Құс шаруашылығы жайлы
1 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
2 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
2.1 Құс өсіруді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.2 Үй құстарының биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
2.3 Құс тұқымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.4 Тауық тұқымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.4.1 Леггорн ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.4.2 Орыстың ақ тауығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.4.3 Етті.жұмыртқалағыш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
2.4.4 Плимутрок тұқымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.4.5 Етті тұқымдарға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2.4.6 Сойыстық тұқымдарға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2.4.7 Көркемдік тауықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.5 Үйрек тұқымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.6 Қаздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
2.6.1 Қытай қаздары жақсы жұмыртқалағыш ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.7 Күркетауықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
2.7.1 Солтүстік кавказ күркетауығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.7.2 Кең кеуделі жез түсті күркетауықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.8 Бөденелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.9 Құс қорасы және оның күтімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.10 Өсіруге қажетті құсты таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.11 Жұмыртқа шайқау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
2.12 Құс азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды және ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24

Елімізде азық-түлік мәселесін ойдағыдай шешу тұрғысында дербес шаруашылық иелерінің қосар үлесі мол. Мысалы қазіргі кезде жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің төрттен бір бөлігі, соның ішінде құс шаруашылығы өнімдерінің үштен бір бөлігі осы дербес шаруашылықтардан өндіріледі.
Дербес шаруашылықты өркендетуге мемлекет өз тарапынан зор қамқорлық жасауда. Осынау қамқорлықтың арқасында ауылдардың 99 пайызының, ауылдық жерде тұратын жұмысшылар мен қызметкерлердің 81 пайызының өз дербес шаруашылығы бар. Осыған байланысты дербес шаруашылық иелері өздерінің етке деген қажеттілігінің 80 пайызын, жұмырқаға деген қажеттілігінің 95 пайызын, жүннің қажеттілігіне 82 пайызын. Орта есеппен алғанда бұл көрсеткіштер дербес шаруашылық иесінің жылдық табысының 75 пайызын құрайды екен. Осыдан-ақ дербес шаруашылық маңызының золағына әбден көз жеткізуге болады. Оның сыртында әрбір дербес шаруашылық иесі түтінінің экономикасына тигізетін пайдасы тағы бар. Мәселен 4-5 адамнан тұратын бір түтін жылына 220-240 жұмыртқа табатын 6-10 тауықұстаса медициналық мөлшер бойынша қажет жұмыртқамен, ал 40-50 балапан шығаратын үйрек немесе 20-30 балапан шығаратын қаз немесе күркетауық ұстаса кемінде 100 килограмдай диеталық құс етімен қамтамасыз етіледі.
Бұл күндері ауылдық жерде тұратын әрбір түтіннің құстардың әр түрлі тұқымдарын өсіруге мүмкіндігі бар. Шаруашылығынан өндірілген өніммен өз қажетін толық өтеген соң, артылғанын мемлекетке өткізуге немесе базарға апарып сатуға толық хақылы.
Дербес шаруашылықта құстарды өсіру, сөйтіп аса сапалы бағалы өнім өндіру үшін оларды күтіп бағу және азықтандыру ерекшеліктерін жетік білу қажет. Сондай-ақ оларды сұрыптау, іріктеу, аурулардың алдын алу жағдайларын жақсы білген жан ғана табысқа жетеді.
Көпшілік оқырман қауым ұсынылып отырған, осы мәселелермен қатар қойды сою, оның терісін тұздау, қойды қырқу, дербес шаруашылықта жүргізілетін мал дәрігерлік зоогигиеналық шараларға да қанығады. Сонымен бірге мал өнімдерін дайындалатын қазақтың дәстүрлі және қазіргі тағамдарын әзірлеу жолдары да оқырманның кәдісіне жарар деген ойдамыз.
Құстардың тұқымдары өте көп жерге тарап, кез-келген халықтың өсіретіндігінде себеп-салдары жоқ емес, соның ең бастысы құстардың алуан-алуан табиғи жағдайларға төзімділігі, бейімділігі. Соған орай құс қысы қатты, қары қалың солтүстікте де, желі ызғарлы, жайлымы шөлайт жерлерде де, жазы ыстық жерлерде өсе береді. Оған құстың биологиялық ерекшеліктері арасындағы ең негізгісі – түрлі жайлым отын өте жақсы пайдаланатындығы мүмкіндік жасайды.

1. Ред. А. Отарбаев, т.б.Қолда мал өсіру. – Алматы: Қайнар, 1995 ж, 221-254 бет.
2. Ю. Д. Зыков, И.П. Копытин, Мал азығын өндіру, Алматы, «Білім», 1994 ж.
3. У. Әбділманов, Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру, Алматы, «Қайнар», 1995 ж.
4. Вестник департамента селького хозяйства Павлодарской области,
№ 8 ноябрь 2003 г.
5. У. Абдилманов, Организация и управление сельхозпроизводством,
Алматы, «Кайнар», 1990 г.
6. Б. Ысқақбаев, Құс шаруашылығын азықтандыру, Жаршы, № 4, 1994.
7. Попович И. В. Практикум по экономике птицоводстве. М., "Колос", 1991.
8. Поповенко И.С. Организация кормовой базы птицоводство, М., 1988.
9. Ульман И..Е. Вопросы комплексной механизации птицоводческих ферм.
М., 1974.
10. Запченко А.П. Эффективность сельскохозяйственного производства
птицофабрик, М., "Колос", 1989.

Мазмұны
1 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
2 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
2.1 Құс өсіруді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.2 Үй құстарының биологиялық және шаруашылық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
2.3 Құс тұқымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.4 Тауық тұқымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.4.1 Леггорн ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.4.2 Орыстың ақ тауығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.4.3 Етті-жұмыртқалағыш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
2.4.4 Плимутрок тұқымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.4.5 Етті тұқымдарға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2.4.6 Сойыстық тұқымдарға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2.4.7 Көркемдік тауықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.5 Үйрек тұқымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.6 Қаздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
2.6.1 Қытай қаздары жақсы жұмыртқалағыш ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.7 Күркетауықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.7.1 Солтүстік кавказ күркетауығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.7.2 Кең кеуделі жез түсті күркетауықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.8 Бөденелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.9 Құс қорасы және оның күтімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.10 Өсіруге қажетті құсты таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.11 Жұмыртқа шайқау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
2.12 Құс азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды және ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
1 Кіріспе
Елімізде азық-түлік мәселесін ойдағыдай шешу тұрғысында дербес
шаруашылық иелерінің қосар үлесі мол. Мысалы қазіргі кезде жалпы ауыл
шаруашылығы өнімдерінің төрттен бір бөлігі, соның ішінде құс шаруашылығы
өнімдерінің үштен бір бөлігі осы дербес шаруашылықтардан өндіріледі.
Дербес шаруашылықты өркендетуге мемлекет өз тарапынан зор қамқорлық
жасауда. Осынау қамқорлықтың арқасында ауылдардың 99 пайызының, ауылдық
жерде тұратын жұмысшылар мен қызметкерлердің 81 пайызының өз дербес
шаруашылығы бар. Осыған байланысты дербес шаруашылық иелері өздерінің етке
деген қажеттілігінің 80 пайызын, жұмырқаға деген қажеттілігінің 95 пайызын,
жүннің қажеттілігіне 82 пайызын. Орта есеппен алғанда бұл көрсеткіштер
дербес шаруашылық иесінің жылдық табысының 75 пайызын құрайды екен. Осыдан-
ақ дербес шаруашылық маңызының золағына әбден көз жеткізуге болады. Оның
сыртында әрбір дербес шаруашылық иесі түтінінің экономикасына тигізетін
пайдасы тағы бар. Мәселен 4-5 адамнан тұратын бір түтін жылына 220-240
жұмыртқа табатын 6-10 тауықұстаса медициналық мөлшер бойынша қажет
жұмыртқамен, ал 40-50 балапан шығаратын үйрек немесе 20-30 балапан
шығаратын қаз немесе күркетауық ұстаса кемінде 100 килограмдай диеталық құс
етімен қамтамасыз етіледі.
Бұл күндері ауылдық жерде тұратын әрбір түтіннің құстардың әр түрлі
тұқымдарын өсіруге мүмкіндігі бар. Шаруашылығынан өндірілген өніммен өз
қажетін толық өтеген соң, артылғанын мемлекетке өткізуге немесе базарға
апарып сатуға толық хақылы.
Дербес шаруашылықта құстарды өсіру, сөйтіп аса сапалы бағалы өнім
өндіру үшін оларды күтіп бағу және азықтандыру ерекшеліктерін жетік білу
қажет. Сондай-ақ оларды сұрыптау, іріктеу, аурулардың алдын алу жағдайларын
жақсы білген жан ғана табысқа жетеді.
Көпшілік оқырман қауым ұсынылып отырған, осы мәселелермен қатар қойды
сою, оның терісін тұздау, қойды қырқу, дербес шаруашылықта жүргізілетін мал
дәрігерлік зоогигиеналық шараларға да қанығады. Сонымен бірге мал өнімдерін
дайындалатын қазақтың дәстүрлі және қазіргі тағамдарын әзірлеу жолдары да
оқырманның кәдісіне жарар деген ойдамыз.
Құстардың тұқымдары өте көп жерге тарап, кез-келген халықтың
өсіретіндігінде себеп-салдары жоқ емес, соның ең бастысы құстардың алуан-
алуан табиғи жағдайларға төзімділігі, бейімділігі. Соған орай құс қысы
қатты, қары қалың солтүстікте де, желі ызғарлы, жайлымы шөлайт жерлерде де,
жазы ыстық жерлерде өсе береді. Оған құстың биологиялық ерекшеліктері
арасындағы ең негізгісі – түрлі жайлым отын өте жақсы пайдаланатындығы
мүмкіндік жасайды.
Қазіргі уақытта әр-бір адам құсл шаруашылығын аша алады. Бұл күндері
құс шаруашылығын ұлғаюту көзделіп отыр, бұл үшін қазіргі кезде елімізде
ауылды жерлерде құс базалары ашылуда. Құс шаруашылығын да біріншіден құстың
жақсы тұқымдарын көбеитуде, одан кейін оның жұмыртқасына және т.б.
шаруашылығы ұлғаюда. Бұның арқасында ауыл адамдарының тұрмыс жағдайы
жақсарып келеді және жұмыспен қамтамасыз етілуде.
2 Негізгі бөлім
2.1 Құс өсіруді ұйымдастыру
Қолда өсірілетін үй құстарының түрі көп. Оларға тауық, үйрек, қаз,
күркетауықтармен қатар бөдене, кекілік және тағы басқалары жатады. Дербес
шаруашылық жағдайында құс өсіру өте ыңғайлы да тиімді. Өйткені құс басқа
мал сияқты жайылып, ірі азықтарды қажетсінбейді. Аула ішінде, арнайы
қоралардан шығармай өсіруге бейім. Оның үстіне өсу, жетілу, көбею қабілеті
де басқа малмен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Ал өнімге азық жұмсауы
әлдеқайда төмен. Мысалы, қосқан әрбір килограмм салмағына ірі қара 10-12,
қой –8-10, шошқа –6-8 азық өлшемін жұмсайтын болса, құс 3-5, ал тез
жетілгіш етті бағыттағы балапандар (бройлерлер) –1,5-2 азық өлшемін
жұмсайды.
Қазігі уақытта елімізде өндірілетін құс еті мен жұмырқасының 13
бөлігі дербес шаруашылықта өсіріліп отыр. Бұл азық-түлік программасын
орындауға елеулі септігін тигізеді. Медециналық мөлшерлер бойынша адамды
жылдық ет және ет өнімдерімен қамтамасыз етуде, олардың біршама бөлігін
жеңіл қорытылатын, диеталық, емдік қасиеті жоғары құс еті толықтыруы қажет.
Құс жұмыртқасы да тіршілікке қажеті барлық амин қышқылдарымен толықтырылған
өте құнарлы тағам.
Дербес шаруашылықта құс өсірудің тиімділігі- оларды азықтандыруда
асхана, бақша және қорық қалдықтарын толығымен пайдалануға болады. Ауыл
маңындағы басқа малды жаюға келмейтін көлшіктердің, бұлақтардың жағалауын
пайдаланып, құс өнімін неғұрлым арзандатуға болады.
Құстың дәмді де шипалы етімен және жұмыртқасымен қоса олардан өте
жеңіл де жылы қауырсын, ал қалдықтарынан қорыққа өте құнды органикалық
тыңайтқыш алынатынын ескерсек-үй құстарының дербес шаруашылықта өсіруге өте
қажетті де, пайдалы екеніне көзіміз әбден жетеді. Сонымен қатар оларды
өсіретін қораны да жеңіл, қолда бар құрылыс материалдарынан-ақ тез
тұрғызуға болады. Күтімі де күрделі емес. Бала-шаға-ақ күте береді. Басқа
малдай өнімін де жылдың белгілі мерзіміне қарамай, жыл бойы біркелкі алып
тұруға болады.
Бұл өте жауапты маңызды іс. Оны дұрыс ұйымдастыру үшін табын құру,
құстарды шағылысқа қосу және пайдалану мерзімдерін анықтау; табын құрылымын
және айналымын белгілей, құс тұқымын асылдандыру жұмыстары орындалуға тиіс.
Тауықтың ата-аналық табынын, жұмыртқаны жыл бойы біркелкі өндіріп
отыруды қамтамасыз ету мақсатында инкубациядан шығарылған балапандардан
өсірілген 140-150 күндік құстармен құрып отыру керек.
Бардық өндірістік циклдер өздерінде атқарылатын құс фабрикаларында
тұқымға қалдырылатын балапандарды өздері өсіріп, тауықтардың тәуліктік
балапан шығауға арналған ата-аналық табынын құрып отырады.
Тауарлы мақсаттағы шағын құс фермаларында және мемшар фермаларында
мекиен өсіру инкубаторлық құс станциясынан болмаса арнайы мамандандырылған
шаруашылықтардан тәуліктік балапандар немесе 30, 60, 90 және 140 күндік
құстар сатып алу арқылы жасалады. Оларға асыл тұқымды балапандарды өз
шаруашылығында өсіру қымбатқа түседі.
Жұмыртқа өндіретін құс фабрикалары мен мемшар, тауарлы фермаларының
өнеркәсіптік цехтарындағы табындар тек қана мекиендерден құралуға тиіс.
Асыл тұқымды құс өндіретін шаруашылықтарда тауық, үйрек және
күркетауық мекиендері 2-3 жыл, ана қаздар 5-6 жыл пайдаланылуы тиіс.
Тауықтар мен күркетауықтар әтештерін 2-3 жыл, ата үйректі 2 жыл, акта қазды
4-5 жыл пайдаланады.
Тауықтар мен күркетауықтар әтештерін, ата үйректі шағылысқа бір жасқа
таяғанда, ал ата қазды екі жасқа толғанда қосады.
Құс фабрикалары мен асыл тұқымды құс фермаларының ата-аналық
табынында мекиендер мен әтештер бірге болуы керек. Табында мекиендер 90%,
әтештер 10% болғаны жөн. Құс шаруашылығында аса бағалы әтештерді көбірек
пайдалану үшін қолдан ұрықтандыру тәсілін қолдануға болады. Бұлай еткенде
әрбір әтешкеесептегендегі мекиендер саны тауықта 7-10 есе, күркетауықта 3-
5, ана қаздың саны әрбір ата қазға шаққанда 7-8т есе көбейеді.
Құстардың табын құрылымы құс фабрикасы мен фермаларының
мамандандырылуына, құстың жасына, жыныстық жетілу ерекшелігіне,
шаруашылықта пайдаланылатын мерзіміне, құсты күту және оның табынын
тәсілдеріне байланысты болады.
Мекиендерді тордың ішінде ұстап күтетін шаруашылықтарда бір жыл ғана
пайдаланады, еденде еркін ұстайтындар – екі жыл, ал асыл тұқымды құс
өсіретіндер үш жыл пайдаланады. Мұның себебі мекиендердің жұмыртқалағыштығы
екінші жылы 15-20%, ал үшінші жылы 20-30 процентке азайып отыруында.
Мұнымен қатар мекиендер түлеген кезде жұмырқаламайды. Сондықтан табындағы
мекиендерді жыл бойы жас құстармен үнемі толықтырылып отыру керек.
Үйрек өсіргенде әрбір 6-7 аналыққа бір ата үйрек ұстау керек,
аналықтардың бір жасқа дейінгісі 70% болуы тиіс. Күркетауық өсіргенде әрбір
10-11 мекиенге бір әтеш, ал мекиендердің бір жасқа дейінгісі – 80, екі
жастағысы – 15, үш жастағысы 5 проценттен аспауы керек.
Қаз өсірген кезде 3-4 аналық қазға бір ата қаз, ал аналық қаздар
кейінірек жетілетін болғандықтан бір жастағылары – 20, екі жастағылары –
20, үш жастан жоғарылары 60% болуы тиіс. Құс өсіруде табының айналымдық
коэффициентін есептеп отырады. Бұл коэффициент жыл бойында табынға қосылған
жас мекиендердің санын барлық мекиендердің орта санына бөлуден шығады.
Мысалы, мекиендерді 10-11 ай пайдаланғанда олардың жыл бойындағы айналымдық
коэффициенті 1,1-1,2 болады. Кейбір шаруашылықтарда мекиендердің
жұмыртқалағыштығын арттыру ниетімен бұл коэффициентті 1,7-1,8-ге дейін
көбейтеді. Бірақ мекиендерді тым жиі ауыстыру қымбатқа түседі.
Құс өсіруде тұқым асылдандыруға ерекше назар аударылғаны дұрыс. Осы
мақсатта құс фабрикалары мен фермаларда табынды жұмыртқа мен етті көп
беретін гибридті құстардың кросстарымен құруға тырысады. Гибрид құстардың
өнімділігі, өнімдердің сапасы анағұрлым жақсы болады және олардан алынатын
балапандардың тіршілікке бейімделуі де артық болады.
2.2 Үй құстарының биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері
Құстың азық қорыту барысының басқа малға қарағанда едәуір
ерекшеліктері бар. Оның еріні мен тістері жоқ. Қатты мүйіз тұмсықтары дәнді
азықтарды шоқып, бірден көмекейге тастауға ықшамдалған. Азық ауыз қуысында
аз уақыт болғандықтан онда бөлінетін сілекей мен ферменттер мөлшері де
төмен. Көмейден өткен азық кеуде қуысына кірер алдындағы жұтқыншақтың
кеңейтілген тұсы – бөлтірікте (зоб) жиналады. Тауық күркетауық бөлтіріктері
жақсы, ал суда жүзгіш құстар қаз, үйректер бөлтіріктері нашар жетілген.
Бөлтірікте жиналған азық арнайы шығарылатын сөлдермен ылғалдандырылып,
жұмсартылып, араластырылады да, сілекей азықтардың өзімен бірге түскен және
басқа да ферменттер ықпалынан ыдырап, қорытыла бастайды.
Бөлтіріктен ылғалданып, жұмсартылған азық қапшық тәріздес сөлді
қарынға өтеді. Онда ас қорыту сөлдерімен араласып, химиялық өңдеуден өтеді.
Қарын сөліне қаныққан азық құстың екінші қарны – бұлшық етті қарынға
түседі. Дән шоқитын тауық, күрке-тауықтардың бұлшық ет қарыны, шалғын және
балдыр жейтін су құстары қаз бен үйректерге қарағанда анағұрлым жақсы
жетілген . Тауықтың бұлшық етті қарыны 30-35 г, күркетауықтың бұлшық етті
қарыны 60-130 г, үйректің ондай қарыны 70-100 г, қаздың бұлшық етті қарыны
60-120 г, тартады. Оның қарама-қарсы орналасқан бұлшық еттері жиырылып,
түскен азықты ұсақтайды.
Осылайөңгелген азық ішектерге өтеді де, онда ыдырауы аяқталып, қанға
сіңіріледі (қорытылады) . Ішек ұзындығы тауықтар денесінің ұзындығынан 5-7
есе ұзын немесе 160-170 см болса, күркетауықтар ішегі 250-300 см, үйректер
ішегі 150-270 см,қаз ішегі 240-270см. Азық құстың ас қорыту жолдарын 2-4
сағат ішінде өтеді .
Азынтандыру барысы сияқты құс организмдеріндегізат алмасу
барысы да өте жылдам , жедел түрде өтеді. Осыдан барып олардың өсіп-өну
қабілеті де жоғары. Етті бағыттағы балапандар 56-60 тәулік ішінде 1,5-1,8
кг салмақ қосып
өздерінің бірінші тәуліктегі (жұмыртқадан шыққан кезіндегі) тірілей
салмағын (50 г) 30-36 есе ұлғайтады. Етті бағыттағы сақа тауықтар 3,0-3,5
кг тартып, жылына 150-185 жұмыртқа, жұмырқалағыш тауықтар 1,3-1,5 кг
тартып, 210-250 жұмыртқа, үйректер 3,0-4,0 кг, тартып, 100-160 жұмыртқа,
күркетауықтар 4,0-7,0 кг тартып, 80-120 жұмыртқа, қаз 5,0-6,0 кг тартып, 40-
60 жжұмыртқа туады. Алғашқы жұмыртқаны тауықтар мен үйректер 5-6 айлығында,
күркетауықтар 7-8 айлықтарында, қаз 8-10 айлығында таба бастайды. Шайқауға
салған етті бағыттағы тауық, үйрек жұмыртқаларынан 70% күркетауық ,қаз
жұмыртқаларынан 65% балапан шығарылады. Шыққан балапандар тез жетіліп,
тауық балапандары 9 аптада 1,3-1,4 кг, күркетауықтар балапандары 8-10
аптада 1,8-2,2 кг ал 16-20 аптада 4,0-5,0 кг, үйрек балапандары 8 аптада
2,0-2,4 кг, қаз балапандары 9 аптада 4,0 кг тартып союға әбден жарайды.
Егер бір тауықтан жүзге тарта балапан өсіруге болатынын ескерсеңіз,
шаруашылықта әр бастан 140 килограмдай жоғары сапалы, диеталық ет өндіруге
болатына көзіңіз әбден жетеді.
Құс етінде 16проценттен (үйрек, қаз) 20 процентке (тауық,
күркетауық) дейін, ал жұмыртқаларында 13-14 процент құнды белок болады.
Сонымен қатар жұмыртқа құрамына барлық дерлік алмастыруға келмейтін амин
қышқылдары, 30-ға жуық минералды элементтер кіреді. Белок қорытылымы өте
жоғары –97% жетеді. Жұмыртқа құрамындағы темір мен Д витамині сиыр
сүтіпдегіден де жоғары. Ал таза тығыз қабығы жұмыртқаларды ұзақ уақыт
бұзбай сақтайды. Қаз майы дәрігерлік мақсатта қолданылып, бауыры диеталық
тағам болып табылады.
Жұмыртқасы мен етін былай қойғанда құстардан бағалы қауырсын
өндіріледі. Қауырсын шығымы құстың тірілей салмағынан 6-8% жетеді.
Қауырсыннан жастық, мамық, бас киім және жылы киім дайындалады. Арнайы
өңдеуден кейін олардан азықтық ұн дайындап, мал азығына белокты қосынды
ретінде қолданұға болады. Құс қорасындағы төсеніш пен саңғырықты азотқа
және фосфорға бай тыңайтқыш ретінде қолданады.
2.3 Құс тұқымдары
Құс тұқымдары негізгі өндірілетін өнім түрі бойынша жұмыртқалағыш,
етті-жұмыртқалағыш, етті, өсімдік және спорттық бағыттарға бөлінеді. Дербес
шаруашылықта әдетте тауықтардың жұмыртқалағыш және етті-жұмыртқалаш
тұқымдардын, үйрек, қаз және күркетауықтардың етті тұқымдарын өсіреді.
2.4 Тауық тұқымдары
Жұмыртқалағыш тауық тұқымдары шапшаң, жеңіл сүйекті, тығыз қауырсынды
келеді. Әдетте 4-5 айлықтарында мекиендері сақа тауықтардың тірілей
салмағының 75 пайызына жетіп, жұмыртқалай бастайды. Ең көп тарағаны легорн
және орыстың ақ тауығы.
2.4.1 Леггорн
Тауықтарының тұлғасы үш бұрыштанып келеді. Түсі негізінен ақ. Басы
орташа мойны ұзын, қайқы, қораздарының мойын қауырсыны өскен. Кеудесі
шығыңқы, дөңгелектеніп келген. Жотасы ұзын, қайқы, сирақтары жүнсіз, тік
келеді.
Мекиендері 4,5-5 айлығында жұмыртқалай бастап, жыл бойы 200-дей
аппақ жұмыртқа табады. Жұмыртқадан балапан шығымы жоғары (80-90%).
Мекиендерінің тірілей салмағы 1,2-1,8 кг, қорздарының тірілей салмағы 2,0-
2,5 кг. Жұмыртқасының салмағы 50-60 г.
2.4.2 Орыстың ақ тауығы
Жергілікті тауықтарды леггорн тұқымымен шағылыстыру арқылы шығарылған.
Леггорндарға қарағанда ауыр салмақты, етті келеді. Мекиендер 5-5,5
айлығында жұмыртқалай бастап, ақ түсті жұмыртқалар табады. Күріктенуге
бейім. Сыртқы түр-түсті леггорндарға ұқсаған, тек бастары олардікінен үлкен
болады.
2.4.3Етті-жұмыртқалағыш тұқымдар
Етті-жұмыртқалағыш тұқымдарға мекиендердің тірілей салмағы 2,0-2,6
кг, қораздарынікі –3,0-3,6 кг, жылына әрқайсысы 50-60 г тарататын 160-180
жұмыртқа табатын тұқымдар жатады. Олар роз-айленд, нью-гемпшир, плимутрок,
суссекс және оларды жергілікті тауықтармен шағылыстыру жолымен шығарылған
москва, бірінші май, ливен, юрлов тұқымдары жатады.
2.4.4 Плимутрок тұқымы
Плимутрок тұқымы 6 айлығынан бастап жұмыртқалап, ашық қоңыр түсті
жұмыртқа табады. Балапан шығымы 75-80%. Тауық түстері ақ және ала болып
келеді. Салмақты, күрітенуге бейім.
Москва тауықтары ұзын тұлғалы, кеудесі шығыңқы келеді.
2.4.5 Етті тұқымдар
Етті тұқымдарға корниш тұқымы жатады. Ол ірі, төртбақ келеді. Жуас,
сирақтары қысқа, қауырсындары сирек. Кеуде бұлшық еттері өте жетілген.
Меиендерінің тірілей салмағы 3,0-3,5 кг, қораздарінікі 4,0-4,5 кг.
Жұмыртқасының әрқайсысы 38-60 грамм тартады, жылына 130-150 жұмыртқа
табады. Түсі қоңыр. Балапан шығымы 70%.
2.4.6 Сойыстық тұқымдар
Сойыстық тұқымдарға Өзбекстанда өсірілетін құланғы тұқымы жатады. Түсі
бурыл, қара, қызғылт келеді (1 сурет). Мекиендерінің орташа салмағы 3,2 кг,
қораздарынікі 4,3 кг. Жылына әрқайсысы 61 грамм тартатын 90-100 жұмыртқа
табады.
2.4.7 Көркемдік тауықтар
Көркемдік тауықтарды әуесқой құс өсірушілер әсем қауырсыны немесе
түрлі дене құрылысы үшін өсіреді. Мысалы, өте ұсақ, яғни жұдырықтай,
ергежейлі тауықтар, ұзын немесе керісінше құйрықсыз, қауырсыны бұйра немесе
жібектей жылтыр тауықтар болады. ұсақ, ергежейлі тауықтардан әдетте әуесқой
құс өсірушілер бентамок тұқымын өсіреді. Олардың мекиендерінің тірілей
салмағы 6,8-1,1 кг жылына әрқайсысы 42-45 грамм тартатын 50-70 жұмыртқа
табады.
2.5 Үйрек тұқымдары
Дербес шаруашылықта үйрек өсіру өте тиімді. Әсіресе оларды бағатын
кішкене көлшік болса, үйректер көп уақытын сонда өткізіп, азықтанып,
берілетін жемді біршама үнемдейді. Үйрек балапандары жұмыртқадан жарыла
салып, жаңа ортаға тез беймделеді, оның үстіне өте тез өсіп-жетіледі. Үйрек
ұстау үшін ең арзан материалдан қалқа тұрғызса жетіп жатыр. Негізінен етті
болып келеді. Өйткені үйрек жұмыртқалары, басқа да суда жүзгіш құстардікі
сияқты, дәмсіз болады да, пісіріп жеуге жарамайды.
Ең көп таралған пекин тұқымы суыққа өте төзімді (2 сурет). Бастары
үлкен, жалпақ, маңдайы шығыңқы. Тұмсығы қызғылт-сары, сәл имектеліп бітеді.
Мойнының жалпақтағы орташа. Кеудесі кең де қайқы. Арқасы кең, шоқтығына
қарай биіктей береді. Қанаттары шағын. Тұлғасы кең де ұзын. Сирақтары қысқа
да жуан. Қауырсыны ақ, өзі сарғылт түсті. Еліміздегі бүкіл үйректектің 98
пайызы осы пекин тұқымының түрлі жалғасушы топтарынан тұрады.
Еттілік қасиеттері өте жоғары. Сақа меиендерінің тірілей салмағы 3,0
кг, әтештерінікі 3,5 кг, 9 апталық балапандары 2,5 кг тартады. Оларды осы
салмақтан асырмай 65-70 күндігінде сойған жөн. өйткені содан кейінгі
уақытта олардың уақытша қауырсыны түпкілікті қауырсындармен алмаса бастайды
да , екі ай бойы салмақ қосымы күрт төмендейді. Ал жаңадан өсе бастаған
түпкілікті қауырсындардың түбірі жұлып тазартуға кедергі туғызады. Пекин
үйректері 6-8 айлығында жұмыртқалай бастап, 7-8 ай ішінде 80-120 жұмыртқа
табады. Жұмыртқасының салмағы 85 г, қабағы ақ немесе ашық сары түсті.
Балапан шығымы 75%. Бірақ өз мекиендері көбіне күрік болып, жұмыртқа
баспайды. Сондықтан дербес шаруашылықтар олардың жұмыртқаларын күрік болған
тауықтарға бастырады.
Бұрыңғы одақ 1971 жылдан бастап Англиядан пекин үйректерінің екі
линиялық Черри-Велли атты кроссын сатып алып, өсіре бастады. Қазақстан
құс шаруашылықтары да осы кроспен шұғылдануда. Еттілік қасиеттері өте
жоғары. Салмағы 9 аптада 3 килограмға жетіп, дене тұлғасының ерекше
қомақтылығымен көзге түседі.
ТМД-да шығарылған үйрек тұқымдарына мосваның ақ үйрегі жатады. Дене
құрылысы, сыртқы тұлғасы жағынан пекин үйректеріне ұқсайды. Қауырсыны
жылтыр ақ түсті. Жұмыртқалағыш (100 жұмыртқаға дейін) қасиетін екі жыл
сақтайды. Жұмыртқасы ірі (90 г). Балапан шығымы жоғары. Сыртқы ортаға
бейімделгіш, өте жедел жетіледі.
Үйрек етінде май көп болғандықтан (балапандарының етінде 26-28%, сақа
үйрек етінде 36-38%) соңғы кезде деген сұраныс төмендеп барады. Қазіргі
уақытта майлылығы төмен, нәзік те дәмді ет өндіру қажет. Бұл мақсатта
елімізде мускусты үйректер және олардың жергілікті тұқымдарымен
шағылыстырылып алынған будандары – мулардтар өсіріледі.
Мускусты үйректер 6-9 айлығында жұмыртқалай бастап, жылына әрқайсысы
70-80 г тартатын 60-120 жұмыртқа табады. Мекиендерінің тірілей салмағы 2,5-
3 кг, әтештерінікі –4,5-5 кг. Арнайы бордақылудан кейін бауыр өндіруге
болады. денелері кең де ұзын. Қанаттары ұзын (30 см) болғандықтан жақсы
ұшады. Қауырсыны қара, қара-ақ түстерге боялған. Басқа тұқымдармен
шағылыстыру жолымен алынған будандары мулард деп аталады. Бұл үйректердің
денесінде таза ет көп те, ал майы аз аз болады. бұл үйректердің денесінде
таза ет көп те, ал майы аз болады. Әбден бордақыласа тірілей салмағы 6-7
килограмға жетіп, бауырының өзі 350-550 грамм татады.
Жұмырқалағыш тұқымдардан елімізде үндінің жүйрік үйрегі өсіріледі.
Ұзын денелі, ұзын мойынды, ұзын сирақты, ұзын құлақты құс. Жылына әрқайсысы
70-80 грамдық 200 жұмыртқа табады. Жұмыртқасы дәмді. Тауық жұмыртқасының
дәміне ұқсас.
Көптеген дербес шаруашылықтарда қаз өсіріледі. Қаз қолда өсіруге
ыңғайлы, үйреншікті тәртіпті қатаң сақтайтын құс. Сондықтан да оларды
күнделікті бір тәртіпке үйретіп қойса, өздері де соған дағдыланып, қайта-
қайта қайыруға уақыт бөлмей өсіруге жайлы. Өздеріне ерекше бағып-күтімді
қажет етпейді. Ауа райына төзімді, басқа үй құстарымен салыстырғанда
жайылымда өте жақсы жайылатын құс. Сондықтан да жемді барынша үнемдеуге
болады. қыс айларында пішен жапырағын, картоп, тамыржемістілер, асхана
қалдықтарын жей береді.
Басқа үй құстарымен салыстырғанда шаруашылықта өсіру мерзімі де ұзақ.
Екінші және үшінші жылдары жұмыртқалағыштығы 15-20 пайызға ұлғайады. Бірақ
жалпы жұмыртқа саны аз. Таза етті бағыттағы құс. Кейбір тұқымдарын арнайы
бордақылудан кейін жеңсік тағам – майлы бауыр өндіріледі. Басқа құспен
салыстырғанда ұзақ жетіледі. Алғашқы жұмыртқасын 8-10 айында табады. Күрік
болғыш . Осы қасиеті және қауырсынының жылына екі мезгіл – жазда және
күзде алмасуы жұмыртқалағыштығына кедергі келтіреді.
ТМД шаруашылықтарында ең көп тарағандары ірі боз (40 %) тұқым мен
қытай (30 %) тұқымы. Олармен қатар кубан, горький, рейн және италия
тұқымдары (әрқайсысы 6-10 %) да өсіріледі.
2.6 Қаздар
Ірі боз қаз өте кең тараған, сыртқы ортаға бейімделгіш құс. Денесі
мықты. Қимылы шалт. 290-310 күндігінен бастап жұмыртқалайды. Тірілей 6,0-
6,5 кг. Маусымына 30-35 жұмыртқа табады да күрік болып, балапан шайқайды.
Балапан шығымы 60%, 9 айлықтарында 3,5-4,5 кг тартады.
2.6.1 Қытай қазадары жақсы жұмыртқалағыш
Жұмыртқалауды 270 тәулігінде бастап, 45-70 жұмыртқа табады.
Тірілейсалмақтары –4,0-5,0 кг. Балапан шығымы 75%. 9 айлық балапандары 3,0-
3,5 кг тартады (3 сурет). Мекиендері нашар күріктенеді. Көзге түсетін
ерекшеліктері – тұмсықтарының үстінде шоғарланып мүйізденген қатпар болады.
2.7 Күркетауықтар
Қолда өсірілетін құстар ішіндегі ең ірісі – үнді тауығы, яғни
күркетауықтар. Тірілей салмақтары 15-18 кг жетеді. өсімталдығы жағынан
үйрек, тауық, қаздан асып түседі. Еті қолда өсірілетін құс етінің ішінде ең
дәмдісі. Диеталық қасиеттеріне орай балалар, қарттар және семіруге бейім
адамдар мәзірінен тұрғылықты орын алғаны жөн.
Еліміздің суық аудандарынан басқа жерлерде күркетауықтарды дербес
шаруашылықтарда өсіруге әбден болады. олар өздігінен жайылып, шыбын-
шіркейлерді көптеп шоқитындықтан азықтандырылуы арзандап, қорық-бақшаны
түрлі зиянды насекомдардан арылтуға септігі тиеді.
2.7.1 Солтүстік кавказ күркетауығы
Жайылым отына бейімделген отандық бағалы тұқым. Мекиендері 9-10
айлығынан бастап жұмыртқалап, 5-6 ай ішінде 60-80 жұмыртқа салады.
Қабығының сырты ашық-қоңыр, бурыл ноқаттары болады. Әрбір жұмыртқасы 80-100
грамм тартады. Сақа мекиендер салмағы 6-7 кг, әтештерінікі –12-14 кг, 4
айлық балапандарының тірілей салмағы 4 килограмға жетеді.
Тұлғасы кең де шығыңқы. Солтүстік кавказ күркетауығын қауырсының
түсіне қарап жез түсті және ақ түсті деп екіге бөледі. Ақ түсті
күркетауықтардың жұмыртқалағыштығы жоғары, ұшасы да тәуір, товарлық сапасы
жақсы. Жез түсті күркетауықтар ұшасының товарлық сапасын қауырсындарының
қара түбірі бұзады.
2.7.2 Кең кеуделі жез түсті күркетауықтар
Америка Құрама Штаттарында шығарылған тұқым. Қазақстанға әкелініп
солтүстік кавказ тұқымын шығару үшін пайдаланылған. Жергілікті жез түсті
күркетауықтарды жақсартуға болады. Өте ірі құс. Мекиендерінің тірілей
салмағы 7-8 кг, әтештерінікі –13-14 кг. Әтештерінің салмағы ауыр
болғандықтан шағылысқан кезінде мекиендерді тарпып, жарақаттандырмас үшін
сақ болу қажет. Ең дұрысы қолдан ұрықтандыру. Мекиендері 10 айлығынан
жұмыртқа сала бастап, жылына әрқайсысы 95 грамдық 70-80 жұмыртқа салады.
Қауырсыны ақ түсті, кең кеуделі күркетауықтар да бар.
Осы келтірілген тауық, қаз, үйрек және күркетауық тұқымдарымен қатар
дербес шаруашылықтарда басқа құстар түрін өсіруге де болады. Мысалы, мысыр
тауығы суыққа, түрлі ауруларға төзімді келетіндіктен республикамыздың
солтүстік облыстарында өсіруге қолайлы. Ет бағытындағы құс. Тауықтармен
салыстырғанда 9-11% ет артық өндіріледі. Етінің дәмі қырғауыл, шіл сияқты
жабайы құс етінің дәміне ұқсас. Тіпті олардан гөрі майлырақ, нәзікірек,
тілге үйірімді келеді. Шалт қимылды, үркек, ұшып-қонып тұратын құс. Тірілей
салмағы 1,5-2,2 кг. 7-8 айлығынан бастап мекиендері 5-6 ай ішінде 80-100
жұмыртқа салады. Жұмыртқасының салмағы 42-56 г. Қабығы өте мықты
болғандықтан ұзақ уақыт бұзылмай сақталады.
2.8 Бөденелер
Бөденелерден қолда өсіруге бейімделгендері жапон бөденесі. Жапон
бөденелері тауық тұқымдастар ішіндегі ең ұсақ құс. Өте дәмді, диеталық және
дәрігерлік емдік қасиеттері жоғары, тілге үйірімді еті мен мен әсіресе
жұмыртқасы үшін, тіпті қалалық үйлерде де өсіріледі.
Жұмыртқалауын өте ерте 35-40 күндігінде, тірілей салмағы 90-100
грамдық кезінде бастап, жылына салмағы 10-18 грамдық 250-300 жұмыртқа
салады. Өз тірілей салмағымен салыстырғанда жылдық салған жұмыртқаларының
жалпы салмағы 20 есе көп. Салыстыру үшін тауықтарды алсақ, олар өз тірілей
салмағынан 8 есе көп жұмыртқа салады.
Бөденелердін жұмыртқасын сәскеде және ымырт жабыла салады. Салу
аралығы 30 сағат, шайқауға салынған жұмыртқалардан 78-80% балапан шығады.
Шайқау мерзімі 17 тәулік. 3 апталығында қауырсын түсіне қарап мекиен,
әтештерін ажыратуға болады. Әтештерінің мойын қауырсыны ұзындау болып,
қоңыр түске боялса, мекиендерінікі ашығырақ өңді болады. Әтештерінің төсі
қоңыр түсті де, мекиендерінің төсі қара нүктелі боз түсті болып келеді.
2.9 Құс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz