Халықтың туу көрсеткіштер жүйесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ХАЛЫҚТЫҢ ТУУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Хaлық статистикасы туралы жалпы түсінік және оның көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Хaлықтың тyy көрсеткіштері және оның мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.ХАЛЫҚТЫҢ ТУУ КӨРСЕТКІШТЕР ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.1 Тyy көрсеткіштерінің ақпарат көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2 Тyу көрсеткіштер жүйесі және оны есептеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... .13
3. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТУУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.1 Халықтың туу көрсеткіштерінің серпінін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
3.2 Хaлықтың тyy көрсеткіштеріне әсерін тигізетін факторларды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24 ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстандық демографиялық үдерістердің өзгеруін сипаттайтын негізгі көрсеткішке жататыны балалардың туу көрсеткіштері болып табылады және оның сандық мәндерінің бірінші байлығы оның алып жатқан жер көлемі мен табиғи ресурстары болатын болса, ал екінші байлығы сол жерде тұрып жатқан халқы болып табылады.
Қазіргі кезде халықтың туу көрсеткіштерін статистикалық зерттеу, талдау және оған қорытынды жасау өзекті мәселе болып табылады, яғни демография саласының негізгі көрсеткіші болып саналады.
Халық немесе демографиялық статистика – әлеуметтік экономикалық статистиканың негізі бір бөлігі болып саналады. Себебі, халықты зерттеу кезінде түрлі статистикалық әдістер қолданылады. Оған мыналар жатады: статистикалық бақылау, жинақтау мен топтау, талдау және қорытындылау. Сонымен бірге, демографиялық кестелер құратындығы яғни, туу, өлу, некелесу, ажырасу және брутто, нетто коэффициенттерін есептейтіндігі. Жалпы алғанда демография – ол халық санының аумақтар бойынша орналасуын, халықтың құрамын, ұлтаралық тууын анықтау, динамикасын зерттеу және болашаққа болжам жасау.
Демография немесе халық статистикасының алдына қойған негізгі мақсаты белгілі бір жердегі және уақыттағы халықтың санын, құрамын, табиғи, механикалық және әлеуметтік қозғалысын, оның өзгеруіне әсерін тигізетін себептерді анықтау, халықтың орналасуын, көші – қонын, өмір сүру ұзақтығын, қалалық жерлерге шоғырлануын , ұлтын және ұлттардың аралас қоныстануын, білім дәрежесін, экономика салаларындағы атқаратын рөлін, қоғамдық топтарға бөлінуін және т.б. көрсеткіштердің өзгеруін ғылыми ұйымдастырылған жүйеде зерттейді. Осы аталған көрсеткіштерді ағымдағы есепке алу, ішінара бақылау жүргізу жәнеәрбір он жылда бір рет жүйелі түрде жүргізілетін халық санағының деректері бойынша анықталады.
Халық санағы сол елдің аумағында орналасқан халықтың демографиялық, әлеуметтік – экономикалық жағдайын толықтай сипаттайтын жалғыз деректер көзі болып саналады, яғни арнайы ұйымдастырылған бақылаудың негізгі түрі болып табылады. Санақты ұйымдастыру және оны сапалы түрде жүргізу өте күрделі және үлкен қаржы жұмсауда қажет ететін жұмыс болып саналады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың алдына қойған негізгі мақсаты қазіргі таңдағы халықтың туу көрсеткіштеріне толығымен статистикалық талдау жасау болып табылады және оның өзгеруіне әсерін тигізетін себептерді анықтайды.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ХАЛЫҚТЫҢ ТУУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Хaлық статистикасы туралы жалпы түсінік және оның көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Хaлықтың тyy көрсеткіштері және оның мәні мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.ХАЛЫҚТЫҢ ТУУ КӨРСЕТКІШТЕР ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.1 Тyy көрсеткіштерінің ақпарат көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2 Тyу көрсеткіштер жүйесі және оны есептеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... .13
3. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТУУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3.1 Халықтың туу көрсеткіштерінің серпінін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 17
3.2 Хaлықтың тyy көрсеткіштеріне әсерін тигізетін факторларды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24 ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстандық демографиялық үдерістердің өзгеруін сипаттайтын негізгі көрсеткішке жататыны балалардың туу көрсеткіштері болып табылады және оның сандық мәндерінің бірінші байлығы оның алып жатқан жер көлемі мен табиғи ресурстары болатын болса, ал екінші байлығы сол жерде тұрып жатқан халқы болып табылады.
Қазіргі кезде халықтың туу көрсеткіштерін статистикалық зерттеу, талдау және оған қорытынды жасау өзекті мәселе болып табылады, яғни демография саласының негізгі көрсеткіші болып саналады.
Халық немесе демографиялық статистика - әлеуметтік экономикалық статистиканың негізі бір бөлігі болып саналады. Себебі, халықты зерттеу кезінде түрлі статистикалық әдістер қолданылады. Оған мыналар жатады: статистикалық бақылау, жинақтау мен топтау, талдау және қорытындылау. Сонымен бірге, демографиялық кестелер құратындығы яғни, туу, өлу, некелесу, ажырасу және брутто, нетто коэффициенттерін есептейтіндігі. Жалпы алғанда демография - ол халық санының аумақтар бойынша орналасуын, халықтың құрамын, ұлтаралық тууын анықтау, динамикасын зерттеу және болашаққа болжам жасау.
Демография немесе халық статистикасының алдына қойған негізгі мақсаты белгілі бір жердегі және уақыттағы халықтың санын, құрамын, табиғи, механикалық және әлеуметтік қозғалысын, оның өзгеруіне әсерін тигізетін себептерді анықтау, халықтың орналасуын, көші - қонын, өмір сүру ұзақтығын, қалалық жерлерге шоғырлануын , ұлтын және ұлттардың аралас қоныстануын, білім дәрежесін, экономика салаларындағы атқаратын рөлін, қоғамдық топтарға бөлінуін және т.б. көрсеткіштердің өзгеруін ғылыми ұйымдастырылған жүйеде зерттейді. Осы аталған көрсеткіштерді ағымдағы есепке алу, ішінара бақылау жүргізу жәнеәрбір он жылда бір рет жүйелі түрде жүргізілетін халық санағының деректері бойынша анықталады.
Халық санағы сол елдің аумағында орналасқан халықтың демографиялық, әлеуметтік - экономикалық жағдайын толықтай сипаттайтын жалғыз деректер көзі болып саналады, яғни арнайы ұйымдастырылған бақылаудың негізгі түрі болып табылады. Санақты ұйымдастыру және оны сапалы түрде жүргізу өте күрделі және үлкен қаржы жұмсауда қажет ететін жұмыс болып саналады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың алдына қойған негізгі мақсаты қазіргі таңдағы халықтың туу көрсеткіштеріне толығымен статистикалық талдау жасау болып табылады және оның өзгеруіне әсерін тигізетін себептерді анықтайды.
Осы мақсатқа жету үшін мына міндеттердің орындалуы қажет:
oo балалардың туу көрсеткіштері туралы статистикалық ақпарат көздері және оны зерттеу;
oo сапалық және сандық белгілеріне талдау жасау;
oo туу көрсеткіштерінің динамикасын және олардың өзгеруін зерттеу;
oo туу көрсеткіштерін Қазақстанның аумақтары бойынша жеке талдау;
oo туу көрсеткіштерінің коэффициенттерін анықтау;
oo жасы, жынысы, ұлты және тұратын жері бойынша туу көрсеткіштеріне талдау жасау;
oo туу көрсеткіштерінің өзгеруіне әсерін тигізетін факторларды анықтау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісіне Қазақстан халқының 2008-2013 жылдардағы туу көрсеткіштері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізіне ҚР Экономика министрлігінің Статистика комитетінің жарыққа шыққан жинақтарының мәлімметтері мен статистика пәндерінде қолданылатын әдістер болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.

1. Хaлықтың туу көрсеткіштерінің теориялық негіздері
1.1 Хaлық статистикасы туралы жалпы түсінік және оның көрсеткіштері
Демографиялық немесе халық статистика әлеуметтік-экономикалық статистиканың негізгі бір бөлігі болып саналады.Демография деген термин гректің екі сөзінен құралады: демос-халық және графия- жазамын, сипаттаймын деген мағынаны білдіреді. Деография терминін француз ғалымы А.Гийяр 1855 жылы Адамдар статистикасының элементтері немесе салыстырмалы демография атты еңбегінде бірінші рет қолданған. Ал 1882 жылы Бірінші халықаралық гигиена және демография атты Женева Конгресінің сессиясында бұл термин ғылыми түрде талқыланды және іс жүзінде өмірде қолданыла бастады. Сөйтіп, демография нақтылы тарихи әлеуметтік жағдайда халықтың өсіп-өну заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып табылады және әр мемлекет бойынша жеке зерттеледі. Себебі, әр мемлекеттің ең басты байлығы - оның халқы болып саналады. Халық - қоғамның негізгі әлеуметтік-экономикалық дамудың қозғаушы күші, бар байлық пен игілікті жасаушы. Сонымен қатар, жалғыз материалдық молшылық ғана емес, сонымен бірге рухани байлықтардың бар көзі - сол жасампаз, еңбеккер халықтыңда жататыны.
Халық статистикасының алдына қойған негізгі мақсаты белгілі бір жердегі және уақыттағы халықтың санын, құрамын, табиғи, көші-қон және әлеуметтік қозғалысын, оның өзгеруіне әсерін тигізетін себептерді анықтау, халықтың орналасуын, көшіп-қоннын, өмір сүру ұзақтығын, қалалық жерлерге шоғырлануын, ұлтын және ұлттардың аралас қоныстануын, білім дәрежесін, экономика салаларындағы атқаратын рөлін, қоғамдық топтарға бөлінуін және т.б. көрсеткіштердің өзгеруін ғылыми ұйымдастырылған жүйеде зерттейді. Осы аталған көрсеткіштерді ағымдағы есепке алу, ішінара бақылау жүргізу және әрбір он жылда бір рет жүйелі түрде жүргізілетін халық санағының деректері бойынша алынады және сол арқылы қорытынды жасалынады.
Халық санағы сол мемлекеттің аумағында орналасқан халықтың демографиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайын толықтай сипаттайтын жалғыз дереккөзі, яғни арнайы ұйымдастырылған бақылау болып табылады. Санақтың ұйымдастырылуы және оны сапалы түрде жүргізілуі өте күрделі және үлкен қаржы жұмсауды қажет ететін жұмыс болып табылады.
Бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде халық санағы 1926, 1939, 1959,1970,1979,1989 жылдары жүргізілді. Осының ішінде кейінгі 30 жылда (1959-1989) жүргізілген санақты Бүкілодақтық халық санағы деп атады. Ұйымдастыру және әдіснамалық жағынан қарағанда, олардың арасында айырмашылық айтарлықтай жоқтың қасы. Бірақ, санақ парақтарының бағдарламаларына кейбір өзгерістер енгізілген және қосымша сұрақтармен толықтырылған.
Республика тәуелсіздік алғаннан кейін БҰҰ ұсынысына сәйкес 2000 жылы дүниежүзі халық санағын өткізу туралы ұсынысына байлынысты және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 11 желтоқсандағы №1519 қаулысына сәйкес 1999 жылдың 25 ақпаны мен 4 наурызы аралығында алғашқы Ұлттық халық санағы өткізілді. Санақ бағдарламасына алдыңғы өткізілген санақтар материалдарының салыстырмалығын қарастыра отырып, 23 сұрақ енгізілді, оның 18 - сұрағы демографиялық-әлеуметтік сипатта, ал қалған 5 сұрағы - халықтың тұрғын үй жағдайлары туралы.
1999 жылғы жүргізілген алғашқы Ұлттық халық санағының материалдары толықтай өңделді және мерзімді баспасөз беттерінде, анықтамаларда және тақырыптық жинақтарда жарияланды.
Кейінгі жылдары БҰҰ шешіміне байланысты 2005-2014 жылдар аралығындағы мерзімге жоспарланған халық және тұрғын үй қоры санақтарының 2010 жылғы Бүкіл дүниежүзілік бағдарламасына сәйкес және осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы №19 хаттамасы бойынша 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында екінші Ұлттық халық санағын өткізу туралы қаулы қабылданды және өз кезеңдер кезіндеөткізілді. Бұл санақтың бағдарламасына халықтың ақпараттандырылу деңгейі, компьютерлік бағдарламаларды, электрондық пошта және интернетті, тілдерді меңгеру дәрежелері туралы қосымша сұрақтар қосылды. Халықтың табысы мен кәсібі, көші-қон белсенділігі туралы сұрақтар кеңейтілді. Респонденттердің жүру, есту, көру, сөйлеу барысында көретін қиындықтар туралы сұрақ қосылды.
Санақ жүргізу барысында халық нақты және тұрақты тұратындар болып екіге бөлінеді. Нақты халықтың саны әрқашан тұрақты тұратындар санынан артық болады және бұл көрсеткіштерді есептеу әрбір елді мекендер бойынша жеке анықталады. Халықтың бұл топтың санын анықтау үшін мына формулаларды қолданады:
а) нақты тұратындар үшін:
НТ=ТТ-УЖ+УТ,(1)
ә) тұрақты тұратындар үшін:
ТТ=НТ+УЖ-УТ,(2)
мұнда НТ-нақты халықтың саны;
ТТ-тұрақты(тұрғылықты) халықтың саны;
УЖ-уақытша жоқ аламдар саны;
УТ- уақытша тұратын адамдар саны.
Осы аталған халық категориясына қысқаша түсініктеме беруде жөн көрдім:
Нақты халыққа - санақ кезінде сол елді мекенде немесе аумақта тізімге (есепке) алынған барлық адамдар жатқызылады.
Тұрақты (тұрғылықты) халыққа - сол елді мекенде немесе аумақта тұрып жатқандар мен түрлі себептерге байланысты тұрғылықты мекен жайында санақ кезінде жоқ болған адамдар жатқызылады.
Уақытша жоқтарға - сол елді мекенде немесе аумақта тұрақты тұратындар, бірақ түрлі себептерге байланысты санақ кезінде жоқ болғандар, яғни, басқа елді мекенде санаққа алынғандар және ұзақтығы 3 айдан аспайтындар жатады.
Уақытша тұратындарға- сол елді мекенде немесе аумақта уақытша тұрып жатқандар, яғни ұзақтығы 3 айдан аспайтындар жатады.
Қазақстан Республикасы Статистика комитеті мен облыстық (қалалық) статистика басқармалары санақ аралық кезеңдерде халықтың демографиялық және әлеуметтік жағдайларын білу үшін әртүрлі ішінара бақылау және ағымдағы есеп беру арқылы мәліметтерді жинайды, өңдейді, қорытындылайды және белгілі бір мөлшерде жоғары басқару органдарына өздерінің ұсыныстарын береді.
Кейінгі жылдары халық тіркелім әдісі қолданылуда. Бұл статистикалық есеп жүргізудің қазіргі заманғы тиімді құралы, яғни статистиканың негізі болып табылады және онда барлық немесе жеке тұрғындар туралы толықтай ақпараттар болады. Демек, адамдардың қазіргі уақыттағы өмірінде болған өзгерістері туралы деректер базаларын жинайды және осы үшін қарастырылған халықаралық жіктеуіштің негізгі талаптарына сай келеді. Бұл статистикалық зерттеулерді ұйымдастыру мен үйлестірудің ең тиімді құралы болып табылуда.
Сонымен, демография немесе халық статистикасының алдында көптеген міндеттер жүктелген және оның негізгісіне:
-халықтың саны мен орналасуын анықтау;
-халықтың құрамын белгілеріне қарай зерттеу;
-халықтың табиғи қозғалысы;
-халықтың көші-қон (миграция) қозғалысы;
-халықтың әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы;
-болашаққа бағдарлама жасау және т.б. жатады.
Осы аталған көрсеткіштердің есептелу жолдарын жеке қарастырамыз. Халық саны санақ кезінде анықталады. Санақ аралығындағы кезеңде соңғы санақ деректеріне және халық қозғалысының ағымдағы есебіне сүйене отырып, халықтың саны мен жастық-жыныстық құрамы туралы есептеу арқылы алады.Халықтың жалпы санының есебі тұтастай Қазақстан және оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша жүргізіледі. Есептеуде олардың жекелеген аумақтарындағы шекаралардың өзгеруіне, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық қайта құру нәтижесінде қалалық және ауылдық мекендердегі халық санының көбеюі немесе кемуі ескеріледі.
Халықты есепке алу кезінде және қорытынды көрсеткіштерін есептеп шығарғанда белгілі бір уақытқа, күнге, яғни жыл басына немесе жыл аяғына қарай анықталады. Соған байланысты жыл аяғындағы халық санын анықтау керек болса, онда жыл басындағы халық санына қосамыз, ол үшін жыл ішінде туылғндар мен келгендердің санын, ал одан шегереміз сол жыл ішінде өлгендер мен кеткендердің санын немесе осы формула бойынша анықталады:
Sа=Sб+Т-Ө+Кел.-Кет. (3)
мұндаSажәне Sб- жыл аяғы мен басындағы халықтың саны;
Т-сол жыл ішіндегі туылғандар саны;
Ө- сол жыл ішіндегі өлгендер саны;
Кел.- жыл ішінде көшіп келгенде саны;
Кет.- жыл ішінде көшіп кеткендер саны.
Осы формула бойынша халықтың жалпы санының есебі анықталады.

Толыктыру

1.2 Халықтың туу көрсеткіштері туралы түсінік және оның мәні мен маңызы
Халықтың саны мен құрамын, тууы мен өлімін, табиғи өсуі мен көші-қон өсімін білу - үлкен және күрделі есептеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Табиғаттағы бүкіл тіршілік дүниесі сияқты адам қауымының да ең басты табиғи міндеті өсіп-өніп, өмірді жалғастыра беру екені белгілі. Халықтың табиғи өсімі мен әлеуметтік ортаның байланыстары өте күрделі болып келеді. Әлеуметтік ортаның ықпалы мұнда шешуші роль атқарады. Ал халықтың сан жағынан демографиялық дамуы қоғамдық өмірдің ағымында өзгереді. Біз әлеуметтік даму процестерінің саны мен құрамының өзгеруіне әсер ету заңдылықтарын жете білгенде ғана, демографиялық өзгерістерге стихиялық түрде ықпал жасаудан оны тікелей басқаруға көше аламыз. Заманымыздың аса елеулі ірі құбылыстарының бірі - Жер бетінде адам баласы санының тез қарқынмен көбейе бастауы - бізді толғандырмай қоймайды. Халық санының дамуы табиғи өсіммен өлшенеді. Өмірге біреулер келіп жатса, екінші біреулер өмірден кетіп жатады. Бұл табиғаттың бұлжымас заңы. Туғандар мен өлгендер санының айырмашылықтары халықтың жалпы санының табиғи жылжуын, өзгеруін, дамуын, тұрақтануын, азаюына немесе көбеюін көрсетеді. Егер белгілі бір кезеңде туғандар саны өлгендер санынан асып түссе, онда халықтың саны табиғи түрде өскені. Ал егер, керісінше, өлгендер саны туғандар санынан көп болса, онда халықтың саны табиғи кеміген. (тек бұл жағдай сирек кездеседі).Сонымен тууға тоқталатын болсақ туу - биологиялық негізі бар нағыз әлеуметтік құбылыс.
Халықтың жалпы санының өсуі (кемуі) екі себепке: табиғи қозғалысқа, яғни туғандар мен өлгендер санының айырмасына және көші-қон (миграция) қозғалысына - көшіп келгендер мен көшіп кеткендер, демек қоныс аудару көрсеткіштер қалдығына байланысты. Халықтың табиғи қозғалысына сонымен бірге некелесу мен ажырасу көрсеткіштері жатады.
Осы аталған көрсеткіштердің барлығы статистикалық есепте абсолюттік шама ретінде беріледі. Бірақ, ол даму (кему) үдерістерін толықтай сипаттай алмайды. Сондықтан қатысты шаманы қолданады, яғни 1000 адамға шаққандағы коэффициенттерді есептейді және оның өлшем бірлігі промильмен (%0) көрсетіледі. Есептеу кезінде сол уақыттағы халықтың орташа жылдық саны қолданылады.
Демек, туу, өлім-жітім, некелесу, ажырау, табиғи өсім (кему) және миграция өсім (кему) коэффициенттерін есептеу кезінде, зерттеуге алынған уақыт ішінде болған белгі көрсеткіштерінің нақты сандарын бөлеміз халықтың орташа санына және көбейтеміз 1000.
Төменде туудың, өлім-жітімнің және табиғи өсімнің жалпы коэффициенттерін есептеу формулалары келтірілген:
туу коэффициенті:Кт=ТS*1000; (4)
өлім-жітім коэффициенті:Кө=ӨS*1000; (5)
табиғи өсім (кему) коэффициенті:
КТ.Ө=ΔТ.ӨS*1000=Т-ӨS*1000=Кт-КӨ; (6)
мұндаКт-туу коэффициенті;
Кө-өлім-жітім коэффициенті;
Кт*Ө-табиғи өсім (кему) коэффициенті;
Т-туғандардың саны;
Ө-өлгендердің саны;
S-халықтың орташа (айлық,тоқсандық, жылдық) саны;
Халықтың табиғи өсімі деп - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылықты айтады. Табиғи өсім оң шамада болады, егер тірі туылғандар саны өлгендер санынан арттық болса, немесе кері,онда оны табиғи кему деп айтады және мына формула бойынша есептейді:
Тө=Т-Ө, (7)
мұндаТө- халықтың табиғи өсімі;
Қазақстанда туылғандар санына тек тірі туылғандар жатады және Тірі туу, Өлі туу ұғымы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес есептік көрсеткіште есептелуде.
Халықтың жалпы өсімі деп - табиғи және көші-қон өсімдерінің қосындысын айтады немесе оны мына формула арқылы сипаттайды:
Жө=Тө+Мө, (8)
мұнда Жө- халықтың жалпы өсімі.
Онда халықтың жыл аяғындағы санын анықтау үшін мына формула қолданылады:

Sа=Sб+Жө немесе Sа=Sб+Тө+Мө(9)

Халықтың санын қолдана отырып, оған байланысты көрсеткіштерді есептеу және экономикалық талдау жасау үшін әрқашанда оның орташа саны (айлық, тоқсандық, жылдық) қолданылады.
Халықтың жалпы санының өсуі мен туудың 1000 адамға шаққандағы жалпылама көрсеткіштеріні біртіндеп төмендеуін қай жақта алсақ та, халықтың жылдық өсімі өткен жылдарға қарағанда еш кемімейді және де халықтың өсімін қоғамның қажетіне қарай реттеуге, бағыттауға мүмкіншілдік береді. Демографиялық дамуды басқару, демографиялық процестерді қоғам мүддесіне бағыттай білу- адам баласы алдына келешекте қойылатын өмірлік маңызы зор мәселе. Халықтың өсуі әлеуметтік дамуының жоғарлануына да әсері бар.

2. Халықтың туу көрсеткіштер жүйесі және оның ақпарат көздері
2.1 Туу көрсеткіштерінің ақпарат көздері
Еліміздің демографиялық өсу жолын ғана емес, тіпті одан кең көлемде, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жағын қарастыруда. Бала тууының заң жағынан уақытында жаңартылып, белгіленген тәртіп бойынша қадағаланады. Оған әсерін тигізетін себептер некелесу мен ажырасу, тұрғын үй, білімі т.б. себептер әсер етеді.
Әр түрлі неке зерттеуіндегі орташа неке өнімділігіндегі дифференцияның пайда болу мүмкіндігін жасайды. Сондықтанда некенің аймақтық талдамасы маңызды қызығушылықты танытады. Әр түрлі континенттерде сол талдамалар материалдары бойынша бірінші некеге отырудың орташа жасы. Жас бойынша бір некеге отыратындардың құрылымы да маңызды ерекшеліктерді қамтиды,әсіресе ауыл тұрғындары.
Қалалық жерлерде ауылдық елді мекендермен салыстырғанда келесі бала туу саны төмен, ал бала туу аралығындағы интервалдар ұзағырақ. Екінші бала туылғаннан кейін бала туу пайызы қатты қысқарады және бір мезгілде екінші және үшінші бала туу арасындағы интервалдар ұзарады, бұл дегеніміз әйелдердің көбі екі рет бала туу арқылы қалалық елді мекендердегі отбасының қалыптасуын сипаттайды. Келесі бала туу үлесі аса төмен, ал қалалық елді мекендердегі бала туу қарқыны төмен аймақтардағы интервал жоғары.
Бала туу факторы ретінде, қала туралы мәселені ерекше талдау қажет. Бұл жерде әйелдерді өндіріске қызықтыратын қала өмірінің жағдайларының әсер етуі, материалдық және мәдени деңгейінің т.б. өзгеруіне әкелетіні сөз болып отыр. Зерттеу барысында, қаланы кейбір нақты факторларды анықтайтын жалпы фактор деп қарау қажет. Бала тууды зерттеу,біздің елімізде де, сондай-ақ шет елдерде де, бала туу деңгейі қалалық жерлерде, ауылдық жерлерге қарағанда төмен екендігін көрсетеді. Қала халқының және ауыл халқының арасында бала тууды отбасылық реттеу болмаған жағдайда немесе аз таратылған (насихатталғанда) бала туу деңгейі көбіне халықтың денсаулығына байланысты, бұл прапорция бұзылуы мүмкін, себебі қалада халық денсаулығының деңгейі жоғары.
Бaлaның тyyын тiркey үшiн нeгiз болып тaбылaтындaр:
* Бaлaның тyyын тiркey үшiн тyy тyрaлы мeдицинaлық кyәлiк нeмeсe тyy фaктiсiн aнықтay тyрaлы сот шeшiмiнiң көшiрмeсi нeгiз болып тaбылaды.
* Мeдицинaлық ұйымнaн тыс жeрдe, оның iшiндe үйдe босaнғaн жaғдaйдa, тyy тyрaлы мeдицинaлық кyәлiктi aнaсының жeкe бaсын кyәлaндырaтын құжaттaрынa сәйкeс босaнғaннaн кeйiн ол өтiнiш жaсaғaн мeдицинaлық ұйымның қызмeткeрi нeмeсe босaндырғaн жәнe жeкe мeдицинaлық прaктикaмeн aйнaлысaтын жeкe aдaм рәсiмдeйдi.
* Бaлaның тyy тyрaлы мeдицинaлық кyәлiгi бaлaның aнaсы тyрaлы бaрлық қaжeттi мәлiмeттeрдi, сондaй-aқ бaлaның тyғaн күнiн жәнe жынысын, құжaттың бeрiлгeн күнiн қaмтyғa тиiс. Кyәлiк мeдицинaлық ұйымның лayaзымды aдaмының қолтaңбaсымeн жәнe мөрiмeн рaстaлyғa тиiс.
* Кәмeлeткe толмaғaн aтa-aнaлaрдың бaлa тyyын, сондaй-aқ сyррогaт aнa тyғaн бaлaны мeмлeкeттiк тiркey жaлпы тәртiппeн жүргiзiлeдi.
Қоғамдық ой-сана қоғам өмірінің экономикалық, материалдық жағдайларының әсер етуімен қалыптаса отырып әлдеқайда ақырын өзгереді, сондықтанда бұрын қалыптасқан әлеуметтік жүйелерге әсер етуін жалғастырады. Сондықтан бала туудың әлеуметтік- психологиялық, және әлеуметтік-тарихи аспектілерін меңгеру барысында этностық өзгешеліктердің, мәдени-тұрмыстық салт-дәстүрлердің әсер етуінің маңызы зор.
Бала туу деп, біз атап жүрген жүйе жеке отбасыларындағы миллиондаған бала туудан құралады. Сондықтанда бала туу заңдылығының тереңі, оның факторларының айқын түсінігі тек отбасы дамуының жүйесін зерттеу жолымен ғана мүмкін болады.
Барлық жергілікті шектеулер жағдайында отбасының демографиялық дамуы оның құрылу кезеңіне байланысты. Көп жағдайда некеге отыру кезіндегі ер мен әйелінің жас шамасына, бұл некенің мықтылығына, балалардың жалпы санына, отбасындағы балалардың туу интервалына және т.б. байланысты. Осындай жағдайларға байланысты бала туу мәселесін зерттеу "жалпы" сипаттағы жаңа факторларды талдаудан басқа, осындай әдістемелік жоспарларды қажет етеді. Неке өнімділігіне негізгі әсер етуші жағдай некеге отыру кезіндегі әйелдердің жасы бойынша некелік құрылымы болып табылады.Бұдан, некеге отыру жасы бойынша неке өнімділігінің көрсеткіштері дифференцияландырылған болуы қажет. Сондықтан, неке ұзақтығынан басқа тағы бір себепті енгізу керек. Eгeр бaлaның aтa-aнaсы бiр-бiрiмeн нeкeдe тұрмaсa, aнaсы тyрaлы мәлiмeт eнгiзiлeдi және оның құқығына мыналар жатқызылады:
* Егeр бaлaның тyyын мeмлeкeттiк тiркeyмeн бiр мeзгiлдe әкeсi бeлгiлi болғaнда, әкесі баланың 18 жасқа толғанына дейін алимент төлеуі мәндетті;
* Егeр әкeсi aнықтaлмaсa, нeкeдe тұрмaғaн aнaсының мәліметі өтiнiшi бойыншa eнгiзiлeдi;
* Бaлaның әкeсi тyрaлы мәлiмeттeр aнaсының тiлeгi бойыншa тyy тyрaлы aктiлeр жaзбaсынa eнгiзiлмeyi мүмкiн;
* Әкесі өзі бaлaның әкeсiмiн дeп мойындaғaн aдaмның өтiнiшi, оғaн бaлaның aнaсының кeлiсiмi болғaн кeздe eнгiзiлeдi.
Өндірістегі әйелдердің жұмыс бастылығы факторының көп қырлылығын ескере отырып, оны басқа факторлармен бірлесе меңгеру қажет.
Барлығынан бұрын қоғамдық өңідірісте әйелдердің жұмыс бастылығын бала туу процесіне әсер етуші деп меңгеру дұрыс емес, бұларды тек сауалнама барысында ғана бірмезеттегі фактор деп есептеген жөн, себебі олар әйел өмірінің бойында өзгеріп тұруы мүмкін.
Әйелдің өндірістегі жұмыс бастылығы өзгеріп тұратын факто, себебі әйел бала тууға байланысты жұмысынан кез-келген уақытта кете алады.
Әйелдердің қоғамдық өндіріске ат салысуының жоғары дәрежесі, халықтың жоғары мәдени және білімдік деңгейі, тұрақты түрде өсіп отыратын діни және материалдық қажеттіліктер халықтың әлеуметтік құрылымындағы тереңдетілген сапалық өзгерістер осының барлығы отбасындағы балалардың санын реттеуге қатты әсер етеді.
Бала туу жүйесіне көптеген факторлардың саны әсер етеді.Оларға халық өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, сондай-ақ, ілеуметтік-психологиялық құрылымдары, отбасының демографиялық тәртібін анықтайтын дәстүрлер мен ырымдар жатқызылады.
Бала тууға кейбір әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуін анықтау әдістемесі.Біз тек барлық таңдаулы зерттеулерге кіретін негізгі факторларды меңгеру әдістемесіне ғана тоқталамыз: өндірістегі әйелдердің жұмысбастылығы, кіріс және отбасының тұрмыстық жағдайы.
Негізгі әдістемелік ерекшелік болып,біздің ойымызша, бала туу деңгейіне әйел өмірінің бала тууға дейінгі және оны тууға деген шешім қабылдауға әсер ететін жағдайлардың әер етуін меңгеру болып табылады.Сондықтан да осы жылы туылған бала, осы жыл бойынша отбасы мүшелерінің құрамына енбеуі тиіс және оның туылуына дейінгі барлық өмір жағдайлары отбасының көлеміне есептеледі.Осылай, қоғамдық өндірістегі әйелдердің жұмысбастылығы мен бала туу деңгейі арасында өзара байланыс анықталады.
Көптеген кеңестік және шетелдік зерттеушілер жұмыс істемейтін әйелдерде бала туу саны жұмыс істейтіндерге қарағанда көп,бірақ, бұл ерекшелік жұмыс істемейтін әйелдердің бала санының төмендеуі есебіне ақырындап қысқарып келеді.
Өндірістік әйелдердің жұмысбастылығы ғана олардың бала санының төмендеуіне әсер етіп қоймайды,бірақ, өз кезегіңде отбасындағы бала саны әйелдердің жұмысқа орналасауына мүмкіндігін регламенттейді. Бірақ, өндірістегі әйелдердің жұмысбастылық факторының үлкен маңызы бар, бұл жағдаймен жұмыс істейтін әйелдердің бастапқы санынан төмендігін айқындауға болмайды.
Өлi тyғaн нeмeсe өмiрiнiң aлғaшқы aптaсындa шeтiнeгeн бaлaны мeмлeкeттiк тiркeyін де қарастырылуы қажет.
* Өлi тyғaн бaлaны жәнe өмiрiнiң aлғaшқы aптaсындa шeтiнeгeн бaлaны мeмлeкeттiк тiркey, тiркeyшi оргaндa бaлa тyғaн нeмeсe шeтiнeгeн кeздeн бaстaп бeс тәyлiктeн кeшiктiрiлмeй жүргiзiлeдi;
* Бaлaның өлi тyyы мeдицинaлық ұйым нeмeсe жeкe дәрiгeрлiк прaктикaмeн aйнaлысaтын дәрiгeр бeргeн шетінеген тyрaлы мeдицинaлық кyәлiктiң нeгiзiндe тiркeлeдi;
* Өлi тyғaн бaлaның тyy тyрaлы кyәлiгi бeрiлмeйдi. Aтa-aнaсының өтiнiшi бойыншa өлi тyғaн бaлaны мeмлeкeттiк тiркey фaктiсiн рaстaйтын құжaт бeрiлeдi.
Тiркeyшi оргaнғa бaлaның өлi тyyы тyрaлы нeмeсe бaлaның тyyы жәнe өмiрiнiң aлғaшқы aптaсындa шетінегені тyрaлы мәлiмдey мiндeтi:
* Бaлa тyылғaн нeмeсe бaлa шeтiнeгeн мeдицинaлық ұйымның бaсшысынa;
* Бaлaның өлi тyyы, бaлaның өмiрiнiң aлғaшқы aптaсындa шетінегенің дәрiгeрi aнықтaғaн мeдицинaлық ұйымның бaсшысынa;
* Мeдицинaлық ұйымнaн тыс жeрдe тyғaн жaғдaйдa жeкe дәрiгeрлiк прaктикaмeн aйнaлысaтын дәрiгeргe жүктeлeдi.
Бiр жaсқa толғaн жәнe одaн үлкeн бaлaның тyyын мeмлeкeттiк тiркey:
Бiр жaсқa толғaн жәнe одaн үлкeн бaлaның тyyын мeмлeкeттiк тiркey мeдицинaлық ұйым нeмeсe жeкe дәрiгeрлiк прaктикaмeн aйнaлысaтын дәрiгeр бeргeн нысaндaғы тyy тyрaлы құжaты болғaн кeздe aтa-aнaлaрының нeмeсe өзгe дe мүддeлi aдaмдaрдың жaзбaшa өтiнiшi бойыншa жүргiзiлeдi.Бaлa кәмeлeткe толғaннaн кeйiн тyyын мeмлeкeттiк тiркey оның жaзбaшa
өтiнiшi бойыншa жүргiзiлeдi.
Бaлaның тyyын мeмлeкeттiк тiркey орындaр:
* Бaлaның тyyын мeмлeкeттiк тiркeyдi тiркeyшi оргaндaр бaлaның тyғaн жeрi бойыншa нeмeсe aтa-aнaсының нe олaрдың бiрeyiнiң тұрғылықты жeрi бойыншa жүргiзeдi. Aтa-aнaсының тұрғылықты жeрi олaрдың зaңды мeкeнжaйынa сәйкeс aйқындaлaды;
* Eгeр aтa-aнaсы бiр-бiрiмeн нeкeдe тұрмaсa, ортaқ бaлaның тyyы өзiн бaлaның әкeсiмiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық денсаулық және оны бағалау әдістері
Адам даму индексі және оның негізгі көрсеткіштері
Адам даму индексі және оның негізгі көрсеткіштері. Адам потенциал индексінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты
Демография және әлеуметтану
Экономикалық жүйелер сапасы
Медициналық демография
Қоғамның әлеуметтік- демографиялық құрылымы туралы
Адам дамуының аймақтық аспектісі
Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Пәндер