Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
1.1 Биологияны оқытудың ұйымдастыру формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Биология сабағында жергілікті жер материалдарын пайдалану арқылы жеке тұлғаны дамытудағы білім мен тәрбие ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Биология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
2.1 Биология сабағында жергілікті жердің биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Жергілікті жер материалдарын пайдалану арқылы жүргізілген сабақ ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Мемлекеттің эканомикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен олардың білім жүйесімен, азаматтардың білім деңгейін анықталатыны белгілі. Көптеген білім беру мекемелері үздіксіз ізденіс үстінде және олар көптеген болжам болжап болмас жағдайларға тап болып отыр. Мұндай жағдайлардың көпшілігі бірінен бұрын білім беруді дамытудың перспективасы мен мәселелерін дұрыс болжай алмай отырған ұстаздар еңбек ететін ұжымдары көрініс табуда. Қазыігі мектептерде жұмыс істеудің жаңа әдістері мен үлгілерін қолдану әрекеті сыныптық сабақтық жүйенің шеңберінен шықпайды.
Бүгінгі білім берудің ұлттық жүйесін сақтап қалу үшін өскеленең бәсекелестік жағдайда барлық оқу тәрбиелеу мекемелеріне үздіксіз дамуы мен қызметінің жоғары дәрежеге ретілдіру қажеттілігі жетіп отыр. Қазыргі қолданылып отырған білім беру жүйесінің жаңа типтетінің пайда болуы мен оны соңғы жағдайға сәйкес өзгерту, оқытудың әдісі мен амалдары, үлгілері, махмұнының жаңаруы өз кезеңінде ғылыми идеалар психалогиялық – педагогикалық теория негізінде жетілдірген практикалық шешімдерге негізделуі керек. Сонысен қатар оларды дайындауда мұның бәрі алдын ала ескертілудің қажеттілігін көрсетеді. Мұндай дайындық педагогикалық – кәсіптік білім берудің әдісі мен формасын, мазмұнындағы өзгерісті жетілдіруді талап етеді. Мұндай себептерге орай білім берудің бүгіндері қолданылып жүрген жүйесі толық дәрежеде болып мәселені шеше алмайды. Мұғалімдердің кәсіптік дайындығының белгілі бір тар шеңбердегі қызметкер қатаң бағытталуы, оқытудың ұжымдық әдістері мен тиімді технолгиясының толық талдамасының болуы, диагностикамен тесті қолданылудың тиімділігі, қызметкерлердің кәсіптік жағына инновациялық өзгерісті баяндауда ынталандырудың болмауы.
1. «Дидар» газет басылымдары. 2007-2008 ж.ж.
2. «Қазақстан мектебі» журналдар. 2000-2003 ж.ж.
3. Адам және қоғам мәдениеті. Алматы. 2000 ж.
4. Анастасова Л.П. Самостоятельные работы учащихся по общей биологии: Пособие для учителя. – М.: Просвещение, 1989.
5. Биология оқыту әдістемесі. Оқу құралы/ авт. Мырзабаева А.Б. – Караганда, 2006
6. Бровкина Е.Т., Казьмина Н.И. Уроки зоологии. – М.: Просвещение, 1987.
7. Брунов Е.П., Малахова Г.Я., Соколова Е.Л. Уроки анатомии, физиологии и гигиены человека. – М.: Просвещение, 1984.
8. Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии: Учебное пособие. – М., 1966.
9. Всесвятский Б.В. Общая методика биологии: Учебное пособие.- М., 1960
10. География және табиғат. 2003-2008 ж.ж.
11. Демьяненков Е.Н. Биология. Мир человека. 8 класс. – М.: Гуманитар. изд. центр ВЛАДОС, 2004.
12. Карцева И.Д., Шубкина Л.С. Хрестоматия по методике преподавания биологии: Учебное пособие. – М., 1984
13. Конаржевский Ю.А. Анализ урока. – М.: Центр «Педагогический поиск», 2000.
14. Конюшко В.С. Как подготовить урок биологии: Пособие для учителя. – Минск: Народная асвета, 1988.
15. Кузнецова В.И. Уроки биологии: 6-7 кл. – М.: Просвещение, 1991.
16. Методика обучения ботанике/Под ред. Н.В.Падалко, В.Н.Федеровой. – 3-е изд., перераб. – М., 1982.
17. Методика обучения ботаники. / Под ред. Н.В.Падалко, В.Н.Федеровой. – 3-е изд., перераб. – М., 1982.
18. Муртазин Г.М. Активные формы и методы обучения биологии: Человек и его здоровье: Книга для учителя; из опыта работы. – М.: Просвещение, 1989.
19. Никишев А.И. Как обучать биологии: Животные, 7 кл. – М.: Гуманитар. изд. центр ВЛАДОС, 2004.
20. Соковня-Семенова И.И. Основы физиологии и гигиены детей и подростков с методикой преподавания медицинских знаний: учебное пособиедля студентов пед учеб. заведений. – М., 1999.
21. Шапошников Н.И. Методика преподавания ботаники: Учебное пособие. – М., 1965
22. Шарова И.Х., Мосалов А.А. Биология. Внеклассная работа по зоологии. – М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2004.
23. Экология және ана мен бала денсаулығы. 1991 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
1.1 Биологияны оқытудың ұйымдастыру
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...5
1.2 Биология сабағында жергілікті жер материалдарын пайдалану арқылы жеке
тұлғаны дамытудағы білім мен
тәрбие ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..6
2. Биология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы
жануарларды оқушыларға таныстыру
2.1 Биология сабағында жергілікті жердің биологиялық ерекшеліктерімен
таныстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Жергілікті жер материалдарын пайдалану арқылы жүргізілген сабақ ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26

Кіріспе
Мемлекеттің эканомикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен
олардың білім жүйесімен, азаматтардың білім деңгейін анықталатыны белгілі.
Көптеген білім беру мекемелері үздіксіз ізденіс үстінде және олар көптеген
болжам болжап болмас жағдайларға тап болып отыр. Мұндай жағдайлардың
көпшілігі бірінен бұрын білім беруді дамытудың перспективасы мен
мәселелерін дұрыс болжай алмай отырған ұстаздар еңбек ететін ұжымдары
көрініс табуда. Қазыігі мектептерде жұмыс істеудің жаңа әдістері мен
үлгілерін қолдану әрекеті сыныптық сабақтық жүйенің шеңберінен шықпайды.
Бүгінгі білім берудің ұлттық жүйесін сақтап қалу үшін өскеленең
бәсекелестік жағдайда барлық оқу тәрбиелеу мекемелеріне үздіксіз дамуы мен
қызметінің жоғары дәрежеге ретілдіру қажеттілігі жетіп отыр. Қазыргі
қолданылып отырған білім беру жүйесінің жаңа типтетінің пайда болуы мен оны
соңғы жағдайға сәйкес өзгерту, оқытудың әдісі мен амалдары, үлгілері,
махмұнының жаңаруы өз кезеңінде ғылыми идеалар психалогиялық –
педагогикалық теория негізінде жетілдірген практикалық шешімдерге
негізделуі керек. Сонысен қатар оларды дайындауда мұның бәрі алдын ала
ескертілудің қажеттілігін көрсетеді. Мұндай дайындық педагогикалық –
кәсіптік білім берудің әдісі мен формасын, мазмұнындағы өзгерісті
жетілдіруді талап етеді. Мұндай себептерге орай білім берудің бүгіндері
қолданылып жүрген жүйесі толық дәрежеде болып мәселені шеше алмайды.
Мұғалімдердің кәсіптік дайындығының белгілі бір тар шеңбердегі қызметкер
қатаң бағытталуы, оқытудың ұжымдық әдістері мен тиімді технолгиясының толық
талдамасының болуы, диагностикамен тесті қолданылудың тиімділігі,
қызметкерлердің кәсіптік жағына инновациялық өзгерісті баяндауда
ынталандырудың болмауы.
Оқушылардың білімін көтеру оқуға деген ынта жігерімен қызығушылығын
арттыру әр мұғалімнің міндеті. Осы мақсатта мұғалімдер әр түрлі әдістермен
тәсілдерді пайдаланып отырса, оқушылардың пәнге деген қызығуы артып,
өздігінен ізденуіне мүмкіндік жасалады. Бұл орайда азамат баласының өз
ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін, тәжірибелерін
жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың ұзақ үлгілерін
жаңашылдықпен дамыту қашан да жасғаса береді.
Биологияны оқыту процесінде жергілікті жер материалдарын қолдану өз
тиімділігін көрсетуде.
Жергілікті жер материалдарын пайдалану білімді туған өлкенің табиғаты,
тарихы, байлығы жайлықосымша кең көлемді біліммен толықтырып отырады.
Жергілікті жердің табиғатының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін,
экономикалық даму келешегін білуге деген қызығушылығы артуда, сол туған
өлке жайлы терең білім беру және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті
тәрбиелеудің маңызы арта түсуде. Сондықтан, биология сабағында
жергілікті жердің материалдарын қолдану жұмысын жетілдірумаңызды
педагогикалық үдеріс болып табылады.
1. Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
1.1 Биологияны оқытудың ұйымдастыру формалары
Биологиядан оқу процесінің негізгі формасы сабақ болып табылады. Ол
белгілі бір ұйымдастыру белгілерімен сипатталады: оны мұғалім тұрақты оқу
кестесі бойынша құрамы тұрақты оқушылар тобымен арнайы жабдықталған
биология кабинетінде немесе класс бөлмесінде өткізеді.
Жылдық (перспективті) жоспарда сабақ сағаттары тақырып бойынша және
күнтізбелік мерзімі бойынша белгіленеді. Жоспарда мейрам және каникул
күндерін шығарып тастап, нақты сағат саны тақырыпқа бөлінеді және өту
мерзімі белгіленеді. Сонымен қатар қайталау сұрақтары белгіленеді,
экскурсия мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарланады.
Перспективті жоспар негізінде оқытушы тақырыптық жоспар жасайды. Онда
тақырып мазмұнын түсіндіру реті мен логикасы, қолданылатын әдістер, көрнекі
құралдар, практикалық жұмыстарға қажетті материалдар және сабақтан тыс
өткізілетін жұмыстар көрсетіледі. Білімді жақсы меңгеру және бекіту үшін
қажет болған жағдайда кейбір тақырыптардың сағат мөлшерін 1 – 2 сағатқа
көбейтуге болады. Мұндайда кейбір тақырыптардың сағаты қысқартылады және
бағдарлама толық орындалу керек. Тақырыптың өзара орынын ауыстырған дұрыс
емес. Жылдық жоспарда қайталауға ерекше көңіл бөлінеді. Жылдық жоспарда
нақты тек экскурсиялар мен сыныптан тыс жұмыстар белгіленеді, үй жұмысы мен
сабақтан тыс жұмыстар әр тақырыпқа анығырақ жазылады.
Биология оқытушысына жұмысты жоспарлаудың өте бір қажеттілігі мынадай
жағдайға байланысты: биология оқытушысы материалды күн ілгері әзірлеу
керек, белгілі бір мерзімде көрсетілетін тәжірибелерді алдын ала жасау,
экскурсия туралы күні бұрын келісу және т.б. қажет.

1.2 Биология сабағында жергілікті жер материалдарын пайдалану арқылы жеке
тұлғаны дамытудағы білім мен тәрбие
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-
өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануар, құстар, жәндіктерге т.б. береді.
Қазақ халқының табиғатқа сүйіспендігін күнделікті қолданылатын заттарынан
анық байқауға болады. Мысалы, түскиіздегі ою-өрнек, хош иісті гүлдерді
бейнелеуі, сырмақтағы қошқар мүйіз, кұс тұмсықтары мен қанаттары адамның
табиғатқа құштарлығынан туындаған.
Халық емшілері жануарлардың, өсімдіктердің қасиеттерін науқастарды
емдеуге қолданған. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең
білмей, оған қалай болса солай қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде
табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар
қырып жойылып, шамадан тыс ауланды, тың игеру кезінде жер жөн-жосықсыз
жыртылып, топырақ эрозиясы туды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адамзат
тағдырына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп
отыр. Бізді табиғат экологиясына душар еткен – ана экологисының нәтижесі.
Әр нәрсенің арнасы білуден басталады. Сондықтан қазақ халқы Білмеген
у ішеді дейді. Шынында да солай. Экология деген сөз тіршілік ету
мекені, өмір сүрген орта туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1866
жылы экология терминін атақты неміс биологі Эрнест Геккель ғылымға енгізген
және экология табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін
ғылым деген анықтама берген. Ата – бабамыз көздің қарашығындай қорғап,
бізге мұраға қалдырған қазақ жерінің асты- үсті тұнған байлық. Бүгінде
тәуелсіз Қазақстанда ғана емес бүкіл әлем алдында экологиялық апат тұр.
Адам ақыл – ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар т.б
ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта жеңілдете түсумен қатар
қауіп қатер туғызуда.
Осындай иен байлыққа тәуелсіз республикамыз да ие. Бірақ табиғат тозып
бара жатыр. Одан айнала қоршаған орта мен адамдар денсаулығына келер залал
ұшан теңіз. Біздің облысымызда да табиғаттың тозып, экологиялық жағдайдың
қиындап бара жатқанын көріп отырмыз. Оның бәрі адамдардың жауапсыздығынан.
Облысымыздың әр жерінен өрттің жиі шығуы, тал мен шеңгелдің құруға айналуы,
жүгірген аңның азаюуы, топырақ құнарлығының кемуі – адамдардың қоршаған
ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.
Адамның өзі сол табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Табиғат пен Жер
ананы сүйе білу, оны аялау – адамның азаматтық борышы.
Қазіргі демократия жағдайында көп нәрсеге қол жетті. Көмкерулі жатқан
талай сырлар ашылып, құпиялардың көбесі сөгілді.
Бүгінгі күні адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі -
өзімізді қоршаған табиғи ортадағы жан-жануар, өсімдік, өзен – су, ауа және
орман-тоғайларды қолдан келгенше табиғи күйінде сақтап, болашақ ұрпаққа қаз-
қалпында қалдыра білу болып табылады.
Оны іске асыру үшін мектептерде, тіпті бала бақшадан бастап балаларға
экологиялық білім мен тәрбие беру.
Жалпыға білім беретін мектепте жүргізілетін барлық пәндердің
табиғатпен байланыстылығы бар. Әсіресе, география, биология, химия, физика
пәндерінің алатын орны ерекше. География пәні оқушыларға үздіксіз толық
экологиялық білім мен тәрбие беру құралы. Төменгі сыныптарда алған білімі
арқылы дүниетанымы біршама қалыптасқан оқушылар жер шарының құрамдас
бөлігін (атмосфера, литосфера, гидросфера) оқып – үйренуге құлшына түседі.
Сол үшін 6 сыныпта Литосфера тарауында жер қыртысын түзетін жыныстардың
құрамында болатын өзгерістердің, топырақ эрозиясының экологиялық себебін
ашуға баулыған. Мысалы, Күршім ауданы Маралды бөлімшесіндегі алтын қазу
жұмыстары барысында көптеген жайылымдық жер бүлінуде, кені бар жыныстар
қопарылып алынған соң бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру баяу
жүргізілуде.
Гидросфера тарауын оқытқан кезде туған өлкенің ішкі суларымен
таныстырып, оларды қорғау бағытындағы жұмыстары туралы өздері қорытынды
жасайды.
Табиғаттың адамға берген ең үлкен сыйы – су. Сусыз жер бетінде
өсімдік өспейді, жануарлар тіршілік ете алмайды. Су табиғаттағы барлық
тіршілік атаулының құрамына кіреді.
Су ресурстарына тау-кен өндіруші, металлургия, жылу энергетика
өнеркәсібі салаларының кәсіпорындарының техногенді салмағының түсуіне
байланысты Шығыс Қазақстан облысының өзендері (Ертіс, Үлбі)
республикамыздың өте қатты ластанған өзендерінің қатарына жатады. Жер беті
суларының ең жоғары ластануы полиметалл рудаларын байыту және өндіру
аудандарында байқалады.
Атмосфера тарауында экологиялық мәселелер өте көп. Әсіресе, ауаның
ластану көздері, қышқыл жаңбырлар, озонның жұқаруы туралы мәліметтер беру
арқылы пәнаралық, күнделікті өмір мен байланысты жүзеге асыра отырып,
олардың экологиялық көзқарастарын қалыптастыруға болады. Облысымыздағы
экологиялық жағдайдың барған сайын нашарлауы 150-ден астам кәсіпорынның
болуы. Облыс бойынша жылына ауаға 112 млн. 5 мың тонна зиянды қалдықтың
таралуы, автокөліктің зиянды түтіні бүлдіруде. КазақМырыш, Өскемен жылу
энергетика орталығы, Өскемен жылу станциясы мұржаларынан шыққан улы газ
қоршаған ортаға өте қауіпті.
Мысалы, 8-сыныпта Қазақстанның өсімдіктер дүниесі тақырыбын өткенде
оқушыларға халқымыздың ерекше қастерлеп, талай ғасыр бойы аялап, қамқорлық
жасап келген табиғат байлығының бір тобы - өсімдіктер әлемі екенін
түсіндіремін. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы да мүмкін емес.
Қытай дәрігері Шин Нон Сенің денеңнің қуаты - өсімдіктің шырынында
деген.Әйгілі ғалым және дәрігер Ибн Сина Дәрігерде үш қару бар. Олар :
сөз, өсімдік, пышақ деп жазған. Дәрілік өсімдікті халық - өмір шөбі деп
атайды. Өсімдіктерден алынған дәрілік препараттар химиялық жолмен алынған
дәрілерге қарағанда адам ағзасының клеткаларының құрамына бір табан жақын.
Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктің 150 ден астам түрлерінен дәрілер жасалады.
Мысалы, Ұлан ауданы Асубұлақ өңірінде дәрілік өсімдіктердің көптеген
түрлері өседі. 1997 жылға дейін ауылымызда дәріханада осы шөптерден жинап,
кептіріліп дәрілер жасалатын. Қазіргі кезде экономикалық жағдайға
байланысты дәрі жасайтын дәріхана жоқ. Бірақ ауылда осы дәрілік шөптерді
әлі де қолданып жүрген адамдар бар. Мысалы, Жакупов Мәмпас ата. Ол кісі
күзде көптеген дәрілік шөптерді жинап алып, пайдаланады. Жалбызды
балалардың іш ауруына, ыстығы көтеріліп ауырған адамдарға емдік қасиетінің
пайдасы зор.Адыраспан – пайғамбар шөбі. Оны өсіп тұрған жерінен кез келген
адамға алуға болмайды, оны дұға оқып барып алу керек. Себебі : ол қасиетті,
киелі шөп болып саналады. Онымен үйдің ішін аластап, жоғары іліп қояды.
Өсімдік – тіршілік тірегі.Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына
400 млн. т. оттегін бөліп шығарады. Жылына 1 адам тыныс алу үшін 173 мың
литр оттегін қабылдайтыны анықталған.
Жасыл желектер ауаны шаң мен улы газдардан тазартады. Өсімдіктер ауаға
ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады, айналадағы
шуды да бәсеңдетеді. Ал шу адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, қан қысымын
көтереді. Сондықтан өсімдіктің қызметін бірде-бір жетілген механизм атқара
алмайды. Қазақ әр қашан жасыл әлемді аялап, құрметтеп, көкті жұлма, көктей
соласың деп өз ұрпақтарын даналық сөздермен тәрбиелеген.
Қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру ең маңызды
проблемалардың бірі болып отыр. Барлық облыс аудандарында қаражаттық
қиындықтарға байланысты қоқыс тастайтын жерлер қараусыз қалдырылған.
Санитарлы-экологиялық талаптарға сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды
орналастыру полигондары Шығыс Қазақстан облысында жоқ десек те болады.
Тағы да бір экологиялық мәселені қарастыратын болсақ, 9-сыныпта
Қазақстан халқы тақырыбын оқығанда, қаламыздағы халықтын өсуін, өмірге
келген сәбилердің аурушаң болуын, аналар денсаулығының нашарлауын тікелей
экологиямен қатысты екенін мысалдар арқылы дәлелдеп көрсеттім. Соңғы 2
жылда балалар арасында : бүйрек аурулары, қан аздығы, тері аурулары көп
байқалуда. Осының бәрі экологияның әсері деп түсінеміз.
Қандай болса да шиеленіскен экологиялық мәселені мамандар шешеді.
Экологиялық дағдарыстан шығудың ең бір тиімді жолы – сауатты және саналы
мамандар екндігін айта отырып, 10-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беріп,
жаңа маман кадрлар түрлерімен таныстырып, ұсыныс беру арқылы жұмыстар
жүргізіледі.
Оқушы нақты материалды меңгере отырып, ойлануға, өздігінен ізденіп
жұмыс жасауға, өз ойын жазбаша, ауызша баяндай білуге, меңгерген білімінен
қорытынды шығаруға үйренеді.
Оқушылардың туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігі артады.
2. Биология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы
жануарларды оқушыларға таныстыру
2.1 Биология сабағында жергілікті жердің биологиялық ерекшеліктерімен
таныстыру
Келесі тақырыпта моллюскалар тобының өкілдері-бауыраяқтылармен екі
жармалылар. Ғылым және білім министрлігі бағдарламасы бауыраяқтылармен
таныстыру барысында үлкен прудовикті мысалға келтірді. Қазақстан жерінде
кездесетін дала ұлуы мен шырышты ұлу құрылымы талқыланды. Моллюска-лардың
бұл түрлері мақтаға, жоңышқаға, бақша және басқа ауыл шаруашылық
өсімдіктеріне зиян, сондықтан оқушылардыөмір сүруімен, құрлымымен танысуы
тек танымдық ғана емес сонымен қатыр тәжірибелік маңызы зор. Оқушылар
моллюскалардың ішкі құрылысының ерекшеліктерін танып өолармен күресу
жолдарын біледі.
Екі жармалы тобымен танысу барысында, Қазақстан Республикасы
аумағындағы көлдері мен ағысы жәй өзендерінде кездесетін тіссіздер мысалға
алынады.
Осы моллюскаларды оқу кеінде, шығу тегі бір екендігін және орналасу
өзгешелігін анықтау мақсатында басқа түрлері мен салыстырылады. Буынаяқ-
тылартобынаоның түрлері өте көп. Бағдарлама оның мына үш тобын оқуды
ұсынады.
Шаян тәрізділер, өрмекші тәрізділер және шыбын-шіркейлер. Шаян
тәрізділерді оқу кезінде. Қазақстанның су қоймалары мен өзендерінде
кездесетін өзен шаян мысалға алынды. Оның ішкі және сыртқы құрылысы
талқыланды. Сонымен қатар кәсіпшілік маңызы бар басқа да ірі және ұсақ шаян
тәріздлерге де түсініктеме беріледі.
Зоология курсында, Қазақстанның балық шаруашылығында жем ретінде
кеңінен қолданылатын ұсақ шаян мен циклопака тоқталып өткен жөн.
Ғылым және Білім беру Министрлігінің бағдарламасы, өрмекші тәріздес-
терге тоқталғанда өрмекші –ала бүйі мысалға алынуды ұсынды. Дегенмен
,өрмекші-ала бүйі Қазақстан аумағында көп кездеспейді, бізде кездесетін
тұрлері: шаян, қарақұрт және бүйі. Бұл шаян тәріздестер Қазақстан территор-
иясында көп кездеседі, сондықтан оларды көптеген оқушылар біледі. Бұл шаян
тәріздестердің уы аңдарға, адамдарға өте қауіпті, сондықтан да бұлар жайлы
оқушылардың білуі өте қажет. Әсіресе шаян тәріздестер шаққан алғашқы сәтте
көмек көрсете білу өте маңызды. Бұл типтерга кенелер тобы да қажет.
Республикамыз аумағында қайталама сүзек ауруын қоздырушы кене және қотыр
кенесі кездеседі. Бұл кенелер мен жануарларда кездесуі мүмкін. орта Азия
жануарлар дүниесінде кездесетін, өсімдіктер шырынымен қоректенетін
өрмекшелі кене арам шөптерден ауыл шаруашылық өсімдіктеріне өтіп, оларды
зақымдайды. Кенелер Қазақстан аумағында көп кездесетіндіктен және
паразиттік түрде өмір сүретіндіктен зоология курсында оқытылуы тиіс.
Бағдарлама шыбын-шіркейлер тобымен, мамыр қнңызының сыртқы және ішкі
құрылысымен бастауды ұсынады. Біздің көз қарасымыз бойынша, республиканың
барлық аймағында кездесетін наурыз қоңызын мысалға алған дұрыс. Наурыз
қоңызын оқу кезінде оқушыларға оның ортасын көрсетіп, ауыл шаруашылық және
сәндік өсімдіктерінің жауы ретінде таныстыру мүмкіндігі көп. Сонымен қатар
наурыс қоңызын мысалға алу арқылы оның дамуын, көбеюін қадағалап,
метаморфиза құбылысын байқауға болады.
Қазақстан Республикасы аймағында кездесетін, тік қанаттылар отрядының
өкілдері оазистік прусин немесе итальяның шегіртке бұрыннан бері мақтаның
зиян кесі болып табылады. Тірі қанаттылар мен танысу барысында, олардың
толық емес метаморфозасы арқылы дамуын көрсетіп, олардың ауыл шаруашылық
химиясы жетістіктері мен авиациясы қолданысына тоқталып өткен дұрыс.
Біздің Республикамыздың табиғат аясында кездесетін өсімдіктер биті
(тля), тең қанатталар отрыдына жатады. Жеміс ағаштарында (алма, алмурт)
алма битін сүйектілерде (шабдалыда) –шабдалы биті, ал мақтада мақта биті
болады. Бұл аталғандар сортын шақпа ауыз аппараты, яғни тұмсығы арқылы
өсімдік шырынымен қоректеніп, жылдам көбейеді, өсімдіктерге зиян келтіреді.
Биттер қанатты және қанатсыз болып келеді. Қанатты биттер жақын орналасқан
басқа өсімдіктерге ауысады. Бит биологиясының білудің ауыл шаруашылық
өсімдіктеріне зиян келтіруші биттермен күрес жүргізуде маңызы зор болмақ.
Қазақстан аумағында кездесетін қос қанаттыларды оқу кезінде өлкетану
материалдары кеңінен қолданылады. Жарғынаттылар өкілі балды аралар мен
құмырсқалар республикамыздың барлық аудандарында кездесетіндіктен, оларды
танып-білу оқушылар қызығушылығын арттырады.
Омыртқалаларды оқу, балықтар тобы (класын) талқылаудан басталады. ТМД
елдері орта белдеуі мектептерінде бірнеше рет ала бұғасымен танысады. Бұл
мысал арқылы балық организімінің морфологиясы анатомиясы және басқа
физиологиялық жүйелері, шартты рефлексі оқытылады.
Өзен алабұғасы Қазақстан Республикасында кездеспейтіндіктен,
оқушыларға балықтың бқл түрі таныс емес. Республика өзендері мен
көлдерінде, су қоймаларында әртүрлі балықтар кездеседі әсіресе сазан мен
туқыға бай. Бұл балықтарды еліміздің мектептеріндегі оқушылар жақсы
білетіндіктен, балықтар тобын оқуды сазаннан бастау қажет. Сонымен қатар
жергілікті мысалды қолдануда, қоршаған ортаға байланысты көрнекті құрал
ретінде әр түрлі балықтарды көрсетуге болады. Бұл балықтар көл, су
қоймалары, канал балықтары (сазан, туқы) жылдам ағысты тау өзендері
балықтары (мартнка) және су түбіндегі балықтар (түркістан лақасы және
т.б.).
Жергілікті кәсіпшілік түрлері мен танысуда теңіз, ағын су және тұщы
сулардағы балықтарға түсінік берілді. Балықтарды қорғау сұрағын талқылау
барысында Республикамызда құрылған тоған шаруашылығы мен Қиыр Шығыстың
бағалы балық түрлері бар су қоймалары жайлы айтылады. Бұл су қоймаларында
кәсіпшілік маңызы бар толстолобик, ақ амур жыланбас және т.б. түрлері
кездеседі.
Толстолбик және ақ амур тек қана тамақ ретінде қолдануға ғана
қолданылмайды, сонымен қатар олар жасанды су қоймаларындағы су
өсімдіктерінің жайлап кетуіне жол бермейді.
Гамбизия балығы, безгек аумағына қарсы күресте маңызды рөль атқарады.
Гамбузия безгек масасы личинкасымен қоректенетіндіктен, оны совет ғалымдары
ТМД елдерінде жойылған.
Қос мекенділер тобын оқуда, біздің елімізде көп кездесетін көл
құрбақасы мен бақа мысал ретінде ыңғайлы объект. Қазақстан Республикасын-да
қос мекенділердің осы түрлері ғана кездеседі.
Жылы, құрғақ климат бауырымен жорғалаушылар үшін ыңғайлы, сондықтан
Қазақстан далалары мен шөлейтті жерлері тау етектері ТМД елдері орта
белдеуіне қарағанда булар өте көп кездеседі. Ғылым және Білім беру
министрлігі ұсынған бағдарламасында, Қазақстан аумағында кездесетін
бауырмен жорғалаушылар берілмеген. Сондықтан бұл тақырыптағы ширақ
кесірткенің орнына дала ағамасын мысалғы алғын дұрыс. Сонымен қатар үлкен
кесіртке-варан, аяқсыз сарықарын сияқты қызықты түрлеріне де жалпы өту
қажет.
Улы жыландарды оқығанда эфа, дала сұр жыланын, улы емес жыландардан су
жыланын, қара шұбар жыланын мысалға алу ұсынылады. Оқушыларға Қазақстан
ғалым герпотологтарының улы жыландардан жүйелі түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология және экология пәндерін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
Экология сабағында жергілікті материалдарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Қазіргі күндегі экологиялық білім берудің географиялық негізі
Білім беруді цифрландыру
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Биология пәніннің жүйесі және түсініктері
АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ
Биологияны оқытуда халықтық педагогиканың орны
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Пәндер