Оқытуды ұйымдастыру



І тарау Оқытуды ұйымдастырудың түрлері, Оқушылардың өзіндік жұмысты оқыту формасының тиімді әдісі.
1.1 Оқытуды ұйымдастырудың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ... ... ..
ІІ тарау Оқыту үрдісінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдары.
2.1 Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің маңызы ... ... ... ... ...
2.2 Оқыту үрдісінде оқушылардың өзіндік дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ...
Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидактиканың басты мәселесі — оқыту үрдісінде мұғалім мен окушының өзара әрекеттесуі болып отыр. Оқушыға танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекетке көшу үшін жағдайлар жасау міндеті тұрады.
Бұл міндеттердің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен жүзеге асырылмақ. Егер әрбір оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады. Оқушылар белсенділігінің осындай сипатын көрсететін қажетті шарт — дербестік таным әрекеті. Ол ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарын орындаумен көбірек байланысты болды. Бұл әрқилы өзіндік жұмыстарды өткізудің мазмұнын және әдістемесін оқу материалын меңгерудің әртүрлі кезеңінде, әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты әзірлеуді талап етті.
Дербестік таным әрекетін талдауда П.И.Пидкасистый оның ішкі, мәнді жағана ерекше наза аударады. Ол шыныңда да дербестік деп оның құрылымының барлық қажетгі элементтерін немесе мұғалімнің тікелей басшылығымен істеуіне жатқызады.
1.М.И.Махмудов. мектептегі проблемалық оқытуды ұйымдастыру.
А., «Мектеп», 1981, 247-б.
2. Л.С.Выготский. Педагогическая психология. М.,1967.
3. А.Жапбаров. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері.
А., «Қаз.унив.», 1991, 128-б.
4. С.Абубәкірова. Текстпен жұмыс істеудің әдістемесі. А., «Қаз.унив.»,
1993, 105-б.
5. Ж.Аймауытов. Психология. А., «Ғылым» баспасы, 2004
6.К.Д.Ушинский. Педагогика. М., «Просвещение», 1980
7. Бабаева Ю. Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.
8. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2010.
9. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы –Астана, 2004.
10. Оқушылардың ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру және республикалық ғылыми жарыстарын өткізуге әдістемелік нұсқаулар. Астана, 2007.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
І тарау Оқытуды ұйымдастырудың түрлері, Оқушылардың өзіндік жұмысты оқыту формасының тиімді әдісі.
1.1 Оқытуды ұйымдастырудың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ... ... ..
ІІ тарау Оқыту үрдісінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдары.
2.1 Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің маңызы ... ... ... ... ...
2.2 Оқыту үрдісінде оқушылардың өзіндік дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ...

Кіріспе
Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидактиканың басты мәселесі -- оқыту үрдісінде мұғалім мен окушының өзара әрекеттесуі болып отыр. Оқушыға танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекетке көшу үшін жағдайлар жасау міндеті тұрады.
Бұл міндеттердің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен жүзеге асырылмақ. Егер әрбір оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады. Оқушылар белсенділігінің осындай сипатын көрсететін қажетті шарт -- дербестік таным әрекеті. Ол ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарын орындаумен көбірек байланысты болды. Бұл әрқилы өзіндік жұмыстарды өткізудің мазмұнын және әдістемесін оқу материалын меңгерудің әртүрлі кезеңінде, әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты әзірлеуді талап етті.
Дербестік таным әрекетін талдауда П.И.Пидкасистый оның ішкі, мәнді жағана ерекше наза аударады. Ол шыныңда да дербестік деп оның құрылымының барлық қажетгі элементтерін немесе мұғалімнің тікелей басшылығымен істеуіне жатқызады.
Т.И.Шамова 'өзіндік жұмыс' пен дербестік әрекет' жеке жұмыс деген ұғымдарды сараптау қажеттілігіне меңзейді. Бұл жөнінде ол былай деп жазады: Оқу тек дербестік таным әрекеті үрдісінде ғана өтеді, бірақ ол оқуды оқушылар тек өзіндік жұмыс үрдісінде ғана өткізеді деуге болмайды. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды:
Өзіндік жұмыстардың бұл түрі танымдық ізденімпаздықты қалыптастыруда және ақыл-ой мен жаңа эмпирикалық, практикалық білім игеруде жетекші роль атқарады. Бұл жұмыстар оқытудың іскерлік ойыны, конференция, мәжіліс, пікірталас және т.б. сияқты өзіндік формаларын ұсынады.
Оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың, соған сәйкес танымдық ізденімпаздығын дамытудың негізгі шарттарының бірі -- тасқынды ақпараттарды іріктеп, таңдай, бағдарлай білуі. Зерттеу жұмыстарымен байланыссыз оқу процесінде мұндай бағдарлаудың тек қарапайым ғана дағдылары қалыптасады да, оқу бітірген жас маман жұмыс орнында іріктеу, бағдарлаумен, әдебиеттермен жұмыспен, нұсқаулармен жаңадан танысуға тура келеді.
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруды материал жинақтай отырып зерттеу.
Зерттеу міндеттері.
* оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруын қадағалау;
* оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруын бақылау;
* оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру деңгейін анықтау т.б.

1.1 Оқытуды ұйымдастырудың түрлері

Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік. Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. Түрлері деген ұғым латын тілінен аударғанда forma сырқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде түрлері ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни түрлері ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі-оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады . Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылармен мұғалімнің қарым-қатынасыі ( Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі:. Оқушының саны мен құрамы,жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:
:: жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
:: жеке - жұптық (оқушы- оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады );
:: жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады ((оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).
:: Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған,атауы-беланкастер жүйесі);
:: Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі (мангейм жүйесі);
:: Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі ХХ ғасырдың 20-жылдарына тән);
:: Американдық Винетка-жоспар, Трампа-жоспар және т.б.
:: Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс және т.б.).
Оқыту түрлерінің сыныптық-сабақ жүйесі ХҮII ғасырда туысқан тәуелсіз мемлекеттердің Богемия, Украина, Белоруссия елдерінің мектептерінде ең көп тараған және үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Сынып дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімінің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын ХҮІІ ғасырда-атақты чех педагогы Ян Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныпты-сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады; сабақ құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқу тәрбие үрдісін тәртіптеуді қамтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, оқу мәселесін талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу. Бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: сыныптық-сабақ жүйесі үлгірімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте талапты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі.
Бәрін есептей келгенде, әрине сыныптық- сабақ жүйесі тұрақталып, жаппай озық іс-тәжірибелер жинақталады деуге дәлеліміз бар. Жастары бір шамадағы сынып оқушыларын бірге оқуының тағы бір жағымды тұсы- ол оқушылардың ұйымдасқан анықтықты және үзіліссіз оқу жұмысын, сонымен қатар міндетті оқу мен сабақтан тыс жұмысты қамтамасыз етеді.
Сыныптық - сабақ жүйесі өзіне кғөптеген оқу үрдісін ұйымдастырудың бірқатар кешендерін қосып алады. Оған жататындар: экскурсия, оқу шеберханасындағы сабақтар, тәжірибелер, еңбек жіне өндіріс түрлері, сыныптан тыс жұмыстардың түрлері (пән үйірмелері, студия, ғылыми қоғамы, олимпиада, байқаулар, конференциялар).
Оқытудың осы түрі ауқымында жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке даралап және саралап оқыту немесе қарапайым мазмұндағы түрлері ұйымдастырылады. Сыныптағы барлық оқушыларға бір тектес тапсырмалар берілгенде (жазбаша, зертханалық және тәжірибешілік немесе практикалық сабақтар), онда саралап оқыту жұмысы жүргізілмейді, ал сыныпта топтар әртүрлі тапсырмалар орындаса, бір мәселені шешсе, бірге отырып барлығы тақырыпты меңгереді, міне сол арқылы жұмысты әрі ұжымдық фронтальды, топтық түрлері іске асады.
Жоғарыда жіктелген оқытуды ұйымдастырудың түрлеріне жататын ерекшеліктің бірі - кез келген оқушының оқу еңбегіне үйретеді: тыңдауға, ұжымдық іс-әрекетте берілген сұрақты талқылауға, өзінің жұмысын ұйымдастыруға, өзінің пікірін айтуға, басқаны тыңдауға, олардың жасаған ой тұжырымы мен дәлелдемелерімен келісетінін, немесе оған өздерінің дәйектемелерін дәлелдеп қарсы тұжырым құруға, басқаның ой түйінін толықтыруға, конспект жазуға, баяндама мәтіндерін жинақтауға, библиография құрастыруға, білім көздерімен жұмыс істеуге, өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға, берілген уақытта жұмысын аяқтай білуге және т.б. топтық жұмыста оқушылар көш басылық қызметкерлік, бағынбаушылық іс-әрекетті ұйымдастыру элементтерін меңгереді, үлкендер ортасымен, жалпы өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастырады-табиғи іскерлікке, өндірістік және әлеуметтік қарым-қатынасқа, өмірге бейімделеді. Оқытуды ұйымдастырудың түрінде оқушылардың тәрбиесі үлкен рөл атқарады, мұндай іс-әрекетте тұлғаның өзін-өзі басқару жағы басымдылыққа ие болады.
Сыныптық - сабақ жүйесін оқытуды ұйымдастырудың ең қайнар көзі болып табылады. Оқытудың бұл түрі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері. Сабақтың мңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық динамикалық жүйеге саяды, сөйтіп, ұжымдықтан- жеке, яғни мұғалімнің оқушыға, нәтижесінде, оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибеде сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шыңдалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде рөл атқарады, мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды, мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен прицинциптерін тұйындайды. Сабақ - педагогтік шығармашылықта құрылады және сондықтан да ол біртұтастық жүйемен оқшаулануға тиіс. Кіші бөліктердің өзара іштей байланысы бірігіп, оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті дамуының бір тектес логикаға бейімделуіне бағыт жасайды.
Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранымға қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының қажетсінуіне орай құрылады, оқыту мақсаты, міндеттері, заңдары мен принциптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын айқындайды. Жалпы талаптардың ішінде, бүгінгі сабаққа сәйкес келетін, болып қарауға олатын жіктеме төмендегідей: (И.П.Подласый)
- ғылым жетістіктерінің жаңа түрін озық іс тәжірибені, оқу-тәрбие үрдісінің негізгі заңдарына құрылған сабақты;
- сабақты өту үрдісінде, барлық дидактикалық принциптер мен ережелер;
- оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік, пәнаралық байланысты;
- бұрынғы білімнің байланыстыруға, оны меңгеруде икем-қабілетін және оқушылардың білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға сілтеме жасау;
- тұлғаны жан-жақты дамытудың белсенді және түрінің қажеттілігі;
- педагог оқу-құралдарын ұтымды қолдануы;
- алған білімнің, өндірістік қызметпен, оқушының жеке іс-тәжірибесімен байланысты жүзеге асыруы;
- білімнің, икемнің, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны ойлау - амалы мен іс-әрекетке тиімді қолдануы;
- сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау және болжау алуы.
Әрбір сабақ тұтас педагогтың процестің функциясын жүзеге асыруға бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ көпжоспарлы, құрылымы әр түрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидактикалық міндеттерді шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды бекіту, бақылау, оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен байланысты.
Көріп отырғанымыздай, сабақтың құрылымы кездейсоқ болмайды, ол оқыту үрдісінің заңдылықтарын жүзеге асырады, жаңа сабақты меңгерту логикасын ішкі психологиялық құбылыс ретінде, оқушының өзіндік ойлау іс-әрекетінің заңын,жеке таным қабілеті сапасында алып, мұғалім қызметінің түрін және оқушыны педагогтік үрдістің субъектісі ретінде алады. Сабақ элементтері, ішінара бөліктердің өзара біртұтастығында аталған заңдар жүзеге асады, өзектілігі анықталып, оқушылардың жаңа ұғымдық түсініктер қалыптасады, сөйтіп, іс-әрекет тәсілдерін меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға төселеді. Педагогикалық жүйеде бұлар оқытудың кезеңдері сияқты, негізгісі, өзгертуге болмайтын, әр сабақта дидактикалық бірліктегі міндеттерді жинақтап, сабақтың дидактикалық құрылымының компоненті сапасында келеді. Міне, осы компоненттер сабаққа қажетті шарттар мен бағдарламалық материалдарды меңгеруге жеткілікті біліктілік пен икем, қабілеттерді және оқушылардың ойлау әрекетінің белсенділігін өздігінен қалыптастыру, олардың өмірге бейімделуге және интеллектуалдық қабілетін дамыту - оқушыларды өмірге бейімделуге және еңбек етуге жаттықтыруға тиісті қадам.
Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру. Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі, оның өзі белгілі бір пен тәртіп талабынан құрылады. Мынандай бағыттарға бөлінеді: фронтальды - мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және өзіндік жұмысын басқаруы, жеке- өзіндік
Жұмыс әр оқушының топтық және жұптық қызметі. Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, оқу ситуациясын туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен таңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу.
Фронтальды оқытуды ұйымдастыру проблемалық, ақпараттық және түсіндірмелі иллюстративті мазмұнда және репродуктивті және шығармашылық тапсырмалармен келуі мүмкін. Мұнда шығармашылық негізге құрылған тапсырма бірнеше шағын тапсырмаларға бөлінеді, жұмыстың бұл түрі барлық оқушылардың белсенділікпен іс-әрекетте болуына жағдай туғызады. Бірақ, сабақтың бұл түрінде көптеген кемшіліктер бар, жұмыс барысында оқушылар әр түрлі деңгейде өз мүмкіндігіне қарай білімін арттыра алмайды, бәрінің білімі бір мөлшерде оқшауланбайды, әсіресе, нашар үлгеретін оқушыға мұғалімнің көмегі үнемі қажет болса, ал қабілеті өте жоғары оқушыда уақыт артық қалады.
Сол себепті сабақтың тиімділігін арттыру үшін сабақтан басқа түрлері де пайдалану керек.
Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу мүмкіндіктері алдын ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу.
Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады: жеке және жекелендіру. Біріншісінің ерекшелігі ол: оқушы алдымен барлық сыныпқа берілген тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-қатынасқа түспейді, бірақ жұмыс қарқынын бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі, ол оқушы арнаулы тапсырманы орындауда өзінің танымдық оқу іс-әрекетін мөлшерлейді, атап айтсақ, әр оқушы өзінің оқу қызметінің режиміне орай жұмыс қарқынын белгілейді. Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білімдерін, қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады. Сабақтың бұл түрі оқушылардың өзіндік іс-әрекетін тәрбиелейді, жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын айқындауға таба білуге бағыттайды, бірақ бұл сабақта оқушылардың қарым-қатынасы шектеулі, оны ұжымдық жұмыстың түрімен толықтыруға, топтық жұмыс ұйымдастыруға болады.
Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға мыналар жатады:
оқу міндетін анықтау үшін сынап екі топқа бөлінеді;
әр топ тапсырма орындайды (не бірдей, не саралап, даралап берілген) ол топ ішінен бөлініп шыққан топбасымен немесе мұғалімнің басқаруымен өтеді;
топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі;
топтың құрамы сабақтың мазмұнына қарай өзгереді; ең жоғары деңгейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады;
топтың және құрамның әр түрлі деңгейлікке орай оқушылардың қауымдастық құрамы сұрыпталады және мұның өзң оқушыларға байланысты.
Сабақтың топтық жұмыс түрінде оқушы саны көбейеді және жеке жұмыс барысында оқушыға не топ басшысының, не мұғалімнің көмегі қажет болып отырады (фронтальды және жеке жұмыс кезінде мұғалімнің оқушыға көмек беруі қиындай түседі, сондықтан олар жеке жұмысқа көшкенге дейін кезек күтуге мәжбүр).
Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды, зертханалық және жаратылыстану ғылыми тақырыптардағы практикалық жұмыстарды, сондай-ақ шет тілдерді меңгеруде,ауыз екі сөйлеуде тілді дамыту бағытында және еңбек сабақтарын өткізгенде өте тиімді. Жұмыстың бұл түрінде ұжымдық талқылау қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, өлшемдік параметрлері күрделеніп, өздік жұмыс тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түседі.
Әрбір қарастырылған оқыту қызметін ұйымдастыру түрлері оқушылардың сабақ барысындағы өзіне тән оқу-тәрбиелік міндеттерді жетілдіре түседі. Олар өзара, бірін-бірі толықтырып, дұрыс құрылған сабақтың жақсы нәтижесін көрсетеді.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір сабаққа сәйкес нақтыландыру, әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен құрастыру.
Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқыту-тәрбиелік үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бұл жүйеге, негізгі дидактикалық мақсатына байланысты, сабақтың әр алуан тұрпаты және түрлерімен қоса оқушылардың сыныптан тыс және оқудан тыс жұмыстарының басқа түрлері де кіреді. Тақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе мұғалімнің оқушылар нені білулері керек, т.б. деген сияқты мәселелерді қаншалықты терең ойластырғанына байланысты болып келеді. Сондықтан мұғалім тақырыптық жосапрлауды пәннің оқу бағдарламасымен, білім беру стандарттымен мұқият танысудан, пәнді оқыту кезіндегі және берілген тақырып бойынша дидактикалық міндеттерді шешудегі негізгі тәрбиелік мақсаттарды және оқушыларды дамыту мақсаттарын анықтаудан бастауы қажет.
Бір сабақты жоспарлау-мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет. Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру; арнайы дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу.
Сабақтың мақсаты бағдарлама материалының мазмұны негізінде, мектептің материалдық базасының және оқушылардың белгілі бір оқу жағдайына сәйкес ұйымдастыруға болатын оқу материалымен жұмысының мазмұны негізінде анықталады. Сабаққа дайындалудың бұл бөлімінде мұғалім болашақ сабақтың өту барысын болжайды, оны ой-санасынан өткізіп, өзінің оқушылармен бірлесіп жасайтын іс-әрекеттерінің өзіндік бір сценарийін дайындайды.Өзінің және оқушылардың сабақтағы әрекеттерінің негізгі мазмұны мен бағыттылығын анықтағаннан кейін барып мұғалім оқушылар меңгеруге тиісті қажет және жеткілікті материалды таңдайды, сабақта талданатын жаңа түсініктерді енгізудің жүйелілігін анықтайды. Мұғалім оқушылардың белсенділігін арттыратын қызықты материалды таңдайды, оған оқушылардың назарын жалпылама сұрақтар, есептер арқылы аударатын, сабақтың құрылысын алдағы жұмыстың көлеміне қарай алдын ала анықтайды.
Сонымен мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз- тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, ауаптары, пайымдаулары - оны қабылдауы, түсінуі, т.б.Сабақтың осындай алдын ала талдасмасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте солғұрлым аз болады.
Осындай мұқият талдаудан кейін және сабақтың құрылысын тиянақты ойластырғаннан кейін мұғалім сабақтың жоспарын жасайды. Сабақтың конспектісі, әсіресе жас мұғалімдер үшін, толық және жан-жақты жасалады. Мұндай конспект мұғалімге тек бір сыныптағы ғана емес, сонымен бірге барлық қосарқы сыныптардағы жұмысы кезінде де қажет болады.
Алайда, сабақтың ойдағыдай өтуі тек мұғалімнің мұқият дайындығына ғана емес, сонымен қатар оның оқушыларды алдағы сабақтағы жұмысқа әзірлеуіне және оқушылардың өздерінің сабаққа деген психологиялық дайындығына байланысты. Ол үшін оқушыларды келер сабақтағы жұмыс жоспарымен таныстырып, оларды оқулықтың немесе әдеби шығарманың жекелеген тараулары мен тақырыптарымен алдын ала таныстыруға бағыттап, жаңа материалды меңгеруге септігін тигізетін бақылау мен күрделі емес сынақтар өткізу қажет.
Сабақтың жоспарында сабақтың тақырыбы, сабақ өткізілетін сынып бөлмесі және дидактикалық міндеттері нақтыланған сабақтың мақсаты, сабақта өтілетін материалдың қысқаша мазмұны, оның міндеттері көрініс табады. Сондай-ақ, сабаққа қатысатын оқушылардың өзара қатынасын ұйымдастыру, оқушылардың оқу-танымдық қызметін дамытатын тапсырмалар, білім беру әдістері мен дидактикалық әдіс-тәсілдері анықталады. Тапсырмалар арқылы алға қойылған міндеттерге қарай, ал ол міндеттерді орындау барысында бұған дейінгі алған білімдері толықтырылады, жаңа ғылыми түсініктер және білім жолындағы кездесетін әр түрлі жағдайларда қолданыла алатын әрекеттердің тәсілдері қалыптасады, оқушылардың оқу әрекетін бақылау мен түзету жүзеге асады, олар білімсіздіктен білімге, епсіздіктен біліктілікке қарай қадам жасайды.
Сабақтың сапасы мен нәтижелі өтуі, көбінесе, мұғалімнің өзінің және басқалардың жетістіктері мен қателерін дұрыс талдай алуына байланысты. Өз жұмысына талдауды сабақ өткізе салысымен және келесі сабақтың алдында, яғни сабақтың конспектісінің негізі дайын болған кезде жүргізуі тиімді. Бұндай жағдайда мұғалім өткен сабақтың нәтижелеріне сүйене отырып, келесі сабаққа дайындығы кезінде осының барлығы ескерілуін ойластырады. Өзін-өзі бағалау өткен сабақтың талдауына негізделеді, яғни мұғалім жасаған жоспарын тағы қайтара талдап, сәтсіздіктерінің себебін табуға тырысып, дидактикалық тұрғыдан ұтымды тұстарын қайталауға тырысады.
Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың мектепте білім алуын ұйымдастыру түрінің ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекетінің нәтижесін болжай алуына байланысты.

1.2 Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Қазақстанның білім беру заңдары мен білім стандарттарында да әрбір азаматтың сапалы білім алып, өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін, өз бетімен жұмыс жасаудың маңызы зор екені атап көрсетілген .
Ғылымның барлық саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі әлемдік жаһандану кезіндегі осы мақсат, өздігінен оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға да тікелей байланысты. Осыдан келіп, оқушылардың өздігінен оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Сондықтан, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының педагогикалық жүйесін оқу іс-әрекетінде арнайы ұйымдастыру - оқу процесін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасында қазіргі білім беру жүйесіне тек педагогикалық және философиялық идеиялар ғана емес, әлеуметтік және саяси идеялар мен жаңарулар елеулі ықпал етуде. Соның бірі өзіндік зерттеу жұмыстарды ұйымдасытруды мәселе ретінде қарастыра келіп, рухани адамгершілікті, көпмәдениетті тұлға тәрбиелеу мәселелерінің өзектілігінің арта түсуі болып отыр. Адам бойындағы асыл құндылықтарды шәкірт бойына сіңіру, қоғамда өз орынын таба білетін дара тұлға тәрбиелеудегі мұғалімнің атқарар қызметі орасан зор .
Бүгінгі таңда білім беруде оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру жолдарын игеруді үйрету, оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеу көзделеді.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда.
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес. Сыныптық - сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультатативтік, қосымша, конференция сабақтары, үйдегі оқу жүмысы, тәжірибелік - зертханалық және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жүмыс түрлерін жатқызуға болады.
Өзіндік жұмыс өз бетінше іс-әрекет арқылы іске асады. Өзіндік оқу іс-әрекеті дегеніміз - бұл дидактикалық ұғым, ғылыми практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік тәсілдерін болжау және анықтау, жеке тұлғаның өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі бағалауы негізінде педагогикалық үдеріске қатынасушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның кіріктірілген білімі.
Оқушылардың өзіндік жұмыс процесі кезінде мұғалімнен бала дамуының дербестік шығармашылық әрекеті, логикалық ойлауы сияқты негізгі белгілерін біліп, оқушылармен жеке-дара жұмыстар жүргізуді қажет етеді.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлеледеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады. Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятып, олармен ақылдаса отырып, оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.
Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор.
Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология, тарих сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушылардың оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді. Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар: Біріншісі - кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарауда тақырыптарды өтер алдында үйымдастырылады.
Екіншісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992 – 2005 жж.)
Қазақстанда бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері
Бейінді оқытудың әдістемелік негізі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ
Оқыту процессінің әдістері мен формалары
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Инновациялық технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері
Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы
Пәндер