Қазақстанның банк жүйесі жайлы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

АНЫҚТАМАЛАР МЕН ТҮСІНІКТЕР

I ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ

1. 1 Банк туралы түсінік

1. 2 Банк жүйесінің мәні мен маңыздылығы . . .

1. 3 Қазақстандағы банк жүйесінің дамуы. .

II НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ РӨЛІ

2. 1 Ұлттық банктің құрылымы, қызметтері мен операциялары . . .

2. 2 Коммерциялық банктердің қызметтері . . .

2. 3 ҚР екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтері.

III ҚАЗАҚСТАНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ

3. 1 Екінші деңгейлі банктердің операцияларын бағалау және

дамыту жолдары

3. 2 Банктің инвестициялық операциялары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жұйе тек өзіне тән қасиеттерді көрсетеді. Оның ерекшелігі өзін құрайтын элементтермен және олардың арасында қалыптасқан қарым-қатынастармен анықталады, әрине банк жүйесін зерттегенде алдымен осы жүйенің басты элементі банктер көзге түседі. Өйткені, олар банк жүйесіне банктік мән береді. Банк жүйесінің мазмұны ғана емес, оны құрастыратын элементтердің өзара байланыстарына да көңіл аударады. Банк жүйесі өзін-өзі басқара алады. Ол дегеніміз, егер елде саяси ахуал, экономикалық жағдайлар және басқа да ахуалдар өзгеріп жатса, осыған қарай, банктер өздерінің саясатын өз бетінше, аралымдылықпен өзгерте алады. Мысалы, Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктер үшін қайта қаржыландырудың өлшемдемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер өздерінің проценттік саясатын өзгертеді немесе Үкімет ұлттық валютаның бағамын анықтау тәртібін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер, ауыстыру бекеттеріндегі валюта бағамын қайта қарайды.

Қазіргі банк жүйесінің барлық элементтері нарықтық тұрпатқа сәйкес келеді. Тек, олардың кейбір жетілмегендіктері бар, ол уақытша жағдай. Бара-бара нарықтық қарым-қатынастар жетілдірілген сайын, банк жүйесі де жетілдіріледі. Сөйтіп, бәрі де өз орнына келеді. Сондықтан банктің өтпелі кезеңі лайық, ерекше жүйесі бар деген дұрыс болмайды.

Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі саларында ─ сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және басқа көптеген бағыттарда білікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ақша, несие, банктер ─ қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметтері қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез келген адам үнемі

немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатан жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.

Банк жүйесі басқарылатын жүйе. Дербес заңды тұлға бола тұра банктер өз қызметтерін жалпы мемлекеттік және арнайы банктік заңдардың шегінен шығармайды. Олардың қызметтерін Ұлттық банк реттеп лтырады. Ол үшін Ұлттық банк екінші дәрежелі банктер үшін экономикалық мөлшерліктер белгілейді, оларды бұзғаны үшін банктер, банк операциясын жүргізуге берілген рұқсат қағазынан айырылуы мүмкін.

Банк жүйесінің әлеуетін арттыру, банк ресурстарын еселеу - бірінші дәрежелі маңызы бар міндет пен отандық экономика қызметінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты - банк жүйесінің Қазақстанда жан-жақты дамуын зерттеп, шетел тәжірибесіне сүйене отырып, өз елімізде банк жүйесін дамытып, жетілдіру жолдарын іздестіру. Сонымен қатар, тиімді банк жүйесін енгізуге ықпал жасау.

Курстық жұмыстың міндетері:

- Банк туралы түсінік

- Банк жүйесінің мәні мен маңыздылығы

- Қазақстандағы банк жүйесінің дамуы

- Ұлттық банктің құрылымы, қызметтері мен операциялары

- Коммерциялық банктердің қызметтері

- ҚР екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтері

- Екінші деңгейлі банктердің операцияларын бағалау және дамыту жолдары

- Банктің инвестициялық операциялары жұмысына сипаттама

I ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ

1. 1 Банк туралы түсінік

Банк-бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.

Банктің негізгі тағайындауы-ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.

Банктің жүйесінің маңызды элементі-банктер болып табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктерді қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операциялады орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV-XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

XVI-XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізіледі. Өздерінің бос ақша қаражаттарын банктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.

Ал кейбір мамандар, банкті оданда ерте мерзімде-феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметтің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді. Өкінішке орай, «банк» сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелі мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады. «Банк» сөзі «banco» деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады.

Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болумен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүние жүзлік сауда орталығы болғандығын ескеріп әрелдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлерді сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіріледі.

Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? Дкгн сұрақ туады. Тарихшылардың пайыидауынша, олар жекелеген тұлғалар және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен. Шіркеулер құндылықтары сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалаундағы елдердің салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуіде барлық эуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.

Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді. Банктер қызметінің қолайлығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім-шарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарады. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елдерінде алғашқы акционерлік банк - Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды. Банкті сауда, делдал кәсіпорны десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады. Сауда кәсіпорны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді.

1. 2. Банк жүйесінің мәні мен маңыздылығы

Банк жүйесініңі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі массасын шағырландырады.

Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық тұрғыдан тлотырады және белгілі бір тұтастықты құрайды.

Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе - елдің несие жүйесіне кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп, сабақтасады.

Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Басқа жүйелерден айрықшаланып көрсететін банк жүйесінің белгілері қандай:

1) Банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алғы шебін орталық банк құрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер болмайды.

2) Банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, олардың өзара әрекетімен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі белгіленген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән тетік жұмыс істейді.

3) Банк жүйесі элементтері өзара алмасуға қабілетті. Оны біртұтас ретінде және бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде көрсетуге болады. Бұл оның жекелеген бөліктерінің қажет болған жағдайда бір-бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, жинақ ақша банкісінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай алады, ал ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп тапсыруға болады.

Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі сақталып қалады.

1) Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толығуы мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы институттары пайда болады.

2) Банк жүйесі «жабық» тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығарады. Олардың тек өздеріне тән, осы жүйеге ғана арналған өз тәртібі, ережесі, нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады. Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол сыртқы ортамен, басқа жүйелермен өзара әрекеттеседі.

3) Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, «өзін-өзі ұйымдастыратын» жүйенің сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету саясатын экономикалық, әлеуметік, саяси ахуалдарға қарай өзгеріп отырады. Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше асясат ұсынады, экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа саясатты жүргізеді.

4) Банк жүйесі - басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға бағынады.

Осы аталғандардың белгілердің барлығы Қазақстанның банк жүйесіне тән. Қазақстан Республикасының «Банктер мен банк қызметі туралы» заңында (3-бап) былайша жазылған:

1) Қазақстан Республикасы екі деңгейлі банк жүйесіне ие.

2) Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді.

3) Қазақстан Республикасының Заң актілерімен анықталған айрықша құқықтық мәртебесі бар Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

4) Шетелдік қатысушылар банкісі -екінші деңгейлі банк меншігінде және басқаруында акцияның үштен бір бөлігіне ие: а) Қазақстан Республикасы бейрезидентері; ә) заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасы резиденттері, Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің меншігінде және басқаруында 50 %-дан астам акциясына ие; Қазақстан Республикасы резиденттері Қазақстан Республикасы резиденттерінің (сенімді тұлғалардың) қаражатына.

5) Мемлекетаралық банк - халықаралық келісімшарттың негізінде құрылған әрі әрекет ететін банк.

Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ, банк инфрақұрылымын қалыптастыратын әрі несие институттарының өмірлік әрекетін қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.

О. И. Лаврушин банк жүйесінің жеті белгісін былайша бөліп көрсетеді:

-бірыңғай мақсатқа жауап беретін нақтыға бағынышты элементерді қамтиды;

- өзіндік ерекшелігі бар;

- элементтерді өзара алмастыруға қабілетті;

- динамикалық жүйе болып табылады;

- «жабық тұрпат» жүйесі ретінде алға шығады;

- өзін-өзі реттейтін жүйе сипатына ие;

- басқарылатын жүйе болып табылады.

Әлемдік іс-тәжірибе тарихында банк жүйесінің бірнеше тұрпаты болған:

- банктің орталықтандырылған бөлу жүйесі;

- нарықтық банк жүйесі;

- өтпелі кезең жүйесі.

Банк орталықтандырылған бөлу жүйесі бұрынғы КСРО-да және социолистік жүйедегі елдерде жұмыс істейді. КСРО-да ол КСРО Мемлекеттік банкпен бір деңгейде болды, ал банктік емес мекемелер болған емес. Ол елдің бірден-бір эмиссиялық және несие интитуты болды. Онда барлық несие ресурстары орталықтандырылып, бөлінеді.

Банктердің саны он және одан да көп есеге кемсе, кейде жаңа банктер, банктік емес мекемелер пайда болады, енді бірге олар банкротқа ұшырайды немесе бір-бірмен қосылады. Немесе банктен банктік емес мекемеге айналады. Бір сөзбен тұжырымдап айтқанда, өтпелі кезеңнің әлі тұрақтанбаған банк жүйесі даму сатысында тұр.

Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен экономикалық қатынастың және даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі қандай шамада реттелетініне қарай банк ісін ұйымдастырудың екі тұрпаты бөліп көрсетіледі:

-мамандандырылған банк ісі, онда банктер мен банктік емес мекемелер операцияларының арасына қатаң шекара қойылады, соңғысы үшін заңға тыйымдар мен шектеулер енгізеді;

-барлық несие институттарына әр түрлі қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.

Банк жүйесінің даму үлгісімен бірнеше мемлекеттің банк жүйелерін келтірейік.

Ағылшын банк жүйесі Англия банкісінен (елдің орталық банк ісі), депозиттік банктерден (ақшалай салым ақшаны қабылдаумен және несиелеумен ғана айналысады), сауда банктерінен (сыртқы сауда саласында), достастық банктерінен (аса ірі 7 шетелдік банк), шетелдік банктерден, консорциумдік банктерден, есеп-қисап үйлерінен (қысқа мерзімді операцияларды орындайды, олардың саны - 9 ) және бірқатар банктік емес мекемелерден тұрады. Швейцария банктердің елі, әрбір 1, 5 мың тұрғынға бір банктен келеді. оның банк жүйесі 500-ден көп банктік ұйымдарды біріктіріп отыр. Бұл елде ұлттық банктерден басқа 3 банк категориясы бар:

- біріншісі - 3 аса ірі - Шверцарияның Біріккен банкісі, Шверцариялық несие банкісі;

- екіншісі - несиелеу мен есеп айырысуға маманданған, негізінен жергілікті салымшылармен жұмыс істейтін контоналдық, жергілікті және жинақ ақша банктері;

- үшіншісі - мнвестициялық портфельдерді басқарумен айналысатын жекеше банктер.

Шверцариялық банк жүйесінің айрықша белгісіне банктердің құпиялығы және банктермен инвестициялық компаниялар қызметтің бақыланатындығы жатады. Банктерге бақылауды орнатудың үш сатылы жүйесіне ие және оларды Федералдық Банк комиссиясы, Ұлттық банк, Швецариялық банктер

ассоциациясы жүзеге асырады.

АҚШ-тың банк жүйесіне Федералдық дамыған жүйе кіреді. Ол 12 федералдық резервтік банктен (жоғары деңгей) тұрады, 6 мың коммерциялық банк ФДЖ-ға мүше, ал ФДЖ-ға мүше емес комметциялық банктер Депозиттерді сақтандырудың федералдық корпорациясына кіреді, олардың саны шамамен 3 мыңдай болады және ФДЖ мен ДСФК-ге мүше емес банктер бар.

Жапонияның банк жүйесі Жапония Банкісін, коммерциялық банктерді, мамандандырылған несие институттарын, қаржы компанияларын, үкіметтік несие мекемелерін, пошталық-жинақ ақша кассаларын қамтиды.

Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т. б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді. Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:

-Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

-Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;

-Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;

-Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;

-Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

Орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.

Эмиссиялық банк ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол ─ елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары деңгейіндегі банк.

Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т. с. с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.

Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге несиелейді.

Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.

Қазақстан респбликасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды:жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ ҚазКСРның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:

- Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту;

- Несие беру;

- Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;

- Төлем құралдарын шығару,

- Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;

- Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни траст операциясын жүргізу) ;

- Клиенттерге кеңес беру.

Банктердің экономикадағы маңызын олардың олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту) ; актив (қаражатты орналастыру) ; комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.

Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердің экономикадағы ролі артуда.

1. 3. Қазақстандағы банк жүйесінің дамуы

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерілісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты. 1917 ж. қазан төңкерілісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекеттік монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктіріледі. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды. 1924 ж. ауыл шаруашылық копперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операциялар жүргізу рұқсат етілді. 1926 ж. 1 сәуір қарсаңында КСРО-да 16185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426 несиелік және сауда- жинақ мекемесі, сондай-ақ 12424 ауыл шаруашылық серіктестіктері болды .

Банк - заңға сәйкес банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы банктік жүйе
Банк қызметінің құрылу және тоқтатылу тәртібі
Әлемдік қаржы дағдарысы
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы туралы ақпарат
Менеджментгің басты ерекшелігі банк жүйесі шеңберіне банктік процедураларды ұйымдастырудың және экономикалық процестерді басқарудың бірегей технологиясын дамыту
Банктік қызметтің мәні
Тұтынушылық несиелендіру проблемалары мен жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы банктердің іс-жүзіндегі көрсететін қызметтер көрінісін талдау
Корпоративтік басқару жайлы
Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz