Пребиотиктермен байытылған жаңа сүт тағамын алу


Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Бет
№:
Мазмұны: Кіріспе- - - - - - - - - - - - - - - - - - -
Бет: 2-3
№:
Мазмұны:
Бет:
№: 1. 1
Мазмұны: Лактулоза- биогенді қосылыс - - - - - - - - - - -
Бет: 4
№: 1. 2
Мазмұны: Пребиотиктер-бифидус факторлар - - - - - - - - - -
Бет: 4-5
№: 1. 3
Мазмұны: Лактулозаның физико-химиялық қасиеті - - - - - - -
Бет: 5-8
№: 1. 4
Мазмұны: Лактулозаның физиологиялық қасиеті - - - - - - - -
Бет: 9-16
№:
Мазмұны:
Бет:
№: 2
Мазмұны: Материалдар мен зерттеу әдістері
Бет:
№: 2. 1
Мазмұны:

Түйе және сиыр сүтінің физико-химиялық қасиеттерінің

салыстырмалы мінездемесі - - - - - - - - - - -

Бет: 17-23
№: 3.
Мазмұны: Зерттеу нысанасының әдістері
Бет:
№: 3. 1
Мазмұны: Зерттеу нысанасы - - - - - - - - - - -- - - - -
Бет: 24
№: 3. 2
Мазмұны: Сүттің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу - - - - -
Бет: 24
№:
Мазмұны:
Бет:
№:
Мазмұны:
Бет:
№:

4.

4. 1

Мазмұны:

Зерттеу нәтижелері және оларды талдау

Сиыр және түйе сүтінің химиялық қасиетін анықтау - - -

Бет: 25-26
№: 4. 2
Мазмұны: Сиыр және түйе сүтінің физикалық қасиетін анықтау - - -
Бет: 26-27
№:

4. 3

4. 3. 1

4. 3. 2

Мазмұны:

Сиыр және түйе сүтінің ферментация процесін зерттеу

Пребиотикпен байытылған сиыр сүтінің ферментация - -

процесін зерттеу

Пребиотикпен байытылған түйе сүтінің ферментация - -

процесін зерттеу

Бет:

27-28

28-29

№:
Мазмұны:
Бет:
№:
Мазмұны:
Бет:
№:
Мазмұны: Қорытынды- - - - - - - - - - - - - - - - -
Бет: 30
№:
Мазмұны: Әдебиеттер тізімі- - - - - - - - - - - - - - -
Бет: 31
№:
Мазмұны:
Бет:
№:
Мазмұны:
Бет:

Кіріспе

Қазіргі кезде дүние жүзіндегі дамыған мемелекеттерде функционалды тамақтануды жоғары деңгейінде қарастырыруда. Функционалды тамақтанудан балалардың қалыпты өсуі мен дамуы, аурудың алдын алуға, жұмыс белсенділігін арттыруға және халықтың жасын ұзартуға, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасалатындығы дәлелденді.

Қазақстандағы халықтардың функционалды тамақтануы да негізгі мәселе болып отыр. Бірақ, халықтың денсаулығының жағымсыз түрлі әсерлерден өзгеру тенденциясының бұлай етек алуы, экономика дамуының тұрақсыздығы және дұрыс қалыптаспаған экологиялық жағдайдан екендігі бәрімізге мәлім. Организмнің физиологиялық қажеттілігін өтеу үшін қорекпен, энергиямен қамтамасыз ету, аурудың алдын алу және емдеу мақсатында негізгі технологиямен өндірілген жаңа, сапалы өнімдер қажет. Ауру организмді емдеуге қажетті түрлі дәрілік препараттарды алмастыратын, функционалды өнімдерге сұраныс дүниежүзінде арта түсуде. Адамның денсаулығын сақтауда, ішек микрофлорасының дұрыс қалыптасуы мен жұмыс істеуіне көп көңіл бөлінуде. Осы мақсатта пробиотиктер (қалыпты ішек микрофлора биопрепараттары:), бифидо- және лактобактериалды заттар, пребиотиктер(осы пробиотиктердің өсуін қолдайтын, ас қорыту органындағы ферметтерге тұрақты биогенді қосылыс) немесе синбиотиктер(про-және пребиотиктердің жиынтығы) қолданылуда. Жалпы пребиотиктерге лактулоза, тағам талшықтары және олигосахаридтер жатады.

Қазіргі кезде функционалды тағамдардың дамуы 1990 жылдардағы компьютер технологиясының дамуымен бірдей. Оған мына мәліметтер дәлел: 1995 жылы «для здоровья» азық-түліктерінің даму көлемі 10 млрд доллар. Тек АҚШ-та 2000 жылы 15 млрд. доллар, ал 2002 жылы 33 млрд. долларға тең болды. Функционалды тамақтанудың қазіргі кезднгі табысы АҚШ-қа 100 млрд. доллар алып келеді. Ол әлемдік тағам нарығының 5% құрайды. Болжам бойынша 2010 жылы бұл нарық Европада барлық қолданылатын азық-түліктің 30%-дан артығын құрайды. Бұл мәліметтер біздің еліміздегі функционалды тамақтану индустриясының даму бағытын көрсетеді. Функционалды тамақтану саласындағы Ресей мамандары бұл нарық қанат жайып келе жатқанын айтады. Мұны байқаған көптеген азық-түлік индустрия ұжымдарының басшылары денсаулыққа қажетті азық-түлік өндірісін дамушы орынға қойды. Бұл дамушылық неге байланысты? Мамандар оған мына себепті айтады: «Денсаулықты сақтау үшін кеткен қаражаттың өсуі, Батыс елдердегі тұрғындардың тез қартаюы, халықтың денсаулықтың маңыздылығын түсінуі, аурудың алдын алуға тырысуы, кейбір ингридиенттердің денсаулыққа пайдалы екенін ғылыми түрде дәлелденуі; » Денсаулық сақтау бағдарламасын қаржыландырып отырған финансистер, денсаулықты жақсартуда функционалды тамақтың технологиясынан тиімді жол жоқ деуде. Денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулық сақтау механизмінің ролін атқаруда. Аталмыш министрліктің ұсынған бағдарламасының негізін функционалдық тағамдық қоспалары құрайды, олардың көпшілігі ішек микрофлорасын қалпына клтіруге негізделген.

Жапондардың функционалды тамақтану туралы бағдарламасы 25 функционалды қоспалардан тұрады, оның 19-ы тікелей микрофлорамен байланысты, тек біреуі(пробиотик), лактобацилла штамы « LGG», ал қалғаны пребиотиктер болып табылады.

Қазіргі кезде емдік және жай сүт тағамдарының арасына шек қою өте қыйын, себебі олардың құрамы және компоненттерінің қатынасы(сүт, қаймақ, сүзбе, сыр және т. б) диеталық және емдік мақсатында қолданылады.

Емдік және профилактикалық бағыттағы сүт сүт тағамдарын дайындау барысында тиісті медициналық зерттеулер жүргізілуі қажет, сонымен қатар оның жасалуы медициналық ұйыммен бірге болуы тиіс. Зерттеулерді жүргізетін ұйымды және оның сапасын тексеруі толығымен автор игілігінде. Бірақ қазіргі кезде «жалған» емдік сүт тағамдары көптен-көп.

Осыған қарамастан адам ағзасына жақсы әсер ететін арнайы сүт тағамдарының қасиеттерін атап өтуге болады:

  • Асқазан-ішек жолдарының физиологиясы және ішек микрофлора жағдайы;
  • Иммунды және қан айналым жүйесінің оптимизациясы;
  • Глюкозаның, триацилглицириннің және т. б қандағы қоректік көлемін сақтау;
  • Оксидантты активтілігі бар қосылыстардың көлемін төмендету;

Бұл толық көрсетілмеген бағыттардың өзі емдік және профилактикалық бағыттағы сүт тағамдарының керектігін, адам ағзасына пайдалылығын көрсетеді.

Жұмыстың мақсаты: Лактулозамен байытылған сүт өнімдерінің адам денсаулығына әсерін біле отырып, табиғи сүт өнімдерін пайдаланып лактулозамен байытылған жаңа сүт өнімдерін алу технологиясын жасау.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей талап қойылды:

  • Лактулозаның физико-химиялық және физиологиялық қасиетін зерттеу.
  • Екіншілік сүт шикізатынан бифидогенді лактулоза концентратын алу әдістері.
  • Лактулозаның изомерлеуін зерттеу.
  • Екіншілік сүт өнімдерінде лактозаның лактулозаға изомерлену кезіндегі белоктың өзгеруін зерттеу.
  • Лактулозамен байытылған сүт тағамдар технологиясын жасауЛактулоза- биогенді қосылыс

Бифидогенді факторлардың ішінде терең зерттелгені- лактулоза . Ол табиғатта кездеспейтін синтетикалық дисахарид. Оның әрбір галактоза молекуласы фруктоза молекуласамен байланысқан. Лактулоза тоқ ішекте өзгермеген күйде түсіп, сахаралитикалық бактериялар үшін тағамды субстрат болып табылады. Лактулоза, 1920 жылы ашылып, 1929 жылы алғаш рет химиялық зат ретінде жарияланған. Кейіннен 40-шы жылдардың соңында Ф. Петуэли және Ж. Кристан оны әйел сүтінен бөліп алып, оның толық құрылысын білмей, бифидобактерияның өсуін активтендіретінін байқап оны «бифидус-фактор» деп атады. 1950 жылы Ф. Петуэли бифидус фактордың химиялық құрылысын ашып, оны дисахаридтар тобына жататын көмірсу екендігін айтты және оны «лактулоза» деп атады. Медецинада лактулозаны 1951 жылдан бастап қолдануда. Сол уақыттан бастап клиникалық зерттеулер жүргізіле бастады. 1980 жылы лактулозаны медецинаның әр саласында қолдануға мүмкіндік беретін монографиясы шықты. Лактулоза қазіргі кезде ішек микрофлорасының метобализіміне тікелей әсер ететін зат болып отыр. Оның қайта қалпына келтіру және бифидобактериялардың өсуін қолдайтын қасиеті, жергілікті және шетел ғалымдарының көмегімен бірнеше рет зерттеліп, дәлелденді. Лактулоза және функционалдық тағам өндіруде алдыңғы қатарда Жапондық Morinaga Milk Industry Co. корпорациясы тұр. Бұл компания 1960-шы жылдары лактулозаның адам организміне әсерін зерттеумен шұғылданды. Лактулозаның адам организміне тигізетін әсері зор екенін дәлелдегеннен соң, бұл мәліметтер функционалды тамақтану және пребиотиктер индустриясына үлкен жол ашты.

1. 2 Пребиотиктер - бифидус факторлар

Пребиотиктер - бифидофлораның өсуіне жәрдемдесетін заттар немесе бифидогенді факторлар(бифидус-факторлар) . Оларға құрылысы мен қасиеті және құрылымы әртүрлі бірқатар заттар жатады. Соның ішінде лактулоза, лактосахароза, галакто-, фрукто-, изомальтоза-, мальтоза-қышқылолигосахаридтер, лизоцим, ашытқы экстрактары, төменгі сахаридті жүгері таяқшалары, казеиннің гидролизаты және сары сулы нәруыздар, муцин, пантетин, лактоферин және т. б жатады. Соңғы кезде бұл сутектерін белгілеу үшін «пребиотик» деген термин сөз енгізілген. Аталған пребиотиктің саны әртүлі текті бірнеше жүз. Дүниежүзі мойындаған пребиотик- лактулоза. Адам асқазанында(әсіресе тоқ ішекте) 400-ге жуық микроорганизмдер түрлері бар. Дені сау адамда оның тек 15% ғана патогенді немесе шартты патогенді болып келеді. Асқазанда микроорганизмдер популяциясының Lactobacillus және Bifidobacteria туыстары доменантты болып табылады.

Bifidobacteria - патогенді емес, спора түзбейтін, грамм оң, анаэробты микроорганизм. Адам ішегіндегі бифидобактерия түрлеріне: Bifidobacterium bifidum, B. Longum, B. Infantis жатады. Бифидобактериялар құрамында аминқышқылдары, нәруыз, В тобының витаминдері, викасол, никотин және фоль қышқылы, антитоксидантты активті заттар болады.

Lactobacillus - патогенді емес, споратүзбейтін, грамм оң, облигатты немесе факультативті анаэробты және жоғары ферментті активті. Адам ішегінде болатын лактобацилустың түрлері:Lactobacillus acidophilus, L. plantarum, L. salivarus, L. Rhamnosus, L. Reuteri.

Пребиотиктер сүт тағамында, нанда, пиязда, сарымсақта, бұрышта, аспарагуста, бананда және басқа да тағамдар құрамында болады. Бірнеше адамға жүргізген зерттеулер бойынша құрамында фруктозасы бар олигосахаридтердің тоқ ішектегі бифидо- және лактобактериялардың көбеюіне ықпалын тигізген.

Организмнің қалыптан жоғары экзогендік (климотографиялық, экологиялық жағдайы, тамақтың сапасы және т. б) , эндогендік (инфекционды) және түрлі аулулар, тамақтанудың бұзылуы, медикоментозды әсіресе антибактериялды, туа және жүре пайда болған иммундық тапшылық микробиоценозды факторлардан биологиялық тепе-теңдік шығады. Соның нәтижесінде біріншіден, бифидифлораның мөлшері төмендеп, патогенді микробтың мөлшері қалыптан тыс артып, генетикалық алмасу бұзылып, өзгерегн клондардың мөлшері артып, дәрілік плазмидалар тосушылардың белсенділігі төмендейді. Организмнің иммундық қорғау мөлшері төмендеп, дисбиотикалық әсерден зат алмасу бұзылып, аллергиялық, ас қорыту жолының және түрлі аурулардың туындауына әкеледі. Олай болса, адам денсаулығын сақтауда маңызды және негіз болып табылатын микрофлорасын сақтау және қалпына келтіру маңызды болып табылады. Соңғы жылдары осы мәселені шешудің үш негізгі бағыты анықталды:

  1. Пробиотиктерді қолдану- яғни тірі микроорганизмдерді немесе олар көп кездесетін сүт қышқылды өнімдерді және бакпрепараттарды қолдану
  2. Пребиотиктерді қолдану- микроорганизмі жоқ заттарды қолдану. Пребиотиктерге бифидус факторлар, қоректік қоспалар, жатады. Олар бифидобактерия түзушілер.
  3. Синбиотиктерді қолдану- яғни комплексті препараттар, пре- және пробиотиктері бар заттар.

1. 3 Лактулозаның физико-химиялық қасиеттері

Лактулоза- олигосахаридтердің класы және класс ішілік дисахаридтерге жататын көмірсу. Оның молекуласы глюкозаның және де фруктозаның қалдықтарынан тұрады. Масс-спектрлі әдіс бойынша бұл моносахаридтің арасындағы байланыс 1-4 байланыс екені дәлелденді. Қазіргі номенклатура бойынша лактулозаның химиялық аты -4-0-β-D- галактопиранозил-D-фруктоза, немесе қысқарған түрі β-D-Cal-(1-4) -β-D-Fru.

Лактулозаның молекуласының құрылысы циклді, құрылымды және конформациялы формула түрінде болатындығы дәлелденді. (1-сурет) . 1-ші суретте көрсетілгендей лактулозаның 5 конформациялы түрі болатындығы теория жүзінде дәленденді: α- немесе β-пиранозды, α- немесе β-фуранозды және ациклді . [

ЯМР-спектроскопия әдісі бойынша ангидридті кристалды лактулозаның үш әртүрлі жолмен алынған β- фруктофуранозды үлгісі α- фруктофуранозды және β- фруктопиранозды формасынан басымды болып, олардың арақатынасы 0, 745:0, 100:0, 155 болатындығы дәлелденді. Зерттеушілер осындай формалардың іздерін кездестірмесе де, сулы ертінділерде ациклді формаларға сай келетін 4 циклді изомерлердің болатындығын дәлелдеді.

Лактулоза- ақ түсті, криссталды, иіссіз, суда жақсы еритін, аздап тәтті дәмі бар зат. Оны 50% метанол ерітіндісінде гексональда түссіз пластин түрінде кристалдауға болады, нәтижесінде ангидридті форма алынады. [13] Соңғы жылдары лактулозаның сулы ерітіндісін криссиалдау арқылы ангидридті формасынан физико-химиялық қасиеті жөнінен өзгеше тригидратты түрі алынады. Мыс: ангидридті түрі өте өзгермелі-температурасы 30 0 С және ылғалдылығы 81%, 24 сағаттың ішінде криссталдау ылғалдылығы 7% дейін жоғарласа, ал 48 сағатта 20% дейін жетеді. Ал, тригидратты криссталды түрі өз қасиетін барлық жағдайда өзгертпейді, ал кристалданған суды 35 0 С жоғарлатса, онда ол өз қасиетін жояды, сондықтан оларды төменгі температурада сақтау қолданылмайды.

Алғашқы рет лактулозаны 1930жылы Монтгомери және Гудзоном лактозадан әктің сірке ерітіндісінен бөліп алған.

Лактулозаның химиялық активтілігі оның құрылысына байланысты, яғни көміртегінің қалпына келуі мен ациклді форма ерітіндінің концентрациясына байланысты Лактулоза Силиванов реакциясымен кетанозға, қыздыру арқылы Фелинг ертіндісін қайта қалпына келтіру реакциясына түседі, ал броммен және гипоиодпен лактоза сияқты тотықпайды. Осы қасиет лактулозаны бөліп алуға және идентификациялауға қолданылады. Көмірсулардың химиялық теорияның негізіне сай лактулозаның ыдырауының екі түрлі негізгі механизмі бар. Біріншісі-галактизольды қалдықтың ажырауы және изосахарид қышқылының түзілуі, немесе β- элиминизация болып табылады. Осы реакция қыздыру арқылы лактулозаның ыдырау және изомерлену реакциялары нәтижесінде қосымша өнімнің түзілуі болып табылады. Екінші ыдырау механизмі- ендиольды форма арқылы эпимерленуі және галактозилманозының моносахаридке дейін ыдырауы. Бұл реакциялар изомерлену заңдылықтарын оқып үйренуде және лактулозаны оптимальды жағдайда алуда басшылыққа алынады.

1-ші суретте . Лактулоза молекуласының құрылысы:

а) Э. Фишер бойынша молекула структурасы б) У. Хеуорс бойынша циклді формуласы; в) Лактулозаның конформациялы изомері;

Н Н

Н С ОН С

О Н С О Н С ОН

ОН С Н НО С Н О

Н С О НО С Н

Н С Н С

СН 2 ОН СН 2 ОН

СН 2 ОН а ) НОСН 2

НО ОН

О

Н СН 2 ОН

Н ОН Н

б ) ОН ОН

ОН о СН 2 Он о

СН 2 ОН О ОН о

О СН 2 ОН

НО ОН ОН СН 2 ОН Н С Н

ОН о О С Н β -фураноза

Н С Н

НО ОН С ОН

СН 2 ОН СН 2 ОН α- фураноза

ОН О ОН

О ОН СН 2 ОН

О ОН

НО ОН О

α -пираноза но ОН о ОН

Лактулозның криссталдық формасы балқу және жылуға еру нүктесі бойынша ажыратылады. Лактулозаның физико-химиялық қасиетімен лактозаны салыстыру төменгі кестеде көрсетілген.

1-ші кестеде. Лактулозаның ангидридті және тригидратты формуласының қасиеті

Көрсеткіштері

Лактулоза

(α- моногидрат )

Лактулоза
Ангидрид
Тригидрат
Көрсеткіштері: Химиялық формуласы
Лактулоза(α- моногидрат ): С 12 Н 22 О 11 2 О
Лактулоза: С 12 Н 22 О 11
С 12 Н 22 О 11 *3Н 2 О
Көрсеткіштері: Молекулалық массасы
Лактулоза(α- моногидрат ): 360
Лактулоза: 342
396
Көрсеткіштері: Балқу температурасы, К( 0 С )
Лактулоза(α- моногидрат ): 496(223)
Лактулоза: 442(169)
341(68)
Көрсеткіштері: Жылу ерігіштігі, кДж\моль
Лактулоза(α- моногидрат ): -18
Лактулоза: -4
34
Көрсеткіштері:

Ерігіштігі, %,

20 0 С

30 0 С

60 0 С

90 0 С

Лактулоза(α- моногидрат ):

16, 1

19, 9

37, 0

59, 0

Лактулоза:

75, 2

76, 4

81, 0

86, 0

58, 1

66, 7

-

-

Көрсеткіштері: Айналу бұрышы, [α] D 20 0
Лактулоза(α- моногидрат ): +52, 5
Лактулоза: -50, 2
-43, 3

1. 4 Лактулозаның нарықта қолданылуы

Жапонда әрқашан лактулозамен байытылған жаңа сүт өнімдері жасалынады. 1999-2000 жылы «Balans Potage» сүт сусыны жасалды, оның құрамында лактулоза, темір, кальций және лактоферрен бар. Жапондық «Sawa-yaka» сүтқышқылды өнімі ішектің жұмысына әсер ететіні, оның құрамында 4% лактулоза және 1г 100мл бактериялар бар.

1992 жылдан бастап Жапонның FOSHU бағдарламасына лактулоза «денсаулық үшін және ішкі инфекциялардан қорғау үшін арнайы тағамдық материал» ретінде енгізілген. 1995 жылы Жапонның денсаулық және азық-түлік ассоциациясы лактулозаны тағам құрамы ретінде бекітті.

Қазіргі кезде лактулоза маңызды бифидус фактор. Дисбиотикалық жағдайларда өте көптеген түрлі ауруларға қарсы, профилактикалық және терапевтік зат ретінде дүниежүзі мемлекеттерінде кеңінен қолданылуда. Биогенді активтілік және адамға қауіпсіздігі үшін лактулозаны тек балалар тағамы және т. б тағамдардан басқа -сүт, йогурт, май, кондитерөнімдері, алкогольсіз сусындарға, медецинада адамдардың асқазан жүйесін жақсарту үшін қолданылады. Лактулозаның жылдық қолдану көлемі ішкі нарық үшін: балалар тағамына- 7-10 мың тонна, функционалды тамақтану үшін -2-3мың тонна қолдануда. Адамның жас ерекшелігін ескеретін болсақ, бифидогенді қоспалар нәрестелерге өте қажетті және қарт адамдар үшін өте пайдалы. Медиктердің және биохимиктердің ұсынуы бойынша ішек микрофлорасын жақсарту үшін әр адам күніне 3-5г лактулоза қабылдауы керек.

0, 7-3 мың 2-10 мың

тонна тонна 1-3 мың тонна

4-5 мың

тонна

2-8 мың 0, 5-2 мың тонна

тонна

2- сурет

Жапондарда 0, 5% лактулозасы бар балаларға арналған LF-P қоспасының әсері зерттелді. Зерттеушілер балаларға арналған LF-P тағамдық қоспасы, оның құрамында 0, 5% лактулоза бар (дайын тағам өнімінде оның құрамы 0, 065% ) және «LF Chili-Mil» оның құрамында 0, 45% лактулоза бар (дайын тағам өнімінде 0, 058%) . Сонымен қатар балаларға арналған «BF-T» сүт өнімінде лактулоза мөлшері 0, 45%. Бұл өнімдер бала организміне өте жақсы сіңе отырып, барлық көрсеткіштері мен адаптациялануы жағынан жоғары екені айтты.

А. Terada және оның көмекшілерінің тұжырымдауы бойынша, егер ересек адам күнделікті 3г лактулозаны пайдаланса, бифидобактерияның мөлшері 8, 3-тен 47, 4% көтерілетіндігін белгіледі. Сонымен қатар, тағам құрамындағы ақуыздың ыдырауынан бөлінетін улы заттар, аммиак, фенол, скатол, индол мөлшерінің төмендеп, ішектің қышқылдылығы мен ылғал мөлшерінің артатындығы байқалды.

1996 жылы барлық елдегі функционалды тамақтанудың жақсы мамандарының бірі Г. Мизота (Жапон) лактулозаның негізгі қасиеттерін атады:

  • Бифидо- және лактобактерия санының өсуі;
  • Шартты патогенді және патогенді микрофлораның жойылуы;
  • Токсинді метоболиттердің және зиянды ферменттердің жойылуы;
  • Минерал адсорбциясының жоғарылауы және сүйектің қатаюы;
  • Бауыр функцияларын жақсарту;
  • Іш қатуын жеңілдетеді, ол лактулозаның су байланыстыратын қасиетінен басқа, нәжістің рН-ын төмендетеді;
  • Бактерия санының көбеюіне байланысты иммунды жүйенің активтенуі, яғни иммуногенездің жоғарылауы;

1. 5 Лактулозаның физиологиялық қасиеті

Қазіргі кезде лактулозаның жануарлар мен адам организмінің бифидофлорасының дамуына жағымды әсер ететіндігі дәлелденді. Функционалды тамақтану маманы Г. Мизота лактулозаның физиологиялық маңыздылығы туралы былай деді: « Медицинада қолданылуы ішек микрофлорасының метаболизіміне тікелей әсер ететін көмірсулы компоненттерінің эталоны болып отыр».

Адам денсаулығына лактулозаның сауықтыру әсері бифидобактериялардың маңызы туралы ғылыми-зерттеу арқылы анықталды. Асқорту жолы өте маңызды жүйе, макроорганизмдердің және соның нәтижесінде қалыпты биоценоз түзудегі өте маңызды, күрделі және қалыпты микрофлорасы қалыптасқан жүйе. Функцияларды және қалыптасқан мүшелер мен жүйенің қызметі әртүрлі метоболиттық, ферменттің, витаминдердің, антигендердің және түрлі қосылыстардан тұратын микробиологиялық трансформациялық процессте маңызды роль атқаратын қалыпты микрофлора болып табылады. Бифидобактериялық қалыпты биоценоздағы маңызды өкілдері болып табылады. Олар анаэробты бактериялар, морфологиялық құрылымы бойынша, ірі грамм қалыпты, спора түзбейтін таяқшалар, денесінің соңғы бөлігі екіге ажыраған, полимерфизмге бейімді бактериялар. Ана сүтімен қоректенетін 5-20 күндік нәрестелердің ішек микрофлорасында көп кездесетін мөлшері (80-98%) болады. Қалыпты жағдайда ана сүтімен қоректенетін балалардың бифидибактерияның мөлшері 10 -9 -10 -10 КОЕ\гр фекалий, ал жасөспірімдерде және ересек адамдарда оның мөлшері 10 -8 -10 -9 КОЕ\гр болады.

Бифидобактериялар өте маңызды қызмет атқарады, әсіресе ішектің сілемейлі қабықшасы арқылы өтетін потогенді және шартты потогенді микроорганизмдер. Олар ағзаны бүлдіретін микроорганизмдермен, токсиндердің өтуіне кедергі келтіреді. Бифидобактериялар аминқышқылдарды, белоктарды, пантотен қышқылын және В- тобының витаминдерін синтездейді. Сонымен қатар ішек қабырғалары арқылы астық сіңірілуі мен, олар арқылы кальцийдің, ионның, темірдің және Д-витаминінің сіңірілуіне көмектеседі. Бифидофлора иммунитеттік әсерге бейім жасушалық гуморальды және иммунитеті гуморальды функцияларды реттейді. Иммуноглобулин А-ның дегридациясының секриторына кедергі жасайды, интерфиронның түзілуіне жәрдемдеседі.

Қазіргі кезде № 1-ші бифидус факторға жататын пребиотиктер түрі- лактулоза. . Ол алғаш рет ана сүтінің құрамынан бифидобактерияларды түзетін зат алды. Кейіннен лактоза изомеразасы- лактулозаның жаңа туған балалардағы және жасанды тамақтардан жас нәрестелердегі ішек микрибиоценозының өзгерісін және жағдайына әсерін анықтады. 1% лактулозаны қоректік қоспаға қосқанда бифидобактериялардың қалыптасу көрсеткіші 0-дік мөлшерден 80-98% көтерілді. Бұл дегеніміз-ана сүтімен қоректенетін нәрестенің ішектегі мөлшеріне сай келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүт қышқылды сырлар
Функциональды тамақтану
Ірімшік жасайтын қондырғылар
өсімдік қоспасымен байытылған функционалды бағыттағы жаңа сүзбе десерті технологиясын әзірлеу
БАҚ тағам өнеркәсібінде қолдану
Сүзбе өндіру әдістері
Сүтті салқындату қондырғысы
Әртүрлі қаймақты өндіру технологиясы
Бие сүті және қымыздың құрамы мен қасиеттері
Сүзбе жасау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz