Бреттон – Вудс валюта жүйесінің дағдарысы. Қазіргі әлемдік ақшалар



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Әлемдік валюталық қатынастар және валюта жүйесі
1.1 Әлемдік нарықтағы алтынның рөлі
1.2 Валюталық бағам және оған әсер ететін факторлар
2. Бреттонвудс валюта жүйесі, қағидасы және туындаған проблемалар
2.1 Әлемдік валюта жүйесі: Генуядан Бреттон.Вудсқа
2.2 Валюта зоналарының ыдырауы
2.3 Бреттонвудс валюта жүйесінің дағдарысы
3. Ямайка валюта жүйесі және қазіргі валюталық проблемалар
3.1 Кингстондағы (Ямайка) келісім
3.2 Әлемдік ақшаның қызметі мен механизмі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Бреттон – Вудс валюта жүйесінің дағдарысы. Қазіргі әлемдік ақшалар». Яғни, ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін қолданысқа еніп, өткен ғасырдың 70-жылдары өз мәнін жойған үшінші әлемдік валюта жүйесі мен валюта қатынастары, халықаралық саяси-экономикалық байланыстарда ақшаның атқаратын рөлі мен негізгі қызметтері жайында сөз қозғалмақ.
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз – құн) – елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайын жақсарту – міне, осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстардың кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық байланыстарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттер тауарларының нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендігінің айғағы.
Валюта қатынастары – әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылық нәтижесінің өзара айырбасталуына қызмет етеді.
1. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения/под ред. Л.Н. Красавиной – Москва, 2001 г.
2. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. – Алматы: «Экономика», 2005 ж.
3. Бекеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. Кәсіби экономика тілі – Алматы: «Мирас», 2003 ж.
4. Б.А. Көшенова Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары – Алматы: «Экономика», 2000 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Әлемдік валюталық қатынастар және валюта жүйесі
1. Әлемдік нарықтағы алтынның рөлі
2. Валюталық бағам және оған әсер ететін факторлар
2. Бреттонвудс валюта жүйесі, қағидасы және туындаған проблемалар
2.1 Әлемдік валюта жүйесі: Генуядан Бреттон-Вудсқа
2.2 Валюта зоналарының ыдырауы
2.3 Бреттонвудс валюта жүйесінің дағдарысы
3. Ямайка валюта жүйесі және қазіргі валюталық проблемалар
3.1 Кингстондағы (Ямайка) келісім
3.2 Әлемдік ақшаның қызметі мен механизмі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Бреттон – Вудс валюта жүйесінің
дағдарысы. Қазіргі әлемдік ақшалар. Яғни, ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін
қолданысқа еніп, өткен ғасырдың 70-жылдары өз мәнін жойған үшінші әлемдік
валюта жүйесі мен валюта қатынастары, халықаралық саяси-экономикалық
байланыстарда ақшаның атқаратын рөлі мен негізгі қызметтері жайында сөз
қозғалмақ.
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз – құн) – елдің ақша бірлігі, оның
шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы
ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек
бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші
болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың
өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайын жақсарту –
міне, осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстардың кеңеюіне әсер
етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл
шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына
байланысты болды.
Халықаралық экономикалық байланыстарда өндіріс пен капиталды
интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның
жолындағы кедергілерді жоюды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта
кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті
болды. Олардың дамушы мемлекеттер тауарларының нарыққа түсуін жеңілдетуі,
сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық
тауар айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол
жеткізгендігінің айғағы.
Валюта қатынастары – әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан
қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылық
нәтижесінің өзара айырбасталуына қызмет етеді. Халықаралық валюталық
қатынастар – валютаның әлемдік шаруашылықта ұлттық шаруашылықтардың қызмет
нәтижелерін айырбастау мақсатында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Халықаралық валюталық қатынастардың қалыптасуына өндіргіш күштердің
өсуі, әлемдік рыноктың қалыптасуы, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі,
әлемдік шаруашылық ету жүйесінің қалыптасуы, шаруашылық байланыстардың
интернационалдануы және басқа да осы тектес жайттар себепші болды.
Халықаралық валюталық қатынастар шаруашылық байланыстардың
интернационалдануы негізінде белгілі бір формаға ие болды. Сыртқы
экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта
жүйесі – экономикалық көзқарас тұрғысынан, шаруашылық байланыстарды
интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-экономикалық
қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан, белгілі бір қоғамдық-
экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-
экономикалық қатынастар. Валюталық жүйе – ұлттық заң шығару арқылы немесе
мемлекетаралық келісім бойынша бекітілген валюталық қатынастарды
ұйымдастыру және реттеу формасы болып табылады.
Ұлттық валюталық жүйе әлемдік валюталық жүйемен тығыз байланысты.
Әлемдік валюталық жүйе халықаралық келісімдермен бекітілген халықаралық
қатынастар формасы.
Әлемдік валюталық жүйе ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Оның қызмет
ету сипаты және тұрақтылығы – басты қағидалары әлемдік шаруашылық
құрылымының және жекелеген державалардың өз арасындағы мүдде қайшылығы мен
өз мақсатын күш-қуатына сәйкес әлемдік қауымдастықта іске асыру
мүмкіндігіне орай қойған талаптарына қаншалықты жауап бере алатындығына
байланысты. Әлемдік шарушылық құрылымы және қуатты державалар арасындағы
күш қатынасы өзгеріп, бұрынғы жүйе жаңа талаптарға сәйкес келмеген
уақыттарда әлемдік валюта жүйесінің жойылып, соңы жаңа валюталық жүйенің
пайда болуымен аяқталатын кезеңдік дағларыстар орын алады. Ұлттық және
әлемдік валюталық жүйенің негізгі элементтерін төмендегі кестеден көруге
болады.

Ұлттық және әлемдік валюталық жүйе элементтері.
Ұлттық валюталық жүйе Әлемдік валюталық жүйе
Ұлттық валюта Резервтік валюта, халықаралық есептік
валюталық бірлік
Ұлттық валютаның конверциялау Валютаның өзара конверциялау шарттары
шарттары
Ұлттық валютаның паритеті Бірыңғай валюталық паритеттер режимі
Ұлттық валюта курсы режимі Валюталық курс режимдерін реттеу
Валюталық шектеу мен валюталық Валюталық шектеулерді мемлекет аралық
бақылаудың бар немесе жоқ болуы реттеу
Мемлекеттің халықаралық валюталықХалықаралық валюталық өтімділікті
өтімділігін ұлттық реттеу мемлекетаралық реттеу
Халықаралық несиелік айналым Халықаралық несиелік айналым
қаражатын пайдалануды реттеу қаражаттарын қолдану шарттарын
бір-біріне сәйкестендіру
Елдің халықаралық төлемін Халықаралық төлемдердің негізгі
біріздендіру формаларын біріздендіру
Ұлттық валюта рыногының және Әлемдік валюта рыногының және алтын
алтын рыногының режимі рыногының режимі
Елдің ұлттық валюталық Мемлекетаралық валюталық реттеу
қатынастарын басқаратын және қызметімен айналысатын халықаралық
реттейтін органдары ұйымдар

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуымен,
саяси ахуалмен, мемлекеттердің күш-қуатымен және халықаралық қатынастарға
тән екі тенденция – серіктестік және қарама-қарсылық жағдайларға тікелей
байланысты. Сыртқы экономикалық, оның ішінде валюталық байланыстарда
саясат, экономика, дипломатия, өнеркәсіп өндірісі мен сауда-саттық бір-
бірімен тығыз байланыста болып, қым-қуыт араласып жатқандықтан валюталық
қатынастар ұлттық және халықаралық шаруашылықта ерекше орын алады.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара
қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңеюі осы елдердің экономикалық
жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың,
жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің
шаруашылық қарым-қатынастарында тауарлар, капитал, қызмет және несие легі
жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде
қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де
әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы
саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы
қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта бүкіл мемлекеттерге міндетті деп
танылған халықаралық несие ақшасының әзірге жоқтығынан туындап отырған
жайт.

1. Әлемдік валюталық қатынастар және валюта жүйесі
1.1 Әлемдік нарықтағы алтынның рөлі

Адамзаттың даму тарихында әлемдік ақша қызметі табиғи түрде алтын мен
күміске бекіді. Ал Париж валюта жүйесі шеңберінде тек алтын ғана өзінің
ежелгі статусын заңды түрде сақтап қалды.алайда демонетизация ықпалымен
ақша қызметінде айтарлықтай өзгерістер жасалды. Алтын демонетизациясы
дегеніміз – бұл оның ақша функциясын біртіндеп жоғалтуы болып табылады. Бұл
ХІХ ғасырдың соңына дейін бірнеше ғасыр бойы жалғасқан күміс
демонетизациясы секілді ұзақ процесс.
Алтын демонетизациясы объективті және субъективті себептерге
байланысты:
1. Алтын ақшалар тіпті жеке меншіктің өзінде қоғамдық және жоспарлау
тенденциясына байланысты тауар өндірушілердің экономикалық
қағастығы артта қалған кезде қазіргі заманғы тауар өндірісінің
қажеттіліктерін қанағаттандырмайды.
2. Несиелік қатынастардың дамуымен несиелік ақшалар, яғни банкнота,
вексель және чек біртіндеп алтынды алдымен ішкі ақша айналымынан,
содан кейін халықаралық валюталық қатынастардан ығыстырды.
3. Субъективті фактор болып табылатын АҚШ мемлекетінің ақша саясаты,
яғни алтын операцияларын мемлекеттік реттеу алтынның монеталы
стандартының жойылуын жылдамдатты.
АҚШ-ның алтынға байланысты валюталық стратегиясы доллардың халықаралық
позициясын нығайту мақсатында алтынның әлемдік валюта жүйесінің негізі
ретіндегі беделін төмендетуге бағытталған. АҚШ доллар гегемониясына әлемдік
қаржы орталығы Еуропадан Америкаға қоныс аударған І дүниежүзілік соғыстан
кейінгі жылдары бет алды. Ал ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің ғаламат
өскен валюталық, экономикалық потенциалына сүйене отырып, доллардың жеке
дара билік жүргізуі үшін күресті одан әрі өрістетті. АҚШ-ның доллар
гегемониясын күшейту үшін алтын демонетизациясын жеделдету стратегиясының
әдіс-тәсілдері белгілі бір жағдайларға байланысты өзгеріп отырды. Батыс
Еуропа мен Жапониядағы соғыстан кейінгі күйзеліс кезінде алтынның рөлі
өсті. Осы кезде АҚШ өзінің айтарлықтай ұлғайған алтын резервін
(капиталистік әлемнің ресми алтын резервінің 75 %) доллардың тірегі ретінде
пайдаланды, яғни шетелдік орталық банктер үшін доллар алтынға
айырбасталатын болды. Ол доллар бағамының тұрақтануына әсер етті.
Доллардың жетекші рөлін сақтап қалу мақсатында 1934-1971 жылдар
аралығында әлемдік валюталық жүйеде АҚШ-ның қысымымен алтынның ресми
төмендетілген бағасы (алтынның 31,1035 г-ға тең 1 тройск унциясы үшін 35$)
ұсталынып тұрды. Ол валюталар бағамы мен паритетінің ресми масштабының
негізі қызметін атқарды. Мемлекеттік реттеу әсерімен алтынның ресми құны
мен нақты құны арасындағы айырмашылық айтарлықтай дәрежеге жетті.
Халықаралық Валюталық Қор Жарғысы бойынша оған мүше мемлекеттер өкіметтік
алтын операцияларын тек ресми бағаммен жүргізуге міндетті еді. Доллардың
резервтік валюта ретіндегі беделін және алтынға шаққандағы бағамын тұрақты
ұстап тұру үшін 1961-1968 жылдары тарихта алғаш рет алтын пұлы арқылы
алтынның нарықтық бағасын мемлекетаралық реттеу жүзеге асырылды. АҚШ-ның
халықаралық позициясы төмендеген (салыстырмалы түрде) 70-жылдардан бастап
доллардың артық мөлшері, АҚШ-ның ғаламат көп қысқа мерзімді қарызы,
доллардың құнсыздануы нақты резервтік актив ретіндегі рөлінің өсуіне ықпал
етті. Осы жағдайда Халықаралық Валюталық Қор АҚШ қысымымен доллардың
бәсекелесі алтынның демонетизациясын жеделдету саясатын күшейтті.
Алтын демонетизациясының 2 аспектісі ажыратылады : заңдық тұрғыдан
демонетизациялау және оның нақты өмірде іске асуы. Ямайка валюталық
реформасы демонетизацияның заңдық жағының аяқталғанын айқындап берді.
Халықаралық Валюталық Қордың өзгертілген Жарғысында валюталардың паритетін
және бағамын анықтау кезінде кез келген алтынға сілтеме жасау, алтын
паритеті және алтынның ресми бағасы жойылған.
Алтынның ресми бағасының жойылуымен орталық банкпен алтын қорын оның
1975 жылдың 31 тамызындағы деңгейден 2 жыл көлемінде көтеруге тыйым
салынды. Алайда Халықаралық Валюталық Қор Жарғысынан алтынды халықаралық
резервтік актив ретінде тікелей жоққа шығаруды көрмейміз. Нақты іс жүзінде
алтынның демонетизациясы аяқталған жоқ. Алтынның рөлі туралы мәселе
заңнамалық актілер немесе дербес шешімдер арқылы емес, тауарлық өндірістің,
әлемдік шаруашылықтың және валюталық қатынастардың нақты талаптарымен
шешімін таппақ.

1.2 Валюталық бағам және оған әсер ететін факторлар

Халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы әртүрлі елдердің
валютасының құндық қатынасын өлшеуді талап ететіндіктен валюта бағамы
валюта жүйесінің маңызды элементі болып табылады.
Валюталық бағам, біріншіден, тауар мен қызмет саудасы, капитал мен
кредит қозғалысы кезінде өзара валюта айырбасы үшін керек. Экспорттаушы
саудадан түскен шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастайды. Себебі, өзге
елдердің валютасы бұл мемлекеттің ішінде заңды төлем құралы ретінде
айналымда бола алмайды. Импорттаушы ұлттық валютаны шетел валютасына
шетелде сатып алған тауарының құнын өтеу үшін айырбастайды. Қарыздар ұлттық
валютаға шетел валютасын сыртқы қарыздары бойынша қарызын және пайыздық
өтемақысын төлеу үшін алады.
Екіншіден, валюталық бағам әлемдік және ұлттық нарық бағаларын, сонымен
қатар ұлттық және шетел валютасында көрініс тапқан әртүрлі мемлекеттердегі
құн көрсеткіштерін салыстыру үшін қажет.
Үшіншіден, белгілі бір кезеңде шетел валютасында фирмалар мен
банктердің есептерін қайта есептеу үшін керек.
Валюталық бағам – шетел ақша бірлігінде немесе халықаралық валюталық
бірлікте (СДР, евро) көрініс тапқан бір елдің ақша бірлігінің бағасы.
Сырттай қарағанда, валюталық бағам валюталық рыноктағы ұсыныс пен
сұраныстың қатынасы арқылы анықталатын бір валютаны екіншісімен есептеу
коэффициенті ретінде айырбас процесінің қатысушысы болып көрінеді. Алайда
валюталық бағамның құндық негізі тауар, қызмет көрсету және инвестиция
бағасының орташа ұлттық деңгейін көрсететін валютаның сатып алу қабілеті
болып табылады. Бұл экономикалық категория тауарлық өндіріске тән және
тауар өндірушілер мен әлемдік нарық арасындағы өндірістік қатынастарды
білдіреді. Құн – тауар өндірісіндегі экономикалық талаптардың кең көлемді
көрінісі болғандықтан түрлі мемлекеттердің ұлттық ақша бірліктерінің
салыстырмалылығы өндіріс және айырбас процесінде қалыптасатын құндық
қатынасқа негізделген. Тауарды және қызметті өндірушілер мен сатып алушылар
валюталық бағам көмегімен ұлттық бағаны басқа елдердің бағасымен
салыстырады. Нәтижесінде осы елде қандай да бір өндірісті немесе шетелде
инвестицияны өрістетудің тиімділік дәрежесі анықталады. Құн заңының іс-
әрекеті қалай бұрмаланса да валюталық бағам соңында оның әрекетіне
бағынады, валюталардың нағыз бағамдық қатынасы көрініс табатын ұлттық және
әлемдік экономиканың өзара байланысын көрсетеді.
Тауардың әлемдік нарықта сатылуы кезінде ұлттық еңбек өнімі
интернационалдық құн өлшемі ретінде қоғамдық танымға ие болады. Осылайша
валюталық бағам әлемдік шаруашылық шеңберінде тауардың абсолютті
айырбасталуына жәрдемдеседі. Валюталық бағамның құндық негізі сайып
келгенде әлемдік бағаның негізінде жатқан өндірістің интернационалдық
бағасы белгілі бір тауармен әлемдік рынокты негізгі жабдықтаушы болып
табылатын мемлекеттердегі өндірістің ұлттық бағасына негізделген.
Капиталдың халықаралық қозғалысының күрт өсуіне байланысты валюталық
бағамға тек тауарға ғана қатысты емес, сонымен қатар қаржы активтеріне
деген сатып алу қабілеті әсер етеді.
Валюта бағамына әсер ететін факторлар. Кез келген баға сияқты валюта
ұсынысы және сұранысы әсерімен валюталық бағам құндық негізінен – валютаның
сатып алушылық қабілетінен – ауытқиды. Мұндай ұсыныс пен сұраныс қатынасы
көптеген факторларға тәуелді. Валюталық бағамның көп факторлылығы оның құн,
баға, ақша, пайыз, төлем балансы және т.с.с экономикалық категориялармен
байланысын білдіреді. Оның үстіне олар күрделі араласады және шешуші фактор
ретінде біресе біреуінің, біресе екіншісінің алға жылжуы орын алады.
Олардың арасында мыналарды атап көрсетуге болады.
1. Инфляция қарқыны. Сатып алу қабілеті бойынша валюталардың қатынасы
(сатып алу қабілетінің паритеті) құн заңының әрекетін білдіре отырып валюта
бағамының өзіндік білігі (ось) қызметін атқарады. Сондықтан валюталық
бағамға инфляция қарқыны әсер ете алады. Егер басқа да факторлар қарсы әсер
етпеген жағдайда елде инфляция көрсеткіші неғұрлым жоғары болған сайын оның
валюта бағамы соғұрлым төмен болады. Мемлекеттегі ақшаның инфляциялық
құнсыздануы сатып алу қабілетінің төмендеуіне және инфляция қарқыны төмен
елдердің валютасына бағамының төмендеу тенденциясына әкеліп соқтырады.
Мұндай тенденция орта және ұзақ мерзімді жоспарда байқалады. Валюталық
бағамды теңестіру және оны сатып алу қабілетінің паритетіне сәйкестендіру
орта есеппен алғанда 2 жыл көлемінде жүреді. Мұның себебі валюталар
бағамының күнделікті белгіленуі олардың сатып алу қабілеті бойынша
түзетілмейтіндігімен және басқа да бағам құраушы факторлардың әрекетімен
түсіндіріледі.
Халықаралық тауар, қызмет және капитал айырбасының көлемі зор елдерде
валюта бағамының инфляция қарқынына тәуелділігі үлкен болып табылады.
Өйткені, валюталық бағам динамикасы мен салыстырмалы инфляция қарқыны
арасындағы ең тығыз байланыс бағамды экспорттық баға негізінде есептеу
кезінде көрінеді. Әлемдік нарық бағасы интернационалдық құнның ақшалай
көрінісі. Ал импорттық баға валютаның салыстырмалы сатып алу қабілетінің
паритетін есептеу үшін қабылдауға лайық емес. Себебі, өздері көбінде
валюталық бағам динамикасына бағынышты. Мұндай есептеу жүргізу көтерме баға
индексі көтерме ішкі сауда және экспорт құрылымдары бір-бірімен белгілі
мөлшерде үйлесетін тек дамыған елдер үшін ғана құптауға лайық. Ал басқа
елдерде бұл индекске көптеген экспортталатын тауарлар кірмейді. Бөлшек
сауда негізіндегі мұндай есеп әлемдік сауданың объектісі болмайтын бірталай
қызметтерді қамтитындығынан бұрмаланған көрініс беруі мүмкін.
2. Төлем балансының жағдайы. Активті төлем балансы оған деген сұраныс
шетелдік қарыз алушылар тарапынан өсетін болғандықтан ұлттық валюта
бағамының көтерілуіне жақсы әсер етеді. Ал пассивті төлем балансы оған
керісінше, яғни қарыз алушылар ол валютаны шетелдікіне өз қарыздарын жабу
үшін сатады. Төлем балансының тұрақсыздығы тиісті валютаға деген сұраныс
пен ұсыныстың секірмелі түрде ауытқушылығына әкеліп соғады. Қазіргі заманда
халықаралық капитал қозғалысы төлем балансына және тиісінше валюталық
бағамға ықпалы артып отыр.
3. Әртүрлі мемлекеттердегі пайыздық мөлшерлеменің айырмашылығы.
Біріншіден, елдегі пайыздық мөлшерлеменің өзгерісі халықаралық капитал
қозғалысына, оның ішінде қысқа мерзімді капиталға ықпал етеді. Негізінде
пайыздық мөлшерлеменің жоғарылауы шетел капиталының елге ағылуына, ал оның
төмендеуі капиталдың шетелге ағылуына ықпал етеді. Капитал қозғалысы төлем
балансының тұрақсыздығын ұлғайтады. Екіншіден, пайыздық мөлшерлеме
валюталық нарық операцияларына және ссудалық капитал нарығына әсер етеді.
Сонымен қатар, спекуляциялық валюталық операциялар, қандай да бір
валютаны халықаралық есеп айырысуларда қолдану мөлшері, яғни оған деген
ұсыныс пен сұраныс арақатынасы және ұлттық және әлемдік нарықта оған деген
сенім де маңызды рөл атқарады. Ал, валюталық саясат жөнінде айтар болсақ
белгілі бір мемлекет өз валютасының құнын алдарына қойған мемлекеттің
стратегиялық даму жоспарына сәйкес төмендетеді немесе жоғарылатады.

2. Бреттонвудс валюта жүйесі,
қағидасы мен туындаған проблемалар
2.1 Әлемдік валюта жүйесі: Генуядан Бреттон-Вудсқа
ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде валюталық шектеулерді соғысушы елдермен
қатар бейтарап мемлекеттер де енгізді. Соғыс кезінде тауарлардың бағасы
өсіп, инфляцияның нәтижесінде ақшалардың сатып алу қабілеті төмендеп кетсе
де валюталардың қатырылған ресми бағамы тіпті өзгермеді десе де
болғандай. Валюталық бағам экономикалық қатынастардағы белсенді рөлін
жоғалтты. Бұл тек валюталық шектеулерге қатысты емес, сыртқы саудада кредит
беру және қаржыландырудың ерекшеліктеріне байланысты болды.
Біріншіден, І дүниежүзілік соғыстан кейін одақтастар арасында пайда
болған қарыздан алған сабақты ескере отырып, АҚШ несие беруден бас тартып,
ленд-лиз, яғни жалға беру бойынша әскери құрал-жабдықтарды одақтастарға
беруді жөн деп тапты. Ұлыбританияға және Британ Достастығы елдеріне 30 млрд
доллар, КСРО-ға 10 млрд доллар, ал барлық одақтастарына 50 млрд доллар
көлемінде әскери құрал-жабдықтар беретін болды. Соғыс аяқталғаннан кейін
АҚШ басқа мемлекеттерге қарағанда өтемақының мөлшерін КСРО-ға айтарлықтай
көп белгіледі.
Екіншіден, азаматтық тұтынудағы импорттық кұралдарды төлеудің көзі ұзақ
мерзімді несие болды.
Үшіншіден, төлем валютасы ретінде әдетте алтынға және шетел валютасына
айырбастау құқығынсыз қарыздар мемлекеттің валютасы пайдаланылды.
Ұлыбритания осылайша шикізат және азық-түлік жеткізуші көптеген
мемлекеттермен, әсіресе тәуелділерімен есеп айырысты. Нәтижесінде
Ұлыбританияның басқа елдерге қарызын білдіретін стерлингтік авуар
проблемасы көтерілді.
Төртіншіден, әскери жағдайда, әдеттегідей, әлемдік ақша ретінде
алтынның маңызы артты. Әскери стратегиялық және тапшы тауарларды тек қана
осы валюталық металға алуға болатын. Сондықтан халықаралық есеп айырысулар
алтын арқылы жиі іске асырылатын. Ұлыбритания 1943 жылы ленд-лиз
енгізілгенге дейін АҚШ-нан келетін тауарлардың көбісін алтынмен төледі. Бұл
алтынның Америка қазынасына көщуіне алып келді. АҚШ Латын Америкасынан
келетін шикізат пен азық-түлік үшін алтынмен есеп айырысты. Бірақ бұл алтын
Нью-Йорктың Федералдық Қор банкісіне сақтауға берілді және ол алтынды Латын
Америкасының мемлекеттері америкалық тауарларды сатып ал үшін жұмсады. КСРО
да тауар импортын алтынмен төледі.
Фашистік Германия соғысқа дайындық кезінде өз алтынын толығымен дерлік
пайдаланды десе де болады. 1938 жылдың қыркүйегінде ресми түрде ол бар
болғаны 26 тоннаны құраған. Ал бұл кезде АҚШ-та 12000 т, ал Ұлыбританияда
3600 т алтын болды. Валюталық металл ретіндегі алтынның рөлін сөз жүзінде
мойындамай отырып, неміс фашистері окупацияланған елдердің орталық
банктерінен 1300 т алтынды иемденді.
Соғыс жылдары гитлерлік Германия тікелей тонаумен қатар басып алынған
елдерді тонаудың қаржылық валюталық әдістерін пайдаланды :
➢ Еш нәрсемен қамсыздандырылмаған оккупациялық ақша шығарылды.
Онымен басып алынған елдерден әкелінген шикізат пен азық-түлік
формальды түрде төленді.
➢ Марканың аса көтерілген бағамының арқасында (француз франкісіне
66%, бельгия франкісіне 50%, голланд гульденіне 42%) Германияға
осы елдерден тауарды өте төмен бағамен алуға мүмкіндік берді.
➢ Валюталық клиринг: Германия қарыз сомасын клирингтік шоттарға
жазып, тауарларды импорттады. Соғыс аяқталғанда ол бойынша елдің
бағынышты елдерге қатысты орасан зор қарызы (42 млрд марк)
қалыптасты.

ІІ дүниежүзілік соғыс Генуя валюта жүйесі дағдарысының одан әрі
тереңдеуіне алып келді. Жаңа әлемдік валюта жүйесінің жобасын жасау
мемлекеттер І дүниежүзілік соғыстан кейін және 30-жылдары болған валюта
дағдарысы кезіндегідей күйзелістен қауіптенуі себепті соғыс жылдарында-ақ,
дәлірек айтқанда 1943 жылдың сәуірінде басталып кеткен болатын. 1941 жылдан
бастап бірлесе жұмыс істеген ағылшын американдық сарапшылар әу бастан-ақ
алтын стандартына қайтып оралудан бас тартқан болатын. Олар экономикалық
өрлеуді және экономикалық дағдарыстардың теріс әлеуметтік экономикалық
салдарын шектеуді қамтамасыз ете алатын жаңа әлемдік валюта жүйесінің
қағидаларын жасап шығаруға ұмтылды. АҚШ-ның әлемдік валюта жүйесінде
доллардың қожайындық жағдайын сақтап қалуға деген ұмтылысы Г.Д.Уайттың (АҚШ
Қаржы министрлігінің валюталық зерттеулер бөлімінің бастығы) жоспарында
көрініс тапты.
Г.Д.Уайттың және Дж.М.Кейнстің (Ұлыбритания) жоспарлары бойынша ұзақ
пікірталастардан кейін формальды түрде америкалық жоба жеңіске жетті.
Дегенмен, кейнстік мемлекетаралық валюталық реттеу идеялары да Бреттонвудс
жүйесінің негізіне қаланды.
Екі валюталық жобаға да мына жалпы қағидалар тән:
➢ еркін сауда айналымы және капитал қозғалысы;
➢ теңгермелі төлем балансы, тұрақты валюталық бағам және әлемдік
валюта жүйесі;
➢ алтын-девиз стандарты;
➢ өзара ынтымақтастық және төлем балансының жетіспеушілігін жабу
үшін әлемдік валюта жүйесінің жұмыс істеуін қадағалайтын
халықаралық ұйым құру.
1944 жылы Бреттон-Вудстағы (АҚШ, Колорадо) БҰҰ-ның қаржы-валюталық
конференциясында әлемдік сауда, валюта, несие және қаржылық қатынастарды
ұйымдастыру ережелері анықталып үшінші әлемдік валюта жүйесі рәсімделді.
Конференцияда қабылданған Келісім Баптары (Халықаралық Валюталық Қор
Жарғысы) Бреттонвудс валюта жүйесінің келесі қағидаларын анықтады:
1. Алтынға және екі резервтік валюта – АҚШ доллары мен фунт
стерлингке негізделген алтын девиз стандарты енгізілді.
2. Бреттонвудс келісімі алтынды әлемдік валюта жүйесінің негізі
ретінде пайдаланудың 4 формасын қарастырды:
а) валюталардың алтынға теңгермешілігі сақталып, және олардың
Халықаралық Валюталық Қорда (ХВҚ) бекіту (фиксация) енгізілді;
ә) алтын халықаралық төлем және қор құралы ретінде
пайдаланылуы жалғастырылды;
б) өзінің өскен валюта экономикалық әлеуетіне және алтын
қорына сүйене отырып АҚШ долларды негізгі резервтік валюта
ретіндегі статусын бекіту үшін оны алтынға теңестірді;
в) осы мақсатта АҚШ қазынашылығы шетелдік орталық банктер және
өкіметтік мекемелер үшін 1934 жылы өз валютасындағы алтын
мөлшерінен шыға отырып бекітілген ресми баға бойынша (31,1035
г-ға тең 1 тройск унциясы үшін 35$) долларды алтынға
айырбастауды жалғастыра берді.
Валюталардың өзара қайтымдылығын енгізу көзделді. Валюталық
шектеулер біртіндеп жойылуға жатқызылды. Ал оны енгізуге ХВҚ
келісімі қажет болды.
3. Валюталардың бағамдық қатынасы және олардың конверциялануы
доллармен көрініс тапқан белгіленген валюта теңгермешілігі
(фиксированный валютный паритет) негізінде іске асырыла бастады.
10 %-дан жоғары девальвация тек Қор рұқсатымен ғана іске асырылды.
Белгіленген валюталық бағам режимі енгізілді : валютаның нарықтық
бағамы паритетінен қысқа мөлшерде ғана ауытқи алатын (ХВҚ Жарғысы
бойынша 1% және Еуропа валюталық келісім бойынша 0,75%).
Валюта бағамының ауытқуының шетін бақылауда ұстау үшін орталық
банктер валюталық шабуылды доллармен жасауға міндеттелді.
4. Тарихта алғаш рет халықаралық валюталық несиелік мекемелер
Халықаралық Валюталық Қор (ХВҚ) және Халықаралық Қайта құру және
Даму Банкі (ХҚДБ) құрылды. ХВҚ тұрақсыз валюталарды демеу
мақсатында төлем балансының жетіспеушілігін жабу үшін шетел
валютасында несие береді, мүше мемлекеттер тарапынан әлемдік
валюта жүйесінің қағидаларының сақталуын қадағалайды,
мемлекеттердің валюталық ынтымақтастығын қамтамасыз етеді.
АҚШ-ның қысымымен Бреттонвудс жүйесінің шеңберінде долларлық стандарт
орнықты. Алтынға айырбастала алатын жалғыз валюта – доллар валюталар
паритетіне негіз, басым халықаралық есеп айырысулар құралы, интервенция
және қазыналық актив валютасы болды. Осылайша АҚШ өзінің ежелгі бәсекелесі
Ұлыбританияны ығыстырып монополиялық валюта гегемониясын орнықтырды. Тарихи
дәстүр бойынша резервтік валюта ретінде бекітілсе де фунт стерлинг аса
тұрақсыз валютаға айналды. АҚШ доллардың резервтік валюта ретіндегі
статусын өз төлем балансының жетіспеушілігін жабу үшін пайдаланды.
Бреттонвудс жүйесінің шеңберіндегі доллар стандартының ерекшелігі оның
алтынмен байланысын сақтап қалғандығы еді. АҚШ валюталық бағамды
тұрақтандырудың 2 жолының ішінен – оның төмен ауытқу шеңбері және долларды
алтынға конверсиялау – екіншісін таңдап алды. Осылайша АҚШ валюталарының
долларға деген белгіленген бағамын валюталық интервенция жолымен ұстап тұру
жұмысын өз серіктестерінің мойнына артып қойды. Нәтижесінде АҚШ-ның
валюталық нарыққа қысымы күшейді.
Бреттонвудс жүйесіндегі АҚШ-ның орнығуы әлемдік шаруашылықтағы
күштердің қайта орналасуымен байланысты еді. АҚШ 1949 жылы капиталистік
өнеркәсіп өнімінің 54,6 %, экспорттың 33 %, алтын қорының 75 пайызға жуығын
шоғырландырды. Батыс Еуропа мемлекеттерінің өнеркәсіп өніміндегі үлесі 1937
жылғы 38,3 %-дан 1948 жылы 31 %-ға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық биржалардың қалыптасуы, тұрақтану және даму мәселелері
Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі
Дүниежүзілік валюта жүйесі
Халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар
Дүниежүзілік валюта жүйесі туралы мәлімет
Валюталық жүйе және оның түрлері жайлы
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
Валюталық нарықтың мәні
Валюталық жүйелер және олардың қызмет етуінің теориялық негіздері
Пәндер