XVIII ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы Сыр өңірі ишандары мен пірлері және олардың ағартушылық қызметі


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«XVIII ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы Сыр өңірі ишандары мен пірлері және олардың ағартушылық қызметі»
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 7
1 Сыр өңіріндегі діни ағартушылық мектептердің қалыптасу тарихы мен маңыздылығы . . . 11
1. 1 Сыр бойындағы діни - ағартушылық бағыттың қалыптасуы және тарихи маңыздылығы . . . 11
1. 2 ХІХ - ХХ ғғ. Қазақстанның оңтүстік аймағындағы діни-ағартушылық мектептердің таралуы . . . 18
2 Сыр өңірі ишандары мен пірлерінің қазақ даласына ықпалы . . . 25
2. 1 Сыр өңіріндегі ишандар мен пірлердің қазақ қоғамында алатын орны . . . 25
2. 2 Ишандар мен пірлердің қожалармен байланысы . . . 32
3 Сыр өңіріндегі діни ағартушы тұлғалар . . . 39
3. 1 Мағдум Мағзамның діни ағартушылық қызметі . . . 39
3. 2 Қазақ руханиятындағы Марал ишан бейнесі . . . 43
3. 3 Үш жүзге пір болған Айқожа ишан . . . 49
Қорытынды . . . 54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 57
Қосымша . . . 60
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі өткен тарихымызды қайта қарастырып, жаңа қырынан баға беруге мүмкіндік берді. Тарихтың ақтаңдақ беттерін ақиқатпен толықтыру арқылы өткен тарихымызды еске алып, өткенімізді білуге және оны бүгінгі көзқарас тұрғысынан түсінуге халқымыздың ынтасы күн сайын арта түсуде. Сондықтан да, ұлттық санасы оянған қазақ халқының өткенін әділ баяндау қажет. Қазіргі таңда Отан тарихында бірқатар көкейкесті мәселелер жаңа көзқарас тұрғысында ғылыми негізде зерделенуде. Оның көзге түсетін тұстарының бірі - ислам дінінің қазақ жеріндегі мың жылдан астам тарихы.
Елбасының ұлтаралық және конфессияаралық татулық пен бейбітшілікті көздеген саясатының нәтижесінде Қазақстан халқы ұлан-ғайыр жұмыстарды атқарып қоғам өміріндегі саяси және рухани жаңғырту кезеңіне көшті. 2005 жылғы 22 қарашада Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІ сессиясында конфессияаралық үнқатысусыз этносаралық келісім болмайтынын ескерте келе ҚР Президенті «Біздің қоғамымыз елдің ішінде және шет елде лайықты бағасын алған рухани келісімнің жоғары деңгейіне жетті. Бізде 3340 діни бірлестік, 40-қа жуық конфессиялар мен деноминацияларға тиесілі 2488 ғибадат орындары жұмыс істейді. Біздің елімізді конфессияаралық бейбітшілік пен әлемдік діндер үнқатысуының ордасы деп бекер айтпайды!» деп мәдени және тілдік, этностық және діни сан алуандық көріністеріне төзімділік өркениеттер арасындағы үнқатысу секілді, елдер мен халықтар арасындағы бейбітшіліктің, өзара түсіністік пен достықтың қажетті шарттары болып табылатынын айтты [1] .
Діни-ағартушылық бағыты адамзаттың қазіргі дамуына орасан зор үлес қосқан рухани жетекші екені белгілі. Адам баласының жан-жануар әлемінен оқшауланып, өзін адам есебінде сезінуіне, жасампаз істерді атқаруына себепші болған да діни дүниетанымдық түсініктер. Қазіргі уақытта тарихқа өркениеттік принциптер бойынша қараудың бір жолы - қоғамның дамуына діни және рухани факторлардың әсері болғандығын дұрыс бағалау. Егер біз осы күнге дейін тарих ғылымында формациялық көзқарастардың ықпалында болсақ, енді өркениеттік танымға мойын ұсынуымыз керек. Оның формациялық көзқарастан бір ерекшелігі - адам дүниетанымы мен рухани үрдістерге сүйену. Ал, формациялық көзқарастар тұрғысынан қарасақ, қашанда материалдық өндіріс, экономика үстем тұрады.
Осы тұрғыдан келгенде қазақ жерінде діни-ағартушылық бағытының таралуы айрықша қызықты және мағыналы тақырып. Діни-ағартушылық бағытындағы ишандар мен пірлердің және олардың ағартушылық қызметін анықтау зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.
Диплом жұмысын зерттеу барысында XVIII ғасырдың аяғы ХХ ғасырлардағы қазақ еліндегі діни-ағартушылық ой-сананы қалыптастырып, дамытудағы Сыр өңірі рухани мектептерінің рөлі мен діни қайраткерлер дәстүрі, халқымыздың саңлақ перзенттерінің өмір жолы мен ағартушылық қызметінің сан-саналы қырлары туралы ғылыми және танымдық материалдар қарастырылды. Сыр өңірінің ишандары мен пірлері және олардың ағартушылық қызметі т. б. мәселелер ғылыми әдебиетке негізделді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Сыр сүлейлері шығармаларын ХХ ғасырдан бастап зерттеу қолға алына бастады. Оған дейін Кеңес үкіметі уақытысында діни тақырыптағы шығармаларды зерттеу қиынға соқты. Бұл дәуірде қаншама өзгерістер еніп, әдебиет даму үстінде болса да, тақырыбы мен идеясы төменгі орындарды иеленді. Себебі: халықтың өмірін, мұң-зарын, көз алдында болып жатқан қоғамдық құбылыстарды, ұлы оқиғалардың мән-жайын бейнеледі. Кеңес үкіметі кезеңінде мұсылмандық мектептер мен медреселер тарихына байланысты орыс ғалымдары бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізді.
К. П. Кауфман өз еңбегінде «мектептер мен медреселердің ағарту ісі заман талабына сай болмағандықтан, заңды үрдіс негізінде өзінен-өзі ыдырайды» деп түсініп, «өзге халықтарды қорқынышқа бөлемей, аралас орыс-түзем мектептер империя мүддесін өз дәрежесінде орындайды» деген ойға келеді [2, с. 231] .
Ал, Н. П. Остроумов, мұсылмандық мектептер мен медреселер тарихына байланысты бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл еңбектерінде, ол мұсылман оқу орындарының дамуына тосқауыл қою жолдарын қарастырған. Себебі, мұсылмандық оқу орындар өлкенің орыстандырылуымен шоқындырылуына кедергі болған еді. Оның пікірінше орыстандыру саясатының бірден-бір жолы ретінде «қазақтар мен орыстарды біртұтас саяси-мемлекеттік құрылымға біріктірудегі негізгі буын оқу-ағарту саласы» - деп, пайымдады. Жалпы алғанда, Сыр бойының Ресей империясының отарына айналуы мен салдары жөнінде деректерді Н. И. Крафт, В. Н. Каплун, В. П. Вощинин, А. И. Добромыслов, Н. И. Веселов, В. Задорская мен Г. Александров, Т. Седельников, П. П. Румянцев, М. А. Терентьев [3, 567 б. ] еңбектерінен табуға болады.
Егемендігімізді алып, еңселі ел болғалы бері етек жеңімізді жинап, Ислами дініне бет бұрып, әдебиетіміздің тарихына көз жүгірттік. Десек те, Сыр өңірінің діни-ағартушылық бағыт тақырыбына қалам тартқан бір топ өлкетанушы ғалымдардың қатарында Ибадуллаева З. Ө., М. Қ. Кереев, А. Х. Айдосов [4], Тынышбай Д., Т. Тебегенов [5], Т. Дайрабай [6], Алматов А., Нуриддинов А., Нұртайұлы С., Қ. Омаров [7] және Шайдарбек Әшімұлының «Сыр ғұламалары», Ұ. Байбосынова «Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы ислам тақырыбы», Б. Жүсіпов «Сүлейлер», «Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой-сана» сынды зерттеушілеріміздің еңбектерін ерекше атап айта кеткеніміз жөн.
Тарихнамалық шолу зерттеу тақырыбына қатысты зерттеулердің әлі де қажет екендігін көрсетеді. Оның ішінде, тағы қазақ тіліндегі зерттеулердің тапшылығы. Олай болса, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы ислам дінінің тарихын зерттеу сұранып тұрған тақырып екенін дәлелдейді.
Зерттеу жұмысының деректік негізі XVIII ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Сыр бойында өмір сүрген ақын-жыраулардың әдеби мұралары, әр түрлі зерттеулер мен ғалымдардың ой-пікірлері, кітапханалар мен мұрағаттағы құжаттар, қазақ әдіскерлердің педагогикалық еңбектері және өзіміздің ғылыми-педагогикалық практикадан өту кезінде тәжірибеміз дереккөздері ретінде басшылыққа алынды.
Сонымен қатар, диплом жұмысын жазу барысында зерттелу деңгейінде көрсетілген зерттеу еңбектер де дереккөзі есебінде енеді. Мәселен, Радлов, Ш. Ш. Уәлиханов, К. Кемеңгеров, М. Шоқай, С. Асфендияров және т. б. зерттеушілердің зерттеулерінің деректік қабілеті өте жоғары.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Сыр өңіріндегі діни- ағартушылық мектептердің қалыптасуы мен дамуы және бұл діни мектептердің өлкеміздің рухани-мәдени өміріндегі XVIII ғасыр мен ХХ ғасырдың басы аралығындағы рөлі мен тарихын тың деректік материалдар негізінде, жаңа көзқарастар тұрғысында талдай отырып, оның жұмыс істеу тәсілдерін ашып көрсету - зерттеу жұмысының басты мақсаты.
Осыған байланысты зерттеу жұмысының міндеттеріне төмендегідей мәселелерді қарастыру болып отыр:
Сыр өңірінің ишандары мен пірлері және олардың ағартушылық қызметтері;
Қазақ халқында діни - ағартушылық бағытының таралуы;
Сыр бойындағы діни - ағартушылық мектептерінің тарихи орны мен маңыздылығы;
Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы қазақ жанашырларының қолдауымен Қазақстанның оңтүстік аймағында мұсылмандық мектептері мен мешіттерінің ашылуы;
Оңтүстік Қазақстан өңірінде мешіт салу және діни сауаттылық ісіне жетекшілікті Марал ишан, Айқожа ишан, Махдұм Мағзам және т. б. сияқты діни ағартушылардың қызметі;
Кеңес үкіметі кезіндегі идеологиялық қыспаққа қарамастан, отаншылдық, ізгілік, діни-мұсылмандық тәрбие беру бағытындағы жұмыстардың жүргізілуі;
Сопылық, ишандық және пір аталған мұсылмандық діни қызметтер халық арасында «қожа» атауымен байланыстылығы. Орта Азия мен Қазақстанда яссауийа, қадрийа, кубарийа аталған сопылық бауырластықтар қалыптасуы;
Зерттеу жұмысының хронологияық шеңбері. XVIII ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы тарихи уақытты қамтиды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Сыр өңіріндегі діни-ағартушылық мектептердің қалыптасуы (XVIII-ХХ ғғ. ) тарихын анықтай отырып, Сыр өңірінің ишандары мен пірлері және олардың ағартушылық қызметтеріне талдау жасау.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысының тәжірибелік мәнін үш тұрғыдан көрсетуге болады.
Біріншіден, зерттеу нәтижелерін Қазақстан тарихынан оқулықтар жазуға пайдалануға болады.
Екіншіден, зерттеу материалдарын исламға қатысты іргелі монографиялық еңбектер жазу барысында қолдануға болады, себебі диплом жұмысы Орталық Азияның үлкен бір аймағында болған мұсылмандық үрдістерді қамтиды.
Үшіншіден, зерттеу жұмысының нәтижелері қазіргі кезеңде діни-конфессионалды саясатты дайындау және жүргізуде пайдаға асады. Сонымен қатар, тарих және дінтану мамандығында оқитын студенттерге арнайы курстарды оқытуда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Тақырыпты талдауда біз соңғы жылдары заман ағымына байланысты отандық тарих ғылымында болып жатқан жаңа методологиялық бағыттарды негізге алдық. Зерттеу барысында жүйелілік, объективтілік, тарихи-салыстырмалылық секілді ғылыми таным принциптерін басшылыққа алдық. Сондай-ақ, осы тақырып төңірегінде соңғы уақытта қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттарды, тұжырымдар мен ой-пікірлерді мүмкіндігінше нақты басшылыққа алып, зерттеу барысында талдау, жинақтау қорыту әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диплом жұмысының негізгі нәтижелері мен тұжырымдары ғылыми мақалаларда жарияланған және ғылыми конференцияларда талқыға салынған. Сонымен қатар, халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларда баяндамалар жасалынды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
Сыр бойында ислам дінін таратуда ишандар мен пірлердің атқаратын рөлі қарастырылды; Сыр өңірінің ишандары мен пірлері және олардың ағартушылық қызметтері анықталды; Сыр бойындағы діни - ағартушылық мектептерінің тарихи орны мен маңыздылығы анықталды; Қазақ халқында діни - ағартушылық бағытының таралуы; Отаршылдық саясатына қарсы қазақ жанашырларының қолдауымен Қазақстанның оңтүстік аймағында мұсылмандық мектептері мен мешіттерінің ашылуы, олардың Сыр өңірінде мешіт салу және діни сауаттылық ісіне жетекшілікті Марал ишан, Айқожа ишан, Махдұм Мағзам және т. б. сияқты діни ағартушылардың басшылық ету қызметтері анықталды; Кеңес үкіметі кезіндегі идеологиялық қыспаққа қарамастан, отаншылдық, ізгілік, діни-мұсылмандық тәрбие беру бағытындағы жұмыстардың жүргізілуі зерттелді;
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1 Сыр өңіріндегі діни ағартушылық мектептердің қалыпатсу тарихы мен маңыздылығы
1. 1 Сыр бойындағы діни - ағартушылық бағыттың қалыптасуы және тарихи маңыздылығы
Қазақ халқының рухани жетістіктерге жету жолындағы саналы да сапалы іс-әрекеттері неғұрлым көп болған сайын, оның бүгіні ғана емес, болашағы да соғұрлым жарқын болады. Қазақ қоғамының қалыптасуы, дамуына қатысты көптеген құбылыстардың, оқиғалардың, жағдайлардың болғаны қандай ақиқат болса, тұғырлы тәуелсіздігіміздің нығая түсуі үшін тарихи тұрғыдан руханият дүниеміздің түгенделуі мен оның бүгінгі жағдайына бей-жай қарамаудың маңызы да соншалықты үлкен.
Осы орайда Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ қоғамын түгел жайлаған, мұсылман дінінің қағидаларына сүйенген діни-ағартушылық жүйенің, құбылыстың, ойшылдық арнаның ақ-қарасын ажыратып, ілімдік, білімдік тұрғыдағы сапалық ерекшеліктерін, қоғамға қызметінің оң, теріс жақтарын таразылау мен саралаудың, анықтаудың маңызы зор. Жалпы, ағартушылық бағыт дегеніміз - игерген білім негіздерінің қоршаған қоғамдық-әлеуметтік ортаның материалдық және рухани мәдениет салаларының барлығының да өркендеуіне жұмсалатын кешенді жұмыстардың, ықпалдардың жүйесі. Ағартушылық ұстанымындағы көрнекті қайраткерлер әлемдік өркениетте халқының экономикалық және рухани жақтарынан толық жетілуіне ықпал етуді көздейді. Халық тарихындағы осындай ағартушылық бағытты ұстанған қайраткер тұлғаларымыз, әсіресе, діни-исламдық ілімді таратушылар халықтың тұрмысының да, дүниетанымының да жетілуіне, өсіп-өркендеуіне пайдалы ықпал ету жұмыстарымен айналысты.
Академик Ғ. Есім діни-ағартушылық бағытын төрт бағытта өрбігенін дәлелдейді. Олар:
1. діни-ағартушылық ой-сананың дамуы фольклормен, ауыз әдебиетімен, жазба әдебиетпен және өнер туындыларымен тығыз байланысты. Қазақ халқының жыр-дастандарында, аңыз, қиял-ғажайып әңгімелерінде діни-ағартушылық сарын басымдығы басы ашық дүние. Өнерге қатысты айтсақ, кең байтақ еліміздің қай жерінде болмасын салынған мазарлар, кесенелер, өзге де туындылар осыған жарқын мысал.
2. діни ағартушылық ой-сананың жалпы халыққа білім беру ісімен тікелей байланысты болуы. Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқының сауаты екі пайыздай болған деген жалған түсінік Кеңес заманында насихатталғаны белгілі. Оның мәнісі қазақтардың социализмге дейін мүлдем сауатсыз болғанын мойындату еді. Шын мәнінде бұрын діни-ағартушылық істерінің елімізде қарқынды жүруі нәтижесінде халықтың хат тану деңгейі жоғары болды десек қателеспейміз. Мен оның пайыздық көрсеткішін нақты айта алмаймын. Бірақ, ғашық болған қыз-жігіттердің бір-біріне араб әліпбиімен хат жазысу дәстүрі қалыптасқан бұған бір дәлел. Сол кезде қалыптасқан ұғым «Хусни хат», ол «көркем жазу» деген сөз. Яғни, көркем жазумен көркем ойды білдіру. Демек, діни-ағартушылық ісінің қазақ халқының білім деңгейін көтеруде негізгі факторы екенін көреміз.
Қашанда қазақ тұрмысында отбасынан бір адам қайтыс болғанда оның қырқына, жылына дейін молда ұстап, сол отбасының балаларына хат таныту кеңінен тараған дәстүр еді. Бұған арнайы білім беретін мектептерді, медреселерді, оларға сабақ беретін ахундардың, шайырлардың қызметін қоссақ, халыққа білім берудегі жүргізілген қарқынды іс үлкен әңгіменің арнасы болмақ.
3. діни-ағартушылық ой-сананың тәрбие ісімен тікелей байланыстылығы. Басын ашып айтатын әңгіме ол діни мектептерде қыз бала мен ұл баланы бөлмеу үрдісі. Қазақ жұртында білім алу үдерісінен қыз балалар ешқашан шет қалмаған. Олар ер балалармен қатар хат таныған. Бұл тәрбие мәселесінде тың әрі жаңа іс. Біз бүгінде Еуропа елдеріндегі гендерлік теңдік туралы мәселені айтудамыз. Бұл қазақ елінде о бастан шешілген іс. Білім тегіс берілген. Білім беру саласында діни білім, жаратылыстану т. б. пәндерден дәріс берілген.
Орта ғасырдағы «таза ағайындар» деп аталатын мектептің энциклопедиялық білім беру жүйесі толығымен болмаса да қазақ елінде сол негізде оқулықтар болған, жазылған. Маған олардың біразы бала кезімнен таныс. Онда математика, астрономия саласы бойынша мағлұматтар келтірілген.
4. діни-ағартушылық ой-сананың құқық мәселесінде кеңінен көрініс табуы. Әрине, ол шариғат қағидаларымен өрбіп отырған. Мұнда, әсіресе, әйел адамға қатысты жағдайлар тиянақты баяндалған. Құран Кәрімде мемлекеттің негізі әйел деген ұғым бар. Осы түсінік шариғатта және оны түсіндіруші ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерделеніп, отбасы, бала тәрбиесі, ана құқығы, ер адам құқығы кеңінен талданып, баяндалып, түсінікті тілмен жеткізіліп отырған. Осының нәтижесінде тұрмыста адамдық қағидаларға жатпайтын қылықтар, жағымсыз істер жүйелі реттеліп отырғаны анық нәрсе [8, 7 б. ] .
Қазақтар тұрмысында түрме, сот, полиция деген ұғымдар болмағаны жақсы белгілі. Тіптен қазақтарда зындап деген түсінік жоқ. Осыны қазіргі құқықтанушы ғалымдар жан-жақты зерттеуде. Ел болып өмір сүру әрі қауымдастықтың бірлігі үстем болу үшін ел билеуші адамдарға қажетті жағдайлар жасалғаны бізге үлгі-өнеге. Осылайша елдің тыныштығы, біркелі тұрмысы қамтамасыз етілген. Ағартушылық бағытына тән басты ерекшеліктердің бірі - адамдардың терең білім алуға, ғылым игеруге үгіттеу, насихаттау. Насихат айту - адамзат ұрпақтарының алдыңғы буын өкілдерінің үлгілі істерін кейінгі толқын ұрпаққа өнеге етіп айту. Бүкіл адамзатқа рахым ретінде ғана түсірілген ақиқат білім көзі «Құран Кәрімде» адам баласының бүтін ғаламдағы орны, жаратылуы мен құлшылығының сырлары, тіршілігінде атқарар қам-қарекетінің шегі көрсетілген.
Діни-ағартушылық ой-сана қазақ қоғамының рухани жағын түгел қамти отыра, ұлттық сананың, идея мен идеологияның қалыптасуына тікелей әсер етуші болған екен. Академик Ғ. Есім «Осы діни-ағартушылық бағыттың негізінде қазақ елінде рациональды ойлау жүйесі қалыптасып, өсіп отырды. Оның бастау бұлағы Әл-Фараби, арғы жағы Платон, Аристотель, бергі жағы Абай, Шәкәрімдермен аяқталады. Және айтарым, қазақ халқының керемет ақындары: сонау Доспамбет, Қазтуған, Шал ақын, Махамбет, Тұрмағамбет, Жамбыл, Сүйінбай т. б. жыршы-жыраулар шығармашылығы мен дүниетанымы түптің түбінде қазақ елінде қалыптасқан діни-ағартушылық ой-санаға қатысты», - деп жазады [8, 9 б. ] .
Қазақ халқындағы діни-ағартушылық ағымды зерттеген ғалымдарымыз бұл ағымның өмірге етене араласуын ХІХ ғасырдың аяқ кезеңі мен ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланыстырады. Мәселен, У. Қалижанұлы: «Қазақ даласын түгелдей отарлап алған патшалық Ресей енді қазақ халқын мүлде басқа дінге ендіру мақсатын көздеді. Сібірдің ұсақ ұлттарын күшпен шоқындырған патша өкіметі осындай миссионерлік саясатты қазақ жерінде де жүргізуге кірісті. Бірақ бұл саясат жергілікті халық тарапынан қатты қарсылыққа ұшырап отыр. ХХ ғасырдың бас кезіндегі ақындар патшалы Ресейдің қазақтың жерін алумен бірге оның өзін әр түрлі саясатпен жою мақсатын жүзеге асыруға жанын салғанын сезді. Олар патшалық Ресейдің осы қитұрқылығына қарсы тұрар жолдың бірі деп халықтың діни сауатын ашу жолын таңдады» - дейді [9, 31 б. ] . Патшалық Ресей тарапынан болған осы идеологиялық қысым қазақ даласында мұсылмандық қозғалыстың тууына алып келді. Оның көшбасында ХІХ-ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдері - діни-ағартушылық бағытты ұстанған ақындар поэзиясы болды. Бұл бағытты ұстанған ақындар шығармаларының нагізгі арқыуы - адамдардың сана-сезімдерін мұсылмандықтың ізгі нұрымен сәулелендіру арқылы адал өмір сүру, адамгершілік, имандылық сияқты қасиетттерге тәрбиелеу, оқу-білім алуға шақыру еді. Сондай-ақ, олар адам мінезінің аузын, жауыздық, алдау-арбау, парақорлықтың кең өріс алуын дінсіздіктен деп түсінді. Және осы мұсылмандық жолдан тая бастауымызға негізгі себепкердің бірі Ресей отаршылдары екендігін білді. Сондықтан да адамды аздырудан сақтап қалудың бірден-бір жолы ретінде дін моралін ұсынды. Ол тарихи-әлеуметтік дамудың қажеттілігінен, өмір талабынан туған. Патшалық Ресейдің отары болып өзінің тәуелсіздігінен, еркін даму мүмкіншілігінен айырылған, оның үстіне екі жақты қанауға түскен қазақ шаруалары бұл кезде іздерінің елдік талабын, саяси құқығын тарих шеңберіне қоя бастайды.
Діни-ағартушылық ой-сананың орнығып, қоғамды ілгерілетуге қозғаушы күш болған жерлерінің бірі Сыр өңірі болғаны тарихтан белгілі. Қазақ елі қиын-қыстау күндерді бастан өткергенін тарих беттерінен жақсы білеміз. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына Сыр елі шешуші фактор ретінде орасан рол атқарған. Өйткені Сыр елі - Алашқа ана, қазаққа пана болып, бақ қонған, қыдыр дарыған қасиетті де киелі мекен. Және ұлттық өнерімізді ғасырдан-ғасырға жалғастырған шайырлар мен ақындар, еліне қорған, халқына дана болған батырларымыз бен билеріміз, халқының діни сауатын ашқан ахундарымыз бен ишандарымыз - баршамыздың ортақ отанымыз қасиетті Сыр елінің баға жетпес шежіресі. Өткенімізді қадірлеп, бүгінімізді бағамдап, жарқын болашаққа бағдар жасаймыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz