Актиномицеттер


МАЗМҰНЫ:
- КІРІСПЕ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМАктиномицеттерге жалпы сипаттамасы, классификациясы және жалпы классификациясы. Streptomyces туысы. Актиномицеттердің антагонисттік қасиеттерін (оның ішінде стрептомицеттердің) қасиеттеріТопырақтан бөлініп алынған Streptomyces туысы актиномицеттерінің антагонисттік қасиеттерін анықтау әдістері және қажетті - антибиотиктер продуценттері
- ҚОРЫТЫНДЫ
- ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- КІРІСПЕ
Топырақ микроорганизмдері биологиялық белсенділігі және құрамы бойынша алуан түрлі болып келеді. Бұл бактериялар, актиномицеттер , саңырауқұлақтар, балдырлар және қарапайымдылар. Микроорганизмдер салмағы тек үстіңгі беткей горизонтының өзінде ғана бір гектарға бірнеше тоннаны құрайды. Микроорганизмдер саны 1 г топыраққа жүздеген мыңдар мен миллионға дейін жетеді. Жалпы, микроорганизмдер мөлшері жағынан планетамыздың құрлық бөлігінің 0, 01-0, 1% -ын алып жатыр /1/.
Топырақ фаунасының әрбір мекендеушісі өзінің тіршілігін жалғастыру мақсатында алуан түрлі функциялар атқарады. Ал бұл функциялар өз кезегінде организмдердің ерекше қасиеттеріне негізделеді. Осының ішінде бұл курстық жұмыста топырақ микрофлорасында айрықша орынға және спецификалық қасиетке ие актиномицеттер қарастырылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Актиномицеттер өздерінің антибиотикалық заттарды синтездеуіне байланысты үлкен қызығушылық тудыруда. Сонымен қоса, актиномицеттер жоғарғы және төменгі сатыдағы организмдердің өсуін және дамуын стимулдейтін биологиялық активті заттар түзуге қабілетті. Актиномицетті шығу тегі бар заттар мал шаруашылығында және өсімдік шаруашылығында зиянкестермен күресуде орны ерекше. Барлық актиномицеттер делік B тобына жататын витаминдерді синтездейді. Сондықтан да актиномицеттердің ерекше қасиеттерін анықтау, зерттеу қазірігі таңда өзекті мәселе.
- НЕГІЗГІ БӨЛІМАктиномицеттерге жалпы сипаттама, классификациясы және жалпы сипаттама
Актиномицеттер (ескі атауы: сәулелі саңырауқұлақтар) - диаметрі 0, 4-1, 5 мкм-ге дейін жететін даму сатыларының кейбір стадияларында бұтақтанған мицелий құруға қабілеті бар бактериялар (кейбір ғалымдар актиномицеттердің бактериалды табиғатына байланысты саңырауқұлақтық мицелий аналогы - жіңішке жіпшелер деп атайды) тобы. Клетка қабырғасының типі бойынша Гр + және ДНҚ құрамында ГЦ жұптарының мөлшері - 60-75%.
Ең кең таралған жері - топырақ: оның құрамында актиномицеттердің барлық туыс өкілдері кездеседі. Люминесцентті микроскопия көмегімен анықталатын прокариотты биомассаның 10-15% мөлшерін және дәстүрлі қоректік орталарда сұйытылған топырақ суспензиясын егу кезінде өсіп шығатын бактериялардың ¼ бөлігін құрайды /2/.
Актиномицеттердің арасында аэробтар және анаэробтар, мезофилдер мен термофилдер бар. Көбінесе актиномицеттер сапрофиттер, алайда араларында адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге зиян келтіретін паразитті түрлері кездеседі. Actinomycetes классына қалыпты актиномицеттерден басқа, проактиномицеттер, микобактериялар және микококкалар жатқызылады /3/. Проактиномицеттер актиномицеттерден мицелийдің дамудың ерте кезеңінде ған болуымен ерешеленеді. Одан кейін жас жіпшелер коккалар мен таяқшаларға дейін үзіледі.
Соңғы жылдары актиномицеттер адам қажеттілігіне сай көптеген алуан түрлі физиологиялық белсенді заттарды продуцирлейтін қабілеттілігіне байланысты практикада кең қолданысқа ие. Актиномицеттердің көптеген дақылдарынан дәрілік препараттар - тағам өнеркәсібінде, өсімдік өнеркәсібінде, ветеринарияда, медицинада қолданылатын антибиотиктер. Актиномицеттер витаминдер, гормондар, ферменттер, токсиндер, өсу заттары, аминоқышқылдар және адам үшін қажетті басқа да биологиялық белсенді заттар түзуге қабілетті. Топырақ құнарлылығын қалыптастыру және топырақ шығару прцесстеріне актиномицеттер белсенді түрде қатысады. Оларға топырақты қалпына келтіруді жүзеге асыратын көптеген функцияларды жатқызады. Ең алғаш болып актиномицеттерді 1878 жылы Ц. Гарц анықтаған болатын. 1945 жылы С. Ваксман және А. Шатц актиномицеттер дақылдарынан медицинада кең қолданыс тапқан стрептомицин антибиотигін бөліп алды /3/.
- Актиномицеттердің құрылымы
Жоғары сатыдағы актиномицеттердің мицелийі өте жақсы дамыған. Жіңішке гиф диаметрі - 0, 1-1, 0 мкм, ал айрықша жуан гифтер - 1, 5 мкм-ге дейін жетеді. Тығыз агарланған қоректік орталарда (беттік егу) мицелийдің 3 типін анықтауға болады: субстратты, ауалы, субстрат алды немесе колониялар. Субстратты мицелий ортаның тереңдігінде дамиды және “тамыр жүйесі” қызметін атқарады. Оның жіпшелері қоректік заттарды өздеріне сіңіреді де колонияларға тасымалдайды, ал ол жерден ауалы мицелийге ауысады. Субстрат алды мицелийі агарланған ортаның бетінде дамиды және көлемі жағына үлкен жіне кіші колониялардың таралуы жүреді. Актиномицеттердің колониялары тығыз, көн тәрізді және ортамен тұтасып өседі. Ұсақ колониялар мөлшері - 0, 5-2 мм, ал ірі колониялар 1 см-ге дейін жетеді /3, 4/. Колониялардың сыртқы көрінісі де алуан түрлі: тегіс, бұдыр, қатпарлы, түйіршікті. Актиномицеттердің ауалы мицелийі колонияның беткі қабатында қалыптасады.
Актиномицеттердің клеткалары негізгі бірнеше бөліктерден құралған. Клетка қабықшамен - 0, 01-0, 03 мкм көлемі бар қабырғасы болады /3/. Мицелий қабықшаларының бетінде шырышты капсула орналасқан, көбіне ол өте жұқа және тығыз емес жүйе болып келеді.
- Актиномицеттердің классификациясы
Актиномицеттердің систематикасы үшін микроорганизмдердің бұл тобына жататын микробтарға тән қасиеттер анықталды. Сонымен қатар, зерттеу барысында актиномицеттер түрлерінің морфологиялық өзгергіштіктері, ұрпақ беру органдарының құрылымы және даму дәрежесі, споратасушылар сипаты, спора қабықшасының құрылымы сияқты көрсеткіштер есепке алынды.
Жалпы, Actinomycetes класы 2 қатардан құрылған. Actinoplanales - қозғалмалы және Actinomycetales - қозғалмайтын. Класс 26 туысы бар 6 тұқымдасты біріктіреді /3/.
Тұқымдастары: ACTINOMYCETACEAE, MICROMONOSPORACEAE, STREPTOSPORANGIACEAE, ACTINOPLANACEAE, DERMATOPHILACEAE, PLANOSPORACEAE.
Streptomyces туысы - Actinomycetales қатары Streptomycetaceae тұқымдасына жататын топырақ актиномицеттерінің туысы, тұқымдастың ең үлкен туысы (500-ден астам түрі бар) . Көптеген антибиотиктердің продуценттері ретінде танымал.
2. 1. 4. Актиномицеттердің (оның ішінде стрептомицеттердің) антагонисттік қасиеттері
Микроорганизмдердің өзара антагонистік әрекеттесуі микробтардың бір түрінің қандай да бір жолмен басқа микроорганизм түрінің дамуын немесе өсуін тежеумен сипатталады.
Бактериялардың, стрептомицеттердің , зең саңырауқұлақтарының антагонисттік қасиеттеріне зерттеушілер сонау XIX ғасырда мән бере бастады. Алайда, бұл болжамдар бірлеспеген кездейсоқ сипатта болды, бұл құбылыстың сол кезеңде практикалық қолданыста болмауына байланысты антагонизм жайлы мәліметтер бір жүйеге келтірілмеген. Кейіннен, микробтық антагонизм туралы жекелей фактілерді біріктіруді И. И. Мечников жүзеге асырды. Ол практикада бұл құбылысты қолдану жолдарын қарастырды. Мечниковтың мерзімнен бұрын ішектің іріңді бактерияларының метаболизмі нәтижесінде пайда болатын метаболиттермен организмнің әрдайым интоксикациялануы салдарынан қартаюы және іріңді бактериялардың тіршілігін тежеу үшін ұйытқы құрамындағы сүтқышқылды таяқшаларды қолдану жөніндегі оқулары қазіргі таңдағы микроорганизмдер антагонизмі жөнінде ғылыми негіз салды.
Антагонизм микроорганизмдердің алуан түрлі топтарының арасында кең таралған құбылыс: бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар, балдырлар және тағы басқа.
Микроорганизмдер тұқымқуалаушылық ерекшеліктеріне, сонымен қатар, әр түрлі экологиялық факторларға және дақылдау жағдайларына тәуелді басқа организмдерге қатысты антагонистік қасиеттер көрсете алады.
Антагонизм құбылысының туындауы әр түрлі себептерге байланысты, осыған орай микробты антагонизмнің екі негізгі формасы бар: «пассивті» және «активті» антагонизм.
«Пассивті» антагонизм дегеніміз микроорганизмнің басқа түрінің өсуін белгілі бір анықталған жағдайларда тежеу, кейде сол организмдердің дамуы үшін шекті жағдайларда өтетін процесс. Бұндай жағдайлар микроорганизмдерді тек лабораториялық жағдайларда дақылдандыру кезінде орын алады. Өсудің қалыпты табиғи жағдайларында бұл антагонизм түрінің болуы мүмкін емес.
«Активті» антагонизм дегеніміз - микроорганизм бір түрінің екінші түрін тежеу (тіршілігін) организмнің дамуы барысында түзілетін метаболизм өнімдерімен ортаның байытылуы нәтижесінде жүзеге асатын процесс. Алайда, бұл метаболиттердің белгілі бір концентрацияларында продуценттер еркін түрде дами алады.
«Пассивті» антагонизм тобына жатқызылады:
- қоректік заттардың бірдей түрін қажет ететін әр түрлі түрлердің параллельді түрде дамуы байқалатын микроооргнизмдер әрекеттесуі.
- еріксіз антагонизм.
Қоректік заттардың бірдей түрін қажет ететін әр түрлі түрлердің параллельді түрде дамуы байқалатын микроооргнизмдер әрекеттесуі
Қоректік заттардың бірдей түрін қажет ететін алуан түрлі микроорганизмдердің бір субстратта дамуы барысында басқа организмдерге қарағанда дамуы жағынан басымырақ болып өсу жылдамдығы басқа организмдермен салыстырғанда жоғары болатын организм есептеледі. Мысалы, бір субстратқа бактериялар мен актиномицеттерді еккенде, бактериялар өздерінің тез өсу жылдамдығына байланысты субсттатпен тез байланысқа түсіп, актиномицеттердің дамуына мүмкіншілік бермейді. Бұндай құбылысты Pseudomonas fluorescens немесе E. coli және актиномицеттердің кейбір түрлерін бір ЕПА қоректік ортасына дақылдандырғанда байқауға болады. Алайда, актиномицеттердің өсуін тежеу тек сол актиномицеттердің бактериялар тіршілігін жоятын спецификалық метаболиттерді бөлуі мүмкін /4/.
Еріксіз антагонизм
1914 жылы И. И. Мечниковтың /4/ ассистенті И. Шиллер сонау 1914 жылы /4/ ацидофил таяқшасы мен стрептококты сорпаға бірге еккенде, соңғы микроорганизмнің дақылдандырудан кейін 18 сағат өткеннен кейін тіршілігін жоятынын (аморфты массаға айналады) анықтады. Бұл құбылысты зерттеу нәтижесінде ацидофилдердің стрептококтарды лизиске ұшырататын бактерицидті заттарды бөлетіні анықталды, сонымен қатар ацидофилдер бұл заттарды тек ортада стрептококтар бар болған кезде бөледі.
Шиллер протеолитикалық ферменттері жоқ бактерияларға қатысты протеолитикалық белсенділікке ие ( Bacillus mesentericus, Bacillus subtilis, Bacillus anthracis ) организмдерде антагонизм қасиетінің бар екенін көрсетті.
Егер, мысалы, сабан ( Bacillus subtilis ) немесе картоп ( Bacillus mesentericus ) таяқшасын стрептококпен бірге сулы агарға немесе жай суға орналастырса, Шиллердің /4/ айтуы бойынша (1952), бұл жағдайда таяқшалардың көбеюі жүзеге асырылады және олар спецификалық бактериолизиндерді түзеді. Нәтижесінде, стрептококтардың еруі байқалады. Шиллер бұл лизиндерді 37°C температурада булау жолымен дақылдық сұйықтықтан концентрленген түрінде алды.
Алдын ала сумен араластырылған бактериалды лизинді толыққанды ортада стрептококтардың балғын клеткаларына қосу нәтижесінде стрептококктар лизисі жүзеге асады /4/.
Сонымен, егер табиғи жағдайларда ешқандай антагонизм белгілерін көрсетпейтін бактерияларға қоректік заттардың (азотты немесе көміртекті) жетіспеушілік жағдайын туғызатын болса, онда протеолитикалық ферменттері бар бактериялардың біреуі қоректік маериал ретінде бұл ферменттері жоқ басқа бактериялардың клеткаларын пайдалануы мүмкін. Еріксіз антагонизмнің негізгі қасиеті осында.
Еріксіз антагонизм кезінде қоректік материал ретінде тірі клеткаларды қолдану жолы бактериялардың ерімеген күйдегі белоктық заттарды қабылдау жүйесімен ұқсас, яғни қоршаған ортаға протеолитикалық ферменттерді бөлу арқылы.
Еріксіз антагонизм құбылысын Надсон және Жолкевич (1922) Spiaria purpurogenes және ашытқыларды бірге өсіру арқылы бақылады. Бұндай дақылдандыру кезінде ашытқылар литикалық қасиеттерге ие пигмент түзуші антагонист әсерінен тіршілігін жояды /4/.
Еріксіз антагонизм әдісін қолдана отырып Шурыгин (1972) актиномицет Streptmyces aureofaciens және ашытқылар арқылы өзінің жаңа антибиотикалық затын бализді алды /4/.
Микроорганизмдердің «активті» антагонизмі әсерінің келесі шарттары бар:
- субстарттың жеке компоненттерін пайдалану нәтижесінде жүзеге асатын органикалық қышқылдар, спирттер және басқа да алмасу өнімдерінің микробтармен түзілуі;
- антибиотикалық заттардың түзілуі және қоршаған ортаға бөлінуі.
Субстарттың жеке компоненттерін пайдалану нәтижесінде жүзеге асатын органикалық қышқылдар, спирттер және басқа да алмасу өнімдерінің түзілуімен байланысты антагонизм
Көптеген микроорганизмдер (бактериялар, зең саңырауқұлақтары, т. б. ) даму процесінің барысында субстраттың көміртекқұрамды компоненттерінен органикалық қышқылдар түзуге қабілетті. Бұлар өз кезегінде ортаның қышқылдық деңгейін өзгерте отырып, басқа түрлердің дамуын тежейді.
Бұл құбылыс, мысалы, балғын сүт микрофлорасының өзгеру процесінде байқалуы мүмкін. Жаңа сауылып алынған сиыр сүтінде сүтқышқылды бактериялар да, іріңді бактериялар да кездеседі. Войткевичтің /4/ (1940) мәліметтері бойынша, сүтті сақтау кезінде олардың қатынасы белгілі бір реттілікпен өзгереді: алдымен сүттегі барлық бактриалды топтар бір-бірінен тәуелсіз дами береді, және оның ішінде іріңді бактериялар тобының сандық қатынасы басқа микроорганизмдер мен салыстырғанда, көбірек болады. Одан кейін сүтқышқылды бактериялардың дамуы нәтижесінде сүт қышқылының жинақталуы жүреді де және орта (сүт) қышқылданады. Бұндай жағдайда іріңді бактериялар дамуының тежелуі және одан кейін тіршілігінің жойылуы байқалады. Сүтқышқылды бактриялар саны арта түседі /4/.
Сонымен қатар, бәсекелес микрофлорамен күрес ортаны кентеттен сілтілендіру арқылы да жүзеге асырылады.
Мысалы, құрамында 1-5% несепнәрі бар ет-пептонды агар (ЕПА) қоректік ортасында уробактериялардың дамуы барысында несепнәрдің дезаминденуі жүзеге асады. Сонымен бірге, ортаға басқа микроорганизм топтарының дамуын тежей алатын мөлшерде аммиак бөлінеді. Аммиак (рН 9, 3) субастраттың сілтіленуіне әкеледі. Ал уробактериялар бұл жағдайда өте жақсы өседі /4/.
Aнтибиотикалық заттардың түзілуі және қоршаған ортаға бөлінуі арқылы жүретін антагонизм
Микроорганизмдер әлемінде кең таралған антагонизм формасы организмдердің басқа түрлерінің дамуын толық тежейтін спецификалық өнімдердің түзетін заттарды қолдану. Бұндай заттар антибиотиктер aтауына ие болды.
Микроорганизмдер әлеміндегі антагонизм құбылысы денсаулық сақтау және ауыл шаруашылық практикасында кеңінен қолданылады.
- Топырақтан бөлініп алынған Streptomyces туысы актиномицеттерінің антагонисттік қасиеттерін анықтау әдістері және қажетті материалдар
Адам патологиясында бастапқы орынды инфекциялық аурулар алуына байланысты XX ғасырдың соңы мен XXI ғасыр басында медицинаның негізгі мәселелерінің бірі болып жаңа антибиотиктерді, синтетикалық антибактериалды және вирустарға қарсы препараттарды клиникалық қолданысқа енгізу болып саналады. Табиғи немесе синтетикалық жаңа антибиотикалық құрылымдарды ойлап табу осы уақытқа дейін жалпы антибиотикотерапия әсеріне нашар берілген микроорганизмдердің түрлері мен туыстарының қатысында эффективті әсер көрсететін жаңа антибиотиктердегі қажеттілікке ғана байланысты емес немесе әлдеқайда жоғары химиотерапиялық индекске ие препараттардың қажеттілігіне байланысты емес - жаңа препараттар статистикалық мәліметтерге сәйкес жоғары эффективтілігін жоғары жылдамдықпен жоғалтатын ескі антибиотикалық препараттарды алмастыру үшін қажет.
Жаңа антибиотиктерді жасау жолдары жаңа табиғи заттардың продуценттерінің скринингімен, қазіргі таңда танымал антибиотикалық құрылымдарының химиялық трансформациясы көмегімен, гендік инженерия әдістерін қолданумен байланысты. Ол үшін келесі шешімдер жүзеге асырылуда: екіншілік метаболиттер ретінде антибиотик биосинтезіне продуцент геномына егізілген гендер локализациясын зерттеу, генетикалық ақпаратты тасымалдаушы векторларды құру, бөтен гендердің экспрессиясы кезінде клеткаішілік барьерлерді өту жолдарын өңдеу, патоген және адам геномын анықтау, жаңа спецификалық нысана- гендерді іздеу.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің қарамағындағы микробиология және вирусология институтының Хасенова А. Х., Треножникова Л. П., Хожамуратова С. Ш.,
Балгимбаева А. С., Рымжанова З. А. деген ғалымдар қатары Оңтүстік Қазақстан облысының топырағынан бөлініп алынған актиномицеттердің антагонистік қасиеттерін зерттеді.
Бұл жұмыста
Bacillus subtilis, Klebsiella pneumoniae 444, Mycobacterium citreum -
ға қатысты жоғары белсенділікке ие № 16, 18, 70 штаммдарының антимикробтық қасиеттері зерртелді. Бұл жұмыстың мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысының топырағынан актиномицеттерді бөліп алу және оардың морфологиялық, хемотоксономиялық және антагонистік қасиеттерін зерттеу болып табылады.
Топырақ актиномицеттерін бөліп алу үшін 10-30 см тереңдіктен алынған Оңтүстік Қазақстан облысының лайлары (ил) қолданылды. Селективті фактор ретінде 25 мкг/мл және 50 мкг/мл мөлшерінде сәйкесінше розеофунгин және канамицин антибиотиктерінің комплексін қоладнылды; бұл оптимальді нұсқа болып есептеледі /5/.
Антагонисттердің біріншілік идентификациясын дақылды-морфологиялық (Гаузе 1 және 2 қоректік орталары), антагонисттік және хемотоксикономиялық қасиеттері бойынша жүргізілді.
Диагностикалық қоректік орталарда ауалы мицелийддің даму дәрежесі, түсі, сипаты белгіленді; субстратты мицелийдің боялу дәрежесі және ерігіш пигменттердің бар болуы немесе болмауы анықталды. Клетка қабырғасының типін анықтауда қағаз хромотографиясы әдісімен ДАПҚ болуы және формасы (мезо- немесе LL) көмегімен жүргізілді /6/, ал дифференциациялаушы қанттардың құрамы Лешевалье әдісі бойынша бүтін клеткалар гидролизаттарында анықталды.
Біріншілік идентификация нәтижесінде жоғары антагонисттік қасиеті бар актиномицеттер штаммдарын оптимальді өсуін қамтамасыз ететін А4 және 5339 қоректік орталарда өсірілді. Қоректік орталар құрамы (г/л) :
А4 қоректік ортасы: глюкоза - 1; NaCl - 0, 5; CaCO 3 - 0, 1; соя ұны - 1; рН - 7, 2 /7/.
5339 қоректік ортасы: глицерин - 2; соя ұны - 0, 5; (NH 4 ) 2SO 4 - 0, 15; NaCl - 0, 3; CaCO 3 - 0, 3; рН стерилизацияға дейін 6, 8 /7/.
Споралы материал алу үшін дақылдарды Гаузе 1 және 2 қоректік орталарында 7-10 тәулік аралығында өсірілді.
Штаммдарды дақылдандыру 100 мл қоректік ортасы бар Эрленмейер колбаларында (750 мл көлемді) жылдамдығы 180-220 айн/мин болатын айналмалы шайқағышта өсірілді (t°C температурасында 4 тәулікте) /8/.
Антибиотик биосинтезі үшін егу материалы ретінде зерттелетін штаммдардың 48-сағаттық дақылдары алынды /9/.
Әр түрлі қоректік орталарда дақылдардың өнімділігін бағалау үшін келесі көрсеткіштер арқылы жүзеге асырылды: биомасса салмағы (г/л), дақылдық сұйықтықтан бутанолды экстракт антибиотикалық активтілігінің мөлшері, ал мицелийден - ацетонды. Сығылған биомасса салмағы өлшеу арқылы анықталды. Агарға диффуздау әдісі көмегімен Гаузе 2 қоректік ортасында антибакериалдық белсенділігі байқалды.
Бұл жұмыстың нәтижесінде антагонисттік қасиеттерді зерттеу бойынша дақылды-морфологиялық қасиеттері жағынан қызығушылық тудыратын және активтілігі бойынша айрықша ерекшеленетін актиномицеттердің 22 штаммы сұрыпталды. Дақылдардың тустық тегін анықтауда маңызды критерий болып саналатын клетка қабырғасының құрамында галактоза, арабиноза, мадуроза және ксилоза сияқты дифференциацияланушы қанттар және 2, 6-ДАПҚ мезо- немесе LL формаларының бар екені анықталды. Сұрыптап алынған штаммдардың арасында клетка қабырғасы I типті дақылдар басым болды, олардың клетка қабырғасының құрамында LL- диаминопимелин қышқылы бар, 8 штамм клетка қабырғасының құрамында мезодиаминопимелин қышқылы, клетка гидролизаттарында арабиноза және ксилоза бар екені анықталды, сәйкесінше, II (D) типті дақылдар. № 18 штаммның клетка қабырғасының құрамында мезо- және LL-диамнопимелин қыщқылы және галактоза бар екені анықталды, осының негізінде бұл штаммның аралық актиномицеттер тобына жатқызылатын Kitazatosporia туысына жатқызылатыны анықталды. № 23 штамм клетка қабырғасында мезодиамнопимелин қышқылы және мадуроза бар екені анықталды, бұл III (В) типті клетка қабырғасы бар актиномицеттерге тән қасиет.
Белсенді штаммдар актиномицеттердің әр түрлі туысына жататыны анықталды: Streptomyces туысы көбінесе келесі сериялармен көрсетілген - Aureus ( № 7 шт. ), Helvolus (№№ 16, 27), Albus (№ 21), Imperfectus (№ 70, 90), Fradiaе (№ 44, 96), Achromogenes (№ 78), Lavendulae-roseus (№ 31), Chromogenes (№ 43) . Актиномицеттердің 11 штаммы сирек кездесетіндер қатарында: Actinomadura (№ 23), Actinoplanes (№ 24, 35, 51, 75, 76, 86, 87, 40), Kitazatosporia (№ 18), Streptoverticillium (№ 91) /10/.
№№ 18, 21, 23, 44 актиномицет штаммдары үшін оптимальді орта - А4болса, ал № 16, 31, 70 штаммдары үшін - 5339 қоректік ортасы.
Сұйық орталарда өсіру нәтижесінде Bacillus subtilis-ке айрықша белсенділік көрсеткен - №№ 21, 23, 35, 44 штаммдары, ал әлсіз белсенділік танытқан - №№ 31, 40, 43 штаммдары екені анықталды /5/.
Кырғыз Республикасының Ұлттық Ғылымдар Академиясының Биология - Топырақ Институтының Т. Д. Доолоткельдиева, М. У. Конурбаева, С. Т. Бобушева және Ч. М. Омургазиева ғалымдар қатарымен Ыстықкөл шұңқырының таулы топырақтарына бөлініп алынған Streptomyces туысы штаммдарының антагонисттік және өсустимулдеуші қасиеттері атты зерттеу жұмысы жүргізілді.
Бұл зерттеу жұмысында Streptomyces изоляттарын продуцирлейтін антибиотиктерде маңызды биологиялық қасиеттерді анықтау жүргізіледі, мысалы, өсу стимулдеуші заттарды ортаға бөлу қасиеті. Антагонист-микробтар және өсустимулдеуші микробтарды практикада қолдану мәселесі көптеген сұрақтарды зерттеуді қажет етеді. Бұл, біріншіден, микроорганизм-продуценттердің жекелей түрлерінің биологиялық қасиеттерін және олармен синтезделетін метаболиттердің табиғатын білу қажет. Сонымен қоса, өсімдіктер үшін токсикалық емес оптимальді дозаларды қарастыру; микробтық препараттарды қолдану формалары және әдістерін білу қажет.
Микроорганизмдермен синтезделетін өсімдіктердің өсуін стимулдеуші заттар алуан түрлі болады. Актиномицеттер алуан түрлі ауыл шаруашылық өсімдіктердің тамырларымен ассоциативті симбиоздың құрылуына ықпал етеді, бұл жерде олар өсу және дамуды стимулдейді; сонымен қатар, еркін тіршілік ететін түрлер де баршылық, алайда олар да өсімдіктердің өсуі мен дамуын стимулдеуге қатысады. /11/ Бұл зерттеу жұмысының мақсаты жаңа антибиотикалық құрылымдардың продуценттері болып табылатын Streptomyces табиғи изоляттарының өсустимулдеуші қасиеттерін және ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігін жоғарылату үшін айрықша эффективті штаммдарды сұрыптау болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz