Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі

Астана 2015

МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: Кіріспе . . . 7
МАЗМҰНЫ: 1 Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеудің әдіснамалық мәселелері . . . 12
МАЗМҰНЫ: 1. 1 Этносаралық қарым-қатынастарда әлеуметтік зерттеу мәдениетінің қалыптасу мазмұны . . . 12
МАЗМҰНЫ: 1. Қазақстандағы этносаралық қатынастардың зерттеудің күйі және даму қарқыны . . . 22
МАЗМҰНЫ:

2 Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас қалыптастырудың

мазмұны . . . 33

МАЗМҰНЫ: 2. 1 «Қазақстан халықтар Ассамблеясы» құрылу қарсаңындағы этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің құрылымы және негізгі ұғымдары . . . 33
МАЗМҰНЫ: 2. 2 Ұлтаралық қарым-қатынастар саясатының жүргізудің мақсат-міндеттері және ұстанымдары . . . 43
МАЗМҰНЫ: 3 Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастардағы ақпарат және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері . . . 51
МАЗМҰНЫ: 3. 1 Қазақстандағы «Бұқаралық ақпарат құралдары» және оның қоғамдық-саяси өмірімен байланысы . . . 51
МАЗМҰНЫ: 3. 2 Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі . . . 60
МАЗМҰНЫ: Қорытынды . . . 68
МАЗМҰНЫ: Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі . . . 71
МАЗМҰНЫ: Қосымшалар . . . 73

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі дамушы қоғам уақытында этносаралық қарым-қатынас мәселесі өзектілікке ие. Себебі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінен бергі жылдары 130-ден астам этнос өкілдерінің бірлесіп өмір дағдысын кешуі, ортақ реттеуші институттың қарқынды жұмысы қажеттілігін тудыратыны рас.

Этносаралық қарым-қатынасқа әсер етуші экономикалық, әлеуметтік, дипломатиялық, ақпараттық дамушы технологиялық жаңашылдықтарды қолдануының сапалы түрде болуы, қажеттілік. Аталған тақырыпқа байланысты ұлтаралық мәселелердің реттеуші институтының мақсат-міндеттерінің мәні ол «бейбітшілік орнату» болып табылатыны айғақ.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттан «этнология» ғылымының өзіндік даму қарқыны пайда болып, ерекше мәнге ие болуы, еліміздің басқа ұлттарға «толерантты» саясатын ұстану үшін қажеттілік болатыны анық. Бұл саланың (этнолгия) жаңашыл иновациялы әлем дағдысындағы Қазақстан үшін бір қалыпты динамикалық дамуы, басқа салалармен ықпалдаса жұмыс атқаруына әлкеліп соқтырды. Соның ішінде ұлтаралық қарым-қатынас мәнісіндегі «ақпараттық қауіпсіздік» мәселесі дамыған ақпараттық заманда қарым-қатынастарды реттеуші әрі ұшықтырушы инструмент ретінде қолдануға болатыны рас. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастарды «ақпарат» арқылы «манипуляциялауға» болатынына күмән жоқ. Себебі бір байрақтың астында жиналған 130-дан астам ұлт өкілдерінің бір-біріне деген қарым-қатынасының «оң» және «теріс» болуына «ақпаратты заманда» фильтілеуші институт керектігі оқиғалармен көрсетілгені мәлім. А. Байтұрсыновтың айтарлық сөзіне байланысты “Газет - халықтың көзі, құлағы және тілі” демекші, көп жетістіктердің болмысы мен сипатын бақылау арқылы БАҚ-тың прогрестік мәнінен аңғарамыз. Сол «ақпараттық әлемнің» даму деңгейне қарай «интернационалды қоғам» арасында «ақпараттық сауаттылық» түсінігінің мазмұнын оның шешуші мағыналық басым жағы «сауаттылық» сөзіне көңіл аудармай анықтау мүмкін емес [1, 23 б. ] . Сондықтан қазіргі саяси, экономикалық қауіпті ақпараттарды барлық ақпарат желілерінде(интернет, газет, БАҚ . . . ) реттеуші рөлдегі «ақпаратты сараптаушы»(фильтірлеуші) институт құру қажетілігің уақыт талабына байланысты өзектілігі артанынына күмән жоқ.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі ұлтаралық қоғамды құраушы әлеуметтік топтар арасындағы байлансты айқындау үшін Леонтьев А. Н. Деятельность. Сознание. Личность [4] тұлға болып қалыптасу үшін индивид әлеуметтендірудің белгілі бір кезеңдерін бастан өткізуі керектігін анықтап, өзіндік пікір жасаған: “Туылған сәтінде нәресте адамға кандидат қана, ал оқшау болған жағдайда кандидат та бола алмайды: ол адам болуды адамдармен қарым-қатынас барысында үйренеді” деп айтылуы ұлтаралық қарым-қатынастардың дамуы, индивидтердің бір-бірімен тығыз байлыныс барысында дамыйтынын дәлелдейді. Сол тұлғалардың бір-бірімен саналы индивидуалдық және ұжымдық саналарының ұштасуын А. В. Петровскийдің педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы [5] еңбегінде өзіндік тұжырымдамасын ұсынған. Ол индивидтің немесе әлеуметтік топтың әлемді белгілі бір тәртіппен қабылдаудың, ойлауының және әрекет етуінің ерекше қалпы мен жүйесі жиынтығын білдіреді. Тұлға менталитеті дәстүрдің, мәдениеттің және адамның әлеуметтік ортасы негізінде қалыптасады және өз кезегінде оларға да әсер етеді. Адамның сапалық сипаттамасын беру мақсатында индивид, тұлға индивидуалдық сияқты ұғымдар қолданылатынын көрсеткен. Сол қоғамдық қатынастардың Л. П. Буеваның [7] человек: деятельность и общение еңбегіндегі ұсынған пікірінше, интернационалды қатынастар мен қарым-қатынас бір бірімен мазмұн мен форма (қоғамдық қатынастар - мазмұн, ал қарым-қатынас - адамдар арасындағы байланыстың формасы) іспеттес болады. Қоғамдық қатынастардың мазмұндық жағы экономикалық, саяси, адамгершілік, ұлтаралық және басқа қатынастар болып, олар адамдардың қарым-қатынастарында жүзеге асатынын көрсетуі, ұлтаралық байланыстарды құраушы индивидтердің әрбір іс-әрекеттерінің маңыздылығын дәлелдейді. Бағзы замандағы аңыздардың бірінде өзеннің екі жағалауын мекендеген өзара жауласқан екі тайпа жөнінде әңгіме болады. Бірде сиқыршы сол тайпалардың бірінің адамын кезіктіріп оған: “Менің шартымды орындасаң, мен саған не қаласаң соны берейін, ол шартым - қарсы жағалаудағы тайпа өкілінің алатыны сенікінен екі көп болсын”, - депті. Сонда әлгі кісі былай деп жауап қайтарады: “Менің бір көзімді ойып түсір”. Ол жауыққан тайпа адамының екі көзінен бірдей айрылғанын қалап еді. Тайпааралық және ұлтаралық жауығу ғасырлар бойы орын алып келеді. Адамзаттың әлеуметтік тарихынан халықтар арасындағы өзара қатынас проблемасынан өткен соншалықты күрделі, қайшылықты да шиеленіскен мәселені табу қиын екендігі баршамызға А. В. Мудрик [10], О. Е. Казьмина [12], Байтенова Н [29] еңбектерінде көрсетілді. Мысалы, ең тыныш саналатын Еуропаның өзінде Францияда діни-этникалық, Солтүстік Ирландияда-діни-нәсілдік, сияқты мәселелердің бар екендігі белгілі. Діни - этностық себептер бойынша Таяу және Орта Шығыстың, Оңтүстік Азияның мемлекеттері арасындағы көп жылдарға созылған қарсы тұрушылық жалғасуы проблематиканың мәнін ашуға жол ашты. Этносаралық қақтығыстардан болған құрбандардың саны кәдімгі соғыстардан да көп. Мәселен, ХХ ғасырдың екінші жартысында 300-ге жуық қақтығыс тіркелсе, олардың салдары айтарлықтай адам өліміне алып келді. Жоғарыда көрсетілген мысалдар негізінде этносаралық қақтығыстардың қоғам үшін ауыртпалығы зор екені белгіленді. «Этнология» ғылымының әдіснамалық мәдениеті қарастырылып, сол саланың бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы толық көрсетілді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта «этносаралық қарым-қатынас» мәселесінің толерантты реттеуші және оны ушықтырушы БАҚ екені анықталып, «ақпараттық қауіпсіздік» мәселесінің көтерілуі біз үшін қажеттілік екені көрсетілді. «Ақпараттық қауіпсіздік» еліміздегі көпұлтты қоғам арасында тұрақты және толерантты идеологиялық өмір дағдысына бағдар беруші ретінде анықталды.

Н. Назарбаев [16] еліміздің сол қоғамдық байланыстарды зерттеп зерделеу маңыздылығы уақыт талабына сай жоғарылағаны айтқан. Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта еліміздің көпұлтты қоғам ретінде қалыптасуы, оған әсер етуші факторларды және реттеуші институттардың жоғарғы жұмысын қажет еткендігі мәлім. Елбасы, «мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары өз қызметінде Қазақстан қоғамының көп ұлтты құрамын жан-жақты ескеріп отырады. Біздің жетістіктеріміз, елімізде болып жатқан ұлттық процестерде ешқандай проблемалар жоқ деген ұғым туғызбауға тиіс. Қайшылықтар даму атаулының қайсысына болса да тән, олар бұл салада да болмай қоймайтыны толық көрсетілді» . Ұлттық саясат деп адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге, ұлттық қатынастарды реттеуге бағытталған қоғамдық, ең алдымен әлеуметтік - құқықтық әрекеттердің ерекше түрін айтады. Сол қайшылықтар туғызатын жаңа заман құралы бұқаралық ақпарат құралдары екендігі анық. Жаңа ғасыр уақытындағы өз екпінімен этносаралық қарым-қатынастардың реттеуші және шиеленістіруші бұқаралық ақпарат құралдары екені рас. Бұқаралық ақпарат құралдарының тарихи саяси түрде дамуы және қоғамда белең алуын 1840 ж француз жазушысы О. де Бальзак баспа сөзді «төртінші билік» деп негізге алуы бекер емес. Билік институтында бұл саланың БАҚ-дың тура мағынасындағы орны болмағанымен, жаңашыл дәуірде оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін еместігі мәлім. Қазіргі кезде ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік баға беретін құрал ретінде танылуы қарқынды дамуының белгісі. Қазақ еліміздің тарихи қалыптасқан XX-ғасырдың бас шеніндегі зиялы өкілдеріміздің бірі А. Байтұрсыновтың айтарлық сөзіне байланысты “Газет - халықтың көзі, құлағы және тілі” демекші, көп жетістіктердің болмысы мен сипатын бақылау арқылы БАҚ-тың прогрестік мәнінен аңғарамыз. Сол «ақпараттық әлемнің» даму деңгейне қарай қоғам арасында «ақпараттық сауаттылық» түсінігінің мазмұнын оның шешуші мағыналық басым жағы «сауаттылық» сөзіне көңіл аудармай анықтау мүмкін еместігін С. М. Бекова, Р. И. Якупова, Г. Н. Тастанбекова [1], еңбектерінде, Р. Ә. Нұртазина Қазақстан Республикасы: БАҚ және саясат еңбегінде [35] толыққанды көрсетеді.

Зерттеудің деректік негізі. Диплом жұмысының деректік негізін ғалымдардың этносаралық байланыстарға әсер етуші және оларды құраушы факторларға негізделген еңбектері құрайды. Атап айтатын болсақ, Р. К. Кадыржановтың өзгермелі ұлттық және жалпы қоғамдық құндылықтар жөніндегі пікірі, Леонтьев А. Н., Буева Л. П., Андреева Г. М., этносаралық қарым-қатынастарды әлеуметтік тұрғыдағы тұжырымдамалары, сондай-ақ этносаралық байланыстарға әсер етуші фактор ретінде заманауи бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі таңдағы рөліне байланысты Бекова С. М., Якупова Р. И., Тастанбекова Г. Н., Р. Ә. Нұртазинаның зерттеулері, сонымен қатар 1999 жылғы санақтың облыстар бойынша ұлттық құрамы және Қазақстан халқы Ассамблеясының қазіргі қалыптасқан жағдайы жөніндегі мәліметтер диплом жұмысының деректік негізін құрайды. Аталған тақырыптың өзектілігін көрсету үшін жастар арасындағы сауалнамадан алынған статистикалық мәліметтер де диплом жұмысының деректік негізін құрайды.

Диплом жұмысының мақсаты: Әлемдік мемлекеттер тәжирибесін мысалға ала отырып, қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастардың даму қарқынын зерттеп және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі бойынша этникалық қақтығыстардың алдын алу мен реттеуші институттардың табиғатына, мазмұнына және қолдану ерекшеліктеріне сараптама жүргізу және олардың тиімділігін арттыру бойынша негізгі бағыттарды анықтау.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеудің әдіснамалық мәселелерін көрсету;
  • Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеуші институттардың жұмысының қарқынын көрсету;
  • Тәуелсіздік алғаннан бергі «этнология» бойынша ресейлік ғалымдардың негізінде ғылыми зерттеулердің мәнін ашу.

Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Тақырыпты талдауда біз соңғы жылдары заман ағымына байланысты отандық этнология ғылымында болып жатқан жаңа методологиялық бағыттарды негізге алдық. Зерттеу барысында жүйелілік, этнографиялық-салыстырмалылық секілді ғылыми таным принциптерін басшылыққа алдық. Тақырып ауқымына кіретін этнографиялық деректерді, ғылыми еңбектер мен ғаламтор желісінен жиналған мәліметтерді теориялық әдісті қолдана отырып, типологиялық жүйесін құрастыруға тырыстық. Сондай-ақ, осы тақырып төңірегінде соңғы уақытта қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттарды, тұжырымдар мен ой-пікірлерді мүмкіндігінше нақты басшылыққа алып, зерттеу барысында талдау, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды.

Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастарды жүйелеу, және Тәуелсіздік уақытынан бастап даму қарқынын салыстырып көрсетуге тырыстық.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.

- Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастардың әдіснамалық зерттеуі жаңашыл қоғам үшін толерантты өмір дағдыны орнықтыру үшін бағдаршы;

- Ұлтаралық байланыстардағы ҚХА тұрақтылық сақтау үшін ерекше мәнге ие;

- Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясында “Ежелгі қазақ жерінде халықтардың, өркениеттердің, мәдениеттер мен алуан діни сенімдердің бір мемлекетте бейбіт қатар өмір сүруінің бай да бірегей тәжірибесі жинақтауы ерекше екендігі заманауи қажеттілік;

- ҚР этносаралық қарым-қатынастардағы «Бұқаралық ақпарат құралдары» мәселесінің жаңашыл қоғамда қолдануы реттеуші әрі ақпараттандырушы құрал ретінде қолдануы мәніне ие;

- Ұлтаралық байланыстардағы «Ақпараттық қауіпсіздік» мәселесінің көтерілуі біз үшін қажеттілік;

- «Ақпараттық қауіпсіздік» еліміздегі көпұлтты қоғам арасында тұрақты және толерантты идеологиялық өмір дағдысына бағдар беруші;

Диплом жұмысының құрылымы . Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі тақырыбындағы дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан әр тарау екі тақырыпшадан, қорытынды мен пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеудің әдіснамалық мәселелері

1. 1 Этносаралық қарым-қатынастарда әлеуметтік зерттеу мәдениетінің қалыптасу мазмұны

Қазақстан - Еуропалық және Азиялық қасиеттері тоғысқан, әлемдегі әртүрлі мәдени және саяси үлгілерді бір жерде қордалаған ерекше сипаты бар, Орталық Азиядағы бірегей мемлекет. Онда қазіргі кезеңде әртүрлі халық өкілдері бірге өмір сүруде, сондықтан елдегі ұлт саясаты «көп түрліліктің бірлігі» тұжырымдамасын ұстанады. Әрине, түрлі мәдениеттер мен дәстүр-лердің үндесуі кездейсоқ болған жоқ, оның астарында көптеген тарихи себептер бар. Дегенмен біздерге қазіргі заманауи кезеңде еуразиялық және азиаттық мәдениеттің үздік жетістіктерін игеруге мүмкіндіктер ашылып отыр. Осылайша, Қазақстан өзінің этносаяси кеңістігінде «ұлтаралық бірлік» ұлттық идеясын өзара қарым-қатынастардың үндестігі деңгейінде тәжірибе жүзінде қалыптастыруға кіріскенін байқаймыз. Ол елдегі Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуынан, оның пәрменді іс-әрекетінен байқалады.

Еліміздегі қазіргі замандағы әртүрлі этнос қауымдастықтарының мәдени құндылықтарының арласып синтезделуі, ықпалдасуы, кірігуінің заманауи БАҚ-пен байланысының болашағы қандай жағдайда мүмкін? деген сауал туындауы заңды (Қосымша А) . Бұрынғы Кеңестік кезең «социалистік принципті» бекіте түскен әлеуметтік ортаға Қазақстанның этномәдени кеңістігін жатқызамыз. Сондықтан еліміз «халықтар достығының лабораториясы» деген атаққа ілініп, кез келген Ондай азамат үшін барлығы жергілікті халықтың тілін, ділін, дәстүрін, салтын, дінін білу қажеттілігі болмады, оған тек орыс тіліндегі мағлұматтар мен ақпарлар жеткілікті еді. Ал, бұндай жағдай қазақ халқының мәдениетінің құндылықтық деңгейін біршама төмендетті, тек қазақтардың өздеріне керек дүние ретінде бағаланды. «Озық, өркениетті мәдениеттің» қайнарынан сусындаймын деген қазақтар өзінің ұлттық мәдениетіне кейбір үстірттілікпен қарай бастайды. Сөйтіп, тарихи үдерісте «ұлттық құндылықтардың жатсынуы» ерекше құбылыс ретінде этноорганизмнің бойына дендей бастайды.

Қазіргі Қазақстан жағдайында этносаралық қатынастарды үйлесімді мағынада өрбіту қажеттілігі бар екені даусыз. Тек оны басқа этникалық мәдениет үлгілерінен Қазақстанның негізгі ұлты - қазақтардың құндылықтар әлемін оқшаулау арқылы емес, сондай-ақ қайта басқа этнос қауымдас-тықтарының мәдени кеңістігіне жақындату арқылы жүргізу керек екені байқалады. Қазақ халқының мәдени құндылықтары жалпы адамзаттық құндылықтар сипатына барынша сәйкес келген жағдайда ғана жалпы еліміздің мәдени кеңістігінде этносаралық мәдени синтезге, сиысушылыққа, өзара ықпалдасуға негіз болатынын кейбір зерттеулерде атап өтіледі [2, 37 б. ] .

Жалпы Қазақстан халқының дініне, діліне, тіліне қарамай іштей біртұтас қоғамдық құрылым болуға топтасуы (консолидация) үрдісінің табысты болуы, оның болашағы - дүниетанымдағы құндылықтар векторының және оның бағдарының ұтымды таңдалуына, өрбуіне байланысты екені айтылады.

Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы жолын этноәлеуметтік кезеңдеудің бірнеше нұсқасын гуманитарлық салада кездесуге болады. Солардың ішінде қазақстандық зерттеуші Ә. Н. Нысанбаевтың авторлық позициясына тоқтала кетелік. Ол өзінің кейбір үзінділері «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына енген «Қазақстанның тәуелсіздігіне 15 жыл: жаңа қоғамдық сананың қалыптасуы. Алматы: Философия және саясаттану институты» деген еңбегінде төмендегідей жәйттер жөнінде ойлар қозғалады. Автор «Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік жолдары кездесетін еуразиялық держава ретіндегі Қазақстанның ерекшелігін өркениеттік кеңістікте қалай сақтауға болады?» деген проблемалық мәселені алға тарта отырып, осындай күрделі сұрақтарға жауаптар этникалық мәселелерді шешу тәсілдерімен анықталып, астасып жататындығына тоқталады. Қоғамдық ғылымдарда мәселенің шешімін табудың бірнеше вариантары мен сценариялары болғаны және олардың барлығы қоғамдық сана деңгейінде ұсынылғаны тұжырымдалады. «Бірінші жауап қазақтың ұлттық санасының жоғары биіктеуімен байланыстырылды. Халықтың тарихын жадын құртуға немесе жоюға болмайтындығын растайтығын туған елдің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылық күшейе түсті. Бірақ бұл тарихи жағынан алғанда заңды және ақтауға тұрарлық көңіл-күй бірақтан этнократиялық бағыттағы үрдістерді өрбітті. 1993 жылдың Конституциясы өзінің алғашқы позицияларында этнократизм идеологиясын бекіткен еді. Оған жауап ретінде орыс тілді тұрғындардың жаппай миграциясы басталды. Этникалық орыстар - Ресейге, этникалық немістер - Германияға көше бастады. Қазақстаннан кеткен адамдар негізінен жоғары білімдері бар мамандар болатын. Осының нәтижесінде республика тұрғындары 1 миллионға қысқарып, экономика еңбекке жарамды кадрлардан айрылды» деген ойды ғалым пайымдайды [3, 66 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-ТАҒЫ КӨТЕРІЛУ ДЕҢГЕЙІ
Жастармен жұмыс жүргізудің теориялық негіздері, БАҚ-тағы көрінісі және жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Саяси құндылықтар жүйесі
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
САЯСИ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ
Қазақстандағы жаһандану кезіндегі ұлтаралық қатынастар
ҚР жастары құндылықтарының қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудың факторы ретіндегі ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz