Нарық және нарықтық экономика



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ...5

1.1 Нарықтың түсiнiгi және пайда болу шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.2 Нарықтың мәнi және қызметтерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.3 Нарықтың қызмет ету принциптерi мен түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ...10


II НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2.1 Нарықтың артықшылықтары мен кемшiлiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

2.2 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

2.3 Нарықты мемлекеттiк реттеу мәселелерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

III ҚАЗАҚСТАНДА НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

3.1 Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

3.2 Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы нарықтық сипатта. Негізгі экономикалық проблемаларды шешуде нарықтық жүйе тиімді де серпімді болып табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтың қымет ету механизмiн және оның негiзгi элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.
Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы дамуы мен оның болашағының көрiнiсi осыдан 14 жыл бұрын егемендiгiн алып, экономикалық құрылымын жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға өткiзiп және осы аралықтағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы және оның дамуын одан әрi жандандыруға байланысты екекнi белгiлi.
Қазiргi кезде нақты нарықтық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр нарықта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi нарық құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Нарық, оның қызмететрі мен негізгі түрлері” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi Қазақстан Республикасының әкімшілік-басқару үлгісінен нарықтық экономикаға өтуімен байланыстырылған. Ұзақ уақыт бойы елімізде тауар-ақша қатынасы және онымен байланысты жеке меншік түрлері қарастырылмады, ал ұлттық экономиканы дамытудың тәжірибесі әлемдік нарықтан мүлдем оқшауланды. Натуралды және жартылай натуралды шаруашылық бұзылды, олар нарықты құру процесінің өткір проблемаларын (жұмыссыздық, тамақ өнімдерінің жеткіліксіздігі) жеңілдететін фактор еді. Осы және басқа проблемаларды шешу нәтижесінде нарықтық қатынастар және нарықтың өзі дами бастады.
Осы тақырыпты зерттеудегi мақсатым: нарықты оқып-білу, оның негізін түсіну, қоғам өміріндегі ролі мен қызметін талдау, нарықтың қарама-қайшылықтарын қарастыру.
Қойылған мақсатқа жетуге байланысты келесі мiндеттердi бөліп қарастырдым:
• Тауарлы өндірістің, тауардың, құнның жалпы негіздерін қарастыру. Айырбас пен нарықтың даму тарихы.
• Нарықтың мәнін, оның қызметтері мен қызмет ету принциптерін, нарықтық ұйымдастырудың негізгі мақсаттарын, нарықтық экономика мен нарықтың негізгі түрлерін анықтау.
• Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін, инфрақұрылымын, нарықтық экономиканың ерекшеліктерін, мемлекеттік макроэкономикалық реттеуді зерттеу.
• Нарықтың мәнін, қызметін, қоғамдық өмірдегі ролін талдау және қорытындылау.
1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметоа, У.А. Жанайдаров Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. –464 б.
2. Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев. –Алматы: Қазақ университеті, 1999. –280 б.
3. Базылева М. Н. Экономическая теория.–Минск: БГЭУ,1998,548 стр.
4. Курс экономической теории / под редакцией М. Н. Чепурина, Е. А. Кисилевой.
5. Макконнелл К. Р., Брю С. Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. М., Республика. 1992. т. 1, 348 стр.
6. Самуэльсон П. Экономические науки. – М 1990, 282 стр.
7. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М., 1993, 483 стр.
9. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. М., 1962. с. 25
10. Стратегия “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы. 2003 ж.
11. Бердибек Сапарбаев «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане и перспективы дальнейшего развития экономики страны» // РЦБК, №4, - 2007 г. 23-27 стр.
12. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
13. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2005 ж.
14. Статистический ежегодник. Алматы. – 2007г.
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2007 жылғы 29 тамыз, №754, Астана, Үкімет Үйі.
16. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ...5

1. Нарықтың түсiнiгi және пайда болу шарттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2. Нарықтың мәнi және қызметтерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

3. Нарықтың қызмет ету принциптерi мен түрлерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

II НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..17

2.1 Нарықтың артықшылықтары мен кемшiлiктерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

2.2 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

2.3 Нарықты мемлекеттiк реттеу мәселелерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

III ҚАЗАҚСТАНДА НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...26

3.1 Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен
дамуы, мәселелерi және оны шешу жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

3.2 Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму
болашағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .29

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 35

КIРIСПЕ

Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы нарықтық сипатта. Негізгі
экономикалық проблемаларды шешуде нарықтық жүйе тиімді де серпімді болып
табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы
қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің
экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң нарықтық экономикаға
өтуiне байланысты нарықтың қымет ету механизмiн және оның негiзгi
элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу
бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.
Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы дамуы мен оның болашағының көрiнiсi осыдан
14 жыл бұрын егемендiгiн алып, экономикалық құрылымын жоспарлы экономикадан
нарықтық қатынастарға өткiзiп және осы аралықтағы нарықтық қатынастардың
қалыптасуы және оның дамуын одан әрi жандандыруға байланысты екекнi
белгiлi.
Қазiргi кезде нақты нарықтық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек
қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр
нарықта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi нарық құрылымының негiзiнде
әрекет жасайды.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Нарық, оның қызмететрі мен
негізгі түрлері” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi Қазақстан Республикасының әкімшілік-
басқару үлгісінен нарықтық экономикаға өтуімен байланыстырылған. Ұзақ уақыт
бойы елімізде тауар-ақша қатынасы және онымен байланысты жеке меншік
түрлері қарастырылмады, ал ұлттық экономиканы дамытудың тәжірибесі әлемдік
нарықтан мүлдем оқшауланды. Натуралды және жартылай натуралды шаруашылық
бұзылды, олар нарықты құру процесінің өткір проблемаларын (жұмыссыздық,
тамақ өнімдерінің жеткіліксіздігі) жеңілдететін фактор еді. Осы және
басқа проблемаларды шешу нәтижесінде нарықтық қатынастар және нарықтың
өзі дами бастады.
Осы тақырыпты зерттеудегi мақсатым: нарықты оқып-білу, оның негізін
түсіну, қоғам өміріндегі ролі мен қызметін талдау, нарықтың қарама-
қайшылықтарын қарастыру.
Қойылған мақсатқа жетуге байланысты келесі мiндеттердi бөліп
қарастырдым:
• Тауарлы өндірістің, тауардың, құнның жалпы негіздерін қарастыру.
Айырбас пен нарықтың даму тарихы.
• Нарықтың мәнін, оның қызметтері мен қызмет ету принциптерін, нарықтық
ұйымдастырудың негізгі мақсаттарын, нарықтық экономика мен нарықтың
негізгі түрлерін анықтау.
• Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін, инфрақұрылымын, нарықтық
экономиканың ерекшеліктерін, мемлекеттік макроэкономикалық реттеуді
зерттеу.
• Нарықтың мәнін, қызметін, қоғамдық өмірдегі ролін талдау және
қорытындылау.
• Нарықтық механизмнiң экономикалық мәнiн және оның қызмет етуiндегi
басты принциптерiн қарастыру;
• Нарық құрылымын және оның түрлерiн қарастыру және нарық құрылымының
түрлерiнiң қызмет ету ерекшелiктерiн анықтау болып табылады.
• Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуын және ондағы
туындап отырған мәселелердi шешу барысын талдау;
Қарастырылған ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, статьялардың негізінде
бұл тақырыптың көпжақты және кең қамтылғандығын көреміз. Нарықтық
экономиканы зерттеу бұрыннан басталып, қазіргі кездегі экономистер оның
принциптерін, заңдылықтарын, экономикалық қатынастарды басқару тұтқаларына
зор көңіл бөлуде.
Бүгiнде елiмiзде көрiп отырғанымыздай еңбек рыногы, қаржы рыногы,
бағалы қағаздар рыногы, валюталық нарық, тауар мен қызметтер рыногы,
капиталдар рыногы және т.б. нарықтары қалыатасып, олар өз қызметтерiн әр
түрлi формада iске асыруда. Алайда қандай нарық болса да, оның нақты түрiне
байланыссыз, нарық экономикасы қызмет етуi, оның негiзгi үш элементтерiне:
баға, сұраныс пен ұсыныс және бәсекеге байланысты. Осы элементтердiң
жиынтығы нарық жүйесiн құрайды. Жоғарыдағы барлық экономикалық жүйелер
басты үш сұрақты қажет етедi. Оларға: Не өндiру керек? Қалай өндiру керек?
Кiм үшiн өндiру керек? Нарықтық экономикада бұл сұрақтар нарықтық
механизмнiң көмегiмен тиiмдi әрi тұтынушыларды басты орынға қойып, олардың
сұранысын қанағаттандыру мақсатында шешiледi.

I НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ

1.1 Нарықтың түсiнiгi және пайда болу шарттары

Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да
экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.
Нарық әлемдiк өркениеттердiң жетiстiктерiнiң бiрi. Нарықтық қатынастар
мәнiн анықтауда нарық түсiнiгiнiң екi жақты маңызы бар екенiнен шығу керек.
Бiрiншiден, нарық өз мағынасында айырбас, айналыс сферасында iске
асырылатын өткiзудi бiлдiредi. Екiншiден, нарық – бұл өндiру, бөлу, айырбас
пен тұтыну процестерiн қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар
жүйесi.
Нарықтық экономикада экономикалық теория негiзiнен ресурстардың
шектелген жағдайында қажеттiлiктердi қамтамасыз етудi көздеген, адамдар мен
топтардың материалдық игiлiктер мен қызметтердi сұраныс пен ұсыннысқа, баға
мен бәсекеге байланысты шктеулi ресурстарды тиiмдi өндiру, бөлу, айырбастау
және тұтынушылардың талғамын тәуелсiз, еркiн жағдайда максималды деңгейге
жеткiудi көздейтiн болады.
Нарық – бұл тауарлы өндіріс заңдары бойынша ұйымдастырылған
айырбас, тауар айырбастау қатынастарының жиынтығы.
Нарық – бұл өндіруші мен тұтынушының әрекеттесу механизмі, басқаша
айтқанда, сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы.
Нарық – бұл мемлекет ішінде және мемлекеттер арасында өнімді
тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстыратын айырбас сферасы. 1, 28 б
Нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара
әрекетінің сферасы ретінде қарастырылады. Ф. Котлердің кітабында нарық –
тауарды қазіргі кезде және болашақта сатып алушылар жиынтығы түрінде
сипатталады. Экономикс кітабында нарық белгілі бір қызмет немесе өнімді
сатып алушылар мен сатушыларды көздестіретін механизм ретінде
қарастырылады[1].
Нарық туралы Р. Липси, П. Стейнер, Д. Первис сияқты американ
ғалымдары тартымды ойлар айтқан. Олар нарық – экономикалық шешім
қабылдайтын тұлғалардың өзара әрекеттері туралы пьеса қойылатын сахна,– деп
көрсетеді. – Миллиондаған тұтынушылар – қандай тауар және қанша көлемде
сатып алу керек; кәсіпкерлер – не өндіру керек, қалай өндіру керек;
өндіріс факторларының иелері – осы тауарларды кімдерге және қалай сату
керек деген дербес шешімдер қабылдайды.
Нарық – бұл экономикалық дамудың және микро-, макродеңгейдегі
тиімділікті көтерудің басты жолдарын түсінудегі іргетасы болып табылады.
Оның мәні – еңбек бөлінісімен келісілген шаруашылық субъектілерінің,
адамдар мен қоғамды тұтас алғандағы, тауарлы айырбас қатынастарының
жиынтығы. Нарықтың тұтынушылар мен өндірушілердің байланысына әсері баға,
сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, пайда мен шығындар, яғни нарықтық механизм
ұғымына кіретін барлық атрибуттар арқылы жүзеге асырылады.
Нарық нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларда әрекет етеді және
меншік институттарына тәуелді болады. Ол ұдайы өндірістің барлық буынында:
өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында маңызды рөл атқарады.
Нарықтық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу
мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың нарық арқылы тәуелсiз түрде өзара
әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.
Экономикалық байланыстар өнiмдердiң өндiрушiлерден тұтынушыларға
қозғалысын қамтиды: бiр жақтан, өндiрушiлер, басқа жақтан тұтынушылар
арасында көп түрлi айырбас жүрiп отырады. Осындай айырбас процестерi
қоғамдық еңбек бөлiнiсiмен белгiленедi. Бұл бiр жағынан өндiрушiлердi
ажыратады, еңбек әрекеттерiне сәйкес оларды бiр-бiрiнен оңашаландырады.
Екiншiден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тударады.
Осындағы бiрiншi жағдай әр өндiрушiлердiң шаруашылық жүргiзуде экономикалық
тұрғыдан жекешеленуiне, тәуелсiздiгiне ұласады, сөйтiп нарық қатынастарының
субъектiлерiнiң қалыптасуының экономикалық негiзiн құрайды. Екiншi жағдай
тауарларды сатып алу-сату эквиваленттiк негiзде жүрiп отыратын айырбастар
процестерiнде көрiнiс табады. Осы кезде өндiрушiлер тауар өндiрудi және оны
өткiзудi, шығындарды өтеудi, өндiрiстi кеңейтудi және жетiлдiрудi –
барлығын өз еркiмен дербес шешедi. Тауар – ақша қатынасы жағдайында айырбас
процестерi нарықтық қатынастар формасында болады.
Экономикалық теорияда осыған ең қарапайым түрдегi жауап: нарық
адамдардың сатушы және сатып алушы болып бiрiн-бiр тауап кездесетiн жерi.
Неоклассикалық экономикалық әдебиетте жиi қолданылатын нарыққа анықтаманы
француз экономисi А.Курно мен экономист А.Маршал бередi. Олардың айтуынша:
“нарық заттар сатылатын және сатып алынатын белгiлi нақты нарық алаңы емес,
ол сатып алушылар мен сатушылардың бiр-бiрiмен өте еркiн жағдайда келiсiмге
келетiн, кез-келген жалпы экономикалық аудан; еркiндiк сонда – бiрдей
тауарлардың көп ұзамай тез арада теңелiп отырады”. Бұл анықтамада
айырбастың еркiндiгiмен бағаның белгiленуi нарықтың басты критериi деп
көрсетiлген.
Ағылшын экономисi У.Джевонс нарықтың критериi деп сатушылар мен сатып
алушылардың арасындағы өзара қатынастардың “тығыздығына” назар аударады.
Бұның айтуы бойынша, тығыз iскерлiк қатынасқа түскен және қандай болмасын
сондай тауарлар туралы келiсiм жасасқан кез келген адамдардың тобы ол нарық
болып табылады. 2, 21 б
Нарықты объективті түрде қажет ететін үш негізгі шарт бар:
Бірінші шарт – көне заманда пайда болған қоғамдық еңбек бөлінісі.
Қоғамдық еңбек бөлінісі тарихта 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мал
шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасындағы ұдайы
өндірістің пайда болуына жағдай жасады. Екіншісінде – қолөнер егіншіліктен
бөлініп шықты да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды. Үшінші
кезеңде сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты.
Содан кейін салалар бөліне бастады, жеке өндірістер мамандандырылды. Осы
кезеңде нарықтық байланыстар ұдайы қалыптасты.
Еңбек бөлінісі айырбасты шарасыз қажет етеді. Мысалы, ежелгі
малшылар жер өнімдеріне мұқтаж болса, жер өңдеушілер өсімдік түрлерімен
ғана шектеліп қойған жоқ. Айырбас кең көлемде етек ала бастады. Бастапқыда
ол тек тайпа ішінде жүрсе, кейіннен тайпа аралық айырбас пайда болды.
Алғашында ол өрескел түрде болды. Этнографтардың бақылаулары Калимантан
аралы мен Малайзияның қазіргі аудандарында айырбас осындай түрде
болғандығын көрсетеді. Сатушылар айырбасқа арналған өз өнімдерін сатып
алушыларға көруге мүмкіндік беру үшін, оларды қойып, өздері кетіп отырған.
Егер сатып алушы ұсынылған заттарды алғысы келсе, онда өз заттарын
қалдырып кеткен. Сонда сатушылар оралып, келіскен жағдайда айырбас жүзеге
асқан.
Осы жерде айырбастың қарапайым түрлерінің бірі – бартердің алғашқы
белгілері пайда болды. Әрине, ол әлі шынайы нарықтан алшақ. Себебі
сатушылар мен сатып алушылардың көзқарастары түйіспеуі де мүмкін.
Мұндай жағдайда, өз өніміне тиісті зат алу үшін бір емес, бірнеше айырбас
жүргізуге тура келген.
Айырбастың дамуы арнайы сатуға арналған тауарларды өндіруге
ынталандыратын ақшаның пайда болуына әкелді. Сонда ғана тауарлы өндіріс,
яғни өндірушілер жеке бас қажеттіліктерін өтейтін ғана емес, сонымен қатар
орнына өздеріне қажетті басқа да ондаған заттарды алуға мүмкіндік беретін
өндіріс туды. Басқаша айтқанда, өзге адамдардың қажеттіліктерін
қанағаттандыратын нарыққа арналған өндіріс пайда болды.
Екінші шарт – өндірушілердің экономикалық жекешеленуі. Тауарлы
айырбас міндетті түрде баламалыққа ұмтылуды болжайды. Ешкім де жеңілгісі
келмейді, яғни өз тауарының орнына басқа тауардың балама мөлшерін алғысы
келеді. Мұндай ұмтылыс экономикалық шектеулілік, мүдделердің оқшаулануы
негізінде шығады. Осы оқшаулану жеке меншіктің негізінде қалыптасады.
Кейіннен ол ұжымдық меншікке сүйене бастады, бірақ ол меншік түрі мүдделер
шеңберімен шектелген (кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар,
мемлекеттік кәсіпорындар, аралас кәсіпорындар, яғни мемелекеттің
араласуымен, т.б.) 2, 23 б
Нарықтық шаруашылықтың тиімді түрде қызмет етуі үшін үшінші шарт та
қажет – өндірушінің дербестігі, кәсіпкерліктің еркіндігі. Шаруашылықтың
нарықтан тыс реттелуі кез келген жүйеде шарасыз, алайда тауар өндіруші
неғұрлым еркін болса, нарықтық қатынастар соғұрлым кең түрде дамиды.
Нарық – өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі дегенді жиі айтады.
Бұл дұрыс, бірақ, нарықтың пайда болуы мен қалыптасуы – ақыл-ой
жетістігінің нәтижесі емес, ол өте ұзақ тарихи дамудың салдары.
Қорындылай келгенде, нарық – бұл тауарлы өндіріс пен айырбас
заңдары бойынша ұйымдастырылған айырбас; тауарлы айырбас қатынастырының
жиынтығы, сатушы мен сатып алушы арақатынастарының механизмі, яғни сұраныс
пен ұсыныстың қатынасы, мемелекет ішінде және мемлекет аралық айырбас
ортасы. Нарықтың пайда болуына қажетіті шарттар: қоғамдық еңбек бөлінісі,
өндірушілердің экономикалық жекешеленуі, кәсіпкерліктің еркіндігі.

1.2 Нарықтың мәнi және қызметтерi

Нарықтың мәнiн анықтағанда, оның екi жақты мағынасы бар екенiнен
бастау керек. Бiрiншiден, нарық (маркет) деген түсiнiк өзiндiк мағынада
өткiзу деген түсiнiк, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады.
Екiнщiден, нарық - өндiрiс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерiн қамтитын,
адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесi. Бұл меншiктiң әр алуан
формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесiн пайдалануға
негiзделген, экономкалық iс-әрекеттердiң күрделi механизмi.
Нарық категориясының терең түсінігі оның ұдайы өндірістегі орнын
айқындай түседі. Ұдайы өндірістің 4 буынын атап көрсетуге болады:
1. Өндіріс
2. Бөлу
3. Айырбас
4. Тұтыну
Экономикалық өмірдің түпкі мақсаты – бұл тұтыну, алайда
экономиканың маңызды сферасы өндіріс болып табылады. Оның дамуынсыз
ешқандай нарықтың болуы мүмкін емес, себебі тауарлық массаны тек өндіріс
тудырады. Өндіріс сферасындағы өзгерістер экономиканың өзге де
сфераларындағы барлық өзгерстерге әкеп соқтырады. Бұл нарықтық қатынастарды
әлі де орнамаған жерлерде қалыптастыруда аса маңызды. Егер басында ірі
өндірістік нәтижелерге жетпей, айналысты реформаласақ, онда ешқандай нарық
пайда болмайды. 2, 23 б
Алайда өндіріс пен тұтыну арасында басқа да сфералар бар.
Өндірістен кейін бөлу жүреді, яғни өндірістің тікелей нәтижесіне кімнің ие
болатындығын анықтайтын жүйе. Бөлу адамдар арасындағы әлеуметтік
қатынастарды қалыптастыруда, қоғамдық топтардың материалдық деңгейін
анықтауда үлкен роль атқарады.
Бірақ бөлу – бұл өндірістің салдары ғана емес. Көп жағдайда өндіріс
процесінің тиімділігі еңбек нәтижелерінің қалай бөлінетіндігіне тәуелді.
Айырбас экономикалық сфера иерархиясында үшінші орында болғанымен,
ол бөлу тәрізді өндіріске күшті кері әсерін тигізеді. Бұл нарықтың
қызметтерін қарастырғанда көрнекі болады. Солай бола тұра, айырбас сферасы
қоғамдық шаруашылықтың барлық жүйесінде үлкен роль атқарады, сондықтан да
тауарлы айырбас қатынастар жиынтығы ретінде нарықтың дамуы аса тарихи
маңыздылыққа ие болды.
Қоғамда бекітілген нарықтық қатынастар елеулі қызметтерді атқара
отырып, шаруашылық (экономикалық) өмірдің барлық жақтарына үлкен әсер
етеді.
Нарықтың қызметтердің түрлері:
1. Ақпараттық (латын тілінен information - түсіндіру) – бұл нарықтың
жағдайын талдау мен болжау үшін қолданылатын мағлұматтар. Кез келген фирма
қай жерде болмасын арзанға сатып алу және қымбатқа сатуға, сұраныс пен
ұсыныс туралы, пайданың нормасы туралы ақпараттарға мұқтаж болады. Алынған
мәліметтер базасында фирма өзінің бағытының стратегиясын жасайды. Нарықтық
құрылымның қазіргі кезеңі мәліметтерді автоматты өңдеудің жекешелеген
ақпараттарынан ақпараттық жүйені құрумен сипатталады. Үнемі өзгеріске
ұшырап отыратын бағаларға, несиеге қойылатын проценттік ақы мөлшеріне
сәйкес нарық өндіріске қатысушыларға тауарлар мен қызметтердің қоғамға
қажетті мөлшері, ассортименті және сапасы туралы объективті ақпарат беріп
отырады. 3, 31 б
Стихиялы түрде ағылатын операциялар нарықты аса үлкен нүктелі
ақпарат жинап, оны өңдейтін және өзі қамтитын шаруашылық кеңістігіне
жалпылама мәлімет беретін алып компьютерге айналдырады. Бұл әрбір
кәсіпорынға меншікті өндірісін үнемі нарықтың өзгермелі жағдайларымен
салыстырып отыруға мүмкіндік береді.
2. Делдалдық. Экономикалық жекешеленген өндірушілер терең қоғамдық
еңбек бөлінісі жағдайында бірін-бірі тауып, өздерінің қызметтерінің
нәтижелерімен алмасуы керек. Нарықсыз қоғамдық өндірістің нақты
қатысушыларының арасындағы экономикалық және технологиялық байланыстың
қаншалықты өзара тиімді екенін анықтау мүмкін емес. Бәсеке едәуір дамыған
қалыпты нарықтық экономикада тұтынушы оптималды жеткізушіні таңдау
мүмкіндігіне ие болады (өнімнің сапасы, оның бағасы, жеткізу мерзімі,
өткізуден кейінгі қызметтер және т.б. параметрлер тұрғысынан). Сонымен
қатар сатушыға өз талаптарына сай сатып алушыны таңдау мүмкіндіктері
беріледі.
3. Баға белгілеу. Нарыққа түсетін балама тауарлар мен қызметтерге
материалды және еңбек шығындары бірдей көлемде жұмсалмайды. Алайда нарық
тек қоғамдық қажетті шығындарды мойындайды, сатып алушы соларды ғана
өтеуге келіседі. Демек, осы жерде бірде бір ЭЕМ есептей алмайтын қоғамдық
құн көрінісі қалыптасады. Оның арқасында баға мен құнның арасында өндіріс,
қажеттілік, коньюнктурадағы өзгерістерге әсерлесетін қозғалмалы байланыс
орнайды.
4. Реттеуші – рыноуктық қызметтiң ең маңыздысы. Ол нарықтың
экономиканың барлық сферасына, ең бастысы өндіріске әсерімен байланысты.
Нарық бәсекесіз мүмкін емес. Сала ішіндегі бәсеке өнім бірлігіне кеткен
шығындарды азайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға және техникалық прогресс
базасында өнім сапасын жоғарлатуға ынталандырады. Салааралық бәсеке
капиталдың бір саладан екінші салаға ағуы негізінде экономиканың оңтайлы
құрылымын қалыптастырады, анағұрлым келешегі бар саланы кеңейтуге
ынталандырады. Бәсекелік ортаны сақтау және қолдау – дамыған нарықтық
жүйедегі елдердегі мемлекеттік реттеудің маңызды мәселелерінің бірі.
Нарықты реттеуде, бағаға елеулі әсер ететін, сұраныс пен ұсыныстың
ара қатынасы үлкен роль атқарады. Бағаның жоғарлауы – өндірісті кеңейтуге,
ал төмендеуі – өндірісті қысқартуға көтермелейді. Нәтижесінде,
кәсіпкерлердің стихиялы әрекеттері жоғары немесе төмен деңгейдегі
оптималды пропорциялар орнатады. Реттеуші көрінбейтін қол әрекет етеді,
ол туралы Адам Смит былай деген: Кәсіпкер тек өз мүдделерін көздейді,
жеке бас пайдасын ойлайды және де бұл жағдайда көрінбейтін қол оны алдын-
ала ойламаған мақсатына жетелейді. Өзінің жеке мақсаттарына қол жеткізу
үшін, ол қоғамға бұрынғыдан да саналы түрде қызмет көрсетеді[2].
Қазіргі заман жағдайында экономика тек көрінбейтін қол арқылы
емес, сонымен қатар мемлекеттік тұтқалар арқылы басқарылады, бірақ нарықтың
реттеуші ролі ұлттық шаруашылықтың тепе-теңдігін анықтауда негізгі болып
қалады.
1. Сауықтыру. Нарықтық механизм – қайырымдылық жүйесі емес.
Ол қатты, тіпті қатаң. Оған әлсіздерге қарағанда аяусыздық және
әлеуметтік жіктелу тән. Бәсекенің көмегімен нарық қоғамдық өндірісті
экономикалық тұрақсыздықтан, өміршең емес шаруашылық бірліктерінен сақтайды
және керісінше іскерлік пен тиімділікке жол ашады. Осының нәтижесінде
шаруашылықтың тұрақтылығының орта деңгейі үздіксіз арта түседі. 8, 67 б
2. Самуэльсонның пікірінше, АҚШ-тағы бөлшек саудамен айналысатын
дүкендердің үштен бірінен жартысына дейінгісі ашылғаннан кейінгі үш жыл
ішінде өз істерін тоқтатады. Ал шағын бизнестің орташа циклі алты айдан
аспайды. Бәсекелік күресте ірі фирмалар да өз істерін тоқтатуы аз
кездеспейді. Өндіріс пен капиталдың шоғырлану жағдайында монополизация
нарықтың сауықтыру механизмін сиықсыздандырады. Әйтсе де, капиталистік
әлемде монополизация табиғи іріктеу тоқтайтындай бәсекелікті
тұншықтырмайды.

1.3 Нарықтың қызмет ету принциптерi мен түрлерi

Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің
болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі – өндірушілер
мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады –
біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну
және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс
сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып
табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады.
Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы,
әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады.
Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға
негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының
корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас
формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке
талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға
сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі
конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші – осы
географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің
сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар
болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.
Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны – екі құрылымнан,
сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік
болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай
табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және
ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс
материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты
байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды
элементтері.
Ендi осы рынок элементтерiмен сұраныс арасындағы байланысты
қарастырайық. Оны келесi 1-шi суреттен көруге болады: 1, 38 б

Баға
Ұсыныс (S)

P0 Е

Сұраныс (D)
Q0 Өнiм көлемi

Сурет-1 – Рыноктың тепе-теңдiгi және сұраныстың басқа элементтермен
байланысы

Суреттен көрiп отырғанымыздай рыноктық қатынаста сұраныс ең бiрiншi
сұраныс заңы бойынша бағаға және ұсынысқа байланысты болады. Яғни, рынокта
сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқан нүктесiнде тепе-теңдiк
рыноктық баға қалыптасады. Ал рынокты жалпы түрде қарастырсақ сұранысты
тұтынушылардың талғамы, ал ұсынысты өндiрушiлер тудырады. Бұлардың
арасындағы байланыста сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланысқа негiзделген.
Мысалы, сұранысты тудыратын тұтынушылардың мақсаты өздерiнiң
қажеттiлiктерiн бюджеттiк мүмкiншiлiгiне байланысты ең жоғары деңгейде
максималдау болып табылады. Ал ұсынысты қалыптастырушы өндiрушiлер
өздерiнiң шығындарын минималдай отырып, пайдаларын максималдауға ұмтылады.
Сондай-ақ рынокта көптеген фирмалар рыноктағы сұраныстың басым көпшiлiгiне
ие болу үшiн бәсекеге түсiп отырады.
Жалпы айтқанда рыноктық экономиканың жоспарлы экономикадан бiрден-бiр
ерекшелiгi, егер жоспарлы экономикада ең бiрiншi экономикалық сұрақ не
өндiремiн, яғни ұсыынсқа негiзделген болса, ал рыноктық экономиканың
тиiмдiлiгi рынокта кiм ненi қалайды, яғни сұраныс бiрiншi орында болып
табылады. Сондықтан елiмiздiң рыноктық қатынастатары тиiмдi даму үшiн
өндiрiс сұранысқа икемдi болуы керек. Бiр сөзбен айтқанда сұранысты
толығымен зерртеу бүгiнгi күннiң басты сұрақтарының бiрi.
Сұраныс деп тұтынушылардың белгiлi бiр өнiмдi таңдау және сатып алу
қабiлетiн айтады. Экономика деген ғылым шектеулi ресурстарды таңдау және
оларды пайдалану тәсiлдерiмен шұғылданады. Осы мәселенi шешкенде әрбiр
рынок субъектiсi, яғни өндiрушi мен тұтынушы максималды пайдалылыққа
жетуге тырысады. Ол кез келген рынок субъектiсi оңтайлы мiнез-құлығымен
әрекет жасауы керек. Яғни ол мынадай түрде белгiленедi: 1, 39 б
Q = QD (p)
Мұндағы, р – тауар бағасы;
Q – сұраныс шамасы;
QD (p) – сұраныс функциясы.
Кез келген сұранысты қалыптастырушы тұтынушы ұнатымдылығы мен артық
көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы тұтыну жоспарын
жасады делiк. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең
жоғарғы деңгейде қанағаттандыратын едi. Тұтынушылық мiнез-құлығы мен
сұраныс теориясы осы параметрлердiң белгiленгенiң басшылыққа алып талдау
жасайды.
Сұраныс заңы - тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, сұраныс шамасы
соғұрлым төмен болатынын айтады, яғни Q = QD (p) тәуелдiлiгi керi болып
келедi. Бұл сұраныс функциясының кестесiнде керi ылдиы бар деген сөз. Ол
(D) сұраныс қисығы деп аталады. Оны келесi 2-шi суреттен көре аламыз.

Баға

Р2

Р1 Сұраныс (D)

Q2 Q1 Өнiм көлемi

Сурет-2 – Сұраныс қисығы ылдиы

Суреттен көрiп отырғанымыздай, сұраныс функциясының керi тәуелдiлiгi,
егер баға Р1 ден Р2-ге дейiн өссе, сұраныс шамасы Q1-ден Q2-ге дейiн
төмендейтiн түрiн бiлдiредi.
Бұған келесi түрде түсiнiктеме беруге болады. Бiрiншiден адамдар
қымбаттаған тауарды басқа тауарға ауыстыра бастайды, екiншiден бағаның
көтерiлуiне байланысты өздерiн кедей сезiнiп олар осы тауарды тұтынуын
қысқарта бастайды.
Тауардың пайдалылығы барма немесе жоқпа, белгiлi бiр адам үшiн егер
пайдалылығы болған жағдайда ол пайдалылықтың деңгейi қандай, демек ол
игiлiк қандай деңгейде қажетiн тұтынушының қажетiн орындайды. Осыны әрбiр
тұтынушы өзiнше субъективтi анықтайды. Осыған сәйкес рынокта рыноктық баға
деңгейiн белгiлейдi.
Өндiрушi мен тұтынушы арасындағы бәсеке және мәмiлелер бағаға әсер
етiп, рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар
көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне бұл жағдай тұтнушылар мiнез-
құлығын және нарықта сұранысты қалыптастырады.
Ұсыныс қисығы баға (Р) мен тауардың ұсынылатын көлемiнiң арасындағы
тура пропорционалды қатынасты көрсетедi. Ендi осы айтылған байланысты
функция түрiнде бейнелесек, онда келесiдей формула жазуға болады:
QS = f (p),
Мұндағы: QS – ұсыныс көлемi, (тонна, килограм);
Р – тауардың бағасы, теңге. 5, 45 б
Ұсыныс концепциясы тауардың бағасы мен сатушылардың сатуға ұсынған осы
тауардың көлемi арасындағы қатынасты қарастырады. Әрине, бағадан басқа
ұсыныс көлемiне әсер ететiн сыртық факторлар бар. Оларға жататындар:
• еңбектiң бағасы немесе жалақы;
• тауарды өндiруге қажеттi материалдар мен шикiзаттардың бағасы;
• қолданылатын технология түрi мен құрылымы;
• осы тауарға ұқсас тауарлардың бағасы мен сапасы;
• рыноктағы осы тауарларды сатушылардың саны немесе бәсекелестiк орта.
Нарық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары
болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Бәсеке нарық субъектілерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу
механизмінің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың көрінбейтін
қолы деген. Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне
сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы
әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын
жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің –
бағаның, пайда нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып
табылады.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық
тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет
етуін талап етеді. 7, 51 б
Роноктық экономика қызмет етуiнiң механизмi үш басты принципке
негiзделедi:
• маржиналдық (шектi) талдау;
• балама талдау шығындары;
• экономикалық рационалдылық;
Маржиналдық талдау принципi негiзiнде нарықтық субъектiлер мiнез-
құлқы құрылады, оған орташа емес, шектi шамалар шешушi әсер етедi. Нарықтың
тауарларға толуы, нарықтық бағалардың өзгеруi нәтижесiнде нарықтық
экономиканың бiр қалыптан екiншiсiне өтуi бiр деңгейде жүредi. Бұл жаңа,
шектi субъектiнiң сұраныс немесе ұсыныс түрiнде нарықтық экономикаға әсер
етпеуiнен болады. Жетiлген нарық жағдайында үлкен немесе сұраныс пен
шаруашылықты жүргiзушi субъектiлердiң шексiз саны болған кезде, осылардың
әрқайсысы шексiз шағын үлес салмағына ие болады. Маржиналды жол нарықтық
кеңiстiктiң үздiксiз қызмет етуiн қамтамасыз еткендей болып, сұраныс пен
ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болуы мүмкiндiгiн болдырмайды, тауар
өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы нарық ылғи да ұстап отырады.
Балама талдау шығындардың принципi. Балама талдау шығындары
ресурстарды пайдаланбаудың басқа тәсiлдерiнен немесе кәсiпкерлер қызметiне
байланысты туындаған тiкелей шығындар мен алынбаған пайдалардың сомасы
түрiнде болады. Нарықтық экономиканы құру жiберiп алынған мүмкiндiктер
iшiнен аз, бiрақ кепiлдi табыс беретiн ең нашар нұсқа таңдап алуына
негiзделедi. Балама талдау шығындары принципi өндiрушiлердi қолда бар
ресурстарды тиiмдiрек пайдаланудың жолын iздеуге итермелейдi.
Экономикалық рационалдылық принципi пайда мен шығындарды салыстыруға
негiзделедi. Рационалды таңдау кепiлдi табысты пайданың ең төменгi бөлiгi
көлемiнде қамтамасыз ететiнi шектi болып табылатын өзгермелi нұсқалардың
бiрiнде iске асырылады. Рационалдылық критерий табысқа деген құқықпен
анықталады. Капиталды шектеулi пайдалану кезiнде фирмалар пайданы
жоғарылатуға тырысады, ал тұтынушылар өз игiлiгiн барынша жақсартуға, яғни
бюджеттiк шектеулiгiне байланысты қажеттiлiктерiн максималды деңгейде
қанағаттандыруға ұмтылады.
Көрсетiлген принциптер негiзiнде нарықтық экономиканы құру бiр жағынан
сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштердi, екiншi жағынан, нарықтық
бағаларды пайдалануға негiзделетiн нарықтық механизмнiң орталық проблемасы
болып табылатын тепе-теңдiк жағдайға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Нарықтар жүйесі – әртүрлі критерийлер мен белгілермен
сипатталатын барлық нарық түрлерінің жиынтығы.
Нарық әртүрлі деңгейде, қызметтің барлық сфераларында, елдің
әртүрлі аймақтарында қызмет етеді. Сондықтан да нарықтар жүйесі күрделі
және алуан түрлі. Заңдылыққа сәйкес нарықтың келесі түрлерін атап өтуге
болады:
• Жария (официальный);
• Заңсыз (көлеңкелі).
Заңсыз нарық – көлеңкелі экономиканың заңға қайшы, тіркелмеген
қызмет көрсету түрінде түсіндірілетін бөлінбейтін элементі.
Әрбір нарықтың ерекшелігіне қарамастан олардың барлығы өзара
байланысты ғана емес, сонымен қатар өзара шарттасылған.
Әрбір өнім өндіруші өзінің өндірісін кеңейту үшін сәйкес нарық
мүмкіндік беретіндей өндіріс құрал-жабдықтар санына, капиталға және
жұмысшыларға сенім арта алады. Оның әрқайсысында, өз кезегінше, көрші
нарықтарда орын алған ұсыныс пен сұраныс есепке алынады. Қоғамдағы
экономикалық өмір екі деңгейде дамиды:
• микроэкономикалық, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің айырбас
кезіндегі іс-әрекетін сипаттайды;
• макроэкономикалық, бүкіл ұлттық шарушылық (ұлттық экономика)
масштабында өндірістің жүргізілуімен сипатталады (нарықтық жағдайда).
Нарық жүйесі меншіктің әртүрлі формалар, шаруашылық субъектілердің
еркін іс-әрекеті және олардың өз қызметтерінің нәтижелеріне
жауапкершілігі, өнім өндірушілердің еркін баға белгілеуі, бәсекесі,
нарықтық процестерді сәйкес экономикалық тұтқалар арқылы реттеудегі
мемлекеттің оңтайлы араласуы жағдайында тиімді жұмыс істейді. 6, 102 б
Ұлттық экономиканың интеграция жағдайында ішкі нарыққа
гипермакроэкономиканың мазмұнын анықтайтын әлемдік шаруашылық байланыстар
жүйесі әсер етеді.
Нарық құрылымына түрлі критерийлерге байланысты нарық түрлері
кіреді. Әрбір нарықтың түрі өзара байланысқан және өзара шарттасылған:
1. Нарықтық қатынастар объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі
бойынша:
• тауарлар мен қызметтер;
• өндіріс құралдар;
• жұмыс күші;
• несиелік капитал;
• қаржы;
• құнды қағаздар;
• ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы.
2. Географиялық орналасуы бойынша мынандай нарықтар болады:
• аймақтар ішіндегі;
• аймақ аралық;
• республикалық;
• республикааралық;
• әлемдік.
3. Бәсекенің шектелу дәрежесі бойынша:
• еркін;
• олигополиялық;
• монополиялық (монопсондық);
• салааралық.
4. Нарық қатынастарының субъектілер бойынша:
• бөлшек сауда;
• көтерме сауда;
• ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары.
5. Реттелу механизмі бойынша:
• жетілген бәсеке;
• жетілмеген бәсеке;
• реттелетін (мемлекеттің бақылауымен). 2, 39 б

II НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ НАРЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

2.1 Нарықтың артықшылықтары мен кемшiлiктерi

Бiзге белгiлi әр экономикалық құрылымның өзiнiң артықшылықтары мен
кемшiлiктерi болады. Ал осы орын алатын кемшiлiктердi уақтысымен реттеп
отырса, ол қоғам дамуына үлкен жол ашып отырады. Сондықтан да нарықтық
экономиканың да өзiндiк қызмет етуiнде артықшылықтары мен кемшiлiктерi бар.
Оларды келесiдей топтастыруға болады:
Нарықтық экономикада төмендегiдей қоғам дамуына тигiзер артықшылықтары
болдаы:
1. Экономика ғылымының басты нысаны болып табылатын шектеулi ресурстарды
тиiмдi бөлу мен пайдалануға көмектеседi;
2. Бүгiнгi жаһандану заманында өндiрiстiң жылдам өзгерушi жағдайларына
икемдi жауап берiп, оған тез бейiмделедi;
3. Нарықта тұтынушылар мен өндiрушiлердiң де таңдауымен, олардың еркiн
әрекет етуiн қамтамасыз етедi;
4. ҒТР жетiстiктерiн, өндiрiстi ұйымдастыру мен тиiмдi басқарудың жаңа
технологиялары, әдiстерiн енгiзу үшiн жағдай жасауға көмектеседi;
5. нарықтағы өндiрушiлер өздерiнiң өндiрiсiн сұранысқа бейiмдейдi, яғни
тұтынушылар қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға және тауарлар мен
қызмет көрсетулер сапасын арттыруға негiзделедi.
Сонымен қатар, нарық экономикасының келесiдей белгiлi кемшiлiктерi де бар:
1. Тұрақты және тәуекелсiз табыс алуға кепiлдiк бермейдi;
2. Экономикада толық жұмысбастылыққа немесе жұмыссыздық мәселесiне
кепiлдiк бермейдi;
3. Қалпына келтiрiлмейтiн ресурстарды сақтауға көмектеспейдi;
4. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды әлсiз ынталандырады;
5. қоғамдық игiлiк болып табылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi
өндiрудi дамытуды қамтамасыз етпейдi. 6, 97 б
Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында тұтынушының артықшылығы басым.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен ресурстарды жеткізушілер артық
шығындардан сақтану барысында тұтынушылардың талаптарына сай қызмет етуге
мәжбүр.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жүйесі өз механизмі арқылы
төменгілерді қамтамасыз етеді:
1. Неғұрлым аз шығындалуды жіберетін өнімділігі жоғары
технологияларды пайдалану;
2. Сұраныстағы өзгерістері туралы ресурстарды жеткізушілер мен
кәсіпкерлерге ақпарат береді, ол өз кезегінде ресурстарды
бөлудегі түзетулерді жүзеге асырады;
3. Жеке және қоғамдық мүдделердің үйлесімділігі. Көрінбейтін
қол ресурстарды жеткізушілер мен кәсіпкерлердің пайдакүнемдік
іс-әрекеттеріне бәсеке арқылы әсер ете отырып, оларды шектелген
ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандырады.
Бәсекелестік нарықтық жүйенің негізгі артықшылығы – бұл оның
өндірістің тиімділігін үнемі ынталандырып отыруы. Экономика тек үздік
технологияны пайдалана отырып, тұтынушы талап ететін өнімді ғана өндіреді.
Нарықтық жүйе үкіметің орталықтанған шешімдері арқылы емес,
орталықсызданған, яғни жекешеленген шешімдер нәтижесінде автоматты түрде
қызмет етеді және түзетіледі.[3]
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар мынандай қорытындылар жасауға
мүмкіндік береді:
1. Нарықтық экономика – бұл шаруашылықты жүргізуші субъектілердің
өзара әрекеттесуі мен экономиканың үш негізгі проблемаларының
(не, қалай және кім үшін өндіру керек) шешілуі нарық және оның
механизмдері әсерінен жүзеге асатын шаруашылық қызметті
ұйымдастырудың түрі.
2. Нарықтық жүйенің өзіне тән ерекшелігі оның қайта құрылуы мен ішкі
және сыртқы өзгерістерге бейімделе алуында.
3. Нарықтық жүйе ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін
пайдалануға, өндірісті қарқындандыруға, нәтижесінде қоғамның
қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға өзгелерден әлдеқайда
жақсы бейімделген.
Кез келген нарықтық жүйе үшін мынандай шарттардың болуы қажет: жеке
меншік құқығы, келісімдерді бекіту еркіндігі, бәсекенің болуы, бағаны
бекіту және мамандықты, оқу орны мен жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік.
Ұзақ уақыт көлемінде тиімді шаруашылық қызметке ынталандыруда өз
артықшылықтарын дәлелдеген осы жүйенің негізі нарық болып есептеледі.
Нарықтың позитивті қызметтері оны айтарлықтай тиімді жүйе етеді.
Алайда, бұл нарықтық қатынастардың абсолютті түрде жетілгендігін және
барлық жағдайда қоғамның ұдайы дамуын қамтамасыз ете алатындығын
білдірмейді. Экономикалық агенттердің оңашалануы, олардың мүдделерінің
толық сәйкес келмеуі, ал көп жағдайда антогонизмдері қоғамның өмір сүруі
мен дамуына әсерін тигізетін көптеген қарама-қайшылықтардың пайда болуы мен
асқынуына әкеп соқтырады. Нарықтық шаруашылықтың өзіне тән туа біткен
кемшіліктері бар. 5, 87 б
Біріншіден, нарықтық жүйенің қызмет етуі экономикалық реттеушілердің
стихиялы түрдегі әрекеттеріне негізделген. Шарасыз пайда болған
диспропорциялар бірден жойылмайды және бұл экономикалық тұрақсыздықты
тудырады.
Екіншіден, нарықтық орта қадағаланбаған жағдайда еркін бәсекені
шектейтін монополиаланған құрылымдар пайда болады.
Үшіншіден, нарықтың стихиялы түрде әрекет ететін механизмдері
экономиканы қоғамдық қажеттіліктердің көпшілігін қанағаттандыратын күйге
келтірмейді және бизнеспен тікелей байланысы жоқ фондылардың құрылуына
себепші болмайды. Ең алдымен, бұл әлеуметтік трансферттердің (зейнетақы,
стипендия, жәрдемақы) қалыптасуы, білім, ғылым, өнер, мәдениет, спорт,
денсаулық сақтау және т.б. сфераларды қолдауы.
Төртіншіден, нарық еңбекке жарамды халықты тұрақты жұмыспен
қамтамасыз ете алмайды, еңбектерінің табыстарына кепілдік бермейді. Әркім
қоғамдағы орнының қамын ойлайды, ал бұл әлеуметтік теңсіздікке, яғни
байлар мен кедейлерге бөлінуіне әкеледі. Нарықтық қатынастар спекуляция,
коррупция, рэкет, есірткі саудасы мен қоғамға қарсы құбылыстарын тудыратын
пайдакүнемдік мүдделерге жағдай жасайды. 5, 88 б
Нарықтың бұл жағымсыз қасиеттері, Қазақстанның тәжірибесі
көрсеткендей, ауыспалы экономикада көрініс берді.
Осымен бірге, нарықтың кемшіліктері жүйелі экономикалық саясаттың
жүзеге асырылуымен жеңілдетіледі. Бұл жерде мемлекеттің қаражатты тек
нарықтық көздермен қамтамасыз етіле алмайтын қоғамдық өмірдің сфераларына
қайта бөлу арқылы реттеу шаралары және әлеуметтік саясат шаралары өте
маңызды.

2.2 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы

Экономикада нарықтың құрылымы өте күрделi болады және ол экономиканың
барлық сферасында әсерiн тигiзедi. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай
жағдайлармен белгiленедi:
• Меншiк формаларымен (мемлекеттiк, жеке, аралас, ұжымдық);
• Шаруашылық субъектiлерiнiң әр түрлi формаларының экономикадағы үлес
салмағымен белгiленетiн, тауар өндiруiлердiң құрылымымен (мемлекеттiк,
арендалық, кооперативтiк, жеке меншiк кәсiпорындар);
• Тауар айналымы сферасының ерекшелiктерiмен;
• Шаруашылықтың құрылымдық бөлiмдерiнiң мемлекет иелiгiнен алыну және
жекешелендiру дәрежесiмен;
• Осы елде пайдаланылатын сауда түрлерiмен. 1, 53 б
Сондай-ақ нарықты құрылымы жөнiнен келесiдей критериилер арқылы бөлуге
болады:
1. Нарық қатынастары объектiлерiнiң атқаратын экономикалық қызметi
бойынша:
• Игiлiктер мен қызметтер рыногы;
• Өндiрiс құралдарының рыногы;
• Ғылыми-техникалық жұмыстар рыногы;
• Құнды қағаздар рыногы;
• Жұмыс күшi рыногы;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жүйесі туралы
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы
Нарық, тауар құны туралы түсінік
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы ақпарат
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы мәлімет
Қазақстан нарық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезендері
Нарықтың түрлері, құрылымы және мәні
Қазақстанның нарықтық экономикаға енуі
Нарықтық экономика теориясы
Нарықтың пайда болу шарттары. Нарықтың атқаратын қызметтері
Пәндер