Жекешелендірудің жолдары және оны ұйымдастырудың проблемалары
І. Кіріспе
Меншік дегеніміз не?
ІІ. Негізгі бөлім
а) Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекешелендірудің барысы
ә) Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру ұғымы
б) Жекешелендіруді ұйымдастыру және оның жолдары
ІІІ. Қорытынды
Әдебиеттер

Қазақстан Республикасы 2003 жылы Америка Құрама Штаттары мен Еуропа қауымдастығы тарапынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер мен Балтық бойы мемлекеттерінің (Латвия, Литва, Эстония) арасында нарықтық экономикаға көшкен бірден бір ел ретінде танылды. Нарықтық экономика елінің басты көрсеткіштерінің бірі – мемлекеттің жеке сектордың ісіне араласудан бас тартуы болып табылады. Яғни, мемлекет өз иелігіндегі белгілі бір өндіріс орындарын, кәсіпорындарды, басқа да әр саладағы құрылымдарды жекеменшікке сату арқылы немесе жалға беру арқылы жоспарлы экономика белесінен өтеді. Бұл ретте Қазақстанның 1991-1997 жылдар аралығындағы үш кезеңді жекешелендіру саясатын атап өткен жөн және ол белгілі бір шет елдік тәжірибе мен өзіндік жолмен ұштастырыла жүргізілді.
Экономикада түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформалар, оның ішінде мемлекетсіздендіру реформасы жасалды. Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шет ел инвестициясы тартылды. Жекешелендіру реформасы кезінде даму мүмкіндігін алған жеке сектордағы Отандық инвесторлар ішкі рынокпен бірге, алыс-жақын шет ел нарықтарын игеруді бастады.

1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Алматы, 2005
2. Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан-2030». – Алматы: «Юрист», 2001
3. «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия», бас ред: Ә. Нысанбаев., 2001
4. «Экономикалық теория: оқу құралы», Я.Әубәкіров,т.б., Алматы, 1999
5. «Человеческое развитие в Казахстане: учебник», Н.К.Мамырова., Ф. Акчуры., Алматы, 2003
6. «Policy studies» (журнал), 2005 , сәуір.
7. «Рух дидары» газеті, 2005, мамыр.
8. Қазақстан – цифрларда: статистикалық жинақ. – Алматы: 2000.
9. www.egemen.kz сайты.
10. «Америка экономикасының негіздері», Office of International Programs U. S Departament of State, 2002
11. http://usinfo.state.gov сайты

Жекешелендірудің жолдары және оны ұйымдастырудың проблемалары.
Жоспары
І. Кіріспе
Меншік дегеніміз не?
ІІ. Негізгі бөлім
а) Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекешелендірудің барысы
ә) Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру ұғымы
б) Жекешелендіруді ұйымдастыру және оның жолдары
ІІІ. Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасы 2003 жылы Америка Құрама Штаттары мен Еуропа
қауымдастығы тарапынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер мен
Балтық бойы мемлекеттерінің (Латвия, Литва, Эстония) арасында нарықтық
экономикаға көшкен бірден бір ел ретінде танылды. Нарықтық экономика елінің
басты көрсеткіштерінің бірі – мемлекеттің жеке сектордың ісіне араласудан
бас тартуы болып табылады. Яғни, мемлекет өз иелігіндегі белгілі бір
өндіріс орындарын, кәсіпорындарды, басқа да әр саладағы құрылымдарды
жекеменшікке сату арқылы немесе жалға беру арқылы жоспарлы экономика
белесінен өтеді. Бұл ретте Қазақстанның 1991-1997 жылдар аралығындағы үш
кезеңді жекешелендіру саясатын атап өткен жөн және ол белгілі бір шет елдік
тәжірибе мен өзіндік жолмен ұштастырыла жүргізілді.
Экономикада түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, қысқа мерзімнің ішінде
нарықтық реформалар, оның ішінде мемлекетсіздендіру реформасы жасалды.
Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шет ел инвестициясы
тартылды. Жекешелендіру реформасы кезінде даму мүмкіндігін алған жеке
сектордағы Отандық инвесторлар ішкі рынокпен бірге, алыс-жақын шет ел
нарықтарын игеруді бастады.
Курстық жұмыста меншік, мемлекетсіздендіру, экономиканы мемлекет
иелігінен алу, жекешелендіру, мемлекеттік және муниципалдық мүлікті
жекешелендіру, шағын жекешелендіру, конкурс бойынша жекешелендіру,
инвестициялық жекешелендіру купондары, жекешелендіру қоры ұғымдарына
қысқаша түсінік беріліп кетті.
Курстық жұмыстың өзектілігі - өтпелі экономика кезеңіндегі Қазақстан
Республикасының жекешелендіру, мемлекетсіздендіру саясаты айқындалып, оның
жолдары көрсетіледі. Әр жылдардағы сандық көрсеткіштерге талдау жасалып,
жекешелендірудің табыстылығы және қоғам үшін кейбір тиімсіз тұстары
көрсетіледі.
Курстық жұмыстың мақсаты - өтпелі кезеңдегі реформалардың бірі,
жекешелендіру саясатымен, сондай-ақ, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет пен
жеке секторға қатысты көреген саясатымен, нарықтық экономикаға енудің
қазақстандық моделімен студенттерді таныстыру.
Меншік дегеніміз не?
Меншік қоғам өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарған. Меншік белгілі бір
затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуімен шыққан. Ол қоғамдық негізгі
бастауларға жатады. Сондықтан, кез келген үкімет меншік туралы заңдар
шығарады.
Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік
иесіне заң мен алдын-ала белгіленген мүлік тән. Жекелік құқық - өндіріс
құрал-жабдықтары мен тауар өндірісіне меншік қатынасын реттейтін нормалар
жиынтығы. Жекелік құқықтың жұртшылық құқығынан айырмашылығы ол жеке
меншіктік қатынастарды қарастырады, сондай-ақ өзіндік меншік иелері мен
бірлестіктердің (корпорациялардың) өндірістік қызметтегі және жеке
қатынастағы еркіндігі мен шаруашылық бастамасын қамтамасыз етеді. Жекелік
құқық мүліктік және онымен байланысты жеке мүліктік қатынастарды реттейтін
азаматтық құқықтың көптеген бөліктерінен тұрады.( )
Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып,
пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну
қатынастарын білдіреді.
Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік
ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді.
Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Негізгі нысандары:
жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары, және тағы
басқалар жатады. Басқаша айтсақ, меншік – бұл адамдар арасындағы өндіріс
факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар
жүйесі. Иемдену әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады.
Меншік пен иемдену түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік анағұрлым
абстрактілі, ал иемдену шынайы ұғым. ( )
Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі, олардың ішінде, ортақ,
қауымдық және жеке меншік басты түрлері болып табылады. Тарихи бастама
ортақ меншік болды. Ол ортақ еңбек пен оның нәтижелерін бірігіп иеленуге
негізделді. Кейіннен жеке меншік пайда болды. Ол еңбектк және еңбектік емес
болып бөлінеді.
Еңбектік жеке меншік тұлғалары – жеке басты шаруалар, қолөнершілер мен
басқа да адамдар өз еңбектерімен өмір сүреді. Қазіргі Қазақстанда оларға
жеке еңбегімен айналысатын фермерлер мен адамдар жатады.
Жеке меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән.
Өндіріс құралдарының негізгі бөлігі аз ғана адамдардың қолында болған
кезде, бұл қоғамның қалған бөлігінің бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді.
Осы кезде мүліктік теңсіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі туады.
Жекешелендіру (латынша privates- жеке) бұл мемлекеттік немесе
муниципалды меншікті ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекешелендіру
жасырын сипатта болуы мүмкін, мәселен, мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалар
мен компанияларға жалға беру, бөлшектеп, мысалы, акциялардың тек бір
бөлігінің сатылу мүмкіндігі; денационализация мен реприватизация түрінде
жүзеге асырылуы мүмкін. Жекешелендіру экономикадағы мемлекет билігін шектеу
сияқты анағұрлым ірі процестің, яғни, мемлекетсіздендірудің бір бөлігі
болып табылады. Мемлекетсіздендіру келесі нәтижелерге алып келді:
біріншіден, меншік құрылымы жеке меншік пайдасына қарай өзгерді және
қоғамдық құрылым қысқарды. Екіншіден, мемлекеттің экономикалық рөлі мен
қызметі өзгерді: мемлекет шаруашылық жүргізуші тұлға болмайды және
экономикалық процестерді директивалар арқылы емес, өмірдің экономикалық
жағдайларын өзгерту арқылы реттеді, міндетті мемлекеттік тапсырыстардың
орнына мемлекеттік сатып алулар келді; мемлекет ресурстарды бөліп тарату
функцияларын жүзеге асыру міндеттерінен босады; біртіндеп сыртқы
экономикалық қызметке мемлекеттік монополия жойылды.
Жекешелендіру – меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік
меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалистік
жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады,
шаруашылық субъектілерінің белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық
бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі.
Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру – күрделі мәселе, ол әсіресе
халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан, қысқа мерзімде өткізу
қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты
талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ,
ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі
толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім, мәдениет,
өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет
меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу
және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік
қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және
мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізіледі.
Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекешелендірудің барысы
Біздің республикада нарықтық экономикаға көшу барысында жекешелендіру
мәселесіне айрықша беріліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілді.
Қазақстанда жекешелендіру мәселесі жалпы құқықтық актілер жүйесі арқылы
реттелді. Соның айғағы, Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы
Заң қабылданды, оның артынша Қазақстан Республикасы Президенті Қаулысымен
бекітілген бірінші бағдарлама – Қазақстанда мемлекет иелінен алу мен
жекешелендірудің 1991 – 1992 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Жекешелендіру Қазақстан Республикасында үш кезеңмен өтті:
Бірінші кезеңде (1991-1992 жылдар) кіші жекешелендіру бағдарламасы
бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31мың нысанның
50%-ы ) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді.
Екінші кезеңде (1993-1996 жылдар) жаппай жекешелендіру орта және ірі
кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша бес өнеркәсіп
орындары ақшаға, ал 1700 зауыт пен фабрика инвестициялық купондарға
сатылды, 44 ірі кәсіпорын сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі
шет елдік инвесторларға берілді.
Үшінші кезеңде (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика,
көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстан
Республикасында жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі
және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің
негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен
мемлекеттік басқару органдарына құқық берілгенін атап өткен жөн. 1994
жылдан бастап, жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді.
Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді.
(2)
Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру аукцион,
конкурстар өткізу жолымен, сондай-ақ, акционерлеу және жекешелендіріліп
отырған кәсіпорындардың балансында болған өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылымды еңбек ұжымдарына беру арқылы жүзеге асырылды.
1993 жылдың наурызында қабылданған Қазақстан Республикасында мемлекет
иелігінен алу және жекешелендірудің 1993 – 1995 жылдарға арналған ұлттық
бағдарламасы мемлекеттік меншіктің қайта құрылуының тәртібін анықтады.
Нысанның ел экономикасындағы маңыздылылығына, салалық тиістілігіне,
қызметкердің санына, негізгі қорлардың құнына сәйкес олар шағын, орта және
ірі кәсіпорындар топтарына бөлінетін болады.
Осы кездерде энергетика, металлургия, көлік, телекомуникация, ірі сауда
орталықтары салаларындағы объектілер мен кәсіпорындарды жеке жобалар
бойынша жекешелендіру басталды. Осындай жекешелендіру шеңберінде үш
кәсіпорынның: Шымкент кондитерлік фабрикасының, Алматы темекі комбинатының,
Қарағанды металлургия комбинатының пакеттері мен активтері сатылды.
Агроөнеркәсіптік жүйедегі мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру оның
әртүрлі салалар мен кәсіпорындардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып,
жүргізілді. Бірінші кеңшарлар мен басқа да мемлекеттік ауыл шаруашылық
кәсіпорындары, фермерлік немесе шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық
кооперативтеріне, шағын кәсіпорындарға және шаруашылық етудің басқа да
мемлекеттік емес нысандарына қайта құрылып жатты.
Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдар аралығында аграрлық-
өнеркәсіптік саладағы мемлекеттік кәсіпорындар жалпы санының 70.2%-ын
жекешелендірді. Осымен қатар, аграрлық-өнеркәсіптік жүйедегі холдингтік
түрдегі 13 мемлекеттік акционерлік компания құрылды.
1996 жылдың ақпанында 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасында мемлекеттік мүлікті қайта құрылымдау мен жекешелендірудің
үшінші бағдарламасы бекітілді, ал 1997 жылдың басында секторлық
бағдарламалар қабылданды. Олардың басты мақсаты – мұнай-газ және көлік-
коммуникациялық кешеннің, өндіріс, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет
және спорт кәсіпорындарын жекешелендіру процестерін жандандырудың негізінде
Қазақстан экономикасында жеке секторлардың басым орын алуына қол жеткізу
және оны тереңдету болды.
Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін
арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған төртінші бағдарламасы акциялардың
мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы салалық министрліктер
мен ведомстволарда берілген акционерлік қоғамдарды басқару саласындағы жаңа
тәсілдерді көздеді.
1999 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасының Үкіметінің Мемлекеттік
меншікті басқарудың тиімділігін арттырудың және жекешелендірудің 1999-2000
жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Ол мемлекеттік мүлікті есепке
алуды жақсартуға, мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің
құқықтық негіздерін жетілдіруге, мемлекетсіздендірудің конкурстық және
транспаренттік қамтамасыз етілуіне, алдағы жылдарда жекешелендіру барысында
туындайтын проблемаларды реттеуге бағытталған.
Жекешелендіру нарықтық экономикаға көшудегі негізгі факторлардың,
сипаттаушы белгілердің бірі реінде танылады. Америка Құрама Штаттарының
аралас экономикалық ел деп аталуы ондағы үкімет пен жеке бизнестің
экономикадағы маңызы бірдей болғандықтан дейді. Шынына келсек, Америка
экономикасының тарихындағы пікірталастың көбі қоғамдық және
жекешелендірудің салыстырмалы рөлі жөнінде. Американың еркін кәсіпкерлік
жүйесі жеке меншікке көңіл бөледі. Мемлекетсізденген жеке бизнес тауар мен
қызметтің көп бөлігін өндіреді. Ол өнімнің үштен екісі тұтынушыларға кетсе,
үштен бір бөлігін үкімет пен бизнес сатып алады. Тұтынушының маңыздылығы
сонша, кейде АҚШ тұтыну экономикасы бар мемлекет ретінде сипатталады.
Жеке меншікке деген көзқарас халықтың бостандыққа сенімі артқан сайын
дамуда. Американдықтар мемлекет пайда болғаннан бері, үкімет билігінің
шамадан көп болуын ұнатпай, үкімет билігін, экономикалық саладағы рөлін
қоса алғанда, шектеуге тырысты. Сонымен бірге, американдықтар жеке
меншікпен сипатталатын экономика мемлекеттік меншігі басым экономикаға
қарағанда тиімдірек жұмыс жасайтынына сенеді.
Америка экономистері Кристофер Конте және Альберт Р. Каррдың пікірінше,
нарық күштері еркін болса, сұраныс пен ұсыныс тауар мен қызметтің бағасын
анықтайды. Ал бағалар жекешелендірілген кәсіпорындар немесе фирмалар,
компаниялар, яғни жеке сектор қожайындарына не істеу керектігін көрсетеді:
егер тауарға немесе қызметке мөлшерден көп сұраныс болса, оның бағасы
артады, ал керісінше болса, кемиді. Мұны сезген қожайындар табыс табу
мақсатымен, сұранысы жоғары қызметті ұсынып немесе тауарды өндіре бастайды.
Бұл әрине, нарықтық экономика деп аталады.
Бірақ мұндай нарықтық экономикадағы жекешелендіру салдарынан кейбір
мемлекеттік мекемелерді мемлекетсіздендіру қоғамға өзінің теріс әсерін
тигізеді. Мысалы, тек Алматы қаласының өзінде 64 балабақша
жекешелендірілген. Жұмалиев көшесіндегі бір кезде мемлекеттік жоспарлау
комитеті салдырған балабақша офиске айналған. Зеньков көшесіндегі
бүлдіршіндер үйінен Пекин мейрамханасы бой көтерген. Қазақстан Ғылым
Академиясындағы ғалым балаларына арналған бақшаны мұнай алпауыты басып
алған. Ал 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде КОКП Орталық Комитеті
Саяси бюросының мүшесі М. Соломенцевтің сөзіне тиек болған, қазақ тілінде
тәрбиелейтін атақты Ер Төстік балабақшаның жартысын бір қалталы өз
меншігіне алып, компьютер жөндейтін шеберхана жасаған. Еліміздің болашағына
қызмет еткен осындай бақшалардың кейбірі казиноларға, арақ-шарап
дүкендеріне айналып кеткен.
Міне, балалар мекемелері осындай шапқыншылыққа ұшырағандықтан, бүкіл
Республикамызда балабақшалар жетіспейді. Еліміздің бас қаласы Астананың
өзінде бірнеше мың бала кезекте тұр екен.
Білім және Ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, қазақ тілінде
тәрбиелейтін балабақшалардың болмауынан қазір Республикамызда бір жас пен
алты жас аралығындағы 600 мыңнан астам қазақ бүлдіршіндері үйінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz