Белдікті берілістер



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
БЕЛДІКТІ БЕРІЛІСТЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Берілістер, тағайындалуы, құрылғысы, жұмыс істеу принципі ... ... 4
Белдікті беріліс. Жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Белдікті берілістің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5


ЖАЛПАҚ БЕЛДІКТІ БЕРІЛІСТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Белдікті берілістердің кейбір артықшылықтары мен кемшіліктері...8
Белдікті берілістердің негізгі сипаттамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Белдіктің жұмыс істеу қабілеттілігі және оларды есептеу ... ... ... ... ..9
Белдікті берілістердің кинематикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Жалпақ белдікті берілісті тарту қабілеттігіне байланысты есептеу..11


ТҮЗУ ТІСТІ ЦИЛИНДРЛІ ДӨҢГЕЛЕК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Тісті дөңгелектің материалдары, оларды химиялық әдістермен
және қыздырып өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
3.2.Тістердің істен шығуы және олардың жұмыс істеу қабілеттіг ... ... ..16

3.3.Түзу тісті цилиндрлі дөңгелектерді есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қазіргі уақытта біз ғылым мен техниканың мейлінше күшті қарқынмен дамып, өмірге кеңінен тарағанынан куә болып отырмыз. Механика ғылымы машина мен механизмдер бөлшектерінің,құрылыс конструкцияларының және де басқа қатты заттар мен үздіксіз ортаның,газдардың қозғалысын,күш әсерінен болатын кернеулік жағдайын қарастырады.Олар үш бөлімнен құралады.Жалпы механикаға материалдық нүктелер мен денелер және олардың жүйелері,үздіксіз және дискретті орталар механикасы,механикалық жүйелердің тербелісі,машина мен механизмдер теориясы және т.б. жатады. Машина жасау өнеркәсібі халықтың,мемлекеттің қандай даму сатысында тұрғаның анықтайды. Мемлекеттің энергетикасы, тау-кен, ауыл-шаруашылық,химиялық,тамақ өндіру,мата тоқу,жеңіл және т.б. өнеркәсіптері машина жасау өндірісіне тікелей байланысты. Осыған орай, барлық елдерде машина жасау өндірісіне өте көп көңіл бөлінеді және ол барлық халық шаруашылығының өзегі,бастамасы болып саналады. Машина бөлшектері курсында тек түзу біліктердің конструкциясы мен олардың есептеу жолы қарастырылады. Қазіргі кезде адам тіршілігі машинаға байланысты. Тікелей өндірісте қызмет етсек, әр қилы машиналарды көреміз. Олардың бәрі біздің істейтін қызметімізді жеңілдетеді, еңбек қарқынын және өнімділігін арттырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: берілістерді және оның түрлерін;артықшылықтары мен кемшілктерін, жалпы пайдалануын зерттеп, мағыналарын және түсінігін ашу.
Курстық жұмыстың актуалдығы: Түзу тісті дөңгелектер мен белдікті берілістер негізіндегі біліктер пайдалы айналдырушы момент беруі үшін қолданылуы, жалпақ белдікті берілістер қозғалысты біршама қашықтыққа беру үшін және де беріліс санының дәлдігін қажет етпейтін жерлерде қолданылуы, сондай-ақ олардың қуаты өте аз, ал қуатты белдікті берілістердің шкивтерінің өлшемдері өте үлкен,әрі ыңғайсыз келетіндіктен, олардың жоғарғы бетінде саңылау қалдырылады және айналу моменті, біліктен күпшекке берілістің бүйір қабырғасында жаншылу кернеуі мен дөңгелектің қимасында қиылу кернеуі пайда болуы қарастырылған.
1. Д.Серікбаев. Машина детальдары. – Алматы: Мектеп, 1982.
2. С.Тәжібаев. Қолданбалы механика. – Алматы:Білім,1994.
3. А.Омаров. Машина бөлшектері. – Алматы: Мектеп,2003.
4. Н.В.Гулиа. Детали машин. – Москва: Академия,2004
5. Иванов М.Н., Иванов В.Н. Детали машин. Курсовые проектирования. Учебное пособие для машинстроительных вузов. : Высшая школа, 1975
6. Леликов О. П. Основы расчета и проектирования деталей и узлов машин. Конспект лекций по курсу «Детали машин». - М. Машиностроение, 2005.
7. А.Қ.Қожахметова. Теориялық механика. – Қарағанды:ҚМТУ,2005
8. А.Қ.Қожахметова,Ұ.Л.Ұмбеталиева. Теориялық механика. Қарағанды:ҚМТУ,2003
9. Н.Кудрявцев. Детали машин. – Л:Машиностроение,1980
10. И.А.Биргер. Расчет на прочность деталей машин.М.,1979

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
БЕЛДІКТІ БЕРІЛІСТЕР ТУРАЛЫ
ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Берілістер, тағайындалуы, құрылғысы, жұмыс істеу принципі ... ... 4
Белдікті беріліс. Жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Белдікті берілістің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

ЖАЛПАҚ БЕЛДІКТІ
БЕРІЛІСТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Белдікті берілістердің кейбір артықшылықтары мен кемшіліктері...8
Белдікті берілістердің негізгі
сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...8
Белдіктің жұмыс істеу қабілеттілігі және оларды есептеу ... ... ... ... ..9
Белдікті берілістердің
кинематикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Жалпақ белдікті берілісті тарту қабілеттігіне байланысты есептеу..11

ТҮЗУ ТІСТІ ЦИЛИНДРЛІ
ДӨҢГЕЛЕК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Тісті дөңгелектің материалдары, оларды химиялық әдістермен
және қыздырып
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...15
3.2.Тістердің істен шығуы және олардың жұмыс істеу қабілеттіг ... ... ..16

3.3.Түзу тісті цилиндрлі дөңгелектерді
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..22

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта біз ғылым мен техниканың мейлінше күшті қарқынмен
дамып, өмірге кеңінен тарағанынан куә болып отырмыз. Механика ғылымы
машина мен механизмдер бөлшектерінің,құрылыс конструкцияларының және де
басқа қатты заттар мен үздіксіз ортаның,газдардың қозғалысын,күш әсерінен
болатын кернеулік жағдайын қарастырады.Олар үш бөлімнен құралады.Жалпы
механикаға материалдық нүктелер мен денелер және олардың жүйелері,үздіксіз
және дискретті орталар механикасы,механикалық жүйелердің тербелісі,машина
мен механизмдер теориясы және т.б. жатады. Машина жасау өнеркәсібі
халықтың,мемлекеттің қандай даму сатысында тұрғаның анықтайды. Мемлекеттің
энергетикасы, тау-кен, ауыл-шаруашылық,химиялық,тамақ өндіру,мата
тоқу,жеңіл және т.б. өнеркәсіптері машина жасау өндірісіне тікелей
байланысты. Осыған орай, барлық елдерде машина жасау өндірісіне өте көп
көңіл бөлінеді және ол барлық халық шаруашылығының өзегі,бастамасы болып
саналады. Машина бөлшектері курсында тек түзу біліктердің
конструкциясы мен олардың есептеу жолы қарастырылады. Қазіргі кезде
адам тіршілігі машинаға байланысты. Тікелей өндірісте қызмет етсек, әр қилы
машиналарды көреміз. Олардың бәрі біздің істейтін қызметімізді жеңілдетеді,
еңбек қарқынын және өнімділігін арттырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: берілістерді және оның
түрлерін;артықшылықтары мен кемшілктерін, жалпы пайдалануын зерттеп,
мағыналарын және түсінігін ашу.
Курстық жұмыстың актуалдығы: Түзу тісті дөңгелектер мен белдікті
берілістер негізіндегі біліктер пайдалы айналдырушы момент беруі үшін
қолданылуы, жалпақ белдікті берілістер қозғалысты біршама қашықтыққа беру
үшін және де беріліс санының дәлдігін қажет етпейтін жерлерде қолданылуы,
сондай-ақ олардың қуаты өте аз, ал қуатты белдікті берілістердің
шкивтерінің өлшемдері өте үлкен,әрі ыңғайсыз келетіндіктен, олардың жоғарғы
бетінде саңылау қалдырылады және айналу моменті, біліктен күпшекке
берілістің бүйір қабырғасында жаншылу кернеуі мен дөңгелектің қимасында
қиылу кернеуі пайда болуы қарастырылған.

БЕЛДІКТІ БЕРІЛІСТЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Берілістер, тағайындалуы, құрылғысы, жұмыс істеу принципі.

Машинаның атқарушы органдарын механизмдердің қозғалысқа келтіруін
берілістер деп атайды. Берілістер айналымсайын, айналу сәттері кейде
қозғалыстың заңы мен түрін өзгерту үшін қызмет етеді.Берілістер электрлік,
гидравликалық, механикалық және пневматикалық болуы мүмкін. Механикалық
берілістерден ең көп тарағаны – айналмалы қозғалыс. Двигатель мен машина
арасында берілісті енгізудің қажеттігі көптеген себептермен түсіндіріледі:
Энергия көздері мен двигательдер неғұрлым күшті қуатты, ПӘК өлшемді
аз көлемін қамтамасыз етуші жоғары бұрыштық жылдамдық режимінде жұмыс
істейді; өндірістік машина біліктерінің бұрыштық жылдамдық режимінде
жұмыс двигательдердің біліктері бұрыштық жылдамдықтарынан айырмашылығы
бар;
Өндірістік машинаның жылдамдығын өзгерту,яғни, двигатель білігінің
бұрыштық жылдамдығын өзгерту жолымен емес, біліктің көм егімен жүзеге
асырғанда пайдалы, өйткені, двигатель білігінің бұрыштық жылдамдығын
азайтқанда оның қуаттылығы мен ПӘК-і төмендейді.
Двигатель, әдетте, айналмалы қозғалысты береді, ол машинаның жұмыстық
органдары кейде қайтармалы – жүрістік, тербелмелі, винттік және қозғалыстың
басқа да түрін талап етеді.
Иінді біліктердің бұрыштық жылдамдықтары әр түрлі айналатын бірнеше
өндірістік машинаға, бір двигатеьден энергия берудің қажеттілігі жиі
туындайды.

Белдікті беріліс. Жалпы түсінік

Белдік беріліс деп қозғалыс және қуат бір біліктен екінші білікке
белдік пен шкив арасындағы үйкеліс күші арқылы берілетін берілісті айтады.
Белдіктер динамикалық күштерді азайтады және тісті берілістерге қарағанда
арзанға түсуіне байланысты техникада кеңінен қолданылады. Белдіктер
көлденең қимасына қарай жалпақ, сына тәрізді және жұмыр болып бөлінеді (1.1-
сурет). Техникада жалпақ және сына тәрізді белдіктер жұмыр белдікке
қарағанда кеңінен пайдаланылады. Ал жұмыр белдіктер шкивпен жанасқанда
жанасу ауданының аздығынан меншікті қысымы шкив пен белдіктің арасында көп
болады да, тез тозады. Ал жалпақ және сына тәрізді белдіктер шкивпен
жанасқанда жанасу ауданының көптігінен меншікті қысым аз болады, сондықтан
оларды жұмыс істеу қабілеттілігі жоғары келеді. 1.1-
сурет. Белдікті берілістің схемасы.
а) жалпақ б) сыналы в) жұмыр

Белдікті берілістің түрлері

Белдікті берілістер конструкциясына байланысты мындай түрге бөлінеді:
Керетін роликсіз, бір бағытта айналатын белдікті беріліс (1.2,а-сурет).
Керетін роликті, бір бағытта айналатын белдікті беріліс (осьаралық
қашықтығы тұрақты 1.2,б-сурет).
Айналатыс бағыты өзгеретін белдікті беріліс (1.2,в-сурет).
Қозғалысты бірнеше білікке беретін белдікті беріліс (1.2,г-сурет).
Белдікті берілістің бірінші түрі ашық беріліс ретінде көп жағдайда
қолданылады. Мұндағы шкивтің біліктері бір-бірімен параллель орналасқан.
Белдікті берілістің екінші түрі осьаралық қашықтығы шамалы және үлкен
беріліс санын керек ететін жерлерде қолданылады. Мұндағы керетін ролик
белдіктің автоматты түрде керіліп тұруын қамтамасыз етеді. осы берілістің
негізгі кемшілігі – берілісте орналасқан керетін роликтің әсерінен белдікте
пайда болатын қосымша иілу нәтижесінде жұмыс істеу мерзімінің азаюы. Сына
тәрізді белдіктің пайда болуына байланысты, белдіктің бұл түрі аз
пайдаланылады. Белдікті берілістің үшінші түрінде шкивтердің біліктері бір-
бірімен параллель орналасады, бірақ белдіктің тармақтары бір-бірімен
қиылысады, ал шкивтер қарама-қарсы бағытта айналады. Белдікті берілістің
төртінші түрінде берілістегі аралық шкивтер арқылы беріліс бірнеше білікке
беріледі. Жасалатын материалына байланысты белдіктер бірнеше түрге
бөлінеді.
Қайыстан жасалған белдік неғұрлым берік келеді, соққы және айнымалы
күштерге жақсы жұмыс істейді. қайыстан жасалған белдіктер иілгіш
келетіндіктен, олармен кіші диаметрлі шкивтерде жұмыс істеуге болады
(қалыңдығы δ=3..6мм; ені b=20...300мм; беріктік шекарасының ұзарымдығы 10%,
σ=22...25МПа). белдіктің бұл түрімен үлкен жылдамдықта жұмыс істеуге де
болады(υ=40...45мс). қайыс белдіктердің бағасы қымбат болады, сондықтан
техникада олар өте қажетті жағдайларға ғана қолданылады.
Резина араластырылған белдік біренше қабат мақтадан жасалған матадан
тұрады. Ол қабаттар бір-бірімен вулканизацияланып жапсырылады. Матаның
серпімділік модулі жоғары болады, сондықтан негізгі күш соларға түседі.
Резина белдіктің бүлінбей жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және сыртқы
ортаның әсерінен қорғайды.
Белдіктің бұл түрінің негізіг механикалық қасиеттері:
беріктік шегі σ=37МПа, қалыңдығы δ=2,5...12мм; 15...144мм; ені
b=20...1200мм, ал ұзындығы 8,20,30м болып стандартталған.
Мақта-матадан жасалған белдіктер иілгіш, жеңіл келеді және үлкен
жылдамдықпен кіші диаметрлі шкивтерде жұмыс істей алады. Олар бірнеше қабат
арқау жіптерден біртұтас етіп химиялық заттармен (битум,озокерит)
жапсырылып жасалады.
Белдіктің бұл түрі теріден жасалған белдікке қарағанда созылғыш
келеді.Мақта-матадан істелінген белдіктердің негізіг механикалық қасиеттері
мынадай: b=15...25мм, δ=1,75мм, σ=50МПа, σ=10%, v=25мс болады.
Жүн араластырылып жасалған белдіктер. Бірнеше қабат жүннен иірілген жіп
пен мақта-матадан иірілген жіпті химиялық арнаулы заттармен (олифтелген
сурик) жапсырып істейді. Олардың серімді болуына байланысты айнымалы
күштерде және кіші диаметрлі шкивтерде үлкен жылдамдықпен жұмыс ісчтей
алады. Белдіктің бұл түрінің негізгі механикалық қасиеттері: b=50...500мм,
z=3...5, d=6...11, s=35МПа, s=60% болады.
Бұл белдік те мақта-матадан жасалған белдік сияқты кіші диаметрлі
шкивтермен жұмыс істей алады.
Жаңа материалдардан жасалған жалпақ белдіктер. Қазіргі кезде
полиамидтен жасалған белдіктер ьерілістерде жиі қолданыла бастады. Олардың
беріктік шегі өте жоғары. s=200МПа, яғни резинадан жасалған белдіктерге
қарағанда 8...10есе мықты.
Белдіктің бұл түрінің жұмыс істеу мерзімі басқа белдіктерге, айталық
резинадан, теріден жасалған белдіктерге қарағанда анғұрлым ұзақ және оның
серпімділік модулі Е=550МПа.
Бұл белдіктердің жылдамдығы 80...100 мс-қа дейінгі берілістерде де
қолдануға болады.
Жұмыр және сына тәрізді белдіктер. Жұмыр белдіктер теріден, мақта-
матадан және капроннан жасалады. Оларды диаметрі 3...12мм аралығында болады.
Кіші шкив диаметрінің белдіктің диаметріне қатынасы болу керек. Белдік
тұратын жердің ойпаң пішінінің радиусын белдіктің радиусына тең немесе
бұрышының 40ͦº-қа тең трапецияға ұқсас етіп алады. Сына тәрізді белдіктің
көлденең қимасы тең бүйірлі трапецияға ұқсас. Белдіктің жұмыс істейтін
бүйір жақтары ойпаңға кигізіледі.(1.3-сурет). Сына тәрізді белдіктер мына
бөлшектерден тұрады:
1)резина салыстырылып тоқылған арқаннан тұрады; ол шамамен белдіктің
центрінде орналасып, оны жетектеуші, тартушы негізгі қабат болып саналады;
2)арқанның үстіңгі жағы созылатын мата резина қабаттан тұрады.
3)арқанның астыңғы бөлігі созылатын резина қабаттан немесе сығылатын
мата резина қабаттан тұрады;
4)диагональ бойымен бірнеше қабат етіп араластырылған резиналық
тыстан тұрады.

ЖАЛПАҚ БЕЛДІКТІ БЕРІЛІСТЕР

Белдікті берілістердің кейбір артықшылықтары мен кемшіліктері.

Белдікті беріліс механикалық берілістердің ертеден қалыптасқан
бір түрі болып саналады. Берілістің бұл түрі қазіргі кезде техниканың
көптеген саласында қолданылады. Басқа берілістермен салыстыру арқылы
белдікті берілістердің кейбір артықшылықтары мен кемшіліктерін көруге
болады:
1. Белдікті берілістердің тісті берілістерге қарағандағы негізгі
артықшылықтары: a) белдікті беліліс қуатты едәуір қашықтыққа беруге
мүмкіндік туғызады (15...60м қашықтықта); b) белдікті беріліс басқа
берілістерге қарағанда бірқалыпты және дыбыссыз жұмыс істейді; c)
белдік өзінің сырғанау қабілеттілігіне байланысты динамикалық және
соққы күштерін кемітеді және артық күштен сақтайды; d) белдік
берілістерінің құрамы қарапайым, арзан келеді және олардың бүлінген
бөлшектерін тез ауыстыруға болады(жылдамдығы 100000айнмин-қа дейін
жетеді);
2. Белдікті берілістердің тісті берілістерге қарағандағы негізгі
кемшіліктері: a) белдікке түсірілген күштің мөлшеріне байланысты, белдіктің
сырғанау кезіндегі беріліс санының тұрақсыз болуы; b) шкивтерге орналасқан
белдіктің жылдамдығы артқан сайын жұмыс істеу мерзімі кемиді; c) белдіктің
жұмыс істеу мерзімінің аздығы (1000...5000сағ, ал жоғары жылдамдықты
берілістер күшін 500...600сағ); d) біліктерге түсетін күш мөлшерінің көп
болуы; e) ПӘК-інің төмен болуы (берілістер үшін η=0,85...0,95).

Белдікті берілістердің негізгі сипаттамалары.

Қуат. Белдікті берілістер көбінесе 0.3...50кВт арасында қолданылады, кей
жерлерде беріліс қуаты 150кВтқа жетеді, бірақ жаңа машинамен өте үлкен
қуатты (300кВт-тан артық ) беру тиімсіз, себебі берілістердің өлшемдері өте
үлкен болады.
Беріліс қатынасы және жылдамдық. Сына тәрізді белдікті берілістерде
және керетін ролигі бар жалпақ белдікті берілістерде беріліс санын 10-ға
дейін жеткізуге болады. Бірақ белдікті берілістердің беріліс саны төрттен
аспағаны жөн, себебі олардың көлемі ұлғайып кетеді. Сына тәрізді О,А,Б,В
пішінді белдіктердің жылдамдығы 25мc-тан, ал УА, УБ, УВ.УО – 30мс-тан
аспауы керек.
Қолдану саласы. Жалпақ және сына тәрізді белдіктердің негізгі қолдану
саласы бір бірімен ұқсас, бірақ олардың арасында аз да болса айырмашылық
болады.
Жалпақ белдіктердіөте үлкен жылдамдықта, жұмыстың бірқалыптылығын
қатаң талап ететін жерлерде және осьаралық қашықтығы үлкен берілістерде
сына тәрізді белдіктерге қарағанда оларды қолдану ыңғайлы. Жалпақ
белдікті берілістерге қарағанда сына тәрізді белдіктерді осьаралық
қашықтығы шамалы, беріліс саны едәуір және берілісті бірнеше шкивке
беретін берілістерде көп қолданылады. Басқа белдіктер сияқты сына тәрізді
белдіктер де шексіз етіп жасалады. Белдіктер үзілген кезде ауыстырып
отыру үшін шкивті консольға орналастырылады.
Жалпақ белдікті берілістердегі осьаралық қашықтық. Берілістерде кіші
осьаралық қашықтықты таңдап алған кезде, белдіктің шкивті қамтитын бұрышы
150º-тан кем болмауға тиісті екенін ескеру керек. Үлкен осьаралық қашықтық
белдіктің қымбат болуына әкеліп соғады. Ең үлкен осьаралық қашықтық:
а=2(D1+D2). Ал сына тәрізді белдікті берілістің ең кіші осьаралық
қашықтығы: amin=0.55(D1+D2)+h, мұндағы h – белдік қимасының биіктігі. Ал ең
үлкен осьаралық қашықтығын аmax=2(D1+D2) деп алуға болады.

Белдіктің жұмыс істеу қабілеттігі және белдікті берілістерді есептеу.

Белдікті берілістедің жұмыс істеу қабілеттігі мына көрсеткіштерге:
1. белдікті тарту қабілеттілігіне, яғни шкив пен белдіктің арсындағы
ілініс күшіне; 2. Белдіктің жұмыс істеу мерзіміне, яғни белдіктің
беріктігіне байланысты болады. Егер бірінші жағдай орындалмаса, онда белдік
айналмай тұрып қалады; ал екінші жағдай орындалмаса, онда белдік істен тез
шығып қалады. Қазіргі кезде белдікті берілісті көбінесе белдіктің тарту
қабілетіне байланысты есептейді. Серпімді белдіктердің шкивтегі жұмысы.
Серпімді белдіктердің шкивтегі жұмысы серпімді сырғанауға байланысты
болады. Серпімді сырғанау жетекші тармақ пен жетектегі тармақтың
салыстырмалы ұзарымдылығының әр түрлі болуына байланысты анықталады. (2.1-
сурет). Белдіктің салыстырмалы сырғанауы мына формуламен есептеледі:

ξ=ε1-ε2, мұндағы ε1 –
жетекші тармақтың салыстырмалы ұзарымдылығы; ε2 – жетектегі тармақтың
салыстырмалы ұзарымдылығы. ε1 мен ε2-ні Гук заңына байланысты тармақтардың
таралу күші (S1 мен S2) арқылы белдіктің салыстырмалы сырғанауын былай
жазуға болады:

ξ= (1)
мұндағы Е-серпімділік модулі; F – белдіктің көлденең қимасының ауданы.
Шкивтердің айналу жылдамдығы мына формуламен анықталады: мсек
мұндағы D1 және D2 – жетекші және жетектегі шкивтердің диаметрлері; n1
және n2 – жетекші және жетектегі шкивтердің 1минуттағы айналым саны.
Жетектегі шкивтің жылдамдығы жетекші шкивтің айналу жылдамдығынан аз
болады: мсек
мұндағы ξ – белдіктің салыстырмалы сырғанауы. Беріліс саны мына формула
бойынша анықталады:
Белдікті берілістердегі негізгі геометриялық байланыстар: Белдікті
берілістерді жобалау кезінде кейбір негізгі өлшемдерді, мысалы, белдік
тармақтарының арасындағы бұрыш γ-ны, белдіктің l ұзындығы және осьаралық а
қашықтығын есептеу керек. Белдік тармақтарының арсындағы бұрышты 1.7-
суреттегі О1АО2 үшбұрышынан табамыз:
Белдіктің кіші шкивті қамтитын бұрышын градуспен алғанда: рад
Жалпақ белдіктерде белдіктің кіші шкивті қамту бұрышы 150º-тан, ал сына
тәрізді белдіктер үшін 120º- тан кем болмауы керек. Белдіктің ұзындығы оның
шкивті қамту кезіндегі радианмен алынған ұзындығы мен белдіктің түзу
сызықты бөлігіндегі ұзындығының қосындысынан тұрады:
Берілістің осьаралық қашықтығы белдіктің ұзындығы белгілі болған кезде
мына формуламен анықталады:
Жалпақ белдікті берілісті тарту қабілеттілігіне байланысты есептеу.
Белдікті берілісті тарту қабілеттілігіне байланысты есептеу сырғанау
графигіне негізделеді. Сырғанау графигі тарту коэффициенті мен салыстырмалы
сырғанау коффициентінің байланысын көрсетеді. Тарту коэффициенті деп,
пайдалы беріліс күштің белдік тармақтарының тартылу күштерінің қосындысына
қатынасын айтамыз:
Бұл бір жағынан берілістің салыстырмалы күшін анықтайды. Салыстырмалы
сырғанау, мұндағы υ1 мен υ2 – жетекші және жетектегі шкивтегі айналу
жылдамдықтары. Сырғанау графигін эксперимент арқылы анықтайды.
Белдік тармақтарының тұрақты керілу кезінде пайдалы күшті (F) жайлап
арттыра отырып, оның сырғанауын өлшейді. Тарту коэффициенті белгілі бір
мәніне жеткенге дейін белдіктің сырғанауы оның серпімділік деформациясына
байланысты болады.
Сырғанау мен серпімділік деформация белдікке түсірілген күшке тура
пропорционал, ал графигі тарту коэффициентінің белгілі бір мәніне жеткенге
дейін түзу сызықты болады. Бұл 2.2-суретте анық көрсетілген. Егер белдікке
түсірілген күшті одан әрі арттыра түссе, онда қосымша сырғанау пайда болады
да, белдікке түсірілген күшке қарағанда жалпы сырғанау жылдамырақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тісті берілістер
Машина бөлшектерінің беріктігі және оны арттырудың технологиялық әдістері
Цилиндрлік тісті беріліс
БЕЛДІКТІ БЕРІЛІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ
Шынжырлы беріліс туралы түсінік
Автомобильдің беріліс қорабы
Трансмиссияның қызметі және негізгі түрлері
Басты берілістің қызметі мен негізгі түрі
Басты берілістің құрылысы
Автомобильдің басқарылатын алдынғы жетегі
Пәндер