарым-қатынастар.
б) біріне-бірі байланысты емес әртүрлі мемлекеттік басқару органдарының арасындағы қатынастар. Мысалы, Қазақстан темір жолымен оның бағынысындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың арасындағы қатынастар.
в) мемлекеттік басқару органдарымен және әртүрлі мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың; акционерлік қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктердің және басқалардың арасындағы қатынастар;
г) мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктердің арасындағы қатынастар;
д) мемлекеттік басқару органдарымен және Қазақстан Республикасы азаматтарының арасындағы қатынастар; мысалы, қала әкімшілігі мен шағым берген азаматтың арасындағы қатынас.
Барлық аталған және Қазақстанда реформа кезеңінде пайда болуы мүмкін басқадай қоғамдық қатынастарға мемлекеттік басқару органы міндетті түрде қатысады. Мемлекеттің атынан өкілдік ететін және оның білдіретін ондай органның қатысуынсыз басқарушылық қоғамдық қатынастар пайда болуы мүмкін емес. Сол себепті екі азаматтың арасындағы қатынастарды басқарушылық деп айтуға болмайды, өйткені олардың ешқайсысына басқа біреуіне қатысты биліктік өкілеттік берілмеген.
Заңды тұлғалар мен адамдардың шарттық қатынастар да өздерінің мәні бойынша басқарушылық болып саналмайды және көпшілігінде олардың негізіне мүліктік, жер туралы, қаржылық және басқа қатынастар жатады.
Басқару органы да, мемлекеттік (мемлекеттік емес) кәсіпорын да, мекеме мен ұйым да, сондай-ақ азамат та басқару қатынастарының екінші тарабы болуы мүмкін, бұл басқарушылық қоғамдық қатынастар пайда болатын жағдайларда толығынан сәйкес келеді.
Қоғамдық қатынастарды әкімшілік -құқықтық реттеудің механизмі. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шеңберінде ең алдымен атқарушы субъектілерін олардың конституциялық міндеттеріне толығынан сәйкес етіп ұйымдастыру мен қызметіне, сондай-ақ реттелінетін басқарушылық қатынастарға басқа қатысушылардың мінез құлқына белгілі құқықтық режим (тәртіп) орнатады. Қазақстан құқығының бұл саласының атқаратын қызмет рөлінің негізгі көрінісі, оның реттеу функциясы осыған саяды.
Оған тағы бір басқа - тағайындалған құқықтық режимді сақтауды да, реттелінетін басқарушылық қатынастар шеңберінде тараптардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды да қамтамасыз ететін құқық қорғау (юрисдикция) функциясы қосылады.
Сонымен, әкімшілік құқық - атқарушы билікті (тым кеңірек ұғым бойынша - мемлекеттік басқару қызметін ) нақтылы жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылатын Қазақстанның құқықтық жүйесінің саласы.
Әкімшілік құқық реттеу функциясын жүзеге асыра отырып, басқару қатынастарына, оларға қатысушылардың мінез-құлқына өз нормаларының реттеушілік ықпал жасайтын құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттудің әдістері болып табылады.
Қазақстан құқығының қай саласы болмасын құқықтық реттеудің құралы ретінде мынадай үш заңдық мүмкіндіктерді пайдаланады: тапсырма беру, тыйым салу, ерік беру. Олар тұтас алғанда қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал жасау құралдарының мазмұнын құрайды:
а) тапсырма беру - құқықтық нормада қаралған жағдайда осы не басқа іс-қимыл жасауға тікелей заңды түрде міндет жүктеу (нақ осылай істеу керек, басқаша емес) . Мысалы, жұмысқа алу органының, мекеменің немесе кәсіпорынның бастығының бұйрығымен жүзеге асырылады. Бұл мәселені шешудің басқадай тәртібі белгіленбеген;
б) тыйым салу - құқықтық нормада қаралған жағдайда осы не басқа іс-қимылды жасамауға тікелей заңды түрде міндет жүктеу. Мысалы әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалардың барлығы.
в) ерік беру құқықтық нормада қаралған жағдайда осы не басқа іс-қимылды өзінің қалауы бойынша жасауға заңды түрде рұқсат ету (мысалы, азаматтардың құқықтарын бұзатын іс-қимылдар мен шешімдерге олардың шағым жасау құқығы) .
Әкімшілік-құқықтық реттеудің ерекшеліктері алдымен мелекттік органдардың ерекше түрімен жүзеге асырылатын заңдық биліктік қызмет ретіндегі мемлекеттік басқарудың өзгешілігімен айқындалады. Ол басқарушылар мен басқарушылар арасындағы қатынастарды заңды түрде байланыстырушы болып табылады, сол себепті реттеу құқықтық құрал ролін атқара отырып, мақсатты басқарушылық ықпалымен өте тығыз байланысты. Ал бұл ықпал ету әрқашанда басқарушылардың біріңғай еркіне бағынуын болжайды.
Сондықтан, әкімшілік-құқықтық реттеу мына сияқты қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған: олардағы тараптардың жағдайы олардың заңдық тепе-теңдігін болдырмайды, олар субординациялық (төмендегілердің жоғарыларға қатаң бағыныстылық) қатынастарда болады.
Қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеудің ерекшеліктерін оны қатысушылары тепе-теңдікке негізделген қатынастарды реттеудің азаматтық-құқықтық әдісімен салыстыру арқылы айқындауға болады.
Әкімшілік құқық нормаларының әрекеттілігі өзгешеленеді, олардың мәні мыналарға келіп тіреледі:
1) әкімшілік-құқықтық реттеу механизміне өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның шығарған міндетті тапмсырмалары тән болып табылады. Оларға басқа тарап бағынуға міндетті.
2) әкімшілік-құқықтық реттеуқатынасқа қатысушылардың біреуінің біржақты ерік білдіруін болжайды. Бұл ерік білдірушілік заңды түрдегі өктемдік, сондықтан да оның шешуші маңызы бар.
Сонымен, басқару органының өз еркін білдіруі біржақты және міндетті болатыныбелгілі болды, ол мемлекттің атынан іс-қимыл жасайды немесе заң бойынша оған биліктік өкілеттіктер берілген, сонымен қатар басқа да негіздер бойынша да мысалы, белгілі бір аймақтың халқымен сыйланған жергілікті өзін-өзі басқару органы.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың мазмұны. Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға қандай да болмасын құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті қоғамдық қатынасқа, оған заңдық нысан беретін, реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-қимылдарын (мінез-құлқын) құқықтық нормамен реттеу:құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау) және с. с.
Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ең жалпы сипаты осындай, онда жалпылық пен ерекшеліктің, тектік пен түрліліктің арақатынасы көрінісін тапқан. Сонымен бірге әкімшілік-құқықтық қатынастардың әкімшілік құқықтың нормаларынан және олар реттейтін басқарушылық қызметтен туындайтын ерекшеліктері бар.
Бұл құқықтық қатынастардың қатысушылары (тараптары) мыналар болуы мүмкін: Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар; мемлекеттік ұйымдар: атқарушы билік (мемлекеттік басқару) органдары; мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер, мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одақтар т. с. с. ), еңбек ұжымдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, коммерциялық құрылымдар, жеке кәсіпорындар мен мекемелер.
Әкімшілік-құқықтық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері әрқашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-қимыл жасайтын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болып табылады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар ерекшеліктерінің аса маңыздылары мыналар:
1. Басты ерекшелік - тараптардың теңсіздігі. Тараптардың басқа тарапқа қатысты әрқашанда заңдық биліктік өкілеттіктері болады. Мұндай тарап, мысалы, басқару органдары немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін. Сол себепті екі азаматтың арасында, екі қоғамдық бірлестіктің арасында, егер тараптардың ең болмаса, әкімшілік құқықтық қатынастар болуы мүмкін емес.
2. Әкімшілік құқықтық қатынастар тараптардың қайсысының болса да - басқару органының, азаматтың және сол сияқты басқалардың - ынтасы бойынша пайда болды. Бірақ екінші тараптың келісімі немесе тілегі олардың пайда болуына барлық жағдайларда міндетті шарт емес. Ол екінші тараптың тілегіне қарамастан немесе оның келісімінсіз да пайда болуы мүмкін. Бұл белгі оларды азаматтық-құқықтық қатынастардан ерекшелейді.
Мемлекеттік басқару органдарының әкішілік-құқықтық қатынастарға түсуі тек қана мүмкіндігі емес, сонымен қатар, көпшілігіне, олардың тікелей міндеті екендігін ескеру керек.
3. Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар, қағида бойынша, әкімшілік тәртіппен, яғни өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және біржақты өкім ету жолымен шешіледі.
4. Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігі екінші тараптың алдында емес, мемлекеттің, оның атынан өкілдігі бар тиісті органның (лауазымды адамдардың) алдында пайда болады.
Әкімшілік-құқықтық дауларды не жеке не бара-бар ретінде шешудің сот тәртібі қолданылып заңдарда жиі кездеседі. Сотпен шешетін әкімшілік-құқықтық даулар тобының кеңейе түсуі заңды тенденцияға айналып келеді.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері. Әкімшілік-құқықтық қатынастарды әр түрлі белгілері бойынша топтарға бөлудің ерекше назар аударулық маңызы бар. Осы сәйкес тіке және көлбеу құқықтық қатынастар бөлінеді.
Тіке әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік-құқықтық реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне тән басқарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы бағыныстылық байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде білдіреді. Бұл ылғи да биліктік қатынастар деп аталатынның дәл өзі. Олар бәріне-бірі бағынысты тараптардың арасында пайда болады, бұл азаматтық-құқықтық қатынастардан айыратын басты белгі, олар да тараптардың тепе-теңдігі болмайтынын дәлелдейді. Шындығында тіке қатынаста бір тараптың заңдық-биліктік өкілеттері болады, басқа тараптарда олар болмайды, мысалы азаматта, немесе олардың көлемі көп болады.
Тіке түрдегі көптеген әкімшілік-құқықтық қатынастар олардың біріне-бірі бағынышты емес қатысушының арасында пайда болады. Алайда, бұл сияқты жағдайларда да тараптардың бірі өзінің құзіретінің арқасында ұйымдық жағынан оған бағынбайтын белгілі бір құқықтық қатынастың басқа тарабына орындауға міндетті болатын заңдық актілер шығаруға құқылы. Мысалы, министрліктердің біреуінің басқа министрліктерге, ведомостволарға және азаматтарға міндетті болып табылатын нормативтік актілер шығару жөнінде өкілеттері болуы мүмкін. Бұл білімнің, қоршаған табиғи ортаны қорғаудың, өрт қауіпсіздігінің мәселеері және көптеген басқалар болуы мүмкін.
Бұл сияқты қатынастарға барлық басқа әкімшілік-құқықтық қатынастарды да жатқызуға болады, оларда тараптардың ұйымдық бағыныштылығы болмаса да, бірақ бір тараптың басқа тарапқа қатысты заңдық биліктік іс-қимыл жасауға құқығы бар. Мұндай құқықтық қатынастардың, қатарына бақылау-тексеруоргандары мен олардың тексеретін объектілерінің арасында пайда болатын қатынастарды жатқызуға болады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардағы шын мәніндегі тікелікті және тараптардың теңсіздігін өзінің құқықтық мазмұны бойынша иландыра дәлелдейтін ең ауқымды белгі мынау:бұл түрдегі барлық қатынастар бір жақтың екінші жақтан заңды түрдегі тәуелділігін іс жүзінде көрсетеді. Мұндай тәуелділік қандай да болмасын мәселені шешуге қажетті заңдық - биліктік өкілеттіктердің тек қана бір жақта атқарушы биліктің субъектісінде болатындығымен алдын-ала айырылады.
Көлбеу әкімшілік-құқықтық қатынастар болып, солардың шеңберінде тараптардың шындығында және заңды түрде тең құқылы болатындығы танылды. Оларда, осыған сәйкес, бір тараптың екінші тарапқа міндетті болатын заңдық-биліктік өкімі болмайды.
Көлбеу қатынастары мемлекеттік басқару саласында, тікелік қатынастар сияқты, соншалықты кең қолданылмайды.
Көлбеу құқықтық қатынастар көпшілігінде тіке қатынастарғаалғы шарт болатынын басқару тәжірибесі көрсетіп отыр. Шынында, мысалы, қандай да болмасын бір нормативтік актіні дайындау және келісу сатысында тараптар тең құқылы. Бұл сияқты қатынастар министрліктер арасындағы қатынастар тәжірибесінде, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың және әкімшілік құқықтың басқа субъектілерінің өзара қарым-қатынастарында кең орын алған. Көлбеу түрі азамат пен басқару органының (лауазымды адамның) арасында мынандай жағдайларда, мысалы, азамат жұмысқа тұрғанда, арыз немесе шағым бергенде т. с. с. қалыптасатын қатынастарға тән. Бірақ көлбеулік қатынасы өкілетті басқару органы тек заңды биліктік шешім, мысалы, қызметке алу туралы бұйрық шығарғанға дейін ғана көрінісін табады. Осы кезеңнен бастап көлбеулік қатынасы тікелік мәні бар қатынасқа айналды, мұнда тараптар енді жұмыстың шарты мен еңбек ақының мөлшерін талқыламайды, қайта жұмыскер өзі жұмысқа тұрған жеріндегі әкішіліктің заңды өкімдерін орындауға міндетті болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. әкімшілік право бұзушылық кодексінің (ӘПБК) 9-бабы бұл құқық бұзушылықтың түсінігін былай деп берген: «Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, социалистік меншікке (қазір социалистік жоқ - Б. Е), азаматтың праволары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын сол үшін заңдармен әкімшілік жауаптылық көзделген правоға қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыз) әрекет немесе әректсіздік әкімшілік право бұзушылық (теріс қылық) деп танылады».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz