Қор нарығы және оның қазақстандағы инвестициялық процеске әсері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Инвестиция және қор нарығы қызмет етуінің теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Қор нарығы қызмет етуінің мәні және оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ..
2. Инвестициялық процеске қор нарығының әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Инвестициялық қызметтің қаржылық қамсыздандырылуы және оның бағалануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе

Нарықтық типтегі экономиканың өмір сүру қажеттілігі елеулі түрде жинақтарды инвестицияларға түрдендіріп және оларды ел экономикасының салалары арасында бөлінуді қамтамасыз ететін тиімді қызмет етуші механизмге тәуелді. Осы механизмнің маңызды элементі болып ақша және капитал құралдарының қозғалысын реттеуге, елдегі макроэкономикалық жағдайды тұрақтандыруға және экономикалық өсуге жағдай жасауға әсер ететін қор нарығы табылады.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 15 жыл ішінде еліміз экономикасында бірқатар өзгерістер болды. Еліміздегі саяси және әлеуметтік – экономикалық өмірдің тұрақтылығы экономикалық өсімнің потенциалын жүзеге асыру үшін жағдай жасауда. Еліміздің қаржы жүйесі, халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша ТМД елдері арасында алдыңғы орынды алып, жоғары қарқынмен даму жолында. Бірақ, қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылатын қор нарығы өзінің маңызды қызметтерін атқара алмауда. Сондықтан да қор нарығының тиімді қызмет етуі кез – келген ел үшін маңызды.
Қор нарығының инвестициялық процеске әсерін зерттеу қажеттілігі осы тақырып төңірегіндегі мәселелер әлсіз қаралғандықтан туындап отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, инвестицияларды қор нарығы, яғни бағалы қағаздар шығару арқылы тарту тиімді болар еді. Бірақ, республикамызда қор нарығының дамуы үшін барлық инфрақұрылым қалыптасқанмен, қор нарығының инвестициялық процеске төмен. Еліміз кәсіпорындары инвестицияларды өз қаржылары, банктік несиелер арқылы алып отыр. Инвестицияларды қор нарығы арқылы тартудың қолайлы механизмдерін құру мәселелері қазіргі таңда болып отыр.
Жұмыстың мақсаты. Қазақстандық қор нарығына талдау жүргізіп және оның инвестициялық процеске әсерін анықтап, сондай – ақ инвестициялық потенциалды жоғарылатудағы қор нарығы ролін күшейту мақсатындағы ғылыми – практикалық ұсынысты жасау.
Зерттеу жүргізу кезінде келесі маңызды міндеттер алға қойылды:
- қор нарығы қызмет етуінің мәнін және оның ерекшеліктерін анықтау;
- инвестициялық процеске қор нарығының әсерін қарастыру;
- «KASE» қазақстандық қор биржасының қызметін талдап, оған баға беру;
- экономиканың инвестициялық потенциалына қор нарығының әсерін анықтау;
- инвестицияларды қор нарығы арқылы тартуды ынталандыру жолдарын анықтау;
- инвестициялық потенциалды жоғарылатудағы қор нарығы ролін күшейту шараларын жетілдіру.
Зерттеу нысаны болып Қазақстандық қор биржасы табылады.
Зерттеу пәні болып қор нарығының инвестициялық процеске әсер етуімен байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне отандық және шетелдік (негізінен, ресейлік) ғалым экономистермен жасалған қор нарығы қызмет етуінің теоретико - әдістемелік аспектілері жатады.
Зерттеу бағалы қағаздар бойынша ҚР Ұлттық комиссиясы, ҚР Ұлттық банкі, қаржы нарығы мен ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша ҚР Агенттігі, «KASE» Қазақстанның қор биржасы, «Ирбис» қаржы нарығының ақпараттық агенттігі және т.б. – ларының эмпирикалық материалдары мен статистикалық есептемелеріне негізделеді.
Жұмыстың ғылыми – тәжірибелік маңыздылығы. Осы зерттеуде ұсынылған әдістерді республиканың қаржы нарығын реттеудегі саясатын жүргізуде ғылыми негізге алуға болады.
Зерттеу нәтижелері қор нарығы мамандарын даярлау барысындағы оқу процесін жүргізуге қолдануға болады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ҚОР НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСКЕ ӘСЕРІ
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Инвестиция және қор нарығы қызмет етуінің теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Қор нарығы қызмет етуінің мәні және оның
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ...
2. Инвестициялық процеске қор нарығының
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
3. Инвестициялық қызметтің қаржылық қамсыздандырылуы және оның
бағалануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .

Кіріспе

Нарықтық типтегі экономиканың өмір сүру қажеттілігі елеулі түрде
жинақтарды инвестицияларға түрдендіріп және оларды ел экономикасының
салалары арасында бөлінуді қамтамасыз ететін тиімді қызмет етуші механизмге
тәуелді. Осы механизмнің маңызды элементі болып ақша және капитал
құралдарының қозғалысын реттеуге, елдегі макроэкономикалық жағдайды
тұрақтандыруға және экономикалық өсуге жағдай жасауға әсер ететін қор
нарығы табылады.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 15 жыл ішінде еліміз экономикасында
бірқатар өзгерістер болды. Еліміздегі саяси және әлеуметтік – экономикалық
өмірдің тұрақтылығы экономикалық өсімнің потенциалын жүзеге асыру үшін
жағдай жасауда. Еліміздің қаржы жүйесі, халықаралық сарапшылардың бағалауы
бойынша ТМД елдері арасында алдыңғы орынды алып, жоғары қарқынмен даму
жолында. Бірақ, қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылатын қор нарығы
өзінің маңызды қызметтерін атқара алмауда. Сондықтан да қор нарығының
тиімді қызмет етуі кез – келген ел үшін маңызды.
Қор нарығының инвестициялық процеске әсерін зерттеу қажеттілігі осы
тақырып төңірегіндегі мәселелер әлсіз қаралғандықтан туындап отыр. Әлемдік
тәжірибе көрсеткеніндей, инвестицияларды қор нарығы, яғни бағалы қағаздар
шығару арқылы тарту тиімді болар еді. Бірақ, республикамызда қор нарығының
дамуы үшін барлық инфрақұрылым қалыптасқанмен, қор нарығының инвестициялық
процеске төмен. Еліміз кәсіпорындары инвестицияларды өз қаржылары, банктік
несиелер арқылы алып отыр. Инвестицияларды қор нарығы арқылы тартудың
қолайлы механизмдерін құру мәселелері қазіргі таңда болып отыр.
Жұмыстың мақсаты. Қазақстандық қор нарығына талдау жүргізіп және оның
инвестициялық процеске әсерін анықтап, сондай – ақ инвестициялық
потенциалды жоғарылатудағы қор нарығы ролін күшейту мақсатындағы ғылыми –
практикалық ұсынысты жасау.
Зерттеу жүргізу кезінде келесі маңызды міндеттер алға қойылды:
- қор нарығы қызмет етуінің мәнін және оның ерекшеліктерін
анықтау;
- инвестициялық процеске қор нарығының әсерін қарастыру;
- KASE қазақстандық қор биржасының қызметін талдап, оған баға
беру;
- экономиканың инвестициялық потенциалына қор нарығының әсерін
анықтау;
- инвестицияларды қор нарығы арқылы тартуды ынталандыру жолдарын
анықтау;
- инвестициялық потенциалды жоғарылатудағы қор нарығы ролін
күшейту шараларын жетілдіру.
Зерттеу нысаны болып Қазақстандық қор биржасы табылады.
Зерттеу пәні болып қор нарығының инвестициялық процеске әсер етуімен
байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне отандық және шетелдік
(негізінен, ресейлік) ғалым экономистермен жасалған қор нарығы қызмет
етуінің теоретико - әдістемелік аспектілері жатады.
Зерттеу бағалы қағаздар бойынша ҚР Ұлттық комиссиясы, ҚР Ұлттық банкі,
қаржы нарығы мен ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша ҚР Агенттігі,
KASE Қазақстанның қор биржасы, Ирбис қаржы нарығының ақпараттық
агенттігі және т.б. – ларының эмпирикалық материалдары мен статистикалық
есептемелеріне негізделеді.
Жұмыстың ғылыми – тәжірибелік маңыздылығы. Осы зерттеуде ұсынылған
әдістерді республиканың қаржы нарығын реттеудегі саясатын жүргізуде ғылыми
негізге алуға болады.
Зерттеу нәтижелері қор нарығы мамандарын даярлау барысындағы оқу
процесін жүргізуге қолдануға болады.

Инвестиция және қор нарығы қызмет етуінің теориялық аспектілері.
1. Қор нарығы қызмет етуінің мәні және оның ерекшеліктері.
Ережеге сәйкес, бағалы қағаздар нарығын қор нарығы деп атайды. Бірақ,
көптеген авторлардың пікірі бойынша, бағалы қағаздар нарығы – қор нарығына
қарағанда өте кең ауқымды түсінік. Себебі қор нарығы түсінігі өзіне барлық
бағалы қағаздарды қоспайды, ол тек қор құндылықтарын, яғни инвестициялық
қағаздарды. Соған қарамастан, бағалы қағаздар нарығы инвестициялық бағалы
қағаздар нарығы ретінде түсіндіріледі. Сондықтан да әрі қарай қор нарығы
түсінігі мен бағалы қағаздар нарығын бір мағынада қолданамыз.
Экономикалық әдебиеттерде қор нарығы жоғары дамыған ұлттық
шаруашылықтың маңызды негізі ретінде бағаланады. Оның даму деңгейі бойынша
экономиканың және кәсіпкерлік мәдениеттің жалпы жағдайы туралы айтылады.
Тарихи тұрғыдан, қор нарығы капиталдың қозғалысы арқылы қалыптасты.
Қазіргі таңда, қор нарықтары көптеген елдерде жинақтарды инвестицияларға
шоғырландыра отырып, баға жетпес маңызды қызметтерді орындайды.
Қазақстанда қор нарығының дамуы үшін ішкі көздерге бағытталған
объективті алғышарттар бар, олар:
- экономиканың нақты секторларының ақша құралдарына деген
қажеттілігінің болуы;
- кәсіпорындар мен ұйымдардың бос ақша құралдарының және
халықтың жинақтарының болуы;
- капиталды бағалы қағаздарды сатып – алу – сату жолымен тарту
мүмкіндігі;
- бағалы қағаздар айналысына қатыса алатын экономикалық қатынас
субъектілерінің (қор нарығы қатысушыларының) болуы.
Осы алғышарттардың барлығы қор нарығының белгілі даму технологиясы
арқылы жүргізіледі.
Қор нарығын бағалы қағаздардың шығарылымы және айналымымен байланысты
экономикалық қатынас жүйелері ретінде түсінуге болады. Қор нарығының
негізгі міндеті бос ақша құралдарын, яғни ақша түріндегі халық жинақтары
мен кәсіпорындар қаражаттарын бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыру жолымен
инвестицияларға түрлендіру. Осыған байланысты қор нарығының негізгі
қызметтерін белгілеуге болады:
- ақша құралдарын шоғырландыру;
- ақша құралдарын инвестициялау;
- делдалдық операциялар;
- капиталдың салалар арасында қайта бөлінуін қамтамасыз ету;
- пайданы нарықта операцияға қатысушылар арасында қайта бөлу.
Осылайша, қор нарығының негізгі міндеті бағалы қағаздар арқылы
инвесторлардың ақша құралдарын жинақтап және шоғырландырып, оларды
инвестицияларға жүзеге асырудан тұрады. Инвестициялау – қор нарығының
бірінші және маңызды қызметі, және бұл нарық – бағалы қағаздардың еркін
айналымын процесіндегі құнын реттейтін жай ғана табиғи нарықтық механизм
ғана емес, нарықтық экономикадағы инвестициялық механизмнің ерекше формасы.
Нарық құралдары, оның құрылымы, көлемінің дамуы капиталдың тиімді
орналасуына, капиталдың салаларға жоғары пайда нормасымен жылжуына,
капиталдың ауысуын жылдамтуға, экономиканы ұдайы өндірістік инвестициялауға
әкеледі. Сондықтан қор нарығы ұдайы өндірістік қызметті орындайды, оның
жүзеге асырылуы экономиканың құрылымын қайта құруға жағдай жасап,
нәтижесінде бағалы қағаздардың көмегімен өндірістің жоғары тиімділігіне
жетуге болады.
Қор нарығы өндірістік пайданы қайта бөлуге, инвесторлар, эмитенттер
және делдалдар табыстарын қалыптастыруға қатысады. Осы орайда қор нарығының
бөлістіру қызметі айқындалады.
Қор нарығы дамыған нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі болып
табылады. Қор нарығының дамығандығы мен оның мемлекет тарапынан реттелу
деңгейі елдің экономикалық даму деңгейінің маңызды индикаторы болып
табылады.
Нарықтық экономикадағы қор нарығының қызмет етуі экономиканың өзін -
өзі реттеуінде өте маңызға ие. Қор нарығының қызмет ету процесі 1 –
суретте көрсетілген.

Сурет.1. Қор нарығы қызмет етуінің схемасы.

Сонымен, эмитенттер бағалы қағаздар шығарады. Егер бағалы қағаздар
атаулы болып табылса, онда бұл бағалы қағаздар иелерінің құқықтарын
анықтауға тіркеушілер құрылады. Ұйымдастырылған және ұйымдаспаған қор
нарығында бағалы қағаздармен операцияларды қор делдалдары (брокерлер мен
дилерлер) жүргізеді. Ұйымдастырылған қор нарығы сауданы ұйымдастырушылардың
міндетті түрде болуын қажет етеді (қор биржалары, биржадан тыс
ұйымдастырушылар және инфрақұрылымның басқа да элементтерінің толық
жиынтығы).
Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономиканың құрамдас бөлігі болып
табылады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы және оның мемлекет тарапынан
реттелу деңгейі елдің экономикасының дамуының маңызды индикаторы. Бағалы
қағаздар нарығының қызмет етуінің мақсаты болып экономикаға
инвестицияларды тартудың механизмінің болуын қамтамасыз ету табылады.
Бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды сату және сатып – сатып алу
мәмілелерін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Ол капиталдың ақша формасынан
өндірістік формасына өтуін жылдамдатады. Бағалы қағаздар нарығында
капиталдың экономика сфералары мен салалары арасында қайта бөлінуі
жүргізіледі.
Осылайша, бағалы қағаздардың өмір сүру циклі келесі кезеңдерден
тұрады:
- бағалы қағазды шығару;
- бағалы қағаздың алғашқы орналастырылымы (алғашқы эмиссия);
- бағалы қағаздың айналымы (сатып алу - сату);
- қарыздық (облигация және т.б.) бағалы қағаздарды өтеу (сатып алу).
Осы циклға байланысты қор нарығы құрылуының екі негізі, яғни алғашқы және
қайталама нарығы қарастырылады.
Алғашқы нарық – бағалы қағаздардың алғаш орналастырылуы жүзеге
асырылатын нарық. Олардың негізгі қатысушылары болып бағалы қағаздардың
эмитенттері мен инвесторлар табылады. Қаржы ресурстарына мұқтаж эмитенттер
қор нарығында бағалы қағаздардың ұсынылымын анықтайды. Инвесторлар
капиталын өзіне тиімді салаға жұмсауда бағалы қағаздарға сұраныс
қалыптастырады. Осы алғашқы нарықта уақытша бос ақша құралдарының
шоғырланып және оның экономикаға инвестициялануы жүзеге асырылады. Алғашқы
нарықта бос ақша құралдарының салаларға және ұлттық экономиканың
сфераларына қайта бөлінуі жүреді. Нарықтық экономика жағдайындағы бұл
орналастырулардың мақсаты бағалы қағаздардан түсетін пайда болып табылады.
Бұл деген алғашқы қор нарығы нарықтық экономиканы нақты реттеуші болып
табылады. Ол белгілі бір деңгейде елдегі инвестициялар мен жинақтардың
мөлшерін анықтайды. Алғашқы нарық эмитенттермен жаңа бағалы қағаздардың
шығарылымын ұйғарады. Осылайша, эмитенттер корпорациялар, үкіметтер бола
алады.
Бағалы қағаздарды сатып алушы жеке және институционалды инвесторлар
болып табылады. Осылардың арасындағы қатынас экономиканың даму деңгейі,
жинақтар деңгейі және несие жүйесінің жағдайына тәуелді. Дамыған елдерде
бағалы қағаздар нарығында институционалды инвесторлар басым. Бұлар
коммерциялық банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары,
инвестициялық қорлар, өзара қорлар және т.б.
Қазақстандық инвесторлар ретінде банктер, компаниялар, зейнетақы
қорлары, сақтандыру ұйымдары және т.б. ретінде ұсынылған. Қазақстандық
бағалы қағаздар нарығындағы басты эмитент Қазақстан Республикасының Қаржы
Министрлігі және Ұлттық Банк тұлғаларындағы мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар ірі компаниялардың акциялары мен
облигациялары түрінде берілген (Сурет 2.).

Сурет 2. Бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының жүйесі.
Қазақстанда ең ірі ішкі институционалды инвесторлар зейнетақы қорлары
болып табылады. Зейнетақы реформасын жүргізу нәтижесінде зейнетақы қорлары
қазірде 3,7 млрд. теңгені құрайды.
Алғашқы нарықта бағалы қағаздарды орналастыру екі формада жүзеге
асырылады:
1. инвесторларға тікелей өтініш жасау жолымен;
2. делдалдар арқылы.
Қайталама нарық – бағалы қағаздардың алдында шыққанын қайта сату және
басқа да формасындағы айналысы жүргізілетін нарық. Нарықтың негізгі
қатысушылары эмитенттер мен инвесторлар емес, бағамдық айырмашылық
түріндегі пайданы алуды көздейтін алып – сатарлар (спекулянттар) болып
табылады. Олардың қызметінің негізгі мәні тұрақты түрде бағалы қағаздарды
сатып – алу – сатудан тұрады. Арзан сатып алып, қымбатқа сату олардың
қызметінің негізгі мотиві болып табылады.
Қайталама нарықта міндетті түрде алып – сату элементі болады.
Нәтижесінде қайталама нарықта тұрақты түрде бір бағытта – ұсақ меншік
иелерінен ірі меншік иелеріне меншіктің қайта бөлінуі жүреді.
Капитал миграциясы қажетті орынға құйылу және капиталдың артылғаны бар
салалар, кәсіпорындардан жылжу түрінде жүзеге асырылады.
Осылайша, қайталама нарықтың алғашқы нарықтан айырмашылығы –
инвестициялар көлемі мен елдегі жинақтарға әсер етпейді. Ол алғашқы нарық
арқылы шоғырланған ақша құралдарының тұрақты түрде шаруашылық өмірдің
барлық субъектілері арасында қайта бөлінуін ғана қамтамасыз етеді.
Алайда, қайталама нарықтың ролі бұнымен шектелмейді. Қайталама нарық
бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етіп, олардың алғашқы
орналастырылымы үшін қолайлы жағдай туғызады. Бағалы қағаздарды кез –
келген уақытта қолма – қол ақша формасына аудару мүмкіндігі құралдардың
бағалы қағаздарға инвестициялаудың міндетті шарттарын көрсетеді.
Қайта сату мүмкіндігі – инвесторлардың алғашқы нарықта бағалы
қағаздарды сатып алуында ескеретін маңызды факторы. Қайталама нарықтың
қызметі қор нарығының балансталуын және өтімділікті қамтамасыз ету болып
табылады.
Қайталама нарықтың екі ұйымдастырушылық түрлері бар: ұйымдастырылған –
биржалық және ұйымдастырылмаған – биржадан тыс. Өз кезегінде екі түрі де
ұйымдастырудың әртүрлі формаларын қабылдайды.
Қор саудасын ұйымдастырудың ең жай формасы стихиялық нарық. Бұл жерде
сатушылар мен сатып алушылар өзара (Интернет, телефон арқылы) бағалы
қағаздардың сұранысы мен ұсынысының деңгейін анықтап, бір – бірімен тікелей
келісімдер жүргізеді. Стихиялық нарықтағы мәмілелер Заключение сделки на
стихийном рынке зависит от того, насколько удачно случай сводит продавцов и
покупателей, а условия совершения разных торговых операций могут
существенно различаться даже тогда, когда они происходят в один и тот же
момент.
Биржадан тыс айналымдағы сауданы мамандар: брокерлер мен дилерлік
компаниялар жиі өздерінің қызметімен қоса жүргізеді. Бағалар биржадағы
сауданы жүргізудің қатал ережелерімен салыстырғанда биржадан тыс айналымның
ережелері бойынша келіссөздер арқылы белгіленеді.

Қайталама нарықтың дәстүрлі формасы – қор биржасы.
Қор биржасы – бұл ұйымдастырылған, үнемі қызмет етуші бағалы қағаздар
және басқа да қаржы құралдарының нарығы.
Ұйымдастырушылық – құқықтық тұрғыдан алғанда, қор биржасы ресми
бекітілген ереже бойынша биржа делдалдарының қатысуымен қор құндылықтарын
сатып алушылар мен сатушылар арасында сауда мәмілелері жүргізілетін, жұмыс
уақыты белгіленген тәртіппен реттелген қаржылық делдалдық мекеме болып
табылады. Бұл ережелер биржа жарғысы, сондай – ақ мемлекеттік заңдылық
бойынша бекітіледі. Айта кететіні, қор биржасы мен оның қызметкерлері
бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізбейді. Ол тек қана мәмілелердің жүзеге
асуына жағдай жасайды, мәмілерге қызмет көрсетеді, сатушы мен сатып алушыны
байланыстырады, қажетті орын ұсынады, кеңес беру және арбитраждық
қызметтер, технологиялық қызмет көрсетеді және де мәміле жүргізілуі үшін
барлық қажетті жағдайды көрсетеді.
Дүниежүзінде 200 – дей шамасында қор биржалары есептеледі. Бірқатар
елдерде биржалардың тарихи қалыптасқан өзіндік ұлттық жүйелері бар. Әлемдік
тәжірибеде құқықтық мәртебесі бойынша қор биржалары үш типке бөлінеді:
көпшілік– құқықтық, жеке және аралас.
Көпшілік – құқықтық мекеме (Германия және Франция) тұрғысынан алғанда
қор биржасы әрдайым мемлекет бақылауында болады. Мемлекет биржалық
мәмілелердің ережесін құруға қатысып, олардың орындалуына бақылап отырады.
Сондай – ақ биржада мәмілелер уақытында тәртіптілікті қамтамасыз етеді,
биржа маклерлерін тағайындайды.
Қор биржалары жек компаниялар (Ұлыбритания және АҚШ) ретінде акционерлік
қоғам нысанында құрылады. Мұндай биржалар абсолютті өзіндік ұйымдар болып
табылады. Биржадағы барлық мәмілелер елдегі заңдылық шегінде жүргізіліп,
заңдылықтың бұзылуы белгілі бір құқықтық жауапкершілікке тартылады.
Мемлекет биржалық саудалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және де сауда
мәмілелерінің тәуекелділіктерін төмендетуге ешқандай да кепілдік бермейді.
Егер қор биржалары акционерлік қоғамдар ретінде құрылып, оның
капиталының кем дегенде 50% - ы мемлекетке тиесілі болса, онда олар аралас
ұйымдар қатарына жатады. Мұндай биржалардың басында таңдаулы биржалық
органдар тұрады. Биржалық комиссар биржалық қызметті қадағалауды жүргізеді
және биржа бағамдарын ресми түрде тіркейді.
Биржа жүйелерінің моноцентрлік және полицентрлік орталықтарын
ажыратады. Биржа жүйесінің моноцентрлік жағдайында (Франция және Жапония)
елдің қаржы орталығында орналасқан нақтылай бір биржа үстемдік етеді, ал
қалған қор биржалары жергілікті сипатқа ие (Халықаралық Лондон қор
биржасы). Полицентрлік жүйе жағдайында елдегі басты қор биржасынан басқа
бірнеше ірі қор биржалары (Канада биржалары) қызмет етеді. АҚШ – тағы
биржалық сауданың дамуы ерекше, өзіндік биржа жүйесінің құрылуына алып
келді. Бұл елдегі Нью-йорк қор биржасының сөзсіз үстемдігі жағдайында
жергілікті қор институттары өз мүддесін сақтап, жалпы мемлекеттік биржа
жүйелері шегінде тұрақты қызмет етуде.
Қор биржасы қаржы нарығын реттеушілердің бірі ретінде табылады.
Биржалардың негізгі ролі біріншіден, қаржы және ссудалық капиталдардың
қозғалысына қызмет көрсетуден: бұл капиталдарды жинақтау және шоғырландыру;
екіншіден, мемлекет және әртүрлі шаруашылық субъектілерін несилеу және
қаржыландырудан тұрады. Қор биржасының негізгі қызметіне келесілер жатады:
- бос ақша құралдарын бағалы қағаздарды сату арқылы жинақтау және
шоғырландыру;
- мемлекет және басқа шаруашылық ұйымдарын олардың бағалы қағаздарын
сатып алу арқылы несиелеу және қаржыландыру;
- бағалы қағаздарға салымдардың жоғары өтімділік деңгейін қамтамасыз
ету.
Қор нарығы сауданың дамуы және мерзімдік мәмілелердің санының өсуі
есебінен тұтыну тауарлары нарығының қойнауында қалыптасты. Қаржы
операцияларының объектісі біртіндеп ұзақ мерзімдік қолхат – вексельдер бола
бастады. Антверпен Бельгиялық порты ресми түрде қор биржасының отаны болып
есептеледі. Бағалы қағаздармен бірінші сауда 1592 жылы оның тауарлық
биржасында жүргізілді. Кейіннен көшбасшы ролі Амстердам биржасына өтеді,
алғашқы мерзімдік мәмілелер алғаш жүргізілген уақытта, биржалық
операциялардың техникасы жоғары деңгейге жетеді.
Биржаның бастапқы құрылуы мемлекеттік табыстардың өсуімен байланысты
болды, себебі капиталдардың қазыналық вексельдерге, және де облигацияларға
салымдары кез – келген уақытта ақшаға айналуы мүмкін. Бірінші акционерлік
қоғамдардың пайда болуымен биржалық айналымның негізгі объектісі акциялар
болды. Саудагерлерді, кеме иелерін, өнеркәсіп иелерін, банкирлерді
біріктіретін серіктестіктердің пайда болуы Жаңа елдеріне теңіз
экспедицияларын және сауда каравандарын жүргізумен байланысты болды, оларды
жарақтандыру маңызды капитал салымдарын қажет етті. Үлеске қосылу жалпы
капиталда өз үлесінің меншік құқығын куәландыратын арнайы құжатпен
рәсімделді.
Бұл компаниялардың алатын жоғары пайдалары акция бағамдарының бірде
көтерілуіне және биржалық сауданың өсуіне әкелді. Қор нарығының жандану
кезеңінде (XVIII ғасырдың үшінші жартысының алғашқы жылдары және содан
кейінгі жылдар) Франция, Ұлыбритания, Германия, АҚШ – та биржалар қалыптаса
бастады. Олардың саны тез арада ұлғайып және олардың арасында тығыз қарым –
қатынастар қалыптасты. Сондықтан да капитализмнің қалыптасу кезеңінде қор
биржасы белгілі бір деңгейде капиталдың алғаш жинақталуының маңызды факторы
болды, ол бірте – бірте қаржы – экономикалық қатынастар жүйесінің маңызды
элементі болып қалыптаса бастады.
Қор биржасының мәні XIX ғасырдың екінші жартысында акционерлік
қоғамдардың жаппай құрылуымен және бағалы қағаздар шығарылымының ұлғаюымен
байланысты жылдам өсті. Әсіресе, АҚШ – та бағалы қағаздар нарығының дамуы
етек алды. Егер Еуропада бос ақша құралдарын банк шоттарында, сақтандыру
жарналарына, жылжымайтын мүлікке салуды қажет етсе, ал Американың көптеген
кәсіпкерлері капиталдарын қаржы активтеріне салды. Міне, сондықтан да АҚШ
қор нарығында қаржы операцияларын жүзеге асырудың жетілген механизмі
қалыптасты, және қазіргі уақытта ол құқықтық жағынан ұйымдастырылған және
демократиялық бағалы қағаздар нарығы болып есептеледі.
Бүгінгі таңда, елімізде бір ғана – қор биржаларының Еуразиялық
федерациясының (FEAS) және қор биржаларының халықаралық федерациясының
(FJBV) мүшелері болып табылатын Қазақстандық қор биржасы (KASE) қызмет
етуде.

2. Инвестициялық процеске қор нарығының әсері.
Қазақстан экономикасы қазіргі даму кезеңінде экономикалық өсу үшін
қажетті алғышарттарды құруға мақсатталған елеулі институционалды
өзгерістерді бастан кешірді. Қоғамның тұрақтылығын көрсететін
макроэкономикалық дамудың негізгі индикаторларының бірі қор нарығының даму
деңгейі болып табылады. Қор нарығы үшін экономикалық жүйенің реттеуші ролі
қаржы ресурстарын қайта бөлуді, инвестициялық капиталды өндіріске бағыттау
механизмін құрудан тұрады.
Қазақстандағы қор нарығын қалыптастыру құқықтық, экономикалық және
ұйымдық тұрғыдан алғанда іс жүзінде аяқталды. Бірақ та, инвестицияларды қор
нарығы арқылы тарту механизмінің жоқтығы – отандық қор нарығының төмен
деңгейде дамуын сипаттайды.
Қазіргі таңда, инвестициялардың еліміздің экономикасын өркендетудегі
маңызы зор.
Инвестицияға анықтама берген кезде оның тек мағыналық сипатына ғана
көңіл бөлмей, мақсатты түрде бағытталуын да көрсету маңызды. Осы тұрғыдан
қарағанда, инвестициялар жалпы ұлттық өнім өндірісіне жұмсалатын
табыстардың маңызды бөлігін құрайтын жаңа технологияны, материалдарды және
басқа да еңбек құралдарын енгізумен байланысты өндірісті кеңейту және жұмыс
жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалатын қаражаттардың активтерге салыну
болып табылады.
ҚР – ның Шетел инвестициялары туралы Заңында Инвестициялар
дегеніміз табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілерін
жұмсалатын барлық мүліктік, интеллектуалдық құндылықтар және оны иемдену
құқы деп жазылған.
Инвестициялау процесі инвестициялық ресурстардың материалдық
байлықтарға және материалдық емес құндылықтарға айналу процесі.
Инвестициялау процесі сурет түрінде бейнеленген (3 – сурет).
3 – сурет. Инвестициялау процесінің сызбасы.

Инвестиция Материалды активтерге Қаржылық Материалдық емес
түрлері жұмсалған активтерге активтерге жұмсалған
инвестициялар жұмсалған инвестициялар
инвестициялар
Инвестиц-лаНегізгі өндірістік Акциялар, Патенттер, Білім беру,
у және мемлекеттік лицензиялар, денсаулық
объектілеріөндірістік емес қорларжәне сауда сақтау,
корпоративтік белгілері, мәдениет
облигациялар, ғылыми – шаралары
т.б. бағалы техникикалық және т.б.
қағаздар өнімдер т.б.
Инвести-цияЭкономиканың нақты Қаржылық – Инновация- Әлеуметтік
ны қолдану секторы банктік орта лық орта орта
аясы
ИнвестициянЖаңа Іске МатериалдБос Материалдық Білім беру
ы матераспай ық ақша активтердің деңгейін,
қолданудағыиладықалғанактивтерд қаражаттарын ғылыми – денсаулық
мақсат ұ материің орнын инвестицияға техникалық сақтаудың
ативталдықитолтыру айналдыру деңгейін, сапасын
еді активт сапасын және арттырып,
ұлғайердің бәсекелестік қоршаған
ту орнын қабілеттілігіортаны
толтыр н арттыру қорғау, т.б.
у
Инвести-цияМатериалдық байлық пен материалдық емес
лаудың сипаттағы қоғамдық құндылықтардың көлемін ұлғайту
түпкілікті
мақсаты

Инвестициялардың қандай түрлері болмасын капитал әлемінде әрқайсысының
атқарар ролі әрқилы болғанымен де, олардың еліміздің экономикасын
өркендетудегі маңызы зор.
Қазақстанның экономикалық дамуына жұмсалған инвестициялардың
нысандарына байланысты үлес салмағын талдау нәтижесі портфельдік
инвестициялардың пайдалануы өте төмен көрсеткішке ие болуын сипаттайды.
Әрине, бұл жағдай еліміздегі бағалы қағаздар нарығының аса дамымауымен
байланысты.
Қазіргі таңда, Қазақстанның қазіргі дамуы алдында тұрған негізгі
мәселелердің бірі экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Осы жоғарғы өсімге
жету үшін әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, инвестициялық ресурстарды
тартып, оларды максималды пайдалану механизмін құру болып табылады. Осыған
орай тиімді қызмет етуші қор нарығының болуы кез - келген дамымаған
нарықтық экономиканың негізгі белгісі.
Үкіметтің 2010 жылға дейінгі ЖІӨ-ді еке есеге көбейту шешімі жыл сайын
ЖІӨ - нің 8 – 9 пайызға өсуін талап етеді. Сондықтан да экономикалық өсім
жылдам болу үшін маңызды инвестициялар қажет. Қазіргі уақытта қор нарығының
инвестициялық процеске әсері болуы үшін КАSE Қазақстандық қор биржасын
инвестицияларды тартудың құралы ретінде қарастыру міндет. Қазақстандық қор
нарығын инвестициялардың негізгі көздерінің бірі ретінде қарастыру үшін
негізгі капиталға инвестициялар үлесінде оны ең кем дегенде үш есеге дейін
көбейту керек. Қазіргі кезде оның үлесі 10 % - дан аспайды, ал дамыған
елдерде оның деңгейі 40 – 60 %-ға жетеді.
2003 жылдың қорытындысы бойынша бағалы қағаздардың эмиссиясы
көмегімен АҚШ – тың ұлттық экономикасына тартылған инвестициялардың көлемі
60 %-дан жоғары, Австралияда – 50 %, Германияда – 35 %, Францияда – 40 %
болды.
Қолайлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық процеске қор нарығының әсері
Қор нарығы
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар сапасын бағалауы
Өндірісті кеңейту инвестициясы
Қор биржасының қалыптасуы және қызметінің ерекшелігі
Бағалы қағаздардың жіктелуін зерттеу
Инвестиция мәні және оның экономикалық мазмұны
Инвестициялық саясат пен басқару
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
Пәндер