Жеке тұлға және оның негізгі потологиялық нысандары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
I.ТАРАУ. «НОРМА» ЖӘНЕ «ПАТОЛОГИЯ» МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... . 5
1.1. Адамның қалыпты жағдайдағы даму көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Патологиялық жағдайлардың көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6.

II.ТАРАУ. БҰРМАЛАНҒАН ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.1.Психикалық дамудың патологиялық көріністері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
2.2 Бұрмаланған психикалық дамудың көріністері мен ерекшеліктері ... ... ... 9

III ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛУДАҒЫ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ... ... ... .. 11
3.1.Жас кезеңдік даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3.3 Невроздар және невротикалық бұзылулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
Зерттеудің өзектілігі: Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде психикалық денсаулықтың бұзылуы жоғары көрсеткішпен сипатталады. Психикалық аурулардың, тұлға фрустрациясының, мазасызданулардың, стресстердің таралу көрсеткіштерінің өсу тенденциясы, әр түрлі суицидтердің, тұлғаішілік келіспеушіліктердің, тәуелділіктердің (нашақорлық, ішімділік, токсикомания, ойын құмарлық және т.б.) орын алуы байқалады. Сондай-ақ, әлеуметттік-экономикалық өзгерістер салдарынан халықтың басым көпшілігінде, психологиялық әдебиеттерде теңелу дағдарысы деп белгіленген психологиялық феномен қалыптасып қалған болып шықты. Ол өз-өзін сезіну сезімін жоғалтуынан, өзгерген қоғамдағы өзіндік рөліне бейімделе алмауынан (немесе қиналуынан) пайда болады. Бұл жағдай өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық қатынастар мен тұлғалық мақсаттардың, мінез-құлық стереотиптерінің қайта қалыптасуы қиыншылығы арасындағы талаптардың айырмашылығына байланысты туындайды. Адам денсаулығына оның жасайтын таңдауы тікелей әсер етеді. Денсаулыққа жетелейтін таңдаудың алғы шарты болып өзіндік ішкі дүниесіне, яғни Мен «дауысына» сүйенуі саналады, бұл таңдау жасау барысында оны бөліп алуға, тыңдауға, соған еліктеуге мүмкіндік береді.
Психикалық денсаулық мәселесіне көптеген ғалым-философтар (В.Е.Давидович, В.М.Розин, И.Н.Смирнов, К.С.Хруцкий, А.Е.Чекалов және т.б.), валеологтар (Р.И.Айзман, Г.Л.Апанасенко, И.Н.Гурвич В.П.Казначаев, В.П.Куликов, А.Г.Кураев, В.А.Лищук, Т.Н.Маляренко, Л.А.Попова және т.б.), психологтар (А.А.Ананьев, Б.С.Братусь, О.С.Васильева, А.В.Воронина, И.В.Дубровина, И.В.Ежов, Р.Е.Калитеевская, Л.В.Куликов, А.Маслоу, Ю.И.Мельник, Г.С.Никифоров, К.Роджерс, В.Франкл және т.б.) зерттеулерінде қарастырылған.
Қазіргі психологиялық әдебиеттерге талдау жасағанда көптеген зерттеушілер денсаулықтың психологиялық аспектілерін осыған ұқсас терминдерді қолдана отырып қарастырған: “психикалық денсаулық” (Б.С.Братусь), “психологиялық денсаулық” (И.В.Дубровина), “тұлғалық денсаулық” (Л.М.Митина), “рухани денсаулық” (Ю.А.Кореляков), “жанның саулығы” (О.И.Даниленко), және т.б. Бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымының пайымдауынша, психика саулығы дегеніміз адам ақыл-ойының, физикалық және эмоционалдық дамуының толыққанды жетілуіне ықпал етуші күй болып табылады.
1. Ілешева Р.Г. Медициналық спихология. Алматы, 1994.
2. Ілешева Р.Г. Психиатрия. Алматы, 1995.
3. Құдиярова Г.А. Психиатрия. Алматы, 1994.
4. Абрамова Г.С., Юдчиц Ю.А. Психология в медицине. М., 1998.
5. Братусь Б.С. «Аномалии личности». М., 1990.
6. Зейгарник Б.В. Патопсихология. МГУ, 1987
7. Лебединский М.С. Нарушения психического развития у детей, М.,1985.
8. Лурия А.Р. Основы нейропсихологии. М.,1973.
9. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. М.,1986.
10.Николаева В.В. Влияние хронической болезни на психику. МГУ, 1987.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

___________________________________ _______факультеті
___________________________________ _______ кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы ___________________________________ ______________________
Пәні___________________________________ ___________________________
Мамандығы ___________________________________ ____________________
Орындаған ___________________________________ _____________________
(аты-жөні)
Қабылдаған ___________________________________ _____________________
(аты-жөні, атағы)
Комиссия мүшелері:___________________________________ ______________
___________________________________ _____________

Шымкент
2015
Жеке тұлға және оның негізгі потологиялық нысандары
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I-ТАРАУ. НОРМА ЖӘНЕ ПАТОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... . 5
1.1. Адамның қалыпты жағдайдағы даму көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... . 5
1.2. Патологиялық жағдайлардың көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.

II-ТАРАУ. БҰРМАЛАНҒАН ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
2.1.Психикалық дамудың патологиялық көріністері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
2.2 Бұрмаланған психикалық дамудың көріністері мен ерекшеліктері ... ... ... 9

III ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛУДАҒЫ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ... ... ... .. 11
3.1.Жас кезеңдік даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3.3 Невроздар және невротикалық бұзылулар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде психикалық денсаулықтың бұзылуы жоғары көрсеткішпен сипатталады. Психикалық аурулардың, тұлға фрустрациясының, мазасызданулардың, стресстердің таралу көрсеткіштерінің өсу тенденциясы, әр түрлі суицидтердің, тұлғаішілік келіспеушіліктердің, тәуелділіктердің (нашақорлық, ішімділік, токсикомания, ойын құмарлық және т.б.) орын алуы байқалады. Сондай-ақ, әлеуметттік-экономикалық өзгерістер салдарынан халықтың басым көпшілігінде, психологиялық әдебиеттерде теңелу дағдарысы деп белгіленген психологиялық феномен қалыптасып қалған болып шықты. Ол өз-өзін сезіну сезімін жоғалтуынан, өзгерген қоғамдағы өзіндік рөліне бейімделе алмауынан (немесе қиналуынан) пайда болады. Бұл жағдай өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық қатынастар мен тұлғалық мақсаттардың, мінез-құлық стереотиптерінің қайта қалыптасуы қиыншылығы арасындағы талаптардың айырмашылығына байланысты туындайды. Адам денсаулығына оның жасайтын таңдауы тікелей әсер етеді. Денсаулыққа жетелейтін таңдаудың алғы шарты болып өзіндік ішкі дүниесіне, яғни Мен дауысына сүйенуі саналады, бұл таңдау жасау барысында оны бөліп алуға, тыңдауға, соған еліктеуге мүмкіндік береді.
Психикалық денсаулық мәселесіне көптеген ғалым-философтар (В.Е.Давидович, В.М.Розин, И.Н.Смирнов, К.С.Хруцкий, А.Е.Чекалов және т.б.), валеологтар (Р.И.Айзман, Г.Л.Апанасенко, И.Н.Гурвич В.П.Казначаев, В.П.Куликов, А.Г.Кураев, В.А.Лищук, Т.Н.Маляренко, Л.А.Попова және т.б.), психологтар (А.А.Ананьев, Б.С.Братусь, О.С.Васильева, А.В.Воронина, И.В.Дубровина, И.В.Ежов, Р.Е.Калитеевская, Л.В.Куликов, А.Маслоу, Ю.И.Мельник, Г.С.Никифоров, К.Роджерс, В.Франкл және т.б.) зерттеулерінде қарастырылған.
Қазіргі психологиялық әдебиеттерге талдау жасағанда көптеген зерттеушілер денсаулықтың психологиялық аспектілерін осыған ұқсас терминдерді қолдана отырып қарастырған: "психикалық денсаулық" (Б.С.Братусь), "психологиялық денсаулық" (И.В.Дубровина), "тұлғалық денсаулық" (Л.М.Митина), "рухани денсаулық" (Ю.А.Кореляков), "жанның саулығы" (О.И.Даниленко), және т.б. Бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымының пайымдауынша, психика саулығы дегеніміз адам ақыл-ойының, физикалық және эмоционалдық дамуының толыққанды жетілуіне ықпал етуші күй болып табылады.Адам психикасының саулығын білдіретін нормалар мен аномалиялардың көрсеткіштерін анықтау - аса күрделі мәселелердің бірі. Мәдени-әлеуметтік дәстүрлердің норма көрсеткіштері болып есептелетін жағдай тарихи түрде қалыптасып қалған. Бірдей психикалық көрініс барлығына ортақ норма ұғымына қатысты қалыпты да, аномальды да болып саналуы мүмкін. Қазіргі заманғы ғылым психика саулығын медициналық және психологиялық көрсеткіштер қосындысы, сондай-ақ әлеуметтік нормалар мен құндылықтар арқылы анықтайды.
Адам денсаулығының осы аспектісімен шектелетін жағдайлары психикалық көріністердегі ауқымды әрі зерттелуі қиындыққа соғатын топқа жатады. Клиникалық түрде нақты көрінбеген психикалық ауытқу мен психикалық саулық арасындағы шекараны айқын ажыратып көрсету қиынға соғады. Оларды өзара ажыратып, сондай-ақ өзара жалғастырып тұрған шекара аумағы айтарлықтай кең болады, ал ауруды денсаулықтан бөліп тұрған шекара тұрақсыз әрі белгісіз болып табылады. Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша, зерттелген адамдардың 20-26 пайызынан психикалық ауытқулар, 40-62 пайызынан - шекаралық жағдай анықталып, 13-15 пайызынан ешқандай психикалық бұзылыстар байқалмаған.
Зерттеудің мақсаты: Адам психикасының саулығын білдіретін нормалар мен аномалиялардың көрсеткіштерінің аса күрделі мәселелерін анықтау.
Зерттеу нысаны: Психика саулығы, қабілеттіліктері, мақсаттары мен қасиеттері жеке адамның қоршаған ортаға бейімделуіне себеп болады. Барлығына қолайлы, ортақ анықтаманы жасау мүмкін болмаса да, бұл психика саулығы жайлы кең таралған анықтама, өйткені әр түрлі адам қоғамдастықтары мен мәдениеттеріндегі бұл мәселеге қатысты барлық пікірлерді бір түйінге біріктіру мүмкін емес.
Зерттеу пәні: Жеке тұлға және оның негізгі потологиялық нысандары
Зерттеудің міндеттері:
1. Жеке тұлға және потологиялық нысандардың ерекщелігіне талдау жасау.
2. Жеке тұлғаның дамуы барысындағы потологиялық өзгерістерге сипаттама беру.
3. Потологиялық жағдайлардың себептері мен түрлеріне түсінік беру.
Курс жұмысының құрылымы: Курс жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
I. Норма және патология мәселелері
0.1. Адамның қалыпты жағдайдағы даму көрсеткіштері
Медициналық психология ғылымы салаларында адамның ағзалық, тән және психикалық жағдайын қалыпты және патологиялық деп екіге бөледі. Қалыпты жағдайдың көрсеткіштері: дене қызуының, қан қысымының, көңіл- күйінің, шашының, тырнағының, тері қабаттарының жағымды бірқалыпты мөлшер деңгейіне сай келуі. Аталған көрсеткіштерден ауытқушылықтар адам организміндегі өзгерістерді көрсетеді. Эндогенді және экзогенді себептердің ықпалынан адамның денсаулығында және психикасында әртүрлі өзгерістер туындайды. Психикалық жағдайлардағы өзгерістер жаскезеңдік дағдарыс кезеңдерінде ерекше айқындалады. Әсіресе жасөспірімдік өтпелі кезеңдерде психиканың патологиясы және патологиялық жағдайлардың бірнеше формалары байқалады. Психолог ғалымдар жеткіншек кезеңдегі психопатияның бірнеше формаларын анықтаған.
Ал патологиялық жағдайдың көрсеткіштеріне қалыпты жағдайдың қарама- қайшы көріністері жатады. Патология гректің патос- уайым, қайғы, ауру, бақытсыздық жайлы ілім. Психология ғылымында патологиялық жағдайдың көріністеріне психикалық ауытқу, бұзылу, тежелу, күйзелу, тоқырау жатады. Адам психикасына әсер ететін факторлар әртүрлі және нәтижелері бір- біріне ұқсамауы да мүмкін. Әсіресе психикалық дамудың дағдарыс кезіндегі, балалық шақтағы әсерлер дизонтогенездік және дисгармониялық жағдайларға ұшырататын дамуды патологиясын тудырады.
Тұлғаның қалыптасуы туғаннан бастап, өмір бойы созылатын ұзақ және күрделі процесс. Даму жолында көптеген қарама- қайшылықтар адамның рухани жан дүниесінде өзгерістер (дисгармония- үйлесімділіктің бұзылуы) тудыратын құбылыстар кездеседі. Тұлғалық деңгей психикалық жағынан тұрақты болғанымен, дисгармониялық жағдайлар кедергі келтіреді. Организмнің барлық жүйелері сияқты адамның психикалық жүйесі де тұрақты күйде болуы керек.
Диссонанс, келіспеушілік, мотивтердің созылмалы күресі тұлғаның дисгармониясын тудырады. Психикалық дисгармония- тұлға қасиеттерінің бірі дамымай, ал екіншілері шамадан тыс дамып кетуі. Тұлға дисгармониясы қоршаған ортадан бөлектену, эгоцентризм, рефлексия, интроверттілік, эмоционалдылықтың жұтаңдауы, эмоционалды резонанстың жоғалтылуы, қоршаған ортадағы құбылыстарға адекватты жауап бермеу, ойлаудың шындықтан алшақтауы арқылы көрінетін шизоидизация түрінде байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда мінез- құлықтың біркелкі болуы, педанттылық, икемділіктің жойылуы, белсенділіктің төмендеуі және пассивтілік байқалады. Кейде әрекетсіздік пен пассивтіліктің әрекеттің белгілі бір аумақтарында үлкен жетістіктерге жетумен үйлесіп отырады.
Қоршаған ортаға үнемі көңілі толмау сезімі, қозғыштық, жұтаңдық, ойлау жемістілігінің төмендеуі, эгоцентризм, қызығушылықтардың тарылуы бұл тұлға дисгармониясының көрінісі болып табылады. Сәл ғана өмірлік қиындықтар мұндай адамдарда қобалжу, дәрменсіздік сезімдерін тудырады.
Дисгармония көңіл- күйі тұрақты көтеріңкі адамдардағы психопатологиялық өзгерістер, эйфория, әрекетсіздік, ашуланшақтық, шамадан тыс қарым- қатынасқа түсушілік, қашықтық сезімдердің жоғалуы, өз мінез- құлқының адекватты еместігін түсінбеу түрінде көрінуі мүмкін.
1.2. Патологиялық жағдайлардың көрінісі.
Психопатияның психогениясына психикалық жарақаттар себепші болады. Бірақ психогенияға қандай психикалық жарақат, қандай механизм соқтырып, аурулы күйге келтіретіндігінің басын ашып алу керек. Бұл мәселенің шешімін табу И. П. Павлов пен оның ізбасарларының жұмыстарына, жоғары жүйке қызметіндегі физиология мен патофизиологияның табыстарына байланысты болды.
Психикалық жарақаттың ықпал етуінің негізгі үш жолы, психогения пайда болуының үш механизмі бар: а) тітіркенгіш процеске шектен тыс күш түсуі; ә) тежелу процесіне шектен тыс күш түсуі; б) қимылдық жүйке процестеріне шектен тыс күш түсуі. Осы механизмдердің бәрін И. П. Павлов пен оның шәкірттері иттерге тәжірибе жасау жолымен алды. Яғни, адамзат тарихында алғаш рет психогенияның моделі - байқау невроздары табылды. Жануарлардан алынған деректерді оның әлеуметтік ортасы бар адам мен тек оған ғана тән екінші сигналдық жүйеге бүтіндей қолдануға болмайтындығы табиғи жайт
Мектепке дейінгі жаста өз құрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан қашады. Бұл жаста үйлесімдік болмағандықтан мидың дамуы жылдамдап қозғалыс қызметі нашар жетіледі. Үлкендердің көмегінсіз оқуды ерте үйренеді, бірақ бәтеңкесінің бауын байлай алмайды.Сөйлескен кезде олардың бідімінің жасына сәйкес емес екендігі, білуге құмарлығын көрсетеді. Ол дерексіздікке жоғарғы ынта танытып, әлемнің пайда болуы табиғат пен өлім туралы сұрайды.М.жасында белгілі бір пәнге қызығып, жақсы оқиды (мысалы,математика, астрономия, психология, философия). Ақыл-ой дарындылығы бола тұра, икемсіз, өздерін-өздері күте алмайды,киім кигенде не тамақ ішкенде икемсіздік, салақтылық білдіреді.Олар аз қимылдайды, шулы ойындарды жаратпай, ортаға тез бейімделе алмайды. Жыныстық жетілу кезінде барлық белгілері айқын білінеді.Мысалы,кейбірінде тұйықтық, өкпешілдік,ренжігіштік сезім- сензитивтік, стеникалық - айқындалса, екіншілерінде табандылық, қажырлылық - экспансивті- сезім байқалады. Қолайсыз жағдайлар әсер еткенде шизондэтарда ерекше психогенді (психологиялық зақымның әсерінен) әректтер байқалады. Б-р шизофрениямен ауырғанда делирийдің кейбір белгілері көру, елестетушілігі ретінде кездеседі.
Психикалық процестердің тұтастығы бұзылуы аурудың ойлауынан, сөйлесуінен айқын білінеді. Логикалық байланыс жоғалып, үзілді-кесілді болып, оның сөйлемі тек жекеленген сөздерден құралады. Психикалық қызмет тұтастығының және оның айналамен байланысының бұзылудың аурудың эмоциясынан айқын көруге болады. Мысалы, жас әйел өзінің сәбиіне мейрімсіз болып,оны тамақтандырмауы да мүмкін.
Ауру адамға символдық ойлау өте тән. Мысалы, ауру өзіе бір шеңбердің ішіне сурет қылып салып; өзі жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жоқ -деп түсіндіреді.Өз ойларын кәдімгі сөздермен жеткізе алмай, жаңа сөздерді ойлап табады. Шизофрения ауруы 4 топқа бөлінеді: қарапайым, гебефрениялық, кататониялық, параноидтық.
Жасөспірім кезінде басталатын аурудың қарапайым түрінде алдыңғы қатарға эмоциялардың кедейленуі, ынта жоғалып, әлсіреу мен интеллектуалды өнімсіздік байқалады. Гебефрениялық түрінде - баланың мінез - құлқында есерлік, мәнерлік бет аузын тыжырайту, қылымсу басым болады. Кататониялық түрінде кататониялық ступор мен қозуы бар кататониялық синдром басым болады. Параноидтық түрінде елестетуші белгілер 2-4 жас арасында (1 жастық дағдарыс) білінеді.
Психиканың ауытқушылығы немесе психопатияның кейбір ерекшеліктеріне ұқсас қояншықпен ауырған адамда болатын эпилептондты тип жатады (қояншық ауруы бар отбасыларында кездесетіндіктен, генетикалық жақындығы бар деп есептелінеді). Психопатияның қызу қанды тобына гипертимдік типті жатқызамыз. Гипертимдік белгісі бар адамдардың көңілі ылғи да көтеріңкі, денсаулығы жақсы, сергек, тәбеті мен ұйқысы жақсы, қимыл - қозғалыс жасауға бейім, көп сөйлегіш, көңілді, мінезі аяқ асты өзгергіш.
Тұрақсыз тип 11-12 жаста білінеді. Негізгі белгісі - бір қалыпты психикасы ретінде білінетін эмоциялық тұрақсыз ерік. Жоғарғы ерікті қызметі жетілмегендіктен, өзінің сол сәттегі тілегі мен әуестігін тежей алмайды, Тұрақсыз п\п. белгілері көбінесе жыныс жетілгенге дейін не ол жетілген кезде, кейде баланың шағында б. мүмкін. Истериялық тип - айқын дарашылдық қайткен күнде де айналасындағылардан ерекшелену, біріншілікке ұмтылу. Истериялық психопатияға барлық жұртты мойындатуды тойымсыздықпен көксеу тән.
Психастеникалық тип - ересек адамдарда жиі кездеседі, бірақ кейбір белгілері балаларда да білінеді. Мұндай белгілер секемшіл,көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзәк келеді. Мектеп жасындағы балалар өте мазасыз, тек өзі туралы емес, жақындары, әсіресе шешесі туралы күмәнданады ( бір жаманшылық болама деп қорқады, ырым-саят, жөн жоба жасайды) Мұндай балалардың интеллектісі жоғары.Психастениялық типке ұқсас астениялық түрі болады - сужүрек, қорқақ,ұялшақ, қараңғыдан, жалғыздықтан қорқу, өзінен кішілермен ойнау, тыныш ойындар, сурет салу, айтқанды тыңдау - айқын белгілері болып табылады.
II. Бұрмаланған психикалық даму
2.1.Психикалық дамудың патологиялық көріністері
Тұлғаның жағымсыз өзгерістері байқалады. Темпераменттің сандық және сапалық; жалпы және индивидуальды параметрлерінің өзгерістері, тұлғаның мінезі мен бағыттылығының маныздылығы жоғалады. Қызығушылығын жоғалтады. Кейбір жағдайларда эмоциональды-еріктің төмендеуі; гипобулия мен апатияның көрінуіне әкеп соғады. Ауру адам өз іш дүниесіне қатты үніліп,сыртқы ортамен қарым-қатынасы шектеледі. Ауруларда интеллектуальды ойлау функциясының жетіспеушілігі айқын байқалады. Бірақ тексерген кезде интеллектінің сақталғаны анықталады. Ойлауы бұзылып, шындықтан қашқақтап,жүйке жүйесінің бұзылуы, аморфтық және ойлауы тұрақты жеміссіз болады. Басқа жағдайда тұлға денгейінің төмендеуі, эгойстік-утилитарлық қызығушылықтардың өсуімен байланысты, аффекттілі әрекеттер байқалады. Нақты формальды интеллектуальды ойлаудың бұзылуы, есте сақтау қабілеті мен зейіннің тұрақты болмауы, орын ауыстырудағы және қозғалысындағы қиыншылықтар байқалады. Ойлау жүйесінің жемісі нашарлап, ауру өз жағдайын түсіне алмайды. Бұл негіздер ауруда ақыл кемістігінің бастапқы белгілері. Тұлғалық денгейі төмендеуінің жалпы белгілері: астения мен гипобулиядан спонтандық кезеңге дейін жетуі мүмкін. Кейбір ауруларда жағымсыз ықпалдар:санасыз-алаңғасарлық, көңіл-күйінің болмауы байқалады. Аурулар осы жағдайларды сезіне алмайды.
Тұлғаның регресс жағдай -индивидуальды құрылымы жойылудың бастамасы. Ол көптеген клиникалық формада көрінуі мүмкін. Жағымсыз бұзылулар байқалады: жансыздық, қоршаған ортаны елемейді, әрбір психикалық тітіркендіргіштерге эмоциональды реакцияның болмауы. Еріктік процесстің барлық кезеңдеренде интенсивтілік бірден төмендейді. Мақсатқа бағытталған еріктік әрекеттің жойылуы көрінеді. Аурулар өз беттерінше өмір сүре алмай, туысқандарының қарамағында болады. Бұл формадағы жағымсыз бұзылулар апатико-абуликалық синдромға сәйкес келеді. Апатия мен абулиямен бірге таңғалу, мінез-құлықтың моторикалық ерекшеліктері көрінеді. Қозғалыстың үйлесімділігі мен пластикасы өзгереді
2.2. Бұрмаланған психикалық дамудың көріністері мен ерекшеліктері
Тұлғаның регресс жағдайындағы басқа формасында клиникалық көрінісі аффективті-лабильділік түрінде көрінеді. Интеллектуальды ойлау функциясының төмендеуі байқалады. Ауруда бұзылулар туралы көзқарас болмайды. Естің бұзылуы, мінез құлықтағы моральды-этикалық нормалардың тежелуі көрініс береді.
Амнистикалық бұзылулар-ең алдымен еске зақым тигiзедi, жоғарғы интелектуалды функциялар зардап шегедi.Естiң бұзылуы гипомнезия көрнiстерiмен сипатталады, ол айқындала түсуi мүмкiн. Белсендiлiктiң төмендеуi, тез шаршауы, зейiннiң тұрақсыздығы байқалады. Бұл бұзылулар ағымды сипатта болады.Айтылған психопатологиялық жағдай өзiнiң мазмұны бойынша лакунарлы деменцияға ұқсайды. Оның ең басты айырмашылығы тұлғалық қасиеттердiң ұзақ сақталуы. Көп уақытқа дейiн моральдi-этикалық сапалар аймағында бұзылулар байкалмайды. Ауру адамдарда интелектуалды-мнистикалық бұзылуларға деген сын көзкарасы сақталады. Бірақта мұнда темперамент пен мiнездiң кейбiр қасиеттерінiң ерекшеленуi, оған тән емес жақтарының пайда болуы: тiтiркенгiштiк, аффектiлi тұрақсыздық, басқару функциялар мен ерiктiң әлсiзденуi. Кейбiр жағдайларда амнистикалық бұзылулардың прогрессивтiлiгi байқалады.
Тотальдi ақыл-ойдың кемуi. Алғашқы белгілерге жоғарғы және дифференциалды интелектуалды функциялардың үлкен бұзылулары жатады: талқылау мен ой қорытындысын жасау қабілеттері, жалпылауы, шектеулері, классификациялауы, бөлуі т.с.с. ойлау процесстерінің өнімсіздігі байқалады. Интелекттің кемшіліктері, өз-өзіне сын көзқарас қаситінің қатты бұзылулары, тұлғалық қасиеттердің өзгерісі байқалады.
Ақыл-ойдың кемуі синдромологиялық ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: Қарапайым акыл-ойдын кемуi:оның кұрлымы интелектуалды-мнистикалық функциялар мен әр түрлі дәрежеде көрінетін жеке бастын регрссия белгілер аймағында негативті бұзылулармен көрінеді.
Психопатотәріздес ақыл-ойдың кемуі:оның құрылымында басым бөлігін алатыны тұлғаның айқын өзгерістері немесе мінездің жаңа анамальді жақтарының пайда болуы, ол патологиялық церебральді процске байланысты дамыйды. Галюцинаторлы-параноидты ақыл-ойдың кемуі:деменция белгілерімен бірге галюцинация, сандырақ көрінеді,олар бас миының деструктивті зақымдалуының, негативті симтоматиканың көріну деңгейі мен құрылымының ерекшеліктерімен байланысты.Негативті бұзылулардың ұлғаюына байланысты өнімділік редуцияланады, фрагменттеледі және жоғалады. Амнистикалық-парамнистикалық ақыл-ойдың кемуі:оның симтомдары корсаков синдромына сәйкес келеді.Ол негативті және өнімді симптомдардың тұтастылығымен сипатталады, олардың өзара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін.Соңғы этаптарында прогресивті амнезия пайда болады.
Паралитикалық ақыл-ойдың кемуі: естің бұзылуы, паралитикалық конфабуляция, қатты интелектуалды дефекттер және эйфория. Оның құрылымына сандырақ және тұлғасын қайта бағалаумен сипатталатын сандыраққа ұқсас сөздер. Психикалық әректінің төмендеуі - бұл ақыл-ой кемістігінің бірден көзге түсетін жағы. Бұл синдром тек прогрессивті салда кездеседі. Басқа аурулар кезінде (мидың сифилисі, ми ісігі, травмалық аурулар, алкогольді энцефалопатия) оның аты өзгереді, ол псевдопаралитикалық деп аталады.
Асемикалық ақыл-ойдың кемуі: онда демнция белгілері болады және афазия, агнозия, апраксия, алексия, аграфия, акалькулия симптомдары болады.Психикалық маразм.Психикалық кемістіктің, негативті бұзылулардың ең ауыр түрі. Ол психикалық әрекеттің толық бұзылуымен, қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүкіндігінен айырылуымен,әректке итермелейтін түрткілер мен қызығушылықтың толық жоғалуымен ерекшеленеді. Проградиентті ақыл-ойы кем процесстерінің (терминалды ақыл-ойдың кемуі) соңғы сатысы маразм деп есептеледі. Физикалық күштің кемуі, трофикалық бұзылулар, ішкі органдардың дистрафиясы - бұл жалпы маразмның белгілері.
Негативті бұзылулар көп психикалық аурулар болған кезде байқалады. Әр нозологиялық формаға өзіне тән негативті симптоматиканың максималды жете алатын деңгейі болады. Маниакальді-депрессивті психозда психикалық әректтің төмендеуі немесе мен өзгерісін субъективті ұғуы байқалады. Шизофрения өзінің дамуында психикалық кемістігінің тек жетінші деңгегйіне дейін жетеді - тұлға регрессі, бірақта ол төменгі деңгелерде тоқтап қалуыда мүмкін. Әдебиеттерде шизофрениялық ақыл-ойдың кемуі, шизофрениялық деменция терминдері жиі кездеседі. Сын көзқарастын жоқтығы, интелектуалды өнімсіздік, тұлға регрессі сияқты клиникалық белгілер қалпы глобальды ақыл-ойдың кемістігімен ұқсас келеді.
III Психикалық бұзылудағы жас ерекшеліктер
3.1.Жас кезеңдік даму ерекшеліктері.
Жас ерекшелік дағдарысы кезінде құрылымдық, физиологиялық және психикалық тепе-теңдік бұзылады. Дәл осындай кезеңдерде психикалық зақымданулардың туындауына қауіп-қатер арта түседі. Олар спецификалық жас кезендік психопатологиялық күйлермен көрінеді. Бұндай синдромдарға-невропатия синдромы, балалық аутизм, гипердинамикалық, патологиялық қорқыныштар, дисморфомания, жүйкелік анорексия, психикалық инфантилизм, гебоидтілік синдромдары жатады.
Невропатия синдромы- конституционалды синдромы немесе туа біткен баланың кейігіштігі, шамамен 3 жастағы кезеңде пайда болады. Ол висцеровегетативті функциялардың жетілмегендігімен сипатталады. Ең алғаш түс көрудің, тәбеттің бұзылуынан, диспепсикалық құбылыстар, дене қызуының ауытқуы, тахикардия, тахипноэ, демікпе, аллергиялық реакцияларға бейімділіктен, метеотроптылық, жоғары жүйке-психикалық қозғыштықпен сәйкес келетін тамақтану жағдайынын өзгеруіне сезімталдық, сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясы аффективті-респираторлық ұстамалар түрінде, қыңырлық, қорқақтықпен көрініс береді.
Бұл синдромның алғашқы көріністерін нәрестілік кезеңде соматовегетативті зақымданулар түрінде дагностикалауға болады; олар яғни, түс көрудің инверсиясы, жиі құсу, дене қызуы субфебриалдыға дейін ауытқуы, гипергидроза.Жас өскен сайын біртіндеп 1-ші орынға психогенді және экзогенді әсер етудің салдары ретінде эмоционалды-гиперэстетикалық зақымданудың элементтері шыға бастайды.Жиі және ұзақ жылау байқалады. Ең кең таралғаны оралма деп аталатын симптом болып табылады.Психогенді тітіркендіргіштерге реніш және ашу-ыза, айғаймен байланысты наразылық реакциясы пайда болса, ол аффективті - респираторлық талмаға әкеп соғады, яғни:тыныс шығарудың жоғарысында көмей бұлшықетінде тоникалық қысым пайда болады, дем алуда кідіріс болады, беті бозарады, соңынан акроцианоз білінеді. Тіпті сананың қысқа мерзімді өшуі және жеке клоникалық тырысқақтар болыу мүмкін. Ұзақтығы 10 секундқа дейін созылады. Терең дем алумен аяқталады. Невропатия синдромында балалар жоғарланған жалпы және вегетативті қозғыштыққа бейім келеді.
Невропатия синдромы - көбінесе разидуальді - органикалық жүйке - психикалық зақымданулар және невротикалық реакциялар кезінде кездеседі. Жас өзгерген сайын оның көріністері басылуы мүмкін, бірақ одан да күрделі невротиклық және неврозтәріздес синдромдардың дамуына қолайлы тірек болады.Балалық кезеңдегі шизофренияда, ереже бойынша невропатия синдромы психикалық процесстердің диссоциациясымен үйлестіріледі.
Балалық аутизм синдромы (ерте балалық аутизм,Каннер)- психофизикалық дизонтогенездің нұсқасы (асинхрония). Дисгармониялы психикалық дамумен көрінеді. Бұнда бір психикалық функциялар мен қасиеттердің озық дамуы және басқаларының артта қалып дамуының үйлестігі байқалады. Балалық аутизм ерте кезеңде көрінеді:туғаннан бастап психиканың дамуы диспропорционалды бұзылған, ол коммуникативті қылық-әрекеттің бұзылуымен сипатталады. Қыздарға қарағанда ұл балаларда бұндай зақымданулар 3-4 есе жиі кездеседі. Балалық аутизмге тән спецификалық психикалық зақымданулар баланың психикалық дамуының шамасына қарай пайда болады, дамиды және тасымалданады.
Басты симптомдары- өмірінің басынан бастап адамдармен қарым-қатынас орнатуда айқын қиындық туады; эмоционалды әсер етудің әлсіздігі; стереотипті және аутистикалық сипаттағы ойындар; жағдайлардың өзгерісіне және жаңалыққа деген қорқыныш (неофобия). Міндетті симптомдар- қорқыныш (фобиялар), түс көру мен тамақтанудың бұзылуы. Қосымша симптомдар- жақсы механикалық ес, агрессивті және аутоагрессивті қылық-әрекет.Балалық аутизмде ақыл-ой дамуының кез-келген деңгейі кездесуі мүмкін. Бұл синдром мына жағдайларды қамтиды:
1.Шектетілу - бұл кемістік, яғни қарым-қатынас қажеттілігінің толықтай болмауы, жалғыздыққа деген белсенді ұмтылысы, телефоннан қорқыныш (қоңыраудан, әңгімелесуден).
2.Коммуникативті қасиеттердің бұзылуымен сәйкес келетін сөйлеу дағдысының озық дамуы жиі кездеседі:
- автономды сөйлеудің жақсырақ дамуы- яғни, өз-өзімен сөйлесу, өзіне 3-ші жақтан сөйлеу,т.б.;
- сұрақ қоюға бейім, бірақ жауап қайтаруға бейім емес;
- жақсы ес, әсіресе ритмикалық информацияға (музыка, өлеңдер, тақпақтар), өлеңдер мен әуендердің айтылуы жаман емес, бірақ өтініштер мен тапсырмаларға жауап ретінде емес, қандай да бір ішкі заңдылықтарына байланысты;
- таңдаулы стереотипті қолданулар (көбінесе орынсыз) немесе қиын жеке сөздер мен сөз тіркестерін айта салуы (электрофикация, квант, т.б.) немесе бірнеше рет сұрақтарды қайталуы (өмір дегеніміз не?);
-сөз дағдысының патологилық формалары: эхололия, фонография- бұрын естігендерін сөзбе-сөз қайталауы, неологизмдер, өзіне қатысты есімдіктер мен етістіктерді 2-ші және 3-ші жақта қолдануы.
3. Өзінің сөзін кеңістікке, өз-өзіне үндеуі, оның монологтігі, табиғи емес модулирленуі.
4. Эмоционалды әсерленудің әлсіздігі (эмоционалды блокада). Эмпатиясы мен құштарлығы жақындарына деген симбиотикалық тәуелділікпен алмастырылған, бірақ олар шын мәнінде оларға талғаусыздықпен, немқұрайлықпен қарайды.
5. Протодиэкризис- адамдарды, басқа да жанды және жансыз объектілерді саралай алмауы.
6. Көру және есту тітіркендіргіштеріне, стимулдарға, қаратуларға реакциясының жетіспеушілігі; бұнда бала алғашқыда өзін керең және соқыр сияқты көрсетеді, бірақ біраз уақыт аралығынан кейін стимул қабылданған және дұрыс бағаланған екендігіне көз жеткізетін жауап көрсетіледі.
7. Тепе-теңдік синдромы- тұрақтылықты, жағдайдың бірқалыптылығы мен бір типтілігін сақтап қалуға ұстаным, жаңаға деген қорқыныш (неофобия), басқа киім ауыстыруға қарсылық іс-әрекет көрсету, т.б.
8. Қозғалыс стереотиптерге бейім қылық-әрекеттердің бірқалыптылығы (секіру, тербелу, қолын айландыру, т.б.
9. Моторлы дағдының қалыптасуының бұзылуы немесе кешігуі, қозғалыстың епсіздігі, ебдейсіздік, бірлескен қозғалыстың болмауы (Мысалы, жүріп келе жатқанда қолдың қозғалуы), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТАММА
Биологиялық білім берудің тұжырымдамасы
Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірдің демократиялық бастамаларының дамуы
Тұлға теорияларының компоненттері
Аддиктивтіліктің түрлеріне психологиялық талдау
Жыныстық қылмыстар
Аномия ұғымы девианттық мінез-құлық әлеуметтануы пәнінің негізгі стратегиясы ретінде
Тұлғаның нарықтық қатынастарға бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Девианнттық мінез-құлық әлеуметтануының өзектілігі
Пәндер