Су – өмір көзі


МАЗМҰНЫ

Аннотация3

Abstract5

Кіріспе6

Негізгі бөлім

1-тарау. Қазақстан су көздерінің қысқаша сипаттамасы. 8

2-тарау. Су, оның гигиеналық және шаруашылықтық маңызы. . . 13

3-тарау. Адам денсаулығына судың химиялық әсері20

4-тарау. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етілуі және суды ішуге жарамды ету үшін жүргізілетін үрдістер. . . 26

5-тарау. Нұра, Есіл, Тобыл су көздерінің қазіргі жай күйі . . . 30

Қорытынды . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі39

Қосымша мәліметтер

Қосымша А. 41

Қосымша В. 45

Аннотация

Мақсаты: 2004-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасына сәйкес коршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері еңгізіліп Қазақстан суларын қорғау мәселелері бойынша тиісті құжаттар әзірленіп бекітілді.

Қоршаған ортаның жай күйіне байланысты енгізілген маниторингтің бірыңғай жүйесі бар.

Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде Қазақстан суларының қазіргі жай күйі, ластану дәрежесі және экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізу жолдарын анықтау және іске асыру мақсатында осы ғылыми жоба алынды. Қазіргі уақытта су объектілерін тау-кен өндіру, металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтері қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Ертіс, Нұра, Сырдария, Іле өзендері, Балқаш көлі неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған. Менің мақсатым Солтүстік Қазақстан өзендерінің ластану деңгейін анықтап, дәлелдеу.

Гипотеза: Солтүстік Қазақстан өзендерінің ластану деңгейін анықтап, дәлелдеу. Басқа да мәліметтерді жинақтай отырып, тереңірек зерттеу.

Зерттеудің кезеңдері:

І кезеңде Қазақстан су көздерінің қысқаша сипаттамасы қарастырылады.

ІІ кезеңде су, оның гигиеналық және халықшаруашылықтық маңызы және адам денсаулығына судың химиялық әсері қарастырылады.

ІІІ кезеңде адамдардың аурулары мен су сапасы өзгерістерінің арасындағы байланыс зерттеледі.

ІV кезеңде жүргізген зерттеулерге анализ жасалды.

Зерттеу барысында ашылған жаңалықтар:

  1. Ауыз сумен қамтамасыз етілетін су құбырларының орталықтандырылған жүйелеріндегі су сапасына қойылатын талаптар мен сапалық бақылаудың жүргізілуі;
  2. Экологиялық қатерлердің алдын-алу нәтижесінде 2000-2030 жылдарға болшақтың сценарийі құрылды;
  3. Су ресурстарының тозуының және ластануының алдын-алу мәселелері бойынша зерттеу жұмысы жүргізілді. Соның нәтижесінде, судағы ірі дисперсті заттарды реагенттік өңдеумен қатар тұндыру мен сүзу арқылы судың сапасын жоарлатуға болатыны анықталды.

Зерттеу әдістемесі:

- Қазақстанның су қорларын анықтау және олардың халық шаруашылығындағы маңызы туралы мәлңметтердң жинақтау;

- Солтүстік және Орталық Қазақстан суларының гигиеналық жай-күйі туралы мәліметтермен танысу;

- Судың химиялық құрамының адам ағзасына зиянды әрекеттері туралы мәлімет жинақтау;

- Судың сапасын анықтау және суды жарамды ету үшін жүргізілетін үрдістерді анықтау;

- Болашақта жер үсті және жер асты суларының ластану дәрежесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің үрдістерін анықтау;

- Су ресурстарының тозуының алдын-алу туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;

Күтілмек нәтиже: Болашақта осы мәселені қолға алып? Оны тереңірек қарастыру. Ауыз суының адам денсаулығына әсері мен судың ластануын алдын алу.

Зерттеудің нәтижесі судың қадірін біліп, оның қаншалықты лас күйінде зиян екенін білуге мүмкіндік береді.

Abstract

Hypothesis According to Concept of ecological security in Republic of Kazakhstan on 2004-2016 years have been developed and affirmed fitting documentations as to the problems of the security of water and were entered the bases of state politics in the sphere of the protection of environment.

The stages and procedure of investigation:

There is the common entered system of control as to the state of environment.

This scientific project was chosen to determine the levels of pollution and the state of water as well, to carry out ways of achievements of ecological security of the Kazakhstan’s water. At the present time there is a intensive pollution of the objects of water by alpine procurement manufacturing, metallurgy and by chemical industry enterprises, and also, by the house employments of cities and this is the real ecological catastrophe. Generally greatly are polluted rivers, so as Irtish, Nura, Syrdariya and Ily, including, lake Balkhash. Even are polluted underground waters which are the main source of supplying population with the drinkable water.

Methods of the investigation:

With the research aim of the bases of scientific arguments of the ecological catastrophes were carried out various expertise’s, which as a result were detected dangerous factors affecting the man's health. And with this purpose were gathered materials as to the central and north parts of the water of Kazakhstan. In process of gathering of materials were used aids as to medicine ecology, scientific-research works and data on way the influence of chemical charge on human organism.

Newness of the investigation and degree of independence:

New vital possibilities and their reduction quality affects on human organism and ecosystem on the whole.

The results of the work and deductions:

I want that everybody will know about water.

The results of the investigation can be used for the people, for the study, learn and reading.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі.

Су - өмір көзі. Сусыз атмосфера оттегімен толықтырыла алмайды. Су үлкен (геологиялық ) және кіші (биохимиялық ) зат айналымына қатысады. Қазіргі көзқарас бойынша өмір суда пайда болған. Адам ағзасында 60%- дай су болады.

БҰҰ мәліметтері бойынша ХХІ ғасырда ғаламдық жылынудан гөрі судың жетіспеуі өткір мәселе болады. Су қорының жетіспеуі тек кедейлік пен мешеулікке ғана әкеліп соқпай, этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болады.

Адам су үшін тек биологиялық емес, әлеуметтік те фактор болып келеді. Биологиялық мақсат үшін адам тәулігіне 5л жұмсаса, одан басқа тағы 1500-2000 жұмсайды.

Араб әмірлігінде 1л ауызсуды 1л шикі мұнайға айырбастауға болады. Табиғи ауызсу ұлт байлығына айналып барады. Дүкендерде ауызсудың сатылуы қалыпты жағдайға ұласты.

Жер ғаламшарындағы су қоры - 1, 400 000 км з , бірақ оның көбі ащы. Су қорын пайдаланғанда оның айналым жылдамдығын ескерген жөн. Тұщы судың 70%-дайы мәңгі мұздық пен мәңгі қардың үлесінде, бірақ адам ол суды пайдалана алмайды. Бұл «өлі» табиғи су қоры. Жердің терең қойнауындағы суды да пайдалану қиын. Сондықтан адамның қолы жететін су қорының 0, 001 % ғана ішуге жарамды.

Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес.

Өзендер - республиканың негізгі су көздері. Қазақстанның көптеген өзендері, әсіресе, олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды.

Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50 000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.

Қазақстандағы суды аса көп тұтынушы - ауылшаруашылығы, екінші орында - өнеркәсіп пен энергетика, үшінші орында - қалалардың коммуналдық шаруашылығы.

Мақсаты: 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасына сәйкес коршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері еңгізіліп Қазақстан суларын қорғау мәселелері бойынша тиісті құжаттар әзірленіп бекітілді.

Қоршаған ортаның жай күйіне байланысты енгізілген маниторингтің бірыңғай жүйесі бар.

Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде Қазақстан суларының қазіргі жай күйі, ластану дәрежесі және экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізу жолдарын анықтау және іске асыру мақсатында осы ғылыми жоба алынды. Қазіргі уақытта су объектілерін тау-кен өндіру, металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтері қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Ертіс, Нұра, Сырдария, Іле өзендері, Балқаш көлі неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған. Менің мақсатым Солтүстік Қазақстан өзендерінің ластану деңгейін анықтап, дәлелдеу.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Қоршаған ортаның ластану дәрежесі туралы мәліметтерді жинақтау.
  2. Қоршаған ортаның сапа көрсеткіштеріне талдау жүргізу.
  3. Экологиялық талаптардың өзектілігін дәлелдеу.
  4. Зерттеу жобасының мақсатын анықтау, мәліметтерді құрастыру, зерттеу тәжірибелерінің элементтерін орындау.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері:

  • Таным әрекетін ұйымдастырудағы ғылыми ізденісті негіздеу жөніндегі теориялық көзқарастар.

Ғылыми деректердің немесе зерттеу нәтижелерінің дәлдігі:

  1. Табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен Солтүстік және Орталық Қазақстан суларының гигиеналық жәй-күйі мен экологиялық мәселелерін зерттеу;
  2. Ластануының қауіптілік дәрежесіне назар аудару;
  3. Адамдардың аурулары мен су сапасы өзгерістерінің арасындағы байланысты анықтау;
  4. Сулардағы денсаулық үшін қауіпті факторларды анықтау және қауіптілік дәрежесін анықтау;

Жұмыстың құрылымы мен көлемі.

Ғылыми жоба жұмысы кіріспеден, бес тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Бірінші тарау

Қазақстан Республикасы су көздерінің қысқаша сипаттамасы

Су - өмір көзі. Сусыз атмосфера оттегімен толықтырыла алмайды. Су үлкен (геологиялық ) және кіші (биохимиялық ) зат айналымына қатысады. Қазіргі көзқарас бойынша өмір суда пайда болған. Адам ағзасында 60%- дай су болады.

БҰҰ мәліметтері бойынша ХХІ ғасырда ғаламдық жылынудан гөрі судың жетіспеуі өткір мәселе болады. Су қорының жетіспеуі тек кедейлік пен мешеулікке ғана әкеліп соқпай, этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болады.

Адам су үшін тек биологиялық емес, әлеуметтік те фактор болып келеді. Биологиялық мақсат үшін адам тәулігіне 5л жұмсаса, одан басқа тағы 1500-2000 жұмсайды.

Араб әмірлігінде 1л ауызсуды 1л шикі мұнайға айырбастауға болады. Табиғи ауызсу ұлт байлығына айналып барады. Дүкендерде ауызсудың сатылуы қалыпты жағдайға ұласты.

Жер ғаламшарындағы су қоры - 1, 400 000 км з , бірақ оның көбі ащы. Су қорын пайдаланғанда оның айналым жылдамдығын ескерген жөн. Тұщы судың 70%-дайы мәңгі мұздық пен мәңгі қардың үлесінде, бірақ адам ол суды пайдалана алмайды. Бұл «өлі» табиғи су қоры. Жердің терең қойнауындағы суды да пайдалану қиын. Сондықтан адамның қолы жететін су қорының 0, 001 % ғана ішуге жарамды.

Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес.

Өзендер - республиканың негізгі су көздері. Қазақстанның көптеген өзендері, әсіресе, олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды.

Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50 000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.

Қазақстандағы суды аса көп тұтынушы - ауылшаруашылығы, екінші орында - өнеркәсіп пен энергетика, үшінші орында - қалалардың коммуналдық шаруашылығы.

Қазақстанның су қорлары

(БҰҰ Даму бағдарламасының шолуының мәлімдемесі бойынша 2005, 2008ж. ж. )

Республиканың территориясында жер беті суы біркелкі таралмаған. Тянь-Шань мен Алтай, биік тауларында өзен жүйесі тығыз - 1800 м/км 2 орналасқан. Орманды дала мен далалы аймақтарда ол 100-500 м/км 2 тең, ал шөлді аймақта-2м/км 2 құрап барып, одан нөлге дейін төмендейді. Еліміздің территориясында 39000 өзендер, уақытша су ағатын арналар мен сайлар бар.

Солтүстік Қазақстан өзендерінің негізгі сипаттамасы:

Өзендер
Ұзындығы, км
Су алабының көлемі, мың к м 2
Жалпы
Қазақстан жерінде
Жалпы
Қазақстан жерінде
Өзендер: Ертіс
Ұзындығы, км: 4248
Су алабының көлемі, мыңкм2: 1400
1592
234
Өзендер: Есіл
Ұзындығы, км: 2450
Су алабының көлемі, мыңкм2: 1781
177
123
Өзендер: Тобыл
Ұзындығы, км: 1591
Су алабының көлемі, мыңкм2: 800
426
130
Өзендер: Нұра
Ұзындығы, км: 978
Су алабының көлемі, мыңкм2: 978
71, 3
71, 3

Негізгі су шаруашылығының өзен алаптары. Қазақстанда халықаралық өзен бассейндірінің құрамдас бөлігі болып табылатын сегіз өзен бассейні бар: Ертіс, Есіл, Тобыл-Торғай, Нұра- Сарысу, Орал- Каспий, Арал-Сырдария, Шу-Талас және Балқаш-Алакөл.

Ертіс өзен бассейні . Өзеннің Қазақстандағы ұзындығы - 1200 км. Бассейн аумағының жалпы көлемі - 1, 64 млн. км 2

Бүгінде өзен суы екі жасанды канал арқылы тармақталады. Біріншісі - Ертіс-Қарағанды (ұзындығы 485 км), ал екіншісі - 2000жылдардың басында Қытай аумағында Қарамай қаласындағы мұнай өндірісі үшін салынған (ұзындығы 300 км) . Ертіс суын Астананың қажеттіліктеріне жарату үшін оны Есіл бассейнімен канал арқылы байланыстыру жобасы қарастырылып жатыр. Бұл да Ертіс өзеніне қосымша қысым болып келері сөзссіз.

Өзенді ластау факторлары: тау-кен өндірісі және ежелден келе жатқан - Семей ядролық полигонының салдары.

1. 1 сурет. Ертіс өзені

Есіл және Тобыл-Торғай өзен бассейндері . Есіл және Тобыл өзендері СҚО басталып, Ертіс өзеніне қосылып, Қазақстан-Ресей шекарасының арғы жағына ағып өтеді. Судың гидрологиялық тәртібіне байланысты су қорларын тиімді пайдалану өте қиын. Жерасты суларының қоры Есіл бассейнінің аймағында тым аз, сондықтан су қоры жетіспейді.

Екі бассейн де өндіріс қалдықтарымен және қалалардағы қалдық сулармен ластанады.

1. 2 сурет: Ертіс өзені.

1. 3 сурет. Тобыл өзені.

1. 4 сурет. Торғай өзені.

Нұра-Cарысу өзен бассейндері . Бассейн құрамындағы Нұра өзені ұзындығы 978 км, бассейн көлемі 58 100 км 2 тең. Нұра Теңіз көліне барып құяды. Мұнда аса ірі өндірістік қала - Қарағанды бар. Су қоры өте шектеулі.

Ластанудың басты көздері - өндіріс қалдықтары және канализация. Нұра өзенінің ең басты ластаушысы - Теміртаудағы карбид зауыты. Ол өнеркәсіп технология бойынша катализатор ретінде сынапты пайдаланған. Қазіргі уақытта өзен түбіне 25 т сынап жиналған.

1. 5 сурет. Нұра өзені.

1. 6 сурет. Сарысу өзені.

Екінші тарау. Су, оның гигиеналық және шаруашылықтық маңызы.

Су организмнің маңызды ққұрамдас бөлігі. Тірі организмдерде барлық химиялық реакциялар су арқылы ғана өтеді. Тұз алмасу су алмасумен тығыз байланысты.

Су зат алмасу реакцияларының белсенді қатысушысы. Ересек адамда су мөлшері оның дене салмағының 2/3(58-67%) құрайды. Адам организмнінің кейбір ұлпалары (бауыр, ми, тері) өз салмағының 70% су құрайды, басқалары (бұлшық ет, жүрек) - одан артығырақ - 76 - 80% құрайды. Қан 83% су ұстайды, басқа биологиялық сұйықтар (зәр, сілекей, тер) -95-99% жақын, лимфа - 90%, асқазан шырыны - 99, 5 % судан тұрады.

Дүниежүзілік су қорының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Су экожүйесінің ластануы түрліше жолмен жүзеге асады. Қазіргі кездегі су айдындарының ластануын былайша топтастырады:

  • биологиялық ластану: өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер мен бактериялар;
  • химиялық ластану: уытты заттар және сулы ортаның табиғи құрамын бұзатындар;
  • физикалық ластану: жылуөқызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар.

Су құрамының ластану деңгейі үнемі бақыланып отырады. Судың құрамындағы еріген әр түрлі химиялық элементтер мен бөлшектер судың ластану деңгейін арттырса, температураның ауытқуы да судың бұзылуына себепші.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) тарапынан ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткіші ұсынылған. Ал қазақстанда ауыз су сапасы мемлекеттік стандарт (2874-82) бойынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады.

Су алабы тазартылмаған ақаба сулы өзенөкөлдерге №іберу аслдарынан ластанады. Мысалы:

- тұрғын үйөкөммуналдық шаруашылықтары;

- өнеркәсіп орындары;

- ауыл шаруашылығындағы мөлшерден тыс пайдаланылған тыңайтқыштар;

Шараушылықтың басқа да салаларынан ақаба су ағын суға шығарылады.

Ағын су барып құйылатын ақаба су екі топқа: қоспалар (ерімейтіндер, коллоидтар, еритіндер) мен лас суларға (минералдық, органикалық, бактериялық, биологиялық) жіктеледі.

Пайдаланылған судың ішінде ө тұрмыстық ақаба суда 52% органикалық заттар, 42% минералды заттар болады. Өнеркәсңпте пайдаланылған су мен минтетикалық заттарды кейінгі су химиялық элементтермен ластанады. Сонымен бірге пестицид, гербицид сияқты егін шаруашылығына пайдаланылатын химялық қалдықтары бар су микрофлораға, микрофаунаға, ірі жануралар мен құстарға зиян келтіреді. Өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азықөтүлік пен тағам арқылы адам организміне де зиянды әсерін тигізеіді.

Жер бетіндегі судың жалпы мөлшері 14 млн км 3 шамасында. Бірақ қолданыста жарамды тұщы сулардың стационарлық қоры гидросфераның 0, 3% көлемін ғана алып отыр.

Біздің жер шарымызда су үнемі айналымда болады. Дүние жүзі мұхиттарының бетіне жылына шамамен 412 мың м 3 су буланады, ал оларға қайта түсетін жауын-шашын жылдық мөлшері 310 мың км3 шамасында болады.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұжымының мәліметтері бойынша күнделікті өмірде пайдаланатын ас суы сапасының төмен болуы салдарынан жыл сайын 5 млн адам өліп отырады.

Нашар сумен қамтамасыз етуіне байланысты жыл сайын 500 млн-ға дейін тұрғындардың инфекциялық ауруларға шалдығу жағдайлары кездеседі.

Осындай және болашақта туындайтын мәселелерге байланысты тұрғындарды сапасы жоғары сумен қамтамасыз ету қазіргі кезде басты мәселелердің бірі болып отыр.

Қазақстан Республикассының су пайдалану мәселелері 2003 жылғы 9шілдеде қабылданған су кодексімен реттеледі. Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құқықтық қатынастарды, сондай-ақ өкілетті мемлекеттік органдардың сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзіреттерін айқындау мақсатында әзірленген «ҚР Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң» жобасы 2009 жылы 2 қыркүйекте қабылданды. Бұл құжаттар бізге қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздерін қалыптастыруға және экология мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік берді.

Бір қала тұрғынына тәулігіне қажетті судың мөлшері мекен ету ортасының климаттық ерекшкліктері мен тұрғындардың тіршілік ету деңгейіне тәуеді. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып СНиПА-ға судың қолдану нормалары енгізілген. Бұл нормаларға тұрғын үйлер, тұрмытық-коммуникалдық қызмет көрсету және тамақтану мекемелерінің суды қолдану нормалары кіреді. Кейбір ірі қалалардың сумен қамтамасыз ету жүйелері 2 есе жоғары нормалармен шектеледі ( Алматы, Қарағанды, Астана. ) . Мұндай ірі қалаларда суды қолданудың жоғары көрсеткіші 300-500 л (бір тәулікте) .

Ауыз су әрқашан орнатылған ГОСТ мен стандарттарға сай болуы қажет. Ауыз суға арналған бірнеше стандарттар бар:

  • ГОСТ және арнайы анықталған нормаға сәйкес келетін Қазақстандық стандарт;
  • Ресей стандарты;
  • Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұжымының стандарты;
  • АҚШ және Еуропалық одаққа кіретін елдердің стандарты.

Ауыз суға қатысты Қазақстандық ГОСТ 1982 жылдан бастап өз күшіне енген болатын. Бүгінде ол жаңа нормалар толықтырылды. «Ауыз су. Ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбырларының орталықтандырылған жүйелеріндегі су сапасына» деген гигиеналық талаптар. «Сапаны қадағалау» атты 3. 02. 002. 04 СанПиН нормасы мен санитарлық ережелер жаңадан енгізілген.

Аталмыш стандарттар мен нормаларға сәйкес жоғары сапалы ауыз су терминінің астарында төмендегідей мағыны жатыр:

  • органолептикалық көрсеткіштерге сай келетін су: мөлдір., иіссіз және жағымды дәммен;
  • рН, 0-7, 5 және тығыздылығы 7 мг-экв/дм3су;
  • еселенген пайдалы минералдардың саны 1гр/л;
  • құрамында ауру тудыратын бактериялар мен вирустар мүлде жоқ су;

Осы күнгі су сапасына деген талаптар өте қатал және біздің пайдаланып отырған суымыздың таза әрі зиянсызекендігіне кепілдік беруге бағытталған.

Суды тазарту процестері қандай?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Концепт туралы түсінік
Қазіргі экология міндеттер мен биоресурстар
Табиғатты қорғаудан сынып жұмыстары
Қола дәуірі қоныстарындағы құдықтар
Пәнге түсініктеме
Оқу - мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті
Аквариум балықтары. Аквариум өсімдіктері
Аутэкология-экологияның негізгі бөлімі
Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері
Оқушыларды табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz