А. Байтұрсыновтың ғылыми-әдістемелік мұралары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

1. А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми.танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ.ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі ... ... ... ... ... ...
2.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... . ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазіргі нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-жаңалықтарға еркін аяқ басқан егеменді еліміз ХХІ ғасыр табалдырығын аттай отырып, білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру мәселесін, демократия мен ұлттық руханиятты, мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса көңіл бөліп, білім беру мекемелері өздерінің алдына басты міндет етіп қойып отыр. Осымен байланысты жаңарған қоғамның жастарын ұлттық- патриот- тық рухта тәрбиелеуге арналған оқу-тәрбие жүйесінің жаңа кешенін жасау қажеттілігі туындауда.
Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.
Бұл істе қазақ ұлтының берекелі бірлігін, көсегелі ел болуын аңсаған, сол жолда күш-жігерін, ақыл-парасатын аямай жұмсаған Алаш қайраткерлері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов сынды ойшыл-оқымысты кайраткерлердің қызметі мен мәдени мұраларын орынды пайдалану аса қажет. Себебі, олар халық мұңын мұндап, ұлттық, халықтық ар-намысты оятуды, қалың елі қазағының басқалармен терезесі тең ел болуын, өнер-білімді еркін игеруін аңсады. Осы ұлы көштің көшбасшысы бола білген Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың басындағы қаранғылық қапас пен надандық ен жайлаған қазақ елінің мүшкіл халіне қабырғасы қайысып:
Қазағым елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың
Канауда жаның
Аш көзіңді оянып,
Қанған жоқ па әлі ұйқың
Ұйықтайтын бар не сиқың - деп ашына ақыл айтып, ой салады.
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес алысқа.
Өзге жұрттар өрге қадам басқаңда
Дедім: "Сен де қатарыңнан қалыспа"-деп өнер-білімі бар озық мәдениетті елдерді үлгі етті. Ойшыл-оқымысты қазақ зиялылары ұлттық, халықтық мүддені жеке бастың мүддесінен жоғары қоя білді.
1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., Ана тілі. 1992ж.
2. Байтұрсынов А. Ақ жол. (Өлеңдер мен тәржімалар). А., Жалын. 1991ж.
3. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. А., Санат.1995ж.
4. "Ақ жол бағдарламасынан", "Ахаң туралы айшықты ойлар".1998ж. №б. //Қазақстан мектебі.
5. Әуезов М. Ахаңның елу жылдық тойы. Бес арыс. А., Жалын. 1992ж.
6. Жұмабайұлы М. Бастауыш мектеп. Ана тілі. Жұлдыз. 1993ж. №16
7. Қыдыршаев А. А. Байтұрсынұлы. (А. Б. әдістемелік еңбектері туралы). Жалын, 1993
8. Манатханова Р. Казақ санасының шығармашылығы.//Қазақстан мектебі. 198бж. №6.
9. Оразбайұлы М. А.Байтұрсынұлы және араб жазуы.//Социалистік Қазақстан. 1991ж. 7 маусым.
10. Сманов Б. Асылдың сынығы. (А.Б. 1924 ж. Орынбордан басылып шыққан "Тіл құрал" кітабы туралы). Қазақстан әдебиеті. 1989ж. 26 май.
11. Сыздықова Р. А. Байтұрсынұлы. А, 1990ж.
12. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М., Советская энциклопедия. 1966, с.608
13. Джусупов (Жүсіпұлы М.) Фонемография А.Байтурсынова и фонология сингармонизма. Ташкент, 1995. С.176
14. Уәлиұлы . Ахаң жиған асыл сөз. Қазақ тілі мен әдебиеті.1991ж. №4.
15. Қордабаев Т. Қазақ тілі мен әдебиет. 1998.А. Байтұрсынов еңбектерінің
насихаттануы).

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1. А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 А.Байтұрсынов және оның мұраларынгың зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .
1.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2. А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МҰРАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 А.Байтұрсыновтың тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі ... ... ... ... ... ...
2.3 А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Қазіргі нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-жаңалықтарға еркін аяқ басқан егеменді еліміз ХХІ ғасыр табалдырығын аттай отырып, білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру мәселесін, демократия мен ұлттық руханиятты, мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса көңіл бөліп, білім беру мекемелері өздерінің алдына басты міндет етіп қойып отыр. Осымен байланысты жаңарған қоғамның жастарын ұлттық- патриот- тық рухта тәрбиелеуге арналған оқу-тәрбие жүйесінің жаңа кешенін жасау қажеттілігі туындауда.
Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдама- сында "мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғас- тығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі керек. Мәдени-этника- лық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс" , деп өте орынды айтылған.
Бұл істе қазақ ұлтының берекелі бірлігін, көсегелі ел болуын аңсаған, сол жолда күш-жігерін, ақыл-парасатын аямай жұмсаған Алаш қайраткерлері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов сынды ойшыл-оқымысты кайраткерлердің қызметі мен мәдени мұраларын орынды пайдалану аса қажет. Себебі, олар халық мұңын мұндап, ұлттық, халықтық ар-намысты оятуды, қалың елі қазағының басқалармен терезесі тең ел болуын, өнер-білімді еркін игеруін аңсады. Осы ұлы көштің көшбасшысы бола білген Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың басындағы қаранғылық қапас пен надандық ен жайлаған қазақ елінің мүшкіл халіне қабырғасы қайысып:
Қазағым елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың
Канауда жаның
Аш көзіңді оянып,
Қанған жоқ па әлі ұйқың
Ұйықтайтын бар не сиқың - деп ашына ақыл айтып, ой салады.
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес алысқа.
Өзге жұрттар өрге қадам басқаңда
Дедім: "Сен де қатарыңнан қалыспа"-деп өнер-білімі бар озық мәдениетті елдерді үлгі етті. Ойшыл-оқымысты қазақ зиялылары ұлттық, халықтық мүддені жеке бастың мүддесінен жоғары қоя білді. "Елдің өзін ел сезінуін, өзгелермен тең сезінуін, өзінің ұлтын ер сезінуін, қайраттанып, намыстанып, жігерленіп өмір суруін" армаңдады. Сол жолда революционер- демократтарша өмірінің ақырына дейін күресе білді. Асыл арман жолында ел тағдыры үшін өз өмірлерін қиюдан да тайынбады.
Сондай ғалымдардың бірі - А. Байтұрсынов еді. "Ахмет Байтұрсынов - ұлттың тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға", - деп Ә.Кекілбаев атап көрсеткеңдей, ғалымның артына қалдырған мұрасын расыңда да ешкіммен салыстыруға болмайды. "Жаңа жазу. Жаңа әліппе. Тұңғыш емле. Тұңғыш фонетика. Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминология мен әдістеме. Тілашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл жұмсарлар". Ол ашқан "Қазақ" газеті мен қазақ мектептері, Қазақ мұғалімдер қурсы, ол жасаған қазақ термиңдері қоры, осылай санай берсек, ұлы ағартушының қазақ мәдениетіне, Қазақстан ғылымы мен оқу-ағарту ісіне қосқан іргелі үлесі үшан теңіз.
Ол ақталған жылдан бастап оның энциклопедист - ғалым екендігін дәлелдейтін мақалалардың баспасез беттерінде толассыз жарияланғаны туралы Л. Нұрғалиева Ақталғандар тағдырының қазіргі баспасөз беттерінде зерттелуі атты мақаласында: А. Байтұрсынов жайында қазақ мерзімді баспасөзінде мынадай дүниелер жарияланып, оқырман назарларына ұсын- ылды: С. Әсіпов Ұлттық ымыраға келудің басы еді, Ә. Қайдаров, Р. Сыздықова Сан қырлы саңлақ дарын, С. Негимов Дархан дарын, Б. Сарбалаев Бес бәйтерек, Ж. Ысмағұлов А. Байтұрсынов пен М.Дулатов творчествосындағы идеялық-көркемдік ізденістер", Т.Қожакеев "Алыптың өмірінен үш үзік сыр", С.Қирабаев "Ахметтің ақындығы'', Д.Досжанов "А.Байтұрсыновтың істі болу тарихы" және т.б. - дейді.
Ал ғалымның педагогикалық көзқарастарын ғылыми-педагогикалық тұрғы- да зерттеу жұмыстары А.Кыдыршаевтың "А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұралары" атты ғылыми-зерттеу жұмысында қарастырылған. Мұнда қазақ тілінің әдістемесіне ғалымның қосқан үлесінің, тіл білімін дамытудағы орны- ның ерекше екендігі талданған. Сонымен қатар, Р.Б.Үсембаеваның "А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгерші- лікке тәрбиелеу" атты ғылыми-зерттеу еңбегінде ғалымның еңбектеріне ғылыми талдау жасалып және оны бастауыш сынып оқушыларын адамгерші- лікке тәрбиелеуде пайдаланудың жолдары қарастырылған. Ал, А.Байтұрсыновтың педагогикалық-психологиялық мұраларының төлімдік мүмкіндіктері Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтің "Қазақтың тәлім-тәрбиесі" және "Қазақтың педагогикалық ой-пікірлер Антологиясы" атты еңбектерінде жақсы ашылып көрсетілген.
Қазіргі кезде педагогика ғылымы бойынша көптеген жеке тұлғалардың педагогикалық мұраларын зерттеу жұмыстары Т.Тәжібаев, Ә. Сыдықов, А.Көбесов, А.Ильясова, Р.Көшенова, А.Құдиярова, З.Көккөзова, С.Баймұрат- ова, А.Тұрсынова т.б. ғалымдар еңбектерінен көрініс тапқан.
Бүгінгі танда А.Байтұрсынов еңбектерінің әр салада зерттелу жайы біршама жолға қойылған. Мәселен, тарих ғылымы бойынша М. Қойгелдиев, Ө.Айтбаев, Т.Омарбеков, Ә.Тәкенов, К.Нүрпейісов, т.б., филология саласы бойынша Т.Кәкішев, Р.Сыздықова, Р.Нұрғали, К.Құсайынов, А. Мектепов,
Т.Қордабаев, Ү.Суханбердина, Б.Қойшыбаев, Д. Досжанов, т.б., педагогика және психология саласы бойынша С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, Н.Іргебаева, т.б. еңбектерінде ағартушының артына қалдырған мұрасын жан-жақты зерттей отырып, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалану жолдарын айқындап береді.
Дегенмен, А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұрасы, оның ішінде жалпы орта білім беретін мектептерде білім мен тәрбие беру, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселелері өлі де болса жан-жақты ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелген жоқ деп айта аламыз. Ал, ол кеңінен зерт -телуі және қазақ педагогакасы тарихынан занды орнын алуы тиіс.
А. Байтұрсыновтың педагогикалық-ағартушылық ғылыми еңбектерін зерт- теп педагогикалық колледждер мен жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешенін жасау, оны теориялық жене практикалық тұрғыда негіздеп, жан-жақты дамыған шығар- машыл тұлға қалыптастырудың маңызы мен мәні аса зор.
Егер, А. Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларындағы құндылықтарды іріктеп, тәлімдік мүмкіңдіктерін айқындай отырып жасалған әдістемелік ұсыныстар іске асса, оңда рухани құңдылықтарды бағалай білетін, ұлттық және патриоттық санасы жоғары жеке тұлға қалыптастыруға игі ықпал еткен болар едік. Осы мақсатты көздеп ұстаздар қауымына А.Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектеріндегі төлімдік ойларды ашьш көрсетуді мақсат еттік.
"А. Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларын оқу-тәрбие жүйесіне пайда- лану"атты біз ұсынып отырған ғылыми-әдістемелік еңбек екі тараудан тұрады.
"А. Байтұрсынов мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері" атты бірінші тарауда оның педагогикалық ой- пікірлерінің қалыптасуына әсер еткен жағдайлар, педагогикалық мұраларының зерттелу жайы және
Ы. Алтынсарин идеяларымен үндестігі, еңбектерінің тәлімдік мүмкіндіктері қарастырылады.
Ал, А. Байтұрсыновтың тәләмдік ой- пікірлерін оқу- тәрбие үрдісіне негізудің әдістемесі атты екінші тарауда А. Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселері, Ахмет мұралары бойынша жасалған Ахмет тағылымдары атты арнаулы курс бағдарламасы, оны педагогикалық колледждер мен орта мектептің оқу- тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары сөз болады.
Біз осымен Ахметтану мәселесі толық шешілді деген пікірден аулақпыз. Оның еңбектерін тарих, қоғамтану, ән-күй пәндерінде пайдалану мәселелері өз алдына арнайы зерттеуді қажет ететін тақырып.
Біздің мақсатымыз оқу-ағарту ісінің майталманы, көрнекті қоғам қайрат- кері, педагог, түрколог А. Байтұрсыновтың педагогикалық еңбегінің бір қырынан сөз етіп, орта мектеп мұғалімдері мен педколледждердің оқытушы- ларына көмекші құрал ретінде ұсынып, оларға аз да болса әдістемелік-педагогикалық тұрғыда көмек көрсету болды. Осы тұрғыда бұл еңбектің оқытушы-ұстаздар қауымына пайдасы тиеді ғой деп есептейміз.

1. А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 А.Байтұрсыновтың ғылыми-танымдық көзқарастарына ықпал еткен саяси әлеуметтік жағдайлар
Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық ой- пікірлерінің қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық және саяси- әлеуметтік жағдайлар.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласының Ресей қол астына тұтастай бағынуы, жер-жерлерде әскери бекіністердің, сауда-саттық өркендеген қалалардың салынуы, орыс шаруаларын Ресей отаршылдарының қазақтың шұрайлы жерлеріне қоныстандыруы т.б. саяси- экономикалық қарым-қаты-настар, қалыптасып қалған көшпелі халықты бірден отырықшылыққа айналдыруы қазақ халқына едәуір әлеуметтік-психологиялық кері әсер етті.
"Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі енгізідді. Өйткені, патша өкіметінің отарлау саясатының басты мақсатының бірі халықты жаппай орыстандыру, шоқындыру еді. Бұған жетудің негізгі жолы-мектеп, халық ағарту ісі екені даусыз". Осыңдай мақсатты жүзеге асыра бастаған Ресей миссионерлері мұсылман елінің бірлігін ыдырату, халықты дінінен, тілінен айыру, бұратана халықтарды шоқыңдырып, ата-баба салтынан, дәстүрінен қол үздіріп тоз-тозын шығару үшін ғасырлар бойы қолданып келе жатқан алфавитін жойып, мұсылмандық мектеп -медреселерді жоғалтып, орыс-қазақ мектептерінің санын көбейтіп, оларды бірте-бірте таза орыс тілді мектептерге айналдыруды көздеген алуан түрлі сұрқия істерін жүргізді. Патша үкіметінің мұңдай саясатпен ашқан мектептері қазақ халқы-ның ұлттық ерекшелігіне, мәдениетіне үйлеспеді. Себебі, отаршылдардың басты мақсаты- қазақ халқын сауаттандырып, көзін ашу, білімді болуын қамтамасыз ету емес, орыстандыру, жазба мәдени етінен ажырату болатын. Ұлттық мектептердің азаюы, әлсіреуі осындай отаршылдық саясаттың күшеюінің нәтижесіне байланысты еді. Мұндай саясаттың белең алуына қарсылық білдірген алғашқы қазақ ағартушысының бірі - Ы. Алтынсарин болды.
Осы ғасырдың аяқ кезінде қазақ мектептері құрылымына байланысты екі түрлі көзқарастар туындады. Алғашқылары - орыстандыру, шоқыңдыру, ұлттық тіл мен діннен, мәдениеттен қол үздіруді көздеуші миссионерлер (Н.И. Ильминский, А.Е. Алекторов т.б.), ал сонғылары - орыс халқының озық идеяларын негізге ала отырьш, халқының дүниежүзілік білімді игеруін қалаған ұлт ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б.).
"ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Қырым, Еділ жағалауы, ондай-ақ Қазақстан, Орта Азия өлкелерінде пайда болған жаңа жадид ағымының жетекшісі И. Гаспиринский еді. Жадид ағымына белсене қарсы шыққандар- дың бірі белгілі миссионер Н.И.Ильминский болды. Жадид ағымы мектеп, медресеге байланысты төмендегідей мәселелерді көтерді: біркелкі оқу жоспары мен бағдарлама жасау арқылы мұсылман мектептерін бір ізге түсіру, оқу жоспарына арифметика, жағрапия, жаратылыстану, тарих тағы басқа дүнияуи пәндерді енгізу аркылы қазіргі заман талабына сай шәкірттер- ге орта білім беруді қамтамасыз ету; сауатсыз, фанатик-моллаларды тиісті білімі бар мұғалімдермен алмастыру; дыбыстық оқыту әдісін енгізу; мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыртып, оқушыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери міндет атқаруды жеңілдету; мұсылман мектептерін бақылау- ды үкімет инспекторына, не дін қызметкеріне жүктемей, жұрт сайлаған құрметті азаматқа тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына бағыныштыету болды".
Жадид ағымын қолдаушылар оқу-ағарту ісін бір ізге салып жүйелеуді, барлық халықтың бірдей білім алуын, білім деңгейінің сапасын көтеруді, ол үшін жаңа заман талаптарына сәйкес бағдарламалар, төл оқулықтар, маман- дар даярлау ісін жандандыруға ұмтылды. Жадид ағымыньщ көшбастары "білім негізі - бастауыш мектепте" деген қағидаға зор мән беріп, бастауыш мектептің өзекті мәселелеріне көп көңіл бөлді.Олар жастарды қазақтың әдеби мұраларымен ғана таныстырып қоймай, әлем әдебиеті үлгілерімен кіріктіре білім беруді көздеді.Сол үшін осы кезеңде ұлт мектептерінде ана тілін оқыту- ға байланысты елеулі өзгерістер іске асырылды. Көркем әдебиет пен жалпы мәдениеттің қол жеткен жетістіктері негізінде бастауыш мектептерге арнал- ған ана тілі оқулықтарын жазу мәселесі қолға алынды. Оқытудың тиімді жол- дарын жан-жақты қарастырды. Осыған орай көптеген жаңа оқулықтар дүние- ге келтірілді. Мәселен, М. Нұрбаевтың Қазақша әліппесі ( Қазан, 19101), И. Арабаев пен Х. Сәрсекевтің Әліппе яки төте оқуы (Уфа, 1911), М. Молдыбаевтың Қазақша ең жаңа әліппесі(Уфа, 1912), Қ. Қожықовтың Әліппесі(Орынбор, 1912), К. Серғалиннің Қазақша әліппесі ( Қазан, 1913), т.б. төл туындылар дүниеге келді. Сондай- ақ М. Дибердиевтің Қазақ балаларына қирағат кітабы (Қазан, 1910), М. Молдыбаевтың Қазақша оқу кітабы (Семей, 1912), М. Кәшімовтың Үгіт(Қазан, 1907), Әдеп(Қазан, 1908) т.б. оқу құралдары жазылды,- деген мәліметтерден жадид ағымының жетекшілерінің ұлттық мектепті жаңа арнаға салу, сапасын көтеру үшін аянбай тер төккендерін байқаймыз. Мәселен, Ғалия медрессе -сінде оқыған - Сәйфи Құдашев: Жалғыз Тройцк қаласының бір өзінде ғана 300- дей қазақ шәкірті бар. Егерде бұл шәкірттер аянбай еңбек етсе, халық арасына есепсіз көп жаңа пікір тарайтыны айқын. Қазақ даласының мәдениет жолына аяқ басуы және өнер- білімге жетуі ең алдымен саналы білімді шәкірттерге байланысты. Біздің қазақ балаларымыз аталы сөзге өте тез түсінетін зерк халық. Алған білімімізді босқа шашпай, қолымыздан келгенше пайдалы жерге жұмсап, қараңғыда қалған халықтарды нұрландыруға тырысу- біздің шәкірттеріміздің өтелмеген борышы,- дейді.
Сондай- ақ, алғашқы оқулық авторлары еңбектерінде білім берумен қатар тәрбие мәселесіне де зор көңіл бөлінді. Мысалы, К. Сырғалин Өнеге яки намуна атты бастауыш мектепке арналған еңбегінде адамгершілік қасиет- терді қалыптастыру мәселесіне ерекшше мән берді. Автор әңгімелерінде бірлік, достық, жақсылық жасау, білімге ұмтылу, еңбекқорлық, аманатқа қиянат жасамау сияқты қасиеттерді бала санасына берік қалыптастыруды мақсат еткен.
Сонымен бірге, К. Сырғалин Қазақша әліппе кітабының алғы сөзінде ұстаздарды да ізгілікке шақырып оқытқан уақыттарыңызда жылы жүрек, жұмсақ сөз, адамгершілікпен оқытыңыз"-дейді.
Өнеге яки намуна еңбегінің соңғы бөлімінде автор дүние, адам қайдан жаралады деген философиялық-танымдық мәселелерге бастауыш мектеп деңгейінде жауаптар беру арқылы оқушы танымын кеңейтуге тырысады. Ал „Әліппе" атты туындысынан М. Нұрбаевтың мұғалім оқушыға тиянақты білім беру үшін тәжірибелі, әдіскер болуы шарт деген көзқарасын анық аңғарамыз. Ол әліппесін әр әріпті үйретуге арналған 42 дәріске бөлген және мұғалімге арнап бір қатар әдістемелік кеңестер ұсынады. Онда ол ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелейтін мәнді пікірлер білдіреді. Оқытуды тек өзіндік мақсат емес, тәрбиелік, адамгершілікке баулудың басты құралы деп қарастырады.
Жұмағали Ізбасаров татар мектептерінің оқулықтарымен таныса келе, олардың өмірден алшақтығын және тағы да басқа кемшіліктерін аңғарады. Ол мектепте жалпы білім беретін ғылыми пәңдерді оқьпу мәселесін көтереді. Оқу жоспарына тарих, география, есеп, жаратылыстану пәндерін кіргізуді ұсынады. Осы пікірі үшін ол медреседен қуылады.
Осындай озық идеяның жүзеге асуы үшін қызмет еткендердің бірі - А. Байтұрсынов болды. Ол халқының болашағы жарқын болуына бар ғұмырын арнаған ұлтжанды азамат еді. Оның бойындағы ұлтжандылық қасиет отбасында қалыптасты. Отбасының сол замандағы зұлматтың қасіретіне ұшырауы, қоғамдық-әлеуметтік жағдай оның болашақтағы көзқарастарының қалыптасуына тікелей ықпал етті дей аламыз. Себебі, ғалымның балалық шағы Ресей империясының отарлау саясатымен тұстас келді.
А.Байтұрсыновтың немересі С.Көкішев "Ахаң туралы ақиқат" атты ғүмырнамасында оның балалық шағынан бастап, саяси қоғам қайраткері болғанға дейінгі өмірін жан-жақты сөз ете келе, былай дейді: "Ахмет - Торғай уезінің Тосын болысына қарайтын Ақкөл деген көлдің жанында Сарытүбек деген жерде Ұлы Жыланшық өзенінің Ақкөл көліне қосылған құйылысында 1872 жылы дүниеге келді. Ахаңның тұқымында өр кеуделі, ер мінезді адамдар көп болған. Байтұрсынның әкесі Шошақ күшті,мінезі салмақты, ақылды, шындықты бетке айтатын турашылдығымен ел жұртына беделді, шаруа кісі екен. Сол қиын- қыстау күндерінде халқының мәдениетін, мұңын жоқтап сырттан болған әр түрлі шабуылдан қорғап, талай шайқасқа түссе керек. Содан Шошақтың батырлығы, ерлігі, ақылдылығы туралы әңгімелер ел арасынан кең тарап кеткен.
Ал, Ахметтің әкесі Торғай уезінің начальнигі Яковлевті көрсеткен озбыр- лығы үшін сабап басын жарғандықтан Сібірге айдалды. Осы оқиға Ахметке бала кезінде- ақ қоғамдағы әлуметтік теңсіздік туралы ой түсіріп, өшпес із қалдырғанын оның Анама хат өлеңіндегі:
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам,-деген жолдарынан аңғарамыз. Ол 1895 жылы Орынбордағы учительский школаны бітіріп, әуелі Ақтөбе уезі Батпақты болысындағы А. Қопсықбақовтың ауылнай школында, одан соң Қостанай уезі Әулиекөл деген жерде болыстық школында, кейіннен Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс- қазақ школында мұғалім болды.
1886 жылы Ахмет Омбыға барып А. Е. Алекторовпен танысады. Осы жерде А.Е. Алекторовпен араласа келе, оның ішкі саяатын айқын аңғарады да, оны Н. И. Ильминскийдің саясатын жалғастырушы деген ой түйіндейді. Ахмет 1886 жылдан 1907 жылға дейін Қарқаралыда орыс- қазақ школында, одан кейін қалалық училищенің оқытушысы қызметін атқарады. Осындай ағарту ісімен айналысып жүрген кезінде -ақ, оның дүниеге деген саяси көзқарастарының қалыптасуы басталады, әрі осы жылдары өзінің Қырық мысал атты еңбегін жазады.
Ал, 1909 жылы жазықсыз жаламен Семей түрмесінде 9 айдай отырып шығуы А. Байтұрсыновтың өміріне қатты әсер етіп, қоғамдық- саяси күреске ертерек араласуына тура келді. Ол туралы белгілі ғалым К. Нүрпейіс: ХХ ғасыр басында өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық- саяси қозға-лыс өз алдына әуел баста жалпы ұлттық- демократиялық мақсат- міндеттерді қойды. Бұл істің басы- қасына екі ғасыр тоғысында қалыптасқан зиялылар жүрді Олардың Ә. Бөкейханов басқарған көпшілігі қазақ халқының жалпы ұлттық мүдделерін білдіретін қоғамдық -саяси ұйымдар құрып, солар арқылы өлкедегі буржуазиялық -демократиялық сипаттағы қоғамдық қозғалысты басқаруға талпынды. Солардың қатарында А.Байтұрсынов та болды-, дейді.
А.Байтұрсыновтың ағартушылық-педагогикалық көзқарасының қалыпта -сып, ол жолды біржола ұстауына әсер еткен оқиғаның бірі 1913-1918жылдар аралығында "Қазақ" газетінде редакторлық қызмет атқаруы. Бұл қызметті атқару барысында А.Байтұрсынов қоғамдық және саяси - әлеуметтік жағдай- ларға белсене араласып, өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оған ұлттық кітап -хананың сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақталған сол "Қазақ" газеті бетінде жарияланған мақалалары куә. Мәселен, А.Байтұрсынов осы газет бетіңде 1913 жылы "5 мың десятина жер", "Жауап хат", "Қазақтың бас ақыны", "Алаш азаматтарына" (М. Дулатовпен бірге), 1914 жылы "Бастауыш мектеп", "Мектеп керектері", 1916 жылы "Қазаққа ашық хат", "Сібір депутат- тарының мәжілісінде ", "Қазақ жұртына" (Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірге), "Торғай һөм Ырғыз уезінің халқына" (М.Дулатов, Тұнғаншин, Кәдірбаевпен бірге), 1917 жылы "Шорай Ислам"(Ә.Бөкейхановпен бірге) және т.б. жазған мақалаларында отаршылдыққа қарсылық, халық санасын ояту, білімін көтеру,сауатсыздықпен күрес,ұлттық баспасөз ісінжандандыру мәселелерін көтерді. А.Байтұрсынов "Революция және қырғыздар"атты мақаласында: "М.Тыньшбаев тәрізді патша заманынан бастап, отарлық билікке қарсы күресіп, қазақтың ұлттық саясатына жетекшілік жасаған қазақ зиялылары өкілдерінің атынан, осы қозғалыстың пайда болу себебіне, қазақ халқының 1917 жылғы қос төңкеріске қатысына, елді большевиктік анархия- дан құтқару үшін құрылған уақытша Алашорда үкіметін, бұл үкіметтің азамат соғысы жылдарындағы қызметіне, бірін-бірі алмастырып билікке таласқан орыс үкіметтерімен (Уакытша Сібір үкіметі, Құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комуч), адмирал А.В.Колчак үкіметі және т.б.) байланы -сына және Кеңес үкіметі жағына өту себептеріне тоқталады".Мұндай мақала- лар сол кездегі баспасөз беттерінде толассыз жарияланды. Саяси әлеуметтік жағдайларға байланысты көптеген қазақ зиялылары кейбір мақалаларды бүркеншік атпен де беріп отырады. Газет халықты қоғамда болып жатқан өзгерістерден құлағдар ету, санасын ояту, дұрыс жол сілтеп, өнер- білімге, оқуға шақырған бірден-бір үгітші- насихатшы болды.
А.Байтұрсынов: газета- халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай крек болса, халыққа газет сондай крек... Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып,қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады,-деп газеттің қазақ халқы- на тигізер пайдасын көрсетеді. Ұлттық баспасөздің негізгі болатын 1911 жылы шыққан Айқап журналы мен Бөкей ордасында жарыққа шыққан Қазақстан және бірнеше қазақ тілінде газеттер болды. Осы газеттердің беттерінде қазақтың қоғамдық, саяси- әлеуметтік жағдайлары туралы мақала- лар үздіксіз жарияланып отырды. Қазақ газеті де дүниежүзіндегі және ішкі жағдайларда болып жатқан уақиғаларды жан- жақты түсіндіріп отырды. Яғни, Қазақстанның Россия империясы жүйесіндегі орны мен ролі; қоғамның даму жолдары мен түрлерін таңдау; миграция мәселелеріне, бірінші кезекте патша үкіметінің қоныс аудару саясатына көзқарас, ұлттық мәдениетті дамыту шаралары мен қазақ- орыс мәдени қатынас мәселелері; дін мәселесі мен рухани қазыналарды бағалау мен дамыту мәселелері, т.с.с. Қазақ газеті бүкіл ұлтымыздың мәдениеті мен тарихын насихаттаумен қатар қазақтың зиялы қауымының саяси көзқарасын қалыптастырып, саяси партияларды құрауға негіз болды. Жалпы газет 1913 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрды. Газеттің 265 саны жарық көрді.
Қазақ атты газет шығаруда Ы. Алтынсарин мен А. Байтұрсынов мақсаттарының ортақтығын көреміз. Ұлы ағартушы Ы. Аллтынсарин де 1879 жылы Орынбордан бүкіл қазақ жұртына тарайтын қазақ тілінде газет шығаруды ойластырған болатын. Оны Орынбор генерал- губернаторы Н.А Крижижановский мақұлдаған. Ы. Алтынсарин болашақ газеттің №1 санының үлгісін өз қолымен жасап, 1880 жылы мамырдың жиырма сегізінде газетті шығаруға байланысты ішкі істер министріне хат жазған. Газет қазақ және орыс тілдерінде форматы 45 х 35 см. көлемі 8 беттік болып жоспарланған. Алғашқы 4 беті қазақша, сонғы 4 беті орысша аудармасы. Газеттің аты - "Қазақ" (орысша - "Киргизская газета") деп аталады. Газеттің 4 бөлімнен тұруы көзделген:
бірінші бөлім: "бас әкімдер жағынан шыққан хабарлар";
екінші бөлім: "ел ішіндегі хабар";
үшінші бөлім: "шет жұрттардан келген хабарлар";
төртінші бөлім: "таңсық әнгімелер"
Ы.Алтынсарин бар күш-жігерін салып, ашуға тырысқан "Қазақ" атты газеті сол кездегі Ресей чиновниктері саясатының кесірінен шықпай қалды. Оның ізбасар інісі А.Байтұрсынов газет ашу ісі патша үкіметінің қатаң бақылауын- да болса да, ойын орындап, мақсатына жеткен. "Қазақ" газетінің атын неге "Қазақ" деп қойғаңдығы туралы А. Байтұрсынов: "Аталы жұртымыздың, аудаңды ұлтымыздың аты деп, газетіміздің есімін "Қазақ" қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп қызмет ету қазақ баласына міндет. Жол ұзақ, ғүмыр жеткенше істеп кетелік. Малша оттап, асап ішіп, халық үшін қам қылмай қарын тойғанша мөз болып, мал өліміндей өлмейік",-деу арқылы газеттің мақсаты халықтың рухани көсемі ретінде қызмет ету, ағартушылық ісіне көшбасшы болу екендігін анғартады.
Сондай-ақ, А.Байтұрсынов газетті аптасына екі рет шығару үшін генерал-губернатордың атына жазған арыз-өұтінішінде газет бағдарламасының он бес бөлімнен тұратындығын және алғашқы үш бөлімінің алдына қойған міндет- терін төмендегідей көрсеткен:
1) қазақтарға қатысты үкімет нұсқаулары мен зандарын жариялау;
2) мемлекеттік дума мен мемлекеттік совет жұмысын жариялау;
3) ішкі және сыртқы хабарларды басып жариялап отыру және т.б". Осындай мәліметтер арқылы Ахметтің Ыбырай ісін жалғастырушы екеніне тағы да көз жеткіземіз.
XX ғасырдың басы Қазақстанды Ресей империясы отарына айналдыруды түгелдей аяқтап, аграрлық және ұлттық мәселелердің шиеленіскен шағы еді.
Тура осы кезеңде отарлап отырған Ресей империясының өзінде де көптеген тартыстар, саяси - қозғалыстар өрбіді, халықтың жаппай толқулары болды, оның ұшқыны қазақ еліне де әсер етпей қоймады. Осындай белең алған саяси толқуларға қазақтың зиялы қауымы белсене араласты. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандық ұлт-азаттық қозғалыстың дамуын М. Қозыбаев өзінің Ахмет Байтұрсынов- ХХ ғасырдың ұлы реформаторы атты мақаласында Ресейдегі ұлт-азаттық қозғалыс қазақ жерінде Ресейлік жаңа реформаторлық буынның бір тармағы есебінде бой көтерді.
Ұлт-азаттық қозғалыстың бірден- бір көсемі болып Әлихан Бөкейханов шықты. Әлихан қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалысын еуропалық демократиялық, конститутциялық, парламенттік күрес жолына салды. Ахмет болса, ұлт-азаттық қозғалысына гумманистік, ұлттық сипат берді. Еуропалық күрес рухын ұлттық сарын, әуенімен қабыстырды. Ата-баба аруағын аттама- ды, атой салып, жауға шапқан заманына даттамады, жаңа демократиялық күрес жолын сыннан өткізді. Әлихан Ресей реформаторларының көсемінің бірі болды. Уақыт өткізіп, Әлекең орыс реформаторларынан ұлттың өзін-өзі билеуіне қарсылығын көрді, қазақ жерін талауға бағытталған орыс қарашекпенділерін көшіру саясатын жүргізуге ынталы екенін түсінді, қазақты орыстандыру, шоқындыру, өз дінінен бездіру саясаты ендеп, бойлап бара жатқанын көрген Әлихан орыс зиялыларынан бөлініп, Алаш туын тікті. Алаш зиялыларының Әлихан, Ахмет бастаған тобына тән басты сарын отаршылдыққа қарсылық еді. Ал, бұл сарын барша халықтың мұңынан шыққанды,- десе, С. Сейфуллин 1923 жылы 30- қаңтарда Ахмет Байтұрсынов елеуге толды деген мақаласында: Байлардан бөліп жарлы табының ғана намыстарын жыртып, арын жоқтаған жоқ. Қазақ халқын байға, кедейге бөлмей, намысын бірге жыртты, арын бірге жоқтады,- деп әділ көрсетті.
Бұл бүкіл ұлттың, бүкіл отарлы елге айналған Шығыстың азаттық майданы еді. Ахаңның өз тілімен айтсақ, Алаштың зиялылары жұртым деп халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғады. Ол жалпы ұлттың зор- отаршылдар тартып алған нулы, сулы ата қонысы, ана тілі, ұлттық ділі, ислам діні еді", -дейді ғалым М.Қозыбаев. Ал, белгілі саяси қайраткер М.Шоқай 1917 жылғы Бүкілқазақтық съездің Орынбор қаласында өту себебін: "...темір жол үстінде жатқан Орынбор ең қолайлы жер. Бұған қоса ғүлама ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, дарынды жазушы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов Орынборда тұратын. Бұл екі қоғам қайраткерлерінің қуатты қаламының арқасыңда қалың елді аузына қаратқан "Қазақ" газеті де осында шығарылып, таратылатын.
Міне, қазақ сирек қоныстанған Орынбордың көпке дейін қыр қазақтарының ұлттық қозғалысының орталығына айналып, мұнда Бірінші бүкілқазақ құрылтайы шақырылуының басты себебі осында еді", - деп А.Байтұрсынов тұлғасы мен оның "Қазақ" газетінің саяси салмағын әділ бағалаған.
Демек, А.Байтұрсыновтың энциклопедист-ғалым, ағартушы ғана емес, қоғам қайраткері, білгір саясаткер екенін байқаймыз.
Сонымен қатар, орталық мемлекеттік архив деректеріне жүгінсек, осы 1917 жылғы 12 -26 шілдеде Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақтық съезде құрылған "Алаш" партиясының негізін салуға, Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда болған Бүкілқазақтық екінші съезде "Алаш" партиясының бағдарламасын талқылауға белсене ат салысып, өзіндік үлес қосқанына осы деректер арқылы көз жеткізуге болады.
"Съездің күн тәртібінде Алаш партиясының бағдарламасының жобасы талқыланды. Съезде талқыланған мәселелердің ең негізгісі қазақ жерлерін біріктіретін Алаш автономиясын құру еді. Қазақ зиялылары құрған Алаш партиясы бағдарламасының жобасы он бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлім : "Мемлекет қалпы"деп аталды. Мұнда мемелекеттің басқару формасы қарастырылды. Алаш бағдарламасының жобасы жарияланған кезең- де Кеңес өкіметі Ресейдің мемлекеттік құрылымын ресми құжатпен анықта- маған еді. Тек 1918 жылы 16 қаңтарда Ш Бүкілресейлік Кеңестер съезі "Еңбекшілер мен қаналушы халықтар құқығы Декларациясын" қабылдады, онда "Советтік Ресей республикасы ерікті ұлттар одағы негізіңде, советтік ұлттық республика федерациясы ретінде құрылады,- делінген.
...Сонымен, Алаш партиясы бағарламасы жобасы жарияланған соң екі айдан кейін Кеңес үкіметіні Ресейдің федеративтік құрылымы туралы идеясын жариялады. Демек бұл Алашты құрушылардың Ресейдің саяси даму перспек тивасын дәл, дұрыс анықтағандығын көрсетеді."Федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі", "Федеративті республикада һәр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады, һер қайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді. Үкімет басында Учредительное собрание мен Госдума қалауынша келісімді жылға сайланатын президент болуы тиіс. Президент халықты министрлер аркылы басқару, ал министрлер учредительное собрание мен госдума алдында есепті болуы" туралы жазды.
Екінші бөлім: "Жергілікті бостандық''- деп аталды. Мұнда "Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия республика- сының федерациялық бір ағзасы болуы, реті келсе Қазақ автономиясы сыбай- лас жұрттармен өзірге бірлес болуы, Реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болуы",- айтылды. Бұл бөлімде халық қамы үшін әділ жұмыс істейтін мем- лекет қызметкерлерін таңдау принципі қарастырылады. Осыдан келіп, жерді басқару, милицияда істеуге лайық адамдарды халық өзі қалауы керек дей келе, Алаш партиясының негізін құрушылардың мақсатын білдіреді. Оны: "Алаш партиясы ғаділдікке жақ, нащарларға жолдас, жәбірлерге жау болады ",-деп айқындайды.
Үшінші бөлім: "Негізгі құқық". Мүнда"Россия республикасында дінге, қан- ға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу, жиналыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға -еркіншілік". Демек, адам құқығы мен еркінің неізгі идеялары туралы мәселелерді жан-жақты қамтылған.
Төртінші бөлім: "Дін ісі." Мұңда: "Дін ісі мемлекет ісінен айырылуы айты- лады. Дін біткенге тең құқық. Дін жолына ерік, кіру-шығу жағына бостандық",-дей келе "Муфтилік қазақта өз алдына болуы. Неке, талақ, жана- за, балаға ат қою сияқты істер моллада болуы, жесір дауы сотта қаралуы" сөз болған.
Бесінші бөлім: "Билік һөм сот"
Алтыншы бөлім: "Ел қорғау"
Жетіншібөлім: "Салық"
Сегізінші бөлім: "Жұмысшылар"
Тоғызыншы бөлім: "Ғылым - білім үйрету"
Оныншы бөлім: "Жер мәселесі"- деп аталды.
Партия программасын жасау Петроградтағы Шорай Ислам комитетіндегі қа- зақтарға тапсырылды. Осы съезде Алаш партиясынан депутаттар сайланды.
Олар:
1) А.Байтұрсынов;
2) А. Бірімжанов;
3) С. Досжанов;
4) Теміров;
5) Т.Жаманмұрынов;
6) Е.Оразов;
7) Ә.Бөкейханов;
8) А.Тұрлыбаев;
9) Ә.Ермеков;
10) Х.Ғаббасов;
11) А.Сейітов;
12) М.Боштаев;
13) Я. Ақбаев;
14) С. Жанайдаров;
15) Р. Марсеков;
16) Ж.Тілеули;
17) Б. Сәрсенов;
18) Р. Дүйсенбаев;
19) А. Қозыбағаров;
20) М. Жұмабаев;
21) Ә.Сәтбаев;
22) С. Абылаев;
23) А. Райымбеков;
24) С. Мешенбаев;
25) Б. Өскенбаев;
26) С. Көсемесов;
27) Х. Досмұхамедов;
28) Ж. Досмұхамедов;
29) Н. Ипмағамбетов;
30) Ә. Әлібеков;
31) С. Қаратілеуов;
32) Ә. Есемғұлов;
33) Қашқынбаев;
34) У. Танашұлы;
35) С. Аманжолұлы;
36) М. Шоқайұлы;
37) М. Тынышпайұлы;
38) Б. Құлманұлы;
39) Б. Мәметұлы;
40) О.Әлжанұлы;
41) Т. Жақыпбайұлы
42) Е. Итбайұлы;
43) С. Сабатайүлы;
44 )Е. Қасаболатұлы; '
45) Б. Ниязұлы;
46) С. Нұралыханұлы;
47) О. Алмасұлы;
48) С. Кедірбайұлы;
49) А. Кенжеұлы;
50) Штабс-капитан Бегімұлы;
51) Е. Тұрмағамбетұлы;
52) Ж.Сұлтанбайұлы
Алаш партиясы лидерлері М. Шоқай, Ә. Бөкейханов, М.Тынышпаевтар бастаған тәуелсіз Түркістан мемлекетін құру туралы 3 түрлі ағым болды. Бірі - Түркістан халықтарымен бірігіп, біртұтас автономия құруды; екіншісі-Сібір құрамына автономия алуды қалады; үшіншісі- қазақ ұлтының өзіндік дербес автономия болуын платформаларының негізі - автономиялы дербес үкімет құру болса да мақсаттарында түрлі қайшылықтар болды. Мәселен Алашордашылар өз алдына әскері бар, басқару органы бар қазақ мемлекетін құруды көздеді.Дәл сол кезде халқының сауаты төмен, өнеркәсібі дамымаған, ұлттық кадры пісіп жетілмеген, армиясы (кадры жоқ) қалыптаспаған, айналасында алпауыт (Ресей, Қытай) елдер қоршауындағы қазақ елі өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмас еді. Алаш партиясының қателігі осы болды.
Алашорда мақсат-мүддесін жүзеге асыру жолындағы А. Байтұрсыновтың қажырлы еңбегі туралы белгілі ғалым К.Нұрпейіс: "Алашорда Кеңес өкіметін мойындамай, 1918 жылы жазда басталған азамат соғысы жағдайында оған қарсы ашық күреске шыққан күштермен (атаман Дутов басқарған Орынбор казачествосымен, адмирал Колчак басқарған Сібір үкіметімен, Орал казачествосымен т.б.) одақтасты.
Жауласушы күштердің (Қазақстандағы) ара салмағы 1919 жылдың басы -нан Кеңесөкіметі мен ҚызылАрмия жағына ауысуы Алаш Орданың жағдай- ын қиындатып жіберді. Соңдықтан 1919 жылы көктемде Алаш Орда, бір жа- ғынан Колчак үкіметімен байланысты түгелдей үзбей отырып, екінші жағы- нан Кеңес өкіметімен байланысын жандандыруға мәжбүр болды. Бұл жолы Алаш басшылығы (1918 жылы көктемдегі жағдаймен салыстырғанда) Кеңес өкіметімен байланыс орнату бүкіл Алашорда атынан емес, оның Торғайлық тобының атынан жүргізілген жөн деп шешеді. Сондықтан да, А.Байтұрсынов алдымен Қазақстанның Далалық өлкесіндегі Кеңес өкіметінің комиссары Әліби Жангелдинмен байланыс орнатып, одан кейін Москваға барып, Ресей Федерациясьшың ұлт істері жөніндегі халық комиссары министрі И.Сталинмен келіссөздер жүргізеді.
1919 жылы сеуір айында Торғай қаласында азамат соғысы жағдайыңда қоғамның бір-біріне қарсы екіге бөлінуінің нәтижесінде А.Имановтың опат болуы Алашорданың торғайлық тобының Кеңес өкіметімен ымыраға келіп, жақындасуын күрделендіріп жіберді. Саяси хал-ахуалдың дамуындағы осындай өзгерістер келіссөз жүргізу үшін Москваға барған А. Байтұрсынұлының жағдайын айтарлықтай қиындатты. Осыған қарамастан А.Байтұрсынұлы большевиктердің Алашордамен байланысқа барып, қазақ халқының тағдыры жөнінде келіссөздер жүргізу қажеттігін дәлелдеуге көп күш жұмсады. А. Байтұрсынұлының табандылығы аяқсыз қалған жоқ. Кеңес үкіметі Қазақ халқының Ресей Федерациясы құрамындағы автономиялық мемлекеттігін ұйымдастыру ісін басқаратын орган құру туралы шешімге келді. 1919 жылы шідденің 10 күні В.ИЛенин "Қырғыз (қазақ-С.Қ.) өлкесін басқаратын рево- люциялық комитет" жөніндегі уақытша ережеге қол қойды",- деп А.Байтұрсыновтың білгір саясаткер екенін дәлелдейді. А.Байтұрсынов 1919 жылы құрылған Қазақ революциялық комитетінің мүшесі болды, 1920 жылы қазан айында құрылған Ресей құрамындағы автономиялы ҚАКСР- ның үкімет мүшесі, оқу ағарту комиссары болып сайланды.
"Қазревкомның 1919 жылы 41, ал 1920 жылы 50 мәжілісі өтті. Қолда бар қазревком мәжілістерінің құжаттарына жүгінсек, А.Байтұрсынұлының сол мәжілістердің басым көпшілігінде баяндамалар жасағанына, жарыссөздерге қатысқанына, ұсыныстар енгізгендігіне, қабылдайтын шешімдердің жобасын дайыңдағанына, жекелеген мәжілістерге төрағалық жасағандығына көзіміз жетеді,-дей келе белгілі тарихшы ғалым К.Нұрпейіс "Алаштың күрескер ұлы" атты зерттеу мақаласында,- "А.Байтұрсынұлы Қазревкомның мәжіліс- терінде, көбінесе, Ресей құрамында құрылуы тиісті Қазақ автономиялық КСР-ның шекараларын анықтауға, оның әкімшілік-территориялық құрылы- мын қалыптастыруға, жергілікті басқару жүйесін қажетті жетекші кадрлар- мең жасақтауға, оқу-ағарту және мерзімді баспасөз жүйесін реттеуге, ұлттық-демоқратиялық интеллигенция тағдырын шешуге арналған мәселелерді талқылау ісінде үлкен белсенділік көрсетіп, оларға байланысты ұлттық мақсат-мүдделерге сай келетін қарарлар мен зандылық мәні бар құжаттарқабылдануына ат салысты,"- деп оны қоғамдағы әлеуметгік жағдайлардан ешуақытта тыс қалмаған, белсенді қоғам қайраткері ретінде көрсетеді. Яғни, А.Байтұрсынов қай жүйеде, қай салада жұмыс істесе де, алдына қойған -туған ұлтын алдыңғы қатарлы ел ету мақсатынан ешбір айнымаған.
Осы пікірдің дәлелі ретінде, оның сол кездегі Сібір ревкомы құрамында болған Ақмола мен Семей облыстарын, Челябы губерниясына қараған Қостанай уезін, Түркістан автономиялы КСР-ның құрамында болған Сырдария мен Жетісу облыстарын құрылуы тиісті қазақ автономиялы КСР-ына қосу үшін жүргізген күресін айтуға 6олады. Белгілі тарихшы ғалым М. Қозыбаев А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметі жайлы; "..оның реформаторлығы 1917 жылғы Қазан төңкерісі азаматтық, қарама-қайшылық дауылды-дабылды жылдарда ол Алаш мемлекетін құрушылардың бірі болды, 1919 жылы 4 сәуірде Совет үкіметі, советтік платформаға көшкен Алашордаға кешірім жариялатып, ұлттық келісімге келді. Әрі В.И.Лениннің ұсынысымен Қазақ өлкесін басқаратын қазақ (қырғыз) революциялық комитеті төрағасының орынбасары болған А.Байтұрсынов болашақ қазақ автономиясы аясына барлық қазақ жерін біріктіруде ерекше қажырлылық танытты. Челябі губерниясына еніп кеткен Қостанай уезін Қазақ өлкесіне қайтару үшін М.Сералин мен бірге В.И.Ленин атына арнайы хат жазып қана қоймай, РКП(б) Орталық Комитетінде арнайы қаратып, қаулы қабылдаты",-дейді. Архивтегі мәліметтерге сүйенсек, А.Байтұрсыновтың осы баяндамасындағы көтерілген мәселелер дұрыс, яғни Қостанай уезін Торғай облысының құрамында қалдыру тиіс деп есептелінді. М.Қозыбаев сөзімен айтсақ, Ахаң Совет заманасында да ұлтқа қызмет етуді бір сәт тоқтатқан емес. Бұл жылдары Аханның Одақ көлеміндегі шет аймақтардағы халықтардың мұқтажын жоқтаған еңіреген ер екендігін, ұлт азаттық қозғалысы қайраткері екенін таныта білді.
Ал, 1922 жылы ол Халық Ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми орталықты басқарды, бүкіл россиялық Орталық Атқару комитеті мен Қазақ Республикасы Орталық Атқару комитетіне мүше болды. Бұдан шығатын қо- рытынды, А.Байтұрсыновтың Қазақстандағы қоғамдық - әлеуметтік жағдайларға өзіндік үнін қосып, ықпалын тигізгенін көреміз. Сонымен қатар, А.Байтұрсынов Алаш қозғалысьшың басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметі тарапынан амнистия жасатып, олардың одан кейінгі уақытта қудаланбауы үшін де аянбай күресті.
Париждегі шығыс тілдер мен өркениеттері институтының ректоры, шығыс- танушы Реми Дор өзінің "Қазақ әдебиеті" атты мақаласында қазақ әдебиеті мәселесінің сан қырына тоқтала отырып, А.Байтұрсынов мұралары туралы: "Ол-қазақтың зиялы қауымы бойында ұлт бірлігі және мәдени даму идеясын қалыптастыруға ұмтылды. "Ал, бұл идеялар Алашорда партиясының идеоло- гиялық жұмысының өзекті мәселелері болатын. Колчак бастаған ақтарға да, Қызыл армияға да қарсы болып, екі майданда күрес жүргізген Алашорда ақырында тізе бүгуге мәжбүр болды, бірақ оның саяси және мәдени идея-лары қазақ даласында ғана емес, бүкіл Орталық Азия аумағында айрықша мәнді роль атқарды,- дейді.
Француз ғалымының А. Байтұрсынов еңбегін бұлай бағалауынан, ол тек Азия халықтарының ғана мақтанышы емес, сонымен қатар Евразия үшін де үлкен мақтаныш, зор тұлға екеніне көзіміз жетеді.
Ғалым қазақтың ұлт екеніне танытатын өзіндік мәдениеті мен әлуметтік жағдайын айқындайтын тіл екенін түсіндіре отырып, ұлттық тілді дамытуға барынша үлес қосты.
Белгілі тіл білімінің білгірі Р. Сыздық: оқу - ағарту идеясы- А. Байтұрсынұлының да қоғамдық қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тірегі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген- оның өз халқының тағдырын ойлаған қам қаракеті.
Ол қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Осымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі.Қазақ графикасының негізін қазақтың мәдени түркі халықтары да пайдаланып отырғаңдықтан, туыстық, жақындық сипатын және араб таңбаларын алады. Сөйтіп 24 таңбадан тұратын, өзі қазақ жазуы деп, өзгелер Байтұрсынов жазуы деп атаған қазақтың графикасын тұрғызды.
Осы жазуды үйрететін Әліппе жазады. Жоғарыда айттық, оқу-ағарту мұра- ты- үстіміздегі ғасырдың бас кезінен бастап, қазақ қоғамы үшін әлеуметтік мүдделердің ішіндегі ең бастысы болды. Сондықтан оқу-ағарту идеясына сол кезеңдегі қазақ интеллигенциясы жаппай мойын бұрды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми - педагогикалық мұралары
Тіл танытқыштар
Ахмет Байтұрсыновтың мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқының рухани көсемі ретіндегі орны
А.Байтұрсынов мұраларының ғылыми педагоги- калық негіздері
Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы
А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен қызметі
А.Байтұрсыновтың оқу-ағарту және бастауыш мектепте білім беру мен тәрбиелеу жұмыстары жайлы ой-пікірлері
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Пәндер