Қазақ тілі,кабиниеті,жабдықталуы,жұмыс мазмұны



КІРІСПЕ 3

І ҚАЗАҚ ТІЛІ . МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
1.1 Қазақ тілінің дамуы 4

ІІ ҚАЗАҚ ТІЛІ КАБИНЕТІ,ЖАБДЫҚТАЛУЫ,ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ
2.1 Қазақ тілі кабинетіне қойылатын талаптар мен ұсыныстар 14
2.2 Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану 16

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ 21
ІV ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан - егеменді, тәуілсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашығымыз- бүгінгі жастар. Олардың міндетті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі.
Қазақ тілі- батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады, бұл тармаққа кіретін тілдер- қарақалпақ, ноғай, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарашай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.
Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді.
Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту –бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл- біздің ана тіліміз- Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай мемлекеттік тіл болып- Қазақ тілі белгіленді.
Осы Заңның 4 бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданалатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сонымен бірге, Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтау мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті деп көрсетілген».
Сонымен қатар, аталған Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.
Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс-қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
1. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқының әл-ауқатың арттыру –мемлекеттік саясатың басты мақсаты. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана. «Елорда», 2008.
2. Н.Қ. Мухамадиева, Н.Ә. Үстемір «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», Алматы, 2002.
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, 2009-2010ж.ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі мекемесі


Тіркеу №_______ Бөлім:і күндізгі
________ 20___ж Мамандығы:Негізгі орта білім
Курс: 4
Тобы: 1.13.41

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Қазақ тілі,кабиниеті,жабдықталуы,жұмыс мазмұны

Орындаған:__________________Абулка иров.Е
Жетекшісі: __________________
Пәндік циклдік
Комиссия төрағасы:___________
Бөлім меңгерушісі: ___________

Атырау 2016
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ 3

І ҚАЗАҚ ТІЛІ - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
1.1 Қазақ тілінің дамуы 4

ІІ ҚАЗАҚ ТІЛІ КАБИНЕТІ,ЖАБДЫҚТАЛУЫ,ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ
2.1 Қазақ тілі кабинетіне қойылатын талаптар мен ұсыныстар 14
2.2 Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану 16

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ 21
ІV ӘДЕБИЕТТЕР 23

КІРІСПЕ
Қазақстан - егеменді, тәуілсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашығымыз- бүгінгі жастар. Олардың міндетті - елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі.
Қазақ тілі- батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады, бұл тармаққа кіретін тілдер- қарақалпақ, ноғай, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарашай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.
Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді.
Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту - бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл- біздің ана тіліміз- Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңы қабылданғаннан бері қарай мемлекеттік тіл болып- Қазақ тілі белгіленді.
Осы Заңның 4 бабында Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданалатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сонымен бірге, Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтау мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті деп көрсетілген.
Сонымен қатар, аталған Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.
Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс-қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

І ҚАЗАҚ ТІЛІ - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
1.1 Қазақ тілінің дамуы

Мемлекеттік тіл-тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлтардың ұлтаралық ортақ тілі.
Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады.
Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Қазақстан Республикасында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік қазақ тіліне өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.
Елбасымыз айтқан Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде екенін ұмытпайық.
Қазақ тілі -- қазак халқының ана тілі. Ол -- халык тарихымен бірге жасап, үрпактан-ұрпаққа катынас күралы ретінде кызмет етіп келеді. Қазак тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе (статус) алды. Ол енді толык мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.Қазак тілі түркі тілдері тобьша жатады. Түркі тілдері тобына қырғыз, қарақалпақ, өзбек, үйғыр, түрікмен, әзірбайжан, түрік, татар, башкүрт, тува, хакас, якут, т.б. халық тілдері кіреді, Бүл тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары -- ноғай (Кавказда), қарақалпақ, татар, башқүрт, қарашай-балқар тілдері.
Қазақ тілі -- Қазакстанда ғана емес, басқа да елдерде (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, т.б.), шетелдерде (Монғолия, Қытай, Ауғанстан, Иран, Түркия, т.б.) түратын қазақтардың да ана тілі.
Қазір казак тілі -- Қазакстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Тіл - тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол - ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры да. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған.
Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі - барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерін кеңейту еліміз саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді. Мемлекеттік тілді дамыту Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатта Қазақстан халықтары Ассамблеясы да өзінің стратегиясында мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің басты рөлі азаматтық және рухани мәдениеттің ортақтығы негізінде Қазақстанның барлық этностарының бірігуі жолында қазақстандық сәйкестіктің қалыптасуының басты міндеттерінің бірі болып табылатынын жариялады.
Басқа ұлт өкілдерінің диаспорасы болып табылатын қазақстандықтар бүгінгі таңда қандай этникалық топқа жататындығына қарамастан, қазақ тілі мен мәдениетіне оның мемлекеттік қызметінің сақталуы мен нығаюының маңыздылығына көңіл бөлуде. Бұған дәлел ретінде соңғы жылдары Қазақстанда қазақ тілінде еркін сөйлейтін адамдар санының біртіндеп көбейіп келе жатқаны, жыл сайын Тіл комитеті жүргізетін тілдік жағдай мониторингі деректерінен айқын байқалуда. Мәселен, 2000 жылы қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдерінің саны 36,4%-ды құраса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 40%-ға жетіп отыр. Бұған қоса, зерттеу нәтижелері орыс тілді қазақтардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген ұмтылысы да белсенді түрде жүзеге асырылып келе жатқаны байқалады. Республиканың бес облысында - Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары іс-қағаздарын мемлекеттік тіл - қазақ тілінде жүргізуде. Бұл аймақтар басқа облыстарға қарағанда өзге ұлт азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Ал 2005-2006 жылдар аралығында Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында іс жүргізуді толықтай мемлекеттік тілге көшіру қажеттігі көзделіп отыр. Сондай-ақ соңғы екі жылда орта мектептерде қазақ тілін оқыту сағаттары көбейтіліп, қазақ мектептері мен қазақ бала бақшаларының саны артты
Бүгінде біз қазақ мәдениетінің қалыптасу процесінің куәгеріміз және елімізде барлық халықтардың мәдени ынтымақтастығын біріктіретін күш ретінде қазақ мәдениетінің дамуына ықпал ететін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Азаматтардың қазақ тілін игеру деңгейіне қарай мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда. Қоғамда, әсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар.
Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қоғамның жан-жақты салаларында оңтайлы әлеуметтік лингвистикалық кеңістікке қол жеткізу үшін жаңа қадамдар жасалуда. Басты мақсат - тілдік мұраны сақтау және қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қолданылуын қамтамасыз етіп, оның барынша дамуына қол жеткізу. Осы мақсатта бірқатар ауқымды іс-шаралар қолға алынуда. Мысалы, қазір қазақ тілінің терминологиялық қорын жасап, жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп отыр. Терминологиялық жұмыстардың тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылы 2007-2010 жылдарға арналған терминология жөніндегі салалық бағдарлама енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайтуға байланысты бөлігіне толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жасалып, осы мақсатта жаңа іс-шараларды жүзеге асыру көзделуде.
Көңілге қуаныш ұялататын жақсы нышан, ол көптеген қазақстандықтардың балаларын қазақ мектептерінде оқытып, олардың мемлекеттік тілде білім алуы үшін жағдай жасауға ұмтылуы болып отыр. Соңғы әлеуметтік зерттеулер нәтижесі балаларына қазақша білім беруді қалайтын қазақстандықтар санының артып отырғанын байқатты. 2000 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш орташа есеппен 3,8% артқан. Балаларына қазақ тілінде кәсіби білім беруді қалайтын қала қазақтары санының көбейіп келе жатқаны да қуантады. Республика бойынша екі мыңға жуық өзге тілді оқушылар қазақ тіліндегі мектептер мен сыныптарда білім алуда. Сондықтан да білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді тереңдетіп енгізу және халықтың ықпалды бөлігі жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймыз.
Сонымен негізгі міндетіміз - біздің азаматтарымыздың, этникалық қауым өкілдерінің қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде еркін меңгеруін қалыптастыру. Біріншіден, бұл қоғамдағы өзара түсіністікке әсер етеді, екіншіден, тіл - ынтымақтастықтың негізгі көзі, еліміздегі бірлік пен ынтымақтастықтың тірегі болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысының ұлттық жаңғыру мектебінде этникалық диаспоралардың өкілдері үшін Қазақ тілі және мәдениеті атты бөлім ашылған. Педагогтар балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығының күннен күнге артып отырғандығын байқауда. Егер қазақ сыныптарына 2002 жылы 30 бала қатысса, 2004 жылы олардың саны 50-ге жетті. Риддер қаласында он жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Шаңырақ атты қазақ жексенбілік мектебі мемлекеттік тілді үйрету тәжірибесін мол жинақтаған. Осы жылдарда мектепті мемлекеттік тілде жетік меңгерген этникалық топтардың ондаған өкілдері тәмамдады. Осы мектепте білім алушылар қазақ тілі пәні бойынша облыстық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары атануда. Сондай-ақ осы мектепті бітірген талантты әрі қабілетті балалар бүгінде жоғары оқу орындарында оқып жүр және қазақ тілінен сабақ беруде. Мысалы, Марина Бухарина - Тіл - достық дәнекері атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық конкурстың жеңімпазы атанды. Шығыс Қазақстан университетінің қазақ филологиясы факультетін бітірген ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істейді. Сол мектептің түлегі Семенова Олеся жоғары оқу орнын аяқтап, Риддер қаласындағы №3 мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беруде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, сол Қазақ тілін меңгеру - қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігі бастамасы қазақстандықтардың біртұтас ұлт ретінде тату-тәтті өмір сүруіне және қазақстандық патриотизмнің негізі болуға әбден лайық. Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы және сауаттылығы оның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымының кеңдігімен, орамдылығымен және ұтымдылығымен өлшенеді.
Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай бола қалатын іс емес. Себебі ол тіл сол мемлекеттің иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт. Яғни, ол өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидар, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, ресми іс қағаздар, т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қажетті құралына айналуы керек. Есеп-қисап, қаржылық және техникалық құжаттамалар да осы тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары, Қарулы Күштер, ғылым және білім беру салалары, халықаралық қызмет те осы талаптарға толық жауап беруге міндетті. Тілдерді дамыту -- еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу -- ұлтаралық, қатынастар үйлесімділігінің, халықтардың топтасуы мен қоғамдық келісімді нығайтудың алғышарты.
Жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы жанартау болған жұрт жүрегінің жалыны бүгінде де бәсеңдеген жоқ. Ұлтының тілін ұлықтаған ұрпақтың ұмтылысы ұдайы ұрандаудан тұрмайтыны хақ. Бұған сол жылдардағы жағдай мен қазіргі күйді салыстыра қарасақ, көзіміз жетеді. Әрине, әлі де алаңдатып отырған мәселе аз емес, алайда ауызды қу шөппен сүртуге де болмайды. Қоғамда тіл тағдырына деген түсіністік орныға бастады. Бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар оңды-солды жағдайды жете бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі.
1989 жылғы тұңғыш Тіл туралы заң, алғашқы Конституция қабылданар тұстардағы талас-тартыс, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің бекітілуі, мұны нығайта түсу үшін 1997 жылы тіл туралы жаңа заң қабылдау қандай жағдайларда жүзеге асты? Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады деген мәтелді халық тіршілік заңдылықтарына сүйене отырып айтқан. Тілдің даму процесінің өзі табиғи кұбылыс. Оған жанды дүниенің өсуіне қажет жағдайдың ешқайсысы жат емес. Сондай-ақ адам алақаны табиғатқа аялылық таныта бермейтіні де анық. Меніңше, мәселе осында. Тіл тағдырына деген жеке адам ретінде жанашырлығымыз бен немқұрайлығымыз өз ықпалын қатты тигізіп отыр.
Бүгінгі күнгі тікелей жауапкершілігіміздегі міндет -- мемлекеттік тіл саясатын қоғамымызда жүргізіліп отырған сындарлы саясат негізінде одан әрі жалғастыру. Бүгінгі күні тілдерді дамытуға деген қамқорлық жан-жақты көрсетілуде. Еліміздегі тілдердің дамуы мен қолданылуына қатысты нормативтік құқықтық негіздер нығайтылуда. Мемлекеттік тіл саясатының тірегі -- тіл туралы заң, заңды жүзеге асыруды қамтамасыз етуші қаулы-қарарлар, бекітілген бағдарлама бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында проблеманың бүгінгі тандағы жай-күйіне талдау жасай, сараптай отырып, соның негізінде жақын болашақтың басым бағыттары айқындалып, қазақ тілінің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту, орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету, жалпы мәдени қызметін сақтау, этностық топтардың тілдерін дамыту міндеттері алға қойылған. Тіл саясатының бұл мүддесі мемлекеттің қоғамдағы барлық ұлттардың дамуын көздеген ұстанымына негізделген.
Бағдарлама қоғамдағы саяси тұрақтылық мүдделерін ескере отырып жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының табиғи сабақтастығын қамтамасыз етеді және еліміздегі тіл саясатының жақын болашақтағы бағыт-бағдарын берік бағамдауға және ең бастысы, тіл болашағына деген халық сенімін нығайта отырып, жұртты ортақ мақсатқа жұмылдыруға қызмет етуі тиіс. Ол мемлекеттік деңгейде қабылданар құжаттың құрылымдық талаптарына сай және тіл саясатына қатысты қамтылуы тиіс мәселелерді толық қарастырады. Әр тараудың мақсатына сай атқарылуы қажет міндеттер мейлінше нақтыланып керсетілді.
Жоғарыда айтылған нормативтік кұқықтық қамтамасыз ету тұрғысында Үкіметтің Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы, Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ереже, Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы, Мемлекеттік тілде кұжат дайындауды жүзеге асыратын әкімшілік қызметшілерді көтермелеу туралы қаулылары қабылданды. Тіл заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту Қазақстан Республикасы Әкімшілік бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 81, 82-баптарында көрсетілді. Сондай-ақ 1999 жылдың 23 шілдесінде қабылданған Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңның 3-бабы 2 тармағына ...мемлекеттік тілдегі берілімдердің көлемі уақыты жағынан басқа тілдердегі берілімдердің жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс деген толықтыру енгізілді.
Осыған сәйкес қазіргі кезде аталған заң талаптарын 92%-дан астам телерадиокомпаниялар орындап отыр.
Дегенмен, бұл талаптың телерадиокомпаниялар тарапынан әлі де болса үстірт орындалу жәйттері жиі кездесетіні құпия емес. Әсіресе, мемлекеттік тілде берілетін хабарлардың басым бөлігінің тек түнгі уақытта және негізінен бейнеқордағы концерттік бағдарламалардан тұрып, қайта-қайта көрсетіле беруі дүйім жұртшылықтың орынды ренішін туғызуда. Баспасөзде, сондай-ақ мемлекеттік органдарға келіп түсіп жатқан шағымдарда бұл жағдай көпшілік тарапынан қоғамдық санада мемлекеттік тілді өгейсітуге жасалған әрекет ретінде, тіпті оны мазақ қылу есебінде қабылдануда.
Сондықтан да мемлекеттік тілді қолдау туралы мәселені қазақ тілді оқырмандар мен көрермендер де, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары да тұрақты көтеріп келеді. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары Амангелді Айталы, Мұхтар Шаханов, Бекболат Тілеухан мемлекеттік тіл мәселесін үзбей алға тартуда. Аталмыш мәселе бойынша Мәжілісте арнайы депутаттық топтың кұрылып жатқаны да белгілі. Осы орайда, депутаттардың бастамасымен еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң топтамасы қаралған тұста біздің министрлік оны толықтай қолдап шыққанын айтқан жөн.
Ең бастысы, қазір қазақстандықтар тарапынан мемлекеттік тілді қолдау және дамыту бағытында барынша мүдделілік танытылып отыр. Мәселен, таяуда ғана ұлттық мәдени орталықтардың бір топ өкілі Елбасы Н.Назарбаевқа мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту қажеттігі жөнінде арнайы өтінішпен шықты.Біздің министрлік 2003 жылдан бастап мемлекеттік тіл саясатын электронды БАҚ арқылы жүргізу мақсатында ақпарат саясатын жүргізу мәселесі бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында арнайы конкурстар өткізіп келеді. Аталған бағдарлама бойынша биылғы жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде хабар шығарудың көлемі 3308 сағат деңгейінде көзделіп отыр. Оған республикалық телерадиокомпаниялармен қатар, өңірлік БАҚ-тар да кеңінен тартылып келеді.
Жалпы, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдің бүгінгі жағдайы көлемі жағынан да, сапалық тұрғыдан да төмен екеңдігі жасырын емес. Мемлекеттік емес телерадиокомпаниялардың басым көпшілігінде, әсіресе республикалық телерадиокомпанияларда, қазақ тіліндегі мазмұны мен шығармашылық деңгейі көңілге қонатын тұшымды бағдарламалар мен хабарлар тек мемлекеттік тапсырыс аясында ғана, мемлекет қаржысы есебінен шығарылады. Ал компаниялар болса өз қаражатын мемлекеттік тілдегі хабарлар шығаруға шығындауға мүдделі емес, яғни, қазақ тілін өркендету тек мемлекеттің күзырындағы мәселе деген көзқарас қалыптасқан.
Мұның өзі мемлекеттік тіл үшін де, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін де алаңдатарлық жағдай. Қоғамдық пікірді, жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда айрықша орын алатын бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тілдің тағдырына немқұрайлы қарауы қалың көпшілікті де аландатып отырғаны сөзсіз. Ата Занда атап көрсетілгендей, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қоғам тұтастығының бірден бір факторына айналуы тиіс және оған барлық қазақстандықтар азамат ретінде атсалысуы керек. Соңдықтан, заң тұрғысынан БАҚ-тардың жауапкершілігін арттыратын шаралар қарастыру өте орынды болар еді. Атап өтерлік бір жәйт, үстіміздегі жылғы 18 сәуірде өткен Қазақстан Журналистері конгресінде Бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заң жобасының түсаукесері жасалды. Онда қазақ тілін қолдау бағытында мемлекеттік тілде дайындалған хабарлардың эфирдегі таралу уақыты тәулік бойында біркелкі болуы шарт деген арнайы қағидат қарастырылған. Аталмыш заң жобасын бір топ депутат арқылы.
Мәжілістің қарауына енгізу көзделіп отыр.Жалпы, мемлекеттік тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру бұл бұқаралық, іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады деп есептеймін. Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы орасан зор болмақшы. Олар тіл мүддесін қорғап, тіл зәрулігін қамтамасыз етуде тек мемлекеттік органдарға талап қоюшылықпен ғана шектелмей, оларға тиісті қолғабыс жасауға үйренулері керек. Тіліміз кұрып кетті, құрдымға батып бара жатыр, деп көздің жасын төге бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайта түсуге күш салған дұрыс. Тілді насихаттау мен үйретуде жеке адамдардың, отбасының атқарар қызметін жан-жақты зерттеп, оны жүзеге асырудың озық әдістемесін жасауда да БАҚ-тың атқарар қызметі мол болуы тиіс.
Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткеніміз абзал.
Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сай білуді қажет ететін кәсіптер, мамандықтар мен лауазымдар тізбесін заңдық түрғыдан бекіту орайында мемлекеттік қызметшілерге қатысты мәселелер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік және басқа да тиісті органдар тарапынан ойластырылып, көп кешікпей бір шешімін табары анық. Мемлекеттік тіл мәселесі ешқашан назардан тысқары қалып көрген емес. Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру, нығайту бағытындағы жұмыстар үнемі жалғасын табуда. Соның көрінісі ретінде үстіміздегі жылдың 18 ақпанында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты дәстүрлі Жолдауында қазір еліміздің әлеуметтік, мәдени саланы өркендету мақсатында жаңа белеске қадам басқандығын атап көрсетті. Барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі болып отырған мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға күш-жігерін салу -- әрбір азаматтың парызы екендігі тағы бір рет қайталанып, халқына ой салды. Жолдауды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық, жоспарының 21-тармақшасына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді дамыту бөлігіне өзгерістер енгізу қолға алынды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мемлекеттік тілді инновациялық технологиялар арқылы дамыту үшін әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай жасауға бағытталған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлігі ретінде шетелде тұратын қазақ диаспорасын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қорғау, қолдау жүйесін жасау мақсатында Шет елдерде тұратын қазақ диаспорасын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленуде.
Қазақ тілі қазақ халқымен қатар әлемнің басқа да көптеген елдерінде тұратын отандастарымыздың ұлттық тілі екенін ұмытпауымыз қажет. Сондықтан да мемлекеттік тілді игеруге көмектесетін компьютерлік оқулықтар шығару, Интернет жүйесі арқылы мемлекеттік тілдегі ақпараттық кеңістікті дамыту, шетелдерде тұратын отандастарға арналған арнайы веб-портал ашу әрі жетілдіру өзекті мәселе екені даусыз. Әлемнің әр түкпірінде қоныс тепкен қазақтардың бір-бірімен электрондық жүйе арқылы хат-хабар алмасуына олардың түрлі әліпбиді қолданатыны мүмкіндік бермейді. Сонымен бірге кұзыретті органның алдында шетелдерде қазақ халқының салт-дәстүрін танытып, мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында мәдени орталықтар ашу, Еуропа елдерінде тұратын қазақ жастарының өнер және спорт фестивалін халықаралық деңгейде ұйымдастыру, Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайын жоғары дәрежеде өткізу міндеттері тұр.
Тіл саясатын жүргізуді мемлекеттік реттеу қажеттігі қазақстандық қоғамдастық мүшелері арасында түсіністік орнату мен бұл бағытта белсенді әрекет ету мақсатынан туындайды. Бұл орайдағы басты міндет -- қазіргі күні қалыптасып отырған тілдік ахуалды нығайту үшін нысаналы, мақсатты жұмыстар жүргізу. Қазақстанда тұратын өзге халықтардың ана тілін оқып-үйрену ісіне мемлекет пен қоғам тарапынан жан-жақты қолдау-көмек көрсетіліп келеді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен жүйелі түрде қаржы бөлініп тұрады.
Айтылған тоқтамдар мен деректерге келсек, Қазақстандағы тіл саясатының көпұлтты мемлекетіміздің тұрақты дамуына ізгілікті қызмет етіп отырғандығы қуантады. Біздегі мемлекеттік тіл саясаты шын мәнінде саяси тұрақтылыққа, этносаралық жарастыққа және қоғамдық келісімге алғышарт бола алады.
Алайда, біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдердің дамуына еш нұқсан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау-қамқорлық аясын тіпті де тарылтпай отырып, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялар
Электрондық оқыту
Қазақ тілінің бағдарламасы
Ақпараттық жүйелер бойынша өндірістік сараманнан өткен жөніндегі есебі
Сан есімді проблемалы технологиямен оқыту әдістемесі
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері
Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың жолдарын зерттеу
Мектеп өмір қауіпсіздігі
Ана тілі сабақтарында бекіту кезеңі
Пәндер