Бейнелеу өнерін оқыту


Жоспар
І. Кіріспе
1. 1 Бейнелеу өнері - эстетикалық тәрбие берудің басты құралы.
ІІ. Негізгі бөлімі
2. 1 Зерттеулік оқыту - тұлғаны қалыптастырудың негізі
2. 2 Бастауыш сыныпта пейзаж сабағын оқытуды ұйымдастыру.
2. 3 Бастауыш мектептің ІІ -ІІІ сыныбында пейзаж сабағының
мазмұны мен композициясын құрастыру жолдары
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
3. 1 Жаңа педагогикалық технологияларға құрылған бейнелеу өнері
сабақ жоспары
ІҮ. Қорытынды
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңашыл құрылымы бар демократиялы қоғам құруға кіріскелі де бірнеше жылдар өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар - білімімен қатар шығармашылық қабілеті жоғары, өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болар азаматтар. Ол азаматтарды оқытып, тәрбиелеп шығаратын негізгі орын - мектеп. Сондықтан қазір мектеп қайта құрылуларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытуды жаңаша ұйымдастыру қажет. Әсіресе бастауыш мектеп білім мазмұнын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндігі зор.
Сондықтан, курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі бастауыш мектеп үшін Бейнелеу сауаттылығының негізгі жолдарын іздестіріп, оны мектеп тәжірибесіне енгізу. Қазіргі кезде Біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім берудің мазмұнында жаңа көзқарас жүргізілуде. Оқытудың технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Курстық жұмыстың актуальдылығы: қазіргі білім саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіби, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - бастауыш мектептегі оқу процесінде қолданылатын педагогикалық технологиялар.
Зерттеудің мақсаты - бастауыш мектептің жалпы білім мазмұнын іске асыратын жаңа педагогикалық технологияларды бастауыш сыныптарда сурет сабақтарында қолдану жолдарын және әдістерін көрсету. Бастауыш мектеп жұмыс жағдайына және мектеп тәжірибесі талабына сәйкес педагогикалық технологиялардың негізін терең оқу.
Курстық жұмысты жазу барысында алынған жаңа технологияның бірі - Дамыта оқыту технологиясын бастауыш сыныптар үшін пайдаланудың кейбір жолдары қарастырылды.
1. 1 Бейнелеу өнері - эстетикалық тәрбие берудің басты құралы.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің І - ХІ сынып оқушыларына арналған тәрбие бағдарламасында «Оқушыларға әсемдік туралы ғылым - талғам жөнінде түсініктерін қалыптастыру, талғамды қабылдауға қабілеттендіру» делінген.
Бейнелеу іс - әрекетінің негізгі маңызы мынада: ол эстетикалық тәрбиенің басты құралы болып табылады.
Эстетикалық тәрбие негізінен жеке адамның эстетикалық талғамының қалыптасуына, өнер шығармашылығына бейнеленген ақиқат құбылыстарын эстетикалық тұрғыда ұғынуды дамытуға, көркем өнерпаздық қабілеттілікке және өнер саласындағы дербестікке бағыттайды. Балаларға эстетикалық көркемдік білім берудің нәтижелі болуы үшін, білім беруі үшін, мұғалімнің өзі бейнелеу негіздері мен өзіндік ерекшеліктерін жетілдіру керек.
Эстетикалық сезім - адам өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білуге үйретеді, адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді. Оған ең жоғарғы рухани ләззаттануға мүмкіндік береді.
Қазіргі кзде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру - тәрбие барысында зейін салуды күн санап өсіруді талап ететін мәселе. Адамға тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас қуатты күш ретінде көрінеді. Баланың балғын бөбек кезінен бастап әсемдікке ұмтылуы заңдылық нәрсе. Олар әрдайым бойларына әсемдік құндылықтары бар, қатар құрбылары мен ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс - әрекеттері тиімді және саналы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Көркемдікке және сұлулыққа баға беруі үшін эстетикалық танымның маңызы зор. Эстетикалық таным, бұл - өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әсемдік пен сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармашылығына жоғарғы талап қою.
Бейнелеу іс - әрекеті процесінде эстетикалық қабылдау мен эмоцияның дамуына қолайлы жағдай жасалады. Олар болмысқа эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруға жәрдемдесетін эстетикалық сезімдерге біртіндеп ауысады. Заттардың қасиетін (формалары, құрылысы, көлемі, түрлері, кеңістіктегі орналасуы) ажырату балаларды эстетикалық сезім компоненттерін - форманы, түрді, ырғақты сезуді дамытуға жәрдемдеседі. Эстетикалық қабылдау бірінші кезекте тұтасымен затқа, оның эстетикалық бейнесіне - формасының сымбаттылығына, түрінің әдемілігіне, бөлшектің пропорциялылығына және т. б. бағытталады. Балалардың дамуының түрлі дәрежелерінде эстетикалық қабылдау әр түрлі мазмұнға ие болады. Бірақ, әсемдікті эстетикалық сезінуге қаныққан біртұтас эстетикалық қабылдау кескін жасауға әлі жеткіліксіз. Соңынан бейнеленетін затпен танысу ерекше сипатқа ие болуға тиіс. Тұтас қабылдаудан кейін балаларды бейнелеу іс- әрекетінде кескінделетін жекелей қасиеттерді бөліп қарауға алып келген жоқ. Дегенмен, қабылдауды заттың барлық маңызды қасиеттерін жиынтық түрде тұтас қамтумен аяқтап, оның бейнеленуіне, әсерлі сапаларына баға беру өте маңызды. Мысалы, қайыңды, діңінің жуандығын, бұтақтарының бағытын, олардың түр-түсін зер салып қарап отырып, оның сымбаттылығын, бұтақтардың жіңішкелігін, олардың бірқалыпты иілісін тағы да атап көрсеткен дұрыс. Мұндай кезде қайтадан эстетикалық сезім пайда болады.
Эстетикалық қабылдауды дамыту үшін затпен, құбылыспен танысу кезінде оның әсемдігін баса көрсету, образды салыстыруды пайдалану өте маңызды.
Қазіргі кездегі өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі - оқушының эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Болашақ ұрпақты эстетикалық тұрғыда тәрбиелеуде, халықаралық өнер әлемін дұрыс түйсіне білуге үйретуде бейнелеу өнерінің маңызы өте зор.
Сурет - бейнелеу өнерінің ең қарапайым, қолайлы да жедел техникасы.
Жұмыс материалдары мен техникасы. Сурет салу үшін суретшілер өте көп аспаптар мен материалдарды пайдаланады. Олардың ішіндегі бірінші және неғұрлым кең тарағаны-кәдімгі графит қарындаш. Сурет салған кезде қарындашты, жазу жазғандағыдай емес, тіпті басқаша ұстайды.
Графит қарындаштың «кәдімгі», кеңінен тараған, әркімге сәби жастан таныс қарындашқа айналғандығына онша көп бола қойған жоқ. Ежелгі римдіктердің өзіне қарындаш белгілі болған, бірақ ол тек қана күміс немесе қорғаныс қарындаш болатын. Орта ғасырда оларға қалайыдан және қалайы мен қорғасынның қорытпасынан жасалған қарындаштар қосылады. Мұндай қарындаштардың ізі пергаментте нашар сақталатын, сондықтан олар дербес жұмыстар үшін пайдалануға жарамсыз болды- олар тек алдын-ала нобайлар сызып алуға ғана пайдаланылып, кейін ол нобайлар қаламұшпен немесе қылқаламмен дұрыстап жасалады.
ХІІІ ғасырдың аяғында Европада қағаз пайда болды да мұның өзі металл қарындаштардың мүмкіндігін ұлғайтты. Бірақ олар қағаз бетінде де өте бозғылт сызықтар берді, сондықтан үлкен тиімділікке жету үшін қағазды кейде алдын-ала грунттеп отырады. Күміс қарындаштың штрихтары біршама уақыт өткеннен кейін тотығып, қызыл-қоңыр түске ие болып, бұрынғыдан айқынырақ көзге түсетін болды. Күміс қарындаш өте жіңішке штрих жасауға, форманы мұқият бейнелеп шығуға мүмкіндік берді. Ренессанстың ұлы шеберлері - Боттичелли, Гольбейн, Рафаэль және басқалар күміс қарындашты пайдаланды.
Мұндай қарындаштар кең тарай алмады. ХVІ ғасырдың ІІ жартысында Англияда графиттің табылуы бұл істе революция жасады. Металл қарындаштардың орнына неғұрлым қара түсті әрі неғұрлым арзанырақ графит қарындаштар келді. Бірақ олардың да ірі кемшілігі бар еді- ластағыш болды, қағаз бетінде онша жақсы ұсталмайтын, оп-оңай сынып қалатын. Тек ХVІІІ ғасырдың аяғында ғана француз механигі Гонте, графит ұнтағын тиімді пропорцияда сазбалшықпен араластыра отырып, біз қазір де пайдаланып жүрген қарындашты принципінде ойлап тапты. Графит қарындаштың өзіне тән ерекшелігі- оның штрихтарының металл түстес жеңіл реңкте болуы.
Графит қарындаштар қаттылығы түрліше дәрежеде үлкен мөлшерде шығарылады. Совет қарындаштарының 13 қаттылық дәрежесі бар, олардың неғұрлым қаттырақтары Т әріпімен, неғұрлым жұмсақ болса М әріпімен белгіленеді. ТМ қарындаштары орташа жағдайда ие болады. Сол сияқты шетелдік қарындаштар Н және В әріптерімен белгіленеді.
Сурет салу үшін 1М нен 5 М-ге дейінгі маркілі біршама жұмсақ қарындаштар неғұрлым ыңғайлы болады. Бұл қарындаштар түрлі жуандықтардағы сызықтарды және өте бозғылт реңктен тіпті қараға дейінгі тондық градациялар диапазоннын бере алады, бұл штрихтау немесе туштеу арқылы жасалады Туштеу үшін растушевка деп аталатын өте қарапайым аспап қолданылады. Оны өзің-ақ жасап алуға болады-бұл екі шеті ұшталған сыртқы түрі жағынан жуан қарындашты еске түсіретін, күдері терісінен немесе жұмсақ қағаздан тығыз шиыршықталған кішкентай рулон. Жай шүберекті немесе мақтаны да пайдалануға болады.
Қарындашпен жұмыс істеген кезде жақсы өшіргіш болуы керек. Өте жұмсақ өшіргіштерді суретшілер өздері дайындап алады. Бұл үшін кәдімгі өшіргішті екі күндей бензин ішінде ұстайды да, одан кейін екі сағаттай қайнаған суға піріп алады. Бірақ жұмыс істеген кезде өшіргішті шектен тыс көп пайбаланбай, яғни қарандашты қағазға жағып, өшіре бермеген жөн.
Графит қарындаштардан басқа, суретшілер итальян қарындаштары деп аталатын қарындаштарды да пайдаланады. Ол қарындаштар Ренессанс дәуірінен мәлім болған, кейде қара бор деп аталатын ерекше итальян тақтасынан жасалған. ХVІІІ - ХІХ ғасырларда орыстың Көркемсурет академиясында итальян қарындашымен сурет салу міндетті, живопиське көшуден бұрын салынатын сурет деп қаралады оны кейде түсті қағаз бетінде жасады, ал ақ дақтарды бормен немесе ақ бояумен белгілеп отырады.
ХІХ ғасырда итальян қарындаштарының орнын басқа қарындаштар басты. Мұндай қарындаштар бізде де «ретушь», »негро» және басқа аттармен шығарылады; олар да, итальян қарындаштары сияқты жылтырамайтындығымен және неғұрлым қою қара өң-түсімен ерекшеленеді. Бұл қарындаштар да бірнеше қаттылық дәрежеге ие. Олардағы бояушы заттар қызметін күйдірілген сүйек немесе газ күйесі атқарады.
Бұл қарындаштармен өте абайлап жұмыс істеген жөн, өйткені олар өшілірмейді десе де болады.
Қарындашпен сурет салуға арналған қағаз тығыз, аздап бұдыр болуға тиіс. Ең жақсы сорт- ватман сызу қағазы деп аталатын онша қолайлы емес, ол біршама борпылдақ, жұқа әрі осал. Нобайлар жасау үшін картографиялық, мүштік қағазын да пайдалануға болады.
Сурет салуда көмір де кеңінен қолданылады. Оны ерекше жолмен - талдың немесе қайыңның аршылған және жақсы кептірілген бұтақтарын құмда, ауа кірмейтін етіп жабылған ыдыста жаға отырып дайындайды.
2. 1 Зерттеулік оқыту - тұлғаны қалыптастырудың негізі
Қазiргi заман өз ғасыр дәрежесiне сәйкес өте динамикалы дамуда. Осыншама шапшаң өзгермелi заман талабына сай бiлiм беру жүйесiнiң жаңа бағыт алуы баршамызға аян. Бүгiнгi күн талабы - өзгерiстерге бейiм, кез келген проблеманы икемдiлiкпен шеше алатын, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Бұл бағытта жұмыс жасаудың тиiмдi тәсiлi - тұлғаның шығармашылық әлеуетiн ояту, яғни зерттеулiк iзденiс әрекетiне мүмкiндiктер туғызу. ХХI ғасырдың басында-ақ зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдылары тек ғалымдарға емес, ол барша адамға сөзсiз қажеттiгi айқындалды. Оқытуды зерттеушiлiк бағытта ұйымдастыру, оның теориялық идеясы мен практикасын бiрiктiру бүгiнгi психологтар мен педагогтардың мiндеттерiне жүктелгендiгiн байқауға болады. Психология және педагогика ғылымдары адам өмiрiндегi зерттеу тәртiбiнiң ролiн, жалпы бiлiм беру үдерiсiндегi зерттеулiк әдiспен оқытудың бағытын қайта қарастырып, бағалауда. Қазiргi бiлiм беру практикасында баланы зерттеу жолымен оқыту - қоршаған әлемдi тануға мүмкiндiк беретiн ең тиiмдi әдiстердiң бiрi.
Балалық зертеулер, iзденiс қажеттiлiгi оның биологиясына тән қасиет екендiгi ешкiмге таңсық емес. Зерттеу балаға тән, қалыпты жағдай . Қайсыда бiр денi сау бала зерттеушi болып туылады. . Көз алдыңызға жаңадан ойыншық алған сәбидi елестетiңiзшi! Бала бұл ойыншықты жан-жақты қарайды, упалайды, умаждайды, жапырады, тiстейдi, сәл ересектеуi - бөлшектерге бөлiп тастайды. Кез келген кезде, белгiсiз обьектiнi немесе құбылысты байқаған бала, ересектерге “Бұл не?”, ”Нелiктен?”, “Неге?” секiлдi сұрақтарын жаудырады. Өкiнiшке орай, көптеген жағдайда жауап беруге өресi жетпеген ересектер, тынышсыз “ негештермен” жұмыс жасауға зерiгедi. Баланың қажымай-талмай жаңа әсерлерге ұмтылуы, әуестiлiгi, белгелi бiр затты тәжiрибелеуге, бақылауға ынталылығы, өмiрден өздiгiнен жаңа мәлiметтер iздеуi - мұның барлығы баланың беталысының маңызды ерекшелiктерi десек қате болмас. . Бiлмегендi бiлуге деген құштарлық, үнемi зерттеу белсендiлiгi бала бойына туа бiткен қасиет. Баланың нақ осындай танымдық ынтасынан зерттеулiк бағыты қалыптасады және зерттеп оқу қажеттiлiгi туындайды. Баланың бiлуге құштарлығын қолдау және дамыту бiлiм берудегi маңыздың мәселелелердiң бiрi, ал оның шешу жолдары - оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Зерттеулiк оқыту әдiстемесi оқушының танымдық әрекеттегi субьектiлiқ позициясын ұстануына мүмкiндiк бередi. Бұл есiн, туйсiгiн iске қосу емес, ойлану механизмiн қалыптастыру. Яғни саналы ойлау арқылы танымдық-психикалық процесiн дамытады. Зерттеулiк оқыту оқушының эмпирикалық және теориялық танымының бiрiктiрiлуiмен меңгерiледi. Кез келген зерттеуде проблеманы анықтау, конструктивтi сұрақтар қою, бақылау жүргiзу, мәтiндермен жұмыс жасау арқылы ақпараттар жинақтау, оны саралау, анализдеу және тұжырым жасау әрекеттерi кiрiстiрiледi. Бұл зерттеулiк оқытудың жан-жақтылығын, әмбебап болмысын дәлелдейдi. Сол себептен зерттеу бiлiктерi мен дағдыларын меңгерген қазiргi мектеп түлегiнiң, келешекте әр түрлi әлеуметтiк - саяси жағдаяттарда икемдiлiкпен бейiмделетiндiгiне, өз көзқарасын өңдей алатындығына көз жеткiзуге болады.
Зерттеулiк оқыту барысында оқушылар теориялардың пайда болуы жөнiнде көптеген мәлiметтер жинақтайды. Н. И. Павлов “Үй кiрпiштен құралатын болса, ғылым деректерден қалыптасады”, демекшi әр кiрпiштен немесе тастан құралған үйiндi үй деп саналмайды, дәл солай кез келген деректердiң жиынтығы да ғылыми бiлiм бола алмайды. Сондықтан “ғылым” деген сөзiң мағынасы ежелден “ұйымдастырылған бiлiм ” деп түсiндiрiлген. Жас жеткiншек байқау жүргiзу немесе тәжiрибелеу нәтижесiнде алынған деректерi, болжамдары, топтастыру схемалары, тiптi айқындалған заңдары - ғылым материалдары екендiгiн жете түсiну керек. Бұларды ғылым ретiнде ұйымдастыратын - теория. Ендеше мектеп қабырғасында зерттеумен айналысқан бала жаңа ақпараттар жинақтау арқылы ғылымға алғашқы қадамын жасайды.
Мектепте оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қол жетiмдi түрi - оқушылардың ғылыми қоғамын құру. Бұл оқушыларды iзденушiлiкке баули отырып, ғылымға жетелеу арқылы шығармашылық қабiлеттерiн ашудың тиiмдi жолы. Оқушылардың ғылыми қоғамы (ОҒҚ) жас ерекшелiктерi әр түрлi, шығармашылығы мол оқушылардан құралады. ОҒҚ зерттеу бiлiктерi мен дағдыларын даму жолдарына қарай үш сатыдан құруға болады. ОҒҚ атқаратын негiзгi қызметi - оқушылардың ғылыми iзденушiлiкке қызығушылығын кеңейтуге, зертеулiк оқыту бiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыруға, әдебиеттермен жұмыс жасауды үйретуге және т. б. бағытталады. Оқу дәстүрлi сабақтан дербес арнайы тренингтер, ойындар өткiзу арқылы жүргiзiледi. ОҒҚ мұғалiм жетекшiлiк ете алады. Жетекшi мұғалiм оқыту сабақтарын ұйымдастырады, оқушылардың қызығушылығын ескере отырып ұжымдық жобалардың тақырыптарын жоспарлайды, қорытындылау жиналыстарын дайындайды, жас зерттеушiлердiң жұмыстарына мониторинг жүргiзедi.
“Негiзгi материалдарды өздiгiнен iзденуге мүмкiнiдiк берген жағдайда ғана оқушылардың бiлiмi жоғары болады. ”(Питер Клайн) . Баланың ойлау тәсiлдерiн уйрету және зерттеушiлiк мәдениетiн қалыптастыру мақсатында зерттеулiк оқытуды бастауыш мектептен бастау керек. Себебi, бастауыш мектеп баланың санасы қарқынды дамитын маңызды, қайталанбас кезең. Бастауыш мектепте бала белгiлi бiр бiлiм алып қана қоймай, ол жалпы даму, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнiнде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективтi түрде бақылау, ойын дұрыс жеткiзу, салыстыра бiлу, сөйлеу мәдениетiне үйренедi.
Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды 4 кезең арқылы көрсетуге болады:
Зерттеу iзденiсi баланың қызығушылығын арттыратын, өзiне тартып құмартатын iс. Қазiргi педагогикалық әдебиеттерде “зерттеу әдiсi”, “жобалау әдiсi” деген ұғымдар жиi кездесуде. Зерттеулiк оқыту барысында осы екi түрлi түсiнiктiң ұқсастығы мен айырмашылы неде? Зерттеу әлемiне қадам басқан кез келген балаға бұл әдiстердi ажырата бiлудiң маңызы зор. Сонымен “зерттеу жұмысы” және “жоба” ұғымдарының айырмашылығын талдап көрсетелiк. Зерттеу - риясыз шындықты iздену, ал жобалау туындаған мәселенi саналы түрде шешу. Сондықтан да зерттеу және жобалау жұмыстарының бағыты, мәнi, мазмұны да әр түрлi. Зерттеу үнемi iзденiс пен шығармашылықты қажет етедi. Себебi ол - белгiсiз, тың жол. Зерттеу барысында өзектi мәселенi шешу әрекеттерiмен қатар, көптеген кедергiлер кездеседi. Тiптi iзденiс барысында табылған жаңа ақпараттар қажетсiз немесе қауiптi, зиян болуы мүмкiн. Кейбiр зерттеулер өкiнiштi әсер де қалдырады. Зерттеушi белгiсiздiктiң шешiмiне жету үшiн, құпияның сырын ашу үшiн толығымен шығармашылықты қажет етедi. Олай болса, зерттеу - шексiз түбiрге жету қозғалысы. Ал жобалау, керiсiнше, жасалған жұмыстың нақты, қатаң атқарылуына, iс-шараларды жоспарлай бiлуге, көздеген нәтижеге жету секiлдi өмiрдегi маңызды талаптарды қалыптастырады. Жобалау әдетте шығармашылық iс, бiрақ ол шектеулi мәселенiң өзектiлiгiн шешу. Теориялық жобаны дайын алгоритмдер бойынша, репродуктивтi әдiспен орындауға болады. Яғни белгiлi графиктер, сызбалар, жобалар арқылы зерттеу жүргiзу, көрсетiлген межеге жету. Осы аталған айырмашылықты терең түсiнбеу себептерiнен кейбiр мұғалiмдер зерттеумен айналыса бастаған балаға, алдын ала жоспар құруын талап етедi, “зерттемес бұрын мақсат қой, мәнiн бiлiп ал, қандай нәтижеге жетуiң керек” деген сияқты талаптар қояды. Бұл, әрине, үнемi бақылап әдеттенген мұғалiмнiң құзыреттiлiгi жеткiлiксiздiгiн көрсетедi. Егер оқушыға зерттеу жұмысының нәтижесi белгiлi болса, онда оны iздеудiң қажеттiлiгi қанша? Оқушылар шығармашылық жұмыстарын жобалау әдiсiмен де, зерттеу әдiсiмен де жүзеге асыра алады. Қазiргi бiлiм беру практикасында осы екi ұғымды жете түсiнудiң маңыздылығы зор. Баламен зерттеп оқуды ұйымдастыра отырып, оған үлкен үмiт артудың қажетi жоқ. Егер баланың әрбiр зерттеу жұмыстары, әр жобасы көпшiлiкке неғұрлым белгiлi болса, оның зерттеп оқу iс-әрекетiнiң мотивациясы соғұрлым жоғары болады. Оқушылардың зерттеп оқу iс-әрекетiнiң нәтижесiн анықтау проблемасы сырт көзбен қарағанда жеңiл көрiнедi. Шын мәнiнде - бұл күрделi iс. Алдымен ненi нәтиже деп санауға болады, соны қарастырған жөн. Зерттеп оқу жұмыстарының барлық кезеңдерiнде негiзгi күтiлетiн нәтиже - баланың танымдық қажеттiлiктерi мен қабiлеттерiнiң дамуы екенiн анық ұғыну керек. Бұл баланың интеллектуалды және шығармашылық дамуы емес, психоәлеуметтiк өрiсiн дамыту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz