Қазақстан Республикасысының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы денсаулық тақырыбы



o Кіріспе
o Негізгі бөлім
1. Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн
2. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
3. Қазақстан халқының әл.ауқаттын арттыру . мемлекеттік саясаттың басты мақсаты
4. «Қазақстан.2050» Стратегиясы
5. Жаңа онжылдық . жаңа экономикалық өрлеу . Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
o Қорытынды
o Пайдаланылған әдебиеттер
Алға қойылған мiндеттерге сәйкес денсаулық сақтау iсiнде байыпты да жүйелi өзгерiстер талап етiледi. Ең алдымен, осы саладағы реформалар тұжырымдамасын айқын ұғыну қажет. Осы жылдарда бiз басқару мен қаржыландырудың кеңестiк, корпоративтiк-мемлекеттiк жүйесiнен бас тарттық, бiрақ батыстың денсаулық сақтау iсiне тән жекеше – сақтандыру жүйесiне жете алмадық. Осылай болғаны да жөн шығар, өйткенi түрлi елдерде барған сайын қолданылып жүрген жүйенiң кемшiлiктерi көптеп бой көрсетуде. Неге онда бiз бұл бағытпен жүруiмiз керек? Денсаулық сақтауды шектен тыс коммерцияға айналдыру дәрiгердiң ниетiн бұзатынын өз тәжiрибемiз көрсетiп отыр: оған адамның денi сау болғанынан гөрi жиi-жиi ауырғаны пайдалырақ бола түседi. Сондықтан да елiмiзде мемлекет пен адамның адам денсаулығы үшiн ынтымақты, бiрлескен жауапкершiлiгi болуға тиiс.
1. Бөлешов М.Ә. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау: оқулық. – Алматы: ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы, 2012.-500 экз
2. Биғалиева Р.К. Менеджмент және деесаулық сақтауды ұйымдастыру: оқулық.-Алматы, 2001.-46
3. Даулетбаев Д.А. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару: оқу құралы.-Алматы: Эверо, 2011.-310 экз.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

№2 қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫ

Орындаған: Мергенбек І
Тобы: 303 Б ҚДС
Қабылдаған:

Шымкент, 2015 ж

ЖОСПАР:
o Кіріспе
o Негізгі бөлім
1. Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн
2. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
3. Қазақстан халқының әл-ауқаттын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты
4. Қазақстан-2050 Стратегиясы
5. Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
o Қорытынды
o Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Алға қойылған мiндеттерге сәйкес денсаулық сақтау iсiнде байыпты да жүйелi өзгерiстер талап етiледi. Ең алдымен, осы саладағы реформалар тұжырымдамасын айқын ұғыну қажет. Осы жылдарда бiз басқару мен қаржыландырудың кеңестiк, корпоративтiк-мемлекеттiк жүйесiнен бас тарттық, бiрақ батыстың денсаулық сақтау iсiне тән жекеше - сақтандыру жүйесiне жете алмадық. Осылай болғаны да жөн шығар, өйткенi түрлi елдерде барған сайын қолданылып жүрген жүйенiң кемшiлiктерi көптеп бой көрсетуде. Неге онда бiз бұл бағытпен жүруiмiз керек? Денсаулық сақтауды шектен тыс коммерцияға айналдыру дәрiгердiң ниетiн бұзатынын өз тәжiрибемiз көрсетiп отыр: оған адамның денi сау болғанынан гөрi жиi-жиi ауырғаны пайдалырақ бола түседi. Сондықтан да елiмiзде мемлекет пен адамның адам денсаулығы үшiн ынтымақты, бiрлескен жауапкершiлiгi болуға тиiс.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2003 жыл
Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы
Мен Үкiмет пен әкiмдерге 2003 - 2005 жылдардың iшiнде жыл сайын ауылда бiлiм берудi, денсаулық сақтауды қаржыландыру әрi ауыз суға арналған әрi облысаралық және ауданаралық ауылдық автомобиль жолдарын салу мен жаңалауға арналған қаражат көлемiн 10 млрд. теңгеге ұлғайтуды тапсырамын. Алайда, бұл қаражат ақылмен жұмсалуға тиiс, айталық, жадап-жүдеп, жұрты азайып кеткен жерлерде жаңадан мектептер салудың қажетi бар ма? Мұндай жағдайларда келешегi бар аудандарда мектеп-интернаттар салып, балаларды сонда ауыстырған жөн болмақ. Мұның осы заманғы ауруханаларға да қатысы бар. 2002 жыл
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2004 жыл
Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары
Алдағы екi жылда денсаулық сақтау мұқтаждарына қосымша 30 миллиард теңге, яғни жыл сайын 15 миллиард теңгеден бөлiнедi. Сонымен бiрге 2003-2005 жылдары ауылдағы бiлiм беру мен денсаулық сақтау iсiне, ауылды сумен жабдықтау объектiлерiне инвестицияға мемлекеттiк бюджеттен жыл сайын 15 миллиард теңгеден бөлiнетiн болады.
Сол себептi Үкiмет:
- тууды өсiрудi;
- денсаулық сақтауды жақсарту есебiнен өлiм-жiтiмдi кемiтудi;
- ең әуелi еңбекке жарамды жастағы бұрынғы қазақстандықтар есебiнен оралушыларды қабылдауды ұлғайтуды қарастыратын бағдарлама әзiрлеуге тиiс.
Осыған сүйенiп, мен сондай-ақ келесi жылы оралмандарға арналған шаманы екi есе ұлғайту, әрi осы мақсатқа қосымша екi миллиард теңге жұмсау жөнiнде мiндет қоямын.
Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн,
Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн,
Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн
Денсаулық сақтау
Алға қойылған мiндеттерге сәйкес денсаулық сақтау iсiнде байыпты да жүйелi өзгерiстер талап етiледi. Ең алдымен, осы саладағы реформалар тұжырымдамасын айқын ұғыну қажет. Осы жылдарда бiз басқару мен қаржыландырудың кеңестiк, корпоративтiк-мемлекеттiк жүйесiнен бас тарттық, бiрақ батыстың денсаулық сақтау iсiне тән жекеше - сақтандыру жүйесiне жете алмадық. Осылай болғаны да жөн шығар, өйткенi түрлi елдерде барған сайын қолданылып жүрген жүйенiң кемшiлiктерi көптеп бой көрсетуде. Неге онда бiз бұл бағытпен жүруiмiз керек? Денсаулық сақтауды шектен тыс коммерцияға айналдыру дәрiгердiң ниетiн бұзатынын өз тәжiрибемiз көрсетiп отыр: оған адамның денi сау болғанынан гөрi жиi-жиi ауырғаны пайдалырақ бола түседi. Сондықтан да елiмiзде мемлекет пен адамның адам денсаулығы үшiн ынтымақты, бiрлескен жауапкершiлiгi болуға тиiс. Мемлекет кепiлдiк берiлген, адам үшiн тегiн, шектi стандарттар бойынша медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етiлуге тиiс. Осыдан тыс нәрсенiң барлығы адамның өз еңбекақысының немесе ерiктi медициналық сақтандырудың есебiнен қамтамасыз етiлуi қажет. Мемлекеттiк медицина жекешеден кеңiстiк тұрғысында бөлiнуi керек: заң мемлекеттiк медициналық мекемелерде қандай да бiр жекеше кабинеттердi ашуға тыйым салуға тиiс. Салада: - басқару жүйесiн; - денсаулық сақтау iсiн қаржыландыруды, қаржы ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлiгi мен сатып алуды мiндеттi түрде орталықсыздандыруды; - медициналық көмек берудi ұйымдастыру жүйесiн; - денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк базасын; - статистиканы, саланы ақпараттандыруды, есептiлiктi оңтайландыруды жетiлдiруге қатысты байыпты өзгерiстер жүргiзу қажет. Келесi жылдан бастап шешуге кiрiсу қажет бiрiншi кезектегi мiндеттер ретiнде мыналарды айқындар едiм. Бiрiншi. Негiзгi екпiндi бастапқы медициналық-санитарлық көмекке, стационарда емдеуден амбулаториялық емдеуге көшiру, жатын-орындарға иек артудан арылу керек. 2005-2007 жылдар барысында бастапқы медициналық-санитарлық көмекке жұмсалатын қаражат көлемiн едәуiр ұлғайту қажет. Екiншi. Денсаулық сақтау iсiнiң халықаралық стандарттарына, емдеу мен медициналық қызмет көрсетудiң жаңа технологиялары мен қазiргi заманғы әдiстерiне жүйелi түрде көшудi бастау керек. Үшiншi. Ана мен баланың денсаулығын бекемдеу. Үкiметке Астанада Ана мен баланың республикалық орталығының құрылысын қамтамасыз етудi тапсырамын, ол халықаралық стандарттарға сай әрi денсаулық сақтау жүйесiнде жаңа сапа эталоны болуға тиiс. Барлық аймақтар осы стандарттарды ұстанып, ана мен балаға байыпты көңiл бөлiнуi керек. Төртiншi. Тәуелсiз медициналық сараптама жүйесiн құру қажет, ол уәкiлеттi органның тәуелсiз сарапшыларын тарта отырып бақылау тексерулерiн жүргiзу принциптерiне негiзделедi. Бесiншi. 2005 жылдан бастап денсаулық сақтау жүйесiнiң, ресурстарды басқару және саланы қаржыландыру менеджерлерiн даярлауды бастау қажет. Дәрiгерлер мен медициналық қызметкерлердi даярлау мен қайта даярлау жүйесiнде де маңызды өзгерiстер қажет. Алтыншы. өкпе ауруының, сусамырдың (диабет), демiкпенiң, жүрек-қантамырлары және басқа да әлеуметтiк мәнi бар аурулардың алдын алуға, оларды анықтауға және емдеуге баса назар аудару керек. Жетiншi. Үкiмет пен әкiмдер жаңа ауруханалар мен медициналық мекемелердiң құрылысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрғандарына күрделi жөндеу жүргiзуге тиiс. 2005-2007 жылдары 90 денсаулық сақтау объектiсi салынуы және 450-i жөнделуi керек. Бұл ретте өкпе ауруын емдеудегi және әйел босандыруға деген күллi мұқтаждықтар толығымен қамтамасыз етiлуге тиiс. Аталған және басқа да проблемаларды кешендi шешу мақсатында Үкiметке бiр ай мерзiмде Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеудi тапсырамын.

Ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыт
Үкімет жаңадан іске қосылатын әлемдік деңгейдегі республикалық ғылыми инновациялық медицина орталықтарының негізінде Астанада медициналық кластер құру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыра беруі керек.
Жиырма бірінші бағыт - Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту
Біріншіден, денсаулық сақтау саласындағы басқару, қаржыландыру, үйлестіру мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нәтижелілігі мен сапасын арттыруға жету керек деп санаймын. Сонымен қатар медицина мекемелерінің қоғам алдындағы ашық есептілігі жүйесін де, әрі ішкі бақылау мен сыртқы аудит жүйесін де енгізген жөн.
Сайып келгенде, медициналық қызметтің мемлекет көрсететін бөлігін анықтап беретін уақыт жетті әрі оны жеке қызмет көрсетумен шатастырмаған жөн. Екінші жағынан, жеке медицинаның дамуына да мүмкіндік беру керек.
Екіншіден, орташа өмір жасының ұзақтығы деңгейін арттыру, ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету, туберкулезбен сырқаттану және АҚТҚЖҚТБ дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған бағдарламалар әзірлеу керек.
Үшіншіден, бастапқы медициналық даярлық барлық мектептер мен университеттер оқу жоспарының міндетті бөлігіне айналуға тиіс. Осыған байланысты халықтың саламатты өмір салты мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі білімі мен хабардарлығын арттыра беру міндет. Халық арасында спорттың бұқаралық сипат алуына және спортты насихаттауға ерекше ден қою керек.
Төртіншіден, таяудағы үш жылдың өзінде мемлекеттік - жекеменшік серіктестік тетігін пайдалану арқылы Қазақстан өңірлерінде 100 аурухана салынатын болады.
Бесіншіден, Қазақстанның санитарлық инфрақұрылымына байыпты назар салып, барлық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндет.
Алтыншыдан, халықтың қолы жетерлік медициналық және медициналық сақтандыру қызметтерінің бәсекелестік нарығын дамыту үшін көтермелеу шаралары әзірленуі шарт.
Жетіншіден, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін оқыту, аттестациялау мен даярлаудың халықаралық стандарттарына жедел қарқынмен көшу қажет. Сонымен қатар біліктілік санатының деңгейіне, мамандығының түріне және жүктелетін міндетінің ауқымына қарай медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің ынталандырушы жүйесін енгізуді де дәйекті ойластырған дұрыс.
Біз осымен бір мезгілде халықтың қалың топтарының қолы жететін жоғары технологиялық денсаулық сақтау жүйесін жасақтауға кірісуге тиіспіз. Бұл үшін:
Біріншіден, Денсаулық сақтау министрлігі, бірінші кезекте, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде осы заманғы және жоғары технологиялық сырқаттың алдын алу мен анықтау қызметін жетілдіру, науқастарға медициналық консультациялар беру, әлеуметтік сипаты бар сырқаттарды емдеу мен сауықтыру жүйесін әзірлеуге тиіс. Сондай-ақ дертті ерте анықтау мен одан сақтандыру жөніндегі жоғары технологиялы орталықтардың құрылуын көтермелеп отыру қажет.
Екіншіден, мемлекет денсаулық сақтау органдарына жоғары сапалы ақпараттық технологиялар жүйесін дамытуға , соның ішінде науқастардың ұлттық электрондық медициналық картотекасын жасау арқылы жәрдемдесуі керек.
2007 жыл.
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында
Егер өмiр сапасының негiзгi көрсеткiштерiн салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда қазақстандықтардың орташа ақшалай кiрiсi 5 есе; ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгi табыс мөлшерi 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшерi 4,6 есе; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кiсiнiң жасайтын салымының көлемi тиiсiнше 35 және 37 есе өскенін көремiз. Биылғы жылы кепiлдi тегiн медициналық көмек көлемiне жұмсалатын мемлекеттiң шығысы 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 есе өстi.
3.6. Ана, бала, аға ұрпақ.
Бiздiң стратегиямыздың маңызды мәселесi - қоғамның ең бiр әлсiз қорғалған мүшелерiнің - балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың өмiрiн лайықты қамтамасыз ету. Мемлекет бұл мәселелердi шешу үшiн қаражат аямайтын болады. Бiз балалар мен жүктi әйелдердi дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiнде нақтылы шаралар қабылдадық, ендi оларды iске асыратын боламыз.
2003 жылдан бастап, перзенттiң дүниеге келуiне байланысты бiржолғы жәрдемақы төленiп келедi.
Биылғы жылдан бастап, бiз әлеуметтiк қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлiк жүйесін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтiк реформаларды тереңдетудiң үш жылдық бағдарламасын iске асыруды қолға аламыз. Бiрiншiден, бұл мемлекет кепiлдiк беретiн негiзгi әлеуметтiк төлемдер. Екiншiден, бұл мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру. Ақыр аяғында, бұл кейiннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады.
2005 жыл
Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
Астананың сол жағалауында осы заманғы медицинаның негізгі бағыттарын біріктіретін жаңа орталықтың негізінде осы заманғы, инновациялық және серпінді медициналық қызмет кластерін құру қажет.
Медициналық қызметкерлерге ақы төлеуде көрсетілген медициналық көмектегі еңбектің сапасын, көлемі мен күрделілігін, сондай-ақ біліктілік деңгейін ескере отырып, жұмыстың соңғы нәтижесіне қарай жаңа қадамдар жүзеге асырылуға тиіс.
:: 2007 жылы Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасы әзірленсін.
Денсаулық сақтау саласын ұйымдастыруда осы заманғы қағидаттар мен стандарттарға көшу
2005 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы саланың таңдап алынған стратегиялық даму бағытының негізінен дұрыс және тиімді екенін дәлелдеді.
Бұған қоса, жаңа міндеттерді есепке алып, халықаралық стандарттарға көшуді ескеретін болсақ, биылғы жылы саланың заңнамалық және әкімшілік реформалар пакетін іске асыру жөніндегі жұмыстарды аяқтау керек деп санаймын.
Қазақстанда ең жоғары деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет.
Медициналық қызметкерлерге ақы төлеуде көрсетілген медициналық көмектегі еңбектің сапасын, көлемі мен күрделілігін, сондай-ақ біліктілік деңгейін ескере отырып, жұмыстың соңғы нәтижесіне қарай жаңа қадамдар жүзеге асырылуға тиіс.
2006 жыл
Қазақстан халқының әл-ауқаттын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты
Бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы заманғы Қазақстан азаматтарының талаптарына әзірше сай емес. Бұл денсаулық сақтау саласының басты мәселесі. Қазіргі кезде қолымыздағы инфрақұрылым да, медициналық қызметтің сапасы да әрі қызмет көрсетуді ұйымдастыру деңгейіде көңілден шықпайды.
Бірінші. Үкімет денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет.
Биыл біз республикалық маңызы бар 9 денсаулық сақтау нысанының, жергілікті маңызы бар 112 нысанның құрылысын қолға алдық.
Екінші. Ауруды емдеуге қарағанда оның алдын алудың арзанға түсетінін есепке ала отырып, басымдықты аурудың алдын алуға, яғни ең озық әдістерді енгізу арқылы алдын-ала диагностика жүргізу, ауруды анықтау мен емдеу сияқты қолданыстағы бағдарламаларды қайта саралауға бағыттаған жөн.
Денсаулық сақтау саласындағы қаржы ресурстарын тиімді пайдалану үшін тиісті талдау жүргізіп, медициналық қызметтің нақты құнын бағалау керек.
Үшінші. Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктеріне бірлесе отырып ауруханалардың медициналық қызметкерлерінің, соның ішінде медицина қызметкерлерін қосымша даярлау мен қайта даярлау, оларды сертификаттау мен лицензиялау жолымен біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.
Сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарында гранттар мен Болашақ бағдарламасы бойынша медициналық мамандықтарға квоталар санын көбейту қажет.
Төртінші. Ерекше назар халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге аударылуы тиіс. Елге әкелінетін медициналық препараттардың сапасына қатаң бақылау орнатып, белсенді түрде отандық фармацевтикалық фабрикаларды құруға қажетті инвестиция тарту қажет.
Бесінші. Дені сау ұлт үшін инфрақұрылым дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру пен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек.
Әкімдер жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған және басқа спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бойларын сергек ұстауына, сөйтіп өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауы қажет.
2008 жыл.
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ - ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
В стране созданы передовые лечебно-диагностические комплексы, десятки центров по основным направлениям медицины, в том числе новейшим, развивается транспортная медицина. У нас используются медицинские поезда, автотранспорт, медицинская авиация.
Локомотивом модернизации казахстанского здравоохранения станет Госпиталь будущего в Астане.
Теперь на первый план выходит вопрос снижения заболеваемости и смертности от онкологии.
Поручаю Правительству в двухмесячный срок разработать Программу развития онкологической помощи в Казахстане, также как мы это делали по вопросу сердечнососудистых заболеваний.
Следует также проработать вопрос о создании на базе Национального медицинского холдинга мощного Национального научного онкологического центра в Астане.
Правительству необходимо до 1 июля текущего года внести предложения по развитию системы здравоохранения с учётом внедрения механизмов солидарной ответственности граждан за своё здоровье.
Человек должен понимать, что ему не выгодно болеть. У нас бесплатное здравоохранение, но будущее - за страхованием в медицине, как это сейчас делается в пенсионных фондах. Сам человек несет ответственность, его ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халыққа ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауларындағы денсаулық тақырыптары
Ішкі саясаттың негізгі бағыттары
Жамбыл ауданының аймақтық экологиялық жағдайы
Сыртқы экономикалық саясат жайлы түсінік
«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанның тұрақты экономикалық тірегі
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы
Жоғары мектептегі білім мен тәрбиеге қатысты мемлекеттік құжаттарды танып, білу
Балаларды салауатылыққа тәрбиелеу жолдары
Алматылық журналист Галина Дырдинаның айтуынша, бұның себебі қазақ тіліне сұраныстың жоқтығы
Даму стратегиясы
Пәндер