Еуразия көшпенділерінің потестарлық билік жүйесінің ерекшеліктері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

І ПОТЕСТАРЛЫҚ ЭТНОГРАФИЯ . КЕНЕСТІК ЭТНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМНЫҢ БІР БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ
1.1 Потестарлық этнография және оның негізгі мәселелері ... ... ... ... ... ... .. 10
1.2 Дәстүрлі мемлекет және оның негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ІІ ЕУРАЗИЯ КӨШПЕНДІЛЕРІНІҢ ПОТЕСТАРЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
2.1 Еуразия көшпенділеріне тән билік ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 31
2.2 Ру және туысқандықтың потестарлық жүйедегі орны ... ... ... ... ... ... ... .. 38

ІІІ ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ПОТЕСТАРЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
3.1 Қазақ қоғамындағы батырлар институтының билік мәселесіндегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
45
3.2 Қазақ қоғамындағы билер институтының билік мәселесіндегі рөлі ... ... 49
3.3 Қазақ қоғамындағы ақсақалдар институтының билік мәселесіндегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 70
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Көшпенділікті зерттеудің ғылыми маңыздылығы әлемнің отыздан аса көп елдерінде көшпенді мал шаруашылығы өзінің дамуын ары қарай жалғастырып келуінде. Табиғи географиялық және қоғамдық экономикалық факторлардың көшпенділер өміріндегі орнын зерттеу үлкен қызығушылық тудырып отыр. Көшпенділердің материалды шаруашылығы қоғамдық қатынастары және көшпенді халықтарды зерттеу бүкіл әлемдік тарихи процестің қоғамдық – экономикалық кезеңдік ерекшелікті түсінуге мүмкіндік береді. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы көшпенділердің тұрмыстық және шаруашылық өмірі жайлы әртүрлі көзқарастардың пайда болуымен сипатталады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Көшпенділер өркениетінің қоғамдық саяси процестердің механизмдерін зерттеу, көшпенді қоғамның өмірін, потестарлық жүйелерін зерттеу.
Көшпенділіктің әлемдік тарихтағы , қоғамдағы орнын анықтау. Сондай – ақ XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасыр басындағы көшпенді қазақ қоғамының потестарлық жүйесін суреттеу және тарихи ортаға байланысты, олардың тарихи дамуын сипаттау. Көшпенділердің тарихи дамуының заңдылықтарын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Потестарлық этнография және оның негізгі мәселелерін талдау;
- Дәстүрлі мемлекет және оның негізгі ерекшеліктерін анықтау;
- Еуразия көшпенділеріне тән билік ұғымын талдау;
- Ру және туысқандықтың потестарлық жүйедегі орнын қарастыру;
- Дәстүрлі қазақ қоғамының потестарлық жүйесін зерттеп, сипатын анықтау;
Мәселенің зерттелу деңгейі: Потестарлы этнография туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, ғылым тарихында жиі кездеспейтін жағдайға көңіл бөлуге тура келеді. Батыстағы саяси антропологияның ғылыми дәстүрде айқын бекітілген пайда болған күні бар. Кейбір африкалық қоғамдарда билікті құру және оның атқаратын қызметі мен институциолануымен байланысты көптеген маңызды теориялық мәселелер көрініс тапқан үш кітап қатарынан жарық көрген 1940 ж. сол күн болып есептелінеді: Э. Эванс-Причардтың «Нуэры» және «Ағылшын-Мысырлық Суданның ануактарының саяси құрылысы» және Э. Эванс-Причард пен М. Фортес бірігіп редакциялаған британдық әлеуметтік антропологтардың ортақ еңбегі – «Африкалық саяси жүйелер»[1].
Алайда, жаңа этнографиялық пән саласының түбірі біздің ғасырымыздың 30 – 40 жылдарынан да ертерек уақыттарға ұласады. Егер соншалықты алысқа көз жүгіртпесек, ең ерте саяси-антропологиялық еңбек ретінде Л. Морганның «Ирокездер лигасын» есептеуге болады, сірә; көбіне Г. Мейннің басты еңбегі «Ежелгі заң» солай сипатталуы мүмкін; сонымен қатар әрине саяси-антропологиялық зерттеу ретінде Р. Лоуидің «Мемлекеттің пайда болуы» кітабын қарастыруға болады [2].
1. Эванс-Причард Э.Э. Нуэры. Описание способов жизнеобеспечения и политических институтов одного из нилотских народов. – М., 1985. 243 с.
2. Морган Л.Г. Лига Ходеносауни, или ирокезов. – М., 1982. – 301с.
3. История философии. – А., 1998. – 289 с.
4. Крадин Н.Н. Кочевники в мировом историческом процессе. – А., 2009. – 280 с.
5. Васютин С.А. Лики власти (к вопросу о природе власти в кочевых империях) // Монгольская империя и кочевой мир. Кн. 2: Сб. ст. - Улан-Удэ, 2005. – С. 56-68.
6. Барфилд Т.Дж. Опасная граница: кочевые империи и Китай (221 г. до н.э. – 1757 г. н.э.) – Спб., «Нестор-история», 2009. – 488 с.
7. Бондаренко Д.М., Гринин Л.Е., Коротаев А.В. Альтернативы социальной эволюции // Раннее государство, его альтернативы и аналоги: Сборник статей. – Волгоград, «Учитель», 2006. – С. 460-475.
8. Хазанов А.М. Кочевники евразийских степей в исторической ретроспективе // Раннее государство, его альтернативы и аналоги. – Волгоград, 2006. – С. 479-490.
9. Крадин Н.Н. Кочевники, мир-империи и социальная эволюция // Раннее государство, его альтернативы и аналоги. – Волгоград, 2006. – С. 491-503.
10. Кляшторный С.Г. Основные этапы политогенеза у древних кочевников Центральной Азии // Монгольская империя и кочевой мир. Кн. 2: Сб. ст – Улан-Удэ, 2005. – С. 23-30.
11. Бурлацкий Ф.М. Ленин. Государство. Политика. – М., 1970. – 527 С.
12. Куббель Л.Е. Доколониальные политические структуры Африки в Западноевропейской этнографии. – СЭ., 1977. – № 4. – С. 157-158.
13. Бромлей Ю.В. Опыт типологизации этнических общностей. – СЭ., 1972. – № 5. – С. 62-65.
14. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. - М., 1983. – 412 с.
15. Куббель Л.Е. Этнические общности и потестарно-политические структуры доклассового и раннеклассового общества //Этнос в доклассовом и раннеклассовом обществе. – М., 1982. – С.124-146.
16. Вятр Е. Социология политических отношений. – М., 1979. – 456 с.
17. Першиц А.И. Социально-экономическая терминология в понятийном аппарате этнографии. – СЭ., 1983. – № 5. – С. 63-64.
18. Fried M.H. On the Evolution of Social Stratification and the State. // Cul-ture in History. Ed. Diamond S. – N.Y., 1960. – p. 713-730.
19. Бутинов Н.А. Американская экономическая антропология. Критические очерки. // Актуальные проблемы этнографии и современная зарубежная наука. – Л., 1978. – С. 73-88.
20. Философский энциклопедический словарь. – М., 1983. – 836 с.
21. Кейзеров Н.М. Власть и авторитет: Критика буржуазных теорий. – М., 1973. – 264 с.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
ЕУРАЗИЯ КӨШПЕНДІЛЕРІНІҢ ПОТЕСТАРЛЫҚ БИЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

гуманитарлық ғылымдар магистрі
академиялық дәрежесін алуға магистрлік диссертация
(ғылыми-педагогикалық бағыт)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4

І ПОТЕСТАРЛЫҚ ЭТНОГРАФИЯ - КЕНЕСТІК ЭТНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМНЫҢ БІР БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ

1.1 Потестарлық этнография және оның негізгі мәселелері ... ... ... ... ... ... . .
10
1.2 Дәстүрлі мемлекет және оның негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ..
23

ІІ ЕУРАЗИЯ КӨШПЕНДІЛЕРІНІҢ ПОТЕСТАРЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

2.1 Еуразия көшпенділеріне тән билік ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
31
2.2 Ру және туысқандықтың потестарлық жүйедегі орны ... ... ... ... ... ... ... ..
38

ІІІ ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ПОТЕСТАРЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

3.1 Қазақ қоғамындағы батырлар институтының билік мәселесіндегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

45
3.2 Қазақ қоғамындағы билер институтының билік мәселесіндегі рөлі ... ...
49
3.3 Қазақ қоғамындағы ақсақалдар институтының билік мәселесіндегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
70

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Көшпенділікті зерттеудің ғылыми маңыздылығы әлемнің отыздан аса көп елдерінде көшпенді мал шаруашылығы өзінің дамуын ары қарай жалғастырып келуінде. Табиғи географиялық және қоғамдық экономикалық факторлардың көшпенділер өміріндегі орнын зерттеу үлкен қызығушылық тудырып отыр. Көшпенділердің материалды шаруашылығы қоғамдық қатынастары және көшпенді халықтарды зерттеу бүкіл әлемдік тарихи процестің қоғамдық - экономикалық кезеңдік ерекшелікті түсінуге мүмкіндік береді. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы көшпенділердің тұрмыстық және шаруашылық өмірі жайлы әртүрлі көзқарастардың пайда болуымен сипатталады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Көшпенділер өркениетінің қоғамдық саяси процестердің механизмдерін зерттеу, көшпенді қоғамның өмірін, потестарлық жүйелерін зерттеу.
Көшпенділіктің әлемдік тарихтағы , қоғамдағы орнын анықтау. Сондай - ақ XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасыр басындағы көшпенді қазақ қоғамының потестарлық жүйесін суреттеу және тарихи ортаға байланысты, олардың тарихи дамуын сипаттау. Көшпенділердің тарихи дамуының заңдылықтарын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
oo Потестарлық этнография және оның негізгі мәселелерін талдау;
oo Дәстүрлі мемлекет және оның негізгі ерекшеліктерін анықтау;
oo Еуразия көшпенділеріне тән билік ұғымын талдау;
oo Ру және туысқандықтың потестарлық жүйедегі орнын қарастыру;
oo Дәстүрлі қазақ қоғамының потестарлық жүйесін зерттеп, сипатын анықтау;
Мәселенің зерттелу деңгейі: Потестарлы этнография туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, ғылым тарихында жиі кездеспейтін жағдайға көңіл бөлуге тура келеді. Батыстағы саяси антропологияның ғылыми дәстүрде айқын бекітілген пайда болған күні бар. Кейбір африкалық қоғамдарда билікті құру және оның атқаратын қызметі мен институциолануымен байланысты көптеген маңызды теориялық мәселелер көрініс тапқан үш кітап қатарынан жарық көрген 1940 ж. сол күн болып есептелінеді: Э. Эванс-Причардтың Нуэры және Ағылшын-Мысырлық Суданның ануактарының саяси құрылысы және Э. Эванс-Причард пен М. Фортес бірігіп редакциялаған британдық әлеуметтік антропологтардың ортақ еңбегі - Африкалық саяси жүйелер[1].
Алайда, жаңа этнографиялық пән саласының түбірі біздің ғасырымыздың 30 - 40 жылдарынан да ертерек уақыттарға ұласады. Егер соншалықты алысқа көз жүгіртпесек, ең ерте саяси-антропологиялық еңбек ретінде Л. Морганның Ирокездер лигасын есептеуге болады, сірә; көбіне Г. Мейннің басты еңбегі Ежелгі заң солай сипатталуы мүмкін; сонымен қатар әрине саяси-антропологиялық зерттеу ретінде Р. Лоуидің Мемлекеттің пайда болуы кітабын қарастыруға болады [2].
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саси, идеологиялық жағдайымен сипатталатын тарихи білім белгілі қоғамдық ортада, белгілі мәдениет үлгісінде қалыптасады. Тарихи ғылым ең дамыған көшпелі бірлестіктер көшпелі халықтың едәуір көлемін қамтыған мемлекеттік түрдегі саяси институттарды бекіте ала-алмайтыны туралы жағдайды шешу мәселесін кездестірді. Тарихи ғылымның дамуының қазіргі кезеңінде мамандар қандай да болмасын көзқарастың пайдасына анықтап кесіп айтуға мүмкіндік беретін өлшемдердің қалыптасуына мүдделі. Тарихи білімнің қазіргі қозғалысы мұнан былай да көшпелі қоғамның жаратылысын ұғынуды, көшпелі қоғамның ішкі құрылымдарының өзгерісімен тікелей байланысты болған үрдістердің мәнін түсінуді талап етеді.
Әлеуметтанулық теориялар мемлекетті қоғам ішінде билікті қолданудың белгілі құралдары мен әдістері бар, өз қызметіне бекітілген аймақта бүкіл халықты қатыстыратын белгілі аймақта қоғам мүшелері арасындағы қарым-қатынастың белгілі тәртібін орнататынқоғамды құрудың ерекше тәртібі ретінде анықтайды. Көшпелі мемлекеттілікті теріске шығаратын тұжырымдамалық негіздерді немістің классикалық философиясының негізін қалаушы И. Кант пен Ф. Гегельде көреміз [3]. И. Кант көшпенділердің мемлекеттілігінің бастауын көшпенділер (көшпелілер) мен жер иеленушілердің (отырықшы топтар) арасындағы шиеленісінде қарастырды. Ф. Гегель көшпелілерді көшпеліліктің дамуының тарихқа дейінгі екінші кезеңіне жатқызды, көшпелілер мемлекеттілікті қалыптастыру сатысына дейін әлі жетілмеді деп есептеген.Ф. Гегельдің пікірінше, саяси институт ретінде мемлекеттің пайда болуы қоғамдық биліктің орталығы ретінде қалалардың болуы және құқық пен басқа ілеспе элементтердің ұйымдасқан жүйесінің болуы жағдайында ғана мүмкін. Патриархаттық құрылым себептерімен, мемлекет пен тұлғаның еркіндігінің болмауына Ф. Гегель өркениетті бұзушылар рөлін береді.
Қазіргі тарихи зерттемелердің маңызды мәселелерінің бірі Еуразияның ежелгі және орта ғасырлық көшпенділерінің политогенезінің басты кезеңдерін бұрынғы қалпына келтіру талпыныстары болды. Нақты көшпелі қоғамдарды антропологиялық тұрғыдан стратификациялау жүйесін баяндау және олардың сипатын анықтау теориялық зерттеулердің негізгі бағыты болып табылды. Бұл мәселенаманы шешу контекстінде сұрақтар қойылып, көшпелі мемлекеттің теорияларының алдағы типологиялық құрылуларын шешудегі негізгі бағыттары анықталды.
Ресей зерттеушісі, көшпендітанушы Н.Н. Крадин көшпелілердің әлеуметтік құрылысының сипатына деген төрт негізгі көзқарасты анықтады [4, с. 20-21]:
1) Көшпелілердің таптық алды қоғамы (С.И. Вайнштайн, Л.С. Васильев, К.П. Калиновская, В.А. Шнирельман және басқалар)
2) Көшпелілердің алғашқы мемлекеттері (Е.П. Бунтян, С.Г. Кляшторный, Е.И. Кычанов, А.И. Мартынов, М.С. Мейер, А.И. Першиц)
3) Көшпенділердің феодализмі: а) көшпелі феодализм теориясының ортодоксалды үлгісі (И.Я. Златкин, М.Х. Маннай-Оол, Л.П. Потапов); б) көшпелі феодализмнің саундық үлгісі (А.В. Даньшин, К.И. Петров, Ф.Я. Полянский); в) феодализмнің негізі ретінде көшпелілерді билеу (Н.Ц. Мункуев, А.В. Попов, В.С. Таскин, Г.А. Федоров-Давыдов); г) көшпеліліктен қалаларға седентаризациялану барысында феодализмнің қалыптасуы (С.А. Плетнева). Сонымен қатар оның ішкі жаратылысы түсіндірілмей-ақ номадизмнің феодалдық болмысы жайында пікірлер белгілі (А.А. Арзыматов, Л.Л. Викторова, Д.Е. Еремеев және басқалар
4) Көшпенділер өндірісінің ерекше көшпелі (Г.Е. Марков, Н.Э. Масанов) немесе экзополитарлы (Н.Н. Крадин) әдістері.
Зерттеуші көшпелі мемлекеттіліктің болмысын зерттеудегі түрлі амалдар мен үрдістерді қарастыра отырып, көптеген тарихи зерттеулер көшпеліліктің өзіндік болмысынан және аз мамандандырылған және құрылымдық сараланған әлеуметтік-экономикалық ұйымға ие жағдайдан бастау алады деген пікірде.
Қазіргі ғылым көшпелі мемлекеттік дәстүрлер мен институттардың даму мәселесіне ерекше назар аударады. Құрылымдық және өркениеттік бағыттар ауқымында тарихи көзқарастардың дамуы өте ұқсас және көшпенділер қоғамының тұрақты сипаты туралы көзқарастан оның ерекше дамуы мен көрші отырықшы қауымның көшпенділерде мемлекеттің пайда болуына айрықша ықпал жасауы туралы теорияға дейін ұзақ жол өткізді.Ресей тарихнамасында XX ғ. аяғы - XXI ғ. басында өркениет дамуының баламасы ретінде дала мәдениеті туралы сұрақ туындады, бұл сөзсіз өркениеттік бағытқа бағдар болды. Пайда болу, алдағы өзгерісі, ал кейде тіпті күрделі адамдық жүйелердің жойылуының негізгі заңдарын әр түрлі түсіндіретін теориялар қатары пайда болуда.
Қазіргі зерттеуші С. А. Васютин назарын құлдырау үдерісін бастап жатқан ірі көшпелі политиялардың мәселесіне аударды [5, с. 58]. Көп жақты әскери-саяси қысым (әдетте Қытай мен бәсекелес көшпелі қауымдардың мүдделері бірлесті), билеуші рулық қауым немесе түрлі тайпалық топтардың арасында ішкі қайшылықтардың болуы сияқты жағдайлардың түйісуі салдарынан, экологиялық жағдайлар нашарлады және соғыстық жеңілістер көп болды. Орта Азиядағы саяси үдерістердің мерзімділігін ескере отырып, бір көшпелі империяның құлдырауы әдеттегідей басқасының тарихының бастамасы болып ұласты.Алайда, ыдырау үдерістері империяның ұйымдық құрылымдардың толық жойылуына және бунақталған этносаяси кеңістіктің қалыптасуына да әкеліп соғуы мүмкін еді.
Американдық антрополог Т.Дж. Барфилд өз билік кезеңдері теориясын негіздей отырып, сонымен қатар Ішкі Азияның көшпелі мемлекеттері ішкі және әскери саясатта автократиялы және мемлекет тәріздес, бірақ ішкі істерде ақылдасушы және федерализм қағидаларын ұстанатын империялық конфедерация болып табылғанын анықтады [6, с. 38-44]. Бұл мемлекеттік құрылымның тұрақтылығы даланың сыртынан қаржылық қорларды түсіру арқылы ұсталынып тұрды. Тайпалық ұйым жергілікті деңгейде ешқашан жоғалған емес, бірақ орталықтандыру кезеңдерінде оның рөлі ішкі істермен шектелінді. Бұл жүйе әлсіреп, орындарда тайпа көсемдері тәуелсіз болған кезде, дала басқарусыздыққа оралатын.
Д.М. Бондаренко, Л.Е. Гринин, А.В. Коротаев орташа күрделілік деңгейлі қоғамдарындағы әлеуметтік даму үдерістерін зерттеуде мынадай мәселелер қатарын белгіледі [7, с. 132]:
1) политогенездің саяси қырларының басқа қырлармен өзара қатынастары мен өзара байланыстары;
2) ерте мемлекеттердегі әкімшілік институттардың фрагментарлық сипаты мен дамуының төмен деңгейінің себептері;
3) қиындық үлгісінің бірінен басқасына өтуінің салыстырмалы жеңілдігінің себептері;
4) оның кез-келген қоғамда өтуінің тарихи-мәдени және географиялық жағдайларына байланысты әлеуметтік-саяси дамудың үлгілерін анықтау.
Авторлар көрсететін, ауқымында мемлекеттің белгілері ретроспективті түрде анықталатын даму жолы политогенездің мүмкін бағыттарының бірі болып табылады. Ерте мемелекеттің баламасы ұғымы берілген үлгілердің ерте мемлекетпен типологиялық және функционалды ұқсастықтарына сияқты, сондай-ақ олардың құрылымдық ерекшеліктеріне де ерекше көңіл аудартады.
Сөйтіп, көшпенділердің күрделі басқару институтының сипаты көшпелі империялардағы билік құрылыстарының талдауының жүйелік принциптерін қолдануды келешекті етеді. Көшпелі құрылыстардағы саяси үдерістердің динамикалығын ескере отырып, ішкі жүйелер арақатынасы тұрақсыз және қозғалмалы болды және ішкі жүйелер қатынасында түбегейлі өзгерістер жалпы бүкіл жүйенің өзгерісіне әкеліп соқты.
Көшпендітанушы А.М. Хазанов көшпелі мемлекеттіліктің пайда болуы ешқашан кенеттен болған емес деп есептейді. Ондағы сыртқы факторлар ішкі факторларға қарағанда, басым болды [8, с. 479]. Көшпелі мемлекеттерде саяси билік айтарлықай шамада аралас және әдетте әскери және ұйымдық-реттеуші қызметтермен байланысты болып қала берді. Көшпелі қоғамдар өзінің ішінде қайтымсыз құрылымды өзгерістерге әкелу үшін саяси ықпалдастығының қажеттігі жеткілікті түрде күшті болмады.
Қазіргі авторлардың тарихи зерттеулерінде екі тұтас тарихи құбылыс - отырықшы империялар мен көшпелі аймақтарды қарама-қарсы қоятын жүйелік талдаудың әдістемелік принциптерін қолдану талпынысы айқын көрінді.
Н.Н. Крадин Көшпенділер әлем-империяның мен әлеуметтік эволюция мақаласында көшпелі империялардың үш үлгісін көрсетті [9, с. 491]:
1) белгілі типке жататын империялар - арақашықтықта қатар өмір сүретін көшпенділер мен егіншілер;
2) данникалық империялар - егіншілер көшпенділерге тәуелді;
3) жаулап алушы империялар - көшпенділер егіншілік қоғамды жаулап алып, оның жеріне көшіп келеді. Зерттеушінің пікірінше, монғолдар соңынан ірі аумақтық орталықтарды бір қатарға біріктіріп, алашқы жүйені қалыптастырды (Еуропа, ислам әлемі, Үндістан, Қытай, Алтын Орда).
Егер Н.Н. Крадин көшпелі империялар мен орта ғасырлық қоғам мемлекет пен өркениет деңгейіне сәйкес келу-келмеу мәселесін шешу үшін өркениеттік бағытты қолданса, С.Г. Кляшторный көшпелі қоғамдар дамуының қатарлық әдісін қолданды, оған сәйкес билік рулық-тайпалық және әскери-демократиялық институттардан ерте мемлекет - тайпалы саяси ұйымға дейін дамыды [10, с. 68].
Ғұн мемлекеті, Авар, Түрік және Ұйғыр қағанаттары мысалында тарихи ұқсастық жолымен жүргізілген түрлі зерттеулік тәжірибелер прогрессивті (империяның орталығының билік функцияларының тұрақты өндірісіне немесе олардың кеңеюіне бағытталған) беталыстар регрессивті (империяның жеке бунақтарының дербестіктерінің ұлғаюы) болып ауыса алуын көрсетті. Кейде бұл қарама-қайшы беталыстар бір уақыта жүзеге асып, ал кейде билік механизмдерінің күрделі кешеніне ұласып отырды. Сөйіп, қоғам дамыған және құрылымды болған сайын, көшпелі жүйелердегі билікті дербестеу процесінің күшеюі тереңірек болды. Бағыттар мен көзқарастардың әртүрлілігі көшпелі ортадағы әлеуметтік-саяси өзгерістердің генезисінің ашылуына әкеліп соқты. Тарихи ойдың алдағы дамуы бізге жаңа бағыттар анықтауға, зерттеу өрістерін және оның күрделену, жіктелу және көшпелі ұйымдардың әлеуметтік-саяси құрылымдарының дамуының балама жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Көшпелі қоғамдардың әлеуметтік-саяси құрылысы мәселелері бойынша қазіргі тарихнаманы талдай отырып, біз көшпелі ұйымдардағы мемлекеттік институттар, билік және билеу мәселелері жайында арнайы ғылыми іздеулердің қажеттігін анықтаймыз.
Тарихи ойдың дамуының дәрежесі бойынша көшпелі қоғамдардың әлеуметтік-саяси жүйесін қалыптастыру және қызмет ету мәселелерін зерттеуде белгілі динамикасы жөнінде айтуға болады. Бұл барлық үдерістер көшпелі қоғамдардың ұйымдық құрылымы мен билеу жүйесінде көрініс тапты. Бүгінгі таңда көшпелі қоғамдардың әлеуметтік-саяси өзгерісінің тұжырымдамалық мәселелерінің кейінгі іздеулері мен зерттеулерінің, саяси институттардың болмысын және қалыптасуының мәнін анықтау және көшпенділердің әлеуметтік құрылысының өзгерісінің үлкен қажеттігі туып отыр.
Зерттеу жұмысының нысаны: Зерттеу жұмысының нысаны болып көшпенділердің потестарлы құрылымы, дәстүрлі қоғамның құрылысы, сонымен қатар қазақ қоғамының потестарлы құрылымы табылады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында талдау, саралау, салыстыру, жүйелеу әдістері қолданылды
Ғылыми жаңалығы: магистерлік диссертацияның жаңалығы қазақ қоғамы мысалында Еуразия көшпенділерінің потестарлы құрылымының параллельдерін, заңдылықтарын және дамуын анықтау болып табылады.
Зерттеудің жариялануы. Магистрлік диссертацияның тақырыбы бойынша екі мақала республикалық және халықаралық конференция жинақтарында жарияланды: Қазақ қоғамындағы билер институтының билік мәселесіндегі рөлі (Астана, 2013); Қазақ қоғамындағы батырлар институтының билік мәселесіндегі рөлі (Переяслав-Хмельницкий, 2013).
Зерттеу жұмысының құрылымы. Магистрлік диссертация жұмысы кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ПОТЕСТАРЛЫҚ ЭТНОГРАФИЯ - КЕНЕСТІК ЭТНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМНЫҢ БІР БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ

1.1 Потестарлық этнография және оның негізгі мәселелері

Потестарлық және саяси этнография саласындағы зерттеулер негізінен капиталистік кезеңге дейінгі, соның ішінде ертетаптық қоғамға дейінгі және сол уақыттағы биліктің дәстүрлі қарым - қатынастарына, оның институттары мен жүйелеріне баса назар аударады: олардың міндеттері, қалыптасуы, құрылымы және қызмет етуі; аймақтық, этникалық және кезеңдік жағынан әртүрлі болып келетін осы қоғамдардағы бұндай қарым - қатынастардың, институттар мен үдерістердің салыстырмалы сараптамасы, - оларды жіктеу мен тұрпаттау мәселесі қамтылады. Қазіргі тарихи кезеңде биліктің дәстүрлі құрылымдарының дамушы елдердің жаңадан құрылған әкімшілік және саяси институттарына бейімделуі немесе қосылуы басты зерттеу нысанына айналып отыр.
Мазмұндық жағынан дұрыс болғанымен мұндай анықтама жоқ дегенде екі сұрақ туғызады: жоғарыда аталған құбылыстарды зерттейтін ғылыми пән неліктен этнография саласы немесе қосалқы пән ретінде қарастырылады? Оның саясаттану және саяси қарым - қатынастардың әлеуметтануы ғылымдарымен арақатынасы қандай?
Осы сұрақтарға жауап іздеуді алдымен, бізді қызықтырып отырған пәнге неліктен қосарлы анықтама таңдалып алынғанын, яғни потестарлық және саяси (потестарлық - саяси) түсіндіруден бастауымыз керек. Саясаттың кеңейтілген анықтамасын мысалы, Ф.М. Бурлацкий келтіріп кеткен: Саясат дегеніміз -- таптар, әлеуметтік топтар, ұлттар арасындағы билікпен және билік ету әрекетімен тікелей немесе жанама байланыста болып келетін, қалың бұқараны белгілі бір міндеттер мен шешімдерді орындауға мәжбүрлеу қабілеті ретінде түсіндіруге болатын қарым - қатынас түрі. [11, с.47-48]. Мұндай тұжырымдамадан ол болмаса саясаттың мәнісі жағалатын басты элемент - билік және билікпен байланысты қатынастарды көру қиын емес. Шын мәнісінде, тұтастай таптық құрылым болып қалыптасқан, сондықтан, мемлекеттік ұйымның белгілі бір формасына ие қоғамдық ағзаларға тән қарым - қатынастарды ғана саяси деп тану -- саясаттағы марсистік түсініктің анықталар тұсы.
Сонымен бірге, батыстық саяси антропологияда заманауи жоғары - индустриалды қоғамдармен қатар, антогонистік таптары жоқ қоғамдардағы билік пен билік ету қатынастары тең дәрежеде саяси деп саналады. Оның үстіне, саяси антропологиялық зерттеулердің осы қыры, мысал ретінде алатын болсақ, отарлауға дейінгі және отарлаудан кейінгі Африкадағы кейбір қоғамдар сияқты, таптық қоғамға дейінгі кезеңнен таптық қоғамға өтудің түрлі кезеңдерін бастан кешірген халықтар зерттеу нысанына алынған кезде анық көрінеді. [12, с. 157-158].
Марксистік ғылым қоғамға билік етудің белгілі бір органдары мен механизмдерінің болғанын теріске шығармайды, яғни, таптық қоғамға дейінгі қоғамдық ағзаларда билік пен билік етудің болғанын да жоққа шығара алмайды. Алайда, осы органдар мен механизмдердің қызметі өзінің бағыты жағынан таптық қоғамдағы осындай қызметтен түбегейлі өзгеше болып келеді. Сондықтан, таптық қоғамға дейінгі билік пен билік ету қатынастарын белгілеу үшін потестарлық термині ұсынылып, қазіргі уақытта ол отандық этнографиялық әдебиеттерде әбден орнықты [13, с. 63].
Осылайша, потестарлық жән саяси (потестарлық - саяси) этнография осы қосалқы пәннің зерттеу нысанына алдымен, таптық қоғамға дейінгі немесе таптық қоғамға дейінгі кезеңнен таптық қоғамға өтудің әртүрлі кезеңін бастан кешіріп жатқан қоғамдар алынса, сонымен қатар, ертаптық кезеңге және капиталистік кезеңге дейінгі қалыптасқан таптық құрылымы бар қоғамдық ағзалар да назардан тыс қалмайтынын көрсетеді.
Ертаптық кезеңге дейінгі және ертаптық кезеңдегі қоғамдардағы мәдениетті жазудың болмауына (бұл алдымен ауызша берілетін дәстүрге иек артатынын көрсетеді) және жекелеген салаларының жеткілікті түрде дербестік алмауына байланысты тұтасымен дәстүрлі - тұрмыстық деп сипаттауға болады [14, с. 35,140]. Сонымен бірге бөлінбеушілік ежелгі қоғам мен шығыс қоғамдарының, сондай - ақ, ұзақ даму кезеңіндегі феодалдық қоғамның мәдениеттеріне тән болып келеді. Бірақ, билік және билік ету қатынастары адам әрекетінің ерекше саласын, сәйкесінше, кез келген қоғам мәдениетінің ерекше саласын -- потестарлық және саяси мәдениетті құрайтыны айқын. Кез келген капиталистік кезеңге дейінгі қоғамның дәстүрлі мәдениетінен толық бөлініп шықпағандықтан, оның осы бөлігінің этнография ғылымының пәндік аймағына кіруі заңдылық, оның үстіне қоғам дамуының осы кезеңінде билік және билік ету қатынастарын ұйымдастыру этникалық ерекшеліктің аса маңызды элементі болып табылады [15, с.124-146]. Сонымен қатар, этнография тек ерекше дүниелерді ғана емес, халықтардың өміріндегі формациялық және мәдени - тарихи белгілерге негізделген ортақтықты да қарастыратындықтан, этнографяилық зерттеулер шеңберіндегі сараптамалар мен потестарлық және саяси ұйымдардың ортақ сипаттары мен олардың даму заңдылығы күмән тудырмауы тиіс.
Осылайша, потестарлық және саяси этнографияның пәндік аймағын капиталистік дәуірге дейінгі қоғамдардың дәстүрлі потестарлық және саяси мәдениеті құрайды деп айтуға болады.
Потестарлық - саяси этнография мен саяси қатынастардың әлеуметтануындағы арақатынасқа келер болсақ, алдымен, бұл ғылыми пәндердің пәндік аймағы әртүрлі болып келетінін айтуға болады. Егер, атап өткеніміздей, потестарлық және саяси этнографияның пәндік аймағы капиталистік дәуірге дейінгі даму деңгейі бар қоғамдардың дәстүрлі потестарлық - саяси мәдениетін қамтыса, ал, саяси қатынастардың әлеуметтануы алдымен, арнайы әлеуметтану теориясы ретінде билік қоғамында қалыптасқан әлеуметтік негіздер мен әлеуметтік әрекеттерді (күштер, мақсаттар, нәтижелер) зерттеумен айналысады [16, с. 31].
Дегенмен, әсіресе соңғы жағдайда саяси этнография мен саяси қатынастар әлеуметтануының мүддесі бір - біріне барынша жақындай түседі. Себебі, тек қана капиталистік дәуірге дейінгі қоғамның дәстүрлі потестарлық және саяси мәдениетін, осы қоғамға тән билік қатынастары мен олардың ұйымдастырылуын потестарлық және саяси этнография пәніне жатқызу дегеніміз, капиталистік даму жағдайындағы немесе отарлаудан кейін социалистік бағыт жолын таңдаған қоғам ағзаларындағы жоғарыдағыға ұқсас құбылыстарды зерттеуден бас тарту дегенді білдірмейді. Потестарлық және саяси этнография оларды, өзіне керек мөлшерде, яғни, дәстүрлі потестарлық және саяси мәдениет тағдыры -- қатынастар, институттар және құрылымдар жаңа жағдайда қарастырылған тұсын ғана зерттейді. Себебі, дәл осы қатынастар, институттар мен құрылымдар этникалық мәдени өзгешеліктердің басты көрінісі болған және бола бермек. Осы тұрғыдан алып қарағанда, дәстүрлі қоғам мүшелерінің саяси санасы мен беталысында болып жатқан, белгілі бір түрде қазіргі әлемге енетін өзгерістер потестарлық - саяси этнография мен саяси қатынастар әлеуметтануында тең дәрежеде зерттелетін нысан болып табылады.
Алайда, тұтастай алып қарағанда потестарлық және саяси этнографияның қазіргі уақыттағы қоғамдық ағзаны зерттеуі барынша қатаң шектелген. Қоғам құрылымының күрделенуі оның тұтастай саяси ұйымдастырылуын қозғамай - ақ, тек оның саяси мәдениетін ғана зерттеудің өзін саясаттанушы, әлеуметтанушы, экономистер мен өзге де ғылыми пәндер өкілдерімен бірлесе отырып қана шешуге болатын кешенді міндетке айналдырады.
Жоғарыда келтірілген, потестарлық - саяси этнографияның пәндік аясын капиталистік кезеңге дейінгі даму деңгейіндегі қоғамның дәстүрлі потестарлық - саяси мәдениетін зерттеу деп белгілеудің мынадай маңызды салдары бар: осы этнографиялық қосалқы пәннің түсініктемелік - терминологиялық аппаратының саясаттанумен сәйкес келуі. Шын мәнісінде, саясаттану (және саяси қатынастардың әлеуметтануы) капиталистік және социалистік қоғамдардың саяси мәдениетін зерттейтін болғандықтан, яғни, билік пен билік етудің объективті және субъективті қырларын барынша ерте кезеңнен, тереңінен қарастыратындықтан мұндай сәйкестіктің болуы заңды. Бұл біздегі потестарлық - саяси этнографияның және шетелдегі саяси антропологияның бүгінгі күнге дейін түсініктемелік және терминологиялық аппаратының болмауына, өзге ғылымдардан, алдымен, әлеуметтану мен саясаттанудан алынған құралдарға сүйенуіне әкеліп отыр. Әрине, бұл жерде бір ғана нысанды - қоғамды жан - жақты зерттеу туралы сөз болып отырғандықтан, аппараттаррдың мұндай сәйкестігін күтпеген жағдай немесе кереғарлық болып саналмайды. Дегенмен, айта кететін нәрсе, капиталистік кезеңге дейінгі деңгейдегі потестарлық және саяси мәдениеттің бізге белгілі өзіндік ерекшелігін ескерсек, яғни, бұл мәдениеттегі билік немесе бедел сияқты санаттардың қазіргі заманғы жоғары - индустриалды қоғамды зерттеп жүрген саясаттанушының алдына ешқашан таза күйінде шыға қалмайтындығы. Жекелей алғанда бұл, потестарлық және капиталистік кезеңге дейінгі мәдениеттегі этникалық ерекшеліктің анықталуына қатысты жағдай.
Біз үшін үйреншікті таптық қоғамға дейінгі, таптық қоғамның алдындағы немесе ертаптық қоғам санаттарына бөлуді шетелдік саясиантропологтар сирек және лажсыздан қолданады, олардың орнына мемлекеттік және мемлекеталды қоғам деп бөлгенді оңтайлы санайды. Бірақ бұндай жағдайда тереңде жатқан әлеуметтік ерекшелік - мұндай қоғамдардағы құрылымдардың арасындағы негізгі айырмашылық көмескіленіп қалады [17, с. 63-64]. Дегенмен, бірқатар жағдайларда батыстық әріптестер ұсынатын терминология мен түсініктерді потестарлық және капиталистік кезеңге дейінгі мәдениетті зерттеуге марксистік тұрғыдан келу аясында қолдануға болады. Мсыал келтіретін болсақ, кезінде М. Фрид ұсынған мемлекеталды қоғамдардың тұрпаттамасын қолдану барынша тиімді болып отыр [18, p. 722]; потестарлық - саяси мәдениетті зерттеу кезінде экономикалық антропологияның кейбір ұғымдары да белгілі бір деңгейде пайдасын тигізе алады [19, с.73-88].
Потестарлық - саяси этнографияның түсіндірмелік - терминологиялық аппаратының бір жағынан, жоғарыда атап өткендей, саяси қатынастар әлеуметтануы мен саясаттанудың екінші жағынан сәйкес келуі алдымен, билік, басқару, жетекшілік ету және бедел сияқты кейбір маңызды түсініктемелер мен ұғымдарға қатысты болып келеді. Біздің мақсатымыз үшін көрсетілген ұғымдар мен олардың көлемін анықтау, сонымен қатар, олардың арасындағы арақатынасты қарастыру, дәлірек айтсақ, билік пен жоғарыда атап өткен қалған ұғымдардың арақатынасын анықтау жеткілікті. Себебі, этнографиялық қосалқы пәннің анықтамасынан көріп отырғанымыздай потестарлық - саяси этнография билік түсінігінің аясында құрылады.
Билік дегеніміз белгілі біржүйедегі адамдардың арасындағы еріктік қарым - қатынас болып табылатыны баршаға белігілі. Оның бұл түсінгін ғылыми социализмнің іргетасын қалаушылар қалыптастырды. Нақты анықтамаларға келетін болсақ, олар алуантүрлі болып келеді және осы түсінік шеңберінде оның жекелеген қырларын түрліше тәптіштеп кетеді. Бұны осындай тәптіштеп түсіндірулерді салыстыру арқылы байқап көруге болады және қазір біз осыған тоқталып өтпекпіз.
Мысалы, Ф. М. Бурлацкий жаңа анықтамалық басылымда өзіне тиесілі алдыңғы анықтаманы дамыта және жалпылай түсіп билікті былайша түсіндіріп кетеді[20, с. 85]:жалпы алғанда өз еркіңді жүзеге асыру қабілеті мен мүмкіндігі; бедел, құқық, күштеу (экономикалық, саяси, мемлекеттік, отбасылық және т.т.) құралдардың күшімен адамдардың әрекеті мен беталысына шешуші ықпал ету.
Н. М. Кейзеров билікті былайша қарастырады: қоғамға тән және оның базисі болып табылатын адамдар арасындағы (ал таптық қоғамда -- таптар арасындағы) еріктік қарым - қатынас, бұл жерде, билікке ие адамның құралдар мен әдістердің ерекше жүйесін қолдануы әлеуметтік жауапкершілік ұстанымына негіздеп басқаруды және әлеуметтік қағидалардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық ұйымдар арқылы билік еркінің анықталуын және үстемдік етуін қамтамасыз етеді [21, с. 16].
Сайып келгенде, биліктің М. Вебер ұсынған, батыс саяси антропологиясы мен батыс саясаттануында кеңінен қолданылып жүрген анықтамасы былай болып келеді Билік дегеніміз, белгілі бір қоғамдық қатынастардың ішінде, ешбір қарсылыққа қарамастан, мұндай мүмкіндікке негіз болған нәрсеге де тәуелді болмастан өз еркіңді жүргізу болып табылады [22, p. 28].
Бұл анықтамалардың барлығы бір - біріне ұқсас болып келгенімен біздің осы жұмысымыз үшін ең толыққандысы бірінші анықтама деп санаймыз. Осы анықтаманы біз әрі қарайғы жұмыс барысында да пайдаланымыз.
Билікті еріктік қатынас деп тану мұндай қатынастар не себептен туындайды деген сұраққа өз бетінше жауап бере алмайды. Ол сонымен бірге белгілі бір қоғамдық ағзадағы жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтың билік еркінің көрініс табу мақсаты мен себептері неде деген сұраққа да жауап бере алмайды. Сайып келгенде, біз келтіріп отырған анықтамада айтылған биліктің әр түрінің анықталуына ықпал ететін жағдайлар мен факторлар мәселесі де көмескі күйінде қалып отыр. Дегенмен, соңғысын жалпылама түрде қарапайым тілмен былай түсіндіруге болады: қоғамдық өндірістің яғни, соған сәйкес қоғам ұйымдасуының, әлеуметтік және жалпы қоғамдық өмірдің өсуі мен күрделенуі, бұл өз кезегінде қоғамның жекелеген салаларының дербестенуінің артуына алып келеді. Бірақ біз бұл жағдайда бәрібір жоғарыда аталған сұрақтардың ең алғашқысы мен ең жалпыламасына, яғни қоғамдық ағзаның маңызды салаларының дербестенуіне сәйкес өзі де дербестелген билік түріне деген қажеттіліктің туындауына не себепші болады дегенге қайта ораламыз. Бұл жерде, потестарлық - саяси этнографияны қоғамдық ағзаның тыныс - тіршілігінің жекелеген салаларына ғана емес, тұтастай өзіне қатысты биліктің ең жалпылама мәселелері қызықтыратыны сөзсіз.
Биліктің пайда болуының алғышарты қоғамдық ағзаның қызметін реттеп отыруға деген қажеттіліктің туындауы екені анық. Сөз жоқ мұндай қажеттілік белгілі бір ұйымдардың ауқымына байланысты болмастан, адам қоғамының дамуының ең ерте кезеңдерінде байқалған болатын. Бұл ауқымдар, әрине, мұндай қажеттіліктерді қанағаттандыру үдерісінің қаншалықты күрделі болатынын анықтап бергенімен, кез келген деңгейдегі оның объективті қажеттілігіне ешқандай ықпалын тигізе алмады.
Оның негізінде өзін - өзі көбейтетін қоғам бірлігі ретінде белгілі бір адамдар ұжымының болуын қамтамасыз етуге деген қажеттілік жатыр, атап айтқанда, қолда бар табиғи ресурстарды осы адамдар арасында өзін саны жағынан және әлеуметтік жағынан өсіруге мүмкіндік беретіндей етіп бөліске салу қажеттігі жатыр.
Осы мағынасында билік адам қоғамында оның ең ерте деген кезеңдерінен бастап қажеттілік ретінде пайда болды. В. И. Ленин атап өткендей:мәжбүрлік билік адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің барлығында болды, рулық құрылымда да, отбасында да, бірақ бұл жерде мемлекет болған жоқ. Басқаша айтқанда билік үшін қатаң ұйымдасқан қалыпта болу маңызды емес, дегенмен де оның міндеті өзгерместен сол күйінде қала береді, ол дегеніміз, біріншіден, осы әлеуметтік ағзаның тұтастығын сақтау, осы тұтастыққа қауіп төндіретін кез келген ішкі және сыртқы факторларға қарсы тұру, екіншіден, осы ағзаның берілген әлеуметтік құрылымда қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету.
Қоғамның өмір сүруіне, әсіресе оның әлеуметтік дамуының ерте кезеңдерінде қауіп төндіретін ішкі бүлдіргіш күштердің қатарында қоғамдық өндіріс пен тұтынудың арасындағы шынайы қажетті үйлесімдіктің бұзылу үрдісі алдыңғы орынды иемденеді. Осы үрдістің билік пен билік ету қатынасы арқылы қиысатын тұсында К. Маркстың айтуынша мына нәрсе тұрады: кез келген қоғамның дұрыс түйсігі өз әрекеті арқылы қоғамның жеке өндірісін қатерге ұрындырудан сақтайды. Осы орайда, кейбір батыстық авторлардың саяси (олардың өз терминологиясы бойынша) биліктің негізгі міндеттердің бірі қоғам мүшелері арасындағы материалдық қитұрқылыққа негізделген бәсекелестікті тежеп отыру деп қарастыратынын айта кеткен артық етпейді. Осы көзқарас тұрғысынан алғанда биліктің өзі де осы бәскелестіктің өнімі [23, p. 43]. Заттарға осы қырынан қарау белгілі бір мөлшерде әділ болғанымен, тек белгілі бір мөлшерде ғана дұрыс және кәдімгідей шектеу қойылуын талап етеді. Ресурстарға бола бәсекелестік ету рулық қоғамның гүлденген кезеңіне де тән болды деп санау ағаттық болар еді: бұл кезеңге ынтамақтастық үлгісіндегі қарым - қатынас тән болғаны бәрімізге белгілі. Бірақ, алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар ұжымының арасындағы ынтымақтастықтың өзі реттеп отыруды және аздап болса да ұйымдастырушылықты талап етті. Дәл осы міндетті билік атқарды!
Әлеуметтік ағзаның ауқымы (яғни, оған енетін адамдардың саны) жоғарыда аталғандай, қоғамдық өмірді реттеп отырудың қандай да бір үлгісінің шынайы қажеттігін өзгертпестен оның күрделілігіне ықпал етті. Әрине, бұл күрделілік берілген ағзаның ауқымының өсуі мен қолда бар табиғи ресурсқа демографиялық өсімнің қысым жасауынан күрделенуіне байланысты артып отырды. Дәл осы күрделіліктің артуы қоғам қызметін реттеп отыру үшін құрылған қоғамдық институттардың дамуындағы жетекші тенденцияны - дербестену тенденциясын анықтап берді.
Әлеуметтік ағзаның ауқымы мәселесі потестарлық және саяси қатынастардығ болу шегін қою мәселесімен тікелей байланысты. Шын мәнісінде бұл өте анық байқалып тұрған жайт: отбасындағы билік пен билік қатынастарының болуына қарамастан, бұл қатынастарды потестарлық немесе тіпті саяси қатынасқа жатқыза алмаймыз ғой. Сірә, биліктің потестарлық немесе саяси сипатын жоғалтататын белгілі бір төменгі шегі бар деп тұжырымдасақ қателеспейтін шығармыз. Егер Ю. И. Семенов ұсынған жолмен әлеуметтік ағзаны самостоятельной единицы социального развития ретінде қарастырар болсақ, отбасы оның ішіне кірмейтінін мойындаған жөн [24, с. 94]. Әңгіме әртүрлі сатыдағы немесе шаруашылық - мәдени нұсқадағы қауым туралы болып отырса бір жөн. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, алдымен, кейбір жағдайларда тікелей қауымдық деңгейді, яғни, қауымның өз ішіндегі билік пен билік ету қатынасының деңгейін осындай шек деп санау керек шығар, ал барынша жалпылама қарастырсақ қауым мен этно - әлеуметтік ағза ретіндегі тайпа арасындағы, кейінірек көсем, соңында мемлекет арасындағы қатынасты айтсақ болады; бұл қатынастарды потестарлық немесе саяси деп айтуға болады, ал отбасы ішіндегі қатынастар бұлардың қатарына жатқызылмауы тиіс. Негізінен бұл, потестарлық терминін ұсынған В. Бромлейдің көзқарасынан келіп шығады; ол әлеуметтік ағза деп, басқаша айтқанда әлеуметтік дамудың дербес бірлігі деп ол тайпа - ЭӘА - ны (этно - әлеуметтік ағза) санайды және оны потестарлық - әлеуметтік ағза деп түсінеді [25, с. 15].
Материалдық өндіріс кез келген билік пен билік ету қатынасына шынайы негіз болды, әрі соның кез келген қоғамдағы материалдық алғышарты болды солай болып қала береді де. Қоғамдық өмірдің дамуының ерте кезеңдеріндегі шек қойылмаушылық, бастапқы кезеңде бір жағы өндірісті, екінші жағы, оны басқаруға, қоғамдық ағзаның қызметінің өзге де қырларына жетекшілік етуге шек қоймау дегенді білдіреді. Бұл жерде әлі де болса билік қатынастарының әртүрлі деңгейі ашып көрсетілмеген және жетекшілік ету, басқару, бедел сияқты билікті жүзеге асырумен байланысты маңызды санаттар әлдебір синкреттік тұтастықты құрап отыр.
Сонымен қатар, потестарлық пен саясилықтың деңгейі олардың қоғамдық өндіріспен арақатынасы тұрғысынан қарағанда анық шектелген. Шын мәнісінде, потестарлық деп қоғамның, антагонистік таптар әлі пайда бола қоймаған, қанаушылық жоқ, сәйкесінше осы таптар арасындағы қатынастарды солардың бірінің пайдасына шешу мақсатында реттеуші ерекше механизмге деген қажеттілік те жоқ жағдайы түсіндіріледі. Алайда, қоғамның таптық құрылымы, оның болуы немесе болмауы белгілі бір мағынасында туынды есебінде қарастырылады.
Себебі, дәйім бастапқысы мен анықтаушысы қоғамдық өндірістің деңгейі бойынша, яғни түбінде еңбектің қоғамдық өндіргіштігінің деңгейі бойынша және тиісінше тікелей өндірушінің иелігінен алып, сол арқылы антагонистік таптардың қалыптасуы мен қоғамдағы билік сипатында үстемдік ету және бағынышты болу қатынастарының басым болуына қажетті алғышарттар жасай отырып үстемеге айналдыруға болатын артық өнімнің болуы немесе болмауы бойынша саралау болды.
Билік қатынастарын және жоғарыда айтылған биліктің пайда болу қалыбының бірдейлігін түрлі деңгейге бөліп көрсету бір реттік үдеріс болмағаны, өте ұзақ уақытқа созылғаны белгілі. Қатаң түрде қарайтын болсақ, өндірістің капиталистік әдісі жеңіске жеткеннен кейін ғана оның толығымен аяқталғаны туралы айтуға болады. Дегенмен, таптық қоғам қалыптасқан кезде жетекшілік ету, басқару, бедел аяқталмаған қалыпта болса да қоғамның өз - өзін тудырып отыратын жүйе ретіндегі қызметін реттеу кезінде пайда болатын билік қатынастарының түрлі жақтары мен қырларын сипаттай отырып бір - бірінен біркелкі автономия алады. Осы кезде бір - бірімен диалектикалық байланыстағы үш жұп ұғым қалыптасады: билік пен жетекшілік ету, билік пен басқару, билік пен бедел.
Мұндай шиеленіс, жоғарыда аталған үш диалектикалық жұптың біріншісін - билік пен жетекшілікті қарастырған кезде анық көрінедіФ. М. Бурлацкий жетекшілік етуді өз еркіңді жетекшілік етуші нысандарға тікелей немесе жанама түрде ықпал ету арқылы жүзеге асыру қабілеті деп санайды [20, с. 85]. Алайда, бұл түсініктер ұқсас болғанымен бір - бірімен түйістіруге келмейді. Жетекшілік ету дегеніміз, әрине сөз жоқ билік етудің бір түрі. Алайда ол соңғысына қарағанда анағұрлым кең түсінік; айталық, бір жағынан тек моральдық беделге құрыла алады, ал екінші жағынан, билікпен байланысты болуы міндетті емес [26, с. 84].
Өз жағынан алып қарағанда билік еріктік қатынас болғандықтан осы айтылғандармен ғана шектеліп қалмайды. Шын мәнісінде, биліктік ерікті көрсету үшін, яғни басынан субъективті болып келеін фактор үшін қандай да бір жетекшілік ету актілерін жүзеге асырудың шынайы қабілеті болуы және сәйкес келіп жатуы тиіс; осы жөнінде жоғарыда аталып өткен билік түсінігінің анықтамаларында барынша анық айтылып кеткен. Бұл жағынан алып қарағанда М. Бентон ұсынған екі түсінік назар аударуға тұрарлық: белгілі бір міндетті шешу қабілеті ретіндегі билік (power to) және әлеуметтік бақылау қатынастары ретіндегі билік (power over).
Билік пен билік қатынастарының пайда болу қалыптарының бірі ретіндегі басқарудың арасындағы арасалмақты анықтау басқару түсінігінің өзі әртүрлі деңгейде, тиісінше түрліше мағынада қарастырылатындықтан біраз қиынға соғады.
Басқару терминінің әркелкілігі белгілі бір қолайсыздықтар туғызуы мүмкін басқару түсінігін кең мағынасында яғни, қоғам өмірін толығымен реттеп отыру, және басқарудың өзі, яғни, жеке, жалпы немесе кешенді қандай да бір нақты міндеттерді шешу мағыналарында шектеу қажеттігін тудырады. Ф. М. Бурлацкий назар аударған осы тектес шектеу [11, с. 84], осы жұмыста да қолданылады. Біраз жеңілдетіп айтар болсақ, осы мәнмәтінде сөз, басқаруды ұйымдасқан материя мен басқарушылық еңбектің жалпы қасиетінің сипатында және осы қасиетті жүзеге асырудағы адам әрекетінің көрінісі ретінде бөліп көрсету турасында болып отыр [27, с. 75-84].
Басқаруды дәл осы осы соңғы мағынасында түсіну кезінде басқару мен билікті бөліп көрсетудің қажеттілігі айқындала түседі. Бұл жетекшілік ету немесе басқару еңбегінің, нәтижеге немесе үдеріске болып түрліше бағытталған сипаттағы екі түрінің болуы мүмкіндігі немесе шынымен болуы фактілерінен келіп шығады
Осы өлшем бойынша билік, жетекшілікпен байланыста бола отырып, жеке тұлғалар мен топтарды алдын ала қабылданған шешімді орындауға мәжбүрлеу қабілеті ретінде осы шешімді қабылдау алдында қойылған мақсаттарға қол жеткізу дегенді білдіреді. Басқару болса, көзделген мақсаттарға қол жеткізуді жүзеге асыруға тікелей қатысты болып келеді, яғни, алдымен үдеріске, нақтырақ айтар болсақ оның жүзеге асырылуы мен барынша тиімді болуы үшін мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Әрине, бұндай жағдайда бұл үдерістің жекелеген сатылары мен сәттеріне, басқаша айтар болсақ, басқарушылық шешімдерді жүзеге асырудың аралық сатыларына назар аудару талап етіледі [28, p. 8].
Тоқталып отырған билік пен басқарудың шегін анықтау қажеттігі шетелдік саяси антропологияда да қамтылады. Осы мәселені, қоғам өміріне басшылық етудің түрлі деңгейін анықтау тұрғысында алғаш 1956 жылы қарастырған британдық африканист М. Смит болды. Ол саяси (бұл жерде осы мәселені маркстік және маркстік емес тұрғыдан қарастырудың айырмасы анық көрінеді: саяси деңгейді М. Смит сегменттік линидждер жүйесі ретінде құрылған, мемлекеттік, яғни саяси құрылымнан алшақ жатқан қоғамдардың мысалымен көрсетті). Біріншісінде, қоғамға, дәлірек айтсақ әлеуметтік ағзаға қатысты шешімдер қабылданады; екіншісінде мұндай шешімдер жүзеге асырылады [29, p. 48-50]. М. Смиттің сызбасы негізінде жоғарыда біздің айтып кеткенімізбен сәйкес келеді. Бірақ, үнемі есте ұстайтын бір нәрсе, ол 50 - ші - 60 - жылдардың басындағы британ мектебіне жататын барлық саяси антропологияны зерттеушілер сияқты М. Смит те қоғамдық істер (public affairs) құрамында қоғамдық өндірісті қарастырған жоқ, формальды өлшемі бойынша анықталатын істің саяси қырын көрсетумен ғана шектеліп қалды.
Жоғарыда аталған үш жұп түсініктің үшіншісінде келтірілген - билік және бедел түсінігінен көрініс табатын билік қатынастарын жүзеге асырудың объективті және субъективті сәттерінің тығыз байланысы туралы айтып өттік. Негізі, бұл жерде бедел түсінгінің екі мағынасы бірігіп кетеді, бір жағынан, қандай да бір адамның немесе ұйымның қоғам өмірінің түрлі салаларына биресми ықпал етуі... білімге, адамгершілік қасиеттеріне, тәжірибесіне негізделген, екінші жағынан, билікті жүзеге асыру жолдарының бірі [20, с. 11]. Бізді бұл жерде негізінен осы мағыналардың екіншісі көбірек қызықтырады, бірақ, билікті жүзеге асырудың субъективті сәті туралы айта отырып, беделдің биресми қырын да есепке алуға тура келеді. Бедел билікті жүзеге асырудың бірі қыры есебінде, Н.М. Кейзеровтың тарапынан дұрыс анықталған: бүтін қоғамның немесе жекелеген әлеуметтік топтардың мүддесіне биліктің сипатының, құрылымының және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аумағында мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсының пәні, әдістері
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
Ертедегі көшпенділер өркениеті
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері
Қазақстан территориясында мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде пайда болған ерекше басқару органдары
Алғашқы таптық қоғамның қалыптасуы
ҚР мемлекет және құқық тарихы
ХІІІ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстандағы мемлекет және құқық
Пәндер