Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы ақпарат


МАЗМҰНЫ:
Кіріспе . . . 3
I Банк жүйесі дамуының теориялық негіздері
1. 1 Банк жүйесінің мәні, деңгейлері және қызметі . . . 5
1. 2 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері . . . 11
1. 3 Банктік жүйенің шетелдік тәжірибесі . . . 15
II «БТА Банкі» АҚ-ның негізінде қазіргі кезеңдегі ҚР банк жүйесін талдау
2. 1 «БТА Банкі» АҚ-ның қаржылық жағдайы мен ұйымдық құрылымы . . . 19
2. 2 «БТА Банкі» АҚ-ның активті және пассивті операцияларын талдау . . . 21
III ҚР- банктік жүйені жетілдіру жолдары . . . . . 26
Қорытынды . . . 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 29
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі - Қазақстан банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын анықтау.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы ролін жүйелі түрде зерттеп, оларды дұрыс ұйымдастыру және банк жүйесін нақтылы талдау, банк жүйесінің қызметтерін жетілдіру мәселелерін анықтап, оларды әрі қарай дамыту мәселелері.
Курстық жұмыстың міндеттері - банк жүйесінің теориялық дамуының негіздерін зерттеу, Қазақстан Республикасында банктік жүйенің дамуын талдау, банктік жүйесінің даму перспективаларын анықтау.
Курстық жұмыстың пәні - ол Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы мен дамуы болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - банк жүйесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының экономикасы, соның ішінде банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, жоғарғы дәрежеде даму үстінде. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 заңының 3-бабында Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы былай деп жазылған:
а) Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар;
б) Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіне жатады;
с) Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстан Даму Банкін қоспағанда өзге банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады;
д) мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келісім) негізінде құрылып, жұмыс істеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі (немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік орган) мен сол шартқа (келісімге) қол қойған мемлекеттердің үкіметтері болып табылатын банк.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде дамуы, оның экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің үзбей және тиімді жұмыс істеуі елдің стратегиялық маңызы бар банк жүйесінің жай-күйі мен тұрақтылығына әрі орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей байланысты болады. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылуы өзіне тән біртұтастық және құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Осында иерархиялық, біртұтастық және құрылымдық сипаты мен мәні банк жүйесінің тиісінше қалыптасуына септігін тигізді. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі өз ауқымындағы мемлекеттік банктік менеджмент мән-жайларымен ғана емес, сонымен бірге өзіндік (кооперативтік) басқаруға және ұйымдастыруға қабілеттілігімен ерекшеленеді. Бүгінде нарықтық талаптарға және халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жетілдірілген Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі барлық банктер бірыңғай кредиттік-қаржылық механизм ауқымында өзара іс-әрекеттері мен өздеріне тиесілі кәсіби қызметін, экономикалық-қаржылық банктік операцияларын жүзеге асыруда.
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банк жүйесінің тарихы КСРО революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келеді.
Біздің елдің банк жүйесі екі деңгейден тұрады:
- Бірінші деңгейі егемен Қазақстанның орталық банкі болып табылатын Қазақстанның Ұлттық банкы тұрады.
- Екінші деңгейлі банктер: мемлекетаралық банктер, резидент банктері, резидент емес банктер, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы резидент банкі - аралас капиталы бар банктер құрайды.
Қазақстан Республикасының осындай нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құрылуы және оның нормативтік құқықтық негіздерінің айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіліп жатқан экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесіне жатады.
Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелендірумен айналысады. Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылады. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғарғы билік органдарына бағынуы қандай да бір жергілікті ережелерінің бекітілуіне жол бермеу сақталады.
Соңғы 10-15 жылда банктің қызметінде операциялардың жаңа түрлері белең ала бастады. Олар: лизинг, факторинг, қаржылық тұрақты операциялар.
Курстық жұмысты жазу барысында, қарастырылған Ақсейіт Ғ. мақаласының, Сейітқасымов Ғ. С. және Мақыш С. Б. кітаптардың, “Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы” және “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңдарының негізінде осы тақырыпты көптеген әдебиеттерде кең және жан-жақты баяндалатынын айтуға болады.
1. БАНК ЖҮЙЕСІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Банк жүйесінің мәні, деңгейлері және қызметі
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым, банктердің бірлестігі және т. б.
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық тұрғыдан толықтырады және белгілі бір тұтастықты құрайды.
Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе - елдің несие жүйесіне кіреді, ал несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелерімен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп сабақтасады.
Қазақстан Республикасы «Банктер мен банк қызметі туралы» заңында (3-бап) былайша жазылған:
- Қазақстан Республикасы (ҚР) екі деңгейлі банк жүйесіне тән.
- Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банктің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді.
- ҚР Заң актілерімен анықталған айрықша құқықтық мәртебесі (статусы) бар Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
- Шетелдік қатысушылар банкісі - екінші деңгейлі банк, меншігінде және басқаруында акцианың үштен бір бөлігіне ие:
- ҚР бейрезиденттері;
- заңды тұлғалар - ҚР резиденттері;
- ҚР бейрезиденттерінің меншігінде және басқаруында 50 %-дан астам акциасына ие (оқушылардың салым ақшасы) ;
- ҚР резиденттері ҚР бейрезиденттерінің (сенімді тұлғалардың) қаражатына.
5. Мемлекетаралық банк - халықаралық келісімшарттың негізінде құрылған әрі әрекет ететін банк.
Банк жүйесіне, сонымен бірге банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ банк инфрақұрылымын қалыптастыратын әрі несие институттарының өмірлік әрекетін қамтамасыз ететін кейбір қосымша мемкемелер де кіреді.
Қазақстан банк жүйесінің құрылымы 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте.
2010 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы.
Орталықтандырылған жүйеге қарама-қарсы нарықтық банк жүйесі банктерге мемлекеттік монополияның болмауымен сипатталады. Нарықтық шаруашылықта орталықсыздандырылған басқару жүйесімен көптеген банк түрлері жұмыс істейді. Олар эмиссиялық және несиелік қызметтерді өзара бөлісіп алған. Коммерциялық банктер мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет коммерциялық банктердің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Өтпелі кезеңнің банк жүйесіне Шығыс Еуропаның және посткеңестік мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның осы заманғы банк жүйелерін жатқызуға болады. Оны нарықтық жүйеге де жатқызуға болады, алайда, ол алдындағы банк жүйесінің «меңдік дағынан» әлі арылып біткен жоқ, әлі де өтпелі кезең, даму жағдайында тұр. Бұл жүйені дамушы банк жүйесіне, дамыған тұрақты жүйедегі өнеркәсібі өркендеген елдердің банк жүйесіне де жатқызуға болады. Оның біріншісінде банк қызметінің нормативтік және заңдық базасы әрдайым өзгеріп отырады, банктердің саны, банк жүйесінің құрылымы әрдайым өзгереді. Мәселен, Қазақстанның да, Ресейдің де банк заңдары соңғы 10-15 жылда кем дегенде 2 мәрте түбегейлі өзгерді, оларға ұдайы толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.
Банктердің саны он және одан да көп есеге кемісе, кейде жаңа банктер, банктік емес мекемелер пайда болады, енді бірде олар банкротқа ұшырайды немесе бір-бірімен қосылады, немесе банктен банктік емес мекемеге айналады. Бір сөзбен тұжырымдап айтқанда өтпелі кезеңнің әлі тұрақтанбаған банк жүйесі даму сатысында тұр.
Орталық банктің қызметтері мен операциялары
Еліміздегі барлық несие жүйесін ретеуші ұйым ролін атқара отырып, Орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Ұлттық банк - бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық аймағына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие алады.
Ұлттық банк - ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымының және көлемінің екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банкі жоғарыдан басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына: Басқармалар және директорлар кеңесі (Директорат) жатады.
Ұлттық банктің басқармасы 9 адамнан тұрады. Ұлттық банктің басқармасының құрамына:
- ҚҰБ төрағасы және 5 лауазымды тұлғалар;
- ҚР Президентінен бір өкіл;
- ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органын Директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына:
- Ұлттық банк төрағасы;
- Ұлттық банк төрағасының орынбасарлары;
- құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдына есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:
- Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрағасын 6 жылғасайлайды және қызметінен босатады;
- ҚҰБ төрағасының орынбасарын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;
- ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді;
- Ұлттықт валютаның - теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті бекітеді;
- ҚҰБ-нің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметтеріне байланысты ақпаратты беріп отырады.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарылады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.
Ұлтық банктің функционалдық құрылымына департаменттерінен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттіліктері мен ұйымдары кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес басқармалары бар:
- зерттеу және статистика департаменті;
- шетел операциялары департаменті;
- ішкі операциялар департаменті;
- монетарлық операциялар басқармасы;
- сыртқы байланыстар бөлімі;
- заң қызметі департаменті;
- әкімшілік департаменті;
- қолма-қол ақшалармен жөніндегі басқарма;
- инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;
- бухгалтерлік есеп бөлімі;
- есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;
- операциондық департаменті;
- төлем жүйесі басқармасы;
- қаржылық қадағалау департаменті;
- бақылау дәне аудит департаменті;
- персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;
- халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі.
Ұлттық банк мынадай негізгі қызметтерді атқарады:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Республикада мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және монеталардың монополиялық элементі болып табылады, бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
- ҚР үкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет көрсетуге қатынасады;
- Қазақстан аумағында банктердің, еншілес банктердің ашылуына және филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат қағазын береді;
- белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмиссиялау проспектісіне мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиялау проспектісіне мемлекеттік тіркеуге дейін және пруденциалдық нормативтер белгіледі;
- ҚР-да несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру) пйыз мөлшерлемесін реттеуді жүзеге асырады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етеді.
Коммерциялық банктердің қызметтерін ұйымдастырудың негіздері
Қазіргі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банк деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
- Жарғылық капиталдың қаыптасуына қарай:мемлекеттік; акционерлік; жеке; пайда қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ; аралас (шетел капиталының қатысуымен) ;
- Операциялардың түрлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
- Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- мемлекетараық;
- ұлттық;
- аймақық;
- Салалық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- сауда банктері;
- ауылшаруашылық банктері;
- құрылыс банктері;
- басқа;
5. Филиалдар санына қарай:
- филиалсыз;
- көп филиалды;
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.
Акционерлік банктерді басқарылу құрылымы 1-суретте берілген.
1-сурет. Акционерлік-коммерциялық банкті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.
Акционерлік-коммерциялық банктің ең жоғарғы орган акционердің жалпы жиналысы болып табылады. Акционердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады.
Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынандай міндеттерді атқарады:
- нормативтік актілерді бекітеді;
- Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді.
Келесі басқару органы - бұл басқарма (банк кеңесі) . Басқарма (банк кеңесі) - атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.
Басқармалардың міндеттеріне мыналар жатады:
- банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
- банктің саясаттарын жасау;
- жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;
- комитеттерді құру;
- ссудалық және инвестициялық операцияларға баұылау жасау.
Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет - бұл несиенің берліуіне байланысты қорытынды жасаушы орган.
Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі және т. с. с. кіреді.
Қорыта келгенде, коммерциялық банктердің керемет мүмкіндігі мен оларды басқа қаржылық институттардан ерекшелейтін сипаттама - ақшаларды құру мен жою болып табылады. Ақшаны құру несиелік жүйенің икемділігімен іске асырылады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен банк уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды несие түрінде ұсынады, сонымен, олар халық шауашылығын ақшаға деген қажеттігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаржаттарын құрайды. Сонымен қатар, банк өз қызметі үрдісіне ақшалардың бір бөлігін жояды. Бұл клиенттің банктегі өз шотынан қолма-қол түрде ақша алғанда және несиені өз ақшаны аудару арқылы өтеген кездері болады. Жеке коммерциялық банктердің ортақ маңызды белгісі қысқа мерзімді несиелік келісім істерімен айналысу. Соңғы кездері ұзақ мерзімі несие беру көлемі де артып келеді. Әсіресе, жеке коммерциялық банктер бағалы қағаздарды күрделі қаржы жұмсау Кеңес беру, мүлікті басқару барысында қарқындылық танытуда.
1. 2 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz