Гормондар мен гормоналды препараттар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1 Гормондар мен гормоналды препараттар
1.1 Гормондар мен гормоналды препараттардың қысқаша тарихы ... ... ... ... ...5
1.2 Аса маңызды гормондардың тізімі және қысқаша сипаттамасы ... ... ... ... .6
1.3 Мүшепрепараттарды жасаудың жалпы әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

2 Гормоналды препараттар, олардың жіктелуі және өндірудің жалпы принциптері
2.1 Гормоналды препараттар түсінігі, олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2 Микроағзалардан гормоналды препараттарды алу технологиясы ... ... ... .14
2.3 Гомеостаздық нейро . эндокриндік реттелуі. Гомеостаз және оның реттелуі. Гомеостаз және оның механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қосымша А
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ғылыми-техникалық прогрестің қойған мәселелері арасындағы ең күрделісі және көп қырлысы – оның адамзат тағдырына әсері.
Республика Президентінің "Қазақстан - 2030" жолдауында ел дамуындағы ұзақ мерзімді приоритеттің біріне "Денсаулық, білім және Қазақстан азаматтарының жақсы өмір сүруін" жатқызды. Мұнда елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық жақсы дамудың маңызды индикаторы – халықтың денсаулығы болып табылады.
Қазіргі өмір сүру шарттарында денсаулық сақтаудың тапсырма диапазоны халық денсаулығын антропогенді сипаттағы биологиялық, физикалық, химиялық факторлардың әсерінен қорғау өзектілігінің есебінен кеңеюде.
Соңғы қездері халықтың денсаулығына қоршаған орта әсерінің зияндылығын бағалауда көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.
Халықаралық денсаулық пен еңбекті сақтау ұйымының конвенциясы халықтың еңбекпен қамтылған бөлігі денсаулығының мүмкіндігінше жоғары деңгейде болуын декларациялайды.
Кейбір авторлардың мәлімдеуінше, жұмыс орнында денсаулыққа қауіптілікті төмендету және оның алдын алу тек технологиялық жағынан мүмкін ғана емес, экономика жағынан да тиімді.
Қазіргі кезеңде отандық және шетелдік өндірісіндегі биологиялық белсенді заттар жануар организміне, асқорыту және иммундық жүйелеріне жақсы әсер етеді.
Жануарлардың дұрыс өмір сүруі үшін бейорганикалық заттар, макро- микро элементтер қажет. Макроэлементтер әдетте түрлі ұлпалардың құрылыс материалы болып саналады, ол микроэлементтер, витаминді-минералды, ақзатты-минералды кешендердің құрамына кіреді.
Химияның жетістіктері арқасында гормоналды заттар тек қана ішкі секрецияның белгілі бір бездері қызметі өнімі ретінде ғана емес, табиғатта кеңірек кездесетінін атап көрсетті.
Гормонды препараттардың фармакодинамикасының бағытына сәйкес оларды аса жиірек ағзадағы жетіспейтін гормондарды толықтыру үшін (гормонның кетуі барысына көбінесе гормонға қарсы шығатын немесе гормон өндіретін бездің қызметін төмендететін фармакологиялық құралдар қолданылады);
Ағзадағы гормонның жетіспеушілігіне байланысты емес аурулар барысында арнайы фармакотерапия мен фармакостимуляция үшін қолданылады. Бұдан басқа, гормонды препараттарды қажет мезгілде жануарлардың табиғи ұрықтандырылуын жоғарылату үшін және де ауылшаруашылық жануарлардың таза салмағының өсімін арттыру үшін, азықтандыру шығындары мен азықтандыру мерзімдерін қысқарту үшін пайдаланылады.
1. П.Э. Розенцвейг, Ю.К. Сандер «Технология лекарств и галеновых препаратов», Лен.: «Медицина», 1967, 772 с. ил.
2. И.Е. Мозгов «Фармакология», М.: «Агропромиздат», 1985, 416 с. ил.
3. Большой Энциклопедический Словарь «Ветеринария», М.: «Большая Российская Энциклопедия», 1998, 640 с. ил.
4. В.Н. Жуленко и др. «Общая и клиническая ветеринарная рецептура», М.: «Колос», 2000, 551 с. ил.
5. И.Е. Мозгов «Ветеринарная рецептура с основами терапии и профилактики», М.: «Агропромиздат», 1988, 384 с.
6. Ветеринарная энциклопедия. Т.6. – М., ”Советская энциклопедия”, 1975.
7. Лекарственные препараты для ветеринарии. Справочник. Часть I. Под ред. проф. Ф. Г. Набиева – Казань,2000 (Стр.303-510)
8. Мозгов И. Е. Фармакология – М.: Агропромиздат, 1985 (Стр.212-306)
Общая и клиническая ветеринарная рецептура: Справочник–М.: Колос, 2000 (Стр.111-222)

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1 Гормондар мен гормоналды препараттар
1.1 Гормондар мен гормоналды препараттардың қысқаша
тарихы ... ... ... ... ...5
1.2 Аса маңызды гормондардың тізімі және қысқаша сипаттамасы
... ... ... ... .6
1.3 Мүшепрепараттарды жасаудың жалпы
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

2 Гормоналды препараттар, олардың жіктелуі және өндірудің жалпы принциптері
2.1 Гормоналды препараттар түсінігі, олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2 Микроағзалардан гормоналды препараттарды алу
технологиясы ... ... ... .14
2.3 Гомеостаздық нейро – эндокриндік реттелуі. Гомеостаз және оның
реттелуі. Гомеостаз және оның
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қосымша А

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Ғылыми-техникалық прогрестің қойған
мәселелері арасындағы ең күрделісі және көп қырлысы – оның адамзат
тағдырына әсері.
Республика Президентінің (Қазақстан - 2030( жолдауында ел дамуындағы
ұзақ мерзімді приоритеттің біріне (Денсаулық, білім және Қазақстан
азаматтарының жақсы өмір сүруін( жатқызды. Мұнда елдің әлеуметтік-
экономикалық және қоғамдық жақсы дамудың маңызды индикаторы – халықтың
денсаулығы болып табылады.
Қазіргі өмір сүру шарттарында денсаулық сақтаудың тапсырма диапазоны
халық денсаулығын антропогенді сипаттағы биологиялық, физикалық, химиялық
факторлардың әсерінен қорғау өзектілігінің есебінен кеңеюде.
Соңғы қездері халықтың денсаулығына қоршаған орта әсерінің зияндылығын
бағалауда көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.
Халықаралық денсаулық пен еңбекті сақтау ұйымының конвенциясы халықтың
еңбекпен қамтылған бөлігі денсаулығының мүмкіндігінше жоғары деңгейде
болуын декларациялайды.
Кейбір авторлардың мәлімдеуінше, жұмыс орнында денсаулыққа
қауіптілікті төмендету және оның алдын алу тек технологиялық жағынан
мүмкін ғана емес, экономика жағынан да тиімді.
Қазіргі кезеңде отандық және шетелдік өндірісіндегі биологиялық
белсенді заттар жануар организміне, асқорыту және иммундық жүйелеріне жақсы
әсер етеді.
Жануарлардың дұрыс өмір сүруі үшін бейорганикалық заттар, макро- микро
элементтер қажет. Макроэлементтер әдетте түрлі ұлпалардың құрылыс материалы
болып саналады, ол микроэлементтер, витаминді-минералды, ақзатты-минералды
кешендердің құрамына кіреді.
Химияның жетістіктері арқасында гормоналды заттар тек қана ішкі
секрецияның белгілі бір бездері қызметі өнімі ретінде ғана емес, табиғатта
кеңірек кездесетінін атап көрсетті.
Гормонды препараттардың фармакодинамикасының бағытына сәйкес оларды аса
жиірек ағзадағы жетіспейтін гормондарды толықтыру үшін (гормонның кетуі
барысына көбінесе гормонға қарсы шығатын немесе гормон өндіретін бездің
қызметін төмендететін фармакологиялық құралдар қолданылады);
Ағзадағы гормонның жетіспеушілігіне байланысты емес аурулар барысында
арнайы фармакотерапия мен фармакостимуляция үшін қолданылады. Бұдан басқа,
гормонды препараттарды қажет мезгілде жануарлардың табиғи ұрықтандырылуын
жоғарылату үшін және де ауылшаруашылық жануарлардың таза салмағының өсімін
арттыру үшін, азықтандыру шығындары мен азықтандыру мерзімдерін қысқарту
үшін пайдаланылады.
Курстық жұмыстың мақсаты гормоналды препараттар мен оларды алу
технологиясын зерттеу болып табылады
Осы міндеттерге сәйкес мынадай міндеттер қойдық:
- гормондар мен гормоналды препараттар мәнін ашу;
- - гормоналды препараттарды алу технологиясының тарихына шолу жасау;
- гормоналды препараттардың бірқатар түрлерін алу технологиясын
қарастыру.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан
және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Гормондар мен гормоналды препараттар

1.1 Гормондар мен гормоналды препараттардың қысқаша тарихы

Байырғы дәуірден бастап емдік мақсаттармен жануарлардың әр алуан
мүшелерін, талшықтарын және бөлінулері пайдаланылған. Бірақ бұл қолданыс
бастапқыда діни-мистикалық сипатта болды.
Тек 19 ғасырда физиология саласындағы тамаша жаңалықтардың ашылуынан,
ішкі секреция бездерінің ашылуы мен экспериментальды медицинаның пайда
болуынан кейін жануарлар тегіндегі дәрілік заттарды қолданудың жаңа дәуірі
басталды.
Гиппократ өзі де денсаулықтың ағзадағы сөлдердің араласуының
дұрыстығына байланысты екенін көрсеткен. Оның пікірі бойынша бұл сөл қан
мен шырыштан, және де қара және сары өттен құрылуы қажет.
Сосын, көптеген ғасырлар бойы медицинада мынадай ілім қалыптасқан:
аурулардың себептері қан құрамының өзгерісіне байланысты делінген; осыдан –
қанды тазартқыш тамшылардың, қан ағызулар және т.б. қолданылады. Бірақ қан
айналымының ашылуына қарамастан, қан арқылы мүшелердің өзара әсері туралы
мәселесі көлеңкелі болды.[8]
Тек Теофил Броди (1722-1776), ер және әйел кастраттарының жыныс бездері
функцияларының түсу нәтижесін бақылай отырып, мына тұжырымға келді: әрбір
мүше қанға тасымалданатын және барлық ағзаға белгілі бір әсер ететін арнайы
субстанцияны дайындау орны болып табылады деген. Осылай ағзаның гуморальды
корреляциясы туралы ұйғарымды ұсынған алғашқылардың бірі болды.[1]
1849 жылы Бертольд эксперимент жүзінде әр алуан ағзалар арасында
гуморальды өзара қарым-қатынастар бар екендігін дәлелдеді. Ол піштірілген
әтешке жыныс бездерін ұластыра отырып, оның әтеш кейпін сақтап қалды.
Бертольд осымен, ауыстырылып салынған жыныс бездерінің химимялық заттары
барлық ағзаға әсер ететінін көрсетті. Оның дәлелділігіне қарамастан
Бертолдтің тәжірибиелері бастапқыдан кең қолданысқа ие болмады және
ұмытылып қалды. Тек көптеген жылдардан кейін оған үлкен көңіл бөлініп,
жануарлар текті дәрілік заттарды қолдану ғылыми мойындалған. 1855 жылы Клод
Бернар бүйректің ролін қандағы қант мөлшерін регуляторы ретінде көрсетті
және ішкі секреция бездерінің қағидаларын орнатты.[2]
1889 жылы Броун-Секар ағзаның әрбір жасушасы қанға түсетін ерекше
өнімдерді бөлетінін тапты. Оның еңбектері және соңында басқа да ғалымдардың
еңбектерінде ағзадағы барлық процесстер гормондар (қоздырғыш) деп аталған
ерекше белсенді химиялық заттардың реттеулі әсерінен болатыны дәлелденді.
Сонымен бірге әрбір без жеке арнайы фармакологиялық әрекеті бар өзіне
сәйкес гормондарды ғана өндіреді. [7]
Броун-Секар бірнеше ғасырлар бұрын ұмытылған мүшепрепараттарын өндіруді
қайта жандандырды.
Өз теориялары негізінде Броун-Секар бастапқыда қояндардың жыныс
бездерінен экстракттар дайындай бастады, ал соңына қарай, бұл ұсақ
мүшелердің жеткіліксіздігінен жас бұқалардың жыныс бездерін қолдана
бастады. Алынған препараттарды өзіне шашқан, нәтижесінде (бұл уақытта ол 72
жаста болған) өз денсаулығының жақсарғанын белгілеген.
Соңында анықталғандай, Броун-Секараның тұжырымдары өз- өзін сендіру
болып шықты, бірақ өзі өндірген препараттың тәжіребилерінің қорытындысын
жариялағаннан кейін, оның көптеген еліктеуіштері табылды, осының
нәтижесінде галендік өндірістің жаңа саласы пайда болды. Нарыққа әр алуан
үй жануарларының мүшелерінен жасалған, көп мөлшерде әр түрлі препараттар
түсе бастады. Кейде бір мүшеден алынған препараттардың атауы әр түрлі
болды.[7]
Кейбір мүшепрепараттар өте пайдалы болды: олардың әсерін алдын-ала
жануарларға немесе химиялық жолмен тексеруге болды. Бірақ бұл
препараттардың көптеген ассортименттерінің арасынан клиникалық түрде
тексерілмеген препараттар да кездесті. Қу кәсіпқойлар өздерінің өтірік
препараттарын ұятсыздықпен жарнамалады., ал сеніп қалған науқастар ешқандай
емдік қасиеті жоқ препараттарды жоғары бағаға сатып алған, кейде қауіп те
төндірген. Мұндай жағдай мүшепрепараттарға сенімсіздікті ұялатты.
XIX жүзжылдықтың соңында Ресейде дәріхана іргесіндегі лабораторияларда
мүшепрепараттарды жасай бастады. XX века басында Мәскеуде және басқа да
қалаларда аз зерттелген және тексерілмеген , бірақ кәсіпкерлер үшін табысты
жартылай зауыт типтегі бірнеше жеке лабораториялар ашылды.[2]
Совет үкіметі шағында бұл секілді лабораториялар жабылған. Олардың
орнына ірі зауыттар ашылды. Оларда мүшепрепараттардың өндірілуі ғылыми
негізге салынып, науқастарға көмек беруге бағытталаған. Алғашқыда бұл
кәсіпорындар Денсаулық сақтау министрлігінің құзырында болды, сосын
мүшепрепараттардың өндірісі ет комбинаттары қатысуымен ұйымдастырылды, яғни
тікелей шикізат көздерінен. Бұл шешім мүшепрепараттар өндірісінің тиімді
ұйымдастырылуына септігін тигізді.[7]

1.2 Аса маңызды гормондардың тізімі және қысқаша сипаттамасы

Гипофиз гормондары
Алдыңғы бөлік:
1. Соматотрофты - ақуыз - өсу гормоны
2. Адренокортикотропты – полипептид – бүйрек үсті безінің қабыршықты
заттарына әсер етеді
3. Тириотропты гормон - ақуыз - стимулирует выработку тираксин және
трийодтеранин өндірілуін ынталандырады
4. Лактогенді – жыныс бездері мен сүт бездеріне әсер етеді
5. Фолукулин ынталандырушы
6. Лютеиндендіруші- ақуыз - фолликулдардың өсуі
Орта бөлігі:
1. Миланотропин - полипептид - миланина синтезі (пигментация)

Артқы бөлігі:
1. Вазопресин - полипептид – ағзаның су тепе-теңдігін реттейді
2. Окситацин - полипептид – жатырдың жиырылуы
Қалқанша және қалақанша тәрізді бездер
1. Тироксин зат алмасудың барлық түрлерін ынталандырады
2. Трийодтеранин зат алмасудың барлық түрлерін ынталандырады
3. Кальцитанин - полипептид – қандағы кальций деңгейінің төмендеуі
4. Паратгормон – кальций мен фосфордың алмасуын реттеу
Бүрек үсті бездері
Ми затының гормондары
1. Адреналин – қан қысымын жоғарылатады, қандағы глюкоза деңгейін
көтереді.
2. Норадреналин
Қабыршық қабатының гормондары
1. Гликокортикоидтар көмірсулар мен липидтер алмасуына және ақуызды
алмасуға әсер етеді (кортизол, кортизон)
2. Минералокортикоидтар
3. Жыныстық гормондар - стероидтар - ер Андрогендері, әйел Эстрагендері
[7]

1.3 Мүшепрепараттарды жасаудың жалпы әдістері

Кептірілген мүшелерден препараттарды өндіру бірнеше кезеңге бөлінеді.
1. Шикізатты бөтен қоспалардан (ластанулардан) және бөгде талшықтардан
тазарту. Бұл жұмыс негізінен су, қайшы, ланцет және т.б. көмегімен қолма-
қол жасалады.
2. Арнайы ет тартқыштарда ұсату.
3. 60ºС температурасында вакуум-кептіргіште эмальды ыдыста кептіру
4. Сокслет аппаратында экстракция жолымен майсыздандыру.
5. Жылы ауамен бір камералы кептіргіштерде майсыздандырылған
материалдан алынғышта жою.
6. Ішке пайдалануға арналған дәрілік заттарды алу, егу үшін гормондарды
кейінгі тазалау қажет. [4]

2 Гормоналды препараттар, олардың жіктелуі және өндірудің жалпы
принциптері

2.1 Гормоналды препараттар түсінігі, олардың жіктелуі

Гормондар деп қан мен лимфаға немесе қандай да бір қуысқа шығу жолдары
арқылы бөлінетін ішкі секрециялық бездер қызметінің өнімдері аталады.
Химияның жетістіктері арқасында гормоналды заттар тек қана ішкі
секрецияның белгілі бір бездері қызметі өнімі ретінде ғана емес, табиғатта
кеңірек кездесетінін атап көрсетті. Мысалы, экстрогендер сияқты арнайы
заттар тек қана әйел жыныс бездері ғана емес, ерлер жыныс бездерімен де
өндіріледі. Одан әрі, құрылымы мен әрекеті бойынша оларға ұқсас қосылыстар
әр алуан өсімдіктерден табылған (хмель, картоп, қызылша және т.б.). 4,4-
диоксидифенил (I) сияқты қарапайым қосылыстардың жоғары экстрогенді
белсенділігі бар.[4]
Гормондармен бірге жануарлар талшықтарының көптеген биологиялық заттары
әср етеді, олар: адреналин, серотонин, ангиотензин, гистамин, кинетин және
т.б.
Жануартану тәжірибиесінде жаратылысты және синтетикалық гормоналды
репараттардың айтарлықтай мөлшеріне ие. Оларды төрт топқа бөлуге болады:
- Бірінші топ - жануарлардың эндокринді бездерінен гормоналды заттарды
шығару арқылы алынады. Бірқатар препараттар (инсулин, адреналин,
эстрон) жоғары деңгейдегі тазартылған және де кристаллды түрдегі
горманалды заттардан құралған.
Бұл типтегі көптеген препараттарда органикалық қосылыстардың кейбір
мөлшері бар. Мысалы, питуитринада гистамин есебінен 5% -ға дейін
белсенділіктің өзгерісі болуы мүмкін, ал гонадотропин негізгі заттарға
жақын емес 20 % заттардан құралған.
- Екінші топ – табиғи заттардың құрылымына толық сәйкес келетін
гормондардың синтезделген препараттары. Көбінесе олар жақсы тазартылған,
оларды дәлме-дәл мөлшерлеуге (дозалауға) болады, бірақ мұндай препараттар
өндірілуі қиын болғандықтан, аз маз.
- Үшінші топ –гормоналды әсері бар өсімдік препараттары, өкінішке орай,
олар өте аз зерттелген.
-Препараттардың төртінші тобы маңызды қызығушылық білдіртеді - табиғи
гормондарға ұқсас синтетикалық қосылыстар.[6]

1 -Cурет . Адам ағзасындағы бездер және олардан бөлінетін гормондар

Ағзада гормоналды препараттар белгілі бір физиологиялық үрдістерге
қатысты өзіне тән қатаң әсер етеді. Негізінен олар зат алмасудың барлық
түрлеріне, мүшелер мен дифференциясына, жыныс белгілерінің дамуына,
бұлшықеттің дамуына үлкен әсер етеді. Тәжірибеде таза гормондардан басқа
(табиғи және синтетикалық) гормондардан құралған және эндокринді
стандартталған және стандартталмаған деп аталатын әр алуан препараттар кең
қолданылады. Стандартталған эндокриндердің белгілі бір белсенділігі бар,
және оларды дәлме-дәл мөлшерлеуге болады; ал стандартталмағандардың
белсенділік деңгейі айқындалмаған. Ағзада бұл және басқа да гормондардың
жетіспеушілігі көптеген ағза жүйесінің қызметтеріне теріс әсер етеді және
ауыр сырқаттарға әкеліп соқтырады. Мысалы, қалқанша бездің қызметінің
төмендеуі тері асты жасушасының ісуіне, терінің ауырсынуына, орталық жүйке
жүйесінің қысымына, ағза тұрақтылығының төмендеуіне және т.б. әкеліп
соқтырады.[7]
Қалқанша бездің қызметінің жоғарылауы барлық қолайсыз құбылыстарға
әкеліп соқтырады. Ағзадағы гормондардың жетіспеушілігінің әр алуан негізі
болуы мүмкін және оны әрдайым айқындап отыру қажет. Мысалы, инсуллиннің
жетіспеушілігі оның ағзадағы аз мөлшерде өндірілуінен болуы мүмкін, ол
жылдам инсулиназамен ериді, жаңа қосылыстарға енеді, одан басқа, эфферентті
жүйенің құрылымы олармен өзара әсерлеспейді.
Гормонды препараттардың фармакодинамикасының бағытына сәйкес оларды аса
жиірек ағзадағы жетіспейтін гормондарды толықтыру үшін (гормонның кетуі
барысына көбінесе гормонға қарсы шығатын немесе гормон өндіретін бездің
қызметін төмендететін фармакологиялық құралдар қолданылады);
Ағзадағы гормонның жетіспеушілігіне байланысты емес аурулар барысында
арнайы фармакотерапия мен фармакостимуляция үшін қолданылады. Бұдан басқа,
гормонды препараттарды қажет мезгілде жануарлардың табиғи ұрықтандырылуын
жоғарылату үшін және де ауылшаруашылық жануарлардың таза салмағының өсімін
арттыру үшін, азықтандыру шығындары мен азықтандыру мерзімдерін қысқарту
үшін пайдаланылады.[5]
Соңғы жылдары гормоналды препараттар фармакологиялық интенсивті түрде
зерттелуде. Бұл бағыттың жетістіктері жаңа гормоналды препараттардың ашылуы
мен синтезіне, қартаюдан бұл әсердің байланысын анықтауға,
фармакодинамикасының биохимиялық негіздерін ашуға және т.б. септігін
тигізеді.
Барлық гормоналды препараттар токсинді және көп жағдайларда олардың
қауіптілігі бірден айқындалмайды, ол бірте-бірте дамиды және ұзақ уақыттан
кейін айқындалады.
Гормоналды препараттар – арнайы әсері бар күшті фармакологиялық
агенттер. Ағзаның физиологиялық көрсеткіштерін қайта тұрақтандыру үшін
көбінесе теріс әсерін тигізбейтін препараттардың аздаған (доза) мөлшері
керек.
Бірақ олардың тиімділігі тек қана, егер патологияның себептері белгілі
болған жағдайда ғана жоғары болады.
Жануарлар ағзасындағы гормонның жетіспеушілігі келесі фактормен
негізделген:
1. Ол ағзада аз мөлшерде өндіріледі;
2. Ол жылдам белсенділігін жоғалтады;
3. Жаңа қосылыстарға енеді;
4. Эфферентті жүйенің құрылымы олармен өзара әсерлеспейді.
Аталған төрт себептердің әрбіреуі, өз алдына, әр түрлі факторлармен
шартталуы мүмкін:
а) өндіруші жасушалардың кемуі
б) өндіруші жасушалар қызметінің әр алуан токсин-мен басылуы
в) гармон синтезінің бөлек топтарының бұзылуы.
Гормоналды препараттардың кішігірім дозасы айтарлықтай көптеген
физиологиялық процестерді өзгертеді, - біреулері белсенділікке қарай,
басқалары төмендету жағына қарай оны білу қажет. Сондықтан гормоналды
препараттарды қолдану бойынша нұсқауда олардың фармакологиясын, қолдану
көрсетілімдері мен қарсы көрсеткіштерін нақты көрсетеді.[3]
Эстрогенді препараттар.
Әйел жыныс гармоны – эстрон жыныс бездері фолликулаларымен
дигидроэстрон түрінде өндіруді және фолликулалардың жарылуы барысында
түзіледі.
Химиялық құрылымы бойынша дигидроэстрон қаныққан тетрацикликалық
оксинетон болып табылады. Яғни стероидты құрылымы бар.
Эстрогендер көмірсулар, ақуыздар және пуриндер алмасуларына әсер етеді,
дезоксирибонуклеазаны белсендетеді, остеобластыларды ынталандырады, лимон
қышқылы циклының реакциясын жақсартады. Олар айтарлықтай көбею, ұрықтандыру
қызметін өзгертеді, сүт бездерінің дамуына септігін тигізеді, гипофиздің
белсенділігін төмендетеді.
Эстрон (фолликулин) Oestronum (FolUculium) суда ерімейтін, сусыз
спиртте және майларда еритін ақ кристалды ұнтақ. Буаз жануарлардың
несебінен немесе синтетикалық түрде алады. 1 мг 10000 ЕД құрайды.
Биологиялық стандартизация барысында стандартты препараттар ретінде,
және де жыныс бездерінің гипофункциясы барысында емдік мақсатпен
қолданылады.
Эстрадиол - бензоат-Oestradioli benzoas
Эстрадиол мен бензоатты қышкылдың эфирі. Ақ немесе сарғыш кристалды
ұнтақ. Спиртте оңай, май мен араластырылмаған майда - аз араласады.
Эстрадиол - дипропионат- Oestradioli dipropions
Эстрадиол және пропионды қышқыл эфирі.
Андрогендер (грекше andros-еркек және genesis–туу) ер жыныс гормонының
биологиялық әсері бар заттар. Жыныс бездері мен бүйрек үсті бездерінің
қабыршықты қабатында, кейбір жағдайда жыныс бездерінде құрылады. Жыныс
бездерінде бастапқы гормон - тестостерон өндіріледі.
Тестестеронның метаболизмі барысында андростерон, этилхоланол,
дегидроандростерон немесе изоандростерон құрылады. Андрогендер таза күйінде
бөлініп алынған, бірақ бұл жағдайда олар тәжірибе жүзінде аз қолданылады,
өйткені олар қысқа уақыт қана әрекет етеді. Олардан пролонгацияланған әсері
бар тестостерон пропионат, тестостерон – дипропионат, тестостерон –
фенилпропионат, тестостерона-ацетат немесе метилте-стостеррон препараттар
жасалады. Бұл препараттар өте баяу резорбирацияланады және бір реттік
егуден кейін 3 тен 30 тәулікке дейін әсер етеді.[6]

2 Сурет – Биологиялық белсенді заттар

Гипофизарлы әсері бар препараттар.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінде бестен астам гармондар құрылады: өсу,
тиреоидты, паратиреоидты, адренокортикотропты, қант құрамын төмендететін
гармондар және т.б. Адренокортикотропты және гонадотропты гармондардың
айтарлықтай маңызы бар. Адренокортикотропты гармон (АКТГ) – Hormonum
aclrenokortico –tropinum (ACTH). Доңыздардың, ірі және ұсақ қара малдың
гипофизінен дайындалады. АКТГ-аминқышқылдардың 39 қалдықтарынан құрылған
күрделі полипентид. Оның белсенділігі ЕД-мен анықталады. Қолданудың
ыңғайлылығы үшін препаратты 10-20-40 ЕД АКТГ –ні құрайтын ампулаларда
шығарады. Суда жақсы еритін лиофилизирленген ұнтақ. Термотұрақты құрғақ
күйінде препараттар төзімді, ал қоспалар түрінде тез бұзылады.
Пролактин-Prolactinum. Ірі қара мал мен доңыздың гипофизінен алынады. 1
мл 5 ЕД құрамында стерильді қоспа түрінде шығарылады.
Питунтрин – Pitutrinum. Гипофиздің артқы бөлігіндегі аса терең
зерттелген гармондар оксидоцин және вазопрессин болып табылады. Окситоцин
жатырдың бұлшықеттерімен белсендетеді, ал вазопрессин бұлшықет
жасушаларының, қан түйіршіктерінің, асқазан мен ішектің жиырылуын
жоғарылатады. Көбінесе қос гармоннан құралған питуитрин-кешенді препараты
қолданылады. Оны гипофиздің артқы бөлігінен экстракциялау жолымен алынады.
Бұл препарат құрамында гармондардан басқа гистолимин де бар.[8]
Питуитрин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зиянды биогенді заттармен ластанған өнімдерді ветеринариялық санитариялық сараптау
Гормондардың мақсатты жасушаларға әсер ету механизмдері
ГИПОФИЗ АУРУЛАРЫ
Мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау әдісін пайдалану
Микроорганизмдер трансформациясы
Ауксинге ұқсас өсімдік өсуін үдеткіштер
Холестериннен стероидты гормондар түзілуі
Жыныстық қатынаспен берілетін аурулар
Фитогормондар. Өсімдік гормондары
Аллергия. Аллергиялық диагностика жайлы ақпарат
Пәндер