Мемлекеттік бюджет туралы



МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы
Бюджет балансы
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚҰРАМЫ
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары
Бюджеттің тапшылығы
БЮДЖЕТТІ ҚҰРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Бюджетті құрудың проблемалары
Қазіргі кездегі бюджетті жоспарлауды жетілдіру жолдары
Мемлекеттік бюджет- экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір сүрудің қоғамдық өрісінің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымды қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға; бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік мәдени шаралар өткізуге; қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны қажет етеді. Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттіліктерін мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып табылады. Экономика қазіргі жағдайда орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамнық өндіріс қарқынымен қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрылымдар құрылып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат экономиканың басты учаскелерінде шоғырландырылып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтіп құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықша қоғамдық айналымда жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте қаржы категориясына тән сипаттар бар; бюджет қатынастары бөлістік сипатта мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану арқылы жүреді. Сонымен қатар бюджеттік қатынастардың бөлігінің бір ерекшелігі болады. Бірақ ол ерекшелік қаржыға тән сипат шегінен шықпайды. Мемлекеттік бюджет құн бөлінісінің айрықша саласы ретінде мыналармен сипатталады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы

Мемлекеттік бюджет- экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде
объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір сүрудің
қоғамдық өрісінің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған
ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы
ауқымды қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың
жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық
бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет
қаржыландыруға; бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік мәдени шаралар өткізуге;
қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға
орталықтандырылған қаржыны қажет етеді. Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы
өндірістің қажеттіліктерін мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік
туындайтын болып табылады. Экономика
қазіргі жағдайда орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамнық
өндіріс қарқынымен қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрылымдар
құрылып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан
бөлінетін қаржының көмегімен қаражат экономиканың басты учаскелерінде
шоғырландырылып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге
асыруға жағдай жасайды. Сөйтіп
құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықша
қоғамдық айналымда жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет
етеді. Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте қаржы
категориясына тән сипаттар бар; бюджет қатынастары бөлістік сипатта
мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану арқылы жүреді. Сонымен қатар
бюджеттік қатынастардың бөлігінің бір ерекшелігі болады. Бірақ ол
ерекшелік қаржыға тән сипат шегінен шықпайды. Мемлекеттік бюджет құн
бөлінісінің айрықша саласы ретінде мыналармен сипатталады.
Жиынтық қоғамдық өнімнің мемлекеттің қолында жинақталып,
қоғамдық қажеттерді өтеуімен байланысты бөліс қатынастарының айрықша
экономикалық формасы болып табылады.
Құнды жасап, оны тұтыну процесін бедерлейтін материалдық
өндіріс қаржысынан айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары аумақтар,
экономика секторлары, қоғамдық қызмет саласы арасында құнды қайта бөліске
салуға арналған.
Қоғамдық өнімнің тауар формадағы қозғалысымен тікелей байланысы жоқ
құнды бөлісін, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндіріс пен
өндірістен тыс салаларды қаржы қатынастарды тауар- ақша қатынастарымен
астамы жатады.Кез келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттік
бюджет өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық заттық
көрініс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының
орталықтандырылған қорына бюджет қорында заттанады. Нәтижесінде қоғамда
жүріп жатқан нақты экономикалық процестерді мемлекет жұмылдырылып,
пайдаланып қаражат тасқынынан көрінеді.
Бюджет қоры қоғамдық өнім ҰТ құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен
өтіп,ұдайы өндірістің ұлғайту,халыққа әлеуметтік-мәдени қажет
көрсету,қорғаныс,басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мемлекет
қарамағына түскен бөлігінің обьективті алғы шарты бар экономикалық
формасы.Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану және қайта бөлуге
байланысты болатын құн қозғалысының процесін білдіреді.Экономикалық
категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім құнының мемлекеттің
орталықтандырылған қаражат қорын құру долымен жоспарлы түрде бөлу,қайта
бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту,қоғамдық қажеттерді
қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндіріске басқа
да қатысушылардың қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді.Бюджет
экономикаға бюджет механизм арқылы ықпал етеді.
Мұнда бюджеттің бүкіл экономика ықпал құралы ретінде рөлі көрінеді,
бюджет механизмі мемлекеттің ақшалай қаражатының орталықтандырылған қорын
құру және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы.Экономиканы реттеу
орталықтандырылған қаражат қорының көлемін белгілеу,оны құру,пайдалану
формалары мен әдістерін реттеу,бюджетті құру және орындау процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады. Өндіріс құрал-
жабдықтаушыларына мемлекеттік меншіктің әсіресе басым болуы шаруашылықты
үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Мұның өзі бюджет қатынастарының жұмыс
істеуінің жоспарлы мақсатын алдын ала айқындайды. Бюджет байланысының
мақсаты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражатының орталықтандырылған қоры
қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланыстарын тиісті қаржы құжаты
елдің негізгі қаржы жоспарында бейнелейтінділігіне жеткізеді. Онда
бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөліс процестері қарастырылады:
кірістер және шығыстардың баптары мемлекеттік ақшалай қаражатының
орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу бағыттарын
көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспары қызметінің нәтижесі,
онда қоғамдық барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі
көрінеді.
Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі, ең алдымен
өндірілген ҰТ 39%-ның жалпы қоғамдық өнімінің 18%-н бөлуге және қайта
бөлуге түсуінен көрінеді. Ол жағдайда атап өтілгендей қаражатты елдің халық
шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы, өндіріс секторлары,
экономикалық аудандары мен аймақтар арасында бөледі. Бүкіл халық
шаруашылығының бюджеті болғанда мемлекеттік бюджет экономикаға тұтас ықпал
жасайды. Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында оның өсуінің
стимуляторы ретінде зор роль атқарады. Бюджет қаржысы жеке және қоғамдық
қорлар қозғалысының қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Кәсіпорындардағы
күрделі жұмсалымдары мен айналым қаржысын бюджеттен қаржыландыру,
операциялық және басқа шығындарын жабу бюджетке жеке кәсіпорындардың
өзіндік айналым қорларына қосылып, оның іркіліссіз бірқалыпты жүруіне
мемлекеттік көркем береді. Өндірістен тыс саладағы бюджет қаржысы олардың
қызметінің одан әрі дамуының басты көзі. Бұл салалардағы мекемелер мен
ұйымдардың басым көпшілігі өздерінің табыс көздері жоқ болғандықтан
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Білім беру, денсаулық сақтау,
әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым, мәдениет, әдебиет
және өнер саласындағы мемлекеттің шығындары жалпы мемлекеттік ауқымындағы
әлеуметтік мәдени шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы базасы.
Өндірістік емес салалар құрылымын ұтымды құруда бюджеттің маңызы орасан
зор. Өндірістік емес салалардың қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ете
отырып, мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының нақты көлемін қалыптастыруға,
оны пайдалануға да аумақтық пропорцияға әсер етуі мүмкін.
Жергілікті бюджеттер түсімдер мен бюджет
тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру есебінен қалыптасатын,
Коституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және
Қазақстан Республикасы Үкімерінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге
асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімімен
бекітілген әкімшілік- аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады.
Жергілікті атқарушы орган тиісті әкімшілік-
аумақ бөліністердің бюджетін бірыңғай бюджеттік жоспарлау негізінде
әзірлеп, дербес атқарады. Жергілікті атқарушы органдар тиісті қаржы жылына
арналған бюджетті және өткен қаржы жылына тиісті жергілікті бюджеттің
атқарылуы туралы есепті қарап, бекітеді. Облыстық өкілді органдар
облыстық бюджет пен аудандардың (қалалардың) бюджеттері арасындағы
кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін және облыстық бюджеттерден
аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне бөлінетін субвенциялар мен
аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджеттерге берілетін
бюджеттік алынымдардың мерзімді мөлшерін бекітеді. Республикалық немесе
жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды
көздейтін Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының ережелері Қазақстан
Республикасы үкіметінің оң қорытындысы болған жағдайда ғана енгізілуі
мүмкін.Қазақстан Республикасының үкіметінің қорытындысы Республикалық
бюджет комиссия санның ұсыныстары ескеріле отырып жасалады. Республикалық
бюджеттік бағдарлама- тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджеттің
құрамында Қазақстан Республикасының Парламенті бекітетін мемлекеттік
басқару міндеттерін орындауға және Республикалық деңгейде мемлекеттік
саясатты іске асыружәне Республикалық деңгейде мемлекеттік саясатты іске
асыруға бағытталған бюджеттік бағдарлама қаржы жылының басындағы бюджет
қаражатының бос қалдықтары- есепті кезеңде инвестициялық жобаларды
қаржыландыруға қажетті соманы шегере отырып ағымдағы қаржы жылының 1
қаңтарындағы жағдай бойынша өткен қаржы жылында бюджетке түскен ақшаны
пайдаланудың салдарынан пайда болған өткен қаржы жылының қортындылары
бойынша бюджеттер қаражатының қалдықтары қаржыландырудың жиынтық жоспары
бюджет бөліктерінің кезеңдер бойынша теңдестірілген қаржылық жоспары.

Бюджет балансы
Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни
баланстаған дұрыс. Баланс- бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі
мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне
жету болып табылады.Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін
түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізінде бөлінетін
кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын- профицитті құрайды.Ол
мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджттік қаражаттардың
(республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін.
Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан
бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы
органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты
ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға
пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жабұл қаражаттарды пайдалану туралы
шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден асып
түсуі мемлекеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы
қаржының дағдарыстық жай күйін сипаттайды.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты
2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар
шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы
мүмкін.Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар
мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар
айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі,бұл
инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның
құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің
төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның
болуы мына себептерге байланысты:
1) елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі; 3)
айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін
едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
5) әскери- өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды,
басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
6) көлеңкелі экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;

Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:
1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
2) кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;
3) кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ
төменді

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚҰРАМЫ
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары

Мемлекеттік бюджет кірістерінің көздері әдетте, салықтар немесе
төлемдер болып табылады. Мысалы: бұрынғы КСРО- да мемлекеттік бюджетте
қаржы түсімдерінің басты көзі кәсіпорындармен ұйымдар пайдаланғаннан
алынатын төлемдер мен айналым салығының түсімдері болып келеді. Бұл
төлемдер экономикалық мәні жағынан салықтық түсімдер болып табылғанымен
ресми түрде олай саналмайтын еді. Сол сияқты 1991 жылға дейін формальды
түрде салықтар қатарына жатпағанымен, іс жүзінде өнім мен оны өткізу
бағасының құрамына енетін, жанама түрде халық төлейтін әлеуметтік
сақтандыруға (10% дейін) бөлінген қаражаттар бюджетке түсетін. Халық
шаруашылығы дамуының қазіргі кезінде республиканың бюджеттің кірісі
мыналардың есебінен қалыптасып отыр:
- қосылған құнға салынатын салық
- акциздер
- меншік формасына қарамастан кәсіпорындардың бірлестіктер мен
ұйымдардың, салық ішінде шетелдік және біріккен кәсіпорындардың
пайдалануына салынатын салық
- жер салығы
- тіркелген төлемдер
- құнды қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық
- Қ .Р. 1992 ж. мемлекеттік ішкі ұтыс заемный, қазыналық бондтарын
өткізуден түскен табыстар
- Қысқа мерзімді қазыналық вексельдерді аукционда сатудан алынатын
табыстар
- мемлекеттік мүлікті өткізуден түскен түсімдер
- басқа да жалпы Республиканың салықтар, алымдар мен салық
алынбайтын әртүрлі төлемдер
- сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар
Қ.Р-сы аумағында орталықтандырылған барлық меншік формасындағы
кәсіпорындар, бірлестіктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер
республикалық бюджетке кезең тарифтеріне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық
және импорттық баж салығына төлейді.
Мына қорларға түсетін және олардан аударылатын қаражат Республикалық
бюджеттің кіріс құрамына ескеріледі.
Жер қойнауын қорғау және минералдық шикізат базасын ұдайы толықтыру
керек.
- экономиканы өзгерту қоры;
- жол қоры;
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры;
-керекті қолдану және бәсекелестікті дамыту қоры;
- әлеуметтік сақтандыру қоры және зейнетақы қоры;
- табиғатты қорғау қоры;
1994 жылға арналған Республикалық бюджетке келіп түсетін табыстар
көздері бойынша салықтар алымдар мен басқа түсімдер оның кірісінің 40%- тен
астамы мақсатты қаржыландыру қорлары 50 және сыртқы экономикалық қызметінің
кірісі 6,3 % құрады. Жергілікті бюджеттің кірістері Қ.Р-ң заңдарында
бекітілген көздер және жалпы ақша есебінен құралады.
Қ.Р. азаматынан, шетел азаматынан және азаматтығы жоқ адамдардан
алынатын табыс салығы, мемлекеттік баж салығы, су үшін төлем және табиғи
ресурстарға салынатын салық, ориан табысы, жалпыға бірдей міндетті
жергілікті салықтар мен алымдар ставкаларын жергілікті әкімдер айқындайтын
жергілікті салықтар мен алымдар, Қ.Р-ң 1992 жылғы мемлекеттік ішкі заемын
орналастырудан түсетін түсімдер, алымдар мен салық салынбайтын әртүрлі
төлемдер толығымен жергілікті бюджеттердің есебінен
есептеледі.Республикалық бюджетті есептейтін жекелеген табыс түрлері бұған
қосылмайды. Жалпы мемлекеттік салықтар, алымдармен төлемдер бөлігінің
мөлшерін Қ.Р-ң жоғарғы кеңесі белгілейді.

Мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі көптеген бағыттарды қамтиды. Олар
ірілендіріліп, былай біріктіріледі: халық шаруашылығын қаржыландыруға
бөлінетін қаржы бүкіл шығыстардың 15% құрайды, әлеуметтік мәдени шараларды
қаржыландыруға бөлінетін қаржы 6%- тен астамын құрайды. Қалған қаржы
мемлекеттік өкімет, мемлекеттік басқару, сот органдарымен, прокуратураны,
құқық қорғау органдарын ұстауға қорғанысқа жұмсалады. Қаржының бір бөлігі
Министрлер Кабинетінің резерв қорын және құрауға, мемлекеттік борышты
ақтауға және басқаларға жұмсалады.
Республика бюджетінің шығыс бөлігінің құрамы мен құрылымы әлеуметтік
экономикалық бағыты бөлекше: әлеуметтік- мәдени шараларды қаржыландыруға
6,4% мемлекеттік өкімет органдарының, сот органдарын және прокуратураны
ұстауға 0,8%. Қаржы резервтерін құру және мемлекеттік борышты ақтауға
шығындар қарастырылады.
Халық қаржыландыру шығындарының едәуір бөлігі субвенция формасында
төлемі бюджеттерге жіберіледі.
Шаруашылығын және әлеуметтік- мәдени шараларды бюджет жіктемесі- бұл
мемлекеттің қаржы органдарының бүкіл қаржыландыру шығындарының едәуір
бөлігі субвенция формасында төлемі бюджеттерге жіберіледі. Бюджеттік
қызметінің негізін қалайтын бюджеттің кірістері мен шығыстарының жүйеленген
экономикалық топтамасы.
Бюджет жіктемесі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының
жоспарлы болжамдары және бағдарлары мен ведомстволар, ұйымдар мен
мекемелердің қаржы жоспарларының байланысын қамтамасыз етеді. Кәсіпорындар,
мекемелер мен ұйымдарды қаржыландыру шығындардың жеке түрлерін анықтайтын
баптар бойынша жүргізіледі: еңбек ақы қоры, жалақы есебі, кеңсе және
шаруашылық шығындары, құрал-жабдықтар сатып алу, күрделі жұмсалым, күрделі
ғимараттарды жөндеу және т.б. Елдің
қаржы жоспары болып табылатын мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс
баптары болады. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы заң
қабылданғанға дейін бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі бабы айналым салығы,
ал содан соң пайдадан төленетін төлем болып келеді.
Салық салу жүйесіндегі өзгерістерге байланысты мемлекеттік бюджеттің
кіріс бөлігі мына бағыттар бойынша: қосылған құнға салынған салықтан;
пайдадан салынатын салықтан; әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарнадан;
халықтан алынатын салықтар мен басқа да төлемдер сыртқы сауда мен сыртқы
экономикалық қызметтен келтірілетін кірістен және басқаларынан
қалыптастыруға тиіс.
Бюджеттік шығыс бөлігі былайша бөлінеді: әлеуметтік саланы дамытуға
әлеуметтік- мәдени шараларды қаржыландыруға мұқтаждарға берілетін нысаналы
бюджеттік дотация тұрғын үйлер, денсаулық сақтау, ағарту, мәдениет
объектілерін және т.б. салу; халық тұтынатын тауарлар өндіру мен халыққа
қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорындар құрылысына қаржы жұмсау; халықтың
тұрмыс деңгейін арттыру жөніндегі орталықтандырылған шаралар және заемдарды
өтеу; әскери шығындар; құқық қорғау органдарын ұстау; басқару шығындары;
ғылымды қаржыландыру; сыртқы экономикалық қызметке байланысты және басқа
шығындар. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сай түрлері қызметін көрсететін
күрделі де көп қырлы құжат. Ең алдымен
бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді. Шығыста
бюджеттік шығысы қаржылардың бағыттары мен қызметтері көрінеді. Өзінің
құрылымы жағынан бюджеттің шығысы мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекетті
басқару шығындары, әскери шығындары, әлеуметтік экономикалық мақсаттағы
шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмысшының шығындары, сыртқы экономикалық
қызметтердің шығындары.

Бюджеттің тапшылығы
Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын баланстап
теңестіреді. Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі туралы
Мемлекеттік бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Біріңғай бюджеттік сыныптама
Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын құқықтық реттеу
Республикалық бюджет Жергілікті бюджеттер
Қазақстан Республикасының бюджетаралық қатынастарын жетiлдiру
Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін жақсарту үшін бюджет процесін жетілдіру
Астананың бюджеті
Пәндер