Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі


Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 7
- Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қала мәдениеті жұртының ескерткіштерінің зертеу тарихнамасы . . . 12XIX ғасыр - XX ғасырдың басы аралығындағы зерттеу тарихы (жазба
және археологиялық деректерге негізделген) . . . 12
1. 2Кенес одағы уақыты мен тәуелсіз Қазақстан кезеңінде жүргізілген зерттеулер . . . 17
2 Арыс өзеннің бойындағы ортағасырлық қала мәдениеттінің зерттелуі . . . 26
2. 1 Қараспан аймағында шоғырланған ортағасырлық қала ескерткіштерінің зерттелуі . . . 26
2. 2 Жуантөбе аймағында шоғырланған ортағасырлық қала ескерткіштерінің зерттелуі . . . 35
3 Арыс өзені бойындағы ортағасырдағы рухани және материалдық мәденет . . . 48
3. 1 Ортағасырлық қала аймағындағы жерлеу ғұрыптық кешендер . . . 48
3. 2Ортағасырлық қала-жұрт мәдениетінің шаруашылығы . . . 52
Қорытынды . . . 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 59
Қосымшалар . . . 62
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мәдени мұра ұғымы халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған рухани және заттай мәдениетін көрсететін, сол халықтың жүріп өткен тарихи жолынан сыр шертетін бағалы жәдігерлік қоры болып табылады. Мәдени мұра ұғымына халықтың рухани-мәдени құндылықтары - ұлттық мәдениет, ауызша және жазбаша әдебиет ескерткіштері, дәстүрлер, әдет-ғұрыптармен қатар, халықтың заттай мәдениеті - тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері де жатады.
Заттай мәдениеттің негізгі бөлігін археологиялық ескерткіштер мен табылған археологиялық олжалар құрайды. Археологиялық мәдени мұраға көне тұрақтар, оба-қорымдар, көне қалалар, қамал-қорған орындары, кесенелер мен мазарлар, басқа да архитектуралық ескерткіштер жатады. Олар жан-жақты кәсіби түрде зерттелген жағдайда халықтың өткен тарихы туралы көптеген құнды мағлұматтар алуға болады.
Қазіргі қоғамда мәдени мұраны зерттеу аса маңызды әрі өзекті болып отыр. Себебі жаппай жаһандану мен ғылыми-техникалық прогресс кезінде жекелеген тұлғалар мен бүтіндей халықтардың ерекшеліктері ұмыт болуға жақындай бастады. Сондықтан да халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан төл тарихы мен мәдениетін тиянақты зерттеу үшін ерекше маңызға ие бағдарлама дүниеге келді.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2003 ж. 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығына сай ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілді. «Мәдени мұра» бағдарламасы сонымен қатар ҚР Президентінің «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында да аталған болатын. Аталмыш бағдарлама 2004-2006 жж. арналып, еліміздің археологиясы саласында жаңа белестер ашып берді, қазба жұмыстары жаңа қарқынмен жанданып, көптеген жаңа зерттеулер қолға алынды. «Мәдени мұра» бағдарламасы тек археологияда ғана емес, жалпы Қазақстанның мәдениет саласында айтарлықтай оқиға болып табылды.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы тарихи және мәдени байлықтарды қорғау, зерттеу және насихаттауға арналған. Оның негізгі мақсаты - елдің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және қалпына келтіру. Соның ішінде археология саласындағы басты мақсаты - маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін зерттеу және қайта жаңғырту болып табылды. Бағдарламаға енген ғылыми бағыттардың кешені ұлттық стратегияның қалыптасуында тиімді факторлар саналады. Бағдарламаның бір тарауы тарихи-археологиялық бағыт, археология және сәулет ескерткіштерін зерттеп, оларды мұражай-қорық, туризм нысандары және консервациялау мен реставрациялаудың жаңа әдістері мен тәсілдері қолданылатын ғылыми орталығы ретінде сақтау.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында бүкіл Қазақстан аумағы бойынша жүздеген ескерткіштер зерттеліп, мыңдаған көне жәдігерлер табылды. Халықтың сан ғасырлар бұрынғы қалдырған заттай асыл қазыналары ұрпақтарымен қайта қауышты. Отан тарихы жаңа ескерткіштермен, ең бастысы бұрын белгісіз болып келген жаңалықтармен, жаңа мәліметтермен толықты. Ел мұражайлары мен зертханалары да соңғы бірнеше жылда жаңа экспонаттарға қанықты, мұндай науқан бұрын болмаған болатын.
«Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеуде жаңа кезең болып табылды. Бағдарлама аясында еліміздің ежелгі қалалары жан-жақты зертелді, олардың зерттелуінде үлкен жаңа мүмкіндіктер ашылды. Көшпелі өркениетті қалыптастырған халқымыздың қалалық мәдениетпен де бірге біте қайнасып, жүздеген қалаларды дүниеге әкелгені мәлім болды. Әлбетте, Қазақстанның ежелгі қалалары кеңес дәуірінен-ақ белгілі болатын, бірақ бағдарлама арқылы отандық зерттеушілер көне шаһарларға жаңа тәуелсіз көзқарастар тұрғысынан қайта қарауға мүмкіндік алды.
Жазба деректерде аталатын ортағасырлық қалалық мәдениет пен қалалардың ашылуы Қазақстан археологиясында жарқын құбылыс болып табылды. Қазақстан туралы тек таза көшпелілер елі деген пікірлер туғызып келген тұжырымдарға қарсы біздің еліміздің өзіндік далалық өркениеттің бесігі болғаны дәлелденді. Зерттеуші-ғалымдар қазақ жеріндегі ежелгі қала орындарын кеңес дәуірінен бастап зерттей бастаған болатын. Дегенмен жаңа бағдарлама қалалық мәдениетті жаңа тұрғыдан зерттеуге зор септігін тигізді.
Қазақстанның ежелгі қалалық мәдениетін зерттеу бүгінгі таңда ерекше қолға алынған өзекті әрі маңызды шаралардың бірі болып отыр. Қалалар тарихын білу арқылы келешек ұрпақтар өз ата-бабаларының қалдырып кеткен асыл мұраларын сезіне алады. Үйінділер астында қалған көне шаһарларды қайта тірілту, сан ғасырлар бұрынғы жәдігерлерді сөйлету аса қажетті іс болып қала беруде. Дәстүрлі түрде көшпелілер мекені есептелетін қазақ даласының қала мәдениетін одан әрі зерттеу ешқашан да өзектілігін жоймақ емес.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Арыс өңірінің ескерткіштері - көне дәуірлерден қалған археологиялық ескерткіштер. Бұл өңір үш ландшафты аймақты қамтиды: таулы, тау бекеті және далалы кеңістік жерлер. Егіншілік пен мал шаруашылығы мәдениеті дамыған аймақ. Тас дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр ескерткіштері кездеседі. Өңірде 1960 жылдан Жетісу кешенді археологиялық экпедициясы, 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы(жетекшісі К. А. Акишев), 1980 жылы Шымкент педагогикалық институтының археологиялық экспедициясы барлау және қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде Бөріжар, Алтынтөбе, Қаратөбе зираттары мен Қараспантөбе, Жуантөбе, Күлтөбе секілді көне қалашықтар орны ашылды. Барлау барысында 1973 жылы археолог Х. Алпысбаев Шаян, Арыс-Түркістан каналдарының бойынан ерте палеолит дәуіріне жататын тұрақтарды тапқан. 1974 -1975 жылдары Арыс қаласынан 10-12 км жерде Тасқотан, Бесқотан, Байтоғай сияқты тас дәуірінің ескерткіштері табылып, бұл өңірде алғашқы адамдардың өмір сүргені дәлелденді. 1980 жылдары әр түрлі құрылымдағы 3 мыңнан астам қорғандар есепке алынды.
Кейінгі ескерткіштер тобына бекіністер, ерте ортағасырлық және кейінгі ортағасырлық қалалар орны жатады. Ескерткіштердің үлкендері - тау аңғарларында, Арыс, Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Боралдай өзендерінің бойында, кішігірім бекіністер Бала Бөген, Бөген, Шаян, Арыстанды аңғарларында кездеседі. Үш бөліктен: шахристан, рабад, цитадельден тұратын ортағасырлық қала орындары бар. Олар V-VIII ғасырлар аралығын қамтиды. Шымкент маңындағы Қатын көпір маңында X-XVIII ғасырлар ескерткіштері зерттелді. Бекініс, қала орындары, табылған археологиялық заттай деректер Сыр бойында мәдениеттің жоғары дамығандығын көрсетеді. Көне қала орындары мен атаулары араб-парсы(X - XII ғ. ) саяхатшыларының жазбаларындағы аттарға сәйкес келеді.
1970-1980 жж. да Қазақстанның ежелгі шаһарлары туралы айтарлықтай еңбектер дүниеге келді, олардың арасында белгілі археолог-ғалымдар К. А. Ақышев, К. М. Байпақов, Л. Б. Ерзаковичтің ел аумағындағы аса ірі ежелгі қалалардың бірі - Отырар шаһарына арналған үш кітаптан тұратын іргелі еңбектері де болды. Отырар қаласындағы зерттеулер 2004-2011 жж. «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде де жалғасқан болатын. Бағдарлама аясындағы соңғы жылдар зерттеулері үшін 1970-1980 жж. зерттеу нәтижелерінің маңызы зор болған еді.
Өткен ғасырдың 90-жж. соңында да Қазақстанның ортағасырлық ескерткіштері, соның ішінде бірқатар қалаларындағы археологиялық зерттеулер жалғасты, нәтижелері ғылыми мақалалар мен кейбір кітаптар түрінде жарық көрді. Қазба жұмыстары сәл кейіннен «Мәдени мұра» бағдарламасына ұласты.
2004 ж. бастап «Мәдени мұра» бағдарламасы іске қосылды, бұл Қазақстан аумағындағы ежелгі қалалардың зерттелу тарихындағы бетбұрыс кезең болып табылды. Жылма-жыл жүргізілген көптеген археологиялық қазбалар, еліміздің түкпір-түкпіріне шығарылған экспедициялар жұмыстары нәтижесінде ортағасырлық қалалар тақырыбында көптеген тың жаңалықтар ашылды, жаңа еңбектер жарық көрді. Қалалық мәдениетті зерттеу барысында тек дәстүрлі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірлері ғана емес, Батыс, Орталық Қазақстан аймақтарындағы бірқатар қала орындары зерттеу нысанына айналды.
Дегенмен, «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберіндегі Қазақстанның ортағасырлық қалаларының зерттелу тарихы арнайы зерттеу тақырыбына айналмаған. Бұл сауал әлі күнге дейін жеке зерттеу ретінде қарастырылмады. 2004-2011 жж. аралығында бағдарлама аясында зерттелген ежелгі қалалардың көлемі біршама көбейді. Осының нәтижесінде жеке-жеке қалалардың зерттелуіне арналған еңбектер жарық көрді. Олардың ішінде Жайық қалашығы, Сауран, Отырар, Сарайшық және т. б. көне қалалардың археологиясына арналған зерттеу еңбектерді атауға болады. Бұл қалалар соңғы он жылға жуық уақыт «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында зерттелген болатын. Сол себепті Қазақстанның ортағасырлық қалалары туралы соңғы жылдары жарық көрген кітаптарды тікелей «Мәдени мұра» ықпалымен шығарылған деп есептеуге болады. Олардың авторлары белгілі зерттеуші-ғалымдар - К. Байпақов, М. Елеуов, Е. Смағұлов, З. Самашев және басқалары кеңестік археология мектебінен өткен тәжірибелі мамандар болып табылатын. Аталған ғалымдар Қазақстанның қалалық мәдениетін зерттеуде қажымай еңбек етті. Олардың бірқатары қазір де өз істерін жалғастырып, ортағасырлық қалалар бойынша бірден-бір белгілі мамандар болып қалуда.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында аталған ғалымдардан кейін орта және жас буын өкілдері де белсенді жұмыс жасай бастады. Олардың қатарында - А. Нұржанов, Д. Воякин, Е. Ақымбек, Р. Шербаев және т. б. атауға болады. Бұлардың көпшілігі бағдарлама шеңберінде жеке қазба нысандарын басқарып, зерттеу қорытындыларын көптеген жарияланымдар мен мақалалар түрінде жарыққа шығарды.
Қорыта келгенде, «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде ежелгі Қазақстан қалаларының зерттелу тарихы мен мәселелері жеке тақырып ретінде қарастырылған емес. Бұл мәселе алдағы уақыттарда шешімін табады деген сенімдеміз.
Зерттеудің деректік негізі. Диплом жұмысының деректік негізі Оңтүстік Қазақстан облысына, Арыс мәдениетіне жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесінде жарық көрген кітаптар, монографиялар, диссертациялар мен мақалалар және де Мәдени Мұра бойынша жүргізілген зерттеулердің есептері құрайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты 2004-2010 жж. зерттеу жүргізілген Қазақстан аумағындағы бірқатар ортағасырлық қалалалардың «Мәдени мұра» шеңберіндегі зерттелу барысын хронологиялық түрде сипаттау, қазба жұмыстарының кейбір нәтижелерін беру. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қол жеткізілген археологиялық жетістіктерді сипаттау арқылы осы бағдарламаның Қазақстан археологиясы ғылымында қаншалықты маңызды кезең болып табылғанын көрсету. Осы мақсаттарды орындау барысында төмендегідей міндеттер қойылды:
- «Мәдени мұра» бағдарламасының Қазақстанның ортағасырлық археологиясындағы маңызын көрсету;
- Бағдарлама шеңберінде зерттелген бірқатар қалалардың қазба барыстарын сипаттау;
- Бағдарлама аясында зерттелген қалалардың оған дейінгі қысқаша зерттелу тарихын көрсету;
- Жұмыста сипатталған ортағасырлық қалалардағы қазба нәтижелерін қорыту;
Диплом жұмысының методологиясы мен әдістері. Қазақдаласының батыс пен шығыс өркениеттерінің арасында орналасуы, екі үлкен этномәдени үрдістердің тоғысқан жерінде орын тебуі, далалық көшпелі және қалалық отырықшы мәдениеттердің біте қайнасып, қатар дамуы зерттеу жұмысының әдістемелік негізі ретінде салыстырмалы талдауды қолдануды талап етті. Диплом жұмысын жазу барысында қолданылған негізгі зерттеу әдістері қатарына - жүйелік талдау, теориялық-методологиялық ұстаным, салыстырмалы-тарихи талдау, сипаттап баяндау әдістерін жатқызуға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1 Оңтүстік қазақстанның ортағасырлық қала мәдениеті жұртының ескерткіштерінің зертеу тарихнамасы
1. 1 XIX ғасыр - XX ғасырдың басы аралығындағы зерттеу тарихы (жазба және археологиялық деректерге негізделген)
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласындағы көненің көздеріне Археологиялық комиссияның, Тарих музейінің, Мәскеу археологиялық қоғамы мен орталықтағы басқа да ғылыми мекемелердің назары ауа бастады. Құрамына Сырдария (Түркістан) және Жетісу облыстары кірген Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуына байланысты жаңа өлкеге, соның ішінде оның өткеніне ден қою күшейе түсті.
1867 жылы Археологиялық комиссияның тапсыруымен орыстың белгілі шығыстанушысы П. И. Лерх Түркістан өлкесін зерттеді. Ол Сырдария бойындағы Сауран, Сығанақ қалаларының қирандыларын қарап шықты, Талас алқабының бірқатар қалаларының орындарында болды, Жанкент қалашығында қазба жүргізді. Өзі кездестірген ескерткіштерді тіркеумен, мұқият сипаттаумен қатар, ол жазбаша хабарларды іріктеп, олар туралы үзінділерді талдады және түсініктеме беріп кетті. Жазбаша дерек көздерін өзі тапқан археологиялық олжалармен салыстырып, қираған орындарды нақты тарихи қалалармен баламалады [20, 36 б. ] .
Археологияның дамуындағы үлкен бетбұрыс оқиға 1893-1894 жылдары В. В. Бартольдтың іссапармен осы аймаққа келуімен байланысты болды. Ол Шу мен Талас алқабының, Ыстықкөл қазаншұңқыры мен Іле өзені алқабының ескерткіштерін көріп шығады. Оның «Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью» («Ғылыми мақсатпен Орта Азияға сапар туралы есеп») еңбегі осы кезге дейін тарихи ақпараттың ғаламат үлгісі болып қалып отыр. Көптеген жазбаша дереккөздеріне сүйеніпВ. В. Бартлольд зерттеген ауданының тарихи-топографиясын суреттеді, археологиялық жағынан болашақтағы мәні зор ескерткіштерді анықтады және оларды ортағасырлық белгілі қалалармен сәйкестендірді. Ол Верный қаласының ауданындағы қалалық мәдениеттің ілкідегі қайнар-бастауларын атап өтеді. В. В. Бартольдтың осыдан кейінгі еңбектері Орта Азия мен Қазақстан халықтарының өткен тарихының бет-пердесінашыпберді. Оның іргелі ізденістері көптеген қалалардың тарихи топографиясын, олардың локализациясын, ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи оқиғалардағы рөлін, түрік-соғды байланыстары тұсындағы қалалардың қалыптасуы мен дамуы тарихын зерттеуге негіз қалады. 1895 жылы Ташкентте құрылып, жергілікті зиялылардың өлкенің өткеніне, оның тарихына, сәулет және өнер ескерткіштеріне ден қоятын өкілдерін, әскери адамдарды, шенеуніктерді, өткенге қызығушылық танытатындарды біріктірген Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесінің ұйымдастырылуы да В. В. Бартольд есімімен байланысты. [20, 40б. ] .
Қоныстар мен қалалардың қирандылары, қорымдар, жартас суреттері, жазулар, мазарлар, эпиграфиялық және нумизматикалық материалдар, тас мүсіндер секілді нақты археологиялық ескерткіштер, ежелгі суландыру сауалдары үйірме отырыстарында көтеріліп тұрды. Үйірме мүшелері ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізді. Үйірме қызметінің нәтижелері Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі Протоколдары (ПТКЛА) сынды арнайы басылымдарда жарияланды.
«Ақ өзендегі қала» немесе Испиджаб (Сайрам), жазба деректерде VII ғасырдың басынан бері белгілі және де XI ғасырда Махмұд Қашғаридың айтуы бойынша шығысы Шу мен Таласқа дейін, солтүстік батысы Сырдарияның орта ағысына дейінгі жердің орталығы болған. Ол ерте ортағасырда (X-XIII ғасырдың басы) қазіргі Қазақсан территориясында Ұлы Жібек жолының ең ірі сауда орталығы болды. Испиджаб қаласының маңында Кедер, Сығанақ, Сауран және Янгикент, және де Қаратаудың солтүстік жағында Баладын және Берукет және Жетісулық Тараз, Құнан, Меркі, Суяб секілді қалалар болды.
X ғасырда географ Ибн-Хаукаль былай деп жазды: «Испиджаб- шамамен Бинкеттен үш есе кіші қала. Ол мединадан, цитадельден және рабадтан тұрады. Цитадель қираған, медина мен рабадта адамдар қоныстанған, мединаны қабырғалар қоршап тұр, рабадтың маңы да айнала қабырғалармен қоршалған. Рабадта өзінің бақтары мен сулары бар. Құрылысы саз балшықтан жасалған. Испиджаб жазықтықта жатыр, Испиджаб пен оған жақын жатқан таудың арасы үш фарсах. Мединаның төрт қақпасы бар. Олар: Нуджкент қақпасы, Фархан қақпасы, Шакван және Бұқара қақпасы. Базар медина мен рабадта, басқару үйі, түрме, мешіт мединада орналасқан. Бұл көп халқы бар үлкен қала, барлық Хорасан мен Мауреннахр жерінде Испиджабқа жететін қала жоқ. Бұқара қақпасынан Шығыстағы елдерден тауарлар әкелінген. Нуджкент қақпасы, батыс қақпа болған. Нуджкент аты Талас даласындағы кішкене Дех деген қаланың атына қойылған. Бұл қақпа арқылы Сырдария бойындағы Отырар, Сауран, Жент және Янгикент қалаларында Керуен жолы өткен [28, 42б. ] .
Испиджаб туралы ең маңызды мәліметті әл-Истахридің айтқаны: «Құрылымы саздан, базарларында жемістер мол, өнімге бай және де көптеген қажетті заттар бар. Оның жан-жағында көптеген қалалар мен ауылдар бар(жазба деректерде Манкент, Газирт, Қарлұқ) .
Жазба деректерде сайрам бекінісінде Мухаммедтің кішене гарнизоны сонда қалдырылған, монғолдармен бекіністі қоршауда «Сайрамда катапультты қолданған». Барлық ықтималдық бойынша, басқа қалаларға қарағанда Сайрам қаласы қатты қирамаған. 1221 жылы Сайрам арқылы өтіп бара жатқан даолық монах Чань Чунь осы жерден жағдайы жақсы қала тауып, өзінің шәкірттерімен бірнеше күн болған. 1223 жылы еліне қайтып келе жатқанда Сайрамның жанынан өтіп бара жатқан Чань Чунь оны «үлкен қала» деп айтып кеткен.
Жазба деректер, XIV-XVII ғасырларда дамуы кезеңі үзіліп қалған Сайрамның қайта дамитына үміттенген. Бірақ ерте ортағасырларда Сайрам Орта Азияның солтүстігінен Орталық Қазақстанның көшпенділеріне дейінгі аралықта жатқан, шығысында - Моғолстан, отырықшы және қала өмірінің рөлін арттырды: нақты айтар болсақ, ол стратегиялық қуатты орталық, тек сауда жолдарын қадағалап қана қоймай, оңтүстіктен шығатын негізгі жолды, ортаазиялық иеліктерді, және де Қазақ жерлерін қадағалап отырды. Сол үшін де өзбек және қазақ феодалдары Сайрамды билеуге күресіп отырды. Өз заманында қала қорғанысы мықты болған.
XV-XVI ғасырлардың аяғындағы тарихшы, «Михман наме-йи Бұқара» еңбегінің авторы Рузбихан Исфахини: « Қаланың негізі биік қабырғалармен қоршалған, аяқ басуға келмейтін ор қазылған» деп жазған. Сайрамның айналасында қазылған ор туралы Хафиз и Таныштың жазбаларында кездеседі.
Жазба деректерде X ғасырда Сайрамда бір-біріне қарама-қарсы орналасқан қақпалар болған, жер асты магистральдық көшелермен жалғасқан. Солтүстік қақпа «Бел» деп аталған(Беклик қақпа немесе Белдарбаза) және саздан жасалған мұнаралар бір қатарды тұрған. Оңтүстік қақпа - «Базадарваза», шығыс - «Қарамұртдарваза» және батыс - «Шымкентдарваза». Сайрамның топографиясына қарағанда, ол негізін бұдан да ертеректе қалаған [29, 40б. ] .
Алғаш Шымкент туралы 1425 жылы Шараф-ад-дин Али Иаздидің «Зафарнаме» еңбегінде айтылады. Шымкент Сайрамның жанындағы ауыл болғандықтан, 1336 жылы Темірдің шапқыншылығына қатысты деректерде де жазылған. Бірақ қаланың тарихы тереңде, тіпті он мыңдаған жылдар бұрын деп айтсақ та болады, оған дәлел тас дәуіріндегі тастан жасалған қару-жарақтар, еңбек құралдардың табылуы.
Жазба деректерде, монғол шапқыншылығынан кейін Шымкент дамып, біртіндеп үлкен қалаға айнала бастады. Оның негізгі қалдықтары қазіргі Шымкент қаласының ортасында орналасқан. Қалашықта цитадель жақсы сақталған. Қазіргі қаланың үлгісін сақтаған сұлбасы бар. Цитадель төңіректегі жерге 25 метрге дейінгі биіктікке дейінгі адырды қамтиды. Адырдың көлемі жоғарғы алаңда 30х45 м. Бұрыштарда мұнаралар болды, кіре беріс оңтүстік қабырғада орналасты. Цитадельге шахристанның территориясы тұтасып жатыр, шекарасы қазіргі құрылыстардан анықтау мүмкін емес. Қаланың қазіргі топографиясын Жеке Сібір корпусының аудармашысы Филипп Назаровтың жазбаларынан көруге болады. Қоқанға барар жолда барлық қалаларды қағазға түсірген, оның ішінде Шымкент қаласы да болған. Оның сөзінше бұл қала « . . . Бадам өзенініңбойында орналасқан. Жоғары жерде орналасқан және биік қабырғалармен қоршалған. Қалаға кірер жол өзен бойындағы тар жолда орналасқан, бір атты дан артық жүруге келмейтін. Қалаға су қабырғадағы терезелер арқылы кіргізілген, қаладағы қазылған каналдар осы арқылы толтырылған, диірмендер де болған. Үйлер қытайлардың үйлеріне ұқсас, терезесіз, күйген кірпіштерден салынған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz