Шөлдену – ғаламдық экологиялық мәселе


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР:
- КІРІСПЕ БӨЛІМ.
ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ . . . 3 бет
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
А) ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ - ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ АДАМЗАТТЫҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ . . . 4 бет
Ә) ШӨЛ, ШӨЛЕЙТ, ШӨЛЕЙТТЕНУ ҰҒЫМДАРЫНА ҚЫСҚАША ТАЛДАУ ЖАСАУ . . .
Б ) ШӨЛЕЙТТЕНУ ҒАЛАМДЫҚ МӘСЕЛЕ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ АХУАЛЫ . . .
- ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.
ШӨЛДЕНУ - ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні - табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.
Ғаламшардағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.
1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.
Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.
«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан) .
1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.
Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:
- СПИД-пен күреске жұмылдыру;
- туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;
- бала өлімін кеміту;
- халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;
- еркектер мен әйелдердің өздерінің балалрының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;
- халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;
- балалардың денсаулығын қорғау;
- қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан тазарту және оның алдын алу.
Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:
- қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету;
- өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;
- барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.
[1]
Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция
- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.
Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.
БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Республика Президенті Н. Ә. Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.
Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:
- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
- суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
- жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.
Алдымен шөл деген ғылыми ұғымға талдау жасасақ:
Шөл - жылдық жауын-шашыны аз (100-250 мм не одан да кем), жазғы температурасы жоғары, булануы күшті, ауа, әсіресе топырақ температурасының тәуліктік және жылдық ауытқуы өте мол болып келетін физико-географиялық зоналардың бірі. Шөл қоңыржай және тропик өңірлерінде орналасады. Өзінің субстраты бойынша шөлтастақты, саздақты (балшықты), сорлы және құмды болып төртке бөлінеді. Тастақты, саздақты және сорлы шөлдерде өсімдіктер жоқтың қасы, ал құмды шөлдер өсімдікке байырақ. Онда құм өлең шөбі, жусандар, жүзіген, құм қарағаны, сексеуіл өседі. Көктем басындағы, жазғы және күзгі жаңбырлардан кейін құмды шөл көктеп, мал жайылымы есебінде пайдалануға мүмкіндік береді. Құмды шөлге Қазақстандағы Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесік Атырау және тағы басқалар жатады. Шөл өсімдіктері сирек болғанмен ауаның ұдайы құрғақтығына жақсы бейімделген. Бұған вегетативтік уақыты қысқа, өсімдіктер (эфемерлер) тән келеді; олардың басым көпшілігінің тамыр жүйелері терең орналасады, ал жапырақтары кішкене болғандықтан шөл өсімдіктері бойына ылғал қорын жинайды. Шөлде мекендейтін жануарлардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Табиғи ықтасындардың жоқтығына байланысты жазғы ыстықтарда жануарлардың көпшілігі құмға кіріп (кесірткелер, жыландар, кенелер, шаяндар, көптеген насекомдар), немесе ін қазып (тараққұйрықтар, қосаяқтар, тағы басқалар) мекендеуге бейімделген; кейбір жануарлар (кемірушілер мен бауырымен жорғалаушылардың көпшілігі) жазғы ұйқыға кіріседі. Өсімдіктердің сирек, судың аз болуына байланысты жануарлардың біразы шапшаң жүгіруге бейімделген (мыс. : қарақұйрық, ақбөкен) . Кейбір жануарлардың (мыс. : түйе) организмдерінде суға төзімділік ерекшеліктері бар. Шөл жануарларының көпшілігіне жүнінің сұр құм түсті болып келуі тән. Географиялық таралуына байланысты шөлдер тропиктік өңір, қоңыржай өңір шөлдері болып бөлінеді. Үлкен шөлдерге Қызылқұм, Қарақұм; Сахара, Араб, Иран, Орталық Азия (Такла-Макан) ; Солтүстік Американың батыс белімі (Үлкен бассейн), Австралияның батыс белімі (Үлкен құмды шел), Ұлы Виктория шөлі жатады. [2]
Шөлдену - бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
Шөлейт - қоңыржай белдеудің дала, шөл зоналарының аралығындағы өтпелі ландшафтың кіші зонасы. Кейде шөлейт деп тропиктік шөлдер мен саванналардың аралығындағы өтпелі кіші зоналарды атайды. [2]
Шөлейттену - жаһандық экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблеманың айқын көрiнiсiн бiлдiредi. XXI ғасырда, Жер халқы санының ұлғаймалы өсуi, өнiмдi ауыл шаруашылығы жерлерiнiң көлемдерiн iс жүзінде толық игеру және қоршаған ортаға техногендiк жүктеменiң өте зор ұлғаюы аясында шөлейттену көптеген елдер үшiн табысты әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгi қатерi болуы мүмкiн.
Сондықтан, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрi - БҰҰ) 1994 жылғы 17 маусымда Париж қаласында (Франция) "Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегі конвенциясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 17 шiлдедегі Заңымен бекiтілген Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегі конвенция қабылданды және қол қою үшiн ашық.
Аумағының көп бөлігі жеткілiксiз ылғалдану аумағында орналасқан Қазақстан үшiн шөлейттену проблемасы өте көкейкестi болып табылады. Қазiргі уақытта, елдiң үштен екiсi шөлейттену процесiнiң әртүрлі деңгейiне ұшыраған.
Проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi конвенциясының (бұдан әрі - Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенция) айқындауына сәйкес - шөлейттену "климаттың өзгеруі мен адам қызметiн қоса алғанда, әр түрлi факторлардың iс-әрекетi нәтижесiнде құрғақ, жартылай құрғақ және қуаңшылық субгумидтік аудандардағы жерлердiң жұтауы".
Табиғи және антропогендiк факторлар Қазақстандағы шөлейттенудің себептерi болып табылады.
Қазақстандағы шөлейттену процесiнiң дамуына ықпал ететiн негізгi табиғи фактор құмдардың (30 млн. га-ға дейiн) және сортаңданған жерлердiң (127 млн. га) кең таралуына алып келетiн климаттың құрлықтылығын және құрғақшылығын, су ресурстарының кедейлігі мен бөлуiнiң бiркелкiлiгін айқындайтын елдiң iшкi құрлықтық жағдайы болып табылады. Жерлердің жұтау процестерiн дамыту үшiн жағдай, құрғақшылықтың әсерi кезiнде топырақ құраудың маусымдық ерекшелiктерiн бұзу кезiнде жасалады. Сондай-ақ топырақ-өсiмдiк жамылғысының әлсiз жинақылығы және оның серпiндiлiгi шөлейттенудің алғы шарты болып табылады. Қазақстанның бұл табиғи ерекшелiктерi антропогендiк әсер етулерге табиғи ортаның әлсiз тұрақтылығымен белгілi (қолда бар деректер бойынша елдiң шамамен 75% аумағы экологиялық тұрақсыздандырудың жоғары қатерiне ұшыраған) .
Қазақстандағы шөлейттену процестерiнiң туындауына және дамуына алып келетiн антропогендiк факторлар, ең алдымен шаруашылық қызметiнiң мынадай түрлерiмен байланысты: малды жаю; егін шаруашылығы; жер қойнауын әзiрлеу; өнеркәсiптiк, әскери және азаматтық объектiлердi, суландыру және желiлiк құрылғыларды салу және пайдалануға беру. Шөлейттену сондай-ақ, орманды жоспарсыз жаппай кесудiң, мал азығы мен отынға бұталар мен жартылай бұталарды шабудың, орман және дала өрттерiнiң, жүйесiз рекреацияның, елдi мекендер аумағында қоқыстарды ұйымдастырудың, топырақтардың және улы заттармен жер асты суларының ластануының, көлiктiң әсер етуiнiң нәтижесi болып табылады.
Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi конвенцияда қабылданған өлшемдерiне сәйкес айқындалған Қазақстанда шөлейттенудiң басты тұрпаты мыналар болып табылды: өсiмдiктердiң жұтауы; топырақтың сулы және желдi эррозиясы; топырақтың сортаңдануы және қарашiрiнсiзденуi; топырақтың, грунт және жерасты суларының химиялық ластануы; жердiң және гидрологиялық режимнiң техногендiк бұзылуы.
Өсiмдiк жамылғысының жұтауы - бұл ормандардың, жайылымдық жерлер мен шабындықтардың жұтауы түрiнде көрiнiс беретiн шөлейттенудің ең көп тараған және сырттай айқындалатын процесi.
Республиканың есептiк ормандылығы орман жамылғыларына сексеуiлдi орманжайылымдарын және бұталар тоғайын қоса алған кезде 4, 6%-ды құрайды, орман құрамына тек ағаштарды қоса алған кезде нақты ормандылық 2, 3%-ды құрайды.
Соңғы он жыл iшiнде орманжайылымының жұтауына 0, 52-ден 0, 47 дейiн, яғни 10%-ға кемiген, олардың тығыздылығының төмендегенiн көрсетедi. Ормандылықтың төмендеуi және жасанды орман өсiру көлемiнiң қысқаруы Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесiк - Атырау және басқа да массивтердiң басым шөлейт бөлiгiнде жайылымдардың азуы мен жұтауының өсуiне алапатты қауiп төндiредi.
Соңғы 40 жылдың iшiнде қылқан жапырақты ормандардың өнiмдiлiгi 7% кемiген, майқарағай ағаштарының ауданы 13% кемiген, Кендi және Оңтүстiк Алтай ормандарында ағаштардың жұтауы неғұрлым байқалады. Жоңғар және Iле Алатауында өсетiн алма ормандарының ауданы 24% қысқарды.
Шөлдi өзендердiң алабындағы ормандар өте қатты жұтауда. Осы ормандардағы өзен ағыстарын реттеу нәтижесiнде топырақ ылғалдылығы кемiгендiктен түрлердiң қажетсiз өзгеруiне әкелiп соғуда. Мысалы, Оңтүстiк Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Сырдария өзенiнiң алабында тұранға ағашының шамамен үштен бiр бөлiгi шыңғылдың қажетсiз бұталарына айналды.
Жайылымдар мен шабындықтардың жұтауы. Тың жерлердi жаппай жырту Қазақстанның дала экожүйесiне неғұрлым керi және кешендi әсерiн тигiздi.
Жайылымдықтарды жыртқан сайын, малды өнiмдiлігі төмен жерге ығыстырған, сонымен бiрге мал басын көбейту салдарынан қалған тың жай-күйiндегi жайылымдардың жүктемесi ұлғайды. Құнарлы жерлердiң басым бөлiгiн жырту, көл маңы етегі және қазаншұңқырларының ылғалды сор шалғындарын қоса алғанда малды өнiмдiлiгi аз, кәрiзденбеген, сортаң аумаққа ығыстырды және жинақтады.
Барынша жұтауға, ауылды жерлерге, шалғайдағы малшаруашылығына, сиыр сауу құрылымдарына және құдықтарға iргелес жайылымдар ұшыраған.
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгінiң деректерi бойынша 2004 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 188, 9 млн. га-дан соңғы дәрежелi жұтауға 26, 6 млн. га жеткен, ол күштi және өте күштi шөлейттенгенiн көрсетедi. Республиканың орманды-дала және дала аймақтарында жерлерiнiң 34, 8 млн. га жерiн жайылымдар құрайды, оның 5, 6 млн. га өте қатты жұтаған. Жайылымдардың жұтау процесiнiң өсу үрдiсi байқалуда.
Қазақстанның 5, 0 млн. га ауданында шабындықтар бар. Шөлейттену салдарынан шабындықтардың ауданы қысқаруда, оларды улы өсiмдiктердiң басуы, бұталардың көбеюiнде, шалғындық өсiмдiктердiң ресурстық қана емес, сонымен қатар, суды реттейтiн рөлi де толық немесе жартылай жойылуында көрiнiс бередi.
Топырақтың жел және су эррозиясы. Қазақстанда топырақтың жел эррозиясымен туындаған шөлейттену далалы, құрғақ далалы, жартылай шөлейттi және шөлейттi ландшафтарды қамтыған. Жел эрозиясының әсерiнен топырақтың жұқа бөлшектерiнiң ұшып кетуi және топырақтың құмдануы болады. Егістік жерлердiң желмен үрленген қабатында қарашiрiннiң құрамы азаяды, сiңiрiп алу көлемi қысқарады, карбонаттылығы көбейедi, агрохимикалық және сулы-физикалық қасиеттерi нашарлайды.
Бүгiнгі таңда Қазақстанда егістiк жерлерде дефляцияның зияндығының әлсiздiгiне оның қысқаруына байланысты болжау жасауға болады. Алайда, республикамыздың қуаңшылық аймақтарында, әсiресе қатты жұтаған жайылымдарда жер эррозиясының күшею қауiптiлігі бар.
Суармалы жерлердi кеңейту жөнiндегi бағдарламаны iске асыру барысында суландыруға сорғытылмаған және тұздалған топырақтардың ауқымды алқаптары тартылды. Көлемдi суландырудағы өңiрлердiң су және экологиялық проблемаларының басты себебi болып жетiспеушiлiк емес, осындай табиғи жағдайдағы басқа елдерде судың үлестік шығыстарынан орташа алғанда, бiр табан жоғары тұратын, суды үнемсiз пайдалану болып қалуда. Бұл суды тасымалдаудың қарабайыр технологияларымен, экономикалық ынталандырудың және оны үнемдеу дәстүрiнiң болмауымен белгіленедi.
Зop сүзгi шығындары мен суғарудың үнемсiз емес нормалары қайталама тұзданудың, батпақтанудың және су эрозиясының негiзгi себебiне айналды, ал кәрiздi сулардың төгіндiсi өзендердiң тыңайтқыштармен, пестицидтермен ластануына және жоғары минералдануына алып келдi. Алапаттың салдары Әмудария, Сырдария және Iле өзендерiнiң ластануы мен су балансының бұзылуына әкелдi. Олардың ықпалы Балқаш және Арал өңiрiнiң экологиялық және экономикалық проблемалар кешенiне де әсерiн тигiздi.
Арал өңiрiндегі экологиялық шиеленiс осы ғасырдың ең қайғылы оқиғаларының бiрi болып табылады. Шөл орталығында орналасқан теңiз қоршаған өңiрлердiң табиғи-климаттық және экологиялық жағдайына қолайлы әсер еткен және Арал өңiрiнiң кең аумағында ылғалдылықтың реттеушiсi, оңтүстiк шөлдерден келетiн аңызақ желдерден қорғаушы болды. Теңiз жоғары биологиялық өнiмділiкке ие болды, маңызды балық шаруашылығы, аң шаруашылығы, көлiк және рекреациялық мәнi болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz