Қос сөздер мен олардың жасалу жолдары



Қос сөз деп екі сыңардан тұратын, сыңарлары бір сөздің қайталануынан немесе бір тектес синоним я антоним сөздерден жасалып, бір ырғақпен тұтаса айтылатын сөздер аталады. Мысалы, ойдын-сауық , ине-жіп, ыдыс-аяқ, құрал-сайман, қыз-келіншек, жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы, үлкен-кіші, ата-ана, әке-шеше, он-он бес, жиырма-отыз, қырық-елу, кеше-бүгін, жоғары – төмен, қызыл-жасыл, кімде-кім, келіп-кетіп, айтыс-тартыс т.б.
Қос сөздер тілдің аналитикалық тәсілінің қосарлама тәсілі арқылы жасалады. Қос сөздер түркі туыс тас тілдердің бәрінде бар тілдік құбылыс. Қос сөздер ең көш орхон жазба ескерткіштерінің тілінде де болған. Мысалы, арқыш-тіркіш = ркес-тіркес, ічін-ташын= ішін-тысын, бәгләрі-будуны= бектері-халық, ядағын-ялацын=жаяу-жалпы, алу-иту = өлу – жіту. Содан бір қос сөздер түркі тілдерінің бәрінің сөздік қорынан мол орын алып, тілде жиі қолданылатын лексикалық бірліктер қатарында келе жатыр.
Тілде қос сөздер жасалуының өзіндік әжбден қалыптасқан заңдылықтары бар. 1. Қос сөздедің екі сыңары да бір сөз табының сөзінен болады. Мысалы, қыз-келіншек, қауып-қатыер, тамыр-таныс, жауын-шашын деген қос сөздердің екі сыңары да зат есімдерден жасалған. Ал үлкен-кіші, қызылды - жасылды, үлкенді-кішілі, жақсы-жаман, кәрі-жас деген қос сөздер сын есім сөздерден жасалған. Сол сияқты алпыс-жетпіс, бес-алты, жеті-сеіз, он бес-он алты, сексен-тоқсан қос сөздері сан есімдерден жасалған. Келі п -кетіп, алып-беріп, көре -көре, ішіп-жеп, қарғап-сілеп, асыға – үсіге қос сөздер етістіктерден жасалған.
2.Қос сөздердің сыңарлары мағыналық жағынан қатысы, байланысы бар, не синоним, не антоним сөздерден болады. Ешбір мағыналық байланысы, бір – біріне ешбір қатысы жоқ сөздер бір – бірімен қосылып, қос сөздер жасай алмайды. Міне, бұл қос сөздердің жасалуында қатты сақталатын заңдылық. Ал осымен байланысты қос сөздердің сыңарлары көбіне мағыналас, синоним, антоним сөздерден болады. Мысалы, ыдыс – аяқ, ине – жіп, әке – шеше, аға - іні, аяқ – қол, өкпе – бауыр, етек- жең, соқа-сайман, қаза-ошақ, бір-бірімен байланысы бар заттардың атынан яғни мағыналық қатысы бар сөздерден

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қос сөздер мен олардың жасалу жолдары
Қос сөз деп екі сыңардан тұратын, сыңарлары бір сөздің
қайталануынан немесе бір тектес синоним я антоним сөздерден жасалып,
бір ырғақпен тұтаса айтылатын сөздер аталады. Мысалы, ойдын-сауық , ине-
жіп, ыдыс-аяқ, құрал-сайман, қыз-келіншек, жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы,
үлкен-кіші, ата-ана, әке-шеше, он-он бес, жиырма-отыз, қырық-елу, кеше-
бүгін, жоғары – төмен, қызыл-жасыл, кімде-кім, келіп-кетіп, айтыс-
тартыс т.б.
Қос сөздер тілдің аналитикалық тәсілінің қосарлама тәсілі арқылы
жасалады. Қос сөздер түркі туыс тас тілдердің бәрінде бар тілдік құбылыс.
Қос сөздер ең көш орхон жазба ескерткіштерінің тілінде де болған.
Мысалы, арқыш-тіркіш = ркес-тіркес, ічін-ташын= ішін-тысын, бәгләрі-будуны=
бектері-халық, ядағын-ялацын=жаяу-жалпы, алу-иту = өлу – жіту. Содан бір
қос сөздер түркі тілдерінің бәрінің сөздік қорынан мол орын алып,
тілде жиі қолданылатын лексикалық бірліктер қатарында келе жатыр.
Тілде қос сөздер жасалуының өзіндік әжбден қалыптасқан заңдылықтары
бар. 1. Қос сөздедің екі сыңары да бір сөз табының сөзінен болады.
Мысалы, қыз-келіншек, қауып-қатыер, тамыр-таныс, жауын-шашын деген қос
сөздердің екі сыңары да зат есімдерден жасалған. Ал үлкен-кіші,
қызылды - жасылды, үлкенді-кішілі, жақсы-жаман, кәрі-жас деген қос
сөздер сын есім сөздерден жасалған. Сол сияқты алпыс-жетпіс, бес-
алты, жеті-сеіз, он бес-он алты, сексен-тоқсан қос сөздері сан есімдерден
жасалған. Келі п -кетіп, алып-беріп, көре -көре, ішіп-жеп, қарғап-сілеп,
асыға – үсіге қос сөздер етістіктерден жасалған.
2.Қос сөздердің сыңарлары мағыналық жағынан қатысы, байланысы бар,
не синоним, не антоним сөздерден болады. Ешбір мағыналық байланысы, бір –
біріне ешбір қатысы жоқ сөздер бір – бірімен қосылып, қос сөздер жасай
алмайды. Міне, бұл қос сөздердің жасалуында қатты сақталатын заңдылық. Ал
осымен байланысты қос сөздердің сыңарлары көбіне мағыналас, синоним,
антоним сөздерден болады. Мысалы, ыдыс – аяқ, ине – жіп, әке – шеше, аға -
іні, аяқ – қол, өкпе – бауыр, етек- жең, соқа-сайман, қаза-ошақ, бір-
бірімен байланысы бар заттардың атынан яғни мағыналық қатысы бар
сөздерден жасалған.Осы сияқты қос сөздердің көбі құрал-сайман, шақұр –
шұқар, жалтақ-жұлтақ, қарғап-сілеп, жүн – жұрқа, тамыр-таныс, қауіп-
қатер, уайм-қайғы, қырып-жойып, жөн - жоба, күш-қуат, сабыр-тағат,
талан-тараж дегендердегі сияқты антоним сөздерден жасалған. Ал үлкен-кіші,
жақсы-жаман, жоғары-төмен, ақ – қара, үлкенді-кішілі, жақсылы-жаманды
сияқты қос сөздер антоним сөздерден жаслаған.
Бұл келтірілген мысалдардың бәрі қазақ тілінде қос сөздердің
жасалуы оның сыңарларының белгілі мағыналық қатынастығы сөздер болуын
талап етілетін анық көрсетеді. Ол заңдылық ретінде қалыптасқан.
3.Қос сөздердің сыңарлары бір сөздлің қайталануынан жасалады.
Мысалы, айта-айта, тау-тау, жақсы-жақсы, үлкен-үлкен, келе-келе, дір –
дір, сарт-сарт, қора-қора, өзді-өзімен, бір-бірімен, бірден-бірге т.б.
4. Қос сөздердің екі сыңары да мағыналы сөздерден жасалады. Мысалы,
қырық - елу, алпыс-жетпіс, әке-шеше, жақсылы-жаманды, ыдыс-аяқ, туған-
туысқан, т.б.
Қазіргі тілде қос сөздердің кейде бір сыңарын, кейде екі сыңары
мағынасыз сөз болып, келеді. Бұл тілдің қазргі даму сатысына
байланысты, ол жағдай қос сөздердің жасалған кезіне қаысты емес,
олардың бәрі алғаш мағыналы сөзден жасалған. Кейін бір сыңары, кейде
екі сыңары да тілдік дамудың нәтижесінде лексикалық мағынасы солғындап,
не мағынасынан мүлдем айрылып, қазіргі дәрежеге жеткен, оған сөздің
дыбыстық өзгеріске ұшырауы да қос ылған. Мұндай қос сөздерге
төмендегі мыса лдарды келтіруге болады: бала-шаға, жора-жолдас, жүдеу-
жадау, жылау-сықтау, әуре-сараң, шөп-шалам, ың-жың, арық-тұрық, некен-
саяқ, тырым-тырақай, ұйпа-тұйпа, ту-талақай, әңкі-тәңкі, ірк-тірк, ағыл-
тегіл, алба-жұлба, алда – жалда, әлем – жәлем, быт – шыт, далаң-дұлаң,
ығай-сдығай, ықи-жықи т.б.
5. Қос сөздердің жасалуында тағы бір заңдылық бар. Ол қос
сөздердің сыңарларының буын санының үндесіп келеуі. Тілдегі қос
сөсздердің 80-90 пайызы буын саны жағынан тең бужынды сөздерден,
сыңарлардын тұрады. Мысалы, ән-күй, дәм – тұз, ың-жың, көш-қон, ата-
ана, әке-шеше, жігіт-желең, егіл-тегіл, кіресілі-шығасылы, ұзынды-қысқалы
т.б. Бұл мысалда бір буынды, екі буынды, үш буынды, төрт буынды
сөздерден жасалған қос сөздер берілді. Тілде екі буынды сыңарлардан
жасалған қос сөздер өте көп, қаландары аздап қана кездеседі. Әсіресе,
3-4, буынды сөздерден жасалған қос сөздер өте көп.
6. Буын саны тең сыңарлардан қос сөздердің жасалуы жолардың айтылу
үнемділігн көздеуден туған. Өйткені қос сөздердің басм көпшілігінде
буын үндестігі яғни сингормонизм сақталады. Мысалы, ақыл-айла, сауыт-
сайман, ару-сырқазу, жауын-шашын, қырып-жанып, азан-қазан, жатса – тұрса,
ағал – жағал, азып-тозу, айла-амал, алай-бұлай, алал-қапас, алба-далба,
әрлі-берлі,бүгін-ертең, кейіп-кескін, келіп-кетер, көйлек-көншек, күйініш-
сүйініш, күйіп – пісу, күдік-күмән, немере-шөбере, іркес-тіркес т.б.
Алайда қос сөздердің жасалуындағы бұл заңдылықтарда қайшылықьар жоқ
емес, бірақ олар негізгі заңдылықтарға қарағанда, дәлде-қайда аз. Қос
сөздердің сыңарларының буын саны тең болмайтындары да бар. Олардың іштей
ерекшеліктері бар:
1) Таза мағыналық байланыстан туған сыңжар лардың буын санының
теңсіздігі: қыз-келіншек, ат-шапан, бау – бақша, ар-ұждан, ар-ұят, бек-
сұлтан, бай-патша, бес-алты, есік-терезе, жай-жағдай, жиын-той, той-думан,
жөн – жоба, жын-пері, кір-қожалақ, қайғы-қасрет, қайғы-зар, қарым-қатынас,
қас-қабақ т.б. Мұндай қос сөздер сыңарларының мағына байланысының
күштілігі негізінде жасалған.
Қос сөздердің бір сыңарының қосымшаменк елуі арқылы сыңарларының
буын саны теңдігінен айрылады. Мысалы, бетпе-бет, қолма-қол, ауызба-
ауыз, өз – өзінен, бірден – бір, үй-үйден, бостан-бос, он – ондап, бес-
бестен т.б.
7. Қос сөздердің екі сыңары да не бірыңғай жуан сөздерден, не
біріңғай жіңішке сөздерден жасалады. Мысалы, сауыт – сайман, ақыл-ой, ата-
ана, көрген-білген, тәлім-тәрбие, өнеге-үлгі, үлкен-кіші, уайым-қайғы, өнер-
білім, жаман-жақсы т.б. Осы заңдылықтың біраз жағдайда бұзылатыны бар
құбылыс. Мысалы, азық – түлік, үсті-басы, қарғап-сілеп, сүріне-жығыла, ойын-
күлкі, ішкі-сырты, ойнап-күліп, алты-жеті, сексен-тоқсан, буып-түйіп, жүн-
жұрқа, қыз-келіншек, көшіп-қонып, дәм-тұз, көш-қон, ұрыс-керіс, ерсілі-
қарсылы, өштік-қастық, жоғары-төмен, оқта-текте, сатыр-сүтір, жүдеу-жамау,
жаман-жәутік, көрші-қолаң т.б.
Қос сөздердің сыңарларын буын үндестігіне баынбай, жуан жіңішке
сөздердің аралас келуі арлқылы жасалуы мағынаға тікелей бадйланысты.
Қос сөздердің бұл түрлерінің бәрінде олардың сыңарларының мағына
байланысы өте күшті. Мұндай қос сөздер мағыналық байланыс кезінде
жасалған. Сөйтіп қос сөздердің сыңарларының мағынасы жақын, мағынасы
байланысты сөздерден жасалатынын тағы да өзі дәлелдеп, көрсетті.
Қос сөздер тілде екі түрлі тәсіл эарқылы жасалады:
1. екі сөздің қосар лануы арқылы
2. Бір сөздің қайталануы арқылы жасалады.
Осымен байланысты қос сөздердің қазақ тіл білімінде екі түрге бөлу
қалыптасқан. 1) қосарлама қос сөздер. 2) қайталама қос сөздер. Қос
сөздерді осылай жіктеу, топтауды ғылымға кіргізген А.Ысқақов. Қос
сөздердің бұл түрлері ғылым да танылған және қалып тасқан.
2.1 Қайталама қос сөздер де тілге кең тараған, жиі
қолданылатын сөздер тобына жатады. Қайталама қос сөз бір сөздің екі
рет қайталануы арқылы жасалады. Мысалы, елең-елең, тарс-тарс, бау-бау,
ъқора-қора, қами-қами, келе-келе, айтып-айтып, сөйлеп-сөйлеп т.б.
Қайталама қос сөздер компоненттерінің ерекшеліктеріне схәйдкес,
қалыптасқан сыртқы дыбыстық және морфологиялық фомалардың
өзгешеліктеріне қарай төрт түрлі болады:
1. Қосымшасыз түбірдің қайталануынан құралатын сөздер.
2. Қосымшалы түбірдің қайталануынан құралатын қос сөздер.
3. Түбрдің бір дыбысы өзгеріліп құралатын қос сөздер.
4. Түбір ықшамдалып құралатын қос сөздер

1. Ешқандай да қосымшалар жалғанбай - ақ бр түбір екі рет
қайталануы арқылы жасалатынын қос сөздерге жол – ж ол, биік-биік, кім-кім,
әрең-әрең, қарқ-қарақ сияқты формалар жатады. Бұл қос сөздер әуелгі
түбірі қай тұлғада тұрса, сол тұлғада тұрып жай қайталану арқылы жасалады.
Осы себептен бұл топты қай (қайталама) қос сөз дп атауға болады. Мысалы:
1) кедейлер бір – бір арық кершолақтарын не тозығы жеткен
транспорттарға немесе екі доңғалақты қазақ арабаларға жегеді.
2)Мен әркімдерге жаутаң-жаутаң қараймын, мені шақырарлық еншкім жоқ
сияқты.
3) Тұрдым-тұрдым да, әлдекімдердің мә деп берген жөнді еті жоқ
жауырынын қолыма ұстай, жылам сырап далаға шығып кеттім.
4) Анау отырған біздің тоқал да, - деді Тұрағыл. Жас бір әйелді
иегімен нұсқап, - ауыз – мұрнынан шығып отыр, оған біздің әлгі бұрау басын
сындыртпады, бірдемеге қолғабыс тигіз десең іштегі баласына зақым келер
деп, зыр – зыр етеді.
5) Өкпе мен Жаманшұбарға көшіп кеткеннен кейін, бір жаз ат ізін
салмай қойған Мұстафа, қысқа қарай іздеп кеп, Мұқамен жыласып көрісті
де, сол қыста ат ізін суытпай қайта – қайта келгіштеп жүріп, алдағы
көктемде өз қасына көшіріп алып кетті.
6) Ауылда айнала ұстаған қалқанды ықтап тау – тау боп күртіктің үсті
ашық күндері балаға сыймайды, шанасы бары шанамен, шанасы жоғы етігімен
биік күртіктен төмен қарай сырғанайды да жатады.
7) Қарғитын бала: Қайтып – қайтып өтеді? - десе, отырған балалар:
секіріп-секіріп өтеді, - дейді.
8) Ұлтуған дәм татпастан, шырайлы бетінің қаны құқылданып, үлкен
дөңгелек қара көзі одан да түсіп, көзіне әлсін – әлсін іркіле берген жасты
теріс қарай беріп жіңішке ақ саусағымен сыпырып тастап отырады.

___________________
1.Ахмеди Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Алматы 1991, 107 – 109 беттер.
2.Н.Оралбай Қазақ тілінің сөзжасамы Алматы 2002, 66-69 беттер

9)Өзі егін екпейтін Нұртаза көршілес орышс посолкісінен ұнды
шағындап қапна сатып алды: алты ай қысқа көп болса алатыны он – он бес
бұт, жан саны жолшыларын қосқанда оннан астам, санды бір адамға алты ай
қысқа бұт жарымдай ұн келеді.
10) Соден кейін менің көзіме тіккен әрбір зат өзінің шын
мағынасндағы қасиетімен ғана танылад: құрай-құрай, күртігі-күртік, жылқысы-
жылқы...
11) Ар жағында жақтаулары оылған сүйектерімен шкаф, оның ішінде
қырынан қаланған жуан-жуан кітаптар...
2) Бұрын қора-қора боп өретін қайдан да қазір бір – ақ қадам
қалды...
Қосымшалы түбірдің қайталануы арқылы жасалатын қос сөздер тобына
түбірге жұрнақтар да, жалғаулар да жалғанып қосарланатын сөздер жатады.
Мысалы: көре-көре, сөйлей-сөйлей, басты-басты деген қос сөздерге
қайталанған түбірдің екеуіне де бір түрлі жұрнақ (- е; - й; -ты) қосылса,
қызу-қызба деген қос сөзде қайталанған түбірдің екеуіне екі түрлі (- у, -
ба) жұрнақ жалғанып тұр. Ал, ел-елдің дегенде тек соңғы сыңарына ғана
жалғау (- дің) жалғанып тұр.
Қосымшалар жалғанып қосарланған бұл сөздердің де лексикалық
мағыналары өзгермей , тек семантикалық машғынасы мен стилистикалық
қызметтеріне ғана қосымша рецктер жамалады. Бұл қос сөздер қайталанатын
түбірдің я біреуін екеуіне де бір түбірлі қосымша жалғанып жасалып
бергендіктен. Олардан қосымшалы қос сөз деп атауға болады.
Қайталанатын түбірге қосылатын қосымшалардың формаларына қарай
салаларға жіктеледі:
а) Екі компонентіне де қосымша қосылатын қос сөздер іштей екеуіне де
бр түрлі жұрнақ жалғанатын және екеуіне де бір түрлі жалғау жалғанатын
болып екі топқа бөлінеді: мысалы, үйдей-үйдей, таудай-таудай, салалы-
салалы, өнерлі-өнерлі, айта-айта, оқып-оқып, үндемей-үндемей, жылда-жылда,
күнде-күнде, екіден-екіден т.б.

________________
3.С.Мұқанов Өмір мектебі: А 2002, 8-259 беттер
4.С.Исабек Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты А
1998, 217-278 беттер
ә) Қосымша екі компонентіне де қосылатын қос сөздер іштей екі сыңары
екі түрлі жұрнақты (орынды, орынсыз, көрікті-көріксіз) бір сыңары
жұрнақты, бір сыңары жалаулы (үйді-үйге, қолды-қолына) немесе әр сыңары әр
түрлі жалғаулы (бостан – босқа, өзінен-өзі) бола береді.
б) Қосымшалы қайталама қос сөздердің бр сыңары жұрнақты (қолма-қол,
он – ондап, бес-бестеген), бір сыңары жалғаулы (ү-үйдің, үй-үйге, үй-үйде,
үй-үйді, өз – өзіміз, өз – өзінен, өз – өзіне) да бола береді. Мысалы:
1. Айнала сөйлейтін мылжың, жуас адамды басынғыш, тентек адамнан қорқыш,
пыш-пышқа үйір, екені кісі болатын.
2. Өткір айтсаң, ішке-ішке тепкілезймін расыңды айт.
3. Ауқатты адамның қызы болғандықтан, бірсыдырғы жақсы да киеді екен: қас
етекті көйлек, оның сыртынан жеңді-жеңсіз барқыт камзол, олардың
өңірін толтыра, етегін айналдыра күміс қадайды.
4. Біздің елдің әдетіне шешесі мәкесі өлген қаралы қыздың үстіне таққан
күмістері мен басына қадаған үкісін және саусақтары мен
құлақтарындағы әлем – жәлемдерін алып тастады.
5. Келісімге келе алмаған екі батыр, қай күшіміз асқанымыз жетейік деп,
жеке-жеке шығады.
6. Жаңқаны шоқпен тұтатқан Тайбаланың үрлей-үрлей демі таусылып, басы
қаңғырды.
3) Бір саңырауының дауыс өзгеріп құралатын қос сөздерге кісі-місі,
қағаз- мағаз, кітап-мітап, щай-пай, қалт-құлт сияқты формалар жатады.
Тарихи бұл топта түбірдің бастапқы кездегі жай қайталануынан шыққан;
олардың екінші компоненттері бірнеше сыңарларының ритмикалық жаңғырығы
ретінде жұмсалатын болып қалыптасқан. Бұл қос сөздерден де жаңа лексикалық
мағына тумайды: олардың екінші сыңарларын бірінші компоненттерге қосымша
реңк қана жамайды.
4) Бұл сыңарды ықшамдалып қайталанатын қос сөздерге ап-ащы, жап-
жақсы, кіп-кішкене, теп-тегіс, тіп-тік, сдап-сары сияқтылар жатады, Қос
сөздердің бұл түрі үстеме буынды немесе күшейтпе буынды қос сөздер деп
те аталады. Бұл сөздердің үстеме (я күштеп) буындары тиісті сын есімнің
әуелгі толық компонентінің әрі ықшамдалып (қсқарып), әрә соңына п дыбысын
жамап алып, бір тұйық я бітеу буынға айналуынан пайда болған. Бұл күшейтпе
буын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Қазақ тілінің сөзжасам негізі
Түбір сөз
Біріккен сөздердің жасалуы
Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау
XYIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің сөзжасамы, аналитикалық тәсіл
Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында сөз құрамын оқытудың ерекшеліктері
Эмоционалды - экспрессивті лексиканың зерттелу тарихы
Біріккен сөздер
Пәндер