Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 «Патриоттық тәрбие» ұғымының даму генезисі . оқушылардың
отансүйгіштік тәрбиесін жетілдірудің тарихи.педагогикалық алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қазақтың көркем әдебиеті мен тарихында сомдалған батырлардың қаһармандық бейнесі оқу.тәрбие үрдісіндегі тәрбие құралы ретінде ... ...
2 Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Оқу үрдісінде қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Мектептің тәрбие үрдісінде қазақ батырларының қаһармандық
бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазіргі Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан қайта өркендеуі жағдайында жас ұрпаққа ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәлім-тәрбие беру ісін кешенді, жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттілігі бұрынғыдан да артып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Елімізге бойында ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дамыған, егеменді елімізге аямай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет», - деп, жас ұрпақ бойындағы ұлттық патриотизмді қалыптастыру ісінің ел өміріндегі маңызына айрықша көңіл бөлген болатын [1, 14].
Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектептердің оқушыларына отансүйгіштік тәрбие беруді кешенді, терең жүргізу проблемасы кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы ғалымдарының назарын өзіне аударуда.
Кеңес заманының ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің отансүйгіштік тәрбие бағытындағы зерттеу жұмыстарының дені кеңестік идеология астарындағы әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастыру құралдарын пайдалану мүмкіндіктері мен педагогикалық шарттарын жетілдіруді нысанаға алған болатын (А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б.).
Оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беру проблемаларының кейбір салалары да арнайы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нысанасы болды. А.Р.Жұмахановтың, Г.В.Мухаметзянованың, Р.З.Алиевтің, Т.Примовтың, Ф.Ф.Лоюктің, А.Э.Измайловтың, П.Сайфуллаеваның, Р.Ержанованың, И.Меликованың, Ж.Г.Коидзенің, И.И.Насыровтың, С.Нұрмұқашеваның еңбектерінде халықтың ерлік дәстүрлері жастардың отансүйгіштік сезімін тәрбиелеудің тиімді жолы ретінде қарастырылады.
Отансүйгіштік тәрбие проблемасын зерттеумен біздің Республиканың да бірқатар ғалымдары айналысады. Олар ұлттық дәстүрлер мен отансүйгіштік тәрбие, әскери-патриоттық, интернационалдық, ерлік тәрбиесі проблемаларын қарастырады (Қ.Жарықбаев, К.Құнантаева, С.Ешімханов, С.Қалиев, Н.Рамашев, С.Иманбаева, Е.Жұматаева, Ж.Елемесова, Д.Құсайынова, Л.Т.Сайдахметова, Ғ.Б.Базарғалиев және т.б.).
Сондай-ақ қазақ әдебиетінде отансүйгіштік тәрбие идеясы көркем шығармаларда көрініс тапқан (Б.Момышұлы, Ә.Шәріпов, Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықов, Д.Әбілов, Ш.Мұртаза, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов және т.б.).
Соңғы жылдарда қазақстандық патриотизм мәселесі М.Қозыбаевтың, Р.Б.Абсаттаровтың, А.С.Қалмырзаевтың, А.Айталының, Л.Ахметованың, К.Н.Меңлібаевтың, А.Бижановтың, С.М.Борбасовтың, С.Е.Нұрмұратовтың, Д.Раевтің, Т.Кенжалиннің және т.б. ғалымдар еңбектерінің зерттеу объектісі болды.

Назарбаев Н.Ә. Өзекжарды ойлар. – Алматы: «Мектеп» баспасы ЖАҚ, 2003. – 172 б.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 2004, №258, 16 қазан
Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т.7. /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005. – 728 б.
Жұмабеков А.Қ. Түркі халықтарының жазба мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлер (ҮІ-ҮІІІ ғғ.): пед. ғыл. канд. дисс:13.00.01. -Шымкент, 2004. – 132 б.
Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. –Алматы: «Мектеп», 1987. – 231 б.
Иманбаева С.Т. Оқушыларды ұлттық жауынгерлік дәстүр арқылы ерлікке баулудың педагогикалық негіздері: пед. ғыл. канд. ... автореф.:13.00.01. – Алматы, 1995. – 23 б.
Жұматаева Е. Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру: пед. ғыл. канд. ... автореф.:13.00.01. – Алматы, 1995. – 23 б.
Құсайынова Д. Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу: пед. ғыл. канд. ... автореф.:13.00.01. – Алматы, 1999. – 26 б.
Сайдахметова Л.Т. Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы (1970-2000 жылдар): пед. ғыл. канд. … автореф.:13.00.01. – Алматы, 2002. – 27 б.
Әбілғазиева К.Т. Мұстафа Шоқайұлының (1894-1941) қайраткерлік қызметі негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру: пед. ғыл. канд. … автореф.:13.00.01. – Шымкент, 2002. – 26 б.
Құрманбаева М.Ж. М.Ғабдуллин мұрасындағы этнопедагогикалық құндылықтар арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу: пед. ғыл. канд. ... автореф.:13.00.01. – Алматы, 2003. – 24 б.
Қалиева К.И. Махмұд Қашғаридың педагогикалық идеялары: пед. ғыл. канд. ... автореф.:13.00.01. – Алматы, 2003. – 24 б.
Ахметов Т.Ә. Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеялары: пед. ғыл. канд. … автореф.:13.00.01. – Астана, 2003. – 27 б.
Кенжебаева Р.Н. Оқыту үрдісіндегі халық педагогикасы арқылы оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру: пед. ғыл. канд. … автореф.:13.00.01. – Шымкент, 2005. – 26 б.
Қалиев Ж.Н. Халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру (5-9 сыныптардағы гуманитарлық пәндер негізінде): пед. ғыл. канд. …автореф.:13.00.01. – Астана, 2005. – 27 б.
Сүлейменова Б. Бастауыш сынып оқушыларын қазақ батырлар жыры арқылы адамгершілікке тәрбиелеу: пед. ғыл. канд. … автореф.:13.00.01. – Алматы, 2006. – 27 б.
Абсаттаров Р.Б. Национальные процессы: Особенности и проблемы. – Алматы: «Ғылым», 1995. – 248 с.
Менлибаев К.Н. Роль национальных традиций в патриотическом воспитании (по материалам конкретно-социологических исследований молодежи Республики Казахстан): автореф. … канд. филос. наук:.09.00.02. –Алматы: Институт философии НАН РК, 1995. – 19 с.
Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтардың қалыптасуы мен дамуы (әлеуметтік-философиялық талдау): филос. ғыл. канд. дисс.:09.00.02. –Алматы, 2000. – 237 б.
Айталы А. Ұлттану /Оқу құралы. – Алматы: «Арыс», 2000. – 221 б.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1 Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке
тәрбиелеудің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.1 Патриоттық тәрбие ұғымының даму генезисі – оқушылардың
отансүйгіштік тәрбиесін жетілдірудің тарихи-педагогикалық
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Қазақтың көркем әдебиеті мен тарихында сомдалған батырлардың
қаһармандық бейнесі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие құралы ретінде ... ...
2 Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке
тәрбиелеудің педагогикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Оқу үрдісінде қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың
отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...
2.2 Мектептің тәрбие үрдісінде қазақ батырларының қаһармандық
бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазіргі Қазақстан Республикасының саяси-
әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан қайта өркендеуі жағдайында жас ұрпаққа
ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәлім-тәрбие беру ісін кешенді, жүйелі
түрде жүзеге асыру қажеттілігі бұрынғыдан да артып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: Елімізге бойында
ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дамыған, егеменді
елімізге аямай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да
салауатты азаматтар қажет, - деп, жас ұрпақ бойындағы ұлттық патриотизмді
қалыптастыру ісінің ел өміріндегі маңызына айрықша көңіл бөлген болатын [1,
14].
Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектептердің оқушыларына отансүйгіштік
тәрбие беруді кешенді, терең жүргізу проблемасы кейінгі жылдары Қазақстан
Республикасы ғалымдарының назарын өзіне аударуда.
Кеңес заманының ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің отансүйгіштік
тәрбие бағытындағы зерттеу жұмыстарының дені кеңестік идеология астарындағы
әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастыру құралдарын пайдалану мүмкіндіктері
мен педагогикалық шарттарын жетілдіруді нысанаға алған болатын
(А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б.).
Оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беру проблемаларының кейбір салалары да
арнайы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нысанасы болды. А.Р.Жұмахановтың,
Г.В.Мухаметзянованың, Р.З.Алиевтің, Т.Примовтың, Ф.Ф.Лоюктің,
А.Э.Измайловтың, П.Сайфуллаеваның, Р.Ержанованың, И.Меликованың,
Ж.Г.Коидзенің, И.И.Насыровтың, С.Нұрмұқашеваның еңбектерінде халықтың ерлік
дәстүрлері жастардың отансүйгіштік сезімін тәрбиелеудің тиімді жолы ретінде
қарастырылады.
Отансүйгіштік тәрбие проблемасын зерттеумен біздің Республиканың да
бірқатар ғалымдары айналысады. Олар ұлттық дәстүрлер мен отансүйгіштік
тәрбие, әскери-патриоттық, интернационалдық, ерлік тәрбиесі проблемаларын
қарастырады (Қ.Жарықбаев, К.Құнантаева, С.Ешімханов, С.Қалиев, Н.Рамашев,
С.Иманбаева, Е.Жұматаева, Ж.Елемесова, Д.Құсайынова, Л.Т.Сайдахметова,
Ғ.Б.Базарғалиев және т.б.).
Сондай-ақ қазақ әдебиетінде отансүйгіштік тәрбие идеясы көркем
шығармаларда көрініс тапқан (Б.Момышұлы, Ә.Шәріпов, Ғ.Мүсірепов,
І.Есенберлин, Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықов, Д.Әбілов, Ш.Мұртаза, М.Мағауин,
Қ.Жұмаділов және т.б.).
Соңғы жылдарда қазақстандық патриотизм мәселесі М.Қозыбаевтың,
Р.Б.Абсаттаровтың, А.С.Қалмырзаевтың, А.Айталының, Л.Ахметованың,
К.Н.Меңлібаевтың, А.Бижановтың, С.М.Борбасовтың, С.Е.Нұрмұратовтың,
Д.Раевтің, Т.Кенжалиннің және т.б. ғалымдар еңбектерінің зерттеу объектісі
болды.
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясында Тәрбие мәселесі
институтының ғалым-педагогтарының әлеуметтік-педагогикалық зерттеуі
көрсетіп отырғандай, бүгінгі таңда оқушылардың қазақстандық патриотизм
сезімін қалыптастыру мәселесі кезек күттірмейтін мәселелердің біріне
айналып отыр.
Жоғарыда аталған зерттеулерде жалпы білім беретін орта мектептің оқу-
тәрбие үрдісінде түрлі тәрбие міндеттерін шешуде отансүйгіштік тәрбиені
пайдалану мәселесі бойынша да маңызды ғылыми мағлұматтар бар. Алайда қазақ
батырларының қаһармандық бейнесін оқушылардың отансүйгіштік тәрбиесін
жүзеге асыру барысында оқу-тәрбие үрдісінде кешенді пайдалану мәселесі
арнайы педагогикалық еңбектерде әлі көрініс таппаған.
Өкінішке орай, жалпы білім беретін орта мектептің іс-тәжірибесі де орта
және жоғары сынып оқушыларына отансүйгіштік тәрбие беруде ұлттық рухани
мұраны пайдалануда бірегей жүйенің жоқтығын дәлелдейді.
Ғылыми әдебиеттерге және мектептерде оқытылатын жаратылыстану,
гуманитарлық пәндердің оқу бағдарламаларына, оқулықтарына жасалған
талдаулар мен тәжірибелі мұғалімдердің пікір-көзқарастары зерттеу
проблемасының педагогика ғылымында күні бүгінге дейін шешімін таппай
отырғанын айғақтайды. Демек, қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы
оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу қажеттілігі мен олардың жалпы білім
беретін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жеткіліксіз пайдаланылуы және
ерлік дәстүрлерінің бүгінгі қоғам дамуының талабына сай зерттелу деңгейі
арасында қайшылықтар бар екені байқалады. Бұл зерттеу проблемасының
көкейтестілігін көрсетіп, зерттеу тақырыбын Қазақ батырларының қаһармандық
бейнесі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық
шарттары деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеу мақсаты – қазақ батырларының қаҺармандық бейнесі арқылы
оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық
шарттарын анықтап, оны ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Зерттеу объектісі – жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие
үрдісі.
Зерттеу пәні – орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қазақ батырларының
қаһармандық бейнесі арқылы 5-11 сынып оқушыларын отансүйгіштікке
тәрбиелеудің педагогикалық шарттары.
Зерттеудің болжамы. Егер тәрбиелік идеал теориясы негізінде қазақ
батырларының қаһармандық бейнесі жан-жақты сомдалса, онда ол отансүйгіштік
тәрбиенің негізгі құралы ретінде педагогикалық айналымға еніп, оқушылардың
отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру үрдісінің сапасын арттырар еді,
өйткені бүгінгі күн талабына сәйкес отансүйгіштік тәрбиенің мазмұнын
толықтырып, әдіс-құралдарын іріктеу қажеттілігі айқындалады.
Зерттеу міндеттері:
1 Батырлардың қаһармандық бейнесі, қазақ патриотизмі,
отансүйгіштік ұғымдарының анықтамаларын нақтылау;
2 Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың
отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін
айқындау;
3 Мектеп оқушыларына қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы
отансүйгіштік тәрбиенің мазмұнын сұрыптау, оны педагогикалық тәжірибелік
жұмыс арқылы сынақтан өткізу.
Жетекші идея. Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы жалпы білім
беретін орта мектеп оқушыларының бойында отансүйгіштік қасиеттерді
қалыптастырып, бүгінгі заман талабына сай отаншылдық рухы биік азамат
тәрбиелеу.
Зерттеу көздері: ресми құжаттар; Қазақстан-2030 стратегиялық
бағдарламасы (1997); орта білім беруді дамыту тұжырымдамасы (1997);
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы (1999); Қазақстан
Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
(2004); Қазақстан Республикасының азаматтарына отансүйгіштік тәрбие берудің
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы жоба (2005); зерттеу мәселесі
бойынша басылым көрген қазақстандық және шетелдік ғалымдардың (философ,
этнограф, тарихшы, әдебиетші, этнопедагог, этнопсихолог, т.б.) оқу-тәрбие
үрдісіне арналған еңбектері; мектеп мұғалімдерінің озат тәжірибелері; оқу-
әдістемелік құралдар; бағдарламалар; автордың педагогикалық іс-тәжірибесі.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Жеке тұлғаны дамытудың
философиялық заңдары мен принциптері; тұлға теориясы; іс-әрекет теориясы;
тәрбие үрдісінің мәні, құрылымы мен мазмұны туралы теориялар; тәрбие идеалы
туралы теория; құндылықтар теориясы; этникалық тәрбие теориясы.
Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша философиялық,
педагогикалық, этнопедагогикалық, психологиялық, этнопсихологиялық,
әдебиеттану, тарихи, әскери, әдістемелік еңбектерге талдау жасау, мектеп
құжаттарын, оқу-тәрбие бағдарламаларын, оқулықтарды зерттеу, модельдеу,
бақылау, сауалнама, әңгімелесу, педагогикалық материалдарды саралау,
математикалық тұрғыдан өңдеу.
Курстық жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1 Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы
отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздері

отансүйгіштік тәрбиесін жетілдірудің тарихи-педагогикалық алғышарттары
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму
барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа
отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының
басым бағыттарының бірі болып отыр.
Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай
оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерлік
дәстүрлерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиелерінен
жан-жақты тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының
маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының
білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының міндеттерінде: Қазақстандық патриотизмге, биік мәдениетке,
адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу туралы айтылады
[2, 3]. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап-міндеттер бүгінде жас ұрпаққа
отансүйгіштік тәрбие беру ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие болып отырғандығын
көрсетеді. Ал мұндай күрделі тәрбие үрдісі әр отбасынан бастау алып, білім
беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуін талап етеді. Педагогика
тарихында түрлі кезеңдерде патриотизм, советтік патриотизм, ұлтжандылық,
қазақстандық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, оны жүзеге асырудың
жолдары туралы айтылған педагогикалық тұжырымды ойлар бұл проблеманың
тамыры тереңде екендігін көрсетеді, яғни дерек көздеріне сүйенетін болсақ,
1898 жылғы ескі Энциклопедиялық сөздіктегі: Патріотизмъ – любовь къ
отечеству. ...привязанность къ своей культурной средъ или къ родной
гражданственности, - деген анықтама біздің пікірімізді айқындай түседі [3,
36]. Ал Қазақстан ұлттық энциклопедиясында: Отаншылдық, отансүйгіштік,
патриотизм (грек. patris – Отан) - адамның Отанына, туған еліне, оның
тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі, - деп
анықтама берілген [4, 218]. Ертедегі грек және рим ойшылдары (Платон,
Аристотель, т.б.) еңбектерінде отансүйгіштік тәрбие идеялары көрініс
береді. Платонның пікірінше: Государство любить с самого детства и быть
приспособленным к их обязанностям, чтобы, то есть, сделать их
мужественными, рассудительными, свободными и тому подобное, - деп,
мемлекетті сүюді, оның міндеттерін жас ұрпақтың бала кезінен бойына
сіңіріп, ерлікке баулудың маңызы зор екенін айтады [5, 82].
Аристотельдің Саясат туралы еңбегінде: Законодатель должен отнестись
с исключительным вниманием к воспитанию молодежи любить отечество, так как
в тех государствах, где это нет, и самый государственный строй терпит
ущерб, - деп, отансүйгіштік тәрбиенің қоғамдық роліне баға береді [6,
274].
Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім-тәрбие
дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын
тәрбиелеуде оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды қолдану – уақыт талабы. Тарихты
парақтасақ, қазақ патриотизмі ерте кезден бері қалыптасты. Оның дәлелі,
халықтық мәнге ие мол рухани мұра - түркі халықтарына ортақ тас
ескерткіштеріндегі (Орхон-Енисей жазулары) тағылымдарда, орта ғасырлар
ойшылдары (Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Ясауи) мен жыршы-
жыраулардың (Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Махамбет, т.б.),
қазақтың ағартушы-гуманистерінің (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлы,
т.б.) және КСРО-ның алғашқы жылдарындағы қоғам қайраткерлерінің
(А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б.) ой-
пікірлерінде көрініс табады. ҮІ-ІХ ғасырларда қазақ жерін мекендеген ұлы
түркілердің ардақтайтын моральдық құндылықтарының ішінде отансүйгіштік рух
жетекші орын алады. Тоныкөк жырындағы Тоныкөктің өмірі мен қызметі, түркі
халқының патриоттық тарихы және өсіп келе жатқан ұрпақты ерлік дәстүрінде
тәрбиелеу турасында айтылады. Жырда қағанның кеңесшісі Тоныкөк үшін халық
пен Отан даңқы бәрінен жоғары екендігі көрінеді: Бүкіл түркі халқына
Қарулы жау келтірмедім, Атты әскер жолатпадым. ... Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз қайта халық болды, - деген жолдардан отаншылдық маңызы зор
тағылымды ой-пікірлерді айқын байқаймыз [7, 58]. Бумын қағанның баласы
Мегенің жат жұртқа бір уыс топырақты беруге болмайтыны туралы түркілерге
өсиет ретінде қалдырған: Топырақ – халықтың негізі, оны беруге болмайды!
- деген даналық сөзі басқаларға жерді таптатпау, туған елден айрылмау
түркілердің өте киелі дәстүрі болғанының куәсі деп білеміз [8, 87]. Махмұд
Қашқаридің Диуани лұғат ат-түрк (Түркі сөздерінің жинағы) кітабында
түркі халықтарының ерлігі, тұрмыс-тіршілігі және қаһармандық істері жайында
баяндалады. Мұнда отансүйгіштік, ерлік жайында: Мен түркілердің зерек
қабілет иелерінің бірі, әрі ұрыстарға шебер найзагерімін, бүкіл шаһарларды
қорғаған болатынмын, - деп айтылады [9, 9]. Жүсіп Баласағұнидің
отансүйгіштік тәрбиеге арналған тағылымдық еңбектері өте бай және көркем
жазылған. Оның Құтадғу білік (Құтты білік) атты дастанының тәрбиелік
маңызы зор. Мұнда жастарды ерлік, кісілік, сөз өнері секілді жақсы
қасиеттерге тәрбиелеу туралы баяндалады. Мысалы: Ер ажары – сабырыңды
сақтай біл, - деп ерліктің қадір-қасиетін бағалау туралы тұжырымды ой-
пікірлер айтады [10, 118]. Сондай-ақ түркі тілдес халықтардың ойшыл
қайраткері Қожа Ахмет Ясауидің Диуани хикмет (Даналық кітабы) атты
еңбегі адамгершілік, Алла Тағалаға құлшылық ету, дінге берік болу, елін
қорғау туралы отансүйгіштік тәлім-тәрбие бағытындағы ой-пікірлерге
негізделген. Әдетте жеке тұлғаның бойынан табылуы тиіс ерлік, отансүйгіштік
қасиеттердің негізі сабырлылық, төзімділік, шыдамдылық қасиеттерден
тұрады деп түсінік беріледі. Бұл қазақ батырының тұлғасындағы асыл
қасиеттермен байланысты [11, 58]. Отансүйгіштік тәрбие мәселесі ХҮ-ХҮІІІ
ғасырлардағы жыршы-жыраулардың да толғауларында көрініс тапқан. Асан Қайғы
(шын аты Хасан Сәбитұлы) 1361-1370 жылдары Еділ бойында өмір сүрген.
Деректерде оның туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Асан Қайғының
отансүйгіштік маңызы зор идеяларына тоқталар болсақ, ол өзінің өлең-
толғауларында хандық билікті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру
қажеттігін насихаттайды. Оның қиялынан туған Жерұйықты іздеуі аңыз болса
да, жер-суларға берген сипаттамалары шындыққа жанасады. Мысалы, Шідерті
өзенін көргенде: Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай арықтатып
мінген ат бір айда майға бітетін жер екен, бос жылқы шідерлеп қойғандай
тоқтайтын жылқының жері екен, - деп сипаттама береді. Оның отансүйгіштік
идеяға негізделген аңыздарының бәрі де халық арасында кеңінен мәлім [12,
31]. Тарихта өзінің ұмытылмас белгісін қалдырған жауынгер жырау Шалкиіздің
ерлік жайындағы идеяларының барлығы да өз өмірімен байланысты шыққан. Оның
жырларындағы: Қатты бір тартып бек атсаң, Қайрылып барып тез сынар Қайың
оқтың жарқасы, - деген жолдар жыраудың әскербасы, батыр екендігін дәлелдей
түседі. Ақын өз жырларында басты мақсат ретінде ауызбіршілікті ел,
ынтымақты отбасы, батырлық туралы маңызды мәселелерге тоқталады [13, 58].
Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675-1768) жастайынан Бердіке батырдың қолында
тәрбиеленеді. Ақын он жеті жасынан қалмақтарға қарсы соғыста ерлігімен
батыр атанады, қаһармандығымен, ақыл-айласымен, әділдігімен көпке танылады.
Ол қазақ елінің бірлігі мен ынтымақты болуы жолында көп қызмет етеді.
Ақынның: Жауға шаптым ту байлап, Дұшпаннан көрген қорлықтан. Жалынды жүрек
қан қайнап, Ел-жұртты қорғайлап, Өлімге жүрміз бел байлап, - деген жыр
жолдарынан оның шынайы батыр екенін аңғарамыз [14, 61]. Қазақ жырауларының
арасында аты шыққан Бұқар арқалы жырау, әділ би болған. Өзінің
отансүйгіштік туралы ой-пікірлерінде Абылай хан саясатын қолдап, қазақ
елінің берік болуын жырлайды. Өз толғауларында ерлікті, батырлықты,
адамгершілікті жоғары бағалайды. Сондай-ақ ел арасында ірі феодалдардың
іріткі салуына, барымта-қарымта мәселелеріне қарсы шығып, елдің тыныштығын
қолдаған жырау болды. Оның жырларындағы:
Ер жігітке жарасар,
Қолындағы найзасы.
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы, - деген тағылымды жолдары ерлік пен елдіктің
негізін отаншылдық дәстүрмен байланысты түсіндіреді [15, 89].
Ел үшін егесіп, халық қамын ойлаған ерлердің бірі дауылпаз ақын Махамбет
Өтемісұлы 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы басқарған шаруалар
көтерілісінің ең сенімді қолбасшысы, халқының патриоты ретінде танылған. Ол
көтерілісті көзімен көріп, соғыс, ерлік туралы тарихи шындықтың шынайы
шежіресін жасаған. Батырдың бойындағы қайтпас ерлікті, рухты өткір
жырларымен бейнелеген. Мысалы оның:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгіні теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме? - деген жолдары отансүйгіштік маңызға ие
поэзиясымен өшпес мұра қалдырған біртуар күрескер ақын екенін көрсетеді
[16, 228].
Шоқан (Мұхаммед-Қанапия) Уәлиханов (1835-1865) Құсмұрын бекінісінде
Шыңғыс сұлтанның отбасында дүниеге келген. Шоқан жас кезінен зеректік
танытып, әскери біліммен қоса этнографиямен айналысып, Орта Азия
халықтарының салт-дәстүрлерін зерттеді. Оның Қазақ шежіресі, Сот
реформасы жайында хат, Іле өлкесінің географиялық очеркі, т.б. ғылыми
еңбектері отаншылдық тұрғыда жазылған. Ол өз шығармаларында: Қазақ халқына
білім, ғылым үйретіп, өз алдына ел болса, ұлы халық болары хақ, - деп,
халқымыздың отансүйгіштік қасиетіне патриоттық тұрғыдан баға береді [17,
127]. Қазақтың гуманист, ағартушы педагогы Ы.Алтынсарин қазақ балаларына
оқу-білім бере отырып, елдік, отаншылдық қасиеттерді дарытып, тек қана
заман ағымына сай білімді патриот азаматтарды тәрбиелеудің маңызына көп
көңіл бөледі. Мысалы: Оқу-білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды,
Айшылық алыс жерлерден Көзді ашып жұмғанша Жылдам хабар алғызды, - деп,
өркениетті ел қатарына жетудің оқу-білім, отаншылдық тәрбие арқылы жүзеге
асатынын айтқан болатын [18, 16]. Ал, Абай Құнанбаев шығармаларының дені
тәрбие, дін, саясат, қоғам, әлеумет, өмір философиясы секілді келелі
мәселелерді қамтиды. Оның педагогикалық мұраларының мәні жеке тұлғаның өз
еліне, жеріне, бауырларына, ұлтына адал еңбек етуге тәрбиелеумен
сипатталады. Сондықтан ақын шығармаларының негізгі бағыты ұлт болмысын
айқындауға құрылған. Себебі Абай шығармаларында отаншылдық немесе
патриот сөздері нақты кездеспесе де, оның отаншылдық идеяны насихаттайтын
өсиеттері көп. Сонда да әлі күнге дейін біз оны қазақ халқының патриот
ақыны деп айтылуына жеткілікті көңіл аудармаймыз. Бұл тұрғыда зерттеуші
ғалым М.Мырзахметов: Абайдың халық арасындағы орасан зор ықпалы бар әдеби
мұрасын езілген халықтың ой-санасын, азаматтық сезімін ұштап жетілдіру
бағытында, қазақ елін топқа, тапқа жіктемей ағартушылар ұстанған таным
тұрғысынан танытуға ұмтылады. Абай – бүкіл қазақ атаулының ұлтжанды
қамқоршысы, - деп келтіреді [19, 71]. Шын мәнінде қазақ елі Абай өмір
сүрген дәуірде қиын-қыстау кезеңді басынан өткізген болатын. Бұ кезеңде
қазақ халқының іргесі сөгіліп, елді әркім билеп, Ресей империясының озбыр
саясаты және жергілікті болыс-билердің солақай іс-әрекеті елдің тыныштығын
бұзған аумалы-төкпелі заман болатын. Ақынның өзі бұл кезеңді: Қалың елім,
қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, - деп сипаттайды.
Мұның мазмұны ел бірлігін, оқу-білімді, отаншылдық тәлім-тәрбиені,
ағартушылықты насихаттаумен түсіндіріледі. Сонымен бірге: Кетті бірлік,
сөнді ерлік, - деп, өз заманындағы ерлік пен батырлықтың қадір-қасиеті
кетіп, халық арасында надандықтың орын алып, отаншылдық рухтың беделінің
төмен түскеніне налып, толғана ой айтады [20, 140]. Отансүйгіштік тәрбие
мәселелеріне орыс халқының таңдаулы өкілдері, қоғам қайраткерлері
(Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен, Н.А.Добролюбов, т.б.) назар аударды. Олардың
бұл орайда айтқан ой-тұжырымдары қоғамдық дамудың үздіксіз прогресіне
(өркениетіне), туған халқының өмірін, тарихын жетік білуге, Отанына деген
сүйіспеншілікке негізделген еді. Н.Г.Чернышевский: Өз туғаныңды сүймеу
мүмкін емес... Халықтың фольклорында осыған сәйкес сол дәуірдің аңыздары
сақталып қалған, - дей отырып, халықтың ауыз әдебиеті туындылары балаларды
отансүйгіштікке тәрбиелеуге септігін тигізеді және туған еліне, жеріне
деген сүйіспеншілігін арттырады деп тұжырымдайды [21, 298]. Зерттеу
барысында К.Маркс пен Ф.Энгельстің, В.И.Лениннің еңбектеріне де соқпай
кетпеуге болмайды. Өйткені олар осы отансүйгіштік тәрбие проблемасы
саласында педагогикалық негіздегі әділ, құнды пікірлер айтқан болатын, ол
ой-пікірлер мәнінің қазіргі таңда артуымен бірге қоғамымыздың кейбір
тұстарында қажеттілігі мен көкейтестілігі байқалып отыр.
К.Маркс пен Ф.Энгельстің отансүйгіштік тәрбие жөніндегі еңбектері
қоғамдық мәселелермен қатар қарастырылады. Ф.Энгельс: Пруссияның
мемлекеттік гербіне көзім түсіп кетсе болғаны тұла бойымды еркіндік рухы
билеп әкетеді, - деп, өз туған мемлекетінің рәміздерін дәріптей отырып,
елінің еркіндігін буржуазиялық идеологиядан азат етіп, мемлекетті
дамытудағы патриотизмнің ролін жоғары бағалайды [22, 14].
Ал, В.И.Ленин өз шығармаларында патриотизм идеясына арнайы тоқтала
отырып: Патриотизм – ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы қалыптасқан бірден-бір
терең сезім, – дейді [23, 167]. Яғни отансүйгіштік тәрбиенің ролі қоғамдық
күштің басты қажеттілігі, оның өзі ғасырлар бойы жинақталған халықтың бай
қазынасы екендігі дәріптеледі.
Отызыншы жылдары қызыл империяның құрбаны болған А.Байтұрсыновтың ғылыми
мұрасының дені отансүйгіштік тақырыптағы шығармаларды құрайды. Оның
революцияшыл рухтағы алғашқы сөз, елшілік ұраны деп бағаланған Маса,
Қырық мысал, Ер Сайын, т.б. жырлары қазақ елінің жастарын ерлікке,
туған жерін сүюге тәрбиелеуге бағытталған болатын. Мысалы:
Қазағым, елім,
Қайқиып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қанауда жаның,
Аш көзіңді оянып, - деп патша өкіметінің озбырлығын сынап, халықты оның
әккі саясатынан босанып, тәуелсіздік алуға шақырады [24, 79].
Қазақ халқының бостандығын аңсап, Кеңес өкіметінің әділеттілігі арқылы
теңдік алуды мақсат тұтқан жалынды патриот Сәкен Сейфуллин өз
шығармаларында негізінен отансүйгіштік бағытты ұстанады. Оның Көкшетау,
Жас қазақ марселеьезасы, Жұмыскерлер, Тар жол, тайғақ кешу, т.б.
жырлары қазақ елінің тәуелсіздігін паш етеді. Мысалы:
Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер,
Сан азап бір күнгідей болмай кетер,
Жарқырап ататын таң әлі-ақ жетер, - деп, өз бойындағы толеранттылықты
бүкіл қазақ елінің жағдайымен салыстыра сипаттайды. Алайда С.Сейфуллин
кеңес өкіметінің әділетсіздігінен репрессияға ұшырап, қаза табады. Бірақ
оның отаншылдық рухындағы шығармалары өзінің құндылығын жойған жоқ [25,
42].
Ресей империясының озбыр саясатын, оның қазақ халқына жасап отырған
әділетсіздігін сынап, қарсы шығып жалынды пікірлер айтқан қоғам қайраткері,
ағартушы Міржақып Дулатов болатын. Ол өзінің Оян, қазақ! ұраны арқылы
бүкіл алаш жұртына кеңінен танымал болды. Ол өз жырларында:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамайды, - деп, қазақ халқына тәуелсіздіктің,
бостандықтың маңызын түсіндіреді [26, 13].
Қазан төңкерісі тұсында қазақ халқының бостандығын шынайы азаматтық
тұрғыдан сезініп, әділ бағасын берген ағартушы-патриот Мағжан Жұмабаевтың
шығармалары отаншылдық бағыттағы проблеманы негізге алады. Оның Тіршілік
көркі ерік, Қазағым, Туған жер, Батыр Баян, т.б. шығармаларын шынайы
отаншылдық мәні зор еңбектер деп айтамыз. Ақын:
Жаратылдым топырағыңнан, сенің бүгін.
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан - Айым, сен – Күнім, - деп, туған жердің қадір-
қасиетін ұлтжандылық тұрғыдан сипаттайды [27, 55].
Педагогика ғылымында бұрынғы КСРО және Қазақстан зерттеушілері
отансүйгіштік тәрбие беру проблемасын өз ғылыми зерттеулеріне арқау еткен.
Солардың бірі белгілі педагог А.С.Макаренко қиын балаларды тәбиелеудегі өз
тәжірибесіне сүйене отырып: Жақсы айтылған ертегі – мәдени, отансүйгіштік
тәрбиенің бастауы, егер әрбір отбасының кітап сөресінде ертегілер жинағы
тұрса, қандай жақсы болар еді, – деп, халық ертегілерінің балаларға
отансүйгіштік тәрбие берудегі ролін қуаттайды [28, 418-419].
КСРО-ның көрнекті педагогы В.А.Сухомлинский өзінің Азаматтың дүниеге
келуі, Павлыш орта мектебі, т.б. педагогикалық ғылыми еңбектерінде
кеңестік отансүйгіштік тәрбиені қалыптастыру арқылы Кеңес Одағының
азаматын тәрбиелеу қажеттілігін ескертсе, Н.И.Болдырев интернационалдық,
әскери-патриоттық тәрбие берудің алғышарттарына негізделген құнды
практикалық еңбектерінде: Кеңестік армия мен әскери-теңіз флотының болашақ
қорғаушыларын орта мектептен бастап дайындау қажет, - деп, мектеп
оқушыларының моральдық-психологиялық жағынан жетілуіндегі әскери өнердің
орнын көрсетуге тырысады [29, 428; 30, 21].
Қазақстандық ғалым А.Р.Жұмақановтың Педагогические основы системы
патриотического и интернационального воспитания школьников атты ғылыми
еңбегінде Қазақстандағы КСРО жүйесінде оқушыларға революция, пролетарлық
идеал, кеңестік ерлік дәстүрінде патриоттық тәрбие беру туралы мағлұматтар
берілген. Дегенмен ғылыми еңбектің дені коммунистік жүйедегі тәрбиеге
арналған және ұлы орыс халқы мен оның жасампаз ерлігіне негізделген. Яғни
коммунистік идеологиялық бағытта жазылған. Мысалы: Большое значение в
воспитании советских школьников в духе советского патриотизма и
пролетарского интернационализма имеют революционные, боевые и трудовые
традиции советского народа. Сила и жизненность традиции в том, что они
входят в общественную психологию людей, включает нравственные идеалы,
всесторонне отшлифованные опытом многих поколений, - дейді [31, 44].
Татарстандық ғалым Г.В.Мухаметзянова Жоғары сынып оқушыларына ұлттық
мәдениет негіздерін меңгерту үрдісінде отансүйгіштік және интернационалдық
тәрбие беру атты ғылыми еңбегінде Жастарды қоғамдық пайдалы өмірге
дайындау, оларды халықтық мәдениет құралдары арқылы ұлттық мақтаныш пен
отансүйгіштік және интернационалдық сезімге тәрбиелеуге айрықша көңіл бөле
отырып, ерлік тәрбиесінің өзектілігіне назар аударады. Автор кеңестік
идеология тұрғысынан отансүйгіштік тәрбие беруді қарастыра отырып, халықтық
тәрбие құралдарына тоқталады [32, 6].
Ал әзірбайжандық ғалым Р.З.Әлиев Жастардың бойында әскери-патриоттық
және интернационалдық құндылықтарды қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
атты диссертациясында негізінен Мемлекеттік, қоғамдық және дене тәрбиесі
ұйымдарының әскери-патриоттық және дене тәрбиесін дамытуды қарастыру және
зерттеу міндетін алға қояды [33, 2]. Яғни дене тәрбиесі арқылы жастарға
әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелеріне түсінік беруге талпыныс жасайды.
Сонымен қатар Өзбекстан ғалымы Т.Примов өзінің Жоғары сынып оқушыларына
өзбек тілі мен әдебиетін оқыту үрдісінде әскери-патриоттық тәрбие беру
атты диссертациялық жұмысында Жоғары сынып оқушыларына әдеби шығармалар
негізінде кешенді түрде әскери-патриоттық тәрбие беру мәселесіне тоқталады
[34, 5]. Автор өзбек әдебиетімен қатар сыныптан тыс жұмыстардың және
бұқаралық ақпарат құралдарының жастарға отансүйгіштік тәрбие берудегі
функцияларын атап өтеді.
Украин ғалымы Н.Т.Архипова өзінің Оқу үрдісінде жоғары сынып
оқушыларының бойында әскери-патриоттық сезімді қалыптастырудың
педагогикалық жағдайы (гуманитарлық пәндер материалы бойынша) атты ғылыми
еңбегінде отансүйгіштік тәрбие шарттарын төмендегіше сипаттайды:
оқушыларды шындықты тануға үйрету;
- өз Отанын қорғауға дайын болу жолында нақты шешім қабылдау бейімін
қалыптастыру;
- коммунистік революцияның ерлік дәстүрлеріне тәрбиелеу;
- жасөспірімдерді әскери мамандықты таңдауға баулу [35, 2].
Жоғарыда келтірілген отансүйгіштік тәрбие беру шарттарына түсініктеме
берер болсақ, автор оқу үрдісінде КСРО кезіндегі оқушыларды идеология
тұрғысынан коммунистік елестің астарындағы шындықты тануға және өз Отанын
қорғауға тәрбиелеуді және әскери мамандықты таңдау арқылы отансүйгіштік
тәрбие беру ісін жүргізуге болатынын баса көрсетеді.
Сондай-ақ Татарстан ғалымы И.И.Насыровтың Кеңестік ерлік дәстүрі арқылы
жастарға отансүйгіштік тәрбие беру атты ғылыми диссертациясы да КСРО
кезеңіндегі отансүйгіштік тәрбие беру проблемасына арналады. Автор ерлік
дәстүрі арқылы жастарға отансүйгіштік тәрбие берудің маңызына түсінік бере
отырып, тәрбие беруде диалектикалық біртұтастық бар, бұл өзара байланысты
және өзара әрекет етеді, сондықтан революциялық ерлік дәстүрімен ұштастыра
отырып тәрбие мүмкіндіктерін пайдалану қажет деген шешімге келеді. Яғни
Қазан төңкерісі кезіндегі жұмысшылар мен шаруалардың ерлігіне баға бере
отырып, диалектика заңдарымен байланыстырады [36, 13].
Абхазиялық ғалым Ж.Г.Коидзе болса, өзінің Оқушыларға халық дәстүрлері
арқылы ерлік-отансүйгіштік тәрбие беру атты еңбегінде: Ерлік-
отансүйгіштік тәрбие дегеніміз санаға мақсатты түрде жүйелі әсер ету,
сезім, ерік, Отанға деген сенімін нығайту, өзінің азаматтық борышын
орындап, қоғамның дамуына үлес қосу, - дейді. Яғни жеке тұлғаның қоғамға,
өз Отанына прогрессивті бағытта пайдасын тигізуін қарастырады [37, 7].
Молдаван ғалымы А.Т.Кощугтің Орыс әдебиетін оқыта отырып
жасөспірімдерге тәрбие беру процесі деген ғылыми еңбегінде отансүйгіштік
тәрбие берудің үш кезеңіне түсінік беріледі: Бірінші кезеңде отансүйгіштік
тәрбие берудің білім көздері: қызығушылық, ойлау, т.б.; ал екінші кезеңде
жеке тұлғаның қоғамдағы орны, патриоттық мінезі қалыптасады; үшіншісінде
нағыз шынайы патриоттық жоғары феномен патриот болады. Демек отансүйгіш
жасөспірімнің қоғамдық ортадағы белсенділігі мен білімінің артуы
отансүйгіштік тәрбие мен білім берудің кешенді жүргізілуі арқылы
қалыптасады деп тұжырымдайды [38, 6].
Белорус ғалымы Н.В.Олышевскаяның 8-ші сыныпта этика және орыс әдебиетін
оқыту үрдісінде оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беру деп аталатын ғылыми
еңбегінде отансүйгіштік тәрбие беруге әдіснамалық тұрғыдан түсінік
беріледі: Оқушылар әдеби шығармаларды оқып, ондағы адамгершілік
категорияларға, кейіпкерлердің бейнесіне ерекше мән бере отырып, мұғалімнің
көмегімен олардың қоғамға деген қарым-қатынасынан, сүйіспеншілігінен ғибрат
алады. Демек этика мен әдебиет дәрістерінің отансүйгіштік тәрбие беруге
ықпал етуде өмірлік маңызы зор, - деп келтіреді [39, 4]. Ғалымның пікіріне
түсінік берер болсақ, этика мен әдебиет пәндеріндегі адамгершілік
нормаларды оқытып, жеке тұлға мен шығармалардағы кейіпкерлерді салыстыра
отырып, отансүйгіштік тәрбие берудің маңызына назар аударады.
Орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі отансүйгіштік тәрбие мәселесіне
қатысты латыш ғалымы Ф.Ф.Лоюк өзінің Ерлік-патриоттық тәрбие арқылы жоғары
сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарға қабілетін дамыту деген ғылыми
диссертациясында ерлік-патриоттық құндылықтарға Отанды сүюге, ерлік
жасауға дайын болу, мақсатқа жете білуге, Отанды қорғауға әзір болу,
Отанының тағдыры үшін азаматтық жауапкершілікті сезіну, ерлік, намыс,
өжеттілік, т.б жататынын атап өтеді [40, 18]. Сонымен қатар Ф.Ф.Лоюктің
диссертациясында отансүйгіштік тәрбие беруде ерлік сабақтарын, ер балалар
слетін өткізу, мектеп музейінің жұмысына қатысу және жасөспірімдерді әскери
мамандықты таңдауға үйрету секілді мәселелер қарастырылады.
Сондай-ақ өзбек ғалымы С.А.Каримбековтың Әдебиет пәнін оқыту үрдісінде
ұлт мектебінің жоғары сынып оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие беру
деген еңбегінде: Оқушылармен бірге өлкетану жұмыстарын жүргізу, өздігінен
ерлік материалдарын жинақтау арқылы мектептің ерлік музейін ұйымдастырудың
маңызы зор, - деп түсінік береді [41, 11]. С.А.Каримбеков әдебиет пәнін
оқыту барысында ақын-жазушылардың шығармалары арқылы тарихи мәліметтерді
жинақтау, өлкетану жұмыстарын жүргізу арқылы оқушыларды ерлікке тәрбиелеуді
негізге алады.
Қазақстандық ерлік тәрбиесі мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер
қатарында С.Н.Нұрмұқашева өзінің Қазақстан мектептерінде жоғары сынып
оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие берудің дамуы (1960-1985 жж.) атты
ғылыми диссертациясында жиырма бес жыл кезеңіндегі отансүйгіштік тәрбие
берудің мәселелеріне ғылыми тұрғыдан сипаттама бере отырып, отансүйгіштік
тәрбиенің негізгі міндеттеріне тоқталады:
1 Білімдік – мектеп оқушыларына ғылыми тұрғыдан білім бере отырып,
олардың дағдысы мен өздеріне қажетті әскери-патриоттық қабілетін қамтамасыз
етеді;
2 Мәдениеттанымдық – қазақ халқының мәдени-тарихи, отансүйгіштік, діни-
адамгершілік, ерлік дәстүрлерінен мағлұмат береді;
3 Тәрбиелік – оқушының көзқарасын, әлеуметтік-саяси сезімін және жеке
тұлғаның құндылықтарын қалыптастырады;
4 Практикалық дағдысы – оқушылардың әскери-патриоттық шараларға
белсенділігін қалыптастырады;
5 Дамытушылық – жеке тұлғаның дамуына психологиялық, діни, т.б.
әсерлерін тигізеді [42, 12]. Автор жоғарыда көрсетілген тәрбие
қызметтерінің оқу үрдісінде ғана емес, жалпы оқу-тәрбие үрдісіндегі
маңызына түсінік береді.
1986 жылы желтоқсан айының 17-18 күндері Алматыда және Қазақстанның
басқа да қалаларында тоталитарлық жүйенің әділетсіздігіне қарсы тұтанған
Желтоқсан оқиғасы күллі қызыл империяны дүр сілкіндірді. Көп ұзамай мұндай
жағдай Балтық жағалауындағы және Кавказдағы елдерде орын алған толқуларға
ұласты. Ақырында Желтоқсанның жойқын желі құлдық бұғауды үзіп,
отаршылдықтан босаған жаңа егеменді мемлекеттерді дүниеге келтірді. Бұл
көтерілістің қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков (1966-1988) небәрі 21 жыл ғұмыр
кешті. Есіл ер, азаттық аңсаған батыр зұлым күштің құрбаны болды. Өзі
кеткенімен, артында мәңгі өлмес ерлік ісі, батырлық қасиеті, асқақ даңқы
қалды. Оның жалынды жырларында:
Қорлайды беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы
Бөтен қолда кетпесін.
Салт-санадан айрылып,
Арақтан ұрпақ азбасын.
Ер көркейтер азамат
Қызғаныштан тозбасын.
Абай туған жерінде,
Бомбасын атом жармасын.
Құлпытасты қиратып,
Өлігіңді бұзбасын.
Өз ұлтыңның басшысын
Орнынан сүйреп алмасын, - деп келтіріледі [43, 32]. Сол кездегі
кеңестік озбыр саясаттың кесірінен болған мұндай көтеріліс – отаншылдық
рухтың жоғары екенін және әділетті қоғамға тек қана Тәуелсіздіктің
арқасында қол жеткізілетінін дәлелдей түседі.
Қазақстан халық жазушысы М.Мағауиннің еліміздің егемендік алғаннан бергі
кезеңде ел тұтастығы, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында бірнеше
шығармалары жарыққа шыққан болатын. Оның негізгі арқауы бүгінгі ұлт, Отан,
жастарды туған жерін сүюге бағытталған еңбектерімен белгілі. Мысалы
Аласапыран тарихи роман-дилогиясын, Ұлттың күретамыры, Ұлтсыздану
ұраны, т.б. кітаптарын айтуға болады. Жазушы қазақстандық отансүйгіштік
туралы толғамды ой-пікірлерінің бірінде: Қазақ дейтін халық үлкен халық,
ұлы халық. Осы халықтың туын көтеріп, халық үшін қандай да күреске әзір
болу керек. Адамның адамдығы – ел-жұрттың адалдықта, кісіліктің көрсеткіші
– ұлтын сүю, халқын сыйлау, - деп отансүйгіштік тәрбие берудің маңызын
сипаттай түседі [44, 208].
Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбие проблемасы көптеген қазақстандық
ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне арқау болды. Мектеп оқушыларына
отансүйгіштік, ерлік тәрбие беру мәселесін ғалымдар (С.Иманбаева,
Е.Жұматаева, Д.Құсайынова, Л.Сайдахметова, Ғ.Базарғалиев, К.Әбілғазиева,
М.Құрманбаева, К.Қалиева, Т.Ахметов, А.Бисембаева, Р.Кенжебаева,
Б.Сүлейменова, Ж.Қалиева) өз зерттеулерінің нысанасы ретінде қарастырды.
Зерттеуші С.Т.Иманбаева өзінің Оқушыларды ұлттық жауынгерлік дәстүр
арқылы ерлікке баулудың педагогикалық негіздері атты ғылыми
диссертациясында: Жауынгерлік дәстүр дегеніміз – тұтас қазақ қолының
жауынгерлік сипаттағы әзірлігін үзбей ұстауы, - дейді. Мұнда қазақ
батырларының ерлігі, батырлығы және соғыс барысындағы жеңістері және оларды
жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беруде пайдалану жолдары көрініс береді.
Дегенмен диссертация мазмұнында біз қарастырып отырған мәселелерге
қарағанда қоғамдық-әлеуметтік негіздегі әскери тәрбие берудің басымдық
тұстары байқалады [45, 17].
Е.Жұматаева өзінің Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы
оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беру тақырыбында орындалған кандидаттық
диссертациясында майдангер жазушылар – Б.Момышұлы, Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов
шығармаларындағы отансүйгіштік тәрбие берудің мүмкіндіктерін талдап,
кейінгі ұрпаққа сабақ, заң ретінде мұра етіп қалдыру жас ұрпақтың
отаншылдық рухта тәрбиеленуінің қажеттілігін қамтамасыз ететіндігін айтады
және олардың әскери-патриоттық, интернационалдық өнеге-өсиеттерінен тәлім
алып, оны өмір қажеттігіне сай пайдаланудағы педагогикалық мүмкіндіктерінің
зор екендігін ескертеді.
Сондай-ақ Е.Жұматаева: Майдангер жазушылардың жеке бастарының тұлғалық
болмысын, ерліктерін, адамгершілік тұрғыдағы үлгі-өнегелерін оқушылардың
саяси-идеялық, ақыл-ой, еңбек, дене тәрбиелерін жүзеге асыру барысында
негізге алған, - деп, қаһарман жазушылар еңбектерінің педагогикалық,
танымдық мүмкіндіктеріне баға береді [46, 21-22]. Біздің пікірімізше,
зерттеуші еңбегіндегі майдангер жазушылардың жастарды халықтық дәстүр
негізіндегі отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы туралы айтқан ой-пікірлері
бүгінде өз мәнінде қолданыс тауып, оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуінің
қажеттілігі ғылыми-педагогикалық тұрғыдан дәлелденіп отыр.
Ал, Д.Құсайынованың ұлттық патриотизм мәселесін қарастырған Әлия мен
Мәншүк ерлігінде жоғары сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу
тақырыбында жазылған кандидаттық диссертациясы Егемен Қазақстандағы
отансүйгіштік тәрбие мазмұнын зерттеу нысанасы ретінде алып, қазіргі ұлт
мектептеріндегі қазақтың қос батыр қызы Әлия мен Мәншүктің ерлігін
насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік тәрбиені қалыптастыру,
ерлік дәстүрлерін құрмет тұту, ерлікке тағзым ету мәселесін шешуге
бағытталады. Бұл туралы автор пікірі: Қазақстандық патриотизм - өзін
Республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сезінуі, Отанға деген
сүйіспеншілігі мен берілгендік сезімі, - деп тұжырымдалады [47, 11].
Сондай-ақ ұлт мектебінде адамгершілік-ізгілік тәрбиесі негізінде
отансүйгіштік тәрбиенің маңызы туралы ғалым І.Ә.Байсерке өзінің ғылыми
монографиясында: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
барысында жеке тұлға өз бойындағы ізгілікті-құқықтық және елін сүйетін
қасиеттермен ерекшеленуі қажет. Мұның бәрі де әлемдік өркениеттің
құндылықтарымен байланысуы тиіс, - деген ой-пікірлерін келтіреді.
Профессор І.А.Байсерке еліміздің Ата Заңын құрметтеу, Республика рәміздерін
сүю арқылы отансүйгіштік тәрбие берудің маңызына тоқталады [48, 5]. Ал
Л.Т.Сайдахметованың Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге
тәрбиелеудің дамуы (1970-2000 жылдар) атты ғылыми диссертациясында
дерекнамалық тұрғыдан ерлік тәрбиесіне сипаттама берілген: - 1970-1980
жылдардағы мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу кеңестік
патриотизм аясында қарқынды дамыған; - 1981-1990 жылдардағы оқушыларды
отаншылдыққа тәрбиелеу Одақтың барлық республикаларында біркелкі қойылып,
әртүрлі әскери-спорттық ойындар өткізіліп тұрған; - 1991-2000 жылдары
ұлттық патриотизм және қазақстандық патриотизм үғымдары туындап, бұдан
былайғы кезеңде жас буынды отаншылдыққа тәрбиелеудің бағыттарын айқындауға
септігін тигізген. Әйткенмен зерттеуші өз пікірін: Отансүйгіштік тәрбиені
үнемі соғыс тақырыбымен байланыстыра беру жау жоқ жерден жау іздегенмен
бірдей. Ал патриотизм - өшпенділік, жауласу сезімін емес, сүйіспеншілік,
достық, жолдастық сана-сезім қалыптастыру, - деп қорытындылайды. Яғни
Отанды сүйе білуге, достық, ізгілік қатынастарға тәрбиелеу арқылы жеке
тұлғаның ой-санасын дамыту мәселесі қарастырылады [49, 14]. Ғ.Б.Базарғалиев
өзінің Х.Досмұхамедовтың ағартушылық қызметі мен шығармашылық
еңбектеріндегі отансүйгіштік тәрбие идеялары атты ғылыми еңбегінде
Х.Досмұхамедовтың ғылыми мұраларына сараптама жасай отырып: Отансүйгіштік
сезімнің нысанасы мен қайнар көзі Отан десек, оның мазмұны – туған жер,
табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, адам көкірегіне жылылық, жақындық,
туысқандық сезімдерді ұялатады, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне
айналуы отансүйгіштікке тәрбиелеудің арқауы болады, - деп, отансүйгіштік
тәрбие мәселелеріне жан-жақты тоқталады [50, 22]. Сонымен бірге
К.Т.Әбілғазиева Мұстафа Шоқайұлының (1890-1941 жж.) қайраткерлік қызметі
негізінде жастарға отансүйгіштік тәрбие беру деген кандидаттық
диссертациясында қазақ зиялыларының отансүйгіштік тәрбие идеяларына түсінік
беріп, оларды ұлтын сүйген патриот, ақиық ақын, заңғар жазушы, зерделі
тарихшы, жауынгер публицист, сыншы, көсемсөз шебері деп бейнелейді. Өз
еңбегінде қазақтың біртуар ұлдарының отансүйгіштік ой-пікірлерінің
құндылықтарына тоқталады және адам өміріндегі елдің, жердің, атамекеннің
орны ерекше дей келіп: Атамекенді сүю – оның тұтас мүддесіне қызмет ету,
осы жолда әрқашан қызмет етуге, керек болса жан пида қылуға дайын тұру
болып табылады, - деп тұжырымдайды [51, 5-19]. Сонымен қатар
М.Ж.Құрманбаева М.Ғабдуллин мұрасындағы этнопедагогикалық құндылықтар
арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу деп аталатын ғылыми еңбегінде
жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беруді Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллин
шығармалары мен оның жарқын бейнесі арқылы жүзеге асыруды насихаттайды. Ол
М.Ғабдуллин мұраларын жан-жақты зерттей отырып, оның ұлы тұлғасына ерекше
тоқталады: 1 Жауға деген қаталдық. 2 Досқа деген мейірімділік. 3 Туған
жерге, ата-анаға, ағайын-туыс, бауырларға деген сүйіспеншілік. 4 Отан
алдындағы, ата-ана алдындағы азаматтық борышты терең түсіну. 5 Сөз бен
істің бірлігі, турашылдық, әділдік. 6 Адалдық, шындық, қайсарлық. 7 Туған
елдің ауыз әдебиетін, салт-дәстүрін, батырлық жырын сүю. 8 Әскери өнерге,
спортқа бейімділік. 9 Қиындыққа төзе білушілік. 10 Халық мүддесін жеке
бастың мүддесінен жоғары қоюшылық, намысшылдық. 11 Отансүйгіштік сезімнің
жоғарылығы, оның халықшылдық сипаты. 12 Халықтар достығын қадірлеу [52,
13]. Яғни М.Ғабдулиннің бойындағы ерекше қасиеттерді бүгінгі ұрпақ
тәрбиесінде қолданудың қоғамдық маңызына назар аударады. Мәліктің бұл
қасиеттерін, тектілігін өскен ортасымен және ерлік жолымен байланысты
түсіндіреді. Орта ғасырларлардағы отансүйгіштік тәрбие хақында
К.М.Қалиеваның Махмұт Қашқаридің педагогикалық идеялары деп аталатын
ғылыми зерттеуінде М.Қашқаридің Отанға, өз халқына сүйіспеншілікті адамның
ажырамас қасиеті ретінде атап көрсете отыра, бұл үрдісті отбасылық
патриотизм, елдің бірлігі, топтасуы, халықтардың өзара түсіністігі, адамға
сүйіспеншілік рухында жүргізуі тиіс деп санайтыны айтылған. Сонымен қатар
М.Қашқаридің: Отан және өмір мағыналас ұғымдар. Бұл -мемлекеттің
мүддесін қорғау, қоғам өміріне белсене араласу. Бұл әлеуметтік
әділеттілікті жақтау, елге пайдалы қажеттіні жасауға дайын тұру, Отанның
намысы мен тәуелсіздігі үшін күресуге қабілеттілік, - деген құнды
идеяларын атап өтеді [53, 15-16]. Мұның өзі бүгінгі отансүйгіштік тәрбие
беру мәселесінің шешім табуына бағыт беретіні анық. Отансүйгіштік тәрбие
туралы келелі ойлар ғалым Т.Ә.Ахметовтың Жүсіп Баласағұнидың тәлім-
тәрбиелік идеялары атты диссертациясында жан-жақты баяндалады. Автор көне
түркілерден мирас болып келе жатқан рухшылдық, жауынгерлік, мәрттік,
серілік, антқа беріктік, аманатқа адалдық, т.б. қасиеттердің тәрбиелік
мүмкіндіктерін айта келіп, Жүсіп Баласағұнидың пікірінше елдің береке-
бірлігі, тыныштығы қылыш арқылы орнаса, оның атақ-даңқы, байлығы, білім мен
ғылымның өркендеуі қалам арқылы жүзеге асатынын айтады, яғни қылыш елді
күзейді, һәм жасытар, қалам түзеп, қазынасын тасытар (2417-бәйіт), - деп
келтіреді. Сонымен қатар Жүсіп Баласағұнидың Құтты біліктегі текті,
парасатты кісі бейнесін жасаудағы тағылымдық принциптеріне тоқталып:
Үшіншіден, адамның жан дүниесін байытатын ізгілік, ақкөңілділік,
мейірбандық, бауырмалдық, ұяттылық, ар-ождан, отансүйгіштік, ерлік, т.б.
қасиеттер; төртіншіден, ел басына әділ, текті, парасатты хан келіп,
маңайына елдің патриоттары боларлық уәзірлер, бектер, әскербасылар,
ғалымдар, ақындар секілді зиялыларды жинап, елді көркейту, Отанды қорғау,
т.б. - деп, жеке тұлғаның бойында отаншылдық сезімді нығайтудың
алғышарттарын атап өтеді [54, 18-20]. Зерттеуші А.Ә.Бисембаеваның Жоғары
сынып оқушыларына қазақтың батырлық эпосы арқылы отансүйгіштік тәрбие беру
атты ғылыми еңбегінде: Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесінде қазақтың
батырлық эпосы жоғары сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің негізі
және патриотизмді қалыптастырудың тиімді факторы болып табылады, себебі
айқын эпикалық образдар арқылы эпостар ұлттық мұраның және ұлттық
дүниетанымның қазынасын пайдаға асырады, өз Отанына қызмет етудің жоғары
үлгілерін үйренуге мүмкіндік береді, - деп эпостық жырлардағы қазақ
батырларының жиынтық бейнесі негізінде жоғары сынып оқушыларына
отансүйгіштік тәрбие беру проблемасын қарастырады [55, 23]. Яғни бұл
жұмысты тәрбие үрдісінде сыныптан тыс жұмыстар арқылы жүргізуді негізге
алады. Соңғы кездері зерттелген ғылыми жұмыстардың ішінде Р.Н.Кенжебаева
өзінің: Оқыту үрдісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың атамекенге
сүйіспеншілігін қалыптастыру деген ғылыми еңбегі орта мектепте
жаратылыстану пәндерін оқытуда, сабақ мазмұндарын халық педагогикасымен
байланыстыру арқылы оқушыларды атамекенге сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге
бағытталған. Зерттеуші: Атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастыру кең
мағынада ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет, ол оқушыларға халық
педагогикасы негізінде сапалы білім беру, оларда іскерлік пен дағдыны
дағдыландыруға, шығармашылықты арттыруға, жеке тұлғада атамекенді қадірлеу,
сүю, көркейту секілді атамекенге деген сүйіспеншіліктің белгілерін
қалыптастыруға, саяси сана мен ойлау қабілеттерін арттыруға бағытталған, -
деп, халық педагогикасының тәрбиелік мүмкіндіктерін атамекенді сүюмен
байланыстырып, мұны отансүйгіштік тәрбие берудің құрамдас бөлігі ретінде
сипаттама беруге талпыныс жасаған [56, 12]. Ал зертеуші Ж.Н.Қалиев: Халық
педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру (5-9
сыныптардағы гуманитарлық пәндер негізінде) деген ғылыми еңбегінде:
Тұлғаның құндылық бағыты – патриотизм идеясы адамгершілік танымның маңызды
компоненті болып табылады және тұлғаның өз Отанына, өзіне және басқа
адамдарға саналы қатынасын білдіреді, осылайша оның адамгершілік танымының
даму деңгейін сипаттайды, патриоттық ұстанымын айқындайды, - дейді. Ол
отансүйгіштік тәрбие берудің адамгершілік танымының алатын орнына құндылық
бағдары негізінде сипаттама береді [57, 25]. Сондай-ақ Б.Сүлейменованың
бастауыш сынып материалы негізінде орындалған: Бастауыш сынып оқушыларын
қазақ батырлар жыры арқылы адамгершілікке тәрбиелеу атты ғылыми еңбегінде
оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір
құралы ретінде батырлар жырының маңызына түсінік бере отырып: Батырлар
жыры бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді құралы
болып табылады. Онда қазақ халқының ерте ғасырлардан келе жатқан тұрмыс-
тіршілігі, тарихы, адамгершілік-гумандық қасиеттері, моральдық-этикалық
қарым-қатынасы, тағылымдық ой-пікірлері, мәдениет үлгілері көрініс тапқан.
Қазақ батырлар жырының мазмұны оқушыларға туған жерін, елін сүюге,
адамдармен мейірімді қарым-қатынас болуға үйретеді, - деп, бастауыш сынып
оқушыларына адамгершілік тәрбие берумен қатар, отансүйгіштік тәрбие берудің
құрамдас бөліктеріне тоқталады [58, 22]. Саяси-әлеуметтік тұрғыдан бүгінгі
күнгі ерлік рухы және отансүйгіштік тәрбие мәселесі бойынша ғалым
Р.Б.Әбсаттаров алғашқылардың бірі болып, қазақстандық патриотизм ұғымына
түсінік береді: Қазақстандық патриотизм дегеніміз – Қазақстанда өмір
сүретін барлық ұлттардың отансүйгіштік сезімі мен бірлігі [59, 124].
Р.Б.Әбсаттаровтың пікірінше қазақстандық патриотизмнің еліміздің
тәуелсіздігін нығайтуда және халықтар достығын насихаттауда маңызы зор
болып табылады. Бұл ретте көпұлтты Қазақстан Республикасының бірлігі мен
тұтастығы және әлеуметтік дамуына сипаттама беріледі. Философ-ғалым
К.Н.Меңлибаев Отансүйгіштік тәрбие берудегі ұлттық дәстүрлердің ролі атты
ғылыми диссертациясында: Патриотизм тілді, мәдениетті және халықты немесе
халықтың тарихын, Отанды сүю деген сезімнің жоғарылығы, - деп атап көрсете
отырып, патриотизмнің принциптеріне тоқталады: Ол жеке тұлғаның ішкі жан
дүниесінің рухынан тұрады [60, 13-14]. Яғни адамның ішкі рухының өзі
отаншылдық сезімнің қозғаушы күші екендігіне мән береді. Сонымен қатар
С.Е.Нұрмұратов Рухани құндылықтардың қалыптасуы мен дамуы (әлеуметтік-
философиялық талдау) атты ғылыми еңбегінде: Тарихи тұлғалардың арасында
руханилықтың кейбір қырларын терең түсінген, оны өз заманында баршаға жария
етуші қызметті атқарған рухани алыптар болады. Солардың рухани мұрасы
барлық тәрбиелеуші, білім беруші мекемелерде, ұйымдарда насихаттала түскені
орынды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz