Отбасындағы ажырасу мәселесі


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1БӨЛІМ. АЖЫРАСУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ ... ...
1.1 Ажырасу конфликтілі жағдайлардың бір шешімі ретінде ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы ... ... ...
1.3 Ажырасу жағдайының жасөспрімнің эмоционалды.тұлғалық сферасына әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 БӨЛІМ. АТА.АНАСЫ АЖЫРАСҚАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АЖЫРАСУ ЖАҒДАЙЫНА БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Зерттеу нәтижелерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША
Қазіргі кездегі психологияда адамның қиын, жағымсыз, сыни жағдайлардағы психологиялық ерекшліктерін зерттеу өте өзекті болып отыр.
Сол өзекті мәселелердің бірі- отбасындағы ажырасу жағдайы. Біздің зерттеу жұмысымыз отбасындағы ажырасу жағдайының жасөспірімге тигізетін әсерінен болатын психологиялық ерекшеліктрді зерттеуге арналған.
Қазіргі кездгі ажырасу санының көбеюіне байланысты (әлеуметтанушылардың есебі бойынша, әрбір некелескендердің екіншісі ажырасады, осыдан он жыл бұрын әрбір үшінші жұп ажырасатын болған) ажырасқан адамдардың проблемаларын құрылымдық түрде шешу жолдарын іздеу, дағдарыстық жағдайларды жеңуге психологиялық көмек көрсету тек қана психология ғылымы үшін ғана емес, сонымен қатар, жалпы қоғамның алдында тұрған ең үлкен міндт болып табылады.
Отбасы мүшелері үшін, әсіресе, балалар үшін ажырасу үлкен психологиялық жарақат болып есептеледі. Ажырасу қандай себептерден пайда болмасын, оның өзінің адамдардың көбі елемейтін терең психологиялық негізі бар.Ол ажырасушы жұптар мен олардың балаларына және өмірлік іс-әректтерінің барлық жағына өз әсрін тигізе отырып, олардың физиологиялық және психологиялық денсаулығына да белгілі бір деңгейде кері әсері етеді. Отбасындағы ажырасу мәселесін кең ауқымда қарастырған авторлардың бірі С.С. Седельников бойынша, ажырасу жағдайында адам ішкі психологиялық әлеміндегі тұрақсыздығымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан да, мысалы, қарым-қатынас формасында, белсенді іс-әрекет барысында да тұрақсыздық көрсететіндігін атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар, ажырасқан адамдардан некенің құлауы, сол жағдайға бейімделу мен жаңа өмір стилінің пайда болуы туралы мәліметтерді бір мезгілде шешу талап етіледі.
Мамандардың айтуы бойынша, ажырасу кезінде үлкен эмоционалды күйзелісті әйелдер мен жасөспірімдер көп сезінеді. Әйлдер үшін қайғырулардың ауыртпалығы жөнінен ажырасу бала мен күйеуінің өлімінен кейінгі үшінші орында тұр. Ажырасудың әсерінен болған күйзелістер оларды белгілі дәрежде стреске шалдығуларына әкеледі.
Жұмыстың мақсаты: Ата-анасы ажырасқан жасөспірімнің ажырасу жағдайына бейімделудегі психологиялық ерекшеліктерді зерттеу.
Зерттеу пәні: Жасөспірімдердің ата-анасының ажырасу жағдайына бейімделудегі тұлғалық-эмоционалдық өзгерістерінің көріну жағдайлары.
Зерттеу обьектісі: Жасөспірімдер тобы (13-15 жас аралығы).
1. Сысенко В.А. Супружеские конфликты. М: Мысль, 1986
2. Навайтис Г. Психологические особенности распада супружеских отношении // Человек после развода / Под ред. С.Рапорт. Вильнюс, 1984. С.135-148
3. Тартаковский А.Д. Конфликты в сфере семейно-брачных отношений пути их устранения. М., Космо, 2004.-340с.
4.Крысько В.Г.Социальная психология. М: Владос-пресс, 2004.-446с.
5.Чуйко Л.В. Браки и разводы (Демагрофическон исследование на
примере УССР). М., Статистика, 1975.-175 с.
6. Думбляускас В. Противоречивость развода и его оценки // Человек после
развода / Под ред. С.Рапорт. Вильнюс, 1984. С 234-243
7. Швейнов В.Г. Конфликты в нашей жизни и их разрешения
М: 1988.-250с.
8. Реан А.А. Психология подростка. М.,Олма-пресс, 2005.-429с.
9. Аронс К. Развод: крах или новая жизнь? М., Мирт, 1995.- 440 с.
10. Нарицын Н.Н. Свадьба-развод и наоборот. М: Махаон, 2001.- 224.-З5с.
11. Фигдор Г. Дети разведенных родителей: Между травмой и надеждой /
Перевод с нем. Д. Виадра. М., Наука, 1995.- 367 с.
12. Соловьев Н.Я. Развод как предмет социологического исследования. М.,
Мысль, 1970. - 195 с.
13. Логушко Т. Как пережить развод.- СПб: Питер, 2002.-258с.
14. Валиева А.Б. Психологическая адаптация разведенных женщин в постразводный период. Дис. канд. псих. наук. А., 2005.- 165 с.
15. Антипов Е.Е. Введение в теорию адаптиции. М., 1991.- 24 с.
16. Драгуова Т.В. Проблема конфликта в подростковом возрасте// Вопросы
психологии №3, С.25-28.
17. Кузнецов П.С. Адаптация как функция развития личности. Саратов,
1991.- 406с.
18. Рапопорт С. Послеразводная ситуация в восприятии разведенных
//Вопросы психологии. №3.- 2001.С.49-57
19. Сермягина О.С. Эмоциональные отношения в семье. Отв. Ред. Л.Я.Гозман. Кишинев, Штиница, 1991.-85 с.
20. Фонтана Д. Как справиться со стрессом. Перри Г. Как справиться с кризисом. Брум А., Джеллико X. Как жить с вашей болью / Перевод с англ. М, Педагогика-Пресс, 1995.- 352 с.
21. Поливанова К.Н. Психология возрастных кризисов. М.,Академия, 2000.-184 с.
22. Эйдемиллер Э.Г., Юстицкий В.В. Семейная психотерапия. Л., Медицина, 1989. -192 с.
23. Калмыкова Е.С., Комиссарова С.А., Падун М.А., Агарков В.А.
Взаимосвязь типа привязанности и признаков посттравматического стресса
// Психологический журнал. 2002. Т.22. №6. С.89-97

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 57 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1300 теңге




РЕФЕРАТ

Бұл зерттеу жұмысы отбасындағы ажырасу мәселесіне, соның ішінде, біз
қарастыратын ажырасу жағдайына жасөспірімнің бейімделу ерекшеліктерін,
ажырасу жағдайының жасөспірімге әкелетін зардабының әсерінен болатын
тұлғалық-эмоционалды өзгерістерін зерттеуге арналған.
Жұмыс беттерінің саны: 46
Кестелердің саны: 10.
Гистограммалардың саны: 1.
Зерттеу мақсаты: Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына
бейімделудегі психологиялық ерекшеліктерді зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Әдебиеттерді талдау негізінде ажырасу мәселесін зерттеу.
2. Тұлғалық қасиеттердің эксперименталды зерттеуін жүргізу.
3. Ажырасу жағдайымен байланысты болған тұлғалық өзгерістер арасындағы
байланысты табу.
4. Ата-анасы ажырасқан және қалыпты отбасындағы жасөспірімдердің тұлғалық
қасиеттерін зерттеу.
5. Әдістемелерді өткізу.
6. Алынған мәліметтер бойынша салыстырмалы талдау жасау.
Әдістемелер: 1. К.Роджерс пен Р.Даймондтың тұлғаның әлуметтік-психологиялық
бейімделу деңгейін анықтауға арналған әдістемені жүргіздік. Бұл әдістеме
101 сұрақтан тұрады, әрбір пікірге тиісті жеті жауаптың біреуі беріледі.
2. Р.Кэттелдің 16-факторлық тұлғалық әдістемесі (жасөспірімдік вариант).
Бұл әдістеме 142-сұрақтан тұрады. Әдістеме қолдануда өте ыңғайлы және бізге
керекті барлық тұлғалық факторларды қамтиды.
3. Аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі. Бұл әдістеме Сакс-Леви модификациясы
бойынша алынған. Әдістеме 60-аяқталмаған сөйлемнен тұрады. Алынғаған
нәтижелер әртүрлі қатынасты анықтайтын тоғыз шкала бойынша өңделеді.
Алынған нәтижелердің расталынуы: Біздің жұмысымыздың болжамы көрсетілген
әдістемелердің көмегі арқылы өз дәлелін тапты. Айта кететін болсақ, ата-
анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделуінде олардың
тұлғалық және эмоционалдық жағынан өзгрістерге ұшырайтыны (Р.Кэттелдің 16-
факторлық сұрақтамасының нәтижесі бойынша) және жасөспірімдердің әлеуметтік-
психологиялық бейімделу ерекшеліктртері осы тұлғалық өзгерістермен тығыз
байланыстылығы (К.Роджерс пен Р.Даймондтың әлеуметтік-психологиялық
бейімделу деңгейін анықтауға арналған әдістеменің нәтижелерімен салыстыру
барысында) туралы зерттеу болжамымыздың дұрыстығын дәлелдейді.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1БӨЛІМ. АЖЫРАСУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ ... ...
1.1 Ажырасу конфликтілі жағдайлардың бір шешімі
ретінде ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы ... ... ...
1.3 Ажырасу жағдайының жасөспрімнің эмоционалды-тұлғалық сферасына
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 БӨЛІМ. АТА-АНАСЫ АЖЫРАСҚАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АЖЫРАСУ ЖАҒДАЙЫНА
БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК
ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеті,
болжамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Зерттеу әдістемелерінің
сипаттамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Зерттеу нәтижелерінің сандық өңдеуі мен сапалық
талдауы ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША

Кіріспе

Қазіргі кездегі психологияда адамның қиын, жағымсыз, сыни
жағдайлардағы психологиялық ерекшліктерін зерттеу өте өзекті болып отыр.
Сол өзекті мәселелердің бірі- отбасындағы ажырасу жағдайы. Біздің зерттеу
жұмысымыз отбасындағы ажырасу жағдайының жасөспірімге тигізетін әсерінен
болатын психологиялық ерекшеліктрді зерттеуге арналған.
Қазіргі кездгі ажырасу санының көбеюіне байланысты
(әлеуметтанушылардың есебі бойынша, әрбір некелескендердің екіншісі
ажырасады, осыдан он жыл бұрын әрбір үшінші жұп ажырасатын болған)
ажырасқан адамдардың проблемаларын құрылымдық түрде шешу жолдарын іздеу,
дағдарыстық жағдайларды жеңуге психологиялық көмек көрсету тек қана
психология ғылымы үшін ғана емес, сонымен қатар, жалпы қоғамның алдында
тұрған ең үлкен міндт болып табылады.
Отбасы мүшелері үшін, әсіресе, балалар үшін ажырасу үлкен
психологиялық жарақат болып есептеледі. Ажырасу қандай себептерден пайда
болмасын, оның өзінің адамдардың көбі елемейтін терең психологиялық негізі
бар.Ол ажырасушы жұптар мен олардың балаларына және өмірлік іс-әректтерінің
барлық жағына өз әсрін тигізе отырып, олардың физиологиялық және
психологиялық денсаулығына да белгілі бір деңгейде кері әсері етеді.
Отбасындағы ажырасу мәселесін кең ауқымда қарастырған авторлардың бірі
С.С. Седельников бойынша, ажырасу жағдайында адам ішкі психологиялық
әлеміндегі тұрақсыздығымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан да, мысалы, қарым-
қатынас формасында, белсенді іс-әрекет барысында да тұрақсыздық
көрсететіндігін атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар, ажырасқан адамдардан
некенің құлауы, сол жағдайға бейімделу мен жаңа өмір стилінің пайда болуы
туралы мәліметтерді бір мезгілде шешу талап етіледі.
Мамандардың айтуы бойынша, ажырасу кезінде үлкен эмоционалды
күйзелісті әйелдер мен жасөспірімдер көп сезінеді. Әйлдер үшін
қайғырулардың ауыртпалығы жөнінен ажырасу бала мен күйеуінің өлімінен
кейінгі үшінші орында тұр. Ажырасудың әсерінен болған күйзелістер оларды
белгілі дәрежде стреске шалдығуларына әкеледі.
Жұмыстың мақсаты: Ата-анасы ажырасқан жасөспірімнің ажырасу жағдайына
бейімделудегі психологиялық ерекшеліктерді зерттеу.
Зерттеу пәні: Жасөспірімдердің ата-анасының ажырасу жағдайына
бейімделудегі тұлғалық-эмоционалдық өзгерістерінің көріну жағдайлары.
Зерттеу обьектісі: Жасөспірімдер тобы (13-15 жас аралығы).
Өзектілігі: Отбасындағы ажырасу мәселесі қазіргі таңда өте өзекті
мәселелердің бірі болып отыр. Бұл жағдай тек ерлі-зайыптылардың ғана
эмоционалды күйзеліске ұшырауын қамтып қоймай,сонымен қатар, олардың
балаларына, әсіресе, жасөспірімдік шақтағы балаларына өзінше кері әсерін
тигізеді. Ажырасу мәселелерімен айналысатын ғалымдардың көбі бұл жағдайдың
әйелдерге әсері қандай және бейімделулері қалай өтетіндігін қарастырған.
Ал отбасындағы ажырасу жағдайының жасөспірімдерге әсері мен бейімделулері
қандай деңгейде өтетіндігі туралы зерттелген жұмыстар аз.
Сол себепті, біздің жұмысымыздан алынған нәтижелер ажырасу мәселесімен
айналысушы барлық мамандардың табысты жұмыстары үшін(әлеуметтанушылар,
психологтар, әлеуметтік жұмыскерлер т.б.), жалпы ажырасудың алдын-алу мен
шешу жолдары кезінде маңызды болады.
Тәжірибелік маңыздылығы: Біздің жұмысымыздан алынған нәтижелер мен
жасалынған қорытындылар арқылы отбасындағы ажырасу кезінде отбасы
мүшелеріне, әсіресе, жасөспірім шақтағы балаларға жүйелі көмек көрсету,
шиеленістерді болдырмау негізінде әртүрлі тренингтік жаттығулар өңдеп
шығаруда пайдасы бар.
Болжамдары: Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына
бейімделуінде өзіндік ерекшеліктер болады.
Жеке болжамдар: 1. Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің тұлғалық
дамуында өзіндік ерекшеліктер кездеседі.
2. Отбасындағы ажырасу жағдайына
байланысты жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуінде өзіндік
ерекшеліктер болады.
Зерттеу міндеттері:
1 Ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау.
2 Әдістемелр мен таңдауларды жасау.
3 Әдістемелерді эксперименталды топтарға және
бақылау тобына өткізу.
4 Зерттеу нәтижелері бойынша салыстырмалы талдау
жасау.
5 Салыстырмалы талдау негізінде талдау жасау.

1 БӨЛІМ. АЖЫРАСУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ

1.1 Ажырасу конфликтілі жағдайлардың бір шешімі ретінде

Ғылыми әдебиеттерде сәтсіз құрылған отбасы туралы классификациялар әлі
жоқ. Сәтсіз құрылған некелік жұптарды конфликтілі, кризистік және проблемді
деп бөліп көрсетуге болады.
Конфликтілі ерлі-зайыптылар жұбы деп арасында болатын
қызығушылықтары мен қажеттіліктері үнемі қақтығысқа түсіп, жағымсыз, өте
күшті эмоционалды күй тудыратын жұптарды айтады. Дегенмен, ерлі-зайыптылар
жұбы некені күшейтіп, ұстап тұратын басқа факторлардың арқасында ұзақ
уақытқа сақталуы мүмкін, сонымен қатар, мұндай жағдай бір-біріне
жолбермеушілік пен компромистік шешімдерге келудің көмегі арқылы да болады.

Кризистік ерлі-зайыптылар жұбы деп жұбайлардың қызығушылықтары мен
қажеттіліктерінің қарама-қайшылығы ерекше сипатта болып, отбасының маңызды
деп саналатын өмірлік іс-әрекет сарасын да қамтиды. Мұндай некеде жұбайлар
бір-бірімен татуласпайтын, тіпті бір-біріне деген қарым-қатынаста дұшпандық
позицияда болуларына дейін барады. Бұл кезде олар бір-біріне жол
бермеушілікке және компромистік шешімдерге келуге де келіспейді. Кризистік
некелік жұптарға құлдырауға жақын қалған немесе құлдырап кеткен
отбасылардың барлығын жатқызуға болады.
Проблемді ерлі-зайыптылар жұбы деп өмір жолдарындағы ерекше
қиындықтағы жағдайлар пайда болып, некенің тұрақтылығына соққы әкелетін
(мысалы, баспананың болмауы, жұбайлардың біреуінің ауыр немесе ұзақ
мерзімді ауруға шалдығуы, отбасын қамтамасыз етуге қажетті қаражаттың
жоқтығы, қылмыс жасап бас бостандығынан ұзақ мерзімге айырылу және тағы
басқа сияқты болатын өмірлік жағдайлар) мәселелер.
Некенің тұрақтылығы немесе тұрақсыздығын
жұбайлардың тұлғалық және эмоционалды-психологиялық қажеттіліктерінің
қанағаттануы арқылы қарастырады. Өйткені, некенің тұрақтылығы тек
материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар,
эмоционалды-психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға да байланысты
болады. Отбасын құрған жұбайлар көп жағдайда өздерінің ұзақ уақытқа
созылған конфликтілерін ажырасу арқылы шешеді [ 1, 111 – 118 бб. ].
Қазіргі жағдайда бұл мәселе өте өзекті болып отыр, себебі көптеген
мемлекеттерде ажырасу саны күн өткен сайын өсіп келеді.
Осының дәлелі ретінде мынандай статистикалық мәліметтерді келтіруге
болады: 1999 жылдары Қазақстанда бір мың адамға 6,3 некелесу және 3,7
ажырасу жағдайы тіркелген. Сонымен қатар 25-40 жас аралығындағы некелесулер
соңы ажырасумен аяқталып,осыған қоса бұл отбасылардың көпшілігінде
жасөспірім шақтағы балалары болатыны анықталған.Авторлардың көпшілігі
отбасының бұзылуын және ажырасуын жасөспірімдерге кері әсер тигізетіндігі
жайлы айтады. Осы ажырасуға негіз болатын және де ажырасқаннан кейін әсер
ететін көптеген факторларды есепке алу қажет: ажырасудың себептері балаың
отбасынан ата-анасының біреуінің кетуіне қаншалықты дайын болғандығы,
нақты жағдайдағы ата-ананың мінез-құлқы, ажырасу жағдайынан кейінгі
жасөспірімдердің бейімделуі және т.б.факторлар.
Ең алдымен мына жағдайларды ескеру қажет:
- жасөспірімдердің ата-анасының ажырасуына көрсеткен эмоционалды
реакциялары;
- отбасындағы ажырасу жағдайына бейімделу кезінде пайда болған
проблемалар;
- ажырасудың жасөспірімнің болашағына, тұлғалық дамуына тигізетін әсері.
С.С. Седельников бойынша, ажырасу жағдайында адам ішкі психологиялық
әлеміндегі тұрақсыздығымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан да, мысалы, қарым-
қатынас формасында, белсенді іс-әрекет барысында да тұрақсыздық көрсетеді.
Отбасының құлдырауы моральдық-психологиялық және әлеуметтік ұстанымдарының
тек қана ішкі жағдайда субъектінің жекедара өмірінде ғана емес сонымен
бірге өзі өмір сүретін микроортада да қалыптасуына алып келеді [2, 145-
154бб. ].
Көптеген жұмыстардың ішінде ең жақсы қорытылған еңбек – ажырасқан
әйелдер мен балаларының проблемалары туралы жазылған Гельмут Фигдордың
еңбегі. Г. Фигдордың ойы бойынша, ажырасудан кейінгі дағдарыстың ұлғайып
кетуіне екі себеп бар: яғни, біріншіден, ол ажырасудың салдарынан болатын
баладағы әртүрлі жағдайларда өзіне жауапкершілік ала алмауы, екіншісі –
баламен қалған әкесінің немесе анасының дағдарысы.
Ажырасқан әйелдер мен ер адамдардың көпшілігі біраз уақыт өткеннен
кейін қайтадан отбасын құруды шешеді (кейбір мәліметтер бойынша 83% ер
адамдар және 76% әйелдер). Екінші рет отбасын құрғанда олар өз қарым-
қатынасын қадірлей біледі, өз міндеттерін жақсы орындайды, барлық нәрсеге
салмақпен қарайды [3, 49-56 бб. ].

1.2 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы

Отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауы және ерлі-зайыптылар
арасындағы конфликтілердің болуы әсіресе ажырасу статистикасынан анық
байқалады.
Ажырасу – бұл отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауының, ұрыс-керіс,
жиналған ашу-ыза, реніш және келеңсіздіктердің ұзақ уақытқа созылуының
мәресі.
Психологтар мен әлеуметтанушылар алдында тұрған үлкен мәселе нақты
неке жұптарының құлдырауының бірлік фактісі емес, ажырасу жағдайының
әлеуметтік мәселелері мен отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауына әкелетін
жағдайлардың жиынтығын қарастыру болып табылады. Мысалы, ажырасу саны 1980-
ші жылдармен салыстырғанда 1996 – шы жылдары 4,6 есе өсті, бұл неке-
отбасылық қарым-қатынаста маңызды өзгерістердің болғандығын көрсетеді. Бұл
өзгерістер, ең алдымен, маңызды әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен
байланысты: қоғамдық өндірісте әйелдердің жоғары деңгейде орын алуы,
әйелдердің білім деңгейлерінің күрт көтерілуі, әйелдердің аналық және
өндірістік фукцияларының арасында қарама-қайшылық жүйелерінің пайда болуы
[4, 255-258 бб.].
Ажырасу мәселесінде оның географиясы да өте маңызды. Біршама жоғары
деңгей көршілес Украина және Белорусия елдерінде деп көрсетілсе, Орта Азия
мен Кавказ елдерінде ажырасу деңгейі бұлармен салыстырғанда 2 – 3 есе
төмен. Әйтсе де, бұған мәдени-тарихи және этнографиялық ерекшеліктер,
сақталған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, отбасында патриархалдықтың
кейбір элементтерінің болуы және т.б. себеп болады.
Ажырасу динамикасын қарастырудағы маңызды тағы бір нәрсе - ол ауыл
тұрғындарының арасында ажырасу, қала тұрғындарымен салыстырғанда, 2 – 3 есе
төмен болуы.Бұл жерде басқа да статистикалық заңдылықты ескеру керек:
тұрғындардың есеппен 1000 адамына ажырасу саны қалалардың көлемінің өсуіне
байланысты болады [5, 55-67 бб. ].
70-ші жылдардың басында демографтар мен әлеуметтанушылар ажырасудың
мотивтерін талдауды бастаған болатын. Мұндай зерттеулерді әр түрлі
қалалардың зеттеушілері жүргізді (Л.В. Чуйко – Киев, В.Д. Чечот –
Ленинград, В.Т. Колокольников – Минск) және т.б Олар ажырасудың мотивтері
мен себептерінің түрлі классификацияларын ұсынды, олар өте көп, бірақ ең
маңыздыларына тоқталып өткенді жөн санаймыз.
Ең алғашқы ажырасудың мотивтері мен себептерінің классификациясын
ұсынған Н.Я. Соловьева болды. Ол мынандай себептер: 1. ерлі-зайыптылардың
біреуінің ауруы; 2. баланың болмауы; 3. мәжбүрлі айырылысу; 4. өгей
балалардың болуы; 5. физикалық күш көрсету; 6. көзге шөп салу, басқа
отбасының болуы; 7. маскүнемдік; 8. мінездердің сай келмеуі; 9. екі жақ ата-
аналарының араласуы; 10. басқа біреуді жақсы көріп қалу; 11. дін,
әлеуметтік жағдайлардың сәйкессіздігі және т.б.
Көріп тұрғандай, классификация отбасылық өмірдің сыни жағдайларының
көптеген жақтарын қамтиды. Бұлардың барлығы шын мәнінде өмірде бар және
некені бұзуға себебін тигізеді.
Н.Г. Юркевич ажырасудың мотивтері мен себептерінің біршама басқаша
классификациясын ұсынды: 1. ерлі-зайыптылардың мінездерінің сәйкессіздігі;
2. жұбайлар сенімдерінің бұзылуы; 3. ата-анаға деген қарым-қатынастың нашар
болуы; 4. маскүнемдік; 5. некеге махаббатсыз түсу немесе жеңілтектік күйде
болу арқылы некеге түсу; 6. жұбайлардың біреуінің бас бостандығынан 3 жыл
немесе одан көп ұзақ уақытқа айырылуы. Сонымен, Н.Г. Юркевич Н.Я.
Соловьеваның классификациясын толықтырғанын байқаймыз.
Ажырасу мотивтерінің жаңа аспектілері Н.В. Колокольниковтың
классификациясында байқалады: 1. маскүнемдік; 2. мінездерінің
сәйкессіздігі; 3. басқа адамға көз салу; 4. некеге жеңілтектікпен отыру; 5.
ұзақуақыттық бөлектенушілік (объективті себептерге байланысты); 6.
қатыгездік; 7. бас бостандығынан 3 жыл және одан да көп жылға айырылуы; 8.
физикалық және жан ауруларына шалдығу; 9. ата-аналардың және басқа
туысқандардың араласуы; 11. әйелдің бала көтере алмауы; 12. басқа да
себептер [6, 75-88 б].
Көрініп тұрғандай, бұл классификация алдыңғы екеуін толықтырады.
Осыдан келіп, ғылыми тұрғыдан ажырасу жағдайының жаңа аспектілері және
ажырасу мотивтерінің көлемі кеңейе беретіндігін байқауға болады. Ажырасу
жағдайы мотивтерінің әртүрлілігіне байланысты бұл мәселе бойынша мотивтерді
объктивті емес, субъективті түрде талқылау қажет етіледі. Ажырасушы
жұптардың ажырасуының субъективті мотивтері әрқашан әр түрлі болады. Мұндай
мотивтер арқылы некені бұзушылардың шынайы себептерін талдау қиынға түседі.
Кей кездері шынайы мотивтер басқалармен ауысуы мүмкін. Мысалы, күйеуі
әйелінің отбасында лидер болуын қаламаса, сотта ол ажырасудың себебі
әйелінің нашар адам, өзінің үй шаруасын дұрыс атқармайтындығымен түсіндіруі
мүмкін.Сол үшін шынайы себепті анықтау ажырасу процесінің материалын
зерттеу кезінде қиындық туғызады.
Ажырасу туралы шешім - әйел мен ерінің өмірлеріндегі маңызды оқиға.
Бұған ұзақ уақыттық мотивация процесінің жүруі кіреді. Бұл - тұлғалық
қажеттіліктер мен қызығушылықтар, көзқарастар, құндылықтық бағдарлары
жағынан қалыптасқан көзқарас бойынша жан-жақты қарастырылып қабылданған
шешім. Бұл - мінез-құлықтың өте күрделі формасы, оның шартты атауы ажырасу
мінез-құлқы.
Ажырасу процесі мотивтерінің ар жағында біз есепке алмайтын басқа да
себептер мен мотивтер жатуы мүмкін. Мысалы, мінездеріміз сәйкес келмейді
деген стереотипті ойлау. Егер жұбайлар бірнеше жылдар бойы бірге тұрып,
арман-тілектерін сәйкестендірген болса, мінезіміз сәйкес келмеді деген
себеп туындамауы қажет [7, 138-148 бб.].
Осы мәселемен айналысатындардың зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей,
ажырасу жағдайы кезінде ең көп эмоционалды күйзеліске түсетін- бұл
әйелдердер мен балалары дейді. Бірақ, ата-аналардың көбі болған жағдайдың
баласына, оның ішінде, бойында тұлғалық, физиологиялық өзгерістер болып
жатқан жасөспірім шақтағы баласына қалай әсер ететіндігін, оған ата-
аналарының арасында таңдау жасау қандай қиын тиетіндігін мүлдем
ескермейтіндер кездеседі. Жасөспірімдік шақтағы балаларда көптеген
өзгерістер болып, қажеттіліктер аясы кеңейе түседі. Соларға шолу жасап
өтуді жөн көріп отырмыз. Сондай қажеттіліктердің бірі- өзара қарым-қатынас
қажеттілігі.
Жасөспірімдік кезеңде балалардың ата-анасымен әңгімелесуі азайып,
керісінше, құрбы-құрдастарымен сөйлесуі көбейеді. Осыған байланысты
көптеген зерттеулер жүргізіліп, мынандай нәтижелер алынған болатын:
анасымен араласқанды қалайтындар тек 31 % , ал әкесімен сырласып-
мұңдасатындар- 9,11% (Кон И.С.,1989). Кон И.С. ата-ана мен баланың арасында
пайда болатын бөгетке: ата-ананың баланың ішкі жан дүниесінде болып жатқан
өзгерісті сезбеу және байқап білуге құлықсыздық, жасөспірімді автономиялық
нақтылық деп танымау т.б. себеп болады дейді.
Олар мені тыңдағысы келмейді!- бұл жасөспірімдік шақта ең көп
кездесетін үлкендерге наразылық, арыз-шағымдардың бірі. Зерттеулер
нәтижелерінен анықталғандай, жоғарғы сынып оқушыларының ата-анасымен
түсінісу, олармен ашық сөйлесу және жақсы араласу жетінші, тоғызыншы
сыныптар аралығында күрт төмендейтіндігін көрсетті. Осыдан келіп, ата-
аналарға арналған уақыттың басым бөлігі құрдастарға кететіндігі сұрау
жүргізу барысында анықталған (Кон И.С.). Сол себепті, ата-аналар осындай
өзгерістерді есепке алып, олардың әртүрлі жағдайларда мінез-құлқын реттей
алуына көмек беріп отырулары қажет.
Отбасына деген қарым-қатынас өсе келе өзгереді. Олардың ата-анасының
орнын енді құрдастары басатын болады (Х.Ремшмидтің айтуынша бұл ата-ананың
құнсыздануы). Жасөспірімдрдің басым бөлігі үшін ата-ана, әсіресе, аналары
оларға ең эмоционалды жақын адамы болып саналады.
Неміс психологтары жүргізген зерттеулер мынандай қорытындыға келген:
жасөспірімнің басындағы қиын сәттерінде оның ең жақын және сенімді адамы
анасы, ал одан соң жағдайдың қиындығына қарай, келесі кезекте әкесі немесе
достары тұратын болып шыққан.
Алайда, сен өміріңдегі қиын сәттерде кіммен ақылдасар едің? деген
сұрақ қойғанда ер балалар да, қыздар да бірдей бірінші орынға аналарын
қойған. Ер балалар үшін әкелері екінші орында болса, қыз балаларда достары
екінші орынды алып отырған. И.С.Кон осы мәліметтерге сүйене отырып, кез-
келген жасөспірім қиын кезеңде анасына жүгінетіндігін анықтады.
Жасөспірімдер үшін ата-аналардың маңызды функциясы- балаға өмірлік қиын
мәселелерді шешуде көмектесу, түсіндіру, ақпараттандыру, өмірлік қырларды
бағалауда өз әсерін тигізу. Жасөспірім ересектрдің әлеуметтік рөлін игеруге
интенсивті түрде беріледі, оның қарым-қатынас жасайтын ортасы тез ұлғаяды
және өзбетінше болуға барынша ұмтыла отырып, өздеріне өмірлік тәжірибені,
үлкендердің көмегін өте қажет етеді. Ата-аналарының бұл рөлдерін
жасөспірімдер өздері де сезеді. Міне, жасөспірімдерде осы сияқты тұлғалық
өзгерістерді есепке ала отырып, қиын жағдайларда, әсіресе, отбасындағы
ажырасу жағдайында олардың тұлғалық қасиеттері мен бейімделулері қалай
өзгеретіндігін анықтап көрейік.

1.3 Ажырасу жағдайының жасөспірімнің эмоционалды-тұлғалық сферасына
әсері

Отбасындағы ажырасу жағдайы тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды-
тұлғалық сферасына әсер етіп қоймай, сонымен қатар,олардың
балаларының,әсіресе,жасөспірімдік шақтағы балаларының эмоционалды-тұлғалық
сферасының бұзылуын да қамтиды. Бұл жерде біз жасөспірімнің ата-анасы
ажырасуын қалай қабылдайтынын, қандай реакциялар болатындығын немесе бұл
жағдайда балада қандай күйзелістер туындайтынын түсінгіміз келеді. Бірақ
ажырасуды қайғыру кезеңінде нені түсінуіміз керек, және бұл қайғыру басқа
қайғылармен салыстырғанда қандай? деген мәселе туындайды. Бала үшін
ажырасудың заң түріндегі актісінің ешқандай жанама ролі жоқ, яғни оның ата-
анасы заңды түрде некеде ме, жоқ әлде заңсыз түрде ме - ол оған маңызды
емес. Бірақ кей кезде ата-анасы заңды түрде некелескен болса да, заңды
түрде ажырасу отбасылық қарым-қатынаста тек қосымша рольде болуы мүмкін.
Мысалы, ажырасудан кейін де ата-аналар кейбір кезде әрі қарай да жалғасымды
түрде бірге тұра береді.
Сонымен, біз мынадай ой түйініне келеміз, ата-аналардың ажырасуын
міндетті түрде ажырасудың психологиялық моменті деп белгілеу қажет.
Себебі, көптеген ажырасуларға ата-ананың ұзақ уақыттық конфликтілері түрткі
болуы мүмкін деген дәлел жиі кездеседі. Ата-ананың ұзақ уақыттық
конфликтілері кезінде олар бірнеше рет ажырасып, қайта қосылуы мүмкін.

Ата-ананың осындай уақытша ажырасулары әрбір баланың өмірінде маңызды роль
атқарады. Ажырасудың ұзақтығы ажырасу жағдайын қайғырудың критериі болып
табылады. Мысалы, кейбір балалар өзінің анасын немесе әкесін бір ай немес
бір жыл бойы асыға күтеді. Олар мұңаяды, бірақ, дегенмен, денсаулықтары сау
қалпында болады. Ал кейбір балалар ажырасқанның ертеңінде-ақ бірден
өзгеріп, мүлдем басқа болып кетеді,яғни бұл баланың ажырасуды қалай
түсінетіндігіне байланысты: әкесі немесе анасы мәңгіге кетіп бара ма, жоқ
әлде қайтадан қайтып келе ме деген ойлардың мазалауы. Ажырасу басқа барлық
айырулардың түрінен (ата-ананың біреуінің өлімін қоспағанда) несімен
ерекшеленеді; бұл дегеніміз соңғы шешім бе, қайтып келместік немесе
үйреншікті жағдайлардың өзгерісі ме; әдетте, бұл жағдай балаға анасы мен
әкесі ажырасады деп жариялауды естіген кезде пайда болады, яғни балаға
әкесі (немесе шешесі) мәңгіге кетіп барады, әкесі немесе шешесі олармен
енді қайтып тұрмайды, және т.б. деп айтқан уақытта туындайды. Бұл жағдай
ажырасушылықты-жоғалтып алушылыққа айналдырады [ 8, 37-57 бб. ].
Балаға өзінің аффектілерін көрсетуге мүмкіндік беру, ұзақ әңгімелесу
кезінде анық қайғысын бөлісу және онымен қорқыныштары жайлы сөйлесу,
коалиция жасауға тырыспау, яғни басқа ата-ананы кінәламау, осыған
байланысты болған конфликтілерді балаға жүктемеу – бұлардың барлығы бала
үшін күрделі жағдайда ата-аналардың көрсететін көмектерінің алғашқы
қадамдары болып табылады.
Бала үшін ажырасу жағдайының маңыздылығын бағаламауға әкелетін ата-
ананың күнә сезімі оларды иллюзияға сенуге немес баласы үшін ажырасу
ешқандай қорқыныш тудыратын оқиға бола қоймас дегенге үміттеніп, осы
себептерге байланысты ата – аналар баланың жан айқайын байқамайды немес
оларды көрсетуге кедергі келтіреді. Мұндай ата-аналардың жағдайын ажырасу
арқылы келтірген ауырлықты өз жауапкершілігіне алғысы келмейтіндігімен
түсіндіруге болады [9, 220-258 бб. ].
Жауапкершілікті өзіне ала алмау, өтірік айту, жасыру, күнәні басқа
адамға жабу тек ажырасудан кейінгі алғашқы көмекке ғана кедергі келтіріп
қоймай, көптеген балалардың психикалық жағдайларының нашарлауының екі
негізгі себептерінің бірі болып табылады. Баланың ажырасуға деген
реакцияларын ата-аналар дұрыс түсінбей, олар баланың кризистік жағдайдан
шығуына мүмкіндік бермейді. Ата-аналар баланың мінез-құлқы, жан айқайы
ажырасумен байланысты екендігін түсінбейді. Баланың мінез – құлқындағы
өзгерістерді ата-ананың сындары мен кінәлаушыларының өзара байланысты
екендігін де түсінбейді. Бала көмекке сенгеннің орнына, одан сайын өзін
жалғыз сезініп, ажырасу жағдайына тән аффектілер мен қорқыныштар одан сайын
күшейе түседі. Нәтижесінде, ата-анамен конфликтіге апаратын мінез – құлық
ата – ананың жан қуатын, ескермеушілер мен сындардың жұмсауын талап етеді
[10, 277-282 бб. ].
Әр жыл сайын ажырасудың әсерінен толық емес отбасының санына 700 мың
отбасы қосылып отырады, ең ауыры, бала ата – анасының біреуінде
тәрбиеленеді, ажырасу баланың психикалық дамуына кері әсерін тигізеді.
Толық емес отбасы – бұл толық емес, үзілді – кесілді байланыстағы,
дәстүрлі қарым – қатынас жүйесі жоқ кіші топ: ана - әке, әке – бала, ана –
балалары, бала – ата - әже. Толық емес отбасында психологиялық климат
бұзылады, оған тән нәрсе шеттетілу, қоғамнан тыс қалу. Көбінесе толық емес
отбасы - ананың бір немес одан да көп балалармен болуы. Мұндай отбасында
ана өзіне тән емес көптеген қызметтерді атқаруға мәжбүр болады, сонымен
қатар толық емес отбасында балалар біржақты феминистік тәрбие алады.
Вильям Сатирдің айтуы бойынша, толық емес отбасындағы бала тұтастай ер
адамды және тұтастай әйел адамды елестете алмайды және түсіне алмайды.
Баламен қалған ата – ана үшін екінші жоқ анасы немес әкесі туралы
негативті, яғни, жағымсыз ой қалыптастыру қиын емес. Балаларымен қалған
әйел балада барлық еркектер сондай жаман деген ойдың қалыптасуына барынша
күш салуы мүмкін. Осыны естіген ұл бала әрең дегенде ер адам болу жақсы
емес дегеніне сенеді, сол себептен ол өзінің де жақсы емес екендігіне күмән
туындайды [11, 177-181 бб. ].
Екінші рет тұрмыс құрған анасы мен тұратын ұл балаларда жалғыз басты
анасымен тұратын балалармен салыстырғанда үрей аз болады, әлеуметтік жүріс-
тұрысы бағытталған және танымдық мүмкіндіктерін көп көрсететіндігі
анықталған.
Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, қайта некелесуде ең алдымен, алдыңғы
отбасынан келген балалармен қарым-қатынастың қалыптасу мәселесі тұрады.
Жасөспірімдік кезеңде балалар өгей әкенің немесе өгей шешенің болуына әрең,
қиындықпен үйренеді. Сондықтан да қайта некелесуде алғашқы жылдар стресске
толы болады.
Балалар толық емес отбасында өскендіктен, олар ер мен әйелдің
арасындағы қарым-қатынастың толық үлгісін елестете алмайды. Педагогтар
жүргізген зерттеу материалдары көрсеткендей, жасөспірімдердің оқу үлгерімі
көбінесе отбасылық қарым-қатынас, отбасының тұрақтылығы немесе дұрыс
ұйымдаспауына тәуелді болады. Шын мәнінде де, толық отбасында баланың мінез-
құлқын бақылау сапалы түрде болады. Көп жағдайларда кәмелетке толмаған заң
бұзушылардың арасындағылардың көбін толық емес отбасынан шыққан
жасөспірімдер құрайды.
Криминология аумағымен заң психологиясының мамандарының көрсеткіштері
бойынша, жағымсыз отбасылық орта көп жағдайда жасөспірімнің қалыптасып келе
жатқан тұлғасына әсер етіп оны әлеуметке қарсы әрекеттер жасауға
итермелейді [ 12, 229 -355 бб. ].
Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің көбі бақытты жұп құруға өте
тырысады және өз ата-анасының қателіктерін қайталамауға, әуелі балаларына
қатысты ата – насының жіберген қателіктерін өз балаларына қайталамауға
үлкен талпыныстар жасайды.
Жоғарыда айтылғандай, ата – аналардың ажырасуы жасөспірімнің өз жеке
отбасыларына әсері жоғары болады. Сонымен қатар, ажырасудан отбасындағы
жасөспірімдер өз қатарластарына қарағанда ертерек үйленіп, өзіне жетіспеген
эмоционалды жылулықты өзі қалыптастыруға, өз сәйкестілігін табуға тырысады.
Алайда мұндай ерте некелесулер көп жағдайда ажырасуға алып келеді.
Ата-ананың ажырасуы жасөспірімнің құндылық бағыттарының қалыптасуына
да әсерін тигізеді. Зерттеулер нәтижесінде 18 – 19 жастағы ата – анасы
ажырасқан студент жастардың өмірлік құндылықтар иерархиясы – эмоционалды
жақындылық, шынайы махаббат, бақытты отбасылық өмір және т.б. деген өмірлік
құндылықтарды құраса, ал толық отбасындағы студенттер жоғарыдағылармен
қоса, өз мүмкіндіктерін, қабілеттіліктерін максималды түрде пайдалана білу,
яғни өзін - өзі жетілдіру, дамыту құндылықтарын да маңызды деп санауды жөн
көрген [ 13, 45-60 бб. ].
Сонымен қатар, көптеген зеттеулердің нәтижесі бойынша – ажырасу
фактісі емес, ажырасудан кейінгі қалыптасқан қарым-қатынастың сипаты
маңызды деп санайды. Отбасындағы ажырасу жағдайының жасөспірімнің
эмоционалды-тұлғалық сферасына әсерін көптеген ғалымдар зерттей келіп,
ажырасқаннан кейінгі екінші жылдың аяғында жасөспірім мінез-құлқы
ажыраспаған, бірақ үнемі, жиі конфликтіде болатын ата-аналардың балаларымен
салыстырғанда агрессивтілігі әлдеқайда төмен екендігі анықталған.
Осы айтылғандардың барлығын ескере келіп, жалпы тұлғаның бейімделу
мәселсіне тоқталуды жөн көріп отырмыз. Адам тағдыры көбінесе оның бейімделу
деңгейімен анықталады- бұл дегеніміз, өмірде болатын әртүрлі жағдайларға
бейімделу, туа пайда болған және өмір сүру барысында қалыптасқан
қабілеттердің болуы. Зерттеушілердің айтулары бойынша, бейімделу деңгейі
тәрбиелеу, оқыту, өмір бейнесі мен жағдайының әсерінен жоғарылап немесе
төмендейтіндігін көрсеткен.
Бейімделудің ең ауқымды түрі- психологиялық бейімделу. Психолгиялық
бейімделу бұл тұлғаның ішкі әлемінің әлеуметтік және әлеуметтік-
психологиялық орта талаптарына адамдардың әлеуметтік функцияларын орындау
қызығуларына байланысты қоғамдық өмірдің мазмұнына жақындай түсу процесі.
Мұны тұлғаның іс-әрекеті мен өмірінің ішкі және сыртқы жағдайларының
үйлесімділігі, оның әлеуметтік және табиғи ортаны белсенді меңгеруінен
көруге болады.
Американдық ғалым У.Джеймс және оның ізбасарлары (Р.Лазарус, И.Гаккер,
Л.Фестингер және т.б.) бейімделу мәселесін кеңінен қарастырған болатын. Бұл
бағыттың өкілдері тұлға бейімделуінің қайнар көзін жеке адамның тәжірибесі,
дайындық деңгейінің бар болуы және іс-әрекет пен өмір жағдайларының нақты
талаптарының арасындағы байланыстардың болуы деп қарастырады [14, 150-
158бб. ].
Батыстық психологияның психоаналитикалық бағыттарының өкілдері
(З.Фрейд, Э.Берн,А.Адлер, Э.Эриксон және т.б.) тұлғаның бейімделуінің
қайнар көзі ретінде адамның қажеттіліктерінің оның қызығушылықтарына,
қоршаған ортаның нормативті талаптарына, әлеуметтік нормалары мен
ережелеріне сай келмеуінің нәтижесінде пайда болатын конфликтілер деп
санайды.
Ал позитивистер өкілі (А.Бандура, А.Маслоу, Г.Олпорт және т.б.)
тұлғаның бейімделуінің қайнар көзін негізін әлеуметтік кедергілер (тек
нормативтік сипатта ғана емес) құрайтын қоршаған ортамен болатын
конфликтілер деп есептейді. Олардың айтуынша, бұлар тұлғаның өзіндік даму
процесін қиындатады.
Бейімделудің келесі бір түрі- ол әлеуметтік бейімделу. Әлеуметтік
бейімделу теориясын алғашқылардың бірі болып орыс әлеуметтанушысы
А.А.Богданов өңдеп шығарды. Оның айтуынша, әлеуметтік бейімделу биологиялық
бейімделуден ешқандай артықшылығы жоқ, сондықтан ол адамдардың кәсіби іс-
әрекет және кәсіби міндеттрімен тығыз байланыстырады.
Сонымен, әлеуметтік бейімделу- бұл әлеуметтік-рөлдік байланыс пен
қарым-қатынасқа ену нәтижесінде тұлғаның әлеуметтік нормаларды, ережелерді,
құндылықтарды, әлеуметтік тәжірибені, әлеуметтік қарым-қатынас пен
әрекеттерді меңгеруі [15, 75-84 бб. ].
Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі екі деңгейде жүзеге асырылады:
- өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық деңгейінде- тұлғаның
әртүрлі әлеуметтік-психолгиялық рөлдерді орындауы кезінде пайда болған
тұлғаның қоғамдық-психологиялық байланысы мен қарым-қатынас жүйесіндегі
байланыстың болуы. Сондықтан, тұлғаның әлуметтік-психологиялық
бейімделуін жеке бөліп көрсетеді;
- тұлғаның кәсіби, танымдық және басқа іс-әрекеттік байланысы мен қарым-
қатынасы бір жүйеде қарастырылады.
Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бейімделуі- бұл оның блгілі бір
әлеуметтік-психологиялық статусты иемдену және қандай да бір әлеуметтік-
психологиялық рөлдік функцияларды меңгеру процесі.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу процесі кезінде тұлға өмір мен іс-
әрекеттің ішкі және сыртқы жағдайларының арасындағы үйлесімділікке жетуге
ұмтылады. Ол неғұрлым жүзеге асқан сайын тұлғаның бейімделуі жоғарылай
түседі. Толық бейімделу кезінде қандай да бір жағдайларда адамның қоршаған
орта жағдайлары мен оның іс-әрекетінен берілген психикалық іс-әрекет
адекваттылығы жүзеге асырылады.
Тұлғаның бейімделуі мынандай болуы мүмкін:
- ішкі, бұл тұлғаның өмір сүру ортасы мен іс-әрекетінің тасымалдануы
кезінде оның функционалды құрылымы түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда
тұлғаның сыртқы мінез-құлық формалары да, іс-әрекеті де сыртқы орта
күтімдеріне және сырттан келетін талаптарға сәйкестеніп өзгереді;
- сыртқы (мінез-құлықтық, ыңғайланушылық), бұл кезде тұлғада іштей
мазмұнды өзгерістер болмайды және ол өз-өзін, өзінің өзбеттілігін
сақтайды;
- аралас, бұл кезде тұлға қоршаған ортаға біртіндеп іштей икемденіп,
өзгере бастайды. Оның құндылықтары, нормалары да біртіндеп өзгеріп,
мінез-құлықтық бейімделулер болады, бірақ өзінің Мені мен өзбеттілігін
сақтайды.
Бейімделу мәселесін өте жақсы қарастырған психологтардың бірі
Э.Фроммның айтуынша, адам өзіне қажетсіз, жағымсыз әлеуметтік құбылыстарға
да бейімделе алады, мысалы құлдыққа, диктатураға және т.б. Бірақ бұл
бейімделу адамға зардап әкелу арқылы өтеді- тұлғаның моральдық және
интеллектуалды қасиеттерінің деформациялануы, эмоционалды бұзылыстардың
болуы ақыр соңында қоршаған ортаның өзгеруіне әкеледі, себебі, адам өз
табиғатын өзгерте алмайды. Э.Фромм адамда болатын бейімделу процесінің
перманенттілігі идеясын ұсынған болатын. Бұл идея бойынша, тұлғаның
дезадаптациясының позитивтілігі тұлға дамуының қайнар көзі деп есептеген.
Осылайша,тұлғаның бейімделе алмауы Э.Фромм бойынша оның өмір сүруіне сай
келмейтін жағдайлардан қашып құтылмайтындығымен түсіндіреді. Бұл ойлар өз
қолдауын А.В.Петровский мен В.А.Петровскийлардың зерттеулерінде тапты.
Дезадаптация патологиялық және патологиялық емес сипатта болуы мүмкін.
Патологиялық дезадаптация психикалық және физилологиялық функциялардың,
мінез-құлықтың тасымалдануына, тұлғаның қоршаған ортамен және өз-өзімен
конфликтіге түсуіне, ең күрделісі, суицидке (өз-өзіне қол жұмсау) дейін
әкеп соғады.
Жоғарыда аталғандардың барлығын жүйелей келіп, бейімделудің
психологиялық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерін қарастыру
адамдардың қиын, сыни жағдайларда бейімделу процесін жан-жақты талдауға мол
мүмкіндіктер береді. Сол себепті, адам өміріндегі қиын да келеңсіз
жағдайлардың бірі болып есептелетін ажырасу кезіндегі бейімделу мәселесі,
оның ішінде, ажырасу жағдайына жасөспірімдердің бейімделулерін қарастырмас
бұрын, алдымен адамда жалпы бейімделу процесі қалай өтетіндігіне шолу
жасауды жөн көрдік [16, 45-55бб. ].
Осы айтылғандардың барлығын негізге ала отырып, жасөспірімдердің
ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелерін қарастырайық. Бұл
мәселені талдау кезінде біз жасөспірімнің тек бейімделу мәселесін ғана
емес, сонымен қатар оның отбасындағы болған ажырасу жағдайына бейімделуі
кезінде көрсететін реакцияларын, соның салдарынан болатын жасөспірім
тұлғасындағы мінез-құлықтық, эмоционалды-психологиялық және әлеуметтік
ортаға бейімделуіндегі өзгерістерді ашып қарастырамыз.

1.4 Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық
мәселелері

Ата-анасының ажырасу жағдайына әсіресе жасөспірімдердің жанама
реакциялары көп жағдайда өте күшті болады. Жасөспірімдердің өздерінің
бағалаулары бойынша, стресс тудыратын өмірлік мәселелер ішінде ата-анасының
ажырасуы (ата-аналардың, туған аға-әпкесінің, жақын достарынан айырылудан)
кейінгі төртінші орында тұр. Ажырасу жағдайына байланысты жасөспірімдерде
ең көп кездестін рекациялар:
- Болған жағдайды терістеу, сенбеуге тырысады. Жасөспірім өзін ата –
анасының арасында ешқандай шиеленістер жоқ деп сендіруге тырысады.
Олардың түсіндіргенін тыңдағысы да келмейді, ата-анасының әлі де болса
қайта ойланып, қосылып қалар деген үмітпен өмір сүреді. Көпшілік
балалар өзінің ата – анасы қайтадан қосылады деген үмітпен өмір
сүрулеріне байланысты мынандай мәліметтр келтіруге болады: 5 – 7
жастағы балаларда 65,7 % болса, жасөспірімдік кезде ол көрсеткіш
азаяды, дегенмен де 16% - ды құрайды.
- Үрей, қорқыныш, болашағына деген сенімсіздік, жасөспірімнің әлемді
эгоцентрлік қабылдауы ретінде оны ең алдымен, жеке өмірінде болуы
мүмкін өзгерістер қобалжытады. Сонымен қатар, тұратын жерінде, оқу
орнында, материалдық жағдайда болатын ауысулар да алаңдатып, қобалжулар
туғызады.Осыған қоса, жасөспірімдер өз қатарластарынан отбасылық
мәселелері үшін ұялу сияқты қиындықтар туындайды[ 17, 190 -195 бб. ].
Жасөспірімнің ажырасу жағдайына деген реакциясының психологиялық
бейнесін құру үшін оның мінез-құлқын немесе симптомдарын ескеру қажет.
Мінез-құлық ерекшеліктері қайғыру реакциясы ішінде аффект түрінде болуы
мүмкін, бірақ олар сонымен қатар ерекше қорғану механизмдері және бейсаналы
құмарлық арасындағы конфликтілерден тұратын күрделі невротикалық
жағдайларды бейнелеуі мүмкін. Бірақ маңызды деп есептелетін жағдай, ол
ерекше аффектілер немесе психикалық конфликтілер ешбір жағдайда сырттан
көрініс таппауы керек, өйткені оларды үлкен адамдар қалыпсыздық
симптомдары ретінде қабылдайды.
Жер бетінде біз өте қатты жақсы көретін адам егер бізді аяқ астынан
ешқандай ескертусіз тастап кетсе, не болатынын елестету өте қиын. Бірақ
көптеген ата – аналар бала үшін бұл жағдайдың қаншалықты маңызды екендігін
түсіне бермейді. Үйден кеткен әкесі тек үй ошағын, әйелін, балаларын ғана
тастап қоймайды, балалары да тек ата – аналарының ажырасуын қайғырып қана
қоймай, оған қоса, өзінің әкесінен мен (немесе анасынан) айырылғанын да
ойлайды.
Кейбір жағдайларда бала ата – анасының ажырасуында өзін кінәлі деп
санап, әкесін (немесе анасын) ұстап қала алмағандығын қатты қайғырады.
Ажырасып жатқан ата-анасының өмірінде өзінің маңызды еместігін,
ажырасуға қалай да болса бөгет жасай алмау, өзінің әлсіздігін сезінуінің
барлығы ашу-ызаға әкеп соғады. Баланың ашу-ызасы ата-ананың екеуіне де
бағытталуы мүмкін, мұндай ашу-ыза ата-ана үшін баланікіне қарағанда
өздерінің жеке сұраныстары мен қажеттіліктері маңыздырақ болған кезде осы
арқылы олар балаға ауырлық келтіретіндіктерін түсінген уақытта пайда болады
[18, 254-267 бб. ].
Ата-ананың екеуіне бірдей ашу-ызаның болуы немес тек біреуіне ғана,
яғни кімді көбірек кінәлі деп санаса, бұлардың ешқайсысы өзара ерекше болып
саналмайды. Біріншіден, агрессиялар – бұл өзінің объектісін ауыстыра алатын
құштарлықтар, яғни кейде бақылау кезінде бала кезектестік түрде бірде
әкесін, бірде анасын жек көрсе, кей жағдайларда келтірген зардаптары үшін
екеуін де бір уақытта жек көруі мүмкін. Екіншіден, саналы аффектілермен
қатар сезімнің бейсанасы позициялары да болады.
Кінәлаудың ерекше түрі – бұл балалардың ажырасу жағдайы үшін өз –
өздерін кінәлауы. Көп жағдайда балалардың ата – анасын немес олардың
біреуін ғана кінәлауы өзінің жеке басын кінәлау сезімін қорғау болып
табылады. Көптеген балалр, әсіресе жасөспірімдер ажырасу жағдайын естіп,
аңдаусыз үстінен түсуі оларды қобалжытып, кейіннен ол ата – ананың қарым-
қатынасы мен араларындағы конфликтілер баласына деген қатынастан қарағанда
олар үшін неғұрлым маңызды екендігін түсінеді. Бұл баланың күтпеген
эгоцентризміне, оның ата-аналарының ортасында әлем орталығы деген түсінік
қалыптасады. Егер балада осы сенім күші болса, онда ол ажырасу жағдайын
отбасын тастап кеткен ата-ана мен өзінің жеке қарым-қатынастарының
құлдырауы деп түсінеді. Және ол өзін сәтсіздікті басынан кешірген махаббат
құрбаны деп қабылдайды [19, 281-285 бб. ].
Осыған ұқсас кінә сезімдері ата-анасы ажырасқан барлық балаларда
байқалатын өзінің толық құндылығын шеттетілу сезімі арқылы көрінетін
жоғалтып алу сезімдерімен түсіндіріледі. Мұндай кінә қиялдары көп
жағдайларда ата-ана арасында болған дау-дамай тәрбиелеуге байланысты, яғни
бала төңірегінде болғандықтан, еске түсіру кезінде күшейіп
отырады.Осылайша, бала өзін конфликтілердің басты себебі ретінде қабылдай
бастайды.
Бала үшін бұл өзінің ата-анасының ажырасуында өзін кінәлі деп санау
жеткілікті түрдегі күрделі негіз болып табылады. Сондықтан, көп жағдайда
көптеген балалар анасы мен әкесінің арасындағы конфликтіні біріктіруші
ролінде ойнауға тырысады. Ажырасу бұл әрекеттің бұзылуының дәлелі болып
табылады. Ата-ананың біреуінің кетуі- айырылу және махаббатты жоғалтып алу
алдындағы қорқыныш сезіміне айналады. Бұл қорқыныштар жасөспірімдердің
инстинктивті конфликтілерін жүзеге асырады және бұлар мәдени бейімделудің
қозғаушы күштері болып есептеледі. Осының нәтижесінде, ажырасу көптеген
балаларға жазалау, нашар тәртіптері үшін сазайын тарту, жеткіліксіз табысы
мен шек қойылған ойлары үшін жазалау деп түсінеді [20, 25-23 бб.].
Ата-анасының ажырасуында өзін кінәлау сезімінің дамуы шын мәнінде
ереже болып табылады. Валлерштейн және Келлидің айтулары бойынша, осыған
ұқсас құбылыстар 30-50 % жағдайларда кездеседі. Ал Ф. Гельмудтың айтуы
бойынша, бұл кішкентай балалармен қатар жасөспірімдерде де сондай, кейде
тіпті жоғары болуы да мүмкін. Баланың өзін-өзі кінәлау сезімі қорқыныш
тудырады, яғни сазайын тарту және жеке басының биік күшінің алдындағы
қоқыныштың пайда болуы Бірақ ата – аналарының ажырасуының себебінде өзін
қатты емеспін деп есептейтін балаларда біршама күрделі қобалжу күйіне
түседі екен. Мысалы, оларда: егер мені анам немесе әкем бала – бақшадан
алып кетпесе мен балаларға не деп айтамын деген сияқты сұрақтар
туындайды. Осыған қоса ажырасу жағдайына түскен балаларда болатын ең үлкен
қорқыныш түрі - ол әкесін кейін тағы да анасын жоғалтып алу (немесе
керісінше) қорқынышының пайда болуы.
Бір балада мұң басым болса, басқасында ол ашу-ызамен көмкеріледі,
үшіншілері өздерін кінәлі сезініп, өз-өздерін ұяттымын деп ойласа,
төртіншілері әкесімен қоса анасын да жоғалтып аламын ба деген қорқынышпен
әкесінің кеткеніне не ашуланарын, не мұңаярын білмей қиналады. Эмоциялар
әр индивитте әртүрлі көрінуі мүмкін – мұң, қайғы, ауырсыну сезімдері, ашу-
ыза, кінә сезімі және қорқыныш – бұлардың барлығы баланың ата-анасының
ажырасуына көрсететін қалыпты реакциялары.
Бұлар тек жай ғана реакциялар емес, егер бала психикалық жағынан сау
болса, онда осы эмоциялардың біреуіне ғана жауап қайтару керек, яғни
реакциясы бір түрде ғана болуы қажет [21, 58-65 бб. ].
Өзінің ата-анасын жоғары дәрежеде жақсы көретін балалардың өзі олардың
ажырасуларына қайғымен қарайды, өйткені, ажырасу олардың өмірлеріндегі
шешуші оқиға болып есептеледі. Бірақ жоғарыда аталған сезімдер кез-келген
баланың жан жинағында болады. Олар тек жан қиналысын ғана емес, сонымен
қатар біруақытта жан теңдігін қалпына келтіру үшін күрес құралы болып та
саналады.
Ажырасу жағдайынан кейінгі дағдарыстың күшеюінің екі негізгі себебі
бар: олар ата-ана ажырасу арқылы балаға келтірген ауыртпалығы үшін өзіне
жауапкершілікті ала алмау және ажырасудан кейін бала тәрбиесін
жауапкершілікке алған ата-ана, яғни анасының ажырасудан кейінгі дағдарысы.
Аталған мәселелер ажырасудан кейін ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа
әсер етпеуі мүмкін емес, ал бұл нақты қарым-қатынас баланың ажырасуға
байланысты өзінің қайғыларын жеңуге жанама әсерін тигізетінін көрсетеді.
Экономикалық қысым және сонымен байланысты ауыртпалықтар ажырасқан
ананың балаға аз уақыт бөлуіне әкеліп соғады. Отбасылық ауыртпалықтар
ананың жұмыстан бос уақытта да баласына аз көңіл бөлуіне әкеледі. Осы
уақытқа дейін анасымен болған кішкентай балалар енді бала – бақшаға барады
немесе ата-әжесімен қалса, оқушы кезінде үйде жалғыз қалуға мәжбүр болады.
Жан ауыртпалығына тап болатын аналардың көңіл-күйлері өзгеріп тұрады.
Стресстік жағдайда баласының ең қарапайым сұраныстары анасынан баласы
шектен тыс талап етіп тұрғандай сезінеді. Аналардың күңіл-күйлері
өзгергенде, ана мен бала қарым-қатынасын тек үстіртін мәселелері. Ана –
бала қарым-қатынасының агрессивті жағы – тек бала жақтан ғана күшеймейді.
Ананың осы уақытта баласына қатысты ерекше агрессияны дамытудың өзі көп
негіз болып есептеледі [22, 78-85 бб. ].
Күнделікті болатын конфликтілер күшті тітіркенушілікті туғызады.
Көрініп тұрғандай, ажырасқаннан кейін анаға баласының сұраныстары үлкен
талап қойып тұрғандай болып, кейде шыдамы шегіне жетіп, таусылатын кездері
де болады. Ұрыс пен тітіркенушілік өз кезінде екі жақты да агрессивтілік
оталуына әкеп соғады.
Ата – ананың жасөспіріммен болған конфликтісінде агрессивтілікті
шектен шығармай ұстап тұрудың маңызды факторы, ол ата-ананың баласының
арман-тілектерін, не жасағысы келеді, неге қарсылық білдіріп тұрғанын
түсінуде. Осылайша түсіну баламен біртіндеп сәйкестеніп немесе оның
көзқарасымен келісімге келе алу мүмкіндігінің нәтижесі болады. Бұл
дегеніміз, балаға деген талаптарды өзгерту керек дегенді білдіреді. Егер
бала ата – аналарының көзқарасымен санасса, онда онда олар баланы
қарсыласқаны үшін жазаламайды.
Отбасындағы ажырасу жағдайымен байланысты болатын агрессиялар бар.
Көптеген аналар үшін ажырасу жаңа бастау негізі болып табылады. Әрине,
өткен өмір жеке басының толық қалыптаспағандығына көп із қалдырса, соғұрлым
балаға ашу – ыза, ұят және т.б. сезімдерден жаза тиюі мүмкін [23, 55-59 бб.
].
Осы уақытқа дейін ажырасу жағдайымен байланысты ата-ананың мінез-
құлқындағы өзгерістер бақылауға алынды. Осыған байланысты бірінші орында
ата-аналар ажырасудың балаға тигізер әсері қандай екендігін өз-өздеріне
есеп бере ала ма деген сұрақ тұрды. Сол үшін ата-аналарға ажырасу бала үшін
қаншалықты маңызды екендігін көрсету үшін жұмыстар жасалды, яғни осы арқылы
ата – аналар өздерінің жеке өмірлерінің қызығушылықтары арқылы келтірген
ауыртпашылықтарын сезініп, келтірген зардаптары үшін өздеріне
жауапкершілікті алып, баланың ары қарай дамуына жағдай жасап, оның мұңдары
мен өкпелерін, агрессивтік көріністерін түсінген болатын. Кінә үшін
жауапкершілік ажырасуға әкелген жағдайлардың дамуына немесе ажырасуда өзін
кінәлі емеспін деп санайтын ата – аналардың да позициясы болу керек.
Ажырасудан кейін баланың қайғырулары басталып, ата-ананың кризисі
аяқталады деп айту қате болар еді. Шын мәнінде олай емес, соңғы уақытта
бұрын бірге болған жұптардың ажырасу кризисін зерттеп жатқан көптеген
жұмыстар бар. Олардың жеке бастарының мәселелері азаймайды, керісінше,
бірден өседі. Ажырасу көптеген ата–аналарға қосымша психикалық, әлеуметтік,
экономикалық проблемалар әкеледі [24, 44-78 бб. ].
Көптеген ата-аналардың жанама жан айқайлары балалардың реакцияларынан
сәл ғана айырмашылығы бар. Балалар ажырасуды ең алғаш ата-анасының
арасындағы қарым-қатынасқа байланысты деп қабылдамайды. Олар өздерін әкесі
немес анасы тастап кететіндігін түсінеді. Өкпелеу сезімдері, болашақ
алдындағы қорқыныш, ажырасқан жұбына деген ашу-ыза, жек көру сезімі,
сонымен қатар (жиі бейсаналы түрде) балаға қатысты да байқалып отырады.
Ата-анасының ажырасудан кейін баланың дамуы ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Ажырасу
Ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау
Отбасындағы бала тәрбиесі
Отбасындағы дағдарыс түрлері
Ұлттық тәрбиенің отбасындағы маңызы
Отбасындағы гендерлік тәрбие
Некені бұзу және ажырасу түсінігі
Отбасындағы қарым-қатынас психологиясы
Отбасындағы проблемалар
Ажырасу – ұлт келешегіне төнген қатер
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь