Қазақ халқындағы неке және оның түрлері


Қазақ халқындағы неке және оның түрлері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 7
1 Отбасы және неке институтының адамзат қоғамының қызмет етуіндегі рөлі . . . 10
1. 1 Институттың этнологиялық зерттелу тарихы мен тарихнамасы . . . 10
1. 2 Отбасы және неке институтының қоғамдағы рөлі . . . 16
2 Отбасылық қатынастар мен туыстық жүйенің көшпелілер қоғамының қызмет етудегі басты орны . . . 23
2. 1 Отбасы және туыстық қатынастар . . . 23
2. 2 Туыстық қатынас ерекшеліктері этномәдени сипаты . . . 28
3 Дәстүрлі қазақ халқындағы некелесу түрлері мен қатынастары . . . 32
3. 1 Құдалық және оның түрлері . . . 32
3. 2 Дәстүрлі некелесу рәсімі . . . 46
Қорытынды . . . 55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 57
Қосымшалар . . . 60
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Дәстүрлі қазақ отбасы мен некелік қатынастарын зерттеу жұмысы өте ауқымды да күрделі мәселе. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін дәстүрлі мәдениетіміздің ғаламдық сипаты одан әрі айқындала түсуде, өйткені мәдениет рухының күштілігі мен оның өміршеңдігі қай заманда болмасын салт дәстүрімізбен тығыз байланыста болған. Олай болса, дәстүрлі қазақ қоғамындағы отбасы және неке мәселесін көтерген, бұл еңбекті қазақ мәдениетін этнологиялық тұрғыдан танып-білудің алғашқы талпыныстарымның бірі деп қарастырған жөн болар.
Қазіргі қоғамдық дамуда біздің елімізде қанатын жайған ғаламдық қатынастардың өркендеп дамуы, қоғамның әртүрлі салаларындағы реформалар, өркениетті дамыған елдер қатарына қосылу жолында ғасырлар бойы сұрыпталған салт-дәстүрлерімізді және рухани құндылықтарымызды ескермесек, ұлттық мәдениетімізден айырылып қалуымыз да әбден мүмкін. Дәстүрлі қазақ отбасы мен некелік қатынастарын этнографиялық түрғыда зерттеудің ғылым үшін де, күнделікті өмір мүддесі үшін де зор маңызы бар. Осы тақырып төңірегінде жазылған ғылыми зерттеулердің Кеңес дәуірінде жазылғандығын ескерсек, ол жылдары бүл мәселе төңірегінде таптық түрғыдан пайымдаулар болып, көп мәселенің өзегіне жете мән бермей, бір жақты қарастырылғанын ескерсек, бүгінгі күнгі ұлттық дәуірлеу заманында, бұл мәселеге осы диплом жұмысында ұлттық тұрғыдан жаңа көзқарас тастап, өзекті мәселелерді жаңа қырынан ашуға тырыстық.
Зерттелу деңгейі. Бұл мәселе, яғни дәстүрлі қазақ қоғамындағы отбасы мен некелік қатынастары этнология ілімінде әр уақытта әр қилы бағаланып, зерттелініп, отырған.
Дипломға сүйеу болған Халел Арғынбаев атамыздың «Қазақ отбасы» атты еңбегінде қазақ отбасының өткені мен бүгінгісі, халқымыздың оған байланысты бай салт- дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары терең қамтылған.
Бұл диплом жұмысы осы тақырыпқа жазылған, әр түрлі теориялық ізденістер, тұжырымдар мен терең мәдени қайнарларға, отандық және әлемдік этнология, мәдениеттану және траихтың жаңалықтарына сүйеніп, оларды теориялық және әдіснамалық арқау етеді.
Сондай-ақ, дипломдық зерттеуге қазақ халқының дәстүрі, мәдениеті, этносына және жалпы отбасы тақырыбына этнологиялық талдау көрініс тапқан, осы зерттеуге арқау болған Л. Г. Морган, А. И. Левшин, С. Кенжеахметұлы, С. Өзбекұлы, И. Г. Андреев, Ж. Артықбаев т. б. есімдерін атап өткен жөн.
Ғылыми жаңашылдығы. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы отбасы және неке туралы осы уақытқа дейін Қазақстан тарихында аз зерттеулер жазылған жоқ. Дегенмен осы тақырып негізінде біз осы мәселеге жаңа мән беруге тырыстық. Отбасылық және некелік қатынасты баяндай отырып, оны қазақтың жазылмаған заңдарының негізінде түйіндеп отырдық. Сондай-ақ қазіргі шығып жатқан материалдарды бұрынғы дерек көздерімен ұштастырдық.
Жұмысытың хронологиялық кезеңі. Қолда бар этнографиялық материалдардың негізінде қазақ халқының ХҮШ-ХХ ғ. ғ. тарихи кезеңі қамтылған. Бұндай хронологиялық шекті алуымыздың себептері: біріншіден, Қазақ халықтарының отбасы жөніндегі біз пайдаланған зерттеу және дереккөздік әдәбиет материалдары негізінен осы кезеңдерді қамтиды; екіншіден, қарастырып отырған аймақ халықтарының тұрмыс-тіршілігінде бұл кезең әлі де дәстүрлі қоғамдық қатынастар өз қалпында сақталып тұрған заманалар еді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты қазақ халықтарының отбасы, отбасылық әдет-ғұрыптарының негізгі дәстүрлі тұстарын сипаттау, отбасылық әдет-ғұрыптардағы ортақтастықтар мен ерекшеліктерді ашып көрсету, олардың шаруашылық, мәдени сырларын түсіндіруге тырысу. Осыған байланысты мынадай міндеттер қойылды:
- қазақ халқындағы неке және оның түрлеріне қатысты ғылыми зерттеулерді анықтау;
- қазақтың отбасы және неке түрлерін маңыздылығын көрсету;
- некеге байланысты наным-сенімдер және оның әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің маңызжылығын ашу;
- қазақтар халықтарының отбасы формаларын, олардағы ер-әйел, ұрпақтар арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау, сол арқылы олардың ерекшеліктерін анықтау;
- дипломның объектісі болып отырған қазақтардың неке құруға байланысты әдет-ғұрыптарының негізгі циклдарын сипаттай отырып, олардың ғұрыптары, белгілі бір халықтар тобына тиісті ортақтастықтар, жекелеген халықтарға тән ерекшеліктерді анықтау;
- қазақтардың баланың дүниеге әкеліп, өсіп, тәрбиеленуіне байланысты әдет-ғұрыптарын талдау, олардың этногенетикалық, мәдени үдерістерін анықтау;
Методологиялық негізі. Қоғамдық дамуға шынайы , ғылыми талдау жасауға мүмкіндік беретін тарихшылдық, объективтілік, жан-жақтылық және тағы басқа принциптеріне сүйенеді. Зерттеу барысында жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдамалар, жаңа тарихи көзқарастар тұрғысынан жазылған зерттеулер басшылыққа алынды. Жұмыстың басты методологиялық негізі ретінде кеңес дәуірінде үстем болған маркстік методологияның орнына қазіргі этнология ғылымында кеңінен пайдаланылып жүрген функционализм, структурализм сияқты ілімдердің әдістері пайдалынылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде отбасы және неке институтының адамзат қоғамының қызмет етудегі рөлі, оның зерттелу деңгейі мен маңызы туралы жазылса, екінші бөлімде қазақ отбасының негізгі өзегі, туыстық қатынас және қоғамдық өмірдегі алатын орны туралы, қазақтардың бала тәрбиесіне көңіл бөлуі айтылған, ал үшінші бөлімде некелесу, құдалық, оның түрлері, қыз ұзату, келін түсіру және қалың мал мөлшері туралы айтылады.
ХХ ғасырдың басына дейін қазақ өмірінде сақталып келген көптеген көне дәстүрлердің қалдығы - қазақ отбасы мен некесінің де бүкіл дүние жүзі халықтарының отбасы тарихына тән кезеңдерді басынан өткізгендігін айқын дәлелдейді. Осы жағдайларды ескере отырып, біз бұл еңбегімізде қазақ отбасы мен неке формаларын, әртүрлі отбасылық, некелік қарым қатынастарды, бала тәрбиесі мен мәйітті жерлеу ғұрыптарын, уйлену тойы мен қалың мал төлеп, жасау беру дәстүрлерін, оларға байланысты әр-түрлі жол жоралғыларды, сондай-ақ қазіргі қазақ отбасы мен некелік қатынастарын этнографиялық тұрғыда жан жақты сипаттауға күш саламыз.
Зерттеудің сыннан өтуі. Дипломдық жұмыстың мазмұны, тұжырымдары жалпы 6 ғылыми мақалада жарияланды, оның 4 Халықаралық ғылыми-практикалық, 2 республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары жарық көрді.
1 Отбасы және неке институтының адамзат қоғамының қызмет етуіндегі рөлі
1. 1 Институттың этнологиялық зерттелу тарихы мен тарихнамасы.
Отбасы мен неке туралы бұрын соңды көптеген зерттеулер жүргізіліп, бірталай кітаптар жазылғаны бәрімізге белгілі [1, 2, 3] . Оның ішінде осы күнге дейін ғылым үшін мәнін жоймай келе жатқан көне қауымдағы отбасы мәселесін жалпы теориялық тұрғыдан қарастыратын зерттеулер мен бірге жекелеген халықтардың отбасы және неке тарихын этнографиялық тұрғыда сипаттайтын монографиялар да аз емес. Олардың әрқайсысы өз кезегінде адам қоғамының көне тарихын ғылыми тұрғыда жазуға себін тигізді. Материалистік ілім қағидалары бойынша жер шарын мекендейтін барлық халықтар мен ұлттар өз даму дәрежесіне қарай адамзат тарихына мәдениетіне өзіндік үлесін қосады. Бүгінгі таңда жекелеген халықтардың отбасы тарихын кеңінен зерттеудің қажеттілігі туып отыр. Сондықтан да қазақ халқын этнографиялық тұрғыда жан жақты зерттеудің бір саласы ретінде қазақтың отбасы мен неке мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеу арқау болған еңбектер өте көп.
Жалпы отбасы дегеніміз не? Ол қалай пайда болды? Қандай кезеңдерден тұрды? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Кеңес дәуірінде қазақтың некесі мен отбасын алғаш арнайы зерттеген ғалым - Х. А. Арғынбаев. Ол өзінің көпжылдық зерттелерінің нәтижесінде «Қазақ халқындағы отбасы мен неке» атты еңбегін жариялады. Бұдан басқа Х. Арғынбаевтың қаламынан туындаған осы тақырыпқа арналған мақалалар, өзі қайтыс болғаннан кейі шыққан кітабы [4] зерттеуімізге өзінің фактілік материалдарымен, терең талдауларымен бағыт-бағдар болды. Халел Арғынбаевтың «Қазақ халқындағы семья мен неке» атты монографиясы таза теориялық-методологиялық мәселелерге терең араласпағанымен де қазақ қоғамындағы отбасы мен некенің негізгі сипатын, түрлерін, ерекшеліктерін жан-жақты сұрыптап бергені ақиқат. Х. Арғынбаевтың қазақ жанұясының формасы, патриархалды дәстүрлері, жанұядағы әйелдің жағдайы, үйлену ғұрыптарының көне мәні туралы ғылыми пікірлерін өз еңбегімізде басшылыққа алдық. Сонымен бірге кеңестік кезеңдегі этнографиялық әдебиетте үстем болып келген «қалыңмалды - қызды сату, сатып алу құны екендігі» туралы тезисті біздің зерттеу жұмысымыз толығымен болмаса да жоққа шығарады. Мәселе бұл жерде адам құнында ғана емес, сонымен қатар жаңа отбасын қалыптастыруға қажетті үй бұйымдарын, дүние мүлікті қыз әкесінің жасап беруіне кететін шығындарымен де байланысты екендігін жоққа шығаруға болмайды.
Өткен ғасырдың 90-жылдарының орта шенінде «Казахи» деген атпен академиялық жинақтаушы еңбек жарық көрген еді [5] . Соның «Отбасылық-некелік қатынастар» деген бөлімін Х. Арғынбаев жазған еді. Бұл еңбекте де қазақ отбасының түрлері, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынас, неке түрлері, құдалық, қалыңмал, жасау мәселелері дәстүрлі тұрғыда сипатталып жазылды.
Қазақтың белгілі этнографы У. Х. Шалекеновтің Амударияның төменгі сағасындағы қазақтары жөніндегі монографиясында қазақтың отбасылық тұрмысы, оның ішінде отбасылық қарым-қатынас, отбасындағы әйелдің орны, көп әйел алушылық салты, отбасылық әдет-ғұрыптар қаратырылды. Ғалым өз еңбегінде қазақтың отбасылық қатынастары шариғат пен әдеттік ғұрыптың негізінде құрылатындығын айта келіп, Әмудәрияның төменгі сағасында тұратын қазақтарда қызылқұм, үстірттегі қазақтарға қарағанда исламның әсері күштірек болды, сондықтан олар шариғатқа көбірек бағынды, [6, 21 б. ] - дейді.
Бұл өте дәл айтылған ғылыми пікір еді, жалпы ислам әсері күшті болған халықтарда отбасылық қатынастар негізінен шариғат жолымен құрылатындығына, біз басқа халықтар тұрмысын зерттеу барысында көз жеткіздік.
Философ, этнограф С. Ақатаевтың еңбектерінде қазақтағы ата-баба аруағына сиыну, отбасылық әдет-ғұрыпқа байланысты жанұядағы әкенің құзіреті, әмеңгерлік, жоқтау, сыңсу, рулық бейіттер, т. б. көне діни сенімдерге байланысты салт дәстүрлер баяндалып зерделенген.
Дәстүрлі отбасының әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдер жөнінде этнограф-археолог Ә. Т. Төлеубаевтың мақалалары және монографиясы бар [7] . Зерттеуші қазақтың отбасылық әдет-ғұрыптарында сақталып қалған, өзінің шығу тегі жағынан өте көне - мұсылман дінінен бұрын пайда болған ырым-жоралғыларды, діни дүниетанымдық салттарды саралап қарастырған.
Этноархеолог ғалым С. Е. Әжіғалидің еңбектерінде біздің қаратырып отырған тақырыбымызға тікелей қатысты зерттеулер Жетісу, Батыс Қазақстан, Монголия қазақтарына байланысты жазылған . Бұл зерттеулердің бірінде Арал-Каспий өңіріндегі жерлеу архитектурасы негізінде қазақтың жерлеу әдет-ғұрыптары, олардың шығу тегі, дүниетанымдық негізі қарастырылса, екіншілерінде Жетісу қазақтарының, Монголия қазақтарының отбасылық әдет-ғұрыптарындағы ерекшеліктер мен жалпықазақтық салттар зерделенеді.
Қазақтың отбасылық әдет-ғұрыптарының символдары, олардың дүниетанымдық, мән-мағналық, сыр-сипаттық астарлары жас ғалым Ж. Ерназаровтың еңбегінде қарастырылған.
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы үлкен патриархалдық отбасының сарқыншағы іспеттес құрылым - патронимия жөнінде белгілі этнолог Ж. О. Артықбаевтың еңбектерінде жан-жақты сипатталып, талданған. Ғалымның ойынша, «Бір ата баласы» деген атаумен анықталатын осы патронимия өзінше бір шаруашылық бірлестігі болды, әртүрлі жеке отбасының ата балаларымен бірігіп шешетін мәселелері (құдалық, қалыңмал, жылу жинау, үлкен шаңыраққа бағыну, әмеңгерлік, балдыз алу) осы патронимиялық ортада шешілді .
Қазақ халқының дәстүрлі тұрмысындағы маңызды әдет-ғұрып, жөн-жоралғылар мен наным-сенімдерінің семантикасы Н. Ж. Шаханованың еңбектерінде қарастырылады.
Халықтан шыққан этнографтар А. Жүнісұлы мен С. Кенжеахметұлының қазақтың дәстүрлі мәдениетінің түрлі мәселелері жөніндегі еңбектері арнайы мән берелік. Мысалы А. Жүнісұлы өзінің «Пәниден бақиға дейін» (әдет ғұрып әліппесі) деген кітабында [8] қазақтың балаға, үйленуге және өлімді жөнелтуге байланысты әдет-ғұрыптары өте ыждағаттылықпен сипатталып жазылған. С. Кенжеахметұлының көпшілікке арналған кітаптарында қазақтың біраз әдет-ғұрыптарының, туыстық атауларының қыр-сыры өте жақсы сипатталады.
Біздің зерттеулерімізде 1948 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы орыс тілінде шығарған «Материалы по казахскому обычному праву» жинағы және әр жылдары жарық көрген «Қазақтың музыкалық фольклоры», «Жар-жар», «Беташар», «Той кітабы», «Наурыз», «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті», «Ақ бата» жинақтары, Б. Уахатовтың «Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы», «Қазақтың халық өлеңдері», «Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы (VІ ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезең), ел аузынан жиналып республикалық газет, журналдарда жарияланған тұрмыс-салт жырлары пайдаланылды.
Қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптарын зерттеуге соңғы жылдары қосылған үлкен ғылыми үлес, ол Тарих және этнология институтының этнология бөлімінің, ғалым С. Е. Әжіғалидың ұйымдастырушылығымен, жауапты редакторлығымен, «Мәдени мұра» аясында жарық көрген екі томдық «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты жинақ. Бұл жинақтың бірінші томы осы заманғы қазақ этнографтарының қазақтың әдет ғұрыптарын зерттеуге арналған мақалаларынан тұрады. Жинақтың екінші томы аты айтып тұрғандай қазақ халқының «Дүниеге келгеннен өмірден озғанға дейін» атқарылатын ғұрыптары бойынша ертеректегі авторлардың қазақша тәржімаланған еңбектерінің жинағы. Біз бұл жинақтағы материалдарға өте жоғары баға береміз және жұмысымызда мүмкіндігінше пайдаландық.
Қазақ отбасының мәселелері, ондағы жасалатын ғұрыптар регионалдық, диаспоралық материал негізінде Ү. Қыдыралиннің, Б. Камалашұлының,
Б. К. Қалшабаеваның, Д. Б. Ескекбаевтің, Н. Байғабатованың, С. Х. Шалғынбаеваның, А. Құдайбергенова мен Н. Бекбалақтың, Ж. Сәмитұлының т. б. диссертациялық зерттеулері, мақалалары, көпшілікке арналған кітаптарында арнайы болмаса да қарастырылады.
Қазақ халқының отбасылық-некелік салт-дәстүрлері философиялық, әлеуметтік-тарихи, социологиялық аспектілерде Ж. Қаракөзованың, С. Х. Шалғынбаеваның, А. К. Галимованың еңбектерінде көрініс тапқан.
Қазан төңкерісі қарсаңына дейінгі отбасылық-некелік қарым-қатынастары мен әдет-ғұрыптары жөнінде дерек беретін еңбектер жоқ емес. Белгілі шығыс тілі мен мәдениетін зерттеуші венгерлік ғалым А. Вамбериден бастап, П. Маев, А. Д. Гребенкин, А. П. Хорошхин, В. Наливкин және М. Наливкина, М. Ф. Гаврилов деген зерттеушілер Орта Азия халықтарында отбасы, отбасылық-некелік қарым-қатынстары, сарттардың үйлену дәстүрлері, қала мен ауылдық жерлердегі берілетін қалың ерекшеліктері, үйлену кезінде атқарылатын кәде жоралғылары туралы мәліметтерді келтіреді. Мысалы, П. Маев қалыңмалды шариғат бойынша болашақ әйелінің меншігінде болатын дүние деп түсіндіреді де, жасау жайында құдалар арасында ешбір келісімнің болмайтындығын айтады.
Н. А. Кисляковтың Қазақстан халықтарындағы отбасы мен некенің тарихына арналған очеркі біздің тақырыбымызға өте жақын келетін зерттеу жұмысы. Бұл жұмыста Орта Азия халықтарының отбасы формалары, олардың түрлерінің өзгеруі, неке және оған байланысты ғұрыптары сипатталып жазылып, кей жағдайларда салыстырыа талданған. Зерттеуші әсіресе стадиалдық ортақтастықтар мен ерекшеліктерге баса назар аударған.
