Өсімдіктер әлемінде кактустар мен суккуленттердің алатын орны мен маңызы



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1. 1.Экологиялық топтар,оларға анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Кактустардың кең қолданыста жүрген түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. 2. Кактустардың қолдан көбейту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2. 3. Суккуленттердің адам өмірімен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2. 4. Суккуленттің бір түрі.жүз жылдықтың жүз емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25.26
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Курстық жұмыстың өзектілігі: Өсімдіктер әлемінде кактустар мен суккуленттердің алатын орны мен маңызы және оларды табиғи емес жағадай да, яғни үй жайда қалай өсіруге болады. Және оның адамға әкелер пайдасы. Қазіргі таңда өсімдік әуесқойларының арасында кең тараған кактустар мен суккуленттер. Олардың анатомиялық, морфологиялық ерешеіктері;

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі таңда кең қолданыста жүрген кактустар мен суккуленттертүрімен танысу. Оларға қолайлы жағдай жасау арқылы көбейту және құмыраларын ауыстыру мәнісін түсіну;

Курстық жұмыстың объектісі: әуесқойлар үшін кактустар мен суккуленттерді қалай қолайлы көбейту мүмкідігі;

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: ботаника сабақтарында осы әдістерді қолдану;

Курстық жұмыстың зертеу міндеті:
––Кактустар мен суккуленттердің түрлерімен танысу;
––Оларды қолдан көбейтіп үйрену;
––Кактустар мен суккулентердің ұқсатығын ажырату;

Курстық жұмыстың зерттеу әдісі: Осы тақырыпты зерттеу барысында құмырада өсірілген кактус және суккулент түрлері, сонымен қатар ғылыми тұжырымдамалар мен кітаптар,журналдар және ғаламтор ақпараттары қолданылды;
1. Ә.Ә.Әметов « Ботаника» ЖОО арналған. Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті. 2000ж
2. Ә.Ә.Әметов «Жоғары сатыдағы өсімдіктер» ЖОО арналған. Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті.1999ж
3. «Гүлстан» Қазақстан Республикалық журал. 2009 жылғы 6 ай басыламы.
4. «Гүлстан» Қазақстан Республикалық журал. 2007 жылғы 1 ай басылмы.
5. Интернет.W.W.W.uandex kz.РГП.Казахский научно-иследовательский
Институт экологий климата «Ақтөбе 2007».
6. w.w.w.mazalia.fox.ru ғаламтор торабы.
7. П.М. Мырзақұлов Ә.Ә. Әметов «Жоғары сатыдағы өсімдіктер» ЖОО арналған. Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті. 2000ж 2 том
8. Дүние журналы // Астық өсірудегі негізгі мәселелер/ №5 2008

М А З М Ұ Н Ы :

І. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1. 1.Экологиялық топтар,оларға
анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Кактустардың кең қолданыста жүрген
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. 2. Кактустардың қолдан көбейту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2. 3. Суккуленттердің адам өмірімен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...15
2. 4. Суккуленттің бір түрі–жүз жылдықтың жүз
емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25-26
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...27

Кіріспе.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Өсімдіктер әлемінде кактустар мен
суккуленттердің алатын орны мен маңызы және оларды табиғи емес жағадай да,
яғни үй жайда қалай өсіруге болады. Және оның адамға әкелер пайдасы.
Қазіргі таңда өсімдік әуесқойларының арасында кең тараған кактустар мен
суккуленттер. Олардың анатомиялық, морфологиялық ерешеіктері;

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі таңда кең қолданыста жүрген
кактустар мен суккуленттертүрімен танысу. Оларға қолайлы жағдай жасау
арқылы көбейту және құмыраларын ауыстыру мәнісін түсіну;

Курстық жұмыстың объектісі: әуесқойлар үшін кактустар мен
суккуленттерді қалай қолайлы көбейту мүмкідігі;

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: ботаника сабақтарында осы әдістерді
қолдану;

Курстық жұмыстың зертеу міндеті:
––Кактустар мен суккуленттердің түрлерімен танысу;
––Оларды қолдан көбейтіп үйрену;
––Кактустар мен суккулентердің ұқсатығын ажырату;

Курстық жұмыстың зерттеу әдісі: Осы тақырыпты зерттеу барысында
құмырада өсірілген кактус және суккулент түрлері, сонымен қатар ғылыми
тұжырымдамалар мен кітаптар,журналдар және ғаламтор ақпараттары қолданылды;

1. 1.Экологиялық топтар,оларға анықтама
Біздің планетамыздағы континнентер 150 млн.км.кв. жерді алып жатады.
Олардың көпшілігін өсімдіктер жауып тұрады. Тіптен климаты ең қатал
шөлдердің өзінде өсімдіктедің тіршілігі тоқтамайды. Тек полюстердің мұз
басқан кеңістіктері мен таулардың ең биік шыңдарында ғана өсімдік
болмайды.
Өсімдіктің сырт кескіні, ол жекелеген өсімдіктің сыртқы ортаның
әртүрлі жағдайына бейімделушілігін көрсететін тіршілік формалары болады.
Сыртқы ортаның қандай да бір факторына бейімделген, формалар түзуде
маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі.
Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді мынадай топтарға бөлінеді:
Мезофиттер деп ылғадылығы жеткілікті, әрі бірқалыпты болып келетін
жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтамыз.
Гидрофиттерге суда өсетін өсімдіктер жатады. Олардың біреулері
толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батыптұрады. Олар не судың түбіне
бекініп тұрады.
Гиггрофиттер ауаның ылғалдығы жоғары болатын жерлерде өсетін
өсімдіктер, олардың суды булануын шектеуге арналған бейімделушілігі
болмайды.
Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін жерлеріде өмір
сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі
бейімделушіліктер тән. Кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықшасының
қалың болуы, түктерінің қалың болуы, устьица аппартатының ойыстау жерде
орналасуы, ұлпаларының ұсақ клеткалы болып келуі, клетка қабықшасының
сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға
ұшырауы және т.б. Кейбір өсімдіктердің тамырына немесе жапырақтарына
көптеген мөлшерде су жинайды. Жақсы жетілген тамыр системасын түзеді. Ондай
өсімдіктерге неігізінен мысал бола алатын кактустар мен суккуленттер болып
табылады.
Суккуленттер сабағы қысқа болып келетін жапырақтары жиналып жертаған
түзеді, жіңішке,көп жағдайда жуан, етжеңді болып еледі. Гүлдері үлкен
гүлшоғыры масақтарға және сыпырғыларға жиналады; қосжынысты, сирек
даражынысты, актиноморфты немесе аздап зигоморфты гүлсерігі күлте
жапырақшалардан тұрады. Біреулерінің күлте жапырақшалары бос орналасады,
ал екіншілернікі бірікккен болып келеді, аталықтары екі шеңбер түзеді және
олар жапырақшаларымен бірігіп кетеді. Гүлтүйіні жоғарғы немесе төменгі,
әдетте үш ұялы, жатынының түзілуі орталық бұрыштамалы, тұқым бүршігі көп
немесе біреу болып келеді. Жемістері қауашақтар және жидектер.
Кактус -өсімдіктері. Өсімдіктің сырт пішіні мен ішкі құрылысына оны
қоршап тұрған ортаның қалай әсер ететіні түсіну үшін кактусты мысалға алуға
болады. Қуаңшылыққа икемделген бұл өсімдікттердің бір ерекшелігі — олардың
денесінде су қоры жиналып сақталатын орын болады. Біз сөз етіп отырған
кактус өсімдігі де шөлді өңірлерде өсетін, қуаңшылыққа ерекше биімделген
өсімдікке жатады. Бір дана кактус өсімдігінің құрамындағы су қоры кейде 40-
50 литрге жетеді.

ІІ.Негізгі бөлім
2. 1. Кактустардың кең қолданыста жүрген түрлері

Кактустың 3500-ге жуық түрілері бар. Олар негізінен экватор
бойындағы(Оңтүстік және Солтүстік Америкада) шөлді құмдарда, тасты
жондарда, биік құздардың, жартастардың жарықтарында, құнарсыз әк тастары
бар топырақтарында өседі.
Орталық Америкада жауын- шашын тым аз болады. Бұл жерлерде құрғақ
ауалы мерзім августан(кейде майдан) казанға дейін созылады. Қазаннан
мамырға дейін жауған жауын -шашынның жалпы саны жылына 200-250 мм аспайды.
Кейбір қуаншылық жылдары жауын-шашын тек қана 100 мм болады.
Кактус өсімдіктері тек құмды, тасты жерлерде ғана емес , сонымен
бірге Бразилия, Колумбия, Перу, Боливия сияқты елдердің мәңгі жасыл
тропиктік ормандарында өсетін көптеген түрлері кездеседі. Оның осы
жерлерде, ағаштың бұтақтарында , жартастардың күн жақ ашық жерлерінде
өсетін түрлерін ботаника тілінде эпифитті кактустар деп атайды.
Кактустар әдемі гүл өсімдіктер қатарына жатады.
Гүлдерінің көз тартарлықтай әдемілігін ескермегенде оның алуан түрлі
сүйкімді ( ваниль, алма, магнолия, жидек т.б) иістері болады. Бұл ғажап
иістер кактустың тікен басқан сырт көрінісімен үйлесе қоймайды. Жергілікті
халықтар кактустардың жемісін пайдаланады. Оның үлкендігі бұршақтай және
тауықтың жұмыртқасындай жемістерін халық шикілей де, пісіріп те, кептірген
күйінде де жей береді. Олардың кейбіреулерінің , яғни церустің балғын
сабағынан салат жасайды. Церустерден жүрек ауруына қарсы дәрі әзірлейді.
Кактустардың осындай қасиетіне және күтімді көп керек етпейтініне
байланысты көптеген жерлерде өсіреді. Қазақстанның оңтүстік аудандарында
ашық ауада да өсіріледі.
Кактустардың жуан да етті сабақтары алуан түрлі болады. Олардың ішінен
биіктігі бірнеше сантиметрден бір жарым метрге жететін бағана, шар
тәрізді түрлерін немесе бунақталған бұтақты түрлерін кездестіруге болады.
Олар тегіс те, қырлы да, шұқырлы да бола береді. Кактус сабағының
жапыраққа ұқсаған жалпақ түрлері де бар. Кактустың басым көпшілігінде
жапырақ болмайды. Оның орнына түсі және ұзындығы әртүрлі тікендер мен
қылтанақтардың ылғал мен жылудың сақталуына жәрдемдеседі және өмімдікке
көрік беріп тұрады. Ал перейская деп аталатын кактустар әдетте жапырақты
болады. Ондай жапырақтардың пішіні лимон өсімдігінің жапырағына ұқсайды.
Гүл әуесқойлары көбірек өсіретін кактустар 3 топқа бөлінеді. Олар:
перейская, опунция, церус топтары деп аталады. Перейская тобына сабағы
дөңгелек, жапырағы жалпақ ағаштар мен бұталар жатады. Бұлар үйде көп
өсіріле бермейді. Опунция тобына етті де жуан, кейде жалпақ не
дөңгелек, бунақталған сабағы бар бұталар жатады. Олардың жапырақтары
ерте түсіп қалады. Үйде өсіргенде гүлдемейді. Өздері тікенекті келеді.
Суыққа төзімді болады. Сондықтан еліміздің оңтүстігінде – Қырымда,
Кавказда, Түркменстанда кактус опунция ашық ауада өседі. Ұсақ түкті және
ақ түкті опунцияның екі түрі ғана үйде өсіріледі.
Кактус өсімдігіне әуестенген гүл әуесқойлары опунцияның түкті сабақты,
көп тікенді, жұлдыз тікенді өте көрікті түрлерін өсірулері қажет.Цереус
тобына оның бірінен бірінің едәуір айырмашылығы бар туыстары жатады. Бұлар
Оңтүстік Американың орталық және шығыс аймақтарында кездеседі. Өздері
бұтақты, қырлы болады, қырларын тікен жауып тұрады. Үйде цереустың мынадай
түрлерін өсіруге болады.
Б а у м е н ц е р е у с і . Шыққан жері- Перу. Биіктігі 2 м
дейін, сабағы бағанаға ұқсас. Гүлі түтік тәрізді, түсі күрең сары, ұзындығы
6-7 см жетеді. Жемісі қызыл түсті, ірі.
І р і г ү л д і ц е р е у с і. Болмаса түн падишасы. Сабағы
шырмалған төрт қырлы болды. Тікендері ұсақ келеді. Гүлінің диаметрі 20 см
түтік тәрізді, күлтелері бірнешеу, түсі ақ, ваниль иісті, күнде кешке қарай
бірнеше сағат бойы гүлдеп тұрады.
Алып цереусі. Мұның биіктігі 15м. Сабағы бағана тәрізді,
бұтақтанған болады. Қыры онша өткір емес, тікендері шоқтанып бітеді. Ірі
қызғылт гүлдеріне жұмыртқа сияқты жеміс байланады.
Мөлдір цереус . Бұл – Бразилиядан тараған биіктігі 3 м, жуандығы 35
см жететін өсімдік, 6-7 қырлы тікенді, түсі ақ, гүлдері өте ірі. Жемістері
күрең қызыл түске боялады.
Филлокактустар. Орталық және Оңтүстік Американың ормандарындарында
кездеседі. Үй жағдайына көнгіш. Көбіне қызыл, ақ қызғылт гүлді гибрид
болып келеді. Әдетте көктемде, кейде екінші рет күзде гүлдейді. Сабағы
бунақталған жалпақ және үш қырлы болып келеді. Воронка тәрізді ірі гүлдері
осы қырларына бітеді. Көптеген филлокактустардың ішінде Аккерман және Гукер
сортты филлокактустарды өсіруге болады.
Филлокактустарды тұқымы арқылы да көбейтуге болады. Ол үшін
гүлдерді қолдан тозаңдандырады.
Жемісі жұмыртқаның үлкендігіндей. Оны жеуге болады. Себуге қажетті
тұқымдарды жемістерден айырып алып, сол бойда егу керек.
Тозаңдандырғанда еске алатын бір жайт мынадай. Филлокактус
өсімдіктері тоғыспалып тозаңдандыруды қажет етеді. Ол үшін әр түсті
гүлі бар өсімдіктерді ғана бір- бірімен тозаңдандырады. Ол үшін әр түсті
гүлі бар өсімдіктерді өзара будандастыруға болмайды. Өйткені өзара
будандастырылса жеміс байламайды.
Эпифиллюмдер .Үйде көп өсіріледі, мұны кейде эпифиллюм трункатум деп
те атайды. Сырт пішіні филлокактустерге ұқсайды, бірақ аласа болады. Қазан
− қаңтар айларында гүлдейді.
Эхинокактустер немесе кірпі кактус. Мексикада таралған бұл өсімдік
шарға немесе цилиндрге ұқсас. Сабағы қырлы, қатты тікендері топтанып,
қырларына өседі. Үй жағдайында оның мынадай түрлері кездеседі: жылтыр
эхинокактус, оның тікендері қайқиған, қыры жалпақ, өздері шағын болады.
Висицени эхинокактусының қырына жанаса орналасқан бүртіктеріне қызыл қоңыр
тікендер өседі; Грузия эхинокактусы, шар тәрізді домалақ келеді, сабағы 17-
20 қырлы, тікендері сары болады; скоп эхинокактусының кішкене бүртіктеріне
ақ тікен шығады, гүлі қызғылт болады.
Алып кірпігүл
Эхинокірпігүлі (Echinokaktus) − дүние жзіндегі ең үлкен кірпігүл.
Кейбіреуінің диаметрі−1,5м жетеді. Биіктігі ұзынырақ болуы мүмкін, бірақ
олар негізінен шар тәріздес болады. Бұл туысты 1827 жылы Генрих Линк пен
Кристофер Отта жеке туыс ретінде сипаттап жазған болатын. Оған дейін оны
Мелокірпігүлі (Melocactus) туысына жатқызатын. XIX ғасырда Эхинокірпігүлі
туысына 100-ге жуық түр кірсе, қазір ол жинақталып тек он шақты түрден
тұрады.
Екінші атымен айтқанда barrelcactus- күбі кірпігүлі. Жасы жүз жылдан
асқан күбірлердің салмағы бірнеше тоннаға жетеді.
Гигант кірпігүлдің тікенектері өте қауіпті болуы мүмкін. Табиғатта
алып кірпігүлдер Техаста, Солтүстік-Шығыс Мексикада өседі. Бұл жерде
осындай тікенектілерге жылқылар көп жарақаттанады екен. Осыған байланысты
жергілікті халық оны жылқыны жаралаушы деп атап кеткен.
Эхинокірпігүлі қабырғаларға бөлінген, оның саны 30 шақты. Оларды
тізіліп сары тікендері қаптайды. Сондықтан оны кейде алтын шар дейді. Ал
эхино атауы кірпішешенге ұқсатып қойылған, яғни латынша echinus-
кірпі деп аударылады.
Тікенектері өте ұзын, үшкір, қатты болады. Зерттеушілер
эхинокірпігүлінің осы тікенектері арқылы жел соққанда заряд пайда болады
және осы зарядтар тамырға барып, құрғақ топырақтан суды жинауға көмектеседі
дейді.
Бөлмеде өскен өсімдік тек үлкейгенде ғана гүлдейді. Ал олар өте ақырын
өседі.
Кейбір кірпігүлдерде соның ішінде эхинокірпігүлге жұмсақ тікенекті
домалақ қалпақ орналасқан. Ғалымдар оны цефалия (грекше cephalus-бас) деп
атайды. Осы қалпақтан гүлдері шығады. Бұндай қызықты зерттеушілер
эволюцияда тікенектілердің гүлдейтін және ұрық беретін жеке мүше жасау
қабілеті деп түсіндіреді.
Көктемнің соңында және жазда топырақ түгелдей құрғағаннан кейін су
құяды. Сонымен қатар 2 аптада бір рет жеңіл суперфосфат қоспасын қосады.
Қыста және көктемнің басында мүлдем суғарылмайды. Тұқымдарымен немесе
үстінен өсетін өскіндерімен көбейтеді.
Опунция
Опунция (Opuntia)- өзінің аюдың құлағына ұқсас пішінімен танымал
кірпігүл. Оны ең көп таралған кірпігүлдерге жатқызады. Бұл тікенекті гүлдің
туысында 200-ден астам түр бар. Атауы Еуропада ең алғаш 1754 жылғы
баспаларда кездеседі. Опунция сөзі жалпы грек тілінен алынған деседі.
Себебі Грецияда тікенекті өсімдіктер өсетін Lokris Opuntia деген жер бар.
Отаны – Мексика, Перу, Чили елдері. Мексиканың елтаңбасында опунция
белгіленген. Қазір кірпігүл Америкадан таралып, Антрактидадан басқа жер
шарының барлық континенттерінде кездеседі.
Мексика халқы опунция мен кашенильдан кармин деп аталатын бояғыш зат
алады. Бұл құпияны олар 1785 жылға дейін сақтаған болатын. XIX ғасырда
карминді кірпігүлге бітенің кошениль деген түрін жұқартып жасаған. Бояу алу
үшін осындай мақсатта оны Аустралияға апарған болатын. Бұл жерде олар ез
таралып, бойы 1,5 м жететін адам баспайтын тоғайлар жасады. Оны кейін тек
күйе көбелектердің көмегімен ғана жоюды қолға алды. Уақыт өте карминнің
орнына жаңа синтетикалық бояғыштар келді. Оған қарамастан қазірдің өзінде
Мексика және Үндістан елдерінде карминмен боялған заттарды табуға болады.
Кірпігүлдерді зерттеген ғалымның бірі – Л.Бербанк опунцияның тікені
жоқ түрін шығарды. Оның негізгі мақсаты бұндай өсімдікпен малды азықтандыру
болатын. Бірақ ол орындалмай қалды. Төрт түлікке бұл экзотикалық өсімдік
жақпай қалды.
Опунцияны басқа кірпігүлдерден оңай ажыратуға болады. Оның аю
құлақтары алыстан көрінеді. Жеке құлақтары шелпекке ұқсайды. Олар қалың,
етті болғандықтан үлкен жапырақтар тәрізді. Бірақ олардың негізгі
жапырақтары цилиндр тәрізді таяқтар. Оны кейбірде жас өскіншелерде ғана
көруге болады және олар тез түсіп қалады. Тікенектерінің екі түрі бар.
Біріншісі үлкен инелерге ұқсайды.
Екіншісі өте кішкентай, көзге көрінбейді. Оларды глохидия деп атайды.
Ұсақтығына қарамастан бұндай тікенектер өте қауіпті, терігекіргеннен кейін
алу қиын. Опунцияның чолла деп аталатын түрлері де бар. Чолланың ерекшелігі
егер инесі теріге кірсе, ол шелпегімен жұлынып кетеді. Сондықтан
мексикалықтар оны секіретін кірпігүл дейді. Ал олардың тікенегін алу
мүмкін емес.
Опунцияның өмірі біткеннен кейін де инелері қауіпті, тіпті олар аяқ
киімді тесіп кете алады. Табиғатта тышқандар үңгірлерін чоллалармен
қоршайды. Сонда койот сияқты жыртқыштар оларды мазаламайды.
Қазақстанда оны тек үй жағдайында өсіреді. Өкінішке орай олардың
көбісі гүлдемейді, бірақ ұрық беруі мүмкін. Опунция күнді жақсы көреді.
Суды сирек құяды, ал қыста суғару тоқтатылады. Топырағына жапырақ
үгінділері, сазбен құм қосылады. Жыл сайын топырағын ауыстырып, қайта
отырғызуға болады.
Қызыл жемістері шығады. Оларды кейбір елдер тағам ретінде қолданады.
Опунцияның бұндай түріне фикусиндика жатады. Оны индиялық инжир,
тікенекті алмұрт деп атайды. Құрғақшылық кезде басқа өсімдіктер қурағанда
опунция негізгі тамаққа айналады.

2. 2. Кактустардың қолдан көбейту жолдары
Кактусты тұқымынан да, вегетативтік жолмен де көбейтуге болады.
Кактус тұқымын көмір ұнтағы қосылған жеңіл топыраққа егеді. Егер тұқым
ірі болса, үстін топырақпен биіктетіп жабады. Тұқым ұсақ болса, онда үстін
жаппасада болады. Осыдан кейін топырақты жылы сумен ылғалдап, ыдыстың
үстін әйнекпен жабады да, жылы жерге қояды. Тұқым өсе бастаанша ыдысты
қарңғы жерге қойғын жөн. Бірақ топырақ құрғап қалмайтын болсын.
Тұқым өсе бастаған бойда әйнекті ашып, желдетеді. Ол үшінәйнек пен
ыдысың арасында тіреу орнаылады. Суаруды сиретеді. Өсімдікке түсетін
сәуле тым жарық болмауы үшін әйнекті әкпен майлайды немесе папирос
қағазымен орап қояды.
Екпе көшекте тікен шыға бастаған езде, оны көшіріп басқа жерге
отырғызады. Отырғызылатын топырағының құрамында 3 үлес жапырақ топырпақ,
І үлес шым топырақ, 2 үлес құм және көірдің ірі бөлшектері, 5-10% көмір
ұнтағы болады. өсімдікті бір күн бойы суармайды, күн көзінен қалқалақтап,
үш күн бойы әйнекті ашпстан ылғалыды ауада ұстайды.
Опунция басқа кактустарды бір жаз ішінде бір не екі рет көшіріп
отырғызуға болады.
Себілген тұқым 5−7 күннен кейін, ал кейде одан да ертерек өсе
бастайды. Жылу мен ылғалы жеткіліксіз болса тұқым бір айға дейін өнбей жата
беруі мүмкін. Сондықтан өсіп шыққан өсімдік егілген тұқымның санынан кем
екендігін байқаған гүл өсірушілер топырақты көпке дейін қозғамайды.
Тұқымды, әдетте , сәуір − мамыр айларында егеді. Тұқымынан өскен жас
өсімдіктер күзгі суыққа дейін үлгеруі үшін тұқымды кейде ақпан − мамыр
айларында себеді. Ол үшін тұқым егілген ыдыстарды қоятын жылы орын болуы
керек.
Егер кактус тұқым тауып алу мүмкін болса, онда қалемше дайындау
керек. Қалемшеге кактустың жанама бұтақтарының ұшынан кесіп алынады.
өсімдік тым қартайса , немесе оның тамыры шіри бастаса қалемше ретінде
оның негізгі сабғының ұшын пайдалануға болады. Өсімдіктің кесілген жерін
күннің көзіне немесе сипирт жалынына ұстап кептіреді де, бетіне көмір
ұнтағын себеді. Кесіліп алынған қалемшені 7−10 күндей желге қақтырып
кептіреді. Сонан соң қалемшенің кесілген жерінде жұқа жылтыр қабыршақ
пайда блады. Бұл қалемшенің отырғыза беруге келгенін көрсетеді.
Қалемшені әдетте топырақа таяз етіп 1 см тереңдікке көмеді. Ал
опунцияны мүмкіншілігінше тереңірек көмген жөн. Отырғызылған қлемше
орнықты тұруы үшін оны қазыққа байлап қояды. Топырақты ылғалдап, үстін
әйнекпен жабады да күннің көзі түсетіндей етіп жылы жерге қояды. Қалемше
тмырларына бастағанша сирек суарып тұрады.
Қалемшелеуге қолайлы мерзім көктем мен жаздың алғашқы айы. Бұл мерзім
ішінде қалемшені отырғызып үлгере алмаса оны күзде не қыста кесіп алып,
әбден, кептіртірген соң,құмға көміп қояды. Мұндай қалемше көктемде
отырғызылса да өсе береді. Жас өсімдіктерді тез өсіру керек болса, емесе
өсімдіктің тамыры шіри бастаса немесе әдемі будан алу керек болса, одан
кактустерді уаластырады. Уаластырылатын өсімдіктерің жуандығы мен
балғындылығы бірдей болуы қажет.
Тілуші өсімдіктерді тиісті жерінен өткір бәкіні бір сермеп кесіп
тастайды. Тілінушімен бірігіп өскенше оның кесілген жері сола бастауы
мүмкін. Әдетте телуші мен тілінуші жанасатын жеріндегі қабығын жұқалап
алып тастайды да екеуін тезірек беттестіре қояды. Содан соң жұмсақ жіппен
немесе рзинкамен екеуін жалғап байлап жылулығы 20°−26° жерге қояды.
Өсімдіктің үстін әйнекпен жабады да, күннің сәулесі тікелей түспейтін
орынға қояды. Осы айтылғандар дұрыс орындалса ішінде өсімдіктің екі бөлігі
бірігіп өсіп кетеді.
Жақсы жетілген өсімдік күтімді көп тілемейді. Дегенмен
кактустарды,басқа өсімдіктердей, бір орнынан екінші орынға қозғай беруге
болмайды. Кактус өсімдігін жиі−жиі суарып, қоректендіре беру де зиян.
Эхинокактустар мен эхинопистерді отырғызатын ыдыстың беті кеңірек болу
керек.
Кактустарды үш жасқа дейін жыл сайын қайта отырғызады. Үш жасқа толған
кактусты жыл аралатып барып көшіру керек. Эхинопистерді гүлдей бастамасы үш
жылда бір рет қайта отырғызуға болады. Ал эпифиллюмді гүлдеп болғаннан соң
жыл айн қайта отырғызыды.
Ірі кактустар үшін керекті топырақтың құрамы мынадай болады: 2 үлесі
шым топырақ, 2 үлесі жапырақ− топырақ, 1 үлесі аздап араласқан құм.
Кактустарды жиі суаруға болмайды. Жас кактустарды аптасына,
ересектерін − екі аптада бір рет суарса жетеді. өте жиі суарылған кактус
әдетте гүлдемейді. Қыста айына екі рет, көктемде 10−12 күнге бір рет суарып
тұру керек.
Топырақтың аса құрғап кетуі өсімдікке зақым келтіреді. Сондықтан
топырақты қопсытып тұрған дұрыс.
Алматы ботаника бағында кактустарды күнге таңертең, қыс
айларында−аптасында бір рет суарып отырады. Бұл ауа райының ыстық құрғақ
болуына байланысты жүргзіледі.
Кактус өсімдіктерінің биологиясын жақсы білу үшін және оларды
өсірудің әдістерін үйрену үшін және оларды өсірудің әдістерін үйрену үшін
Москва, Лененград,Рига сияқты үлкен қалаларда кактус өсірушілер клубтары
ұйымдастырылған.

2. 3. Суккуленттер адам өмірімен байланысы

Алоэ. Алоэ оңтүстік Африканың шөлдерінде өсетін қуаншылыққа төзімді
өсімдік. Ол үйде көп өсіріледі, бірақ тым сирек гүлдейді. Жапырағы етті,
шырынды түсі күңгірт жасыл таспаға ұқсас. Сабағы кейде сүректі болады. Гүл
өсіруші әуесқойлар бұл өсімдікті әсіресе дәрілік қасиеті үшін көбірек
қсиеті үшін көбірек өсіріледі. Алоэ өсімдігінің шырыны қазіргі уақытта
көптеген ауруларды емдеу қолданылады.
Көктем айларындағы ылғалдың көптігі алоэға зияны келтіре қоймайды.
Мұның есесіне қыс айларында аздаған артық судың өзі өсімдік тамырына
зиянды әсер етеді. Сондықтан қыстыгүні өсімдікті жылығы 8−12°жерге орнатып
аптасына, не он күн сайын суарып тұрған дұрыс.
Басқа өсімдіктер сияқты алоэ да жаз айларында жарық жеткілікт және ауа
таза болуын қажет етеді. Солтүстік жақтағы терезенің алдында тұрып та өсе
береді.
Екі−үш жыл өткеннен кейін көктемде өсімдік көшіріліп отырғызылады.
Көшіріліп отырғызылады. Көшіріп отырғызылатын топырақтың өте құнарлы болуы
шарт емес. Ол үшін бақшадағы, ауладағы топырақты қолдана беруге болады.
Ондай топыраққа аздап кірпіш және көмір ұнтағын қосады. Мұндай топырақта
өсімдік жақсы өседі.
Өсімдікті көбейтудің ең тиімді де жеңіл тәсілі − жас өркен алоэны
бөліп алып алып өсіру. Бұл − ерекше күтімді керек етпейтін тәсіл. Егер
өсімдікті тұқымын ақпан айының орта шеиінде себеді себеді. өсіп шыққан
көкті жайлап суарып өсіреді. өсіп шыққан көкті жайлап суарып өсіреді.
Көктем айларында алоэны қалемшелеуге болады. Ол үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ксерофиттер - құрғақ мекендейтін өсімдіктер
Өсімдіктердің қоршаған орта факторларына төзімділігі
Өсімдіктердің мерзімді дамуы және фитоценоздың ерекшеліктері
Аустралияның табиғат зоналары
Өсімдіктердің суыққа төзімділігі
Қоршаған ортаның жағымсыз факторларына өсімдіктердің бейімделу механизмдері (адаптация)
Ағаш бұтақтарын дұрыс кесу
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер физиологиясы
Өсімдік ұлпасының түрлерінің жіктелуі
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет ғұрыптарды қалыптастыра отыру
Пәндер