Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі
Мазмұны:
Кіріспе . . . 2-7 бет
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың теориялық негіздері
- Қазіргі оқыту технологияларының педагогикалық - психологиялық негіздері 7 - 16 бет
- Оқытудың көрнекілік принципін техникалық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асыру 17 - 31бет
ІІ тарау. Бастауыш сынып сабақтарында техникалық құралдары арқылы оқушы белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары мен жолдары.
2. 1. Бастауыш сынып сабақтарында оқытудың техникалық құралдарын қолданудың оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпалы - 32 - 48бет
2. 2. Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері. 48 - 52бет
Қорытынды 53 - 54 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 55 - 56 бет
Қосымшалар 57 - 62 бет
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі
Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Заман талабына сай оқыту мұғалімге байланысты. Оның негізгі қасиеті - ізденгіштігі. Оқытудың техникалық құралдарын оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасының маңызы зор. Бұл бағдарламаның стратегияларын ұтымды пайдалана отырып, әр оқушының өз ойын ашық айтуына, пікір таластыруына, өз тобында жұмыс жасай алуына мүмкіндік алады.
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда.
Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:
Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
Білім сапасына әсері зор;
Іс әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тaпсырмаларды оқып үйренуде мүмкіндік мол.
Қазіргі уақыттағы озық техника болып табылатын компьютерлердің қолданылуына негізделген, оқудың информациялық технологиясы көптеген педагогикалық міндеттерді жаңадан шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, әр оқушының өзі үшін, өзінің жеке бас қабілеттері мен мұқтаждықтарына байланысты тақырыптың материалын көңіл бөле зерттеу және қайталау мақсатпенен оны таңдап алатындай жеткілікті түрде оқып-үйрену бағдарламалары жасалған. Басқа бағдарламалар, өзінің күрделілігіне байланысты мектепте қолданылуы мүмкін емес тәжірибелерді модельдеуге жағдай жасайды. Оқытудың көрнекі құралдары мен техникалық құралдарын, соның ішінде интерактивті тақтаны тиімді қолдану қазіргі таңда жаңалық емес, қажеттілікке айналып отыр. Мұндай сабақтар - экономика мен біздің өміріміздің барлық жағын компьютерлеудің өте қарқынды процесін бейнелейді. Осы түрдегі сабақтар оқушыларды қызықтырады, компьютерде жұмыс істеу оқуға деген ой сезім күйді тудырады.
Бастауыш мектептің оқушысы қазіргі заман талабына сай технологиямен жабдықталған сыныптарды оқуды аңсайды. Бала компьютерде ойын ойнауды ғана емес, қызықты сурет салуды, жұмыс жасауды, сөздік ( ағылшын, орыс, қазақ тілі ) қорын молайтуды, электрондық оқулықпен жұмыс жасауды үйренгісі келеді, онымен етене жақындасуға, достасуға тырысады. Бастауыш мектепте компьютерлік сауаттылық элементтерін қалыптастыру керек екендігі айқын.
Осы бағыттағы жұмыстарды нақтылау жолдарын іздестіру зерттеу проблемасының «Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі» атты тақырыбын айқындайды.
Зерттеу мақсаты:
Бастауыш сынып сабақтарында техникалық құралдарды қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырудың жолдарын ғылыми теориялық негіздеп, дидактикалық жолдарын, шарттарын анықтау.
Зерттеу нысаны:
Бастауыш сыныптарда оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні:
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда техникалық құралдарды қолдану .
Зерттеу міндеттері: 2) оқытуда техникалық құралдарды қолданудың тиімділігін тәжірибелік эксперимент барысында тексеру;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сыныпты оқыту барысында техникалық құралдарды жүйелі түрде қолданылып отырса, онда оқушылардың ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылығы артады, өз бетімен білім алуға ынталанады, өйткені, оқытудың техникалық құралдары арқылы оқушылардың дүниетанымын, техникалық практикасын жан - жақты дамытып, өз ойын тұжырымдап айта білуге, өз бетімен қойылған мақсатқа жетуге, сонымен өз бетімен ізденіс жасауға итермелейді.
Зерттеу әдістері:
- қарастырылып отырған мәселелерге байланысты психологиялық, педагогикалық, философиялық және әдістемелік еңбектермен оқып танысу және оларға талдау жасау;
- бастауыш сынып пәндері бойынша жасалған оқу бағдарламаларын, оқулықтарды талдау;
- оқытуда техникалық құралдарды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибелермен танысу;
- оқушылардың даму үрдісін бақылау;
- мектеп құжаттарымен танысу және оларды сараптау;
- оқушылардың жұмыстарының нәтижесін талдау,
- тәжірибелік - эксперименттік жұмыс жүргізу және қорытындылау.
Зерттеу кезеңдері:
І - кезеңде (06. 2009 - 05. 2010) тақырып таңдау және оған материал жинақтау, түрлі әдебиеттермен танысу, іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Эксперименттің мақсат - міндеттері белгіленеді, зерттеу болжамы жасалды. Теориялық әдістемелік әдебиеттерге шолу жасап, озат педагогикалық тәжірибеге талдау жасалды.
ІІ кезеңде (09. -11. 2010) материалды жинақтауды жалғастырып эксперимент жұмысын жүргізу. Эксперимент жұмысы, 4- сыныптарда жүргізілді, нәтижелері талданып, қорытындыланды.
ІІІ - кезең (11. 2010 - 04. 2011) аралығында эксперимент жұмысы қорытындыланып, пікірлер мен ұсыныстар дайындалды.
Зерттеу базасы: Атырау қаласы № 5 мектебі.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар берілген.
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың теориялық негіздері
Бастауыш мектеп - баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жету үшін бастауыш сыныптардағы оқу - тәрбие үрдісі қазіргі заман талаптарына сай құрылуы шарт. Мектептегі кез келген жаңарулар бастауыш мектептен бастау алады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғаліміне қойылар талап пен жауапкершілік те салмақты. Білімнің іргетасы да балаға бастауыш сыныптарда қаланады.
Қазақтың біртуар ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынов «Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білімдер де сондай керекті», - деген болатын. Олай болса қатардағы қазақ азаматын болашақ ұлттық маманды даярлау осы бастауыш мектептен басталады. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында «білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттерімен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп, қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім - тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы алынатындығы атап көрсетілген».
Біздің пікірімізше, мұғалімнің қазіргі кезеңдегі дамыта оқыту жағдайындағы басты міндетін айқындау мәселесі шұғыл түрде күн тәртібіне қойылуға тиіс, өйткені «мұғалім» деген терминнің өзі оның қазіргі кезең талаптарына сәйкес қызметінің мән мағынасын толығымен аша алмайтын сияқты. Бірінші кезекке оқушыны бұрынғыша пәндік білім, білік және дағдының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оның оқу - танымдық әрекеті негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу қойылып отырған қазіргі кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың оқу танымдық іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру және басқару болып табылады. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, енгізілген жаңа буын оқулықтары көпдеңгейлі, интеграцияланған, дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілгенімен ерекшеленеді. Интерактивтік оқу технологиясы (ИОТ) - деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, инетеллектуалдық, эмоцияналдық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет.
Оқытудың көрнекілік әдістері:-иллюстрация; -макет, жоба; -таблица, сызбалар; техникалық құралдар: аудио, видеотехника, т. б. тиімді болып табылады.
Нақты өмірде бұлар әрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, мұғалім бір технологияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана парктикада қолдануға бейім тұрады. Бұл жағдайда интербелсенді оқытудың бүтіндік принципі бұзылады: бұл процесс әртүрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, бүтін болғанда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болады.
Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог - ғалымдардың назарын аударып, әр түрлі қырынан зерттелуде. Оқытудың жаңа технологиясының бастапқы бір формасы болып табылатын бағдарламалап оқыту мәселелері А. И. Берг, В. П. Беспалько, Б. С. Блум, М. В. Кларин, И. Я. Лернер, В. Оконь, Б. Скинлер, Н. Ф. Талызина және тағы басқалардың еңбектерінде көрініп дамыды.
Баланың кейінгі және болашақтағы білім бастауыш буындағы білімнің сапалылығына тікелей байланысты. Кіші мектеп жасындағы оқушының негізгі ерекшелігі - білімді қызығушылықпен алуы. Ол үшін сабақты бала талпынатындай және қызығатындай етіп ұйымдастыру керек. Алдына қойған мақсатқа жету үшін мұғалім кезкелген технологияны таңдауға ерікті.
Бастауыш саты - оқушы да, оның интелектісі дамуының іргетасы - оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылып отыр. Оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларының өздігінен шешіп орындаудан ортақ тәсілдерін оқу әрекетін бақылап - бағалауды нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану - айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында «білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысының белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әртүрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім - тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы» алынатындығы атап көрсетілген.
- Қазіргі оқыту технологияларының педагогикалық - психологиялық негіздері
А. В. Горячев, А. Л. Семенов, С. А. Бешенкова, Ж. Қараев, А. Байдабекова, К. З. Халықова, т. б. бастауыш мектептің оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану туралы құнды зерттеулер жүргізген.
« Ақпарат » термині латынның Informatio « түсіндіру » « мазмұндама » деген сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген мағынаны білідіреді. Ақпараттар алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы шешу үшін қолданылады. Ақпаратты тек қандай да бір мәліметтердің жиынтығы деп түсінуге болмайды. Ақпарат белгілі бір мәселелрді шешуге қажетті, ұғынықты және белгілі бір дәрежедегі бағалылығы танылған білім болып табылады.
«Ақпарат дегеніміз - ақпаратты алушы кісіге дйін қабылдау механизмінің қабылданды - түсінікті - бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе. »/3, 14 Ақпарат сөзіне Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында мынандай түсінік беріледі;
- ақпарат ( информация, лат. Informatio - түсіндіру, баяндау, хабардар ету) - 1 ) істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру;
2) 20 ғасырдың ортасынан бастап адам мен адам, адам мен автомат, автомат пен автомат арасындағы деректер алмасуды, жануарлар мен өсәмдәктер арсындағы сигналдар алмасуды, тұқым қуалаушылық белгісін бір клеткадан басқа бір клеикаға, бір ағзадан ( организмнен ) екінші бір ағзаға жеткізуді қамтитын жалпы ғылыми ұғым;
3) кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ақпарат үздіксіз ( аналогты ) не үзілісті ( дискретті ) болуы мүмкін. Ақпаратты жеткізу, қабылдау. Түрлендіру және сақтаудың жалпы мәселелерімен ақпарат теориясы айналысады. /4, 20б/.
Ақпарат сөзі өте жиі кездеседі. Алайда ақпарат деген не екенін ешкім дәл айта алмайды. Өйткені ақпарат математикадағы нүкте ұғымы сияқты анықтама берілмейтін ұғым. Ақпарат - информатиканың негізгі ұғымы. Адам ақпаратты үздікісз қабылдайды. Біз не көреміз, оның барлығы - ақпарат. Заттың дәмін татып, иісін иіскеп, саусағымызбен сипалап көріп, ол зат туралы ақпарат аламыз.
Алынған ақпаратты адам миы өңдейді. Біз түсінген және сақтаған ақпараттың бәрі білімге айналады. Табиғаттағы болып жатқан құбылыстардың барлығы біз үшін ақпарат. Мысалы, күннің салқындауы, жаңбырдың жаууы, құстардың ұшуы, уақыттың өтуі, су тасқыны, топырақтың маңызы, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі, шаруашылықтар мен қала, ауылдардағы өзгерістер. Қазіргі кезде қошаған орта жөніндегі қандай да бір сигналдар, мағлұматтар, құбылыстар жиынтықтары ақпарат деп түсініледі.
Күнделікті оқылатын оқулықтар, газеттер мен журналдар, түрлі радио және телехабарлар әр түрлі ақпараттарға толы.
Ақпарат мәтін, сурет, схема, графике, сан, әуен, дыбыс, иіс, аралас түрде беріледі. Мысалы; кітапта ақпарат, мәтін, сан; халықтың өсімі, сирек кездесетін жануарлардың азаюы кесте; шаруашылықтың дамуы график, диаграмма; жаңа ән дыбыс, әуен түрінде берілетінін түсіндіре отырып, түрлі мысалдар келтіруге болады, мысалы, электрондық оқулықтардағы бейне материалдар /5, 12 б /
Еліміздің экономикасы артып, мектептердің техникалық базасы нығайып, арнайы компьютерлік технологиялармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталып, интернет, электрондық оқулық және т. б. кеңінен қамтамасыз етілуде. Осыған орай, жаңа заманның жас шәкірттерін тәрбиелеуде мұғалімдер жаңа талаптарға сәйкес компьютер мен оқытудың техникалық құралдарын пайдалана отырып сабақ өткен кезде оқушылар «Құлақ-ми» жүйесі бойынша секундына 50 бит ақпарат қабылдайды. Айналадағы қоршаған заттар туралы ақпараттың 90 %-ін көру арқылы қабылдайды, ал есту арқылы - 9%, сипап сезу аркылы - 1%. Көптеген оқушылардың есте сақтау қабілетінін ішіндегі көру қабілетінің рөлі ерекше. Бұдан адам баласы естіген ақпаратының 15 % есте сақтайды, көрген ақпараттың 25 %, ал есту және көру арқылы 65 % ақпаратты есте сақтайды екен. Сөйтіп оқушылар қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері көмегімен таниды. Ақпаратты қабылдаудың негізгі арналары болып есту және көру мүшелері болып табылады.
Сонымен адам баласының қабылдауын терең зерттеген физиологтардың еңбегіне сүйенген психолог-педагог мамандар адамның жоғары жүйке жүйесі қызметінің негізінде оқу үлгісінде қолданылатын компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдарын тиімді пайдалана отырып, мұғалім сөзі мен сабақтастырған жағдайда сабақты меңгеру жоғары дәрежеге жетеді деп есептейді.
Педагогикада дидактика жөнінде былай делінген: дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos-үйретуші, didaskalos - мүғалім деген үғымды білдіреді. Дидактика - білім беру мен оқытудын теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592-1670) . Оның «Великая дидактика» кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.
Қазіргі дидактикадағы көрнекілік принципі нақты пәндерге және оны бейнелеуге ғана қатысты емес, оның моделін жасауға байланысты болмақ. Оқытудың техникалық құралдарының ең маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін асырмау қажет. Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқылатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай аламыз. Компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық-дыбыстық құралдар көмегімен оқу материалын ғылыми акпараттық тұрғыдан бере аламыз.
Көрнекілік адамзат баласымен бірге сол сәттегі зат немесе құбылыстың бейнелеуден яғни ақпаратты беру қажеттілігінен пайда болған болуы мүмкін. Бұл туралы бізге дейін келіп жеткен тас үңгірлердегі, жартастардағы суреттер куә. Көрнекілікпен оқыту алғашқы мектептер пайда болғаннан бері басталады. Мектеп практикасында көрнекілікпеп оқыту элементтерін ең алғаш пайдаланған адам есімі тарихта сақталмаған. Адамдар көрнекілікпен оқытуды жазу пайда болғаннан бұрын бастаған. Ежелгі Египет, Ежелгі Рим, Ежелгі Греция мектептерінде көрнекілікпен оқыту кең қолданысқа ие болған.
Ауызша және жазбаша сөздің дамуы көрнекілікпен оқыту әдісінің таралуының бастамасына негіз болды. Кітапты жазу стилі де өзгерді, ол мағыналы және эмоциональды бола түсті. Қолжазба және басқа кітаптарда суреттер пайда болды. Мысалы, Томас Мордың "Утопия" атты кітабында Утопия аралында балаларды суретті кітаппен оқыту жайлы баяндалған. Бірақ, бұл кезде көрнекі оқыту деген термин әлі пайда болмаған, соңдай-ақ көрнекілікпен оқытудың қатаң теориялық негіздемесі жасалынбаған болатын. Көрнекі құралдар қолдану интуитивті таза көру түсініктерінен құралды. Көрнекілік принципінің негізін қалаушы, оны негіздеген чех педагогы Ян Амос Каменский. Я. А. Коменский көрнекілікке анықтама берді, оны біз "Дидактиканың алтын ережесі " дейміз. Дәл осы мектепті дамытудың ең маңызды жолдарының бірі болды, сөйтіп көптеген педагогикалық зерттеулердің баспалдағы болды.
Педагогикадағы дидактикалық принциптер:
1. Оқыту процесінің мақсаттылық принципі;
2. Оқытудың ғылымилық принципі;
3. Түсініктілік принципі;
4. Жүйелілік принципі;
5. Саналылық және белсенділік принципі;
6. Көрнекілік принципі;
7. Педагогикалық процестің бағыттылық принципі.
Осылардың ішіндегі көрнекілік принципі туралы: көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я. А. Каменский, К. Д. Ушинский т. б. осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды. К. Д. Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік - балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Оқыту процесінде сөзбен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әртүрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше. Көрнекілік түрлері: Табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т. б. жатады. Заттар және бейнелеу кернекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т. б. Символикалық көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер.
Экранды - динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары. Дыбысты техникалық көрнекілікке аудио дискілер, радиоқабылдағыштар жатады. Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін колданылады.
Енді оқытудың негізгі дидактикалық принциптері жайлы айтар болсақ:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz