Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Кіріспе
1. Биология және экология пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары
1.1 Білім берудің негізгі сатысында биологияны оқытудың мақсаты
1.2 Оқушылардың танымдық қабілетті арттырудың жолдары
2. Оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
2.1 Биологияны танымдық тұрғыдан оқыту мәселелері
2.2 Сабақта интерактивті тақта қолдану . сабақ үрдісін тиімді қолдану
Қорытынды
Әдебиеттер

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – келешек ұрпақтың дүниетанымын дұрыс қалыптастыру және оны дамыту. Соған орай мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде бұл міндет ерекше назарда болып отыр. Дегенмен білімнің өзінің шынайы міндетіне жауап беруден қалғанына бүкіл дүние жүзінің педагогтары алаңдатушылық танытуда. Оқушыларды ғылым негіздері туралы білімдермен шектен тыс «жұмысбасты» етумен білімнің мақсаты айтарлықтай кеміп кетті.Үлгерімнің жоғары процентіне қол жеткізу бірінші кезектегі маңызды міндет болып санала бастады. Сол үшін де оқытудың барлық үрдісі әр түрлі тестер мен емтихандарды жаттап алуға және тапсыруға алып келді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алынғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы, білімді, жан-жақты дүниетанымдық көзқарасы қалыптасқан шәкіртті тәрбиелеуге болады.
Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім де сол, келешекте көзі ашық, көкірегі ояу, білімі жан-жақты, дүниетанымдық көзқарасы дұрыс жүйеде қалыптасқан нағыз Қазақстан азаматын тәрбиелеу. Осы орайда негізінен алып отырған тақырыбымыздың аты «Орта мектептің оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру» болғандықтан жалпы «дүниетанымдық көзқарас» дегенді қалай түсінеміз, оның мәні неде, түрлері, типтері, қызметтері, құрылымы жайлы толық мағлұматтарды, анықтамаларды осы дипломдық жұмысымызда назарларыңызға ұсынамыз.

1. Табылдиев Ә. Халық тағылымы.-Алматы: Қазақ университеті 1992.
2. Орынбеков М. Абайдың дүниетанымы мен философиясы. - Алматы: Ғылым, 1995.
3. Сағындықов Е. Абайдың ұлттық тәрбие негіздері. //Ақиқат 1994 № 7, 76-6.
4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі.-Алматы: Санат, 1995
5. Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика.-Алматы: РБК. 1997.
6. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарасының қалыптасуы. - Алматы: Мектеп, 1976
7. Ж.Дәуренбеков. Айтыңыз құтты болсын. - Алматы: Өнер, 1973.
8. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 2000. 103-1086.
9. Қуанышева С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі
10. Қайым Қабділрашид. Биология. Анықтамалық көмекші құрал.
11. География, Экология және Биология журналы
12. Биология анықтамалылығы журналы
13. Биология Қазақстан мектебінде әдістемелік журналы
2. Орынбеков М. Абайдың дүниетанымы мен философиясы. - Алматы: Ғылым, 1995.
3. Сағындықов Е. Абайдың ұлттық тәрбие негіздері. //Ақиқат 1994 № 7, 76-6.
4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі.-Алматы: Санат, 1995
5. Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика.-Алматы: РБК. 1997.
6. М.Асқарова. Оқушылардың ғылыми материалистік көзқарасының қалыптасуы. - Алматы: Мектеп, 1976
7. Ж.Дәуренбеков. Айтыңыз құтты болсын. - Алматы: Өнер, 1973.
8. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 2000. 103-1086.
9. Қуанышева С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі
10. Қайым Қабділрашид. Биология. Анықтамалық көмекші құрал.
11. География, Экология және Биология журналы
12. Биология анықтамалылығы журналы
13. Биология Қазақстан мектебінде әдістемелік журналы
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Кіріспе
1. Биология және экология пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары
1.1 Білім берудің негізгі сатысында биологияны оқытудың мақсаты
1.2 Оқушылардың танымдық қабілетті арттырудың жолдары
2. Оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
2.1 Биологияны танымдық тұрғыдан оқыту мәселелері
2.2 Сабақта интерактивті тақта қолдану - сабақ үрдісін тиімді қолдану
Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласының басты міндеттерінің бірі - келешек ұрпақтың дүниетанымын дұрыс қалыптастыру және оны дамыту. Соған орай мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде бұл міндет ерекше назарда болып отыр. Дегенмен білімнің өзінің шынайы міндетіне жауап беруден қалғанына бүкіл дүние жүзінің педагогтары алаңдатушылық танытуда. Оқушыларды ғылым негіздері туралы білімдермен шектен тыс жұмысбасты етумен білімнің мақсаты айтарлықтай кеміп кетті.Үлгерімнің жоғары процентіне қол жеткізу бірінші кезектегі маңызды міндет болып санала бастады. Сол үшін де оқытудың барлық үрдісі әр түрлі тестер мен емтихандарды жаттап алуға және тапсыруға алып келді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алынғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы, білімді, жан-жақты дүниетанымдық көзқарасы қалыптасқан шәкіртті тәрбиелеуге болады.
Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім де сол, келешекте көзі ашық, көкірегі ояу, білімі жан-жақты, дүниетанымдық көзқарасы дұрыс жүйеде қалыптасқан нағыз Қазақстан азаматын тәрбиелеу. Осы орайда негізінен алып отырған тақырыбымыздың аты Орта мектептің оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру болғандықтан жалпы дүниетанымдық көзқарас дегенді қалай түсінеміз, оның мәні неде, түрлері, типтері, қызметтері, құрылымы жайлы толық мағлұматтарды, анықтамаларды осы дипломдық жұмысымызда назарларыңызға ұсынамыз.
Ең алдымен дүниетаным туралы энциклопедиялық сөздік, педагогикалық, психологиялық сөздіктерде берілген педагогика саласында жазылған ғылыми еңбектердегі анықтамаларға тоқтала кетейік. Соның ішінде дүниетанымдық көзқарас деген не? Ол жайында энциклопедиялық сөздіктегі анықтамада мынадай тұжырымдама берілген: Дүниетанымдық көзқарас - оқушының әділ де шынайы қоғамға көзқарасын жинақтап қорыту жүйесі және сол қоғамда оның алатын орны, өз-өзіне және адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасына көзқарасы, сонымен қатар өздерінің сенімін, (идеалын) тілегін, білім принципін, әрекетін, осы көзқараспен келістіру, пара-пар қарау. Жаратылыс тану ғылымы негізінде тарихи-социалдық, техникалық, философиялық білім негізінде белгілі бір идеологиямен қоса қалыптасады. Оның қолдаушысы шындыққа көлеңкелей қарайтын - жеке адам, белгілі бір топ. Дүниетанымдық көзқарастың өзін-өзі ұстауына әсерін тигізе отырып, өмірлік алға ұмтылысына, қызығушылығына, еңбекте және тұрмыста практикалық үлкен мәні бар. Өзінің мазмұнына және бағытына қарай ғылыми немесе ғылыми емес материалистік және идеалистік көзқарас болып бөлінеді.
Ал, Педагогикалық көзқарас сөздігінде төмендегідей анықтама берілген:
Дүниеге көзқарас - адамдар, жеке адам іс-әрекетіне терең әсер ететін әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде, табиғат және қоғам құбылыстары мен барыстары жөнінде біртұтас тиянақты көзқарастар жүйесі. Дүниетанымдық көзқарастың өзі тұтасынан алғанда қоғамның көп қырлы материалдық өмірі, қоғамдық болмыс болып табылады.
Дүниетаным - бұл адамның объективті дүниеге және оның сол дүниеде алатын орнына, оның қоршаған болмысына және адамның өз-өзіне деген қатынасына көзқарастар жүйесі.
Қазақтың атақты психолог ғалымы, психология ғылымының докторы, педагогика ғылымының докторы Қ.Б.Жарықбаев Педагогикалық ойлардың антологиясы сынды еңбегінде дүниетаным мен сенімді, мотивтер мен қажеттерді, бейімділік пен қызығуларды, мұрат пен талғамды жеке тұлғаның өмірлік бағытын көрсететін бөліктер екендігін атап өтеді. Ол дүниетанымға адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі деген анықтама береді.
Осындай анықтама, тұжырымдамалардан дүниетаным мен жеке тұлға дамуының өзара тығыз байланысы анық көрінеді. Оқушыны жеке тұлға дәрежесіне қарай дамыту - орта білім беретін мектептің ең маңызды міндеті. Орта мектептерде оқыту-тәрбиелеу кезеңіндегі оқушылардың жинаған, нақты көре білу қабілеті арқылы анықталған тәжірибесі - олардың кейінгі кезеңдерде беки түсетін, толығатын, кеңейтетін дүниетанымының көзі.
Жалпы білім беретін мектептегі биологиялық және экологиялық білім мазмұнын, оны оқыту әдістерін түбегейлі жаңартудың қажеттігі көп жылдар бойы қалылтасқан ескі әдіснамалық ұстанымдарра негізделіп жасалған пәннің дәстүрлі әдістемесінің қоғам дамуындағы жаңа бағытта даму үрдісінен шыға алмай дағдарысқа түсуінен туындап отыр.
Мектептегі биологиялық және экологиялық білім мазмұнының ізгіліктендіру ұстанымын жүзеге асыратындай, оқушыларда тіршіліктің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыратындай, экологиялық сауаттылығын арттырып, мәдениеттілікке тәрбиелейтіндей ойлауын дамытуымыз керек.
Қазіргі заманда ғылыми білімнің қуатты кіріктіру кезеңі жүріп жатыр. Мектепте білім мазмұнын пәндерге жіктеп оқыту басымдылығы берік сақталған. Орта, жоғарғы сыныптарда пәндік оқытуға мән берілуі қажет, онсыз оқушыларға қазіргі заманғы ғылым негіздерінен тиянақты білім беру мүмкін емес. Пәндік оқытудың гипертрофиясы биологияның басқа пәндермен байланысын былай қойғанда, өз ішіндегі салалық бөлімдері арасындағы байланыстың үзілуіне әкеп соқтырған.
Биология сабақтарында кең және жан - жақты пәншілік және пәнаралық бұрынғы болашақ, тура және кері байланыстарды пайдаланудың арқасында мұғалім оқушылардың материя қозғалысындағы адамның алатын орны, даму формасы жайлы білімін жетілдіреді. Биологияны оқытуда мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудің танымдық жағын аттыру әдістерінің бірі пәнаралық байланыстарды пайдаланып, биологиялық есептері шығаруды үйрету. Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл - күйі, баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың түрлі әдістері бар.

1.1 Білім берудің негізгі сатысында биологияны және экологияны оқытудың мақсаты
Биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәнінің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі.
Биологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу, процестерінің жүйесі түрлі ғылым.
Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пәндерін тәрбиелеу оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту әдісі, биологиялық мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны өмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді әдістерін үйретеді.
Әдістеме оқу пәнінің мазмұнын және оқу формаларымен тәрбиелеу жолдарын қарастырады.
Әдістеменың аталған бөлімдері бірін-бірі толықтырады және тығыз байланысты, бірлікте болады. Оқыту жұмыстарының құралдары мен жабдықтарын да анықтайтын осы әдістеме. Қорыта айтқанда әдістеме дегеніміз- биологияны қалай оқыту керек, нені үйретіп қалай тәрбиелеу керек, биологияны не үшін оқу керек? Деген сұрақтарға жауап береді.
Биологияны оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстарымен дамуын оқытады.
Биология пәнінің мазмұны және оның өзіндік ерекшеліктері, оқыту әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.
Биологиядан сабақ беру барысында тірі ағзалардың нақты фактілерін, табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын тірі табиғаттың даму эвалюциясының заңдылықтарын оқып білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық материалистік көзқарастарын қалыптастырады.
Биологиялық білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табиғатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын қоғамдық және жеке еңбектің гигиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды өмірге бейімдеп, политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады.
Атақты педагог К.Д. Ушинский айтқандай Оқушылардың ақыл - ойын логикасын дамыту үшін жаратылыстану тарихын оқыту тиімді-деп есептейміз
Себебі тірі табиғаттың объектілерін бір-бірімен салыстыру, анықтау эксперименттер қою, щқушылардың ойлау қабілетін дамуын қамтамасыз етеді.
Биологияны оқыту әдістемесі. Жалпы биологияны оқыту әдістемесі және арнайы биологияны әдістемесі болып екіне бөлінеді.
Жалпы биологияны оқыту әдістемесі мектеп биология курстарының пәндерінің мазмұны мен әдістеріне байланысты қарастырады.Аталған пәндердің бірізділігі, біртұтастығы және тәрбиелеп оқытудың элементтерінің дамуы, биологияны оқытудың жүйесін анықтайды. Білім беру, оқытудың жүйелілігі оқушылардың саналы түрде білім қалыптастыруымен тиянақтылығын анықтайды.
Арнайы әдістерде сабақтардың әдістемесы, экскурсиялар сабақтан тыс жұмыстар кластан тыс жұмыстар қарастырылады.
Биологияны оқыту әдісі барлық биология ғылымдар саласымен тығыз байланысты. Мектеп биология курстарынан сабақ беріп, оқыту үшін, мұғалім биология ғылымдар жүйесімен теориялық біліммен қаруланған тұлға болуы керек.
Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес. Экологиялық тәрбие және білім берудің негізгі келесідей ұстанымдары болуы шарт: ұстанымдары бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз.
Бәріне ортақ ұстанымы бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізіледі. Алайда, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек.
Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік ұстанымы бойынша, әртүрлі екі үдерістің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.
Үздіксіз ұстанымы, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.
Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша Қазақстан қол қойған Орхус Конвенциясы халықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол ашады.
Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Экологиялық білім берудің біртұтас жүйесін қалыптастыру Қазақстанда білім берудің жаңа жүйелері мен әлемдік стандартқа сай мемлекеттік оқу жоспарларын жасауды, қаржыландыруды, экологиялық білім беретін оқытушыларға қамқорлық көрсетуді, жоғары мектепте экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді. Кез-келген ғылым саласы сияқты экологияда біріншіден - таным шеңберін кеңейтуді, екіншіден - жинақталған білімді қоршаған ортаға қатысты мәселелерді шешуде қолдануды, экологиялық мәдениеттілікті қалыптастыруды мақсат тұтады.
Экологиялық кәсіби білім мен тәрбие беру жоғары білім беру жүйесінің құрылымына еніп қана қоймай, оның негізгі бағытының бірі болуы қажет. Экологиялық кәсіби білім мен тәрбие беруді жоғары білім беру мекемелерінің барлық деңгейлерінде сабақтастықпен жүргізген жөн. Оларды жүзеге асыру үшін білім жүйесін тұтасынан және оның жеке кезеңдері мен деңгейлерін кешенді түрде жетілдіретін шаралар қажет. Үздіксіз кәсіби білім беру мен тәрбие беру жүйесін қалыптастыру мен жетілдіру үшін теориялық жағынан негіздейтін ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру - уақыт талабы. Осыған орай барлық пәндерді экологияландыру мәселесі де күн тәртібінен түспей отыр. Осының нәтижесінде білім беру саласындағы басты мәселе - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұлғасынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру маңыздылық тудырып отыр. Оқушылардың өзіндік әрекетінің жоғары дәрежесін және шығармашылық қабілеті мен танымдық әрекетін қамтамасыз ететін жаңа оқыту технологияларын пайдалану тиімді, осындай технологиялардың бірі - модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқыту педагогикалық оқыту технологияларына қойылатын талаптарға жауап бере алатын алдын ала жоспарланған оқу үдерісін тәжірибе жүзінде жүйелі және бірізді түрде іске асырылатын жаңа технология болып саналады. Оқыту үдерісінде модульдік оқытуды қолдану тиімділігі, оқытудың дамытушылық сипаты нақты дидактикалық мақсаттарға қызмет ететін оқу ақпаратының толық берілуіне ықпалын тигізеді. Экологияның оқу модульнің құрылымында әр сабақтың орны және қолданылатын оқу құралдары мен құрал-жабдықтары белгіленді. Осы логикалық құрылымда студенттің және оқытушы мақсатын айқындайтын экология пәнінің әр тақырыптық модульдің технологиялық картасы жасалды. Оқу модулінің технологиялық картасы бойынша сол модульге кіретін әр сабақтың ақпараттық картасы құрастырылды. Келесі сатыда әр сабаққа қатысты дидактикалық құралдар іріктеліп, практикалық жұмыстарды және оқушының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті нұсқаулар, диагностикалық және дамытып оқыту міндеттерін жүзеге асыратын тапсырмалар даярланып, әр модульдің файлы құрастырылды.Осындай модульдік жоспарлау тәсілдерін қолдану оқу жоспарларында, оқу бағдарламаларында және тағы басқа ресми құжаттардағы өзерістерге сәйкес модуль құрамын реттеп отыруға тиімді болып келеді.
Модульдік іс-әрекетті жобалаудың өзіне тән қағидалары бар:
1. Әрбір пәннің ғылыми ұғымына негіздеме жасау, базалық бірліктерді білім мазмұнын меңгеру барысында айқындау.
2. Білім мазмұнын логикалық ретпен жүйелі түрде құрастыру (оқулықтан басқа).
3.Білім мазмұнының тұтастығы мен тәжірибелік маңыздылығын қарастыру.
4. Оқу материалын көрнекті тұрғыда құру.
Қорыта айтқанда, модульдік бағдарлама модульдік оқытудан жоғары. Бұл үлгі модульдің ортасындағы іс-әрекет. Кредиттік оқыту жүйемен модульдік бағдарламаны жобалаудың тек өзіне тән қағидаларын ескерген жөн. Оған мыналар жатады: модульдік, құрылымдық, өзгертілімдік, іс-әрекеттік, паритетті, кері байланысты ішкі мүмкіндіктерімен, интеллектуалды әлеует қорымен жүзеге асырушылық.
Модульдік қағида - модульдік оқытудың мұрат-мүддесінен тууы және оның маңыздылығы, студенттердің болашақта меңгеретін мамандығына қатысты оқу ақпаратының ауқымын айқындайтын құралдардың негізі. Құрылымдық қағида - оқыту мазмұнының модульдік жүйеге негізделуі, әрбір модульді айқындайтын дидактикалық мақсаттың құрылуы, оқытудың іс-әрекеті оның жетістігіне бағдарланып келуі. Модульдік бағдарламада кешенді дидактикалық мақсат ғылымаралық интеграциясының алғы шарты іспетті рөл атқарады [6]..

Кредиттік оқыту жүйемен модульдік бағдарламаны жобалауда тек өзіне тән қағидаларын ескерген жөн. Оған мыналар жатады: модульдік, құрылымдық, өзгертілімдік, іс-әрекеттік, паритетті, кері байланысты ішкі мүмкіндіктерімен, интеллектуалды әлеует қорымен жүзеге асырушылық.
Модульдік қағида - модульдік оқытудың мұрат-мүддесінен тууы және оның маңыздылығы, студенттердің болашақта меңгеретін мамандығына қатысты оқу ақпаратының ауқымын айқындайтын құралдардың негізі. Құрылымдық қағида - оқыту мазмұнының модульдік жүйеге негізделуі, әрбір модульді айқындайтын дидактикалық мақсаттың құрылуы, оқытудың іс-әрекеті оның жетістігіне бағдарланып келуі. Модульдік бағдарламада кешенді дидактикалық мақсат ғылымаралық интеграциясының алғы шарты іспетті рөл атқарады.
Ғылыми жұмыстардағы ұсыныстар міндетті түрде,зерттеу нәтижесінде алынған қортындылардыңнақты дәлелдерімен негізделуі тиіс.
Әдістемелық мәселерді шешу, ғылыми зерттеулердің бірнеше сатылары мен әртүрлі зерттеу элементтерінің үйлесімділігінің кезектігінен құралады.
Педагогикалық басылымдарда XXI ғасыр мұғалімінің моделі төмендегідей бейнеленген.
1 - іздемпаз ғалым.
2 - нәзік психолог
3 - жан-жақты шебер
4 - тынымсыз еңбеккер
5 - сұлулықпен сусынданған эстет
6 - терең қазыналы білімпаз
7 - кез келген ортаның ұйытқысы
8 - рухани бай гуманист
9 - адамгершілік пен патиотизм жаршысы
10 - идеал адам мүсіншісі.
Оқушылардың дүниетанымын ғылыми түрде ұйымдастыруда,ғылыми-техникалық талаптарға сай білім беру мен таным белсенділігін арттыруда мұғалімдердің ғылыми-теориалық дайындығының маңызы зор.Бұл орайда мұғалімдердің ізденімпаздығы басты роль атқарады,яғни мұндай мұғалімдер-ізденімпаз ғалым болады.
Чех педагогі Я.А.Коменскийдің ілімінен ілімінен бастап бүгінге дейін оқу әдістемесінде білім беруді ұйымдастырудың басты формасы.
Жалпы білім беретін мектептегі биологиялық білім мазмұнын, оны оқыту әдістерін түбегейлі жаңартудың қажеттігі көп жылдар бойы қалылтасқан ескі әдіснамалық ұстанымдарра негізделіп жасалған пәннің дәстүрлі әдістемесінің қоғам дамуындағы жаңа бағытта даму үрдісінен шыға алмай дағдарысқа түсуінен туындап отыр.
Қазіргі мектептегі биология курсы XX ғасырда биология ғылымдарында болған, танымдық, білімдік және тәрбиелік жағынан аса маңызды деген өзгерістерді жеткілікті дәрежеде игермеген.
Қазіргі заманда ғылыми білімнің қуатты кіріктіру кезеңі жүріп жатыр. Мектепте білім мазмұнын пәндерге жіктеп оқыту басымдылығы берік сақталған. Орта, жоғарғы сыныптарда пәндік оқытуға мән берілуі қажет, онсыз оқушыларға қазіргі заманғы ғылым негіздерінен тиянақты білім беру мүмкін емес. Пәндік оқытудың гипертрофиясы биологияның басқа пәндермен байланысын былай қойғанда, өз ішіндегі салалық бөлімдері арасындағы байланыстың үзілуіне әкеп соқтырған. Мысалы: тіршіліктану курсы бір-бірімен байланысы аз цитология, эюлюциялық ілім, экология және генетика сияқты: тіпті әрқайсысы өз ғылыми пәнін де қажетті деңгейде бейнелей алмайтын жеке-жеке бөлімдерден тұрады.

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет.
Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр - деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында ұлттық және жалпы азаматтық құқықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани күш - қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан - жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген.
Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
Сонымен казіргі заман талабына сай мұғалім білім бұлағы емес, білім бұлағына жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологияларды менгеру қажеттілігі туындап отыр.
Қазір білім саласындағы болып жатқан мемлекетаралық бақылау, ұлттық бірыңғай тест, 12 жылдық оқуға көшу барлығы Қазақстандық білім сапасын көтеруді және халықаралық деңгейге жеткізуді көздейді. Осы проблемалар мектептегі биология пәнінің оқытылуына да тікелей қатысты.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған технологияларға сын тұрғысынан ойлау, жобалау, проблема туғызу, ұжымдық қарым-қатынаста оқыту жатады. Қызығушылық деп - оқушының бір нәрсеге зейін қоюын, кейбір заттар мен құбылыстарды танып білуге ұмтылуын айтамыз.
Сабақта интерактивті тақта қолдану сабақ үрдісін тиімді қолданумен қатар оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне, үнемделген уақыт оқушылардың өз бетінше білім алуына себеп болады. Өз бетінше білім алу - білім сапасын көтерудің бірден бір жолы екенін естен кетірмеу қажет.
Мұғалімнің алдындағы мақсат оқушының оқуға ынтасын көтеру, қызығушылығын арттыру, бұл білім сапасын көтеру деген сөз. Сабақты құру негізі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Бұл сабақтың маңызың және әдісін анықтайды. Сондықтан таңдалған әдіс сабақ барысының тиімділігін көрсетеді.
Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың жеке қабілеттерін, білім алу деңгейін тыс қалдырмау қажет. Қиын шығармашылық тапсырмаларды тек қабілеті жоғары оқушыларға беру керек. Шығармашылық деңгейі жоғары тапсырмаларды орта деңгейлі қабілеті бар оқушыларға беру олардың өзі-өзіне деген сенімін түсіріп, келе-келе сабаққа деген ынтасын жоғалтуының себебі болады.
Оқушылар сабақ меңгеру барысында әртүрлі іс-әрекет жасайды: мұғалімді тыңдайды, оқулықты оқып, қосымша әдебиетпен жұмыс жасайды, зертханалық тапсырмаларды орындайды. Жоғарыда аталған әр іс-әрекет бөлек психикалық үрдіске жатады: жады, қабылдау, ойлау, ойша бейнелеу.
Аталған процестер ішінде ойлау ең негізгі болып табылады. Ойлау мен жады арасында тығыз байланыс бар. Ой елегінен өткен материал жадыда жақсы сақталады. Ойлау басқа да танымдық әрекеттерге әсерін тигізеді.
Оқушының танымдық іс-әрекетін белсендіру дегеніміз - ол ойлау қабілетін белсендіру деп айтуға болады. Оқушыға оқу барысында тек берілген танымдық тапсырмаларды орындау әдістерін үйрету ғана емес, сол тапсырмаларды өздігінен орындауға ынталандыру қажет. Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру казіргі заманғы мектептің басты талабы.
Әр сабақ тақырыптан басталады, тақырыпты жай ауызша мәлімдеу керек емес, тақырып айтпас бұрын қызығушылығын арттыру керек, өтетін тақырыптың маңыздылығын, бұрын өткен сабақпен байланысын көрсету маңызды. Оқушы тақырыптың маңызын түсіну барысында игеруге талпыныс жасау керек, әр сабақтың басты міндеті-білім алушының танымдық құзырлылығын дамыту. Ол үшін мыналарды ескеру қажет:
- Оқушының материалды қабылдау ерекшелігін ескеру.
- Оқыту үрдісіндегі ашықтық, еркіндік.
- Оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыру
- Жеке дара оқыту үрдісін ұйымдастыру.
Танымдық қабілетті арттырудың жолдары:
- Ақпаратты өмірмен ұштастыру, байланыстыру
- Мәселелік жағдаятты туғызу.
- Әдеби, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді қолдана білу
- Салыстыру, талдау, жинақтауды үйрету
Әр пәннің оқушыларға берер танымдық тәрбиесі мол десек, соның ішінде биология пәнінің де оқушылардың ақыл-ой, танымдық қабілетін дамыту мүмкіндігі зор. Оқушыларға танымдық тәрбие берудің алғашқы баспалдағы деп оқытудағы саналылық принципін атауға болады, себебі табиғатты, сыртқы ортаны, жалпы тіршілікті оқыту барысында тәрбиелік міндеттердің де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz