Көркем еңбек сабағында оқушылардың қолөнерде шығармашылығын дамыту


«Көркем еңбек сабағында оқушылардың қолөнерде шығармашылығын
дамыту»
Мазмұны.
Кіріспе . . . 3
І ТАРАУ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰҒЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
- Оқушы оқу белсенділігінің психолиялық-педагогикалық ерекшелікте-рі . . . 6
1. 2 Оқушы тұлғасын дамытудағы әрекет түрлері мен қалыптасу кезеңдері. . 16
І тарауға Қорытынды . . . 32
КІРІСПЕ.
Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістің сатысында тұр. Оның үдемелі дамуы үшін шешуші тұлға ғылыми және техникалық білімді игереді, ойдың жэәне рухани потенциалдың қалыптасуына ықпал етеді, үнемі өзгеріп тұратын әлеуметтік - экономикалық жағдайға қоғамның әр мүшесінің шығармашылық потенциалын жүзеге асыру қажеттілігі айтарлықтай артады.
Бұл әсіресе «Білім туралы» заңда, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында қарастырылып өте айқын көрініс тапқан. Онда мектеп оқушыларының шығармашылық потенциалын дамыту идеясы түбегейлі бетбұрыс пен әлеуметтік прогресті жылдамдатудың бір шарты ретінде алынып, негізгі ой жемісі түрінде қаралады.
Осыған байланысты қазіргі білім берудің көкейтесті міндеті - оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру, шығармашылық іс- әрекетті жүзеге асыруға дайындау болып табылады.
Педагогика үшін шығармашылық мәселесі жаңалық емес. Онымен әр жылдары Ресейдің Ю. К. Бабанский, В. С. Библер, С. М. Бондоренко, Л. С. Высоцкий, В. В. Давидов, В. И. Загвязниский, В. А. Кан-Кемик, А. И. Качетов, Ю. К. Келюткин, А. Н. Лук, М. И. Махмутов, Н. Д. Никандров, И. М. Розет, В. А. Сухомлинский, В. С. Шубинский және тағы басқа жетекші ғалымдар айналасты.
Қазақстанда шығармашылық іс-әрекет мәселелерін Г. К. Ахметова, Б. А. Әбдікәрімов, В. В. Егоров, К. Б. Жарықбаев, С. В. Илларионов, З. А. Исаева, М. М. Мұқанов, Г. Ж. Меңлібаева, А. П. Сетешев, Н. Д. Хмель және бірқатар ғалымдардың еңбектерінде қаралды. Бұл авторлардың негізгі еңбектерінде шығармашылық іс-әрекеттің құрылысы мазмұны мен мәнінің, мәселелері, мектептер мен жоғарғы оқу орындарындағы оқу-тәрбие жұмысында шығармашылық амалды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері көрініс тапты.
Жалпы білім берудің қазіргі даму барысында шығармашылық үрдіс педагогикалық үрдістің барлық салаларында, білім беру мекемелерінің құрылысында барлық категорияларының іс-әрекетінде көрініс тауып отыр.
Егемен Қазақстан мектебі бүгінгі таңда жан-жақты терең шығармашылық ізденіс үстінде. Оның ауқымы шексіз кең: құрлымды қайта құру, яғни, бұрыңғы құрылысты өзгерту (мектептің жұмыс ырғағын, білім берудің жаңғырығын, мазмұнын еңгізу) біріктірілген курстар және әр түрлі әдістемелер.
Көріп отырғанымыздай шығармашылық әрекетті жүзеге асыруда ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік іс-әрекеттің шеңбері үнемі кеңейіп отырады.
Бүгінгі білім берудің ұлттық жүйесін сақтап қалу үшін өскелең бәсекелестік жағдайда барлық оқу-тәрбие мекемелерінің үздіксіз даму мен қызметін жоғарғы дәрежеде қажеттілігі артып отыр. Қазір қолданылып отырған білім жүйесінің жаңа типтерінің пайда болуы мен оны соңғы жағдайға өзгерту, оқытудың әдісі мен амалдары, үлгілері, мазмұнының жаңаруы өз кезегінде ғылыми идеялар мен психологиялық-педагогикалық теория негізінде жетілдірілген практикалық шешімдерге негізделуі керек. Арнайы әдебиеттерді сараптаудан көріп отырғандай шығармашылық іс-әрекеттің педагогикалық мәні, оны қалыптастырудың шарты мен оқу-тәрбие үрдісіндегі ықпалы толық ашылмаған.
Бұдан бәрінен бұрын, көтеріліп отырған мәселенің теориялық жағынан толық жетілдірілмеуі, мөлшерлік базалық жетіспеушілік, шығармашылық әрекетке кейбір оқушылардың жағдайының болмуы себепшіл болып отыр.
Сонымен қатар дамыған қоғамда мынадай заңдылықтар әрекет етеді: жаңашылдары мен жаңалық еңгізушілер неғұрлым көп болса, соғұрлым шығармашылық бастамасы адам бойында айқын көһрініс табады.
Осыған байланысты төмендегідей қарама-қайшылықтар туындайды:
- Педагогикалық және психологиялық құбылыс ретіндегі шығармашылық іс-әрекеттің жеткілікті зерттелмеуімен педагогикалық шығармашылықта оқушылар дамуын ғылымиландырудың қажеттілігі арасында;
- Оқушы іс-әрекеті қызметінің тиімділігін арттыру қажеттілігі мен практикалық даярлығына кепілдік беретін шығармашылық іс-әрекеттің болмауы.
Осы мәселелердің шешімін табу біздің зерттеуіміздің өзекті мәселесін айқындап, тақырыпты: «Көркем еңбек сабағында оқушылардың қолөнерде шығармашылын дамыту», - деп алуымызға негіз болды.
Зерттеудің объектісі: Жалпы орта білім беретін мектептегі еңбек сабағында оқушылар іс-әрекеті.
Зерттеудің пәні: Жалпы орта білім беретін мектепте еңбек сабағындағы оқушылардың шығармашылық іс-әректін жетілдеру үрдісі.
Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты: Жалпы орта білім беретін мектептердегі еңбек сабағында оқушылардың қолөнерде шығармашылық іс-әрекетін дамытудың мәнін ашу және соның негізінде берілген іс-әрекетке даярлықты жетілдіруді ұйымдастыру жолдарын анықтау.
Жұмыстың ғылыми болжамы: Егер жалпы орта білім беретін мектептерде еңбек сабағында оқушылардың қолөнерде шығармашылық іс-әрекеттері өз деңгейінде жетіліп, мәні ашылып, құрылымы анықталса, онда қарастырылып отырған шығармашылық іс-әрекетке даярлық, құдіреттілігі әлдеқайда тиімді жетілер еді.
Зерттеу мақсаты мен болжамына сәйкес оның міндеттері анықталды.
- Орта жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен іс-әрекеттерінің мәнін ашу, құрылымын анықтау.
- Оқушыларды шығармашылық әрекетке даярлығын жетілдіруді педагогикалық-психологиялық тұрғыдан негіздеу.
- Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдірудің жолдарын анықтау.
- Шығармашылық әрекет тиімділігін анықтау.
- Орта жалпы білім беретін оқушылардың шығармашылық әрекетін жетілдіруге арналған әдістемелік ұсыныстар жасау.
1. 1 ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Оқушының дамуының шешуші факторы өмірінің барлық мезгілінде, барлық кезеңінде оның өз белсенділігі болып табылады. Ол баланың өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттеріне кең мүмкіндікті қамтамасыз етеді, өсіп келе жатқан жас өркеннің өмірлік талаптарын қанағаттандырудың қажетті жағдайы және организмнің ортамен байланысуы барлық механизмдердің пайда болу жағдайы болып табылады - деп көрсеткен орыс ғалымы И. П. Павлов. Алайда, бала тек организм ретінде ғана емес, сондай-ақ жеке бас ретінде де дамуы үшін, әлсіз белсенділіктен қазіргі қоғамның толыққанды мүшесіне айналуы үшін, оның белсенділігін ересектер, яғни жетілген адамдар басқаруы тиіс. Толыққанды дамудағы организмге тән белсенділік саналы адамдық іс-әрекетке айналуы қажет. Мұндай табиғи белсенділіктің адамның саналы іс-әрекетіне айналуы өзінен-өзі немесе сыртқы әсермен бола қалмайды, бұл бала өмірінің алғашқы күннен-ақ әзірленеді, бағытталынады, әдетке айналдырылады және ересек адамдар тексеріп отырады.
Белсенділік деп тұлғаның іс-әрекет үстіндегі жағдайын айтуға болады. Негізінен адам баласының іс-әрекеті бүтіндей тізбек немесе әрекеттер жүйесі, практикалық және ақыл-ой әрекеттері, қандай да мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі болып табылады. Ол адамға белгілі және адам оған жетуге ынталы болады. Сондықтан оғпн жету жолында ол өз әрекеттерін, өз күшін бағыттайды, өзінде бар тәжірибені пайдаланады. [12. 6]
Адамның іс-әрекетінде биологиялық және әлеуметтік шынайы нағыз бірлестік көрініс табады. Белсенділіктің тегі биологиялық, бірақ ол ересек адамның әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетімен «әлеуметтендірілмейін- ше», баланың жеке тұлға ретінде дамуына жағымды әсер ете алмайды. Тек ойын, оқу, спорт, еңбек, қоғамдық іс-әрекетте өз мәнін таба білсе ғана, баланың белсенділігі оның дамуының маңызды факторына айналады.
Оқушының жетекші іс-әрекеті оқу болып есептеледі, мектеп оқушысы оқу прцесінде табиғат әлемімен және өткенімен танысуын жалғастыра береді. Оқу іс-әрекеті мен қатаң тәртіп белгіленген іс-әрекетте мектеп оқушысы хайуанаттармен өсімдіктер әлемі өмірінің заңдарын, тіл және мөлшер, кеңістік және уақыт заңдарын танып біледі, басқа адамдарды, олардың еңбегі мен күресін, еңбекпен танымның субъектісі ретінде өзін де танып біледі (Б. Г. Ананьев) . Оқу іс-әрекетінде қалыптасып келе жатқан баланың жеке тұлға ретіндегі жаңа белгілері қалыптасады, өсіп келе жатқан адамның өзі қоршаған ортаның заттарына, табиғатқа және адамдарға жаңа қатынасы белгіленеді. [45. 6]
Қоғадық тәжірибені меңгеру процесінде бала өзінің жеке тәжірибесіне де ие болады. Ата-аналар, мұғалімдер кітапты, техника, мәдениет және өнер заттарын пайдалана отырып балаларды оқытады, білім береді, оларды тиімді, нәтижелі әрекеттердің тәсілдері мен әдістеріне үйретеді. Мұндайда оқыту процесі - мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттелуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу болып табылады. Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдарысы қалыптасады. [48. 7]
Оқушының білімді меңгеруінде оқу мативациясы негізгі рөл атқарады. Көпшіліктің айтуынша, оқушылардың сабақ үлгерімнің материалы оқыту методикасының кеңістігінен емес, оқуға деген түрткісінің жоқтығынан. Себебі, егер баланың оқуға деген талаптануы неғұрлым күшті келсе, ол соғұрлым оқуға бар күшін салып, соны ойдағыдай меңгере алады. Баланы оқуға итермелейтін күш негізінде мынадай екі түрлі, яғни сыртқы және ішкі түрткіден құралады. Сыртқы түрткіге мадақтаумен жазалаудың неше түрлері, жиында сынға алуы тағы басқа жатады. Мұны сыртқы түрткі дейтін себебі осылар баланың іштей өзінің талпынуынан кездеспейді. Көбіне өзгелерден сескенуінен талпынатынан болады. Бұл бала өзгелерден сескенетіндігінен оқитын болады. Бірақ бұл жағдайда оқуға бала тікелей талпынбайды, жанама түрде сескену арқылы талпынады. Мұны баланың оқуға талпынуы, соны ұнатам деп мақсат қоюынан емес, өзгелердің оған қолданған шарасынан өзін аман сақтап қалудың амалы деп түсіну керек. Соңғы жағдайда оқу баланы өзіне тартудың орнына оны өзінен әрмен итереді. Себебі бала амалы жоқтан оқиды. Тіпті оқығысы келмей, үй ішіндегілерімен ұрсысып, жан-жал шығаратындары да кездеседі. [22. 7]
Ал оқуға іштей талпыну түрткісі дегеніміз баланың өзіндік ықыласының сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуге ұмтылуына болады. Іштей талпыну түрткісі оқу тапсырмасын орындамай тұрып, соған ұмтылу ретінде де кездеседі. Іштей оқуға талпыну үшін, негізінде мынандай факторлар себепкер болады:
• Оқушының іштей белсенділігі қажеттіліктің негізінде пайда болады. Оқуға қатысты белсенділіктің бұл түрі бір жағынан балада туа пайда болатын болса, екінші жағынан - ортасының әсері. Белсенділік әр балада әр түрлі екенін ескерсек, бұл қасиет қызығушылықққа байланысты келеді. Қызығушылықтың табиғи механизмі И. П. Павловтың айтуынша, іштен туа берілетін «бұл не?» рефлексінің негізінде болады. Осы қасиеттер туғаннан кейін тәрбие жұмысының нәтижесінде одан әрі дамып, сапа жағынан жаңа мазмұнда қалыптасады. Сонымен қатар іштей оқуға белсенділік пен қажеттілікке оқушылардың өзара қатынасының негізінде болатын намыстану, ұялу үшін курес тағы басқа әлеуметтік ортасының әсерінің жемісі ретінде баланы оқуға итермелейтін негізгі себеп - түрткілер болады.
• Оқуға талпынудағы сыртқы факторларға жататындар балаға үй іші және мектеп тарапынан қойылатын талаптар жатады. Осының өзін оқуға байланысты мөлшерлер, яғни қалыптар деп атайды. Баланың оқуға ықыласын, оқу әрекетінде келешекте өзін өмірге даярлаудың негізгі құралы деп санауы да жатады.
Тұлғаның жалпы талпынуы немесе мотивациясы бір фактор емес, бірнеше факторлардың бірлесіп қызмет атқаруының нәтижеснде іске асып отырады. Мектептің 1-4-ші сынып оқушылары өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасап қана қоймай, олар үлкендермен де қатынас жасауды қажетсінеді. Өйткені бастауыш сыныптарда өтетін тақырыптар төңірегінде балалардың білімі тереңдеп, ой-өрісі кеңиеді де олардың өзіндік танымдық қажеттіліктеріне қатысты сауалдар туындайды.
Оқушылардың даму және оқу процесінде таным белсенділігі арта түседі. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігін дамытуда бағыт беріп отырса, олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттер қалыптасуына игі әсер етеді. Мұнда мектеп жасына дейінгі балалардың «Неге?», «Не үшін?», «Қалай?» деп қоятын сұрақтары үлкендермен қарым-қатынас жасаудын алғашқы белгілері болып қалады. Оқушылардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу процесінде балалар түрлі заттардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін қолдана білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты. Оқушылардың тәжірибелік жұмысқа қатысуы ғылыми - практикалық таным ынтасын арттырады. Егер тәжірибелік жұмыс ғылыми мақсатқа сай ұйымдастырылмаса, оқушылар тек міндеттерді атқарып жүргендей сезінеді. Омының салдарынан оқу бағдарламасы бойынша игерген теориялық білім мен еңбектің байланысы болмай қалады. [13. 8]
Әр бір тәжірибелік жұмыстың практикалық және перспективалық маңызы, сонымен қатар оның ғылыми негізі мұғалімнің терең аша білуі - оқушылардың таным белсенділігін арттырудың басты шарты. Жеке адам санасының қалыптасу процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі ерекше орын алады. Бала даму процесінде өзін-өзі жетілдіру мақсатын көздей отырып талаптанып әр түрлі әрекет жасайды. Баланың мұндай талаптанушылығын қостап, оған үнемі көмек және бағыт беріп отыруы қажет. Педагогикалық зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда, бала мектепке көбінесе объекті ретінде ғана бақыланады. Оның себебінің негізі әр бір педагог оқу-тәрбие үрдісінде көп жағдайда бір жақты білім беруге және ақиқат-шындықты үйретуге көңіл бөледі де, ал баланың тәрбие субъектісі болатынын ескере бермейді. Сондықтанда мұндай себептің салдарынан оқушы көп жағдайда негізгі дүниетанымды танып үйренеді, бірақ ол өзін-өзі дамыту және тәрбиелеу сияқты мәселелерін жете түсінуіне мүмкіндік ала бермейді. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін, өзін-өзі бағалауын жетілдіру үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету - педагог мамандарының басты міндеті. Тапсырмаларды сапалы етіп дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру және дағдыландыру педагогтың және тәрбиешінің кәсіби ісі. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, педагог әр уақытта өзінің кәсіби жауапкершілігін естен шығармай, тапсырманы тыңғылықты орындау үшін балаға рухани күш беріп, сенім білдіруі тапсырманың орындалуын табандылықпен талап ете білуі оқушының өзіндік тәрбиелеуіне ықпал етеді. Сонда ғана оқушының іс-әрекетінде жаңа қарқын туып, ол алдына қойған мақсатын орындаудың қажет екенін сезінеді.
Төменгі сынып оқушыларында оқу-танымдық әрекеті жас өспірімдердің болашағын жетілдіруне бағытталған мотивтерін, өзінің өмірлік перспиктивалары мен кәсіби ойларын тануын анықтауымен басталады. Мысалы, А. В. Кирьякованың зерттеулерінде (1991ж. ) ең ауқымды мотив «өмірлік жоспарын жетілдіру» мотиві алғашқы рангілік (реттік) орынды иеленеген, ал танымдық қызығушылық - бар болғаны төртінші орынға ие болған:
Жауаптардың
саны
Осы көрсеткіштер төменгі сынып оқушыларының оқу мотивтері кәсіби бағдарлау мотивтерімен көбірек ұштасады және оларды жиынтық ретінде қарастыру қажет. [38. 9]
Ересек адам баланың әрекеттері мен алған нәтижелеріне, оның тәртібіне, жекелеген қылықтары мен пікірлеріне баға береді. Балалар осылайша әр бала үшін мінез-құлықтың нормасы, басқаны және өзін-өзі бағалауда өлшем болатын қоғамдық мораль талаптарын меңгере бастайды. Әдетте педагог-тәрбиешілердің тәрбиелеу мақсатымен пайдаланатын құрдастарымен араласу балада өзі туралы түсінік, өзін-өзі түсіну және өзіне-өзі баға беруді қалыптастырады.
Демек, бала тұлғасы дамуы үшін педагогикалық ұйымдасқан іс-әрекеттің шешуші рөл атқаратындығы қазіргі уақытта тек жетелеген арнаулы зерттеулерде ғана дәйекті дәлелденіп отырған жоқ, сондай-ақ күнделікті педагогикалық тәжірибемен де дәлелденіп отыр.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың ұстанымдарын анықтап алу үлкен маңызға ие. Біз зерттеулер нәтижелеріне сараптама жасай келе оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке даярлау кезінде мына төмендегі ұстанымдарды болашаққа алу қажет деген тұжырымға келдік.
- Педагогикалық білім беруде тұлғаға бағыттық ұстанымы. Мұнда оқушының тұлғалық дара қабілеттілігі оқыту мен тәрбиелеудің жеке формаласы, әр бір оқушыға тұлғалық жеке кәсіби тұрғыда дамуына жағдай жасалуы, даралық траекториясына орай көмек көрсетілуі, бағдарламалар және даму қарқыны, шығармашылық іс-әрекетіндегі жеке . . . өңдеу тағы басқа есепке алынуы керек.
- Педагогикалық білім беруді демократияландыру ұстанымы. Оған: бүкіл қоғамның назарын тарту, тең құқықтық, жариялылық, бірлесе еңбек теу мен шығармашылық ынтымақтастық қатынастарын бекіту, оқытудың мазмұн, форма және әдістер вариянттылығы, оқушы тұрмысы мен қызметін ұйымдастыруда өзін-өзі басқару тағы басқа кіреді.
- Оқушының айналаны тануда . . . ұстанымы. Оның мәні: оқушыларды жоғары адамгершілік ой-пікірге бағалау, олардың шығармашылық мүмкіндіктері мен әлеуметтік күш қуатына сенімін ояту, тұлғаның жеке оң қасиеттеріне тірек бола білу, оқушы тұлғасына құрметпен қараудың жоғары талаптарын ескеру.
- Білім беру мекемелерінің қызметінің . . зификасын, оның мүмкіндегі мен жағдайын ескеру ұстанымы. Бұл ұстаным білім беру мекемелерінің деңгейлілігімен (гимназия, лицей) жеке даралығымен (дәстүрлік, материалдық-техникалық қамсыздығы, құрылымдық ерекшеліктері, табиғи-географиялық және территориялдық жағдайлары, аймақтық және ұлттық факторлары) түсіндіріледі.
- Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру ұстанымы.
- Жас ұрпақтың іс-әрекетінің прогматикалық ұстанымы.
- Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке даярлауда ғылыми-зерттеушілік амалдарын жүзеге асыру ұстанымы.
- Оқушыларды диагностикалық, коррекциялық, тұлғалық және кәсіби салалық тұрғыдан дамыту ұстанымы. Бұл ұстаным оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдірудің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылуы тиіс. Оқу-тәрбие үрдістерін түпкі нәтижеге бағыттау шығармашылық негіздерін қалыптастырады.
- Кәсіби сұрыптау ұстанымы. Кез-келген адам шығармашылықпен жасау әрекетін меңгеру үрдісінде ортаның әлеуметтік психологиялық тұрғыдан нақтыланған ерекшеліктері мен даярлық қасиеттеріне сай құрылымда жүргізілуі тиіс.
- Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке даярлауда сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының жүйелілік ұстаным бағыты. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың мұң-мұң . . . , қызығушылықтарын қанағаттандыруға, олардың жан-жақты шығармашылық іс-әрекетін белсендіруге бағытталуы тиіс, яғни даралық тұрғыдан дамуына жағдай жасалуы тиіс.
- Оқушыны оқу-іс әрекетке даярлауда танымдық білім берудің мазмұндық ұстанымы.
- Тұлғаның даму бірлігі мен жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз ету ұстанымы.
- Кәсіби білімді алдын-ала дамыту ұстанымы.
- Кәсіптік білім беруді максималды педагогизациялау ұстанымы: а) оқушыларды бірінші сыныптан бастап үздіксіз педагогикалық тәжірибелерге тарту. [26. 11]
Оқушының шығармашылық қабілетінің дамуына соңғы 10 жылдың ішінде үлкен көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде қабілеттің дамуы басты нысана болып, ол оқушыда шығармашылық белгілердің болмауы үлкен мәселеге айналып, ойландыруға тиісті кезге жеткен сияқты. Өйткені, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білуге, мемлекетімізді өркениетке жеткізу тек шығармашыл адамдардың қолынан ғана келмек.
Бұл мәселе төңірегінде жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, ұлы Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, жолдарын көрсеткен.
Кеңістік психологтар мен ғалымдар Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Мотьев, В. А. Крутецкий, Б. М. Тепловтың өз Республикамыздағы көрнекті ғалымдары Ж. М. Әбділдин, К. Б. Жарықбаев, М. М. Мұқанов, Т. С. Сабыров, т. б еңбектерін тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасында қосқан зор үлес деп білеміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz