Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары



Кіріспе

1. Тарау Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары
1.1 Бүгінгі Байқонырдың мәселесі
1.2 Космодром Байқонырдың табиғатқа әсері


2. Тарау Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары
2.1 Бүгінгі Байқонырдың мәселесі
2.2«Байқоңыр» ғарышайлағындағы экологиялық мәселелер

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімі
Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түскені мәлім.
Жиырма бірінші ғасырда адамзаттың алдыеда тұрған ғаламдық проблмалардың бірі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы екені әртүрлі деңгейдегі мінбелерден жиі мойындала бастады. Адамзат өзі мекен сүруге жарамсыз етуге бейім күшке айналған жағдай қалыптасты.
Бәріміз де тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде еліміздегі нарықтық реформалар мен экономикалық тоқыраулардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және бақылау жүйесіндегі ұйлесімсіздікке әкеп соққанының, экономикалық мүдде мен экологиялық мүдденің бір-біріне қарсы қойылуының куәсі болдық. Қаржы тапшылығының мәселесін шешкен кезде экологиялық және қорғау проблемаларынан гөрі экономикалық мүдде басым болып келді.
Көздің қарашығындай қорғауды қажет ететін табиғат байлығына көңіл бөлу әлсіреп кетті. Осы мәселелердің ішінде үлкен мәселелердің бірі – Байқоныр.
Байқоныр төңірнгіндегі экологиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін биліктің онша ескере бермейтіні өкінішті.Мәселен, осыншама жыл бойына ғарыш айлағынан гептилмен жұмыс істейтін 2000 –нан аса замыран тасығыштар ұшырылыпты.
Байқоңыр – 1955 жыллы негізі қаланған Қазақстан Республикасының ғарыш айлағы. Қызылорда облысының жерінде орналасқан. Байқоңырдан кезінде «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» сияқты Кеңес Одағының ғарыштық корабльдері мен «Салют» орбитальды станциялары, сонымен қатар басқа да көптеген ғарыштық аппараттары ұшырылды. Тек осы жерден ғана ұшуы басқарылатын корабльдер ғарышқа шығарылады.
Қазіргі заманда ғарышкерлік-ғылыми-техникалық прогрестің болашағы зор болып саналады және ол ғылымның тез алға басуына көп үлес қосып, оны жаңа зерттеу құралдарымен, әдістерімен қаруландыратыны белгілі.
Ғарышты игеру адамзат дамуының жаңа техникалық деңгейіне шығуын ғана емес, оның дүние танымдық мүмкіндігінің кеңістік және уақыттық шектелуін де ұлғайтып, біздің қоршаған дүние туралы түсінігіміздің өзгертуіне жағдай жасайды.
Бұл курстық жұмыс Байқонырдың күрделі мәселелерін қарастырады.
1. Сарпеков Р. Экологиялық қауіпсіздіе- ғаламдық проблема // Дүние.-2003.-№5.-25б.
2. Сыбанбай У. Отарбамен-«Байқонырға» // Дүние.-2003.-№3,12б.
3. Жайсаңбаев Г. Байқрныр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары // Ізденіс,2001.-№4 ,31 б.
4. Байкежеева А. «Байқоныр» ғарышайлағындағы экологиялық мәселелер //
5. Проблемы Байконура на государственный уровень// Экология и устойчивое развитие,2003.-№5
6. Экология –ел тағдыры // Дүние,2003.-№5,21 б
7. Құрманбаева А. Байқоныр проблемалары// Дүние,2003.-№5

Жоспар

Кіріспе

1- Тарау Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары
1.1 Бүгінгі Байқонырдың мәселесі
1.2 Космодром Байқонырдың табиғатқа әсері

2- Тарау Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары
2.1 Бүгінгі Байқонырдың мәселесі
2.2Байқоңыр ғарышайлағындағы экологиялық мәселелер

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімі

Кіріспе

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене
түскені мәлім.
Жиырма бірінші ғасырда адамзаттың алдыеда тұрған ғаламдық проблмалардың
бірі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы екені әртүрлі
деңгейдегі мінбелерден жиі мойындала бастады. Адамзат өзі мекен сүруге
жарамсыз етуге бейім күшке айналған жағдай қалыптасты.
Бәріміз де тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде еліміздегі нарықтық
реформалар мен экономикалық тоқыраулардың қоршаған ортаны қорғау
саласындағы басқару және бақылау жүйесіндегі ұйлесімсіздікке әкеп
соққанының, экономикалық мүдде мен экологиялық мүдденің бір-біріне қарсы
қойылуының куәсі болдық. Қаржы тапшылығының мәселесін шешкен кезде
экологиялық және қорғау проблемаларынан гөрі экономикалық мүдде басым болып
келді.
Көздің қарашығындай қорғауды қажет ететін табиғат байлығына көңіл бөлу
әлсіреп кетті. Осы мәселелердің ішінде үлкен мәселелердің бірі – Байқоныр.
Байқоныр төңірнгіндегі экологиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін
биліктің онша ескере бермейтіні өкінішті.Мәселен, осыншама жыл бойына ғарыш
айлағынан гептилмен жұмыс істейтін 2000 –нан аса замыран тасығыштар
ұшырылыпты.
Байқоңыр – 1955 жыллы негізі қаланған Қазақстан Республикасының ғарыш
айлағы. Қызылорда облысының жерінде орналасқан. Байқоңырдан кезінде
Восток, Восход, Союз, Прогресс сияқты Кеңес Одағының ғарыштық
корабльдері мен Салют орбитальды станциялары, сонымен қатар басқа да
көптеген ғарыштық аппараттары ұшырылды. Тек осы жерден ғана ұшуы
басқарылатын корабльдер ғарышқа шығарылады.
Қазіргі заманда ғарышкерлік-ғылыми-техникалық прогрестің болашағы зор
болып саналады және ол ғылымның тез алға басуына көп үлес қосып, оны жаңа
зерттеу құралдарымен, әдістерімен қаруландыратыны белгілі.
Ғарышты игеру адамзат дамуының жаңа техникалық деңгейіне шығуын ғана емес,
оның дүние танымдық мүмкіндігінің кеңістік және уақыттық шектелуін де
ұлғайтып, біздің қоршаған дүние туралы түсінігіміздің өзгертуіне жағдай
жасайды.
Бұл курстық жұмыс Байқонырдың күрделі мәселелерін қарастырады.

1-Тарау Қазақстандағы экологиялық проблемалары
1.1 Экологияның Бас сақинасы - Байқоныр

Ағылшынның әйгілі қиялгер-жазушысы осы пікірі бекер айта салмаса
керек. Өз шығармашылығында тек қана Жер планетасы емес, ыңғайлы деген
ғарыштағы табиғат атаулыға жаны ашитын қаламгер мұны ашу үстінде ашына
айтқаны бесенеден белгілі болып тұр ғой. Қазіргі цивилизация, өркениет,
прогресс жаратылысқа жасап жатқан қиянаттарына түңілгендіктен жазғаны деп
қабылдауға тиістіміз... Барлық қолымызда бар қиянат жасалып біткеннен кейін
соның келеңсіз, тек қана залалды салдарына куә болып отырған адамның қалауы
деп білуге тиіпсіз.
Бүгінгі таңда Қазақстан жұртшылығы да сол ұлы қиялгердің халін кешіп
отырған жоқ па? Барлық қолдағы құндылығымыз құрып-жойылып біркеннен кейін
ғана, сан соғып қалатынымыз қалай? Мысалы: семей ядролық полигоны, 18,5 мың
шаршы километр аймақта 1949-1989 жылдар арасында ашық аспанда, жер бетінде,
келе-келе жер қойнауында жарты мыңға жуық жарылыс жасаған. Сондай
қорқынышты мәлімет жарты ғасырдан кейін тиіп-қашып қана жария болатыны
несі?
Ал, қазақтың жарым-жартылай маңдайына жазған Арал теңізі ше? Оған Әмі
мен Сырдан бұрындары сарқырап жататын су доғарылып, оның есесіне теңізден
кері, дарияға құйыла бастаған сұмдықты да, баяғы шалқар теңіздің о шеті мен
бұ шетіне енді адам жаяу кешіп өтетін заманың келгенін де ел қазір ғана
көріп отыр.
Бұл не сиқыр?! Табиғат жарықтық өз төсін мың-миллион сан құбылтып,
сұраптан, ақыр соңында бүгінгі заманға дейін кенересінен шығып жатқан ,
ішем десең де, мал суғарсаң да, егін, бау-бақша салсаң да аузы-мұрныңнан
келетің, ағыл-тегіл қос-егіз дарияны сыйлағанды. Жаратылыс қазақ жеріне
бойы қос құлаш келердей қаязы мен жайынынан бастап, ақ бауыр, семіздігі
тығыршықтай сазаны қолпаштап, ең аяғы тортасына дейін қойнауы жыртылып-
айырылатын Аралды сыйға тартқан-ды. Міне, асып-тасқан табиғи байлық қазір
не күйде?
Жазушы Энгельс Ғаббасов Батыс Қазақстаннның Азғыр, Қапы ар маңындағы
өздерін оқымысты-зерттеушілер етіп жарыиялап, әртүрлі тірі жанды қырып-
жоятын қару-амалдарды сынап жатқан жасырын әскерилер жөнінде депутат
кезінде Парламент мінберінен шыр-пыр боп, сөз сөйлеген болады. Сөз
сөйлеген болады деп отырғанымыз, еліне деген жаны адал қаламгердің
жанайқайын билік басындағылардың құлағына іліп жатқаны байқалған жоқ.
Жазушының осы Батыстағы былықтар хақында айтқандары, өзінің
баспасөзде жазғандары, яғни билік адамдарын да, қарапайым халықты да
сақтандырғандары күні ертең бұлтартпас дерек есебінде алдымыздан шығатыны
анық. Сонда ғана тағы да сол баяғы Семей полигоны, Арал ақыреті түрінде,
болары болып, бояуы тозғаннан кейін өкінгеннен не пайда?
Ал, әзірше Арзамас-16 арнайы эскпедициясының 1966 жылы 300 бас
жанұясы тіршілік ететін Азғыр ауылынан бір жарым-ақ, қол созым қашықтықта,
165 метр шұнқырда тұңғыш жарылыс жасағанын біреу біліп, біреу біле қоймас.
Содан бері Азғыр аймағының он нүктесінде 17 жарылыс жасалған. Солардың
біреуінің орнында қазірде диаметрі 600 метр көл пайда болған. Әрине,
радий активті көл. Ол кімнің кәдісіне асар дейсің! Қайта, керісінше, сол
көлдің ыстықтан буланған улы ауасын жұтып жүрген жоқ па тұрғын қазақтар!
Сондықтан да, күллі Қазақстан бойынша балалар өлісі ең көп ұшырасатыны да –
осы өңір! Міне, еліміздің келешегі - осы Азғыр, Капустин Яр ғой. Оны да
кейін білеміз!.
Ендігі бір келешек - БАЙҚОНЫР. Сонау бағзы заманда Қорқыт ата
көңілінен шыққан өңірді ресейлік мамандар қойнауын үңгіл, қарапайым кісі
ойына келіп болмайтын қыруар күрделі құрылыстардың тұңғышын 1955 жылғы 5
мамырда салып үлгірген-ді. Бұл қасіреттің басы еді. Тіпті, керек десеңіз,
қазіргі қасірет одан да бұрынырақта, 1955 жылғы 12 қаңтарда Жосалы темір
жол бекетіне инженер Н.Дежкин бастаған құрылысшылардың Мәскеуден екі жарым
мың кезінде құба далаға келіп жетуімен басталғанды. Оны да өөз кезінде
біліп жатқан қазақ жоқ. Кеңес Одағы ыдырап, Байқоныр өз республикасының
билігіне 1991 жылы көкенде, ондағы дүние-мүлік, объетілердің жалпы құны 23
миллиард долларға бағаланған-ды!
Ғарыш айлағының қанщалықты зор екендігін осындай-ақ байқай аларсыз!
Алайда, егеменді алғанның аз уақытқа созылған қуаныш буы бірте-бірте
тарай бастағанына бүгінде жұртшылықтың да көзі жетіп келеді. Соның күні
Байқоңыр ғарыш айлағында да түсті. Соншама күрделі шаруашылықты ойдағыдай
сақтап қалу проблемасы туды.
Сол тұстағы жағдай тұрғысында Ұлттық әуе-ғарыш агенттігі бас директорының
орынбасары, Байқоңыр ғарыш айлағы басқармасының бастығы, ҚР ҒА-ның
корреспондент-мүшесі М.Молдабеков: Қаржы мен мамандардың жоқтығы ғарыш
айлағын Ресейге халықаралық нарықтан 4-5 есеге арзанға жалға беруге мәжбүр
етті, - деп ақталды.
Ал, Кеңес өкіметі дәуірінде лазерлік қаруды зерттеу саласындағы еңбегі үшін
КСРО Мемлекеттік сыйлығын иеленген, техника ғылымының докторы Ғалым
Әбілсейітов:
1993 жылы Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарып жүргенімде
Президентке, басқа да басшыларға Байқоңырды сақтап қалу мақсатымен оны
жалға беруді ұсыныс жасадым, - деп мақтанғандай емеурін білдірді-дағы –
не себептен екенін білмеймін, тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров бұл
пікіріме қарсылық білдірді, - деп мойындаған-ды. Осы ұсынысқа
Т.Әубәкіровтің тегіннен-тегін қарсы болмағанына қазір көзіміз жетіп отыр.
4 бөлек немесе орталықтан құралатын Байқоныр ғарыш айлағында Ресей
мамандары қайтадан еркіндік алып, сайран сала бастады. Жыл сайын 115
миллион долларды шытырлатып санап салам, - деген жалдап алушы ресейліктер
күні кешеге дейін, қазақ жері бетін күйдіріп-жандырып, бірінен соң бірін
тоғытып ұшыратын жатса да, қарызын толық қайтару ресейліктердің кәперлеріне
де келмейді.
Оның есесіне ғарыш айлағының сол қанатындағы орталықтан Протон мен
Циклон зымыран жеткізгіштер ұшып жатты. Және де бірі болмаса, бірінің
жолы болмай, асып кетсе, Алтайға дейін ғана жетіп үлгіріп, жарылып құлап
жатты. Олар турасында біздің мемлекет тарапынан не жалға алушыларды жұбану,
не өз аспанымызға төніп тұрған қауіптен сақтандырып, реніш білдіру сияқты
нақты әрекеттер атымен байқалмады.
Соның ақыр-соңы, мінекей, 1999 жылғы 5 шілденің 20 сағат 32-ші
минутіне әкеп тіреді. Тап осы жұртшылық қауіптене тосқан болуы тиісті
жаманат болды да тынды. Жүк тасымалдайтын Радуга жер серігінің бөлшектері
өзін тиіс орбитаға шығарып салуға тиіс Протон зымыран-жеткізгішінің
жарылу салдарынан қиқым-сиқым, темір-терсек түрінде Қарағанды облысының Шет
ауданы аспанына жаңбырдай жауды. Хруничев атындағы орталық жасаған жаңа
11 С824М Бриз жылдамдық үдеткіш блок салынған тұңғыш экспериментті
Протон зымыран-жеткізгіштің екінші сатысы 112 километр биіктікте сыр
берген. Ал, шатақтың бәрі үшінші двигателінде болған. Соның кесірінен
газ жүретін түтіктің тетігі бұзылып, оның ішіндегі оталғыш сұйық тұтанып
кетеді.
Ақырында ғарыш аппараты тұтастай жарылып, бөлшек-бөлшекке айналып,
балықты көл аймағына шашыла бастайды. Байқоңырдан көтерілген 1050
километр ғана аспандан үлгірген зымыран-жеткізгіш Протон-М мен жүк тасушы
Радуга ғарыш кемесі осылай опат болған-ды. Оларға құйылған 165,79 тонна
тотықтырғыш пен 180,69 тонна ұшармай да осылай ысырап болған-ды.

1.2 Космодром Байқонырдың табиғатқа әсері

Тағдырдың тәлкегі ме, қайдам, қазақтың тұңғыш ғарышкрінің кіндік қаны
тамған жерге тек қана Протон зымыран-жеткізгіштер сериясы пайдаланатын
аса улы гептил газының 43 тоннасы бей-берекет төгілсе керек. Алдын ала
есептеуге қарағанда, оысншама мөлшерде тек топырқаққа сіңірген сұйық
тыңайтқыш Арқа өңірінің шұрайлы 6 мың шаршы км аумағы 3 мың жылға дейін
кәдеге аспайтын көрінеді. Оны елге жария етіп жатқан тірі жан жоқ.
Ал төтенше жағдай бойынша аудандық штабтың мәліметіне жүгінсек, 950
гектарға жуық жерді өрт шалған. Оның ішінде 500 гектар шабындық бар.
Төтенше жағдайдың аудандық қызметінің бағалауынша, мапаттың салған лаңын
жою үшін алғашқы кезекте 3198000 теңге қажет екен. Жалпы материалдық шығын
15 миллион 798 мың теңгеге бағаланыпты.
Әрине, мұндай санадарды кейінірек осы апатқа қатысы барлар – Ресей жағынан
да, өзіміздің билік басындағылар да - әр саққа жүрігтіп, жұмсартып, кейбір
тұстарды тіпті елемей кетуі әбден мүмкні. Оған бір мысал: Н.Балғымбаев
Ресей әуе-ғарыш агенттігі делегациясын қабылдады деген тақырыппен Қаз ТАГ
берген хабарда мынандай жолдар бар: Ресей ғарыш агенттігі басшысының
хабарлауы бойынша, мұнда Қазақстан жағымен бірлесе отырып, ауа, су және
топырақ үлгілері алынып, құлаған зымыранның сынақтары тексерілген. Бұл
заттарға шұғыл талдау жұмыстары жүргізілді, бірақ олардың қорытындысы
бойынша, зымыран отынының неғұрлым улы бөлігі болып табылатын гептил
байқала қоймаған.
Ал, Ресей авиация-ғарыш агенттігінің бас директоры Юрий Коптевке
салса: Гептил тек жылдамдық үдеткіш Бризн блогының екінші сатысынан ғана
аққан. Оның өзінде де бар болғаны 2,5 тонна көрінеді Міне, бітті! Әңгіме
тәмамдалды. Енді, кәнекей кімнің басы таз екенін мойындатып көріңіздер!
Осыған қатысты республикалық ресми бір басылым – Казахстанская
правда газетінің үстіміздегі жылдың 10 шілдесіндегі мәлімдемесіне құлақ
түрген абзал шығар. 19 мамырдң өзінде Қазақстанның эконологиялық
веломствосы Ресей тарапынан заңдарын және Байқоңыр ғарыш айлағын жалдау
туралы келісім-шарттың негізгі баптарын бұзғандары ғарыш аппараттарын
ұшыруға байланысты қызметті тоқтата тұру жөнінде шешім қабілдаған-ды.
Алайда, не бұл құжат, не одан кейінгі ескертпелерді ресейліктер құлақтарына
да ілмеді, - деп жазады. Бұл фактіге нендей ақталу, сылтауды қосып-
аларсыз?
Ресей премьер-министрі қызметінде тұрғанда осы мәселе тұрғысында Сергей
Стапашин қара қылды қақ жарып, өзінің құдайы сөзін айтқан-ды. Егер біз
өзімізге және ТМД-дағы өз серіктестерімізге сыластықпен қарағымызы келсе,
қолдарымыз қойылған келісім-шарттар мен пәтуаластықты орындауымыз керек, -
дей келе, Байқоңырдың жалақысы хақында: - Жасырынбақ ойнау жетер.
Алдаусырату жетті! Егер біз үнемі, алдау мен серіктестерімізге кемсіте
қарауымызды тыймасақ, ешқандай ТМД болмайды! - деп кесіп айтқан-ды. Ресей
осы ақиқатты мойындаса ғой!
Ол қайда. Осы Ресей үкіметінің мінбесінен өздерінің сол кездегі Үкімет
төрағасының айтқан аталы сөзінен кейіе бір жарым ай өтпей жатып тағы бір
газеттен мынандай хабарды оқимыз: Ресей авиация-ғарыш агенттігінің бастығы
Юрий Коптев зымыранының бірінші ұшырылуы 6 қырқүйекке белгіленді. Ресей
өзіне жүктелген міндеттемелерді түгелдей атқарып шықты, ал Қазақстан, өз
кезегінде, Протондарды ұшыруға тыйым салған ұйғарымынан бас тарутға шешті
деп атап көрсетілді. Көрдіңіздер мен?!
Ол аздай-ақ, кез келген баспасөзде, теледидардар құлақтандырғандай,
өзіміздің үкіметіміздің арқасында, қазақ жерінде өз Протондарымен
сайрандағандары былай тұрсын, ресейліктер біздің есебемізден шет елдерге де
қол ұшын беруге қайтадан кірісе бастапты.
Байқоңырды билеп-төстеп алған жақын арада Индонезияның Гаруда-1 қодымен
аталатын планета серігін ұшыруға жоспарлап отыр екен. Әрине, оларды құр
қол, бата үшін жарылқамаса керек. Және алатын ақылары да жарытымсыз емес
шығар. Ал сондай пайдадан сорлы қазаққа қанша тиын түсер?
Сөйте тұра, Байқоңыр өңірінің суын сарқып, ауасын улай отырып, 575 миллион
доллардың ұзын санын қосқанда, бес жыл бойы 50 миллионын ғана өтегенін
ақпарат құралдары қайта-қайта айтып жатыр. Ал біздің үкіметке келсек, одан
түскен ақшаға не істемек ойы бар екен? Байқоңыр аймағындағы экологиялық
қапасқа іліккендерге жұмсаса ғой! Айналып келгенде ауруды тілеп алып, оны
Ресей берген ақшаға емдеуіміз керек қой. Сонда өйткені, сол ғарыш
шаруашылығының барлық ыстығына күйіп, суығына тоңып отырғандар – тек
солар

2- Тарау Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары
2.1 Бүгінгі Байқонырдың мәселесі

Байқоңыр – 1955 жыллы негізі қаланған Қазақстан Республикасының ғарыш
айлағы. Қызылорда облысының жерінде орналасқан. Байқоңырдан кезінде
Восток, Восход, Союз, Прогресс сияқты Кеңес Одағының ғарыштық
корабльдері мен Салют орбитальды станциялары, сонымен қатар басқа да
көптеген ғарыштық аппараттары ұшырылды. Тек осы жерден ғана ұшуы
басқарылатын корабльдер ғарышқа шығарылады.
Бүгінгі күндері байқоңыр ғарыш айлағы Ресейге 2014 жылға дейін жалға
берілді оның спорттық комплекстерінің Протон, Союз, Циклон, Рокот
сияқты бес түрлі жеткізгіш ракеталарын ұшыруға мүмкіндігі бар. Осында
Альфа сияқты халықаралық ғарыштың станциясын құрастыру басталған. 45
жылдың ішінде Байқоңырдан мыңнан астам ғарыштық қызмет атқаратын ракеталар
старт алды.
Қазіргі заманда ғарышкерлік-ғылыми-техникалық прогрестің болашағы зор
болып саналады және ол ғылымның тез алға басуына көп үлес қосып, оны жаңа
зерттеу құралдарымен, әдістерімен қаруландыратыны белгілі.
Ғарышты игеру адамзат дамуының жаңа техникалық деңгейіне шығуын ғана емес,
оның дүние танымдық мүмкіндігінің кеңістік және уақыттық шектелуін де
ұлғайтып, біздің қоршаған дүние туралы түсінігіміздің өзгертуіне жағдай
жасайды.
Екінші жағынан, ғарышты қарқынды түрде игеру алдын ала болжап айтуы
қиын, кейін ғана білінетін және жер бетіне жақын орта мен биосфераға өте
елеулі экологиялық зардабын тигізуге әкеледі. Оған жеткізгіш ракеталардың
бөлініп шыққан бөлшектерінің құлайтын ауданының аумағына алынатын үлкен жер
көлемінің қажеттілігі; жерге жақын кеңістіктің ракеталық-ғарыштық
техникасының фрагменттерімен ластану проблемасы; ракета отынының жанған
өнімдерінің жер бетіне, атмосфераға, озондық қабатқа зиянды әсерлері
жатады.
Енді ғарышты игеруге байланысты туындайтын жоғарыда айтылған экологиялық
проблемаларды толығымен қарастырайық.
Проблеманың біріншісі ғарыш аппараттарының ұшырылуы үшін жеткізгіш
ракеталарды пайдалану байланысты олардың ұшу трассасы бойындағы бөлініп
шыққан бөлшектерінің (пайдаланылған формаларының), яғни ракета
конструкциялары фрагменттерінің құлап түсетін ауданының бүлінуі және одан
туындайтын экологиялық қауіп-қатер. Себебі, олардың ұшу трассаларының
көпшілігі Қазақстанның халық шаруашылығына пайдаланатын құрғақ жерлермен
өтіп, экологиялық қиын ахуал туғызатыны белгілі.
Енді сол кезеңдегі мерзімдік басылымдардың біріндегі мақалдан үзінді
келтірейік: Байқоңыр ғарыш ракеталарын ұшырған кезден бастап... біздің
жерлеріміздің орасан зор бөлігінің шын мәнінде металл сынықтары мен
қоқыстарын тастайтын жерге айналды. Шаруашылықтар пайдаланатын шабындықтар
мен жайылымдардың айналымнан шығуына байланысты миллиондаған зиян шегілді.
Сонымен, Жезқазған облысы тұрғындарының қауіпті заттарды жинауы туралы
осындай талаптарына байланысты үш жүзге жуық адамы бар арнаулы бөлімше
құрылып, оған арнаулы авиация мен жер бетінде пайдаланылатын техника
беріліп, сол 1990 жылдары ғарыш қалдықтарынан обылстың алты ауданын тазарту
жұмыстары жүргізілген. Әрине, ол жұмыстар Одақтың тарауына байланысты
барлық жерлерде толығымен жүргізілмей қалғанын білеміз.
Соңғы он жыл көлемінде ең сенімді болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байқоңыр ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы
Ғарышты қорғау мәселесі туралы
Бaйқoңыp ғapыш aлaңын кapтoгpaфиялaу үшiн жылу инфpaқызыл диaпaзoнындaғы әp мезгiлдегi ғapыштық cуpеттеpiн пaйдaлaну
Байқоңыр болашағы
Тарау «байқоңыр» ғарыш айлағының құрылуы және ресейге жалға берілуі
Байқоңыр космодромы
Климаттың өзгерулері
Байқоңыр қаласының статусы
Экологиялық дағдарыс
Экология ғылымы, оның міндеттері, бөлімдері, зерттеу әдістері
Пәндер