Н. П. Лобачева қазақ халықтарының үйлену салтындағы діни магиялық рәсімдердің мән-мағынасын зерттеген. Ол халықтың этногенетикалық тарихының негізгі кезеңдерінің дәстүрлі мәдениетте көрініс беретінін өзінің ғылыми зерттеулерінде дәлелдеген. Сонымен қатар, Орта Азия халықтарының үйлену дәстүрлеріне салыстырмалы бағытта талдаулар жасап, тарихи-мәдени әсерлерді анықтайды.
Отбасы институты қоғамның құрылуы мен пайда болды. Отбасы ұйымының мынадай типтерінің бөліну принциптері қабылданған. Некенің формасына байланысты моногамиялық және полигамиялық отбасына бөлінеді. Моногамиялық отбасы некелік жұп - әйелі мен күйеуінің бөлінуін қарастырса, полигамиялық - күйеуінің бірнеше әйелінің бөлінуін қарастырады. Туыстық қатынастардың құрылымына байланысты отбасының типтері жай, нуклеарлық немесе күрделі, кеңейтілген болады. Нуклеарлы отбасы - некеге тұрмаған, бірақ балалары бар жұпты айтады. Егер отбасындағы балалардың қайсібірі некеге тұрған болса, онда кеңейтілген немесе күрделі типі болып табылады [9, 64 б. ] .
Эндогамиялық неке - бір әлеуметтік топқа жататын (ру, тайпа, сословие, класс, ұлт) адамдардың арасындағы неке.
Экзогамиялық неке - әртүрлі әлеуметтік топтарға жататын адамдардың өзара некелесуі.
Қай қоғамда болмасын отбасы некеге тұру арқылы пайда болады. Неке - отбасының өмірге кірер қақпа. Неке - тек ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым қатынасты реттейтін институт болса, отбасы - ата-ана мен балалар, туыстар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін институт болып табылады.
Алғашқы қауымдық қоғам кезіндегі отбасы жағдайын айтсақ, тарихтан бәрімізге белгілі болғандай полигамиялық некелерді, яғни реттелмеген отбасы қатынастарының болуы туралы айтуға болады. Кейіннен рулық қоғам кезінде бұл қатынастар сәл реттеліп, жеке рулар ішінде құра бастайды. Жалпы әлем этнологиясындағы отбасы мәселесінің зерттеліп, этнографтардың еңбектерінен көрініс таба бастауы тарихы жайында бірер сөз айтып өтейік. Американ этнологы Льюис Генри Морган өзінің 1877 жылы жарық көрген «Древнее общество» еңбегінде басты үш этнологиялық мәселені қарастырады: адамзат тарихындағы рулық қатынастардың орны мен рөлі, отбасы және неке қатынастарының қалыптасу тарихы және және адамзат тарихының кезеңделу мәселелерін қарастырған болатын. Морган отбасы қатынастарын және туыстық формаларын жүйелей келе, Адамзат тарихындағы отбасының дамуының әртүрлі бес сатысын бөліп көрсетеді. Оларға тоқталып өтейік:
1) қандытуыстық отбасы (кровнородственная семья) - отбасының бірінші формасы. Мұнда туған және туыс ағалары мен қарындастарының арасындағы (бірақ ата-анамен бала арасындағы некеге жол бермейтін) некелік қатынастар жайында айтылады;
2) пуналуалдық отбасы - бұл бірнеше апалы-сіңілділердің ортақ күйеуінің болуы немес бірнеше ағайындылардың ортақ әйелінің болуы жайында айтылған топтық некенің бір түрі;
3) жұптық немесе синдиасмитикалық отбасы;
4) патриархалдық, яғни полигамиялық отбасы;
5) Кейінгі кездегі моногамдық отбасы.
Морган бойынша адамдардың негізгі туыстық формалары туындаған бірінші, екінші және бесінші түрі ғана тұрақты болып саналды. «Три из таких форм, а именно первая, вторая и пятая могут считатся основными, так как они были в достаточной мере универсальны и достаточно влиятельны, чтобы создать три различные системы родства существующие и действующие до ныне. Остальные две формы (ІІІ и ІҮ) были промежуточными и не оказали такого влияния, чтобы создать новые или существенным образом изменить действования тогда системы родства», - деп түсініктеме береді [10, 256 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz