Қазақстандағы статистика ғылымы


Жоспар Бет
Кіріспе 2
- Статистика ғылымының даму тарихыСтатистика ғылымының пайда болу тарихы 4Қазақстанда статистиканың ұйымдастырылуы 7
- Қазақстанның статистикасын қайта құруҚазақстанның статистикасын реформалау 11Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің құрылымы 16
- Статистика агенттігінің міндеттері мен атқаратын қызметтеріСтатистика агенттігінің міндеттері мен атқаратын қызметтері, функциялары және құқықтары 20Статистиканың жоспарлы және нарықтық экономикадағы рөлі 24Халықаралық статистикалық ұйымдар және Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігімен байланысы 25
Қорытынды 30
Пайдаланған әдебиеттер 31
Кіріспе
“Статистика ” - латынның статус (status) деген сөзі қазақшаға аударғанда заттың, нәрсенің, құбылыстың жай- күйі деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзді алғаш рет неміс ғалымы Готфрид Ахенваль 1749 жылы жарияланған мемлекеттану туралы ғылыми жұмысында қолданды. Алғашқы кезде бұл сөз мемлекеттің саяси жағдайы деген мағынаны білдірді. Ғылым ретінде статистика тек XVIII ғасырда пайда болғанмен, статистикалық есептің өте ертеден жүргізілгені белгілі. Мысалы, көне заманның өзінде- ақ халықты, малды, жерді, қалаларды, есепке алып отырған.
Статистиканың тарихшылары әдетте статистиканың түп - тамыры ерте заманда кейбір сандық деректерді жинаудан басталады деп пайымдады.
Курстық жұмыстың тақырыбы: « Статистика ғылымының даму тарихы» - деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп болған мәселе, Статистика - бұл жан - жақты да, күрделі қоғамдық ғылым. Сондықтан да, статистиканың түп - тамырын білсек, онда болашақта экономиканың даму қарқынын, құрылымын, салалардың өзара байланысын сипаттайтын кеөрсеткіштерді есептеу және талдау әдістемесін әзірлеу, сол сияқты ұлттық шоттар жүйесі негізінде макроэкономикалық статистикалық үлгіні кұруды үйренеміз.
Курстық жұмыстың өзектілігі - статистика - бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі елдің мемлкеттік статистикасына басышылық ететін, оның бүкіл аумағында статистикалық қызметтің мазмұны мен сипатын айқындайтын, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының жайы мен үрдісін сипаттайтын қажетті статистикалық және экономикалық деректерге деген мұқтажын қанағаттандыратын және халықаралық деңгейде статистикалық деректердің ақиқаттылығы мен әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы атқарушы өкіметінің орталық органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 - жылғы 18-қаңтардағы қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі болып оқылады) туралы Ереже бекітілген. Осы көрсетілген Ережеге сәйкес статистика органдары өз жұмыстарын ұйымдастырып және мұнда оның міндеттері мен атқаратын қызметтерін анықтайды.
Қазақстанда халықаралық ұсынымдарға сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік статистика жүйесі қабылданған.
Курстық жұмыстың мақсаты - Статистика ғылымының тарихын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Статистика агенттігінің міндеттерін анықтау;
- Агенттіктің атқаратын қызметтерін көрсету;
- Агенттіктің функциялары және құқықтарын дәлелдеу.
Курстық жұмыс - кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және де пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде, Статистика ғылымының тарихы және Қазақстанда статистиканың ұйымдастырылуы теориялық тұрғыда қарастырылған.
Екінші бөлімде, Қазақстанның статистикасын реформалау және Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің құрылымы практикалық тұрғыда қарастырылған.
Үшінші бөлімде, Статистика агенттігінің міндеттері мен атқаратын қызметтері, функциялары, құқықтары, Статистиканың жоспарлы және нарықтық экономикадағы рөлі және Халықаралық статистикалық ұйымдар және Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігімен байланысы туралы мәліметтер келтірілген.
- Статистика ғылымының даму тарихыСтатистика ғылымының пайда болу тарихы.
Статистиканың тарихшылары әдетте статистиканың түп - тамыры ерте заманда кейбір сандық деректерді жинаудан басталады деп пайымдады.
Мәселен, бізге төрт иың жылдан астам уақыт бұрын Қытайда халықты санау жөніндегі мәлімет жетті. Ал олардың бір санағаның өзі біздің дәуірімізге дейін 2238 жылы атақты Ся әулетінің заманында болғаны мәлім. Көне Египетте, Грецияда, Римде, Иранда, Жапония мен басқа да көне заман мемлекеттерінде де халық санағы болғаны жөніндегі мәліметтер баршылық.
Италияда XVI ғасырда халықаралық сауда дамыған әр түрлі мемлекеттер жөніндегі мәліметтердің жинақтары пайда бола бастады. Германияда XVII ғасырдың соңында мемлекеттердің жай-күйі жөнінде жиналатын материал жүйеге келтіріле бастады. Жаңа ғылым мемлекеттану деп аталып, оның негізін неміс ғылымы Г. Комринг (1606-1681жж. ) қалады.
Г. Ахенваль (1719-1772 жылдары) 1742 жылдан бастап алғашқыда Магдебург, ал содан кейін Геттинген университетінде өзі статистика деп атаған жаңа оқу пәнін оқыта бастады. Мектеп 150 жылдан астам уақыт бойы өзінің теориялық негізін өзгертпестен жұмыс істеді. Аталмыш ғылымының мәні мен әдісі айқын белгіленбеген болатын, негізінен ақпараттық-сипаттау материалы жиналатын.
Статистика ғылымының қайнар көзінде екі мектеп тұрды:
- Немістің сипаттамалық мектебі;
- Ағылшынның саяси арифметиктер мектебі.
Сипаттамылық мектептің өкілдері мемлекеттің аумағын, халқын, шаруашылықты жүргізуін, назар аударарлық көрсеткіштерін статистика санмен емес, сөзбен сипаттауы қажет деп санады. Бұл мектептің көрнекті өкілдері Г. Конрингті (1606-1661), Г. Ахенвальды (1719-1772), А. Бюшингті (1724-1793) атауға болады.
Г. Конринг туралы - неміс профессор, сипаттамылық мектептің көрнекті өкілі. ХVII ғасырдан бастап негізгі шығармалары шыға бастаған. Конрингтің ең алғашқы жұмысы ХVIII бірінші жарты мемлекеттің("Notitia publicarum" rerum) оның жалғасын Ахенвальмен бірге статистиканың атауының жалпы сипаттамасын жүйеге келтірген. Осы тәртіпті негіздеуші мемлекеттің қазіргі күйінің байқауын салды. Конринг елді және адамдарды, мемлекеттік құрылымды және басқарманы, ал өзінің ғылымының мақсатын толығымен іс жүзінде суреттеді түсінген.
Г. Ахенваль (1719-1772)
сипаттамылық мектептің өкілі. Ойлары терең нақты, тиянақты болды. Ол да статистиканы мемлекеттің пәні деп есептеді. Ахенваль мемлекеттік өмірдің көріністерін түсінді, қандай әл-ауқатқа бағытталғанын, қандай жағдайда мемлекеттің күшті және әлсіз екенін түсіндірген. Ахенваль статистика ғылымын кіршіксіз түсіндірген, көрінген амалмен салыстыруға, заңдылықтырға сүйенуге болмайтындығын айтқан.
Ал саяси арифметиктер қоғамдық құбылыстарды сан жағынан сипаттауды мақсат етті. Статистика ғылымы үшін бұл қоғамдық құбылыстар мен процестерді сипаттаудан оларды өлшеуге, зерттеуге көшкен жаңа кезең болды.
Саяси арифметиктер мектебінің негізін қалаушы және оның аса көрнекті өкілі болып ағылшын ғалымы В. Петти (1623-1687) саналады. Ол осы мектептің статистикалық-экономикалық бағыты бойынша зерттеулер жүргізсе, Д. Граунт (1620-1674), Э. Галлей (1656-1742) демографиялық процестерді талдады. Бұл ғалымдар алғаш рет қоғамның дамуын сан жағынан көрсетуге тырысты және олардың алдарына қойған міндеттері қазіргі статистика міндеттеріне ұқсас болды.
Осы бағыттың мектебінің негіздеушісі Уильям Петти(1623-1687) болды. Саяси арифметиктер мектебінің белгілі өкілі болып саналады. Ағылшын политэконом статистикалық ғылымның негізін салды. Оның еңбектерінде статистикалық -экономикалық бағыт негізгі бюллетеньнің өңдеуі туралы және лондондық халықтың табиғи қозғалысы туралы айтылған.
Д. Граунт (1620-1674) . Д. Граунттың ағылшын статистикасының заңдылықтарын және олардың қоғамдағы көріністерінің арасындағы байланысты талдаған. Осы көрнекті мектептің өкілі статистиканы математикалық тұрғыдан қарастырған. Мысалы, Д. Граунт Лондонда (100 туылған қызға 107 жігіт деген тұжырым жасаған.
Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды және оның даму кезеңдерінің өзінше тарихы бар. Статистика ғылымының даму процесін, бастамасын XVII ғасырдың аяқ кезінен Англиядан бастайды. Оның негізін ағылшын ғалымдар Джон Граунт (1620-1674) пен Вильям Петтидің (1623-1687) “Саяси арифметика ” атты еңбегі қалады. Олардың еңбектерінде демографиялық және статистикалық - экономикалық деп аталатын екі бағытқа баса назар аударылды. Мектеп Ұлыбританияда ғана емес, сонымен шет елдерде де, атап айтқанда голландия мен Францияда дамыды. В. Петтидің еңбегінің маңыздылығы сонда, ол сандық көрсеткіштер заңдылығын қолдана отырып, қоғамдағы болып жатқан көптеген құбылыстар мен өзгерістерді анық көрсеткендігі, яғни өңдеу, талдау жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігі айқындағаны.
Капиталистік құрылымның дамуына байланысты мемлекеттік басқарудың бір құралы ретінде статистиканың рөлі артып, статистикалық қызметтің жылдам жандануына жол ашылды.
XVIII ғасырда ғылым ретінде қалыптасқан статистика келесі ғасырдың өзінде-ақ жалпы ғылымда өзінің орнына нық орналасты. Көптеген еуропалық елдерде XIX ғасырда әр түрлі статистикалық мәліметтерді жинаумен және өңдеумен жүйелі түрде айналыса бастаған арнайы мекемелер құрылды. Мәселен, Францияда 1801 жылы статистикалық бөро құрылды, содан кейін мемлекеттік статистика органдары Пруссияда, Австрияда, Бельгияда, Англия мен Ресейде пайда болды.
1853 жылы Брюссельде бірінші Халықаралық статистикалық конгресс өтті, содан кейін ол жиырма жыл бойы Еуропаның әр түрлі қалаларында сегіз рет өткізілді. 1885 жылы тұрақты халықаралық статистикалық орган - Халықаралық конгрестің функциясын атқаратын Халықаралық статистикалық институт құрылды.
Статистика тарихының екінші бір бастауы «Саяси арифметикамен» бір мезгілде шыққан неміс ғалымы Г. Конрингтің (1605-1681) еңбектерінде қалыптаса бастаған мемлекеттану ғылымында жатыр. Мұнда статистика география, этнография, заң және басқа да ғылым салаларымен бірге зерттеледі. Себебі, статистиканың саяси экономикадан және басқа да әлеуметтік-экономикалық пәндерден әлі де жігін ажырата қоймаған кез еді.
Статистика сөзі ғылыми әдебиетте XVIII ғасырда қолданысқа енді және алғашқыда “мемлекеттану” деген мағынада ұғынылды. Бірақ статистика ғылымы XVII ғасырдың ортасында “саяси арифметика” нысанында дами бастады. Ғылымдағы бұл бағыттың бастауында ағылшын ғалымы - Уильям Петти (1623 - 1687) тұрды.
Статистика терминін ғылымға 1746 жылы неміс ғалымы Готфрид Ахенваль өзі сабақ беретін Германия университетінде “Мемлекет ісін жүргізу” курсының орнына “Статистиканы” қолдануды ұсынды. Осыған қарамастан статистиалық санаулар бұданда ерте жүргізілген болатын: Көне Қытайдахалық санағы, Көне Римде елдердің әскери күшін салыстыру, азаматтардың мүліктерін бағалау.
Статистиканың одан әрі дамуына көптеген ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерімен атсалысты. Солардың ішінде мына ғалымдардың аттарын атамай кетуге болмайды: наміс ғалымы (1719-1772), бельгия ғалымы А. Кетле (1796-1874), англия ғалымы А. Боули (1869-1957) және тағы басқалар. Мысалы, XIX ғасырдың ортасына қарай бельгия ғалымы А. Кетле және оның шәкірттері статистикалық қатарларда бірімен-бірі байланысты заңдылықтардың бар екендігін дәлелдеді. А. Кетле - Бельгияда дүние жүзінде бірінші болып мемлекеттік орталық статистика мекемесін құрады және ол бірінші халықаралық статистикалық конгрестің ұйымдастырушысы болып саналады. А. Кетле қоғамдағы бұқаралық құбылыстардың заңдылықтарын зерттеді.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында статистика ғылымы қарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің сіңірген еңбектері дәлел бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталады. Бұл салада П. Л Чебышев, А. А Марков, А. М Ляпунов, С. Н Бернштейн сияқты атақты математиктер елеулі еңбек етті. Бұл кезде мемлекеттік статистика органдары да жетіліп, дами бастаған мезгіл еді. XX ғасырда Батыста математикалық статистика саласымен айналысқан ғалымдардың ішінен ең танымал Р. Фишер (1890-1962жж. ) болып табылады.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы аралығындағы кезең Ресей ғалымы А. А Чупровтың есімімен байланысты. Ғалым немістің сынына шыдамай күйреген Кетле доктринасының орнына академиялық статистика мектебі деп аталған жаңа статистикалық теорияны қалыптастыру мақсатын қойды.
Ресей статистикасының тарихында сипаттамалық мектептің өкілдері ретінде В. Н Татищевті (1686-1750), М. В Ломоносовты (1711-1765), ал Д. Бернулли (1700-1782) мен Л. Карфты (1743-1814) саяси арифметиктер ретінде атауға болады. Статистикалық әдістемені жетілдіруге А. А Чупров (1874-1926), В. С Немчинов (1894-1964), С. Г Струмилин (1877-1974) сияқты орыс ғалымдары атсалысты. Ал статистиканың матемтикалық бағытта дамуына П. П Чебышевтің (1821-1894), Н. А Марковтың (1856-1922), А. М Ляпуновтың (1857-1919) қосқан үлестері зор.
Кеңес статистикасы мектебінің осы бағытының сол кезеңдегі ең танымал өкілі ретінде В. И Хотимскийдің (1892-1937жж. ), В. С Немчиновтың (1894-1964жж. ), В. Н Старовскийдің (1905-1975жж. ), А. Я Некрашаның (1886-1949жж. ), А. Я Боярскийдің (1906-1985жж. ), Б. С Ястремскийдің (1877-1962жж. ) есімдері аталады. Соғыстан кейінгі кезеңде индекстік әдістің теориясына С. М Югенбург, В. Е Адамов, Г. И Бакланов, Л. С Казинец, И. Г Венецкий, ал статистикалық байланыс теориясына - Я. И Лукомский көп үлес қосты.
1. 2 Қазақстанда статистиканың ұйымдастырылуы
Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақтарға кетеді. Бірінші Қазақ мемлекеті - Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың адам, ал XV ғасырдың соңында олар 1 млн болды.
Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі XVIII-ғасырдың екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9-ақпанындағы (28 - қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді.
Қазақстан аумағында құрылған алғашқы мемлекеттік ресми статистикалық орган болып, Түркістан губерналық статистикалық комитет (құрылған күні - 1968 жылдың 22-қаңтары) пен оған бағынышты Сырдария және Жетісу облыстарындағы статбюролар саналады. XIX ғасырдың 70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей және Ақмола (Омск қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері ұйымдастырылды. Бірақ, 1920жылға дейін Қазақстанда аталған және басқа да жергілікті статистикалық орган болған жоқ.
1925 жылы қаңтарда Орынбор қаласында (сол кездегі Қазақ АКСР-ның астанасы) бірінші, ал 1927 жылы сәуірде Қызылорда қаласында (Қазақ АКСР-ның екінші астанасы) екінші Республикалық статистика конференциялары болып өтті, олардың шешімдері мен ұсынымдары статоргандардың ұйымдастырылып нығаюына және методологиялық жабдықталуында үлкен роль атқарды.
1930-1948 жылдарда Республикадағы статистика қызметінің жалпы жұмысына және оның жоспарлы жүруіне басшылықты Қазақ АКСР- ның (1936 жылдан бастап Қазақ КСР) Мемлекеттік жоспарлау органы жүргізді. 1948 жылдан бастап статистика жүйесін дербес мемлекеттік орган Республика Министрлер Кеңесі жанындағы статистикалық басқарма басқарды, ал 1960 жылдан бастап Орталық Статистика басқармасы (ОСБ), 1987 жылдан бастап Статистика жөніндегі Мемлекеттік комитет (Мемстатком) басқарды. Статистика органдардағы барлық жедел және статистикалық есеп берулердің 1957-1958 жылдардан бастап орталықтандырылуына байланысты, олар кейінгі жылдардың барлығында да (КСРО-ның 1991 жылы ыдырауына дейін) шын мәнінде басшылық, жоспарлау және басқа да барлық деңгейдегі басқару органдарын, еліміздегі экономиканың және мәдениеттің жағдайы туралы және халық шаруашылығы жоспарының және көптеген шаруашылық жұмыстарының барысы мен орындалу қорытындылары туралы, жедел және жалпы жинақталған ақпаратпен жабдықтайтын жалғыз-ақ жүйе болды. Қазақстанның статистика органдары, бұрынғы КСРО-ның барлық статистикалық жүйесі сияқты Бүкілодақтық барлық сегіз халық санағын ұйымдастырып, өткізіп, жиынтығын қорытындылады; үнемі статистикалық жылнамалықты және көптеген кезеңдік, салалық және тематикалық жинақтар мен анықтамалықтарды бастырып шығарды.
1987-жылы тамыз айында статистика органын ұйымдастыру жүйесінде үлкен өзгеріс болды. Мұнда Орталық статистика басқармасы Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті болып өзгертілді. Ал 1995-жылы статистика органына республикада болып жатқан қоғамдық құбылыстар мен процестерге талдау жасау жұмыстарының жүктелуіне байланысты талдау сөзі қосылып жазылатын болды. Сонымен , Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетіболып қайта құрылды . Оның құқықтығы мен міндеттері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996-жылғы 18-қаңтардағы қаулысы бойынша бекітілген Ереже анықталған және оны басшылыққа ала отырады.
Қазақ КСР-ның Мемлекеттік статистикасы, 1990 жылы Қазақ КСР-ның статистикасы мен есеп жүргізуі бойынша бірінші заңның жобасын жасауға кірісті. 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VІІ сессиясы "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының бірінші Заңын қабылдады.
1993-жылы 29-қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасының статистика агентігі болып қайта ұйымдастырылды және статистикалық мәліметтірдеі жинау, өңдеу, талдау жұмыстары бірыңғай принципке сай ортақ бағдарлама мен әдістеме бойынша жоғарыда көрсетілген ережеге сүйене отырып жүзеге асырылуда.
1996 жылы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комиттеті Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі болып қайта ұйымдастырылды және статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау жұмыстары бірыңғай принципке сай ортақ ьағдарлама мен әдістеме бойынша жоғарыда көрсетілген ережеге сүйене отырып жүзеге асырылуда.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі елдің мемлкеттік статистикасына басышылық ететін, оның бүкіл аумағында статистикалық қызметтің мазмұны мен сипатын айқындайтын, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының жайы мен үрдісін сипаттайтын қажетті статистикалық және экономикалық деректерге деген мұқтажын қанағаттандыратын және халықаралық деңгейде статистикалық деректердің ақиқаттылығы мен әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы атқарушы өкіметінің орталық органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттары мен келісімдерін, Қазақстан Республикасы Президенттінің Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерін басшылыққа алады.
1-кесте:Қазақстан статистикасының негізгі тарихи кезеңдері
Ескерту: Ақпарат көзі www. Stat. kz
II. Қазақстанның статистикасын қайта құру
2. 1 Қазақстанның статистикасын реформалау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz