Конституциялық құқық - құқық саласы ретінде


КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕ
Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінін нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жал-пы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды.
Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласында анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудін, нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды. Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтын реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей: 1) міндеттеу әдісі; 2) тыйым салу әдісі; 3) рұқсат ету әдісі; 4) тану әдісі қолданылады. Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында: "Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті" деп жазылған. Қазақстан Республикасы Конституциясынын, 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып табылады. Яғни: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Аталған қағида мемлекеттік меншікке сияқты, жеке меншікке де қатысты. Тиісінше, конституциялық норма мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүддесіне ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.
Конституциялық құкықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясынын, 39-бабының 3-тармағында былай делінген: «Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді». Конституция заңда қаралмаған әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салады. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқы демократияның шынайы көрінісі болып табылатын рұқсат ету әдісін де кең қолданады.
Мұндай әдіс көп жағдайда адамның және азаматтың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады. Мысал ретінде әркімнің, заңмен белгіленгеннен басқа ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруын және тұратын орнын еркін тандауын айтуға болады. Рұқсат ету әдісінің өзіндік ерекшелігі мынада, Конституция белгілі бір ауқым, шекке дейін еркін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып, субъектінің әрекетін айтарлықтай шектей алады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады. Айталық, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен отырысында Президентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екі даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы.
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, меніңше, құқықтық реттеудің тағы бір әдісін - тану (танымау) әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс объективті фактордан - адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан та-нудан туындайды. Мемлекет адамдардың табиғи құқығына рұқсат етеді емес, дәлірек айтқанда, таниды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағында былай деп жазылған: "Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, зандар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады". Құқықтық реттеуді әдіс ретінде тану да конституциялық құқықтың демократиялық және адамгершілік мәнін сипаттайды.
Ол дербес зерттелетін мынадай айтарлықтай кешендерден тұрады. Олардың қатарына, мысалы, билікті бөлісу, парламентаризм, президенттік басқару нысандары, сайлау жүйесі, азаматтық, егемендік, мемлекеттіліктің сипаты мен мәні, халық билігі, азаматтық қоғам тұжырымдамасы, саяси плюрализм және басқа теориялар жатады. Осы теориялар мен тұжырымдамалардың қай-қайсысы болсын дербес қалыптасады, бірақ сонымен бірге олар бір-біріне ықпал етеді.
Ғылым "конституциялық құқық" деп аталғандықтан, оның негізгі бастауы - Конституция болып табылады. Ол Конституцияның негізінде өзінің басты теориялық ережелерін қалыптастырады. Сонымен бірге жинақталып келіп конституциялық зандылықты құрайтын: конституциялық зандар, жай зандар, Президенттің нормативтік жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері де конституциялық құқық ғылымының қайнар көздері болып табылады. Бұл - конституциялық құқық ғылымының нормативтік құқықтық қайнарлары. Конституциялық құқық ғылымының басқа бір бастауы-конституциялық-құқықтық нормаларды іс жүзінде жүзеге асыру. Нақ іс жүзінде зерттеу ғана конституциялық - құқықтық нормалардың сыртқы табиғатын ғана емес, сондай-ақ ішкі мәнін, қолданылу ақиқаттығын түсінуге де мүмкіндік береді.
Конституциялық-құқықтық нормаларды нақ осылай кешенді зерттеу ғана ғылыми ілім, тұжырымдамалар, идеялар туғызудың негізі болып табылады. Конституциялық құқық ғылымының келесі бір қайнар көзі - отандық, сондай-ақ, шетелдік ғалымдардың конституциялық құрылыстың философиялық, зандық, саяси, әлеуметтік және басқа мәселелеріне арналған, осы салаға тікелей немесе жанамалай қатысты еңбектері.
Қазақстанда қазіргі заманғы конституциялық құқық ғылымы тақыр жерде қалыптасып отырған жоқ. Біріншіден, кеңестік кезеңде ол Қазақстанда шартты түрде кең дамыды. Алайда, Қазақ КСР-ы КСРО-ның құрамында болғандықтан Қазақстанның дербес конституциялық құқық ғылымы болған жоқ. Ол Кеңестер елі конституциялық құқық ғылымының құрамдас бір белігі болды. Екіншіден, дербес, егеменді Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін мұнда өзінің конституциялық құқық ғылымы қалыптаса бастады.
Қазақстанда аталған ғылымның теориялық бастаулары дербес конституциялық даму мәселелерін қазірдің өзінде зерттейтін республика ғалымдарының еңбектері болып табылады. Әрине, Қазақстанның конституционал-ғалымдары кереметтер жасау туралы ойдан мүлдем аулақ. Қазақстан әлемдік өркениет жетістіктеріне, соның ішінде конституциялық құқық саласында да игілікке қол жеткізе бастады.
Конститутциялық-құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлері мен ерекшеліктері
Оны: 1) басқа құқықтық нормалармен ұқсастығы қандай; 2) құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан конституциялық құқықтық нормалар қалай ерекшеленеді деген екі бағытта қарастырған жөн.
Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң нормалары сияқты, екі: реттеушілік және қорғаушылық қызметті атқарады. Реттеуші нормаларға құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру
және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Бұл әсіресе, Конституцияның азаматтың құқы мен бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолы-
мен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.
Мұндай конституциялық-құқықтық нормалар көп емес. Конетитуциялық құқық қорғау нормалары салыстырмалы түрде көп болмағанымен олардың мәні мейлінше зор, олар конституциялық құрылысты нығайтуда, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады. Құқық қорғаушы нормаларға Президенттің импичменті туралы, Үкіметке, оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады.
Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конститутциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің айтарлықтай мәні бар. Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық береді. Осындай құқық беруші нормалар көп мөлшерде азаматтарға беріледі. Бұлар - азаматтардың саяси, экономикалық әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Құқық беруші нормаларға Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық, Кеңесінің конституциялық өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады. Конституциялық зандарда тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға тыйым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін, зандылық пен құқықтық тәртіпті қорғауды көздейді. Бұл туралы Конститу-цияда анық айтылған. 5-баптың 3-тармағында: "Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ зандарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады " делінген. Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді. Конституция Парламент Палаталары Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да конституциялық жауапкершілігін есте сақтаған жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz