Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыру
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын пайдалануда бюджеттіліктің теориялық негізі
1.1 Муниципалдық құрылым қаржы ресурстарының мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жергілікті бюджет . муниципалды құрылымдар қаржыларының негізгі ресурсы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік.экономикалық дамуындағы мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
II Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарының құрылымы мен қалыптасуының негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2 Өскемен қаласының қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздері талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
III Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын жетілдіру жолдары
3.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын басқарудағы бюджетаралық теңестіру механизмін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып кқрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байлынысты болды.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Еліміздің өз егемендігін алғаннан бері нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келеді. Бірақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзін-өзі басқаруы мүмкін емес. Оған белгілі бір дәрежеде мемлекет өзінің саясаттары арқылы әсер етіп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттің ақша - несие саясаты және қаржы (бюджеттік) саясат жатады.
Жергілікті қаржы - мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік – аумақтық құррылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Бұл курстық жұмыста жергілкті қаржының басты буындарының бірі – жергілікті бюджеттер егжей-тегжейлі қаралады, ал басқа буындары – жергілікті шаруашылық жүргізуші субектілердің қаржылары, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар жалпы ұлттық шаруашылықтың шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің бюджеттен тыс қорларына тән біркелкі белгілері мен қасиеттері бар функциялық жағынан бір тектес ұғымдар ретінде тиісті тарауларда қаралған.
Бірінші тарауда жергілікті қаржының мәні, маңызы, құрылымы ерекшелігі қарастырылған. Екінші тарауда жалпы жергілікті бюджетті талдау туралы. Ал үшінші тарауда жергілікті қаржының міселелері және оны шешу жолдары қарастырылған.
Жергілікті бюджет – бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.

1. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңы., "Заң", №3, 2001ж.
2. Ілиясов Н.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”- Алматы: 2005.
3. www.google.kz
4. Сәдірқызы Г. «Жергілікті өзін-өзі басқару...» // Егемен Қазакстан, 21.10.2005 ж.
5. Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері А. 2007
6. ҚР-ның Президенті мен Үкіметінің Актілер жинағы 7/2004 ж. 14-39 б.
7. “Жергілікті басқаруда экономикалық механизмдерді қолдану жолдары” А. Тсенкиева.Қаржы- қаражат,2005 ж. 3 б.
8. “Бәсеке қабілетті Қазақстан үшін, бәсеке қабілетті экономика үшін, бәсеке қабілетті халық үшін”Президентттің Қазаұстан халқына жолдауы. Егеменді Қазақстан,19.03.2005 ж.
9. Есали А. Жергілікті өзін-өзі басқару ірі қалаларда калай шешіледі? // Егемен Қазақстан, 3.06.2006 ж.
10. “Жанұя бюджеттеріндегі әлеуметтілікті қоғамдық тұрғыда қолдау” А. Молдабекова, Қаржы-Қаражат 2/2004ж.
11. Өтебаев Н.С «Мемлекеттік қаржы». Алматы, 2005
12. Қ.Р-сы Қаржы Министрлігінің бюджет жобасын әзірлеу туралы құжаты, 2010 қараша
13. Аглешов.К Финансово-экономическая модель местного самоуправления в республике Казахстан.// Саясат-2004.-№4
14. Д.Мельников «Қаржы негіздері»-Экономика :1998
15. 2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының фискалдық саясаты
16. Аглешов К. Финансовые основы местного самоуправления.// Финансы Казахстана.-2004.-№1.
17. Рудебек К. Финансы местного самоуправления: Шведский опыт // Финансы. - 1998. №4. 618
18. Жоламан. Децентрализация государственной финансовой системы РК как источник экономического роста. Фонд Сорос - Қазақстан. №3,2001.
19. Исаева А.Ж. Шетелдердегі жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің тәжірибесі және оның Қазақстанда енгізу мәселелері//Д.А. Қонаев атындағы Университет хабаршысы., 2008, №2- 39 б

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын пайдалануда бюджеттіліктің
теориялық негізі
1.1 Муниципалдық құрылым қаржы ресурстарының мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Жергілікті бюджет – муниципалды құрылымдар қаржыларының негізгі ресурсы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік-
экономикалық дамуындағы мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
II Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарының құрылымы мен қалыптасуының
негізгі
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...25
2.2 Өскемен қаласының қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздері
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
III Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын жетілдіру жолдары
3.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын басқарудағы бюджетаралық
теңестіру механизмін жетілдіру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
КІРІСПЕ
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша
қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы
ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық
қатынастарды қамтып кқрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі
тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің
және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байлынысты болды.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық
қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың
құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің,
оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан
экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық
және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Еліміздің өз егемендігін алғаннан бері нарықтық қатынастар күннен-
күнге дамып келеді. Бірақ экономикада қанша нарықтық қатынастар
орнағанымен, оның өзін-өзі басқаруы мүмкін емес. Оған белгілі бір дәрежеде
мемлекет өзінің саясаттары арқылы әсер етіп отыруы керек. Мұндай
саясаттарға мемлекеттің ақша - несие саясаты және қаржы (бюджеттік) саясат
жатады.
Жергілікті қаржы - мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып
табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы
бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-
ақ мемлекеттің әкімшілік – аумақтық құррылысымен және оның саяси
экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Бұл курстық жұмыста жергілкті қаржының басты буындарының бірі –
жергілікті бюджеттер егжей-тегжейлі қаралады, ал басқа буындары –
жергілікті шаруашылық жүргізуші субектілердің қаржылары, сондай-ақ
бюджеттен тыс қорлар жалпы ұлттық шаруашылықтың шаруашылық жүргізуші
субъектілері мен мемлекеттің бюджеттен тыс қорларына тән біркелкі белгілері
мен қасиеттері бар функциялық жағынан бір тектес ұғымдар ретінде тиісті
тарауларда қаралған.
Бірінші тарауда жергілікті қаржының мәні, маңызы, құрылымы ерекшелігі
қарастырылған. Екінші тарауда жалпы жергілікті бюджетті талдау туралы. Ал
үшінші тарауда жергілікті қаржының міселелері және оны шешу жолдары
қарастырылған.
Жергілікті бюджет – бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге
мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы
базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай бөлігінде
көрінеді:
- билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;
- бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың
арасында қайта бөлу.
Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан
қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық
дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға
қарасты аумақтарды оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық
әлеуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып, пайдалануға
мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рөл
атқарады. Бөлу тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді.
Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі
әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктердің
бюджетін біріңғай бюджеттік жоспарлау негізінде әзірлеп, дербес атқарады.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті қаржы жылына тиісті жергілікті
бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарап, бекітеді.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктер
бюджеттерінің атқарылуын, бюджеттік қаражаттарының тиімді және мақсатты
жұмсалуын қамтамасыз етеді.

1.1 Муниципалдық құрылым қаржы ресурстарының мәні мен маңызы
Жергілікті өзін - өзі басқаруға тұрғын халық тікелей сайлау жолымен,
сондай – ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және
қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін
- өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Сонымен қоса Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес,
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет
тәртібін заңмен белгіленген өкілеттігі олардың заңмен белгіленген
өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.
Нарықтың байланыстардын даму шал шандығымен аймақтарды ірілендіру
процесі құқықтық, қаржылық және әлеуметтік – экономикалық шарттары
жергілікті өзін - өзі басқару органдары тиімді жұмыс істеуін талап етеді.
ТМД – елдерінің, жергілікті өзін - өзі басқару заңының үлгісіне
сәйкес. “Муниципалдық құрылым” – бұл қалалық және ауылдық халық, бір
аумақпен біріктірілген, сол арада муниципалды өзін - өзі басқару жүзеге
асатын. Жергілікті және меншікті болу, жергілікті бюджет және сайланбалы
жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ескере муниципалдық құрылымың
шекарасын, тарихи жағдайда және басқа да жақтарын қарастыра, Мемлекеттік
билік органдары белгілейді.
Муниципалдық менеджмент басқарудың жаңа системасы болып қана қоймай,
ол нарықтың экономиканы түсініп соған толық жетудегі мақсатқа сәйкес
келетін шешім болып табылады. Яғни республикада басқарудың командылық -
әкімшілік системасының көріністері қалдықтар әлі де жергілікті
демократиялық басқаруды тенейді.
Әрине басқарудың жаңа системасын бола тура муниципалдық менеджменте
Қазақстан Респуликасында керекті құқықтық актілердің өзіне болмауына және
экономикалық дағдарысын салдарынан үлкенқиындық көруде. Бұл системанын
тиімділігі, дүние жүзінің көптеген қалаларда нарықтың экономикалық
қалыптасуымен дәлелденген және мақсатқа лайықтылықпен.
Басқа да жаңа экономикалық пәндер – сияқты муниципалдық менджментте
өзінің жаңа терминалогиясын, жаңа түсінігін енгізеді, және де
болашақ Мемлекеттік және муниципалдық басқарушы маман осы жаңалықтарда
білуге тиіс.
Сонымен муниципалдық, жергілікті сияқты терминдер сол аумақтағы
өндірістерде, зауыттарда және басқа да салаларда қолданылады.
Муниципалдық меншік түсінігі – бұл муниципиялдық аумақтың меншігін
білдіреді. Муниципалдық меншікпен жергілікті өзін - өзі басқару органдары
басшылық етеді. Жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасын
атқарушы орган біріңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму
қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын
жүргізіледі қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдарын қарауына мыналар
жатады:
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік
бағдарламарын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын
қамтамасыз ету;
2) коммуналдық меншікті басқару;
3) жергілікті атқарушы органдарын басшыларын қызметке тағайындау және
қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдарын жұмысын ұйымдарға
байланысты өзге де мәселерді шешу.
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен
жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асыру.
5) жергілікті атқарушы органдарын құзыреті ұйымдастырылуы және олардың
қызмет тәртібі заңмен бегіленеді.
Жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар тиісті әкімшілік –аумақтың,
бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді
ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларда белгіленеді, олардың
жүзеге асырылуын бақылайды. Маслихаттарда жалпыға бірдей, тән төте
сайлауын құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 4 – жыл мерзіміне
халық сайлайды.
Маслихатын қарауына мыналар жатады:

бағдарламарын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы
есептерді бекіту;
2) өздерін қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік – аумақтық құрылыс
мәселерін шешу;
3) Заңмен маслихат құзыретіне жатқызылған жергілікті атқарушы органдар
есептерін қарау қажет[1].
Жергілікті қаржы - ақша нысаныныдағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін
жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау,
бөлу, пайдалану процесіндегі қажы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы
мемлекетің қаржы жүйесіндеггі маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол
жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың
жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржысын кіріктіреді.
Нарықтық қатынастардың қалыптауы жағдайында жергілікті органдар
қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік, экономиалық, экологиялық,
демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәір дербестікке ие бола
бастады.
Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік
бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде маңызды міндеттер жүктелінген. Халыққа
қызметкөрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы
ресустары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның
салалары халыққа қызметтер көрсетуді бюджет қаражаттарынан қалыптасатын
қорлар есебінен көрсетеді. Бұл, тиесінше жергілікті қаржының рөлі мен
маңызын арттырып отыр. Оның қызметінің тиімділігі бірқатар жағдайларға –
жергілкті қаржының бүкіл теориялық аспектілерін анық етіп шешіп алуға,
елдің бюджет құрылысының жалпы мемлекеттік құрылысқа нақты сәйкестігіне
байланысты болып келеді.
Жергілікті қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні жалпы мемлекеттік
қаржыға ұқсас.
Жергілікті қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік
пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен,
слндай-ақ мемлекеттің әкімшілік–аумақтық құрылысымен және оның саяси-
экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің
жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиімті аумақтардың экономикалық
әлуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы
мен міндеттерінің белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік
заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының
дәрежесіне байланысты болады.
Қаржы ресурстары мен капитал түсініктері арнайы экономикалық
әдебиеттерде және кезеңдік басылымдарда, сонымен қатар кәсіпкерлік бойынша
нұсқауларда еркін талқыланады. Категориялық аппаратты жетік игермеу қаржы
жүйесі мен қаржы механизмінің түсінігін бұрмалауға әкеліп соқтырады.
Сонымен қатар, экономист-теоретиктер қарастырылып отырған
категорияларды талқылаудың бірыңғай жүйесіне әлі де болса келмеген. Осы
орайда біз қаржы ресурстарының анықтамасын әртүрлі позицияда бағалап
көреміз. Онда біз осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарасты беретін, жалпы
тенденцияларды анықтайтын методологиялық артықшылықтарға тоқталамыз.
Қаржы ресурстары категориясына бір мәнді және негізделген талқылама
жасау дегеніміз – оның қаржы қатынастарының материалды тасымалдаушысы
ретіндегі, қаржы ресурстарына тән ішкі мазмұнын, кәсіпорынның қаражаттар
айналымындағы олардың рөлін, қызметтерін анықтауды білдіреді.
Қаржы ресурстары категориясын қарастыру кезінде критерийлердің
негізделуі есепке алынуы керек. Кәсіпорын экономикасы және қаржы бойынша
арнайы әдебиеттерде қарастырылып отырған мәселенің негізгі үш жалпы ғылыми
әдістемелік тәсілі кездеседі.
Бірқатар экономистер қаржы ресурстарын анықтау кезінде негізгі кезең
ретінде олардың айналыс шегін немесе нақтырақ айтқан кезде – олар объектісі
болып саналатын, басқару деңгейін қабылдайды, олардың қатарына: мемлекеттің
жалпы қаржы ресурстарын, кәсіпорын мен мекемелердің қаржы ресурстарын және
т.б. жатқызуға болады.
Ғалымдардың келесі тобы қаржы ресурстарын критерий ретінде анықтауда
олардың қалыптасуының қайнар көздерін таңдайды, ол жиынтық қоғамдық өнім.
Олар қаржы ресурстарының көлемін анықтауда жиынтық қоғамдық өнімнен белгілі
шығындарды, ең алдымен қарапайым қайта өндіріспен байланысты шығындарды
шегеру тәсілін қолдануды ұсынады .
Біздің пікірімізше, осы тәсілге қатысты бірқатар ескертулер жасаған
дұрыс. Біріншіден, жиынтық қоғамдық өнім қаржы ресурстарын қалыптастырудың
жалғыз қайнар көзі болып табылмайды. Екіншіден, бәрімізге белгілі
жағдайдай, елдің экономикасындағы қаржы ресурстарының қайнар көзі ретінде
ұлттық байлықтың бір бөлігі де қатысады. Сонымен қатар, қаржы ресурстары
құрылған құнның ақшалай формасын бөлу және қайта бөлу процесінің
нәтижесінде қалыптасады, осы негізде кіріс пен түсімдердің белгілі
формалары ерекшеленеді.
Микродеңгейдегі қаржы мемлекеттік заңдылық пен үкіметтің атқарушы
және басқарушы органдары тарапынан реттеу объектісі болып саналады. Маңызды
қаржы шешімдерін қабылдаудағы басты субъект – меншік иесі болып табылады.
Профессор К. Жүйріков қаржы ресурстары туралы түсінікті тек
шаруашылық субъектісі, яғни корпорация деңгейінде ғана береді: қаржы
ресурстары деп – шаруашылық субъектісінің иелігіндегі және қаржылық
міндеттемелерді жүзеге асыруға, кеңейтілген қайта өндіріс және экономикалық
ынталандыру шығындарын жүргізуге бағытталған, ақшалай кірістер мен
түсімдер.
Корпорацияның қаржы ресурстарының құралуының қайнар көздеріне ол
төмендегідей сипаттама береді.
Меншікті және оған теңестірілген қаражаттарға корпорацияның
кірістерінің барлық түрлері, амортизация, істен шыққан мүлікті өткізуден
түскен түсім, тұрақты пассивтер, мобилизацияланған ішкі ресурстар жатады.
Қаржы нарығында мобилизацияланған қаражаттар – бұл меншікті акцияны,
облигацияны және басқалай құнды қағаздарды сату, инвестициялар. Қайта бөлу
тәртібінде түскен ақшалай қаражаттар – бұл сақтандыру бойынша қайтарымдар,
концерндерден, ассоциациялардан, салалық құрылымдардан түскен түсімдер; пай
жарналары; дивидендтер мен пайыздар; бюджеттік субсидиялар.
Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшылықты
өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен
бірге мақсатты ақшалай қорлар түріндегі олардың материалдық іске асуын баса
көрсетеді. Бұл қорлар қаржылық қатынастардың тұрақты иелері болып келеді.
Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері (бұл көздерді біріктіруші)
ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады.
Демек, қаржылық ресурстар – бұл жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты
өндіру, бөлу және қайта бөлу үдерісінде жасалынатын экономикалық
субъектілердің және мемлекеттің қаржылық әдістердің көмегімен құратын
ақшалай қорланымдары мен ақшалай қорлары. Қаржылық ресурстар ұдайы
өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Тап қаржылық
ресурстар қаржылық категорияны баға және басқа құндық категориялардан бөліп
алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру
қаржылық ресурстар өсуінің басты шарты болып табылады.
Қаржы ресурстары – кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі,
қаржы-несие жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды
материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге
асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар – деген анықтама беру
толығырақ болады деп есптейміз.
Фирманың қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық
келесіде: кез-келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең
немесе одан көп. Сонымен қатар, теңдік фирманың ешқандай міндеттемесінің
жоқ екендігін және барлық қаржы ресурсының айналымға салынғандығын
сипаттайды. Бірақ, бұл капиталдың көлемі фирманың қаржы ресурстарының
көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.
Нақты өмірде жұмыс істейтін фирмаларда қаржы ресурстары мен
капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептілік қаржылық ресурстар мен
капиталдың арасындағы айырмашылықты анықтай алмайтындай етіп құрылады.
Өйткені, стандартты есептілікте қаржылық ресурстар емес, олардың айналған
түрлері – міндеттемелер мен капитал сипатталады.
Кәсіпорындардың қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті қаражаттарының,
оның кірісінің құралуы, шаруашылық қызметті қаржыландырудың қарыз қайнар
көздерін тартуы, осы қызмет нәтижесінде пайда болған кірістерді бөлуі,
оларды кәсіпорынның даму мақсатында пайдалануы ақшалай негізде жүзеге асқан
кезде пайда болады.
Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру олардың тиімділігін
қамтамасыз етудің жалпы кешенінің негізін қалаушы болып табылады. Қаржы
ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары төмендегіше:
1) қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы;
2) мақсатты және көп мақсатта пайдаланылатын қаржы ресурстары;
3) кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін белгілеу;
4) қаржы ресурстарын олардың тағайындалуына сәйкес мақсатты пайдалану;
5) қаржы ресурстарының сақталуы.
Қаржы ресурстарының құрамы деп оларды құрайтын кірістердің жиынтығы
түсініледі. Қаржы ресурстарының құрылымы қаржы ресурстарының жекелеген
элементтерінің қатынасын көрсетеді, яғни кәсіпорынның қаржы ресурстарының
жалпы көлеміндегі әрбір элементтің үлесін [2,24-26 б.б].
Біздің пікірімізше, қаржы ресурстарын анықтаудағы ең қолайлы негізгі
принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта
бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілген форма: амортизациялық
аударым, жиынтық кіріс (пайда), айналым қаражаттарының қалыптасқан артық
көлемі, тұрақты пассивтер және т.б, сонымен қатар олардың кәсіпорынның
қаражаттар айналымы процесіндегі рөлін нақты айқындау керек.
Қаржылық ресурстар жалпы қоғамдық өнімнің 60%-ға жуығын құра отырып,
мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен
ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу үдерісінде қалыптаса отырып,
олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға,
ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпымемлекеттік қажеттерді
қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің
ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс үдерісінде қаржылық
ресурстар неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге
бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және
экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржылық
ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты.
Қаржылық ресурстарды өсірудің маңызды факторы қоғамдық еңбек
өнімділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс үдерісінде ұлттық
табыстың артуын білдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық
нәтижесінің өсуіне алып барады. Еңбек өнімділігімен қоғамдық өндіріс
тиімділігінің басқа көрсеткіші – қор қайтарымы (капитал қайтарымы) тығыз
байланысты. Қор қайтарымын арттыру қаржылық ресурстарды қалыптастыруға,
атап айтқанда, олардың негізгі көзі – таза табыстың өсіміне сөзсіз әсер
етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай-ақ ағымдағы шығындарды (ең
алдымен жалақы мен амортизациялық аударымдарды) үнемдеудің нәтижесінде
артады. Және, керісінше, қор қайтарымының төмендеуі қаржы ресурстарын
азайтады.
Екінші фактор – бұл материалдық шығындардың орнын толтыру қоры мен
өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық өнімнің бөліну үйлесімдері.
Жиынтық қоғамдық өнімдегі материалдық шығындардың үлесін – материал
сиымдылығын – төмендету өндірілген ұлттық табысты – қаржылық ресурстардың
негізгі көзін – арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады.
Қаржылық ресурстардың өсуіне, сонымен қатар жалпы алғанда қоғамдық
өндірістің, сондай-ақ өнеркәсіп өндірісінің материалдық-заттай құрылымы да
әсер етеді. Енді біз, қаржы жүйесі ұғымының ара-жігін анықтап алайық. Ол
қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.
1.2 Жергілікті бюджет – муниципалды құрылымдардың қаржыларының негізгі
ресурсы ретінде
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі
болып табылады. Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында жергілікті органдар қызметінің
аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық,
демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәуір дербестікке ие бола
бастады. Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік

қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы
ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылымның

қорлар есебінен көрсетіледі. Бұл, тиісінше, жергілікті қаржының ролі мен
маңызын арттырып отыр[3].
1994 жылға дейін Қазақстанда 3045 жергілікті бюджеттер болған
еді,1994 ж. басынан жүргізілген бюджет жүйесін орталықтандыруға байланысты
2500 жергілікті бюджеттер- селолық, поселкелік, ауылдық бюджеттер жойылды.
Осының нәтижесінде бюджет жүйесіне түсетін қаражаттарды орталықтандырудың
дәрежесі едәуір бәсеңсіді.
Бүгінде, жұртқа мәлім, қоғамда экономикалық қатынастарды
орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда
аймақтардың дербестігі мен ролін арттырып отыр. Мемлекеттік басқарудың
тиімділігін одан әрі арттыру қажеттілігін негізге ала отырып, биліктің
барлық деңгейлері арасындағы функцияларды неғұрлым айқын ажырату,
реформалар жүргізу орталығын жергілікті мемлекеттік басқарудың төменгі
деңгейлеріне ауыстыру мәселелері басым мәселелерге айналуда.
Облыстық, аудандық (қалалық) және ауылдық билік деңгейлері
арасындағы функцияларды бөлу бүгінгі таңда облыстық деңгейге берілген және
көбінесе басқарудың орталытандырылған сызбасын қабылдайды. Яғни, орталықтан
берілген өкілеттіктер облыстық деңгейде қалып қойды, ал бұл жүргізіліп
жатқан реғформалардың идеологиясына толық дәрежесінде сәйкес келмейді.
Биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлері жергілікті
маңызы бар міндеттерді шешуде неғұрлым дербес және жауапты болуға тиіс,
олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі заңнамалық кесімдер
деңгейінде айқын реттелуге тиіс. Осыған байланысты әкімшілік- бюджеттік
реформаны аяқтау мемлекеттің одан әрі қарышты әрі тұрақты дамуын қамтамасыз
етудің аса маңызды шарты болып табылады. Бюджет мелекеттің өз
функцияларының орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік саясат шараларын іске
асыру жөніндегі негізгі құрал болып табылады. Сондықтан мемлекеттік
басқарудың барлық деңгейлерін оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыру
үшін жергілікті қаржы қаражатымен қамтамасыз ететін, өзара қатынастардың
тұрақтылық пен анықтық қағидаттарына негізделген, сондай- ақ тиімді бюджет
саясатын жүргізуді ынталандыратын бюджетаралық қатынастардың оңтайлы
моделін қалыптастыру талап етіледі.
“ҚР- дағы жергілікті мелекеттік басқару туралы” ҚР- ның 2001 ж.
23 қаңтардағы Заңының, “Бюджет жүйесі туралы” ҚР-ның 2000 ж. 1 сәуірдегі
Заңының жаңа редакциясының қабылдануымен, сондай- ақ ҚР- ның Азаматтық
Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуімен мемлекеттік функцияларды
жүзеге асыру, сондай- ақ оларды ретке келтіру жөнінде әрбір билік деңгейіне
өкілеттіктер мен жауапкершілік бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда
мелекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін құру аяқталды.
Жүргізілегн реформалар нәтижесінде бюджет жүйесі едәуір
өзгерістерге ұшырады.2000 ж. бастап бюджет саласындағы шекаралар айқын
бөлінді, бюджеттік бағдарламаларды, республикалық және жергілікті бюджеттер
арасындағы түсімдерді бөлу заңды түрде бекітілді. Мемлекеттік бюджеттің
негізгі өлшемдеріне орта мерзімді болжам жасауға көшу жүзеге асырылды,
жергілікті атқарушы органдарға заңды түрде айқындалған деңгей шеңберінде
қарыз алуды жүзеге асыру құқығы берілді.
Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру орталық пен аймақтар
мүдделерінің теңдестірілуіне қол жеткізуге, мелекеттік басқарудың төмен
тұрған деңгейлерінің аймақтардың экономикалық дамуына мүдделілігін
арттыруға және жергілікті бюджеттрге түсетін түсімдердің тұрақтылығын
қамтамасыз етуге бағытталады[4,3-4 б.б].
2000ж. енгізілген бюджеттік алулар мен субвенциялар арқылы
бюджетаралық реттеу тетігі қазіргі уақытта бюджетаралық қатынастарды, атап
айтқанда, кірістерді немесе бюджетарлық трансфертттердің мөлшерін бөлу
нормативтерін жиі нақтылау жолымен төмен тұрған бюджеттерден алуларды
жүзеге асыру нәтижесінде қажетті тұрақтылықты қамтамасыз етпейді. Осыған
байланысты бюджеттік теңдестірудің құралы қызметін атқаратын бюджетарлық
трансферттердің қолданыстағы жүйесі мемлекеттік басқарудың жергілікті
деңгейінде аймақтарды дамытуды экономикалық ынталандыруды шектейтін
жергілікті бюджеттерді теңестірудің ашық емес тетігі ретінде қабылданады.
2000ж. басында мемлекеттік бюджет қаражатының шектеулігі
жағдайында жергілікті бюджеттердің теңдестірілуін реттеу үшін бюджет
заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға өз аймақтарында экономиканы
көтеру мен дамыту үшін қарыз алуды жүзеге асыру мүмкіндігі берілген
болатын. Сонымен бірге, талдау көрсеткендей, жергілікті атқарушы
органдардың қарыздары ҚР-сы Үкіметінің қарыз алуымен салыстырғанда
сыйақының аса жоғары ставкалары мен және өтеудің неғұрлым қысқа мерзімдері
мен тартылады. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың бірқатары қарыз
алуды жүзеге асыра отырып, облыстық бюджеттерден бюджеттік алулардың
көлемін азайтуды, жергілікті атқарушы органдарға қызмет көрсетумен және
қарыздарды өтеумен байланысты шығындарды республикалық бюджет есебінен
теңдестіру мақсатында борышты қайта құрылымдауды жүргізуді немесе мақсатты
трансферттер бөлуді ұсынады.
Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің негізге мақсаттары
мемлекеттік функцияларды іске асырудың тиімділігін арттыру және мемлекеттік
басқарудың барлық деңгейлері арасындағы функцияларды, өкілеттіктер мен
жауапкершілікті оңтайлы бөлу есебінен халыққа қоғамдық қызметтер көрсету,
сондай- ақ бюджетарлық қатынастардың ұтымды жүйесін қалыптастыру болуға
тиіс.Осы аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін, қойылған міндеттерді шешу
жолдары мен тетіктерін кезең- кезеңмен жүргізу көзделді.Олар 4 кезеңнен
тұрады, атап айтсақ:
1- ші кезең : мемлекеттік функциялардың оңтайлы тізбесін айқындау
және оны жүйелеу.
2- ші кезең: мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функциялар
мен өкілеттіктерді ажырату .
3- ші кезең: бюджетаралық қатынастардың оңтайлы моделін
қалыптастыру.
4- ші кезең: ауылдық, кенттік, қалалық ( аудандық маңызы бар )
мемлекеттік басқару деңгейлерін интитуционалдық және
функционалдық нығайту.
Осы аталған кезеңдердің ішінен 3 және 4 кезеңдерге тоқталып
өтсем.
Бюджетаралық қатынастардың оңтайлы моделін қалыптастыру:
1. Мемлекеттік басқару деңгейлеріне шығыс өкілеттіктерін бекітуді тәртіпке
келтіру.Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлуді
негізге ала отырып, бірыңғай бюджеттік жіктемені қалыптастыру кезінде
көрініс табатын, бюджет деңгейлері бойынша шығыс өкілеттіктерін нақты
ажырату және тәртіпке келтіру күтіледі.
Шығыс өкілеттіктерін бөлудегі жүйелілікті қамтамасыз ету үшін
мынадай ережелер ескерілуі тиіс: белгілі бір мемлекеттік функциялардың
орындалуы көзделетін заңнамалық кесімдерде кейіннен оларға шығыс
өкілеттіктерін бекітіп беру үшін басқару деңгейлері бойынша мемлекеттік
органдардың құзыреті нақты анықталуы тиіс; мемлекеттік басқарудың төмен
тұрған деңгейлеріне қосымша функциялар берілген жағдайда, заңнамалық
кесімдерде оларды іске асыру үшін қажетті тиісті қаржылай қаражатты беру
жүзеге асырылуы және бекітілуі тиіс; жергілікті мемлекеттік басқару
деңгейлері мемлекеттік биліктің жоғары тұрған органдарының нормативті
құқықтық кесімдерді қабылдауының нәтижесінде туындайтын жергілікті
бюджеттер шығыстарының өтеміне заң жүзінде бекітілген құқығы болуы тиіс.
2. Мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша кіріс көздерін бөлу. Мемлекеттік
басқару деңгейлері арасындағы шығыс өкілеттіктерін ажыратуды жүргізудің
нәтижесінде мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейлерінің “функционалдық
жүктемесі” өзгеруімен байланысты бюджетаралық қатынастардың моделін қайта
қарау қажеттілігі, сонымен бірге қаржылық қамтамасыз ету қажеттілігі
туындайды. Биліктің барлық деңгейлерінің әрқайсысына өз өкілеттіктері мен
жацуапкершілігін дербес іске асыру үшін олардың шығыс өкілеттіктеріне сай
келетін салықтық және салықтық емес кіріс көздерінің бекітілуі жүзеге
асырылып, сондай- ақ бюджетаралық реттеудің тиісті тетігі анықталатын
болады. Бұл ретте облыс- аудан деңгейлерінде салықтар мен бюджетаралық
трансферттерді бөлу мәселелерін обьлыстар қарамауы тиіс, ол заң деңгейінде
өз шешімін табуы тиіс, бұл елдің мемлекеттік құрылысының біртұтас сипатына
сәйкес келетін болады.
Салықтарды тиімді бөлу бюджеттердің дербестігіне қол жеткізу
үшін де, салықтардың көп жиналуын қамтамасыз ету үшін де ерекшк маңызды
болып табылады.
3. Бюджетаралық трансферттер жүйесін жетілдіру аймақтарды қаржылық қолдау
нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін бюджеттік қамтамасыз ету өлшемі бойынша
“жалпы мұқтаждарға” бюджетаралық трансферттер беруден- нысаналы және
шектеулі оқшауланған субвенциялар жүйесіне кезең- кезеңмен өту жүзеге
асырылатын болады.
Негізгі функцияларды қаржыландыру мемлекеттік бюджеттің
ағымдағы бағдарламалары, сондай- ақ әлеуметтік сала мемлекеттік
мекемелерінің желілік норматиытерінің негізге ала отырып, жаңа құрылыстарды
қоса алғанда, мемлекеттік мекемелердің ( басқару, білім бері, денсаулық
сақтау және т.б. органдары) материалдық –техникалық базасын жақсартуға
бағытталған даму бағдарламаларының аясында ұйғарылып отыр.
Қосымша функциялар республикалық деңгейде де, женгілікті
деңгейде де бюджеттік даму бағдарламалары, сондай- ақ егер мұндай
функцияларды оындау уақытша немесе біржолғы сипатта болса, ағымдағы
бюджеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландырылады. Функциялардың осы
санатын қаржыландыруды толығымен қамтамасыз ету экономиканың ағымдағы жай-
күйіне және бюджет көрсеткіштерінің болжамына байланысты болады.
Жоғарыда айтылған топтамаларды негізге ала отырып, субвенциялар
төменгі тұрған бюджеттерге екі санат бойынша беріледі деп көзделуде, олар:
1) мемлекеттік басқарудың міндетті функцияларын қаржыландыруды қамтамасыз
ету;
2) аймақтарды дамыту бағдарламаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Бұл орайда төмен тұрған бюджеттерге субвенциялар ең алдымен
олардың ағымдағы шығыстарын барынша толық жабуға бөлінетін болады.
Соңғы жылдар ішінде болған нарықтық қайта құрулар нәтижесінде
әлеуметтік сала бірнеше рет жаңғыртылды әрі оңтайландырылды, бұл сайып
келгенде, бүгінгі күні әртүрлі аймақтарда халықтың тығыздығы мен нақты
қажеттіліктері ескерілмеген әлеуметтік сала мемлекеттік мекемелерінің түрлі
желісінің болуына әкеп соқтырды. Осыған байланысты, ағымдығы жағдайды
талдау негізінде осы факторлар ескерілетін әлеуметтік сала обьектілерінің
желілік нормативі әзірленеді[5,64-68 б.б].
Аймақтарды дамыту бағдарламасын қаржыландыруды қамтамасыз етуге
арналған трансферттерді беру мемлекеттік аймақтық саясаттың басымдықтары
шеңберінде жүзеге асырылады.
Ауылдық, кенттік, қалалық ( аудандық маңызы бар) мемлекеттік басқару
деңгейлерін институционалдық және функционалдық нығайту.
Әкімшіл- бюджеттік реформаның басым бағыты ауылдық округтердің,
кенттердің , аудандық маңызы бар қалалардың деңгейінде мемлекеттік
басқаруды ұйымдастыру, ең алдымен, оны институционалдық және функционалдық
нығайту болып табылады.
Осы мақсатта 2004 ж. бастап ауылдар, кенттер, аудандық маңызы
бар қалалар әкімдерінің аппараттарын оларға заңды тұлға мәртебесін бере
отырып, қалыптастыру жүзеге асырылуда.Осы шара оларға оқшауланған мүліктің
берілуін, өздерінің атынан сатып алу мен мүліктік және мүліктік емес
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру құқығын беруді ұйғарады.
Атап айтқанда, бұл тиісті аймақтарда жер қатынастарын реттеуге
заңнамада берілген құқықты қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар, оларға жергілікті маңызы бар жекелеген мәселелерді
шешу мақсатында қосымша тартылатын қаражатты жинақтау үшін қазынашылық
органдарында арнайы шоттар ашу құқығы беріледі.
Осы шаралар ауылдар, кенттер, қалалар ( аудандық маңызы бар)
әкңімдерінің шаруашылық және экономикалық салаларда шешімдер қабылдаудағы
өкілеттігін кеңейтуге мүмкіндік беріп, мемлекеттік басқарудың төменгі
деңгейінің бюджеттік бағдарламаларын аудандық ( қалалық) бюджет құрамында
тиісті маслихаттар бекітетін жәнен тек солар ғана өзгерте алатын
болғандықтан, аудандық ( қалалық) буындағы жергілікті атқарушы органдардан
қаржылық дербестігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы функциялар мен
өкілеттіктерді ажырату жөніндегі жұмыс шеңберінде 2004 ж. бастап басқару
функцияларын ауылдық,кенттік, қалалық ( аудандық маңызы бар) деңгейлеріне
бекітілген тізбесі кеңейтілді,атап айтқанда:
Елді- мекендерді көркейту, көгалдандыру мен санитарлық тазарту
жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Зираттарды, өзге де жерлеу орындарын тиісінше жағдайда күтіп-
ұстау жөніндегі қоғамдық жұмысты ұйымдастыру[6,14-39 б.б];
Өрт қауіпсіздігін және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
бақылауды жүзеге асыру;
Елді- мекендерді сумен қамтамасыз ету, су мен жерді пайдалану
мәселелерін реттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырпу .
Мемлекеттік басқару негіздерін одан әрі демократияландыру
бағытын негізге ала отырып, орта мерзімді кезеңде елде жергілікті өзін- өзі
басқару негізін қалыптастыру көзделуде.
Алайда, бүгінгі таңда ауылдық кенттік, қалалық ( аудандық
маңызы бар) деңгейлердегі билікте басқарудың нақты тетіктері қалыптаспаған,
жеке кіріс көздері жоқ және меншік мәселелері шешілмеген, оларсыз нақты
жергілікті өзін- өзі басқару таралы сөз ету ертерек.
Осыған байланысты, бірнеше жыл ішінде ауылдық, кенттік, қалалық
( аудандық маңызы бар) билік деңгейлерінде басқару мен қаржыландыру
тетіктерін іс жүзінде пысықтау кейіннен елімізде жергілікті өзін- өзі
басқару институттарны енгізу үшін негізгі алғышарт болады.
Осы көзделген шараларды іске асыру мелекеттік басқарудың жұмыс
істеу негіздерін, бюджет саласын қамтиды. Тұтас алғанда жоспарланған
шараларды іске асыру мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетіодіруге,
мемлекетік функциялар тізбесін оңтайландыруға, оларды мемлекеттік
басқарудың барлық деңгейлері арасында тиімді болуы, мемлекеттік биліктің
барлық деңгейлерін тұрақты және тиімді жұмыс істеуін қамьтамасыз ететін
бюджетаралық қатынастар моделін жасауға жәрдемдеседі.
Мемлекеттің негізгі қызметі ұлттық егемендікті, меншік құқығын,
заңды және тәртіп сақтауды қорғау және ақша айналысын, сыртқы сауданы
реттеу және т.с.с. болып келсе, жергілікті шарушалықты басқару аясына
жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті салықтарды белгілеу, жергілікті
халыққа білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды
көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты барлық қызмет түрлерімен
қамтамасыз ету және т.б. кіреді[7,3б].
Ел Президентінің халыққа жолдауында тұрғын-үй құрылысының жаңа
саясаты тұрғысында “құрылысты арзандату мақсатында тұрғын- үй
инфрақұрылымын қаржыландыруды өз мойнына жергілікті билік алуы тиіс” дей
келе,”облыстарды дамытудың барлық бюджеттері тек қана білім беру, денсаулық
сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мақсаттарымен тұрғын- үй
құрылысы инфрақұрылымына пайдалануы тиіс” деп нақты әрі ашық міндеттерді
алға тартты[8].
“Қазақстан 2030” стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік
қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын мемлекетің ең шешуші міндеттерінің
бірі ретінде белгіленген.
Осы құжатта атап көрсеткендей, мемлекеттік басқару біртіндеп
орталықсыздандырылып, Үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде болып, неғұрлым
маңызды міндеттерді шешуге қаржы жұмылдырылады.
Жергілікті шаруашылықты басқаруда экономикалық механизмдерді
қолданудың ерекшелігің оның әлеуметтік мәселелер бойынша тиімді әрі
уақытында шешім қабылдай алатындығымен көре аламыз. Жергілікті халықты
еңбекпен, қамтуда , оларды мамандық бойынша қайта даярлау мәселесі де
жергілікті басқару органдарының міндетіне берілмек.
Билікті орталық пен аймақтарға жіктеу мәселесін қоғамамызда
талқыланып жатқанына біршама уақыт өтті. Осы екі деңгей арасындағы
мәселелердің шешілу барысы жергілікті шаруашылықтың тағдырына тікелей
қатысы бар. Яғни, ауылдан бастап облысқа дейін жергілікті жерлердің
құзыреті, оның ішінде жергілікті бюджеттер туралы нормалар енгізіледі. Оның
түпкі мақсаты мынада: әркім өз мекенінің бюджетінің толуына жеке шағын,орта
үлкен кәсіпорындардың экономикасына арласпай, қайта олардың дамуына қолайлы
жағдай туғызатын экономикалық механизмдерді пайдалану.Қазақстанды донор
облыстармен қатар,өздерінің әлеуметтік- экономикалық дамуына байланысты
республикалық бюджеттен субвенция алатын облыстар аз емес. Олардың бәрінде
әл- ауқаты өзін- өзі қамтамасыз етуге толыққыанды жетті деп айта алмаймыз.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезде жергілікті бюджеттер
кірістері мен шығыстары бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттары көлемінің
50 % аралығын құрайды.Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі роль
атқарады.
Жергілікті шаруашылықтардың қалыптасуының өзі елімізде
жүргізіліп жатқан басқа да мәселелермен қатар дамуда.Мәселен, ондай
мәселелердің қатарына Елбасының Жарлығымен ҚР-ның ауылдық аумақтарын
дамытудың 2004-2010 жылдарғы арналып бекітілген мемлекеттік бағдарламасын
айтуға болады.Бұл бағдарлама екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде ауылдық елді- мекендерді айқындау және оларды
паспорттау(барлық мәліметтерін жинастырып, есепке алу) негізінде әрбір
ауданның нақты жағдайына талдау жасау.Талдау әлемдік қаржы институттарының
тәжірибесімен қалыптасқан халықаралық нормаларға сүйене отырып, 130
көрсеткіш бойынша есепке алынған 7600 елді мекен өзінің даму жағдайына
сәйкес төрт топқа топтастырылады:
1.Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді- мекендердің саны-1062, мұнда
1566864 адам тұрады;
2.Даму әлеуеті орташа ауылдық елді- мекендердің саны-5664, мұнда
5329147 адам тұрады;
3. Даму әлеуеті төмен елді- мекендердің саны-776 халықтың саны-
288242;
4. Бұл топтағы аса қолайсыз экологиялық ауылдық жағдайдағы ауылдық
елді- мекендер саны-22. Бұларда 9611 адам тұрып жатыр.
Бірінші және екінші топтағы елді- мекендерге Үкімет тарапынан
қаржылық көмек беру, өндіріс орындарыфн ашу, табиғи ерекшелігіне байланысты
мәдени орындар ұйымдастыру сияқты шаралар жасалады, ал үшінші және төртінші
топтағы ауылдарға қаржылық көмек қарастырылмайды, оларды көшіру басталады.
Яғни, жергілікті шаруашылық тек қана коммуналды қызмет көрсетімен
шектелмейді, яғни жоғарыда аталып өткендей, болашағы бар елді- мекендерде
басқа да қызмет түрлерін ұйымдастыруға болады. Мәселен, туризм, балық, аң
шаруашылықтарымен байланысты. Тіпті жерге байланысты да, себебі біздің
мемлекетте жер тек қана мемлекет меншігінде емес[9,4-6 б.б].
Осылайша ауылдық аймақтарды дамытуға түрлі шаралар жүргізіліп
жатқанын атап өте келе жергілікті аймақ тұрғындарының әл- ауқаты жөнінде,
халықтың тұрмысын қалай жақсарту қажет, ол үшін қандай шаралар қолдану
қажет?- деген сауалдарға жауап бере кетейін.
Жанұя бюджеті-жанұя табысынын құрылымы мен пайдалануы. Тұрмысы төмен
жанұялар мәселесі – бұл барлық елде де Өкімет алдында тұратын үлкен мәселе.
Бір жағынан, тұрмыс деңгейі төмен халық жағдайымен санасып жәрдем беріп
тұратын мемлекет мәдениеті жоғары мемлекет екенін көрсетеді.Екінші жағынан,
тиісті мөлшерден жоғары берілген жәрдем еңбекке ынтаны төмендетіп, мемлекет
экономикасын әлсіретуге әкеліп соғуы да мүмкін.
Әлеуметтік қорғау- бұл әлде бір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік,
денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуы) және өзге де
заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын, әрі
лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыс пен қамтамасыз ете
алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл- ауқаттың
белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Әлеуметтік қамсыздандырудың обьетісі – қоғамның еңбекке
жарамсыз мүшелері, оның қатарында уақытша еңбекке жарамсыз мүшелері де
кіреді.
Әлеуметтік қамсыздандыру иесі- республикалық деңгейде, жергілікті деңгейде
және шаруашылық білім деңгейінде қалыптасады. Жергілікті деңгейде-
әлеуметтік мәдениеттік және демографиялық ерекшелектерді есепке ала отырып,
әлеуметтік қорғау жүйесін қамтамасыз ету. Әлеуметтік қамсыздандыру
шығындарының көздеріне келесілер жатады:
- бюджеттік зейнетақы қорының құралдарынан;
- әлеуметтік сақтандыру қорынан ;
- кәсіпорын мен ұйымдардан өз еркімен келген салымдарынан;
- қайырымдылық қорлары және т.б. да қорлардан.
Жұмысынан айырылу жағдайында азаматтарды әлеуметтік қорғауда екі
деңгейлі құрылым қарастырылады.
Бірінші деңгей: жергілікті бюджеттер есебінен барлық жұмыссыз
азаматқа жұмысқа орналасуға, кәсіби қайта даярлауға көмек көрсету, қоғамдық
жұмыстар беру жолымен әлеуметтік қорғау[10].
Екінші деңгей: ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерге міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесінен белгілі бір мерзім ішінде төлемақы беру.
Қорыта айтқанда жергілікті аймақтардың экономикалық, мәдени,
әлеуметтік, экологиялық т.б. салаларын дамыту үшін жергілікті қаржыны, оның
ішінде жергілікті бюджеттің кіріс көздерін дұрыс жұмсай білу қажет.

Елдің мемлекеттік құрылысында аумақтық құрылымдардың болуы оларда
тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету үшін оларға белгілі бір өкілеттіктер
мен қаржы ресурстарының көлемін беру қажеттілігін негіздейді. Осыған
байланысты қаржылық жүйенің құрылымында жергілікті бюджеттер ерекше буын
ретінде бөлінеді.
Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін,
түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды
жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды
қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану)
қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің
ақшалай қорын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті
мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен
және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және
саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.
Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады.
Оларға мыналар жатады:
- елдің жалпы экономикалық жағдайы;
- тиісті аумақтың экономикалық әлеуеті;
- жергілікті билік және басқару органдарының құқықтары мен
міндеттерін реттейтін мемлекеттік заңнаманың деңгейі;
- жергілікті билік және басқару органдарының өздеріне берілген
құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік дәрежесі.
-
Жергілікті бюджеттер тұрақтылығының басты шарты нақты қаржы кезеңі мен
нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп түсетін
кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-
теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық
бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар
қаланың және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.
Облыстың бюджеті олардың арасындағы өзара өтемелі операцияларды
ескерместен облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып
табылады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет
қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар
бойынша – шамамен 48%-ын алады.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың олардың өз бетімен жұмыс
істеуінің үш деңгейі бойынша өз ерекшеліктері бар: облыстық бюджет
деңгейінде, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеті деңгейінде
және аудан бюджеті деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері
республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес
түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін салық
түсімдері Бюджет және Салық кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне сәйкес
республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді.
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық
меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық
бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын
мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан,
өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық
бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.
Мыналар:
- аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен
облыстық бюджетке трансферттер;
- республикалық бюджеттен трансферттер жергілікті бюджетке
трансферт түсімдері болып табылады.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне республикалық
маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінде тұрған
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түскен түсімдер
есептеледі.
Мыналардың:
- облыстың;
- республикалық маңызы бар қаланың;
- астананың,
- ауданның (қаланың),
- қаладағы ауданның,
- аудандық маңызы бар қаланың,
- кенттің, ауылдың (селоның),
- ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті болып
табылады.
Облыстық бюджеттің шығыстары облыстық деңгейдегі билік органдарының
функцияларына сәйкес шығыстардың бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Облыстық деңгейдегі жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың жұмыс
істеуіне; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлауға;
облыстың деңгейінде бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің орындалуын
ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық меншікті басқаруға жұмсалатын шығындар
жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ететін шығыстарға
жатады[11,56-59б.б].
Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту
рәсімі
Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының
Үкіметі Парламентке ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей
енгізеді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Сенатының
жалпы отырыстарында республикалық бюджет туралы заңның жобасын қарау Үкімет
өкілеттік берген тұлғаның, ол қазіргі сәтте Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі болып табылады, республиканың әлеуметтік дамуының
болжамы және республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі
баяндамаларының негізінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджетті бекіту ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан
кешіктірмей әуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта дәйекті түрде қарау
жолымен Парламент палаталарының жеке отырыстарында жүргізіледі.
Егер Парламент ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық
бюджет туралы заңды қабылдамаса, Президенттің кезекті қаржы жылының бірінші
тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлық шығаруға
құқығы бар, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет
туралы заңды бекіткенге дейін қолданыста болады. Президенттің кезекті
қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы
Жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске
асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган әзірлейді.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы
жоспары ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей кезекті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде
бекітіледі.
Қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың
бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып
бекітіледі.
Нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау қағидаттарына сәйкес
қосымшаларымен бірге Республикалық бюджет туралы заң, қосымшаларымен бірге
Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына
арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы бұқаралық ақпарат
құралдарында жарияланады.
Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің
жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органы тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан
кешіктірмей ұсынады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін
тиісті мәслихаттар Президент республикалық бюджет туралы заңға қол
қойғаннан кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей бекітеді.
Егер мәслихат белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешім
қабылдамаса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы
органының кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы
жоспары туралы шешім шығаруға құқығы бар, ол мәслихат жергілікті бюджетті
бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына
арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган
қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті
орган әзірлейді.
Кезекті қаржы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz