Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ЕРТЕ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: І ЕУРАЗИЯ ЕРТЕ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
3:
КІРІСПЕ. . .: 1. 1 Ерте көшпелілердің әлеуметтік құрылымы мәселесінің зерттелу деңгейі . . .
3: 8
КІРІСПЕ. . .: 1. 2 Жерлеу ескерткіштерін зерттеудің әдістемелік мәселелері . . .
3: 15
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: ІІ ЕРТЕ КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ЭЛИТАЛЫ ОБАЛАРЫ - САҚ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК «КҮРДЕЛІЛІГІНІҢ» КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ
3:
КІРІСПЕ. . .: 2. 1 Орталық Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі . . .
3: 25
КІРІСПЕ. . .: 2. 2 Орталық Қазақстанның ерте көшпелілерінің элиталы ескерткіштері - қоғамның әлеуметтік тарихының дерегі тұрғысында . . .
3: 36
КІРІСПЕ. . .: 2. 3 Орталық Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің ескерткіштерінің кеңістіктегі орналасуы . . .
3: 46
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: ІІІ САРЫАРҚА ЕРТЕ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ СИПАТЫ
3:
КІРІСПЕ. . .: 3. 1 Сарыарқа сақтарының жерлеу дәстүріндегі вертикалды әлеуметтік құрылымның көрінісін қалпына келтіру (антропологиялық деректер) . . .
3: 54
КІРІСПЕ. . .: 3. 2 Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің дүниетанымы . . .
3: 62
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 69
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 72
КІРІСПЕ. . .:
3:

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңдағы Қазақстанның археология ғылымының алдында тұрған келелі міндеттердің бірі - тарихи - мәдени мұраларымызды объективті тұрғыда зерделей отырып, ғылыми айналымға енгізуде екендігі сөзсіз. Тарихи сананың ұлттық тарихымызды танып-білуде маңызды орын алатынын ескерсек, бұл ретте археолог - ғалымдарымызға жүктелген міндеттер жеңіл болмасы анық. Еліміз егемендік алған жылдардан бастап тарихымыздың көптеген ақтаңдақ беттері ашылып, ғылыми- зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле бастады. Осы негізде археологиялық ізденістер де жандана түсіп, отандық ғалым- археологтардың өз міндеттерін нағыз кәсіби дәрежеде атқарып, сүбелі үлес қосып отырғанын айта кеткен орынды. Дегенмен де, аймақтық ерекшеліктерге байланысты басы ашылмаған мәселелер де өз шешімін күтуде. Сондай маңызды тақырыптардың бірі - Орталық Қазақстанны ерте көшпелілерінің ескерткіштерінің әлеуметтік тұрғыда зерттелу мәселесіне қатысты болмақ.

Орталық Қазақстан өңірі өзінің табиғи географиялық жағдайы мен орналасуына байланысты ежелгі қазақ тарихында ерекше орын алады. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде бұл аймақты ежелден алғашқы адамдардың мекендегені анықталған.

Б. з. б. I мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың тарихында және шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Бұл өзгерістер темірден жасалған құралдарды пайданала бастауымен байланысты болды. Қоғамда мүлік теңсіздігі әлеуметтік топтардың шығуына негіз болды. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік жіктелу процесі, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын күшті дүниеге әкелді, ол күш - мемлекет.

Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттік бірлістіктер б. з. б. I мыңжылдықта пайда болды.

Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дәуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең б. з. д. І мыңжылдықтың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы және көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді.

Ежелден кең байтақ жерді мекендеген Қазақ халқының тұрғылықты, орнықты тұрғындар екендігін және елдігін айғақтайтын бірден-бір деректер - сақ мәдени мұралары. Оларды жан-жақты зерттеу қазіргі күннің көкейтесті мәселесі. Мемлекетілігіміз бен елдігімізді танытатын алтын діңгекті тұғырының бір бұтағы деуге болады. Соңғы жылдары “Мәдени мұра“ бағдарламасы аясында жаңғырту бағытында тындырылған біршама игі істер бар. Әсіресе, археологиялық қазбалар нәтижесінде дүние жүзінде теңдесі жоқ құндылықтар табылды.

Әйтсе де бұл салада назардан тыс қалып келе жатқан мәселелер баршылық. Археологиялық ескерткіштерден қандай бір олжалар табылып, олар одан әрі жан-жақты зерттелмей мұражайлардың тілсіз экспонаты күйінде жинақталуда. Тіпті, соңғы кездері зерттеулерде тұйық ақпараттық мәліметтер берумен шектеліп, бұрынғы зерттеулердің нәтижелерін жаңа деректер тұрғысында жаңғыртуды ұмыта бастаған.

Әртүрлі дәуірлерге жататын ескерткіштерді салыстырмалы жіктеу немесе түрге белу тарихи кезендердің дамуын терең де, жан-жақты тануға мүмкіндік береді. Бұл әдісті зерттеу жұмысы сақтардың мәдени мұраларына қатысты. Олардың бұрынғы және кейінгі табылған археологиялық деректерін шендестіре отырып, этномәдени тегі және олардың алыс, жақын аумақтармен экономикалық - мәдени байланыстары жайлы жаңа мәліметтер алуға болады.

Талды обасының құрылысы, ондағы адамды жерлеу ғұрпы, шыққан заттар, олардың сараптамасы ескерткіштің салынған мерзімі, т. б. ерекшеліктері сол қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл сақ-скиф мәдениетіне жататын Қазақстан жеріндегі, тіпті Еуразия аймағындағы ең көне элитарлық ескерткіштің бірі, мүмкін тіпті бірегейі. Онымен мерзімі жағынан тек Аржан қорымдары ғана (Тыва жері) таласа алатын шығар.

Талды патша обаларын зерттеу нәтижесінде біз сақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі деген мәселеге мүлде басқаша қарауды ұсынып жүрміз. Осы уақытқа дейін «патша обалары» деген сөзді тырнақшаға алып, бұның шын мағнасы тура патша дегенді білдірмейді, негізінен алғанда «рулық қауымның ақсүйектерінің обалары» дегенді меңзейді деп келді. Бұндай түсінік тарих ғылымында ерте көшпелілердің қоғамдық-экономикалық даму деңгейін дұрыс түсінбеуден, немесе әдейі төмендетуден туындады.

«Патша» обалары деп қалыптасқан атаудың жалпы қазақ даласындағы ескерткіштерге қатысты пайдалануының орынсыздығына байланысты, кейінгі жылдары айтылып жүрген сақтардың «хан шатырлары» деген М. Елеуовтың, А. Оңғарұлының көзқарастарын оңды пайланып, алдағы уақытта ерте темір дәуірінің обаларын хан шатырлары деп атауға негіз бар деп ойлаймыз.

Жалпы көпшілік ғалымдар сақ, скифтердің әлеуметтік, экономикалық-шаруашылық, қоғамдық-саяси даму үрдісін рулық қауым, әрі кеткенде оның ыдырау кезеңі деңгейінде ғана қарастырады.

Бұл көзқарастардың бәрі ерте көшпелілердің әлеуметтік-экономикалық, саяси даму деңгейін әдейі төмендеткен тарихи материализм, марксистік идеология және кеңес ғылымында 30-50 жылдар басым болған сталиндік идеологияның догмаларымен байланысты болса керек. Оның үстіне көшпелілерді өз бетінше мәдениет жасай алмайтын жабайы, тек басқа елдерді шауып алу арқылы байылыққа ие болатын, мәдениеттің де, өнердің де, саяси биліктің де үлгісін отырықшылардан алған бір бәдәуй, босқын жұрт деп есептеу европоцентристік көзқараста тәрбиеленген ғалымдардың көпшілігіне тән болды.

Меніңше бүгінде бұндай көзқарастардың обьективті, субьективті идеологиялық принциптерінен бас тарту керек. Ерте көшпеліліктің ең бастапқы кезеңінде тұрған сақтар қоғамырдағы мүлік теңсіздігі, әлеуметтік және таптық жіктеліс, ел басқарудың әкімшілік жүйесі, принциптері, билік, оның түрлері, биліктің мұрагерлігі, т. б. мәселелер қайта қарауды қажет етеді.

Талды-2 қорымындағы обаның ірі және өте күрделі архитектуралық құрылысы әлеуметтік-мәдени және табиғи-қорықтық қызмет атқарған. Ескерткіштің ірі көлемі онда жерленген адамның қоғамда өте жоғары мәртебеге ие болғандығын дәлелдейді. Қорғандар тобында обаның ерекше орынға орналасуының өзі де (бүкіл обалар тобыны бастап тұр) онда жерленген адамның басқа жұрттан ерекше артықшылығын көрсетеді. Өлген адамды сап алтынмен апталған киімге киіндіріп қоюы, осындай зәулім ғимаратта жалғыз ақ адамның жерленуінің өзі де оның ел басқарушылық құрметін көрсетсе керек. Оның үстіне бұл алтын тон, зерлі шалбар, тәждік бас киім, алтындатқан саптама етік әшейін өлген адамды жәй әспеттеуге арналған жасанды, сырткөз үшін боямаланып жасалған ғұрыптық заттар емес, ел басқарушының тірісінде хан жиынға, мерекелерге киетін киімі. Қабірхананы тура жердің бетіне салып, ел қастерлеген адамды жер астына салмау ерте көшпелі мемлекеттің бір кездегі идеологиялық ұстаным-жарғысымен де байланысты болуы мүмкін.

Талды материалы сақ-скиф аң стилінің алғаш пайда болған аймағы, жалпы сақ-скиф этномәдени бірлестігінің бастапқы отаны, сол дәуірдегі этномәдени миграция, т. б. мәселелерге жақсы деректік негіз бола алады.

Сан ғасырлар бойы Орталық Қазақстан өңірін мекендеп келген этностардың археологиялық ескерткіштері мен мәдениеттерін, тарихи кезеңдерін ғылыми талдаудан өткізу барысында, мұнда Беғазы-Дәндібай, Доңғал, Тасмола т. б. мәдени кезеңдердің болғандығы анықталған. Алайда осы тарихи кезеңдерде өмір сүрген қола, темір дәуірі тайпаларының әлеуметтік құрылымы, қоғамның ұйымдастырылуы, қоғамның тік және көлденең құрылымы, және т. б. мәселелер отандық археология ғылымында өз шешімін таба қойған жоқ. Қазіргі таңдағы өзгерістер тарих ғылымының зерттеулер аумағындағы деректер жүйесін қайта екшеп, оның зерттеу әдістерін жетілдіріп, жаңа түсініктер қалыптастыруды, кеңестік жүйе кезінде зерттелген мәселелерді жаңаша талап тұрғысынан қарастыруды талап етіп отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты . Орталық Қазақстан территориясын мекен еткен ерте көшпелілердің әлеуметтік құрылымын жерлеу ескерткіштері мен ғұрыптық құрылыстардың соңғы жылдардағы және бұрынғы зерттеулердің мәліметтерін жинақтауды және талдауды ұштастыра отырып, жүйелі түрде зерттеу, қалпына келтіру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Қазақстан археология ғылымындағы және Еуразия кеңістігіндегі қоғамның әлеуметтік құрылымын қалпына келтіруге қатысты жүргізілген теориялық зерттеулерге шолу жасау арқылы мәселенің зерттелу деңгейін анықтау;
  • Территориялық шегі жағынан кең байтақ Қазақстан территориясында шоғырланған ерте көшпелілердің жерлеу дәстүріндегі ерекшеліктеріне қарап, осы кезеңге жататын тайпалардың әлеуметтік құрылымына тән ерекшешліктерді анықтау арқылы Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің мәліметтерімен салыстыра отырып, қорытынды жасау;
  • Қазақстан археологиясында сонау 60-шы жылдардан бастап ашылып зерттелген «патша» обаларын, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап ұлттық тарихты қайта жандандыру үшін археология ғылымына көп көңіл бөлінген кезеңдерде ашылған ерте көшпелілерінің бірегей археологиялық ескерткіштерінің ішкі кеңістіктіктегі орналасуындағы ұқсастықтарды анықтау;
  • «элиталы» обаларды қоғамның күрделілігінің көрсеткіші ретінде қарастыру;
  • Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымының сипатын анықтау, мұнда дүниетанымдық көзқарастың әсері қарастырылады;

Зерттеу жұмысының нысаны: Орталық Қазақстан және басқа өңірлердегі ерте көшпелілердің ескерткіштерінің мәліметтері, отандық және шет елдік әдебиеттердегі әлеуметтік құрылымды қалпына келтірудің теориялық әдісі мен әдістемелері.

Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында талдау, саралау, салыстыру, жүйелеу әдістері қолданылды.

Ғылыми жаңалығы: Әлеуметтік археология - Қазақстан археология ғылымындағы тың тақырыптардың бірі, себебі әртүрлі уақыттарды қазақтың белгілі археологтары кейбір ескерткіштердің әлеуметтік құрылымын қалпына келтіргенмен, көшпелілердің қоғамдық-тарихи даму деңгейі толыққанды зерттелмеген, оның үстіне соңғы жылдары археологтардың ашып жатқан жаңалықтары кейбір қалыптасқан түсініктерді қайта қарастыруды талап етеді.

Орталық Қазақстанның ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымын қайта жаңғыртуға кейінгі жылдары ашылып жатқан Талды-2 қорымының ескерткіштерінің тың мәліметтерін пайдалана отырып, элиталы обалардың ішкі кеңістіктік құрылымын, табылымдардың қоғамның материалдық-экономикалық деңгейінің қаншалықты дәрежеде екендігін көрсету, жерлеу әдісінің басқа аймақтармен не мәдениеттермен ұқсастығын анықтау.

Зерттеудің жариялануы. Магистрлік диссертацияның тақырыбы бойынша үш мақала республикалық және халықаралық конференция жинақтарында жарияланды: «Еуразияның ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы: археологиялық мәліметтер негізінде қалпына келтіру әдістеріне талдау» (Алматы, 2012) ; «Теоретические аспекты истории изучения социальной реконструкции в археологии (по материалам ранних кочевников Евразии) » (Актобе, 2013) ; «Социальная структура ранних кочевников Евразии: анализ методов реконструкции по данным археологии» (Ижевск, РФ, 2013) .

Зерттеу жұмысының құрылымы . Магистрлік диссертация жұмысы кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ЕУРАЗИЯ ЕРТЕ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

  1. ЕРТЕ КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ

Қай заманда да адамдар өз тарихын, әсіресе әлеуметтік тарихын, дамуын білуге ұмтылған. Қазіргі кезде де әлеуметтік құрылым мәселесі әрі өзекті, әрі қызықты зерттеу тақырыптарының бірі болып табылады.

Әлеуметтік қалпына келтіру - археологиялық тұрғыдан алғанда аса күрделі зерттеулерге жатады. Күрделі дейтініміз - жазбаша деректердің аздығы. Ерте көшпелілердің әлеуметтік құрылымы туралы жазба деректері аса құнды, дегенмен Еуразия көшпелілерінің өмір тіршілігі жайында толыққанды ақпараттарды бермейді.

Бұл орайда ерте қоғамның әлеуметтік құрылымын қалпына келтіру үшін ескерткіштерді археологиялық зерттеудің нәтижелеріне сүйенеміз.

Археология «мылқау» ғылым дәрежесінен көтерілгелі көп болды. Далалық Еуразияның археологиялық ескерткіштерін көп жылдық зерттеу барысында алынған құнды мәліметтер археологтардың ертетегі көшпелілерлің түрлі қоғамдық құрылымдарын қалпына келтіруде жаңа деңгейге шығуына мүмкіндік береді. Қалпына келтірудің басты бағыттарының бірі - әлеуметтік жікке бөліну мәселесі [1, c. 70] .

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап көптеген зерттеушілердің жұмыстарынан әлеуметтік құрылым мәселелесін зерттеуге деген қызығушылықтың артқандығын көруге болады. Бұл КСРО елдерін сол кезде жайлаған әлеуметтік марксистік бағыттың әсері еді.

Еуразияның ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымын зерттеп, түсіндіруге кеңестік, және пост-кеңестік кезеңнің ғалымдары үлкен үлес қосты. Мәселені зерттеуді бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады. 1920 жылдары археологияны тарихтың қосалқы бөлімі ретінде қарастыру кезеңі болды, мұнда қазба материалдарын марксизм классиктерінің еңбектеріне қосымша суреттер ретінде пайдаланды. 1930 жылдардың ортасынан бастап 1960 жылдарға дейін кең байтақ Еуразия территориясында теңдесіз археологиялық ескерткіштер ашылды. «Ерте» көшпелілер концепциясы пайда болды. Осы уақытта М. П. Грязнов, С. В. Кисилев, С. И. Руденко, Ф. К. Смирнов, Б. И. Грак, К. А. Ақышев сынды ғалымдар әлеуметтік қалпына келтіру мәселесіне қатысты маңызды жұмыстарды жазды. Әлеуметтік стратификация мәселесінде мынадай критерийлерге көңіл бөлінді: жерлеу құрылысының өлшемі, бірге қойылған заттар, қорғанды тұрғызуға кеткен еңбек күшінің көлемі. Бұл кезеңде кең тараған үш әлеуметтік құрылым - элита, қарапайым және кедей көшпелілер - концепциясы болды.

1960 жылдардың ортасынан бастап КСРО-да әлеуметтік антропология ғылымы толығымен қалыптасты деп айтуға болады. Кеңестік әлеуметтік археология ғылымына Л. Бинфордтың жаңа американдық археологиясы әсерін тигізді. Шетелдік әдебиттерге қол жеткізе алмайтын авторлардың көпшілігіне В. М. Массонның кітабы көмекші болды [2] . 1970-1990 жылдары кеңес ғылымында әлеуметтік құрылым мәселесін археология материалдары негізінде зерттеу әдіснамасын талдауға қатысты көптеген қызықты мақалалар мен еңбектер жарыққа шықты. Сонымен қоса, отандық археологияда көшпелілердің әлеуметтік құрылымын нақты-тарихи зерттеу бой алды.

ЭЕМ-ң дамуы әлеуметтік археологтарға статистикалық әдістерді пайдалануға мүмкіндік берді. Көшпелілер клиометриясының бірнеше мектебі қалыптасты. Мұндай зерттеу бірнеше зерттеу сатыларынан тұрды: жастық және жыныстық талдау, кеткен еңбек күшіне және қасына қойылған заттарға қарай жерленген адамның дәрежесіне талдау, қорымды кеңістіктік зерттеу, «бай» және «кедей» жерлеу орындарын салыстыра зерттеу, көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеу.

КСРО құлап, ортодоксальды марксистік парадигмадан бас тартқаннан кейін археологияға батыстық антропологиядан жаңа идеялар - көсемдік пен ерте мемлекеттер концепциясы, өркениеттік көзқарас, тарихи антропология келді. Қоғамды зерттеудің басқа әдістемелік бағыттарын пайдалану мүмкін болды [3, c. 29] .

Осылайша, 90 жылдан астам уақыт ішінде археологияда әлеуметтік археология деген субдисциплина орнықты. Осы бағыттың шеңберінде түрлі археологтар ежелгі қоғамдардың әлеуметтік құрылымын ғылыми қалпына келтірудің әдісі мен әдіснамасын талдауға арналан зерттеулер жүргізді [4, c. 3] .

Әлеуметтік құрылымды археологиялық материалдар негізінде зерттеу барысында осы уақытқа дейін қазба жұмыстары нәтижесінде жинақталған мәліметтерді жан-жақты және жүйелі түрде зерделеп, бұған дейін қолданылған, біздің ғылымда танылған әдістермен пайымдау міндетті шарт болып табылады [5, 53 б. ] .

Белгілі бір әдісті таңдау үшін зерттеуші өз қызығушылықтарына емес, археологиялық материалдардың спецификасы мен сипаттамасына қарайды [6, c. 7] .

Әлеуметтік кеңістікті «тігінен» және «көлденеңінен», екі өлшемді координаттар жүйесі бойынша зерттейді. Белгілі бір қоғамға кіретін әрбір индивидуумның тік және көлденең координаталық өлшемі болған. Кез келген қоғам түрлі әлеуметтік байланыстар мен иерархиялардың күрделі байланысынан тұрады. Оларды 4 түрлі инвариантты құрылымдарға бөліп қарастыруға болады - территориялық, жастық-жыныстық, неке-отбасылық, басымдылық иерархиясы [7], бірақ мұнымен шектелмей, кәсіптік, мәдени-символикалық, этникалық, тағы басқа индивидттер мен/немесе топтармен байланыстар деп толықтыруға да болады. Нәтижесінде әрбір адам бір уақытта әртүрлі қоғамдық сатыда болуы мүмкін. Индивидтің дәрежесі көлденең және тік өлшемде нақты жағдайларға не адамның өмірінің кезеңдеріне қарай өзгеріп отыруы мүмкін және т. б.

Архаикалық қоғамның әлеуметтік құрылымы материалдық мәдениетттен көрініс табады, атап айтқанда қоныстардың иерархиясы, планиграфиясы, тұрғын үйлердің көлемі, жерлеу орындарының дифференцияциясы және т. б. Бірақ қажетті ақпарат қазіргі маман археолог алдында құпия түрінде болады, ал заттай деректің мәнін түсініп, оны бізге үйреншікті ғылыми тілге айналдыру археологтың басты міндеті болып табылады [8] .

Ерте көшпелілерді палеосоциологиялық зерттеудің басты нысаны - жерлеу дәстүрі, ал талдаудың басты бірлігі - жеке жерлеу орны.

Дегенмен, индивидтің әлеуметтік ұстанымы мен дәрежесі археологиялық нысандарда толығымен көрінбейді. Мұндай жағдайларды айқындау үшін бірнеше орта деңгей теориялары [9], [10] бар: жерлеу дәстүрінің кейбір көріністері түрлі факторларға тәуелді болуы мүмкін - қайтыс болған адамның жынысы мен жасы, қаза болған мезгілі мен жағдайы, индивидтің тірі кезіндегі әлеуметтік дәрежесі, этномәдени кірікпелердің болуы және т. б. Жерлеу дәстүрі көрсететін басқа да күрделі факторлардың бірі - зерттеліп отырған мәдени кезеңнің саяси және экономикалық ахуалы, сол қоғамда үстем болған діни-идеологиялық түсініктер. Бірақ қандай жағдайда да жерлеу дәстүріне әлеуметтік интерпретация жасау барысында қолданылатын әдістер ыңғайлы болуы керек, сонымен қоса қатып қалған теориялық қағидаға сүйенбей, зерттеліп отырған кезеңнің хронологиялық, аумақтық және мәдени ерекшеліктерін де ескеру қажет [3, c. 31] .

Жерлеу дәстүрін әлеуметтік интерпретациялау барысында кезедсетін тағы бір күрделі мәселе - көп жағдайда жерлеу орындарының тоналған болуы. Сол себепті алдымен жерлеу орындарының конструктивтік ерекшеліктерін зерттеп, кейін оларды басқа қорғандардан алынған заттармен теңдестіру керек. Бұл әдісті Е. П. Бунятян [12] скифтік жерлеу орындарын зерттеуде қолданды. Ол факторлық талдау жасап, нәтижесінде бір-біріне ұқсас белгілеріне қарап бірнеше жерлеу орныдарының үлгісін алды. Кейін бірге жерленген заттарға әсер еткен корреляция көлемін талдады. Дәл осындай жолмен археологиялық дәстүрді зерттеуді басқа да авторлар пайдаланды [13], [14] .

Жыныстық-жастық талдау жасағанда жерленгендердің мәліметтеріне қарап ерлер мен әйелдердің және балалардың өлім деңгейін анықтаған.

Жыныстық-жастық талдау жасап, барлық жерлеу орындарын тиісінше ерлердің, әйелдердің және балалардың жерлеу орындары деп бөлгеннен кейін қоғамдық дәрежесіне талдау жасалады.

Археологиялық әдебиеттерде жерленген адамның байлығы мен дәрежесін айқындайтын бірнеше тәсілдер қалыптасқан. Бір жағдайда басты критерий ретінде жерлеу орнындағы заттардың саны алынса, екінші жағдайда байлық тек қана заттардың санымен емес, сонымен қоса олардың әртүрлілігімен де бағаланады. Жерлеу орнының құрылыстық ерекшеліктеріне де мән беріледі. Үшінші тәсіл бойынша, байлықты бағалауда бірге жерленген заттың сирек кездесуі оның құндылығының белгісі.

Қазіргі кезде археологияда ерте көшпелілердің әлеуметтік құрылымын түсіндіруде мол тәжірибе жинақталуда. Маңыздылығы жағынан гендерлік теңсіздік, балалық археологиясы, өтпелі кезең дәстүрінің спецификасы, ерте көшпелілер қоғамының үндіарийлық және еуразиялық модельдерінің контексіндегі жас ерекшелік дәрежесі мәселесі, қорымдардың планиграфиялық талдауы, жерлеу дәстүріндегі идеологияның көріністері, белгілі бір жерлеу орындарын көшпелілердің нақты әлеуметтік деңгейімен салыстыру сынды мәселелер алдыңғы шепке шығып отыр.

Жаратылыстану ғылымдары мен әлеуметтік-мәдени антропологиямен өзара тығыз байланыс және көшпелі қоғамның түрлі кезеңдері мен аумақтарын кросс-мәдени зерттеу алдағы уақытта осы мәселені бұдан да терең түсінуге мүмкіндік береді [3, c. 36] .

Ежелгі тұрғындардың жерлеу ғұрпын зерттеу олардың тұрғызған жерлеу-ғұрыптық ескерткіштері мен онда атқарылған рәсімдер негізінде жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтар (скифтер), массагеттер, дактар (даилар), исседондар, аримаспылар
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
САҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ПОЛИМОРФТЫҚ БЕЙНЕЛЕР
Түркі әлемі
Жеті жарғы туралы дерктер
Алдыңғы Азия халықтарының материалдық мәдениеті мен отбасы этнографиясы
Құлажорға мәдениеті
Ерте темір дәуірі отрядын
Көшпелілердің дәстүрлі әскери өнері өте күрделі өнер
Әз Жәнібек хан заманы. (Әзіз Жәнібек хан, Джанибек хан, Шах Джани)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz