Валеологиялық білім беру
Кіріспе 2
Валеологиялық білім берудің теоретикалық негізі 4
“Салауаттану . денсаулықты сақтау” бағдарламасы бойынша дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастырудың көкейтестілігі 9
“Салауаттану . денсаулықты сақтау” бойынша салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың нормативті . құқықтық базасы 12
Салауатты өмір салтын қалыптастырудьң ғылыми.теориялық негіздері 14
Қазақстанда дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру шаралары 21
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі 24
ТМД мемлекеттерімен жасалған келісімшартгар 25
СӨСҚ қызметінің негізгі бағыттары 26
Білім беретін бағдарламалар 26
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу 29
Профилактикалық бағдарламалар 30
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер 33

Валеология – салауатты өмір сүрудің негізі. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік – экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экономикалық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Халық денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әлует болып табылады. Денсаулықты жақсарту үшін дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру бағдарламалары құрылды. Мұндай бағдарламалар қатарына “Халық денсаулығы”, “Денсаулық баршаға”, “Валеология – қалай ауырмау керек”, “Салауаттану – денсаулықты сақтау” деген сияқты көптеген бағдарламаларды жатқызуға болады.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс Салауатты Өмір Салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.
Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты – бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдық мінез – құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді біріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен 3 нышанға негізделеді:
- өмір сүру деңгейі;
- өмір сүру сапасы;
- өмір сүрудің өзіндік жолы.

1. Валеология. Республикалық педагогикалық әдістемелік журнал.- №6, 2003
2. Валеология. Республикалық педагогикалық әдістемелік журнал.- № 1, 2003
3. Ж.Ж.Жатқанбаев. Валеология. - Алматы 2003
4. Х.Қ.Сәтбаева, Ж.Б.Нілдібаева. Валеология (Оқу - әдістемелік құрал). – Алматы, 1999

Мазмұны
Кіріспе 2
Валеологиялық білім берудің теоретикалық негізі 4
“Салауаттану – денсаулықты сақтау” бағдарламасы бойынша дұрыс өмір сүру
қалпын қалыптастырудың көкейтестілігі 9
“Салауаттану – денсаулықты сақтау” бойынша салауатты өмір сүру салтын
қалыптастырудың нормативті – құқықтық базасы 12
Салауатты өмір салтын қалыптастырудьң ғылыми-теориялық негіздері 14
Қазақстанда дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру шаралары 21
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен жүйесі 24
ТМД мемлекеттерімен жасалған келісімшартгар 25
СӨСҚ қызметінің негізгі бағыттары 26
Білім беретін бағдарламалар 26
Валеология бойынша бағдарламаны енгізу 29
Профилактикалық бағдарламалар 30
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер 33
Кіріспе
Валеология – салауатты өмір сүрудің негізі. Қазіргі уақыттағы
әлеуметтік – экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және
экономикалық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе
өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Халық денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші
емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әлует
болып табылады. Денсаулықты жақсарту үшін дұрыс өмір сүру қалпын
қалыптастыру бағдарламалары құрылды. Мұндай бағдарламалар қатарына “Халық
денсаулығы”, “Денсаулық баршаға”, “Валеология – қалай ауырмау керек”,
“Салауаттану – денсаулықты сақтау” деген сияқты көптеген бағдарламаларды
жатқызуға болады.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс Салауатты Өмір
Салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.
Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты – бұл адамның
еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды
қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдық мінез – құлық ережелерімен
сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді
біріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі,
бірақ негізінен 3 нышанға негізделеді:
- өмір сүру деңгейі;
- өмір сүру сапасы;
- өмір сүрудің өзіндік жолы.
СӨС-ын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен
айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді
тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған.
Салауатты өмір сүру салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда
кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші
болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық
денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс
әрекеттеріне бағыт береді.
Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен
денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды СӨС-
наәзірлеуден басталады
Валеологиялық білім берудің теоретикалық негізі
Валеология – адам туралы ғылымның жаңа бағыты. Ол латын тілінен
аударғанда '' денсаушылық '' немесе '' сау болу '' деп аударылады. Яғни,
валеология пәнінде оқылатын сала адам денсаулығы болып табылады. Валелогия
интерактивті ғылым, ол физиология, психология, биология, медицина,
педагогика, экология ғылымдарының негізінде пайда болған. Бұл ғылымның
негізін қалаушы И.И.Брехманның басты қосқан үлесі, ол ''денсаулық''
түсінігіне деген жаңа көзқарасын білдіре білгендігі.
Валеология ғылымы бос қиялдан пайда болған жоқ. Валеологияның тамыры
мыңдаған жылдарға созылып жатыр. Оның элементтерін империялық ежелгі
халықтарда, антикалық рәсімдерден, ортағасырлық схоластикадан, біздің
планетамыздағы философиялық, діни және ғылыми мектептерінде кездестіре
аламыз.
Валеологияны және оның ғылыми концепциясын жасауға көптеген
клиникалық медицина, физиологиялық, гигиена, генетика және т.с.с. өзге де
салалардан көптеген ғалымдар ат салыса қатысты.
Адамзат қоғамының барлық даму кезеңдерінде адам өмірі әртүрлі
аурулармен күресумен өткен, олар ол кезде сауығу жолдарын іздеу арқылы
ғылыми және халық медицинасын дамытқан. Қазіргі клиникалық медицина
денсаулық дегенді тәндік саулық ретінде қабылдап, көбіне көңілді ауру
себептері мен емдеу әдістеріне бөлген.
Егер де медицина адам ағзасын аурудан сауықтыру үшін емдейтін болса,
валеология денсаулықты сақтау мен күтуге, аурудың алдын алуға үйретеді,
яғни ағзаны ауруға шалдықтырмауға мүмкіндіктер туғызады.
Яғни, валеология денсаулықтың механизмдерін тануға мүмкіндік береді,
денсаулықтың ауытқуын ерте анықтайды, әлі ауру белгілері байқалмай тұрып,
ол ағзаның сақталу мүмкіндіктерін қарастырады, алдын алады. Сонымен,
валеологияны онтогенезде адамның денсаулығын сақтап күшейту жайлы ғылым деп
те санайды. Бұл дұрыс ұғым емес. Себебі, ауруға шалдыққан адамдар да
денсаулығын сақтап, нығайтуы қажет.
Валеология термині қазір баршаға таныс. Бірақ та оның шығу тегі,
тарихы, ғылыми жетістіктері және мақсаты мен міндеттері жайлы әркім біле
бермейді. Сонымен қатар, қазіргі өмірдің өзі валеологияның дамып
өркендеуіне себептер мен мүмкіндіктер туғызып отыр.
Профессор Г.К.Зайцевтің анықтамасы бойынша, валеология дегеніміз
адамның өмір салтын сауықтыру арқылы адамның денсаулығын басқару.
Валелогия – салауатты өмір сүрудің негізі. Валеологиялық білім
санитарлық ағарту мен гигиеналық тәрбиеден, адамды өз денсаулығын күтуге
үйрететіндігімен ерекшеленеді. Жеке тәжірибе мен Қазақстан
Рсепубликасындағы валеологиялық білімнің талдануы валеологияда әзірге
қателік әдістерінің басым екендігін көрсетіп отыр.
Дүниежүзіілк денсаулық сақтау ұйымының '' Денсаулық баршаға ''
бағдарламасы бойынша денсаулықты нығайту мәселелеріне байланысты
сұрақтардың шешімін үйден, мектептен, өндірістер мен мекемелерден, яғни,
адамдар өмір сүріп, білім алып, еңбек ететін аймақтардан іздеу керек.
Қазіргі күнде біздің мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына үмітіміз
сенімді емес, ал адамдардың өз денсаулығына деген жаңа көзқарасы әлі дұрыс
қалыптаспаған. Сондықтан да халықтың көпшілігі денсаулықтың дұрыс
қалыптасуына көп көңіл бөлуі қажет, әсіресе жас өспірім балалар. Бұндай
қадам қазіргі заман талабына сай валеологиялық білімді методологиялық және
әдістемелік қамтамасыз етуді қажет етеді. Валеологиялық білімнің аяқтануына
негізінен кедергі туғызатын валеологиялық концептуалды негіздердің
аталуының әртектілігі. Білім беру бағдарламаларына вариативтілігі көп
дағдарыстарға ұшырады, яғни ол валеологиялық білім беру сапасына жақсы әсер
етті деп айта алмаймыз. Кейбір мектептке дейінгі мекемелерде, жалпы білім
береті мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында валеология пәнін
арнайы маманданған беріп жүрген жоқ, олар балаларға дәл емес ақпаратты
жеткізеді. Бұл іс әрекетпен адамның денсаулығын басқарудың негізгі принципі
бұзылады. Қалыпьасқан жалпы мамандыққа сай тілдің болмауы оқу және
әдістемелік әдебиеттердің сапасына да өз ықпалын тигізеді. Оқу құралы
ретінде оқу әдістемелік кеңестердің экспертизасынан өтпеген,
апробацияланбаған әдебиеттер білім беру барысында жиі қолданылады.
Валеологиялық білім беруде мұндай қарым – қатынас нәтижесінде
валеология оппоненттерінің сын – ескертпелеріне жол берілуде.
Кез – келген тақырыптар, қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру, тиімді
тамақтану және психологиялық өзәндәк реттеу және т.с.с. валеологиялық
өзекті мәселелердің паллиативті шешімі болып табылады. Мұның барлығы
валеологиялық білім беру аспектілерін кешенді түрде оқу кезінде қалыптасуы
керек. Валеологияның дамуы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру
стратегиясын жасау үшін негізгі арнайы жолдар, түсініктер, анықтамалвһар
мен критерийлер қалыптастыру керек.
Әлеуметтік гигиенаға тән салауатты өмір салты мен денсаулықтың алғы
шарттары практикада қолданылуда.
Қазіргі уақытта Салауатты Өмір Сүру Салтын Қалыптастыру Проблемаларын
Ұйымдастыру Орталығы салауатты өмір салтын қалыптастырудың барлық
кезеңдеріне сәйкес критерийлері жасалуда. Жаңа критерийлерді дәрігерлер,
педагог – валеологтар, социал – гигиенистер, биологтар, психологтар және
т.с.с. жасаулары керек.
Валеологияны медициналық және педагогикалық деп бөлуді шартты деп
қабылдау керек, бұл педагогика мен профилактикалық медицинаның бірігуінен
туған. Валеологиялық білім беруде педагогикалық қадам ерекше орын алады,
оған валеологиялық білім беру ерекшеліктері барысында интерактивті
әдістерді қолдану жатады. Валеология ғылымының дамуы салауатты өмір салтын
қалыптастыру секілді мемлекеттің саясаттың бір бөлігі болуы керек, ол
ұлттық генофондтың бұзылуының алдын алады, адамның адамгершілік физикалық,
психикалық, соматикалық және репродуктивті мүмкіндіктерін арттырады.
Салауатты өмір салты іс әрекетті тәрбиелеу арқылы және бейімделу
арқылы денсаулықты басқара білу, сондықтан да бұл іс әрекет білім беру
жүйесінің педагог мамандарының қызығушылығын тудырады. Педагог маман
баланың, жасөспірімнің бойында қажетті мотивацияны ұялатады, ол күнделікті
қажеттіліктерден тұрады және оған қажетті білімді алуға мүмкіндіктер
молынан туындайды.
Жаңа өз бетінше дамып келе жатқан адам денсаулығын сақтап, нығайтуға
арналған ғылымның қалыптасу жолдары мен тәсілдері қажет екендігі мәлім
болды, бірақ та дұрыс өмір сүру қалпы жайлы білім әр түрлі халықтың
дәстүрлер мен тіршілігі және ұлттық медицинадағы ерекшеліктері эмпирикалы
болды, яғни ұзақ жылдар бойы оның ғылыми негіздемесі болған жоқ.
Жоғарыда айтылғандай, валеология ғылымының зерттеу пәні адам
денсаулығы болып табылады. Сондықтан да денсаулық түсінігні анықталмай,
валеология ғылым ретінде, сонымен қатар, профилактикалық медицицнада
тіршілік ете алмайды. Көптеген, 600- ден астам ғалымдар денсаулық ұғымына
анықтама бермекші болған. ДДСҰ – ның берген анықтамасына 50 жылдан астам
уақыт өтті, ол да дәл емес және оның үстіне ол ескірген анықтама. Мысалы,
профессор А.А.Остроумовтың айтуынша, денсаулық – ортаның талабы мен ағза
күшінің арасындағы тепе – теңдік күйі. Кіші медициналық энциклопедияда
келесі анықтаманы береді, ''денсаулық – бұл ағзаның табиғи күйі, барлық
мүшелер мен жүйелердің гармоникалық түрде әсерлесуі және қоршаған ортамен
динамикалық түрде тепе- теңдікте болуы''.
Подфизиологтардың айтуынша, '' денсаулық түрлі қоғамдық және еңбек іс
әрекеттеріне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін тіршілік''.
Профессор В.П.Казначеев айтуынша, ''денсаулық дегеніміз биологиялық
және физиологиялық функциялардың сақталып дамуы, максималды түрде тіршілік
ету барысында адамның оптималды еңбекке және әлеуметтік белсенділікке ие
болуы''.
'' Денсаулық өлшемі'' деген методологиялық ұғымында профессор
А.Г.Шедрина (Новосибирск қаласынан) денсаулыққа келесідей анықтама береді:
“ денсаулық – бұл біртұтас, көпқырлы динамикалық күй, позитивті және
негативті жақтарды қосатын, әлеуметтік және экономикалық орта жағдайында
генетикалық потенциалды жүзеге асыру кезәнде дамитын және әрбір адамға
өзінің биологиялық және әлеуметтік функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін күй”.
Жоғарыда айтылған анықтамаларды ескере отырып, профессор В.В.Колбанов
(Санк – Петербург қаласынан) мына нәрсеге ерекше көңіл бөледі: '' адам
денсаулығы ол тіршілік ету күйінің үздіксіз жалғасуы, бұл кезде ағза өзін -
өзі реттеп отырады, гомеостазға қолдау көрсетеді, соматикалық және
психикалық статусты өз - өзінен жетілдіреді, мүшелер мен жүйелері оңтайлы
қарым – қатынаста болады, қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделеді, әр
түрлі биологиялық және әлеуметтік функцияларды орындау кезінде фенотиптік
талаптарға сәйкес резервті компенсаторлы механизмдер пайдаланылады.
Жоғарыда аталған белгілердің кез – келгенінің болмауы жартылай немесе
түгелдей денсаулықтың бұзылғандығының белгісі. Толық денсаулықты жоғалту
өлімге тең''.
Өзінің көлемділігі мен күрделілігіне қармастан бұл анықтама денсаулық
ұғымына толық объективті түсінік береді. Қазіргі кезде денсаулық жүйесін
қалыптастырмай тіршілік ету мүмкін емес, ауруды анықтау мен емдеуге
негіделген денсаулық сақтау ұйымы және индивидтік денсаулығын
қалыптастыруға дәрменсіз болып, олардың бойында өз денсаулығына деген
немқұрайлықты қалыптастырады. Медицинаның қай – қайсысы да білім берудің
орнын толтыра алмайды, ауруды қалыптастыру оңай, емдеу қиын. Егер де білім
берудің мақсаты адамды дамыту болса, қазігі жағдайда білім беру мен
тәрбиелеудің басты бағыты ол салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру,
денсаулықты сақтау мен нығайтуға үйрету.

қалпын қалыптастырудың көкейтестілігі
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік – экономикалық жағдай, тіршілік
деңгейінің құлдырауы және экономикалық қолайсыздық Қазақстан
Республикасының бүкіл халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері
әсерін тигізуде.
Ел Президентінің “ Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді
басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл –
ауқаты” тармағында “... азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы
және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды
салауатты өмірсалтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сондықтан елімізде
салауатты өмір салтының пайдасына пәрменді білім беретін және ақпаратты
науқан үдетіле түсуі қажет”.
Қазақстанда соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер нашарлап, туу,
халықтың табғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім – жітім деңгейі
арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда.
Созылмалы дертпен ауыратын 2 млн. Балалар мен жасөспірімдер диспансерлік
есепте тұр. Алматы қаласындағы мектеп оқушыларының денсаулығын зерттегенде,
олардың 85% - і созылмалы дертпен ауыратыны, ал Өскеменде сырқаттану
деңгейінің 91% - ке дейін жеткені анықталды.
Ресей Федерациясының балалар мен жасөспірімдер физиологиясы ғылыми –
зерттеу институтының (ҒЗИ) мәліметтеріне қарағанда, 1 – сынып оқушыларының
денсаулығында 30% - ға дейін физиологиялық ауытқу болған жағдайда, бұл
ауытқудың шамасы 10 – 11 сыныптарда 80 – 85% - ға жетеді екен. Тап осындай
зерттеулердің деректері біздің республикамызда да ұқсас болып шықты. Мектеп
оқушыларының 67% - ының озбырлық, жабығу, ішкі және сыртқы әсерлерге
қайтаратын жауаптарының бұзылуы арқылы білінетін “мектептік абыржу”
байқалады. Соған байланысты мектеп оқушылары организмінің ауруға қарсылық
қасиеті төмендеп, иммундық жүйеден азап шегеді де балалардың аурушаңдығының
артуына себепкер болады.
Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және уытты заттарға
әуестік, адамгершілікке жат мінез – құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен
таралуда.
Дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының
мәліметтері бойынша, жасөспірімдердің 40% - дан астамы темекі тартады, 39%
- ға дейінгілері ішімдік пайдаланады, 17% - ға дейінгілері есірткілік
заттардың дәмін тартады, 41% -ға дейінгілері жыныстық қатынасқа ерте
тәуелді. Осыған байланысты жіңішке аурулар, соның ішінде ИТИС (СПИД) саны
10 есе өсті. Кәмелетке толмағандар арасында туу және түсік тастау саны
жоғары деңгейде (жылына 9 мыңнан астам түсік) қалып келеді.
Көпбағытты медицина кезінде нарықтық экономикаға көшу жағдайларында
сақтандыру шараларын білу, ісмерлік көрсету және оны бұзбау, салауатты өмір
сүру салтын қалыптастыру денсаулықты сақтап, нығайтуда ең маңызды ерекше
белгі болып табылады. Бұл көрсеткіштер көкейтесті әлеуметтік мәнділікке ие
болады да, балалар мен жасөспірімдердің дұрыс өмір сүру қалпын
қалыптастырудың белсенді стратегиясын, олардың әлеуметтік бейімделуі мен өз
денсаулығын сақтау жауапкершілігін арттыруды, пайдалы қажеттілікке
уәжділікті талап етеді.
Санитарлық – гигиеналық сауаттылық деңгейін жоғарылатуда, адам
денсаулығын сақтап, нығайту үшін дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыруға
түбірлі өзгерістер жасау және Қазақстан Республикасының білім беру
ұйымдарының оқу жоспарына салауаттану негіздерін енгізу керек. Академик
Н.М.Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болу үшін тұрақты да, мәнді өз
күшің болуы қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды”.
“Салауаттану – денсаулықты сақтау” тұжырымдамасының өзекті мәселесі
“бірегей біртұтастық” ұғымы болып табылады, яғни денсаулықты өзара
байланысты бөліктерден құралатын бүтін дүние ретінде түсінуге тура келеді.
Адам денсаулығы негізгі үш: құрылымдық- функционалдық, физикалық –
химиялық, психикалық – эмоциялық – рухтық қасиеттерден құралып қалыптасады.
Дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру тұжырымдамасының мақсаты –
Қазақстан Республикасында салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың
тұжырымдамалық негіздерін жасау. Бұл мақсат төмендегідей нақты міндеттерді
шешу арқылы жүзеге асырылады:
- салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған қазіргі
бағдарламаларды талдау;
- аурудың пайда болу факторларының өте таралғыштығын зеттеу, қауіп –
қатер тобын айқындау;
- салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздерін
жасау, т.б.
Тұжырымдаманың мақсаты, мазмұны және құрылымы ең алдымен қоғамның
әлеуметтік тапсырысына, салауаттану тұрғысындағы ғылыми білім жүйесіне және
әдіснамалық ұстанымдарына сәйкес анықталады. Тұжырымдаманың негізгі
қағидалары “Салауаттану – денсаулықты сақтау” бағдарламасы негізінде
алынды.
Жас ұрпақтың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудан алған
білімдері Қазақстан Республикасы болашақ азаматтарының денсаулығын сақтап
қалуға берік тірек болады. Осы тұрғыдан қарағанда, дұрыс өмір сүру қалпын
қалыптастырудың әдіснамалық негізін жасау, салауаттануға арналған
бағдарламаларды, оқ у - әдістемелік кешендерді жетілдіру ел Президентінің
“Қазақстан - 2030” Жолдауына үндес алынған маңызды мәселелер және
сақтандыру медицинасы мен білім беру жүйесінің ғылыми бағыты болып
табылады.

қалыптастырудың нормативті – құқықтық базасы
“Салауаттану – денсаулық сақтау” бағдарламасы бойынша дұрыс өмір
сүру қалпын қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі нормативті – құқықтық
құжаттар мыналар:
1. Ел Президентінің халыққа жолдауы “Қазақстан - 2030”, №4 – ші
басымдылық: “Қаржы жеткілікті болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес
пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды дұрыс
өмір сүру қалпына әзірлеуден басталады. Дұрыс өмір сүру қалпы мен дұрыс
тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді
ақпараттық іс – шаралар жүргізілуі қажет”.
"Қазақстан-2030", N 4-ші басымдылық: "Қаржы жеткілікті болмай тұрған
жағдайда ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің
стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады.
Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен сани-тария
ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі қажет".
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж. 18 мамырдағы N3896
жарлығы. "Халық денсаулығы" атты мемлекеттік бағдарлама, 2.8., 2.16-
тармақтар:
- білім беру мекемелері жүйесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру
бағдарламасын жете зерттеп, енгізу.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 30 маусымдағы N905
қаулысы "Салауатгы өмір салтының кешенді бағдарламасы туралы", 4.3. тарауы:
- салауаттану пәнін оқытуды базистік жоспарына енгізу;
- СӨС қалыптастыру жөніндегі мақсатты бағдарламаларды МДМ,
мектептер, АООО және ЖОО оку процесіне енгізу, жете зерттеу.
4. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлігінің 1998 ж. желтоқсанның 24-індегі республикалық жалпы білім
беретін мектептерге "Салауаттану - қалай денсаулықты сақтау" оқу
бағдарламасын енгізу туралы N572 бұйрығы;
5. Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлігінің 1998 ж. желтоқсанның 28-індегі ЖОО оқу процесіне
"Салауаттану" кешендік бағдарламасы бойынша қурс оқытуды енгізу тура-лы
N620 бүйрығы;
6. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлігінің 1999 ж. қаңтардың 11-індегі кәсіптік-техникалық мектептердің
оқу процесіне "Салауаттану" бағдарламасы бойынша курс оқытуды енгізу туралы
N19 бұйрығы;
7. Қазақстан Республикасының 1999 ж. маусымның 7-дсгі N389-1 "Білім
туралы" заңы;
8. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында тәрбие берудің
кешенді бағдарламасы, 2000 ж. маусымның 7-сіндегі N701;
9. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік "Білім" бағдарламасы, 2000 ж.
кыркүйектің 30-ындағы N448 бұйрығы.
10. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі
салауаттанудың көкейкесті мәселелері. Халықаралық ғылыми-практикалық
конференциясының қарары, 2000 ж. маусымның 15-16-сы, Алматы қаласы.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудьң ғылыми-теориялық негіздері
Салауаттану - тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың
денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық,
имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара
байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара
әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметгік
биологиялык мәні арасындағы қарама - қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты
— салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауатгану ғылымы аурудың алғашқы
алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және ны-ғайту амалдары мен
әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі
болып табылады.
Салауаттанудың рөлі - адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін
қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің
көзін жою болып табылады.
Салауаттану ғылымы "қалай денсаулықты сақтаудың" ұстанымдары мен
тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден - дені сау адам,
екіншіден — оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші
факторлар, үшіншіден - аурудъщ пайда болу себептері, организмнің дені сау
күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден - сақтандыру
және сауықтыру шаралары болып табылады.
Салауаттанудың зерттеу пәні - адам. Зерттеуге организмнің
анатомиялық, физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, корғану
тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді.
Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық,
экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық
және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады.
Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті - денсаулығын сипаттауға
мүмкіндік береді.
Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің
қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге
қажетті ортаның әсерін барлык кұрауыштарымен оқып-үйрену міндетін қояды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі
бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз
денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20%-ы қоршаған ортаға (аймақтың
экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым
қуалау себептеріне, біздің ден-саулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық
сақтау ұйымына тәуелді.
Денсаулық қатерінің негізгі факторлары - қозғалыс күшінің кему
саддарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз
тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты
заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын
жағдайлар, зиянды әдеттердің (шылым шегу, алкоголь пайдалану, уланқорлық,
нашақорлық, т.б.) кең таралуы. Салауаттану ғылымы қандай амалдардың
жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей-тегжейлі
түсіндіреді. Салауатты өмір салтын қалып-тастырудың негізгі бағытгары
мыналар:
- жеке және қоғамдық гигиена;
- дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;
- организмді жаратылыс-табиғи факторлармен - су, ауа, күн жарығымен
және т.б. шыңдау;
- күн тәртібін тиімді пайдалану;
- дұрыс және уақтылы тамақтану;
- жұкпа аурулардың алдын алу;
- тән ауруларынан сақтандыру;
- жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;
- зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы
заттарды) сақтандыру;
- жыныс гигиенасы;
- психопрофилактика және психогигиена;
- кикілжің және денсаулық;
- экология және денсаулық.
Салауаттанудың негізгі мақсаты - әрбір жеке адамның және тұтастай
қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың
негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық
бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының
ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.
Бүдан мынандай міндеттер туындайды:
- салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;
- өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани
құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
- негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;
- осы заманғы ауру түрлерімен және оларды алдын алу
шараларымен таныстыру.
Адам денсаулығы, ең алдымен, өмірлік сара жолға тәуелді, ал өмір жолы
тарихи, ұлтгық дәстүрлер мен тұлғалық бейімділіктер бойынша анықталады.
Денсаулық деген не? Денсаулық үғымына берілген анықтамалар өте көп.
Үлкен медициналық энциклопедияда денсаулық организм мен жүйенің атқаратын
қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері
байқалмайтын адам күйі ретіндс сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақ-тау
ұйымының анықтамасы бойынша "Денсаулық дегеніміз - бұл аурудың немесе дене
кем тарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік
тұрғыдан ойдағыдай толық күйі".
Академик Н.М.Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет
сапасы толық сақталған кезде олардьщ барынша көп өнім беретінін бағалауға
болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды .
И.И. Брехман денсаулықты "сезімталдық, ауызша айту және құрылымдық үш
бірегей ағымдардың мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерінің әртүрлі
өзгерістері жағдайында адамның жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті"
ретінде анықтайды . Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы -
бұл "денсаулық дегеніміз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz