Кейкі батыр
КІРІСПЕ
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
Кейкі батыр өмірі
Кейкі батыр турасында мұрағат деректерінде
Кейкі батырдың ел аузында жатталған салауаттары және естеліктер
Кейкі туралы толғау
Кейкі өлімі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Елі мен жері үшін өмірін арпалыста өткізіп, сол жолда жанын пида еткен ерлерін туған халқы ешқашан да ұмытпаған. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне алдымыздағы жылы 100 жыл толады. Осы көтерілістегі халқым, елім деп ерен еңбек көрсеткен батыр ұлдарын ел есінен шығармайды. Ондай батыр ұлдарын келешекте рухы мықты ұрпақ тәрбиелеуде болашақ жастарымыздың санасына сіңіру үшін аңыз-жырға айналдырып, мәңгілік тіршілік беретін де туған елі. Сондай халық жадында сақталған әрі күреске толы өмірі тұтас бір аңыз есіл ерлеріміздің бірі Кейкі Көкембайұлы.
Батырдың бейнесі халқымен бірге жасап, өміршеңдік танытса да кеңес дәуірінде партиялық саясаттың ызғарымен ғылыми зерттеулерден оның аты алынып тасталды. Соған қарамастан, батырдың бейнесі әдеби шығармаларда кең көрініс тапты. Атап айтсақ, Ғ.Мүсіреповтың «Аманкелді» пьессасы, М.Қаратаевтың «Даладағы дауыл», Қ.Сәрсеекевтің «Қызыл жалау», А.Нұрмановтың «Құланның ажалы» романдары және т.б.
Ал, Тәуелсіздік алған уақыттан бастап батырдың тарихи тағдырына арнап К.Әмірқызы, С.Тұрғынбекұлы, А.Байжан, Ә.Қылышбайұлы, Қ.Әлім және тағы басқалары мерізімді баспасөз беттерінде қалам тартты. Бірақта жарық көрген мақала, кітаптарда Кейкі батырдың күрес жолы тек ел аузындағы аңыз-әңгімелер негізінде жазылды және мұндай талпыныс (мұрағат қорларындағы құжаттарды пайдаланбаудың нәтижесінде) батырдың тағдырына қатысты көптеген жаңсақтықтарға жол ашты.
Бұдан шығатын түйін Кейкі бабамыздың арпалыспен өткізген өмірі әлі толық зерттелген жоқ, яғни, ғылыми жағынан әділ бағасын алмаған тарихи тұлға.
Зерттеу мақсаты:
Кейкі бабамыздың арпалыспен өткізген өмірі әлі толық зерттелген жоқ, яғни, ғылыми жағынан әділ бағасын алмаған тарихи тұлға. Жобада батырдың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістегі ерлігін мұрағат деректері арқылы зерттеу және кеңестік саяси-қуғын сүргіннің алғашқы құрбандарының бірі ретіндегі тарихи тағдырын ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері:
- Кейкі батыр өмірбаянын зерделеу
- Кейкі Көкембайұлының 1921-22 жылдардағы большевиктер билігіне қарсы көтеріліс ұйымдастыруының себептерін және жеңіліс табуын нақты мұрағат деректері негізінде дәлелдеу.

1. Кейкі батыр. Қазақстан: ұлттық энциклопедия. Т. 4 / Ә. Н. Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2002. – 720 б.
2. Байділдин Ш. Санаулы ғұмырымдағы саналы ойларым. – Астана, 2010. – 371 б.
3. С. Тұрғынбекұлы Кейкі батыр: тарихи дастан. – Алматы: Білім, 2001. – 153 б.
4. А.Иманов. Мақалалар, материалдар, документер. А., 1975 ж., 65 б.
5. ҚР ПМ, 811-қор, т-6, іс-204 3 бет
6. Ә.Жәнкелдин. Докум. мен мат., А., 1975, 67 б.
7. Арқалық айм. мем. мұр. қ-109, т-1 іс-2, 2 б.
8. ҚР ПМ, қ-40, т-1, іс-241, 1 б.
9. ҚР ПМ, қ-811, т-20, іс-404,3 б.
10. Орт. ғылыми кітапхана. Сирек қолжазба қоры, 1019 бума, 45 б., 1013 бума, 74 б.
11. ҚР ОММ, қ-66, т-1, іс-53
12. Ег.Қазақстан, 29.11. 2002 ж.
13. ҚР ОММ, қ-427, т-9, іс-53, 203 б.
14. ҚР ПМ, қ-139, т-1, іс-80, 34 б.
15. ҚР ПМ, қ-811, т-1, іс-26, 16-17 б.
16. ҚР ПМ, қ-811, т-1-80, іс-15, 108 б.
17. Тоган З. Воспоминания. Москва, 1997, 323-325 стр.
18. ҚР ПМ, қ-811, m-1-80, іс-15, 124 б.
19. ҚР ОММ, қ-66, т-1, іс-53, 116 б.
20. ҚР ПМ, қ-811, т-6, іс-233, 27 б.
21. М. Сүлеймен Тарихи тұлғалар. // Астана айнасы. – 2010. – 21-мамыр.
22. Теория и методология исторической науки: материалы международной научно-практической конференции. – Қостанай: ҚМПИ, 2015. – 259 б.
23. М. Сүлеймен Кейкі батыр туралы толғау. // Астана айнасы. – 2010. – 28-мамыр.
24. М. Сүлеймен Кейкі мінезді қаламгер: Әубәкір Қылышбайұлы туралы сыр-толғау. // Астана айнасы. – 2010. – 12-наурыз.
25. Ш. Құрманбай Кейкі батырдың басы шынымен шабылған ба? // Айқын. – 2007. – 8-ақпан. – 29 б.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
Кейкі батыр өмірі
Кейкі батыр турасында мұрағат деректерінде
Кейкі батырдың ел аузында жатталған салауаттары және естеліктер
Кейкі туралы толғау
Кейкі өлімі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Торғайдың ұлан-байтақ даласында,
Жыланшық-Жайылманың арасында
Керемет Кейкі деген батыр өткен,
Қазақтың ондай жан жоқ баласында.
Серік Тұрғынбекұлы
Елі мен жері үшін өмірін арпалыста өткізіп, сол жолда жанын пида еткен ерлерін туған халқы ешқашан да ұмытпаған. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне алдымыздағы жылы 100 жыл толады. Осы көтерілістегі халқым, елім деп ерен еңбек көрсеткен батыр ұлдарын ел есінен шығармайды. Ондай батыр ұлдарын келешекте рухы мықты ұрпақ тәрбиелеуде болашақ жастарымыздың санасына сіңіру үшін аңыз-жырға айналдырып, мәңгілік тіршілік беретін де туған елі. Сондай халық жадында сақталған әрі күреске толы өмірі тұтас бір аңыз есіл ерлеріміздің бірі Кейкі Көкембайұлы.
Батырдың бейнесі халқымен бірге жасап, өміршеңдік танытса да кеңес дәуірінде партиялық саясаттың ызғарымен ғылыми зерттеулерден оның аты алынып тасталды. Соған қарамастан, батырдың бейнесі әдеби шығармаларда кең көрініс тапты. Атап айтсақ, Ғ.Мүсіреповтың Аманкелді пьессасы, М.Қаратаевтың Даладағы дауыл, Қ.Сәрсеекевтің Қызыл жалау, А.Нұрмановтың Құланның ажалы романдары және т.б.
Ал, Тәуелсіздік алған уақыттан бастап батырдың тарихи тағдырына арнап К.Әмірқызы, С.Тұрғынбекұлы, А.Байжан, Ә.Қылышбайұлы, Қ.Әлім және тағы басқалары мерізімді баспасөз беттерінде қалам тартты. Бірақта жарық көрген мақала, кітаптарда Кейкі батырдың күрес жолы тек ел аузындағы аңыз-әңгімелер негізінде жазылды және мұндай талпыныс (мұрағат қорларындағы құжаттарды пайдаланбаудың нәтижесінде) батырдың тағдырына қатысты көптеген жаңсақтықтарға жол ашты.
Бұдан шығатын түйін Кейкі бабамыздың арпалыспен өткізген өмірі әлі толық зерттелген жоқ, яғни, ғылыми жағынан әділ бағасын алмаған тарихи тұлға.
Зерттеу мақсаты:
Кейкі бабамыздың арпалыспен өткізген өмірі әлі толық зерттелген жоқ, яғни, ғылыми жағынан әділ бағасын алмаған тарихи тұлға. Жобада батырдың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістегі ерлігін мұрағат деректері арқылы зерттеу және кеңестік саяси-қуғын сүргіннің алғашқы құрбандарының бірі ретіндегі тарихи тағдырын ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері:
- Кейкі батыр өмірбаянын зерделеу
- Кейкі Көкембайұлының 1921-22 жылдардағы большевиктер билігіне қарсы көтеріліс ұйымдастыруының себептерін және жеңіліс табуын нақты мұрағат деректері негізінде дәлелдеу.
- Кейкі батыр туралы ауызша деректер іздеу
- Батыр туралы естеліктер мен өлімі туралы деректерді сараптау
Зерттеудің міндеттерін шешу:
Зерттеудің міндеттерін шешу үшін Қазақстан Республикасындағы мұрағаттарға барып 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы істермен танысып, соның ішіндегі Кейкі батыр турасындағы материалдарды жинау және жарыққа шығару. Батыр туралы жазылған романдарды, әдеби кітаптарды талдау және ауызша деректермен жұмыс жасау болып табылады.
Зерттеудің жаңалығы:
Бұрын соңды Кейкі батыр туралы еңбектер тек ауызша деректер негізінде қарастырылып келді. Осы себепті бұл ғылыми жұмыстың басты ғылыми жаңалығы мұрағат материалдары арқылы Кейкі батырдың өмірін деректер арқылы нақтылап, дәлелдеу болып табылады.
Зерттеудің практикалық маңызы:
Ғылыми зерттеудің практикалық маңызы өте үлкен. Зерттеуде көрсетілген мұрағат деректерін және ауызша деректерді мектеп және ЖОО оқыту бағдарламасында, кейкі батыр туралы мұрағаттарда қолдануға болады.
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
Кейкі батыр өмірі
Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлы (1871-1923) - 1916 жылғы Торғайда болған ұлт-азаттық көтерілісінің батыры, атақты мерген. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Байтума қопасында дүниеге келген. [1]
Кейкінің шығу тегі: Құлан Қыпшақтан - Қырымқожа, Бұғас, Пышығай, Пұсырманқұл, Құдайқұл туады. Кейкі Бұғастан тарайды: Бұғастан-- Сарыстық, -- Есберлі, --Көбей, --Көшкінші-- Алшынбай-- Жиембет-- Медет-- Төреш-- Торайғыр-- Көкенбай-- Оспан, Қосжан, Омар, Кейкі (Нұрмағанбет), Шұбар (Нұрмұхамбет) бесеуі туады.[2]
Азан шақырылған шын аты - Нұрмағамбет. Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р.Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Кейкі аталуының сыры - жасынан аң-құс аулап, кісіге онша қосылмай, біртүрлі кейкиіп жапанда жалғыз жүргендігінен. Батырдың жастық шағының бір кезеңі атақты бай Шашамбайдың Рахметісінің жылқысын бағуға, барымтаға қарымта қайтаруға кетті. Даңқты Құламерген ұрпағы Кейкінің атасы - Төрештің Торайғыры мен Жәукенің Сәбденбегі Кенесары көтерілісіне қатысқан жаужүрек қыпшақтар. Кейкі - палуан денелі, түсі суық, ашуланғанда екі көзі қып-қызыл от болып жанып кететін, бірбеткей, қайсар, Арқа жерінің ой-шұқырын жатқа білген, ауа-райын алдын-ала жетік болжаған адам болған. Қолына Құран ұстап, намаз оқыған, ғайбат сөз айтпаған, теріс қылық жасамаған, өте әдептілігімен ауылдастарының сый-құрметіне бөленген. Кейкі тарихта көздемей құралайдың көзінен тигізетін таңғажайып қолмергендігімен қалғанымен, ол - шоқпар шайқасының теңдесі жоқ шебері, әйгілі қамшыгер. Қашқанда да, қуғанда да не шоқпарын, не қамшысын бір-ақ рет сілтеген. Цирктегі ат ойыны мен сайысының неше түрлі қызықты өнерін де қыр елінде ең алғаш рет көрсетіп, халықты таң-тамаша қалдырған Кейкі батыр. Қазақтың термесі мен халық жырларын сүйіп тыңдаған, өзі де домбыра тартқан. Ел аузында Кейкінің салауаты деген жыр сақталған. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы,мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел ауызында Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген деген сипаттама сақталған.
Кейкі Көкембайұлы Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған (ел аузында июнь жарлығы деп аталады) Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашқы күндерінен белсене араласып, сол көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болды. Көтерілісшілердің негізгі қарулы күші - мергендер жасағын басқарған. Көтеріліс штабының ең қауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрған. Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және патшаның жазалаушы отрядтарына қарсы соңғы ұрыс - Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті. [3]
Кейкіні көрген, кешегі қиын кезде соңына ерген адамдар оның өлімнен қорықпайтын өжеттігін, көздегенін құр жібермейтін мергендігін жыр қылып айтады екен. 1919 жылы 18 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін Кейкі батыр қуғынға ұшырайды. Бұл сүргін Торғайда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де толастамайды. Біраз жыл Ұлытау, Қызылқұм жағында бой тасалайды. Ақыры, 1923 жылдың көктемінде арнайы тапсырмамен өзін алдап қолға түсіруге келген комиссар А.Токаревтің сөзіне сеніп Торғайға оралған Кейкі жолда оның шын ниетін сезіп қалып, Александр Токаревті сол жерде атып тастайды. Бірақ Кейкінің ізіне түсіп, артынан алыстан аңдып еріп келе жатқан қызыл әскердің солдаттары, оны сол күні түнде жатқан жерінде қоршап алып, айуандықпен өлтіреді. Олар мергеннің екі қолы мен басын кесіп алады. Кейкі батырдың басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық алаңына сырыққа шаншып қояды. Кейін мергеннің бас сүйегін Орынборға жөнелтеді, ал 1926 жылы республика астанасы Қызылордаға көшуіне байланысты, Санкт-Петерборға алып кеткен. Ол қазір Санкт-Петербордағы антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы.
Кейкі батырдың әдебиеттегі бейнесі Ғабит Мүсіреповтің Амангелді пьесасында Кете батыр болып бейнеленеді. Мақан Жұмағұловтың Қыран қазасы қияда кітабында жұмбақталып айтылады. Кейкінің қарасөзде жасалған көркем бейнесі Ақан Нұрмановтың Құланның ажалы атты романы еді. Алайда кеңес заманында шыққан онда да аты анық айтылмаған. Кейкі бейнесі өз атымен анық айтылып, қанық бояу дерегімен түгелденіп шыққан шығарма Серік Тұрғынбекұлының Кейкі батыр тарихи дастаны[3].
Кейкі батыр Көкембайұлының ұрпақтары Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Ақтас, Тасты елді мекендерінде тұрады. 1996 жылы Кейкі батырдың 125 жыл толуына байланысты ас беріліп, ескерткіш орнатылды.

Кейкі батырдың елін күреске бастап шығуы және отарлық саясатқа қарсы қарулы қарсылық танытуы Торғай даласындағы 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі тұсында орын алды. Оның көтерілісшілерге келіп қосылуынан хабар беретін құжат 1916 жылғы 30 желтоқсандағы Торғай уезі, Қайдауыл болысы С.Бектасовтың уезд басшылығына жазған жеделхатындағы ...№11 ауылдан 10 адаммен Кейкі Көкембаев қосылды деген мәліметі[4].
Қазақ даласын тұтастай шарпыған азаттық жолындағы күресте Кейкінің батырлығымен қатар құралайды көзге атқан мергендігі кең танылды. Сол көтеріліс кезінде ол Торғай даласында құрылған Қыпшақ хандығының мергендер мыңдығын басқарды. Көтерілісшілердің 50 мыңдық әскеріне қарулас серігі А.Иманов Бас сардар, Кейкі мыңбасы болып тағайындалды. 1916 ж. күзіндегі Құмкешу, Доғал, Үрпектегі патша жазалаушыларымен болған шайқаста және Торғай қаласына шабуылда Кейкі асқан мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті, яғни көтерілістің даңқты қаһарманына айналды, ерлігі аңыз болып тарады.
Орталық Ресейде 1917 ж. ақпанда патша тақтан құлап, уақытша үкімет орнаған тұста Торғай жеріндегі көтерілісшілер әскрлерін таратпай, істің ақырын күтті.
Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісі нәтижесінде өкімет басына келген большевиктер билігі уақыт өткен сайын нығая түсті. Торғай жеріне жаңа биліктің өкілі ретінде облыстық комиссар болып келген Ә.Жәнкелдиннің үгіт-насихатымен А.Иманов пен Кейкі Көкембаев бастаған 1916 жылғы көтерілістің сарбаздары большевиктер жағына шықты. Сол күндерде Сен ақ жағындасың ба, әлде қызылдарға қарайсың ба ? - деп сұраса, Мен Аманкелді қай жақта болса сол жақтамын - деп жауап қататын Кейкі батыр 1918 ж. 18 наурызда А.Имановпен бірге Орынборда өткен бірінші жалпы қазақ сиезіне қатысады. Бұл сиезде Ә.Жәнкелдинде болды. Сиезден кейін ол жақтан Аманкелді мен Кейкі жаңа әскери киімде оралды. Бұл киімде олар нағыз үлкен командирлерге ұқсайтын деп жазады естелігінде сол күндердің куәсі А.Ерходжаев[5].
Аталған жиыннан оралсымен Ә.Жәнкелдиннің тапсырмасымен А.Иманов пен Кейкі батыр Торғай уезінде қызыл армияның отрядттарын құруға кіріседі.
Бірақ, 1919 жылғы сәуір айындағы А.Имановтың және Қыпшақ хандығының ханы Ә.Жанбосыновтың жұмбақ жағдайдағы өлімдері деректерге қарағанда батыр өміріндегі үлкен бетбұрыстың басы болды. Кейкі бастаған қарулы сарбаздар қос ерінің өлімінен кейін сеңдей соғылысқанымен, іргелерін ыдыратпады. Билік басындағылардан әзірге еш қайран болмасын түсінген олар қаруларын тастамады. Бұған 1919 жылы қазан айында Торғайға ат басын бұрған Ә.Жәнкелдинде [6], Өлкелік әскери комиссариаттың инспекция төрағасы да Торғай уезіндегі халықтың қаруларын әлі де тастамағандығын атап өткен [7].
Кейкі бастаған сарбаздардың қайта атқа қонуына қызылдардан жөңкіле қашқан Колчактың қалдық әскерлерінің бейбіт ауылдарды тонауы себеп болса, бір жағынан қызыл әскерлердің де азық-түлік салғыртын жинауды сылтауратып қазақ ауылдарына істеген зорлық-зомбылығы әсер етпей қоймады. Жергілікті атқамінерлердің мұндай бассыздықтары жайындағы деректерді 1920 ж. 10 ақпанда Торғай уездік әскери комиссариатының қызметкері Валидов баяндамасында молынан келтірген [8].
1919 ж. жазында Торғай жеріндегі жергілікті кеңес өкіметін құлатып, бар билікті қолына алған Алашордалықтар большевиктерге қызмет жасаған Аманкелдінің жақтастарын қуғындауға кіріскен болатын. Осы мақсатта 20 адамнан тұратын әскери далалық сот құрылды және осы құрыққа Аманкелдінің жақтасы ретінде Кейкіде ілікті. Алғашқы сәтте жоғарыдағы соттың үкімімен 15 большевик санатындағылар атылды [9]. Далалық соттың шешімін орындау үшін В.Кафка мен С.Қаратілеуов бастаған жазалаушы әскер ел ішіне шықты. Олардың әрекеті жайында 1919 ж. 2 желтоқсанда Торғай губаткомының Торғай уезіндегі өкілі С.Көшімбеков өз баяндамасында кеңірек жазады [9].
Бұған төзбеген Кейкі батыр әскер жинап үзеңгілес серігі А.Имановтың жазықсыз ауылын және туған-туыстарын қорғау үшін аттанады. Қолдағы деректерге қарағанда, батыр С.Қаратілеуовтың әскеріне қарсы тұрып соғысуға бекінген. Сарбаздардың қарулы сұсынан сескенген алаштық жазалаушы әскер кері қайтады. Бұл оқиға жырларда кең көрініс тапқан. Мысалы: ақын Қанайбековтың 1919 ж. июль айында С.Қаратілеуовтың шығуы атты бұрын жарияланбаған дастаны [10].
Көп ұзамай қалың әскермен Орынбордан келген комиссар Ә.Жәнкелдин Торғайдағы Алаш Орда билігін құлатты. Ел арасы тыншыған соң, Кейкі батыр бейқам тірлікке көшіп, билік ісіне араласпайды. Соған қарамастан, батырдың әр басқан қадамы аңдулы еді. Оған мұрағат қорларындағы құжаттар дәлел [11].
Жаңа биліктің өкілдерінің үнемі назарда ұстағаны алдымен 1916 жылы көтерілісте елді бастап шыққан сайланған хан, батырлар еді. 1920 жылдың басында 1916 жылғы көтерілісте Арғын хандығының ханы болып сайланған О.Шолақовты және мыңбасы Қ.Алтынсаринді ...үкіметке қарсы әрекет етушілер ретінде айып тағып, соттап Семейге, кейін Сібірге жер аударды [12]. Бұдан шығатын қорытынды кеңес үкіметі 1916 жылғы көтерілістің даңқты қаһармандарына сенімсіздік танытып, оларды құрықтауға бел шеше кіріскендігін аңғартады. Өйткені, халық ішінде беделді, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Кейкі сынды ерлердің кез келген сәтте елін соңынан ерітіп, жұмылып жұдырық бола алатынын 1916 жылғы оқиға көрсеткен еді.
Батырдың кеңес билігіне алғашқы қарсылығы ауыл белсенділерінің қызметтерін асыра пайдаланған басбұзарлықтарына қарсы бағытталды. Оның үстінен жоғарыға жөнелтілген жалған арыз, ақпарлар батырды жау, банды деп қуғындауға негіз болды. Он стал мстить русским и день от дня организовал себе больше и больше банду, пуская агитацию среди киргиз, что он идет освобаждать киргиз от ига русских. ...В 1921 году в июле месяце у него было 70 человек хорошо вооруженных деп әділетсіздікке қарсы шыққан әрекеті негізсіз бағаланып, жоғары жаққа жөнелтілді [13] және оның сарбаздарының қатарына жазықсыз жапа шеккен жарлы-жақыбайлар да қосылды.
1921 ж. жазында Кейкі бүлігін басу үшін Торғайдан шыққан қызыл әскерлермен Сарыторғай өзенінің бойында шайқас болып, Кейкі жасағы іргелес жатқан Атбасар уезіне қарасты Бағаналы ауданына ығысты. Бұл өңірде де кеңес саясатына қарсы елдің наразылығы өршіп тұрған шақта Кейкінің келуі отқа май құйғандай әсер етті. Бұл жайлы Атбасар уездік парткомитетінің мәжілісінде айтылып, дабыл қағылды [14].
Ел аузындағы қария сөздерге қарағанда Кейкінің соңынан ерген халық орталарынан Бағаналының төрт босағасының бірі атанған, атақты Бабырдың немересі Құлсейітті хан сайлап алған. 1921 ж. шілденің басында Қарсақпай милициясының кеңсесіне шабуыл жасалып, шайқаста бірнеше милиционер қаза табады. Сол сияқты, көтерілісшілер Қорғасындағы мырыш кенішіне бақылау орнатты (қазіргі Қарағанда обл, Ұлытау ауд., Шеңбер кеңшары).
Сөйтіп, Атбасар уезі басшыларының бандитизммен күрес мәселесіндегі бас ауыртар басты тұлғасына айналған Кейкінің көзін жоюға уездік ревкомның бар күші жұмылдырылды. 1921 жылы 28 шілдеде құрамында 438 адамы бар Плескачтың басшылығымен Атбасардан әскер шықты. Екі жақ Ұлытау маңында кездесіп, жеңіліс тапқан Кейкі қолға түспей жасағымен шегініп кетеді.
Сол жылдың 20 қазанында Атбасардан И.Исайкин қалың әскермен шығып, көтерілісшілерді қуғанымен жете алмай, суықтың түсуіне байланысты олар да кері қайтады. Бұл жөнінде И.Исайкин естелігінде тәпіштеп жазған [15]. Енді батырдың жасағымен оңтүстіктегі Қызылорда өңіріне қарай ойысуынан басқа жол қалмады.
Қарсақпай зауытының алғашқы директоры, Кейкіге қарсы ұйымдастырылған шаралардың басы-қасында жүрген И.Деев естелігінде: После разгрома отряда Кейки скрылся и оказался в районе озера Телегуль, около Кызыл-Орды, где опять собрал отряд до 350 человек. Расположивщая по дороге Карсакпай-Кызыл-Орды Кейки начал грабить всех проезжающих деп батырдың 1916 жылы Атбасар уезінде құрылған Бағаналы хандығының бас дін басшысы Ахмет ишан Оразаевтің ауылына жақын маңдағы Шұбартөбе деген жерге барып паналағанын жазады [16].
Кейкінің кеңес саясатына қарсы қарулы күресі осы кезде Орта Азияда өрши түскен басмашылық қозғалыс жетекшілерінің назарын да аударған болатын. Аталған қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі башқұрт азаматы, аты әлемге танымал З.В.Тоған естелігінде 1921 ж. күзде ислам әлемін біріктіру үшін күресуші, Түркия әскери күштерінің маршалы Әнуар пашаның Кейкіге арналған қылышы мен сый сияпатын, қазақ басмашыларына нұсқауын жеткізу үшін Қазақстанға өтуіне көмектесуін сұраған елшілердің келгендігін айтады [17].
Енді қарулы әскермен Кейкі батырды ұстаудың қиындығын жете түсінген Торғай және Атбасар уезінің басшылары бірлесе отырып оны алдап қолға түсірудің амалына көшті. Сөйтіп, Ә.Жәнкелдиннің атынан қолы қойылып, мөрі басылған жалған хат дайындалды. Аталған хатта батырдың бар күнәсі кешірілетіндігі және Торғайдан қызмет берілетіндігі айтылды. Батырға хатты тапсыруға Ахмет ишан таңдалды және Кейкінің сарбаздарымен ишан ауылының маңында қыстап жатқандығы есепке алынды. Жоспарды іске асыру 1922 жылғы наурыздың басы болып белгіленді[18].
Сөйтіп, Торғайдан Н.Токарев, Қарсақпайдан С.Мағзұтов бастаған қызыл әскер 1922 ж. науырыздың басында ишан ауылына келіп жетті. Әскерлер ауыл маңына жасырынды, ал Н.Токарев және С.Мағзұтовтармен келіссөз жүргізу үшін Ахмет ишан үйіне келген жерінде Кейкі қапыда қолға түсті. Операция прошла удачно. На месте расстреляны основные виновники его отряда, а остальные распущены по домам. Товарищи Токарев и Магсутов решили Кейку и его брата доставить в Тургай деп оқиға барысын баяндайды куәгер И.Деев [18].
Сонымен, тұтқынға түскен батырды, жары Ақжан, інісі Түскенмен бірге Торғайға жеткізу үшін Токарев жолға шығады, ал, Мағзұтов әскерімен Қарсақпайға қайтады.
Ал, Кейкінің қалған сарбаздары батырды қызылдардың қолынан босатып алуды ойластырып, Токаревтердің артынан еріп отырып, дегендеріне жетті. Қостанай губштабының бастығы Чернышев Орынборға жөнелткен жеделхатында: 18.03.22 г. начальник отряда Токарев, следовавший впереди отряда вместе сопровождающим его милиционером района ауле Муршибай ...наскочил засаду бандита Кукумбаева числ. 14 чел., который был обезоружен и увезен в неизвестном направлении. Банда Кукумбаева имела целью захватить отряд Токарева и освободить банду Кейка [19] деп жазса, Торғайдағы ЧОН-ның взвод командирі Стуканнда Қостанайға салған 19.03.22 ж. № 056 жеделхатында сарбаздардың Кейкіні босатып әкеткенін растайды[19]. Жолай Кейкі Токаревті атып кетеді.
Бұл суыт хабар шұғыл түрде Торғайға жетіп, ол жақтан взвод командирі Стукан бастаған ЧОН-ның әскері шығып, қашқандарды індете қуды (Қазақ даласындағы кеңес саясатына қарсы көтерілістерді басу үшін Төтенше тапсырманы орындайтын ЧОН бөлімдер құрылған болатын. Торғайда сондай әскри бөлімдердің бірі 1921 ж. 12 қазанда құрылған Торғай взводы). Ақыры Жыланшық өзенін бойлай қашқан Кейкілер 1922 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